Жаңалықтар
Нью-Делиде мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды 28.11.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан мәдени байланыстар кеңесінің бас директоры Нандини Сингламен кездесті.Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін, сондай-ақ осы саладағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Елші А.Есқараев Қазақстан Үндістанмен мәдени қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ қазақ халқының Ұлы ақыны Абайдың таңдамалы шығармаларының бірін үнді тіліне аударуда қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, үнді халқының қаламгер, ақыны Рабиндранат Тагордың шығармасы қазақ тіліне аударылғаны туралы айтты. Сондай-ақ Елші бұл еңбектер екі ел арасындағы мәдени түсіністікті нығайтып, зияткерлік мұраның ортақ құндылықтарын қолдайтынын атап өтті.Сонымен бірге Қазақ дипломаты Алматы қаласындағы үнді классикалық биі мен йога орталығы туралы айтып, орталықтың Үндістандағы өнер сүйер қауымына қазақ биін үйрену бойынша мастер-класс өткізу мүмкіндігімен бөлісті. Бұл арқылы Үндістанға қазақ би өнерінің көркемдігі мен сұлулығын сезінуге мүмкіндік бере алатыны аталды.Осыған қоса Елші қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында қызығушылық танытқан студеттерге хинди тілін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде Бас директор Нандини Сингла келер жылы Үндістанда болатын ән және би фестивальдары туралы айтып, оларға қазақстандық ән және би ансамбльдердің қатысу мүмкіндігіне назар аударды. Осыған қоса ол Қазақ өнерпаздарының Үндістандағы халықаралық мәдени іс-шараларға қатысуы ынтымақтастыққа үлкен серпін беретіні және концерттік бағдарламаны байытатыны туралы ой бөлісті.Бұдан басқа Н. Сингла кеңестің Үндістанда шетелдік студеттердің оның қатарында қазақстандық студенттердің толықтай тегін, әрі шәкіртақымен білім алуларына мүмкіндік бар екенін атап өтті.Осыдан басқа үнді тарапының өкілі Махараштра штатындағы 11 бекініске ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра мәртебесі беруіне қолдау қөрсеткені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени дипломатияның барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.Үндістан мәдени байланыстар кеңесі - сыртқы мәдени байланыстарды жүзеге асыру, мәдени алмасуды дамыту және өзара түсіністікті нығайтумен айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1114768?lang=kk
0,7 және 0,5 - көлік салығы бойынша жаңа коэффициенттер 28.11.2025
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көлік құралдары салығын есептеу тәртібі өзгерді, бұл әсіресе пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктерге қатысты.🚗 Пайдалану мерзімі бойынша коэффициенттер:• 10 жылдан 20 жылға дейін - коэффициент 0,7• 20 жылдан жоғары - коэффициент 0,5Бұл ұзақ жыл пайдаланылған автокөлік иелері үшін салық ауыртпалығын төмендетеді.📌 КҚШ үшін маңыздыБір пикап (жүк платформасы мен бөлек кабинасы бар жеңіл көлік) - бір крестьян немесе фермер шаруашылығына салық төлеуден босатылады.📄 Тағы қандай өзгерістер бар:• Автокөліктерді түріне қарай (пикап, джип, лимузин) бөлетін норма алынып тасталды. Енді көлік санаты жүргізуші куәлігінің санатына (A, B, C, D) байланысты айқындалады.• 31.12.2013 жылдан кейін өндірілген немесе әкелінген, 3000 текше см-ден жоғары қозғалтқышы бар автокөліктерге арналған жеңілдетілген ставкалар алынып тасталды.• Заңды тұлғалар үшін көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу міндеті алынып тасталды - енді тек жылдық декларация тапсырылады.• Сол сияқты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі де алынып тасталды - тек жылдық декларация және төлем.📆 Төлеу мерзімдері:• Жеке тұлғалар - есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін.• Заңды тұлғалар - декларация тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде.‼️ Бұл өзгерістер салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету және ашықтығын арттыру мақсатында жаңартылған Салық кодексі аясында енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1114769?lang=kk
3 және 5 жыл - 2026 жылғы Салық кодексіндегі талап қою мерзімдері 28.11.2025
Жалпы талап қою мерзімдері 3 және 5 жыл деңгейінде сақталған, алайда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде бірқатар өзгерістер енгізілді.📌 Жаңа енгізілімдер:• Егер салық төлеуші (салық агенті) талап қою мерзімі аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалған кезең бойынша қосымша салық есептілігін немесе хабарлама бойынша есептілікті ұсынған жағдайда, талап қою мерзімі 1 күнтізбелік жылға ұзартылатыны көзделген.• Талап қою мерзімін тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылған:1. Салықтық тексеру басталған күннен бастап оның нәтижелері бойынша хабарламаны орындаған күнге дейін;2. Лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру кезінен бастап жоғары тұрған органның шешімі немесе сот актісі заңды күшіне енген күнге дейін.💡 Сондай-ақ, егер салықтық тексеру талап қою мерзімі аяқталған салық кезеңінен кейін аяқталса және тексеру басталғанға дейін 30 күннен аз уақыт қалған болса, онда бұл кезең бойынша мерзімді тоқтата тұру қолданылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1114778?lang=kk
