Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Геолог-барлаушы деген мамандық бар 21.11.2025
2025 жылғы 20 қарашада Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі Н. Серікбаева Рудный қаласының тарихы басталған зерттеу жұмыстарының арқасында Рудный геологиялық барлау экспедициясының, геологиялық барлаушылар ұйымының 75 жылдығына арналған "Рудный тау-кен технологиялық колледжі" КМҚК студенттеріне дәріс өткізді. Н. Серікбаева студенттерге геолог мамандығы, олардың мемлекет үшін еңбегінің әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы, сондай-ақ геологиялық барлаушылардың Сарбай темір рудасы кен орнын ашу тарихы және Сарбай және Соколов темір рудасы кен орнындағы Рудный геологиялық барлау экспедициясының ауқымды, іздестіру жұмыстары туралы айтып берді. Қатысушыларды Рудный қалалық архивінде мемлекеттік сақтауда тұрған Рудныйлық геологиялық барлаушылар Ю.А. Першин, Д. Т. Қожамқұлов және С. Атауовтың құжаттары және өмірбаяндарымен таныстырды. Дәріс барысында студенттерге Рудный қаласының еңбек сіңірген азаматтарының жеке тектік құжаттар жинағынан геологиялық барлаушылардың құжаттары бойынша дайындалған "Ерекше тұқымды адамдар" атты фотоқұжаттық экспозиция ұсынылды. Іс-шараның мақсаты-студенттерді туған өлкенің тарихымен таныстыру, аға буынның еңбек жолы мысалында ұрпақтар сабақтастығын сақтау және архивтік құжаттарды дәріптеу болды. Барлығы 12 студент қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1109794?lang=kk
Теңіз ауылының тұрғындарымен кездесуі 21.11.2025
     2026 жылғы 15 мамырда   Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Теңіз ауылының тұрғындарымен  кездесуі  өткізіледі:     Өткізілетін орны: Теңіз ауылы, мектеп ғимараты, сағат 10:00.          Тұрғындарымен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87  нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1213356?lang=kk
Құрметті тұрғындар!!! 21.11.2025
Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің аумағында телекоммуникациялық қызметтердің сапасын арттыру үшін Первомайское селосында және Лесное селосында «Кар – Тел» ЖШС (Beeline Қазақстан) заманауи ұялы байланыс жабдығы орнатылып, пайдалануға берілді.Жаңа базалық станциялар:- тұрақты дауыстық байланыс;- жақсартылған аумақты қамту;- 4G стандартының жоғары жылдамдықты мобильді интернеті;- төтенше жағдайларда байланыстың сенімділігін арттыру.Желіні жаңғырту округтің барлық тұрғындары мен ұйымдары үшін байланыстың жайлылығын және мобильді интернеттің сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1109766?lang=kk
Абай облысында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне қарсы бақылау шаралары күшейтілді 21.11.2025
Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізсіз қымбаттауын анықтау бағытында мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мониторинг топтары кәсіпкерлердің бағаны заң талаптарына қайшы түрде көтеру жағдайларын тіркеуде. Кезекті тексерістер барысында сауда үстемесінің белгіленген нормадан асып кеткені бірнеше рет анықталды. Семей қаласында жеке кәсіпкер «Барские» тұзын 108 теңгеден сатып алып, 150 теңгеден сатқан. Бұл сауда үстемесінің 39 пайызға жетуіне себеп болды және белгіленген 15 пайыздық шекті екі еседен астам асырды. Әлеуметтік павильондардың бірінде де заңбұзушылық тіркелді. Қарақұмық жармасы 175 теңгеден, «Ақмаржан» күріші 350 теңгеден сатып алынғанымен, сату бағасы тиісінше 220 және 440 теңге болған. Сауда үстемесі 25,8 пайызды құрап, талаптардың тікелей бұзылуына әкелді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Курчатов қаласында Департамент мамандары заңбұзушылықтың қайталанғанын анықтады. Кәсіпкер «Баракат» күрішін 480 теңгеден алып, 580 теңгеден сату арқылы 20,9 пайыздық үстеме қолданған. Нәтижесінде оған 19 660 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Департамент сатушылардың дүкен сөрелерінде нақты және дұрыс баға белгілерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті екенін ескертеді. Бағасы көрсетілмеген, қате көрсетілген немесе теңгемен белгіленбеген тауарлар бойынша да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері осы талаптардың бұзылуына байланысты 17 әкімшілік қаулы шығарылып, жалпы сомасы 480 мың теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмысы тек сауда нысандарымен шектелмейді. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, электронды шот-фактураларға талдау жүргізілуде. Бұл механизм әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын бақылауға, артық делдалдық буындарды анықтауға және негізсіз қымбаттауға жол бермеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, мұндай тауарларға сауда үстемесі 15 пайыздан аспауға тиіс. Бұл талапты бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерге 5 АЕК, орта бизнеске 35 АЕК, ірі кәсіпкерге 150 АЕК айыппұл салынады. Бір жыл ішінде талапты қайта бұзған жағдайда айыппұл сомасы екі есеге артады. Жыл басынан бері Абай облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сауда үстемесін 15 пайыздан артық қолданғаны үшін жалпы сомасы 856 мың теңгені құрайтын 119 әкімшілік қаулы қабылдады. Тұрғындарды қолжетімді тауарлармен қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1109737?lang=kk
📡 Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бейімбетов Майлин ауданында мобильді байланыс пен интернетке қолжетімділікті кеңейту жұмыстары аяқталды. 21.11.2025
📡 Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бейімбетов Майлин ауданында мобильді байланыс пен интернетке қолжетімділікті кеңейту жұмыстары аяқталды.✅ Бүгінде мұндай объектілер төмендегі ауылдық округтерде орнатылды:Калинин ауылдық округі (Нагорное ауылы)Новоильинов ауылдық округі (Ақсуатское ауылы)Байшуақ ауылдық округі (Набережное ауылы)Павлов ауылдық округі (Апановка ауылы)Бұл шаралар ауылдық округтердегі байланыс пен интернет сапасын айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың заманауи цифрлық мүмкіндіктерге қолжетімділігін кеңейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1109692?lang=kk
Алматы облысының жобалық офисі жобалық басқаруды енгізу бойынша көшбасшылар қатарында 21.11.2025
Алматы облысының жобалық офисі өңірлік жобалық командалардың жұмысын үйлестіру, консультациялық-әдістемелік сүйемелдеу және ұйымдастырушылық қолдау көрсету бағытында маңызды рөл атқарады. Офис мамандары ақпараттық-талдамалық жұмыстарды жүргізіп, бағдарламаларға қатысушы мүдделі тараптармен өзара әрекет етеді, сондай-ақ мемлекеттік бастамалардың орындалу барысын «Битрикс» ақпараттық жүйесі арқылы жедел мониторингтеп отырады.Ұлттық жобалар мен бағдарламалық құжаттар аясында «Битрикс» жүйесінде жалпы 398 жоба бақылауға алынған, олардың 128-і сәтті аяқталды. Мұндай жүйелі жұмыс жобалардың орындалу динамикасын дер кезінде қадағалауға, тәуекелдерді анықтауға және өңірдегі жобалық басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Астана қаласында Халықаралық жобалық басқару күніне арналған «PROJECT MATURITY FORUM» форумы өтті. Жобалық басқару әдістерін енгізу және пайдалану нәтижелері бойынша Алматы облысының жобалық офисі үздік көрсеткішке қол жеткізіп, жергілікті атқарушы органдардың 20 жобалық офисі арасында екінші орынға ие болды.Бұл жетістік Алматы облысындағы жобалық қызметтің жоғары деңгейде дамығанын және мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы қолданылатын тәсілдердің тиімділігін айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1109663?lang=kk
Броньдау бойынша семинар 21.11.2025
2025 жылғы 12-13 қараша аралығында облыс басқармалары және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қатысуымен әскери міндеттілерді броньдау бойынша 11 қарашада облыс әкімшілігінде оффлайн семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-mobil/press/news/details/1109648?lang=kk
ХВҚ миссиясы Қазақстанның банк жүйесінің орнықтылығын атап өтті 21.11.2025
2025 жылғы 6-19 қараша аралығында Али Аль-Эйд мырзаның басшылығымен ХВҚ миссиясы Алматы мен Астанада ХВҚ Жарғысының IV бабына сәйкес Қазақстан Республикасымен консультациялар шеңберінде талқылаулар өткізді.Сапар барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен ХВҚ өкілдері арасында кездесу өтті. Тараптар қаржы секторының ағымдағы жай-күйін, Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) ұсынымдарының іске асырылу барысын, сондай-ақ Банктер туралы жаңа заңның негізгі жаңалықтарын талқылады.Консультациялардың қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясы қорытынды мәлімдеме жариялады. Құжатта банк жүйесінің орнықтылығы атап өтілген. Екінші деңгейдегі банктерде капитал, өтімділік және рентабельділік көрсеткіштері жоғары. Проблемалық активтердің үлесі төмен болып қалып отыр. Сарапшылар қосымша пруденциялық шараларды енгізу қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін де атап өтті.Тұтынушылық кредит берудің өсуі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осыған байланысты ХВҚ миссиясы осы сегменттегі тәуекелдерді барынша азайту үшін Агенттіктің пруденциялық шараларын оң бағалады.Сарапшылар Агенттіктің Қаржы секторын бағалау бағдарламасының негізгі ұсынымдарын іске асыруындағы елеулі ілгері басуды да атап өтті. Төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ Банктер туралы жаңа заң шеңберінде цифрлық активтер саласында реттеу мен қадағалауды енгізу алдағы басымдықтар ретінде белгіленді.ХВҚ миссиясы қаржы реттеушісінің институционалдық әлеуетін одан әрі нығайту қажеттігін, оның ішінде қажет болған жағдайда қосымша ресурстар бөлу арқылы нығайту қажеттігін атап өтті. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1109629?lang=kk
Сарбаздарға арналған жаңа мамандық: Ұлттық ұланда дрон операторларын даярлау курсы іске қосылды 21.11.2025
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қадам жасап отыр. Енді жауынгерлік дайындық бағдарламасына жаңа оқу бағыты — ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) операторларын оқыту енгізілді. Бұл шақырылушыларға заманауи әскери-қолданбалы дағдыларды меңгеріп, сұранысқа ие мамандықты игеруге мүмкіндік береді.Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков елордадағы 5573 әскери бөлімінде жаңартылған ҰҰА операторларын даярлау сыныбымен танысып, оның  мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.Заманауи оқу сыныбы мерзімді әскери қызметшілерді оқытуға толық бейімделген. Мұнда сарбаздар дрондардың құрылымын, басқару ережелерін, техникалық қызмет көрсету тәртібін және тактикалық қолдану элементтерін меңгереді. Курс жауынгерлік есепті дайындауға бағытталған, оның құрамына есеп командирі, FPV-дрон операторы, оқ-дәрі жөніндегі маман және барлау операторы кіреді.Оқыту жүйесі алдымен әрбір әскери қызметшіге өзінің мамандық бағыты бойынша жеке дайындықтан өтуге, кейін шынайы жағдайға барынша жақын топтық жаттығуларға қатысуға мүмкіндік береді.- Қазіргі уақытта ҰҰА операторларын даярлау сапалық жаңа деңгейге көтерілуде. Мұнда практикалық оқытуға толық жағдай жасалған. Бізге дәл осындай жүйелі тәсіл қажет, - деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.Әскери бөлімдегі жұмыс барысын бағамдай отырып, Бас қолбасшы  алдағы міндеттерді айқындады: материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, жеке жөндеу шеберханасын құру, бірыңғай оқу бағдарламасын әзірлеу және жыл бойы оқу процесін жүргізуге арналған оқу қалашығын жобалау.Бұл оқу сыныбын үлгі ретінде алып, дрон операторлары бөлімшелері құрылатын басқа әскери  бөлімдерде де осындай орталықтар ашу ұсынылды.Осындай оқу ортасының құрылуы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлік әлеуетін арттыруға және әскери қызметшілерді заманауи бағыттар бойынша даярлауды дамытуға маңызды серпін береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1109635?lang=kk
«Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» акциясы 21.11.2025
2025 жылғы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік деңгейде «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атағына ие болған лауреаттарды марапаттау салтанаты өтті.Іс - шараны Департамент басшысы Саят Сайлаубекұлы Бимағамбетов ашып, өзінің құттықтау сөзінде «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» акциясы жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарымен әріптестік қатынастарды нығайту және салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген ашықтығы мен сенімін арттыру мақсатында өткізетінін атап өтті.Бүгінде салық төлеушілер, кәсіпкерлер және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары облыс қана емес, бүкіл ел экономикасының дамуына зор үлес қосып, азаматтардың әл-ауқатының артуына ықпал етуде.Акция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бекітілген шарттарына сәйкес, қызметінің ерекшелігі мен таңдалған режиміне байланысты жоғары салық тәртібі мен салық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауы негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атақтарына лайықты 12 лауреат анықталды.Марапаттау рәсімінен кейін бизнес өкілдерімен бірге 2026 жылдан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіндегі жаңалықтар талқыланды. Департамент басшысы жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті, әсіресе шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Жаңартудың негізгі мақсаты — салық жүйесін неғұрлым әділ және экономикалық өсімге бағыттау болып табылады.Акция жеңімпаздарын жемісті ынтымақтастықтары және Қазақстан экономикасының дамуына қосқан зор үлестері үшін құттықтаймыз! Бизнестің одан әрі өсіп - өркендеп, табысты дамуын тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1109560?lang=kk
«Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру» тақырыбына брошюралар дайындалып, халық арасында таратылды. 21.11.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі қызметкерлерімен,«Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру» тақырыбына брошюралар дайындалып, халық арасында таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1109563?lang=kk
Әскери байланысшылар 2025 жылдың жұмысын қорытындылады 21.11.2025
Астанада Қарулы күштер түрлері, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар байланыс әскерлері бастықтарының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты байланыс кафедраларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шараны Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов ашты. Ол ведомство басшылығы байланысты ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Әскери дайындықтың сапасы мен Қарулы күштердің күнделікті өмірі көбіне осы саланың жұмысына байланысты.– Қорытынды алқада Қорғаныс министрі басқарудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондықтан біздің күш-жігеріміз байланысшыларды кәсіби даярлауға және әскерлерді бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақтылығын және шешім қабылдаудың жеделдігін қамтамасыз ететін заманауи байланыс құралдарымен жарақтандыруға бағытталатын болады, – деді Бас штаб Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышев.Биылғы оқу жылында байланыс мамандары Қарулы күштер ауқымындағы және халықаралық деңгейдегі барлық іс-шараларға тікелей қатысты. Олар «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында маңызды қызмет атқарып, штабтар мен бөлімшелер арасында үздіксіз ақпарат алмасуды қамтамасыз етті. Байланысшылардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша 4000-нан астам байланыс маманы оқытылып, даярланды.Әскери байланысшылардың практикалық дағдыларын бекіту бойынша маңызды іс-шара арнайы оқу-жаттығу болды. Онда әскери қызметшілер әртүрлі құқықтық режимдерде, тез өзгеретін жағдайда байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер кешенін кезең-кезеңімен орындады. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша байланыс бөлімшелерінің жоғары үйлесімділігі және олардың кез келген жағдайда қойылған міндеттерді орындау қабілеті атап өтілді. Жиын аясында қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды. Бұдан өзге заманауи байланыс құралдарының үлгілерімен көрнекі сабақтар да өткізілді.Техникалық құралдарды біріздендіру, жаңа технологияларды енгізу, байланыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылағаннан кейін басшылық жиналысқа қатысушылардың алдына келесі кезеңге міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1109623?lang=kk
«Бәйтерек» Холдингі жаңа макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасын іске асыруда негізгі рөлге ие болмақ 21.11.2025
19 қарашада өткен Үкімет отырысында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар бағдарламасы таныстырылды. Құжат макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз етуге, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті ұлғайтуға және азаматтардың әл-ауқатының орнықты өсуіне бағытталған кешенді шараларды айқындайды.Бағдарламада «Бәйтерек» Холдингіне Үкіметтің экономикалық саясатын іске асырудағы негізгі құралдардың бірі ретінде ерекше рөл берілді. Инвестициялар көлемін едәуір арттыру қажеттілігін ескере отырып, Холдинг екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, инвестициялық жобаларды, жаңа экономикалық өсу нүктелерін және экономиканың басым салаларын қолдауға бағытталған кредиттерді ұсыну арқылы нақты секторды қаржыландырудың негізгі көзіне айналады.2026 жылы Үкімет «Бәйтерек» Холдингін 1 трлн теңгеге капиталдандыруды жалғастырады. Бұл Холдингтің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы басым жобаларды қолдауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Холдинг жыл сайын қаржы нарығынан сыртқы және ішкі көздер есебінен шамамен 7 трлн теңгеге дейін қаражат тартатын болады.Биыл Холдинг мемлекеттік қолдау көлемін 8 трлн теңгеге жеткізеді. Бүгінгі таңда «Бәйтерек» Холдингі кәсіпкерлік субъектілеріне 5,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті. Оның 1,7 трлн теңгесі шамамен 9,6 мың ШОБ жобасын қаржыландыруға, ал 860,3 млрд теңгесі 14 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісін қолдауға бағытталды. Нәтижесінде 29 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл шаралар экономиканың 1,3 пайыздық тармаққа өсуіне мүмкіндік береді.Холдинг кредиттеу көлемін ұлғайтады, бұл бизнеске айналым қаражатына да, инвестициялық (ұзақ мерзімді) капиталға да қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.Алдағы жылдары Холдинг проактивті инвестициялық қызметке басымдық береді — жоғары өнімді жаңа кәсіпорындар құратын, экспортты ұлғайтатын және импортқа тәуелділікті төмендететін жобаларды қолдауға назар аударады. Нәтижесінде тау-кен металлургия кешені, машина жасау, мұнай-газ химиясы және химия өнеркәсібі, энергетика, туризм және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда мультипликативтік әсері ең жоғары 15–20 ірі инвестициялық жобалардың топтамасы қалыптасады. Бұл жобалар салалар мен өңірлердің сапалы дамуына елеулі үлес қосады.Агроөнеркәсіп кешенінде терең өңдеу жобаларын қаржыландыру белсендіріледі. Бұл АӨК-дегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Елімізде жыл сайын АӨК өңдеу саласында 100-ден астам жаңа инвестициялық жоба мен өндіріс іске қосылатын болады.Инвестициялық қызметті күшейту мақсатында Холдингте бірыңғай инвестициялық терезе құрылады — бұл жобаларды бір жерде іріктеуге, құрылымдауға, инвесторларды тартуға, сондай-ақ толық сүйемелдеу мен орындау барысын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тетік.Сонымен қатар, Холдинг шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастырады және кеңейтеді. Бұл үшін кредиттер бойынша кепілдіктер тетігі белсенді пайдаланылады, ал қаржыландыру ең қажетті бағыттарға бағытталады.Импортты алмастыру, отандық өндірушілерді қолдау, энергетика және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылады. Мұндай жобалар өңірлердің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс» тетігі арқылы іске асырылатын болады.«Бәйтерек» Холдингі экспорттық әлеуеті бар компанияларға бірігіп әрекет етуге, жаңа трейдерлер табуға және өз өнімдерін шетелдік нарықтарға шығаруына қолдау көрсетуді күшейтеді. АӨК өнімдерін сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін «ADAL» қоры құрылады.Сондай-ақ Қазақстанның шекара маңындағы нарықтардағы қатысуы кеңейтіледі. Бұл Холдинг компанияларының қызметтерін — мысалы, Отбасы банкінің ипотекалық өнімдерін — ілгерілету шараларын қамтиды.Қазақстандық өндірушілердің шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін экспорттық жобаларды шетел валютасында қаржыландыру мүмкіндігі көзделген. Бұл бизнеске сыртқы нарықтарда неғұрлым тиімді шарттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Жаңа жұмыс моделі «Бәйтерек» Холдингінің экономиканың жедел және сапалы дамуына ықпалын айтарлықтай арттырады. Жаңартылған инвестициялық саясат Холдингті елдің экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналдыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109518?lang=kk
Қорғаныс министрлігі «Smart военкомат» цифрлық жобасының артықшылықтарын таныстырды 21.11.2025
Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған  жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.— "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркАстанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған  жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.— "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді. Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.еледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді. Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1109482?lang=kk
Бизнеске арналған Онлайн-анықтамалар Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі арқылы қолжетімді 21.11.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қажетті анықтамаларды онлайн-форматта ресімдеу үшін қолжетімді екенін хабарлайды.Тізілім еgov.kz порталы арқылы, сондай-ақ https://rsp.gov.kz/ru/certificate сілтемесі арқылы жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109474?lang=kk
Омбудсмен Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісімен кездесті 21.11.2025
20 қарашада Адам құқықтары жөніндегі комиссар Артур Ластаев Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі ханым Саранго Раднараагчамен жұмыс кездесуін өткізді.Тараптар 2026–2030 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі БҰҰ–Қазақстан арасындағы шеңберлік бағдарламаны дайындау аясында басымдықтар мен ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова да қатысып, адам құқықтары саласындағы негізгі тәсілдер мен сәтті жүзеге асырылған бастамалар туралы сөз етті.Кездесу соңында тараптар адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген міндеттемесін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1109439?lang=kk
БҰҰ Қазақстанда маңызды жобаны жүзеге асыруды бастайды 21.11.2025
БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары қоры (FFUN SDG) – БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік істер жөніндегі департаментінің құрамына кіретін құрылым. Қор Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа дайындалып жатыр. Осы мақсатта ол инженерлік-консалтингтік ILF Kazakhstan компаниясымен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. FFUN SDG президенті Маурицио Арониканың айтуынша, қордың қызығушылық танытатын саласы – 2030 жылға дейін Қазақстанда және Еуразия аймағында тұрақты даму жобаларын қолдау және ілгерілету.БҰҰ тұрақты даму, энергетикалық ауысым, инфрақұрылым және білім беру салаларындағы бастамаларды ілгерілету үшін Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуді қалайды. Назар инновациялық және экологиялық жауапты шешімдерге аударылады, олар климаттың өзгеруі жағдайындағы жасыл өсім мен өмір сүруге арналған Қазақстанның жоспарларына сәйкес келеді. Оған сондай-ақ ғылыми ынтымақтастық, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және мемлекеттік органдармен жұмыс істеу кіреді. Бұл FFUN SDG «Жаңа тұрақты Жібек жолы» бастамасын қамтиды, ол жасыл экономика мен инфрақұрылымға бағытталған.Сонымен қатар, осы екіжақты келісімді ратификациялау тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды үйлестіру, инновациялар мен білім алмасуға арналған арнайы «жасыл» хаб құруға алып келуі тиіс.Энергия және климат бастамалары ұзақ уақыт бойы БҰҰ-ның назарында болғанын атап өткен жөн. Басты басымдықтардың қатарына зиянды шығарындыларды азайту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және энергия тиімділігін арттыру кіреді. FFUN SDG осы күн тәртібін жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жобалар арқылы белсенді түрде ілгерілетеді. Қазақстанда қордың идеялары өз күн тәртібіне сай келетін контекстерге бейімделуде. Өз кезегінде, FFUN SDG серіктестер іздеу, халықаралық ұйымдардың қолдауын тарту және гранттар алу міндетін өз мойнына алып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1109446?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз 21.11.2025
 Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні «БЖЗҚ» АҚ дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді.Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы шотыңызды мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, БЖЗҚ филиалының жауапты қызметкерлері басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңестерімен көмектеседі.Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 2025 жылдың 4 желтоқсан күні11:00-де – қазақ тілінде;12:00-де – орыс тілінде;15:00-те – қазақ тілінде;16:00-да – орыс тілінде өтеді.Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5180c862b78a57e23d3a8d7490e276d5 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2515 203 9476 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізіңіз.«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1117696?lang=kk
Қазақстан Солтүстік Македонияға ынтымақтастықты тереңдету үшін бірлескен Іскерлік кеңес құруды ұсынды 21.11.2025
Скопье, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Экономикалық палатасының Бас директоры Антони Пешевпен кездесті.Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы македондық тарапқа жан-жақты ақпарат берді, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін еліміздің басым экономикалық секторларындағы мүмкіндіктерді таныстырды.Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары бойынша мазмұнды пікір алмасты. Әңгіме барысында екі ел экономикасының айтарлықтай бірін-бірі толықтыратыны және негізгі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге зор әлеует бар екені атап өтілді.Ерекше назар іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру қажеттілігіне аударылды. Осыған орай тараптар Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Македония Экономикалық палатасының бизнес-қоғамдастықтарды жақындастырудағы маңызды рөлін атап өтті.Аталған әріптестікті институционализациялаудың нақты қадамы ретінде қазақстандық тарап Қазақстан–Македония Іскерлік кеңесін құру туралы келісім жобасын қарауға ұсынды. Бұл бастама екі ел кәсіпкерлері арасындағы диалог пен практикалық өзара іс-қимылға арналған тұрақты платформа құруды көздейді.А.Пешев Қазақстанның макроэкономикалық дамуының тұрақтылығын жоғары бағалап, одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді. Анықтама:1922 жылы құрылған және 15 мыңнан астам белсенді мүшесі бар Солтүстік Македонияның Экономикалық палатасы бүгінде елдегі ең көне әрі ең ықпалды бизнес құрылым болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1109462?lang=kk
Тұран ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті: тұрғындар қала тазалығын сақтау үшін бірікті. 06.11.2025
2025 жылдың 6 қарашасында Шымкенттің Тұран ауданында «Таза бейсенбі» атты соңғы экологиялық акция өтті. Қала тұрғындары өздеріне қарасты аумақтарды, қоғамдық орындарды, саябақтарды, ойын алаңдарын, жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды тазалауға атсалысты. Бұл іс-шара қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және экологиялық сауаттылықты арттыру жөніндегі ауқымды бағдарламасының жалғасы болды. Қатысушылар мұндай бастамалар тек тәртіпті сақтауға көмектесіп қана қоймай, тұрғындарды өз қаласына қамқорлық жасауға, қоршаған ортаға деген ұқыптылықпен қарауға шақыратынын атап өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілік, ортақ үйге деген жауапкершілік және қалалық ортаны жақсартуға үлес қосуға дайын болу – ұйымдастырушылар көпшілікке жеткізуге