Сыйбайлас-әлеуметтік зұлымдық 28.11.2025
Сыйбайлас-әлеуметтік зұлымдық 27 қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Федоров ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері үшін «Сыйбайлас-әлеуметтік зұлымдық» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.Кездесу барысында қатысушылар сыйбайлас жемқорлықты антына опасыздық жасау ретінде қарастырып, сондай-ақ қадағалау қызметіндегі этикалық тәуекелдер мен әрбір ТЖ қызметкерінің қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін талқылады.Әсіресе адалдық-қоғамның сенімін бұзып, азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әлеуметтік кеселге қарсы басты «сөндіргіш» екеніне ерекше назар аударылды. Кітапхана ТЖ бөлімі басшылығына ынтымақтастығы үшін және мемлекеттік қызметтегі этика мәселелерін ашық талқылауға дайын болғаны үшін алғыс білдіреді.#АнтикоррупциялықМәдениетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1114780?lang=kk
Қазақстан-Үндістан: өңірлік өзара іс-қимылды тереңдету жолында 28.11.2025
27 қараша, 2025, Нью-Дели. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі А.Есқараев Үндістанның Пенжаб штатымен ынтымақтастықты дамытуға арналған «CIS Ambassadors' Roundtable» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.Анықтама: Пенжаб Үндістанның ең дамыған аграрлық аймақтарының бірі болып табылады және дәстүрлі түрде «елдің астығы» болып саналады. Сондай-ақ, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылық өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Штаттың халқы шамамен 31 миллион адамды құрайды.Іс-шараға Үндістанда аккредиттелген елшілері Пенжаб штатының өнеркәсіп және сауда министрі С.Арора, ҮР Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры А. Кумар және штат Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Қазақстанда Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен бәсекеге қабілетті салық режимін, инвесторларды қорғауды және шетелдік бизнесті қолдаудың арнайы жүйесін қоса алғанда, экономиканы әртараптандыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.Сонымен қатар қазақ дипломаты ықтимал жан-жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілеп, жергілікті бизнесті Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды. «Бұл ынтымақтастық экономиканы, мәдениетті, білім беруді қоса алғанда, әртүрлі салаларды қамтуы мүмкін және біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуі мүмкін», - деді ол өз сөзінде.Өз тарапынан С.Арора алға қойылған бастамаларға жоғары баға беріп, штат Үкіметі Қазақстанды өңірдегі негізгі әріптестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.Іс-шара 2026 жылдың 13-15 наурызы аралығында Мохали қаласында өтетін 6-шы «Прогрессивті Пенжаб» саммитіне орайластырылып, Қазақстан тарапы оған қатысуға шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1114785?lang=kk
Өзбекстанның ІІМ делегациясы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында болды 28.11.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми делегациясы келді. Сапар мақсаты – тәжірибе алмасу және күзет пен айдауыл қызметін ұйымдастырудың озық тәсілдерін зерделеу.Делегация құрамында Қараулдық әскерлер қолбасшылығы штабы бастығының орынбасары полковник Акбар Очилов, Күзету техникасын енгізу бөлімінің аға офицері подполковник Элбек Шайманов және Штабтың жауапты қызметкері подполковник Бахтиёр Рахимов болды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қайрат Актановтың қатысуымен өткен жұмыс кездесуінде қызметтің негізгі бағыттары мен әскердің тиімділігін арттыру тетіктері талқыланды.Делегация әскери бөлімдердің жұмысы үйлестірілетін және заманауи мониторинг технологиялары қолданылатын Әскерлерді басқару орталығының қызметімен танысты.Айдауыл қызметіне де ерекше назар аударылды. Өзбекстандық мамандар 6636 әскери бөліміне барып, сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру үшін қолданылатын арнайы вагонның жұмыс тәртібімен танысты.Сондай-ақ делегация Аршалыдағы жеке атқыштар ротасына барып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесін қорғау жүйесін және өндірістік процестерді зерделеді.Сапар екі елдің құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтып, озық тәжірибе алмасуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1114790?lang=kk
15 қараша Қаржы мерекесіне орай арналған шара 28.11.2025
15 қарашада қаржы, экономика саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Ұлттық валюта - теңге күнін атап өтеді.Аталған саланың Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлі айрықша екені анық. Мыңдаған экономика, қаржы мамандары ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. Солардың ішіндегі үздіктерін марапаттау, қолдау көрсету дәстүрге айналған.Биыл да кәсіби мерекеге орай, Атырау өңірінің әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар адамдар марапаттарға ие болды. Олардың ішінде басқарманың ардагерлеріде және де Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының келесідей қызметкерлері бар.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің " Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен: басқарманың бөлім басшылары Курмангалиев Руслан Нурлыгайнович, Длмуханова Аякоз Кабекеновна.Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшысы Сарсекенов Ерқанат Махамбетұлы және басқарманың бас мамандары Кенжалиева Диляра Жоламановна, Жаумбаева Амина Сериковна, Кенешева Алима Елеусизовна, Абиева Нургуль Райповна, Джумагазиева Самал Мубараковна.Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшылары Бағытов Мақсот Орынбайұлы, Шмалиев Ермек Серікұлы.Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерекелік медальмен: басқарма басшысының орынбасарлары Курманова Эльмира Кабыловна мен Тлеугалиева Самал Кайратовна.Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен: басқарманың бас мамандары Каресова Акмарал Абатовна мен Аймагамбетова Назкен Нуржановнамарапатталды.Әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз табысты жалғаса берсін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114737?lang=kk
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Сен жалғыз емессің» акциясы 28.11.2025
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Сен жалғыз емессің» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша толығырақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. .📌 Кездесу барысында қатысушылар қажетті ақпараттар, сұрақтарына жауап алды және әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға қатысты маңызды қырларын талқылады.🤝 Мұндай іс-шаралар азаматтарды ақпараттандыру деңгейін арттырады және мемлекеттік қызметтерді алуды қолжетімді әрі түсінікті етеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1114749?lang=kk
Кәсіподақ ұйымының 120 жылдық мерей тойына орай 28.11.2025
Кәсіподақ ұйымдарының қоғам өміріндегі рөлі зор.Бұл түрлі сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғайтын құрылым ғана емес, азаматтық қоғамның аса маңызды институттарының бірі.Бүл тұрғыда Қазақстанның кәсіподақ ұйымдар жүйесінің 120 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтті. Кәсіподақ күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар аясында қажырлы еңбегімен, кәсіби шеберлігімен көзге түсіп жүрген адамдар марапатталды.Соның ішінде, "Қызмет " Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы төрағасының Алғыс хатымен Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері марапатталғанын мақтанышпен атап өтеміз: Елеусінова Шынар Мақсотқызы - бөлім басшысы, Құмарғалиева Ақмарал Бағытжанқызы - бөлім басшысы.Әріптестер, құттықтаймыз! Еңбектерің жемісті болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114722?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдарға арналған құқықтар мен жеңілдіктер 28.11.2025
Қазақстан Республикасында мемлекет мүгедектігі бар адамдар үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін өтеуге, тең мүмкіндіктер жасауға және қоғамға кірігуге бағытталған құқықтар мен жеңілдіктер кешенін белгілейді. Негізгі нормативтік акт ҚР Әлеуметтік кодексі болып табылады.1,2,3 топтағы мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға құқығы бар. Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты.Мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар, егер ол үшін сақтандыру аударымдары жасалса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша төлемдер ала алады.Жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедек адамдарға жеке көмекшінің қызметтері ұсынылады.1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін төлемдер бар.Оңалту бағдарламасы шеңберінде есту қабілеті бұзылған адамдарға жесттау аудармашысының көмегі ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың медициналық - әлеуметтік сараптамаға, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - АЖЖ) әзірлеуге құқығы бар, оларды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері береді.Әлеуметтік оңалту шеңберінде мүгедектігі бар адамдар: протездік-ортопедиялық көмекпен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші құралдармен (сурдоқұралдар, тифлоқұралдар, гигиеналық құралдар) қамтамасыз етіледі .Ұсынылады: санаторий-курорттық емдеу, Оңалту орталықтары, жеке көмекшінің және жестау тілі маманының қызметтері.Мүгедектігі бар адамдар «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес жыл ішінде әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, ол мүгедек адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Қосымша порталда азамат оларды таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.Жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарға қосымша мынадай көмек көрсетіледі:оқу кезеңіне ай сайын (қыркүйек-мамыр) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға 8 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді; барлық топтағы мүгедектерге байланысты шығындарды өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:-оңалту орталықтарына және кері қайтуына 3 АЕК мөлшерінде;нақты шығындар мөлшерінде дәрілік заттарды сатып алумен, 30 АЕК-тен аспайды;Жедел емдеуге 50 АЕК мөлшерінде.Өткен жылдан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға ілесіп жүретін адамдарға тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде жылына 1 рет санаторий - курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі, бірақ кепілдік берілген соманың 70% - нан аспайды.Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту шеңберінде ауданда меншік нысанына қарамастан жыл сайын аудан кәсіпорындарында жұмыс орындарына квота белгіленеді. Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін жұмыс орындарының жалпы санының 50 адамнан астамы - 2%, 100 адамнан астамы -3%, 250 адамнан астамы-4% жұмыс істейтін штат санымен.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде барлық топтағы мүгедектігі бар адамның 400 АЕК мөлшерінде өз ісін ашу үшін грант алуға құқығы бар.Салық жеңілдіктері:Мүгедектігі бар жеке тұлғалар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың, «Бала кезінен мүгедек» деп танылған адамдардың ата-аналары (қамқоршылары, асырап алушы ата-аналары) ЖТС төлеуден босатылмайды. Алайда, ҚР СК 346-бабы бойынша олар күнтізбелік жылға 882 АЕК мөлшерінде қосымша салық шегеріміне құқылы (2025 жылы = 3 468 024 теңге). 1 және 2 топтағы мүгедектер, егер мүгедектік белгіленген болса, міндетті зейнетақы жарналарынан мерзімсіз босатылады;барлық топтағы мүгедектер сондай ақ бала кезінен мүгедектің немесе мүгедек баланың ата анасының бірі жер салығынан босатылады; 1,2,3 топтағы мүгедектер өздеріне тиесілі барлық салық салу объектілерінің құнынан 1500 АЕК шегінде мүліктік салықтан босатылады; 1,2,3 топтағы мүгедектер бір көлік құралына салынатын салықтан босатылады. Медициналық қамтамасыз ету: Барлық топтағы мүгедектер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Барлық топтағы мүгедектердің МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар, себебі мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналарды төлейтін санатқа жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1114666?lang=kk
Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру: 2026 жылға дайындық 28.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында Департаментте жаңа Салық кодексіндегі негізгі жаңалықтар мен өзгерістер қаралған техникалық оқыту өткізілді . Оқыту жұмысын Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекмұхамедова Зарина Серімжанқызы жүргізді .Кездесу барысында жаңа Кодекстің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді, оның ішінде:корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер ;салықтық есептілікті оңтайландыру және цифрландыру ;салық төлеушілерге жүктелетін жаңа міндеттемелер мен қарастырылған жеңілдіктер ;әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және ашықтықты арттыру ;бизнеске түсетін жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар .Жаңа Салық кодексі экономиканың ашықтығын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған .#СалықКодексі2025 #ТүсіндіруЖұмыстары #Департамент #СалықЖаңалықтары #Цифрландыру#ҚОСТАНАЙМКДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1114624?lang=kk
Самар ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері семинар өткізді 28.11.2025
Самар ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері фельдшерлік-акушерлік пункттердің мамандарына, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарына, мектептер мен кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.Кездесу барысында маңызды тақырыптар қаралды: «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясындағы цифрлық зорлық-зомбылық, ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күні, сондай-ақ тұмаудың алдын алу шаралары. Онлайн-зорлық-зомбылықтың да аса қауіпті екендігі және оның ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін екені ерекше атап өтілді.Семинар денсаулық мәдениетін нығайту мен кез келген зорлық-зомбылық түрінің жолын кесу туралы ақпараттылықты арттыру алаңына айналды. Қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты екені еске салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1114591?lang=kk
Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті 28.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен аудан аумағында жүргізілген қарсы насихаттық іс-шаралардың тиімділігі туралы болса, екінші мәселе – аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Күн тәртібінде аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмысшы тобымен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар бойынша да есеп тыңдалды.Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1114511?lang=kk
Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілуде 28.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмыстарымен танысты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жетті. Ауданда осы жылы Н.Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Енді Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Жалпы жоба құны – 1 млрд. 881 млн теңгені құрайды. «Алия Сервис» ЖШС құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.Аудан әкімі бұл Ақжарма ауылы халқының көптен күткен жаңалығы екенін атап, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1114520?lang=kk
КҮЗГІ КЕШТІ ӘУЕНМЕН ӘСЕМДЕЙІК! 28.11.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Сіздерді ерекше музыкалық кешке шақырады! “КҮЗГІ ӘУЕН” атты жанды дауыстағы концерт Өтетін күні: 28 қарашаБасталуы:18:30, Мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы, Абылай хан көшесі, 153Билет бағасы: 2000 тенге, Байланыс нөмірлері: 8-747-787-88-81, 8-701-567-48-07Сахнада — кәсіби әншілер, көркем ансамбльдер мен ұлттық музыкалық аспаптардың үйлесімі.Жанды дауыс, әсем әуен, ерекше атмосфера — бәрі осы кеште!Өнер сүйер қауым, сапалы музыкамен рухани демалыс сыйлайтын кешті өткізіп алмаңыз! Күзгі саз – көңілдің мазмұны!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1114525?lang=kk
Төретам кентіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізілді 28.11.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентіне жұмыс сапарымен барып, маңызды инфрақұрылымдық нысандардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы «Төретам теміржол вокзалындағы» жөндеу жұмыстарының қарқынын тексерді. Қазір вокзалдың сыртын қаптау жұмыстарының орындалуда. Ішкі демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудан әкімі халыққа қолайлы қызмет көрсету- басты мақсат екенін атап өтіп, жұмыстың сапалы орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.Сондай-ақ Төретам кентіндегі барлық көшелердің жай-күйі мен балалар ойын алаңдары да назардан тыс қалмады.Сапар барысында аудан әкімі аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» айналма автомобиль жолының (Бармин көшесі) жөндеу жұмыстарын да бақылады. Ұзындығы 5,3 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде жол жиегіне тас төсеу және жол белгісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.Аудан әкімі жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беруді және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114532?lang=kk
Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы жобалар аудан әкімінің бақылауында 28.11.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапары аясында Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы Ақай ауылындағы «Төле би, Жанқожа батыр және К.Күншығаров» көшелерінде жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарын қадағалады. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Қазіргі таңда көшелерге жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ аудан әкімі Ақай ауылдық округіндегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Кешенде бүгінгі таңда баскетбол, волейбол, таеквандо, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерінен 212 оқушы тұрақты жаттығады. Аудан әкімі балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жасалған жағдаймен танысып, аталған орталықтың жұмысын бағалады.Жұмыс сапары барысында Жандос Еркінбек Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Қазір тұрғын үйлерде ішкі әрлеу және ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.Аудан әкімі барлық нысандар бойынша мердігер мекемелерге жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114534?lang=kk
Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік әкімшілендіру қалай жұмыс істейді 28.11.2025
Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік әкімшілендіру қалай жұмыс істейді Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы өткізу міндетті кедендік әкімшілендіруді талап етеді. Кеден органдарының басым міндеті-тауарларды шекара арқылы жылдам және кедергісіз өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қазақстанда 2018 жылдан бастап "АСТАНА-1" электрондық кедендік декларациялау жүйесі жұмыс істейді, бұл процесті едәуір жеңілдетті. Декларацияны электрондық түрде елдің кез келген нүктесінен, тәуліктің кез келген уақытында өз бетінше де, кеден өкілдері арқылы да беруге болады.Кедендік бақылау "жасыл", "сары" және "қызыл" дәліздердің халықаралық тәжірибесіне негізделген тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалана отырып іріктеп жүзеге асырылады. "Жасыл" дәліз физикалық бақылаусыз тауарларды автоматты түрде шығаруды білдіреді, бұл тіркеу уақытын азайтады. "Сары" дәліз 4 сағатқа дейін созылатын құжаттық бақылауды қамтиды. "Қызыл" дәліз кедендік тексеруді қарастырады. 