тырысатын басты құндылықтар. Таңертеңнен бастап көпқабатты үйлердің тұрғындары, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің өкілдері, белсенді жастар, коммуналдық қызметшілер, алаңдаушылық білдірген азаматтар маңайындағы тазалық пен жайлылық үшін көшеге шықты. Олар тұрмыстық қоқыстарды жинап, қураған бұтақтарды тазалап, жиектерді қоқыстан тазартты, тротуарларды сыпырды, шөп шабады, тегіс емес жерлерге топырақ қосты. Ойын алаңдарының жағдайына да көп көңіл бөлінді. Еріктілер резеңке беттерден құмды сыпырды, бұтақтар мен жапырақтарды алып тастады, қатты ландшафт элементтерін сүртті және кейбір қоршауларды жаңартты. Жұмысқа ата-аналар мен балалар белсене қатысты: көпшілік мұндай іс-шаралар балаларды ерте жастан қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрететініне сенім білдірді. Қала әкімшілігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері Шымкентте 45 экологиялық акция өткізіліп, оған төрт мыңнан астам адам қатысқан. Бұл жұмыс жүйелі: әр апта сайын санитарлық тазалық пен көгалдандыруға ерекше назар аударуды қажет ететін жаңа орындар таңдалады. Осы жұмыстардың нәтижесінде аулалардың, көшелердің, саябақтардың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамаларға неғұрлым көп адам атсалысса, қаланы тазарту соғұрлым тез әрі тиімді болатынын баса айтады. Сонымен қатар, экологиялық қозғалысқа қатысу экологиялық таза мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі, мысалы, қалдықтарды бөлуді таңдау, қоқыс тастамау және ауланы ұқыпты ұстау. «Аманат» партиясы қалалық филиалы жауапты хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов әр тұрғынның тек дене тазалығы ғана емес, рухани жауапкершілігі де маңызды екенін атап өтті. « Біздің басты міндетіміз – тазалық қана емес, тұрғындар мен қонақтарды тазалықты сақтауға шақыру. Экология тек қоқыс пен көше емес. Тазалық экологиялық, рухани және жеке болуы керек. Бұл әрбір адам үшін бірінші кезектегі мәселе болуы керек, өйткені таза қала таза ой мен істен басталады », - деді ол. Көптеген қатысушылар тұрақты сенбіліктердің қаланың дамуына қатыстылығын сезінуге көмектесетіндігі туралы пікірімен бөлісті. Бірге адамдар көп нәрсеге қол жеткізе алады - қысқа уақыт ішінде олар бірнеше апта бойы жиналып қалған нәрсені жоя алады. Әсіресе, олардың еңбегінің бірден жемісін көру қуантады: таза аллеялар, абаттандырылған аулалар, ұқыпты көгалдар. Бірлескен жұмыс көршілерді жақындастыратынын да тұрғындар атап өтті. Адамдар бір-бірімен танысады, араласады, инфрақұрылымды дамыту бойынша ойларымен бөліседі: қосымша қоқыс жәшіктерін қайда қою керек, көктемде қандай гүлзарлар отырғызу керек, ауланы балалар үшін қалай ыңғайлы және қауіпсіз ету керек. " Біреу келіп, біз үшін бәрін жасайды деп күтпеуіміз керек. Бұл біздің қала, ал ондағы тәртіпті сақтау - біздің ортақ міндетіміз ", - деді наразылық білдірушілердің бірі. Коммуналдық қызметтер қала тұрғындарына қоқыс шығару үшін қажетті құрал-жабдықтар мен көліктер беру арқылы қолдау көрсетеді. Мамандар тұрғындар тазалықтың қарапайым ережелерін сақтаса, көшелердегі қоқыс көлемі айтарлықтай азаяды деп қадап отыр. Басты мәселе – қоқыстардың лайықсыз жерлерге төгілуі, аулаларды, арықтарды, жол жиектерін бітеп тастау. Экологиялық қозғалыстар қала тұрғындарын бір реттік пластмассадан бас тартуға, қалдықтарды сұрыптап, ресми қоқыс жәшіктерін пайдалануға шақыруда. Қалдықтарды дұрыс басқару уақытша шара емес, қоршаған ортаның әл-ауқатын сақтау үшін маңызды ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Мамандар Шымкенттің нағыз жасыл және тұрақты мегаполиске айналуы үшін барлық тұрғындар тазалық пен жасыл желекті сақтауға белсенді атсалысуы керек деп есептейді. Соңғы жылдары қалада қоғамдық орындар — саябақтар, скверлер және жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар саны айтарлықтай өсті. Бірақ инфрақұрылым неғұрлым көп болса, соғұрлым оны ұстауға жауапкершілік артады. «Таза бейсенбілікті» ұйымдастырушылар экологиялық сананың ұранға емес, нақты іс-әрекетке құрылатынын баса айтады. Қоқыс