2025 жылдың 10 айында "Семей КРО" мәліметіне сәйкес тауарларға арналған 6091 декларацияның (ТТ) 78,5% (4785) "жасыл" дәліз бойынша, 20,1% (1229) "сары" және 1% (56) "қызыл"бойынша шығарылды.Бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы, аумақтық департаменттер мен кеден бекеттерін қоса алғанда, жұмыс істеген тәуекел бейіндеріне байланысты кеден органдарының әртүрлі бөлімшелері жүзеге асыра алады. Ақпараттық жүйе бақылаудың көлемі мен дәрежесін автоматты түрде анықтайды, бұл экспорттық-импорттық операциялардың уақытын қысқартады.ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде әкімшілендіруді жақсартуға және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ерекше назар аударады. 2026 жылы қазақстандық IT-компаниялар әзірлеген және басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланған "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін толық пайдалануға беру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1114535?lang=kk
Ауданның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқандар марапатталды 28.11.2025
Ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды түрде жүргізіліп, бүгінде кент және ауылдық округтерде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүзеге асырылып отыр. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында осы жұмыстардың қорытындысы жасалып, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Қабылдауда аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, шарада белсенділік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.«Әрбір мекеме, әрбір бөлім және ауылдық округтің қызметкерлері үлкен ынтымақтастық танытып, ауданымыздың кез келген іс-шарасын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосты. Тазалықпен қатар, пайдалануға берілетін нысандарды жаңғырту жұмыстары да сапалы орындалды. Осындай бірлік пен жауапкершілік – біздің басты күшіміз», – деп атап өтті.Шара барысында ауданның абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысқан бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов құттықтау лебіздерін білдірді.Шарада аудан әкімі бірлесе еңбек еткенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізілетінін атап өтіп, қызметкерлерге денсаулық, отбасылық амандық және жұмыстарына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114537?lang=kk
Зейнетақы жинақтары 12 айда 20% дерлік ұлғайды 28.11.2025
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,84 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,27 трлн теңгеге немесе 19,8%-ға артты.2025 жылдың 1 қарашасында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,46 трлн теңге. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,0% артық. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 727,11 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,7%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) еншісінде. Жарналардың бұл түрі 30,0% артып, көлемі 9,56 млрд теңгеге жетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қарашасына 642,07 млрд теңге болды. ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына 2,64 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,2%-ға немесе 385,86 млрд теңгеге артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қарашасына дейін 2157,36 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,5%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 111,11 млрд теңге (өсім – 17,6%), ЕЗЖ – 1,96 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 10 айында ЖМЗЖ 365,22 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 539,97 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 550,06 млрд теңгеге көп.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 18,5% ұлғайып, 01.11.2025ж. 203,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 728 теңге. Жыл басынан бері 01.11.2025ж. дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) де жүзеге асырылды – 919,55 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 54,14 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 36,57 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,60 млрд теңге, жерлеуге – 8,87 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 314,87 млрд теңге аударылды. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,06 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қарашасына 12,68 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,27 млн - МЗЖ бойынша, 756,18 мыңы - МКЗЖ бойынша, 462,23 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 10 айында МЗЖ 7,03 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл жарналар енгізілуі тиіс 12,23 млн ЖЗШ-ның 57,5% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ға аударылған ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,39 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1124527?lang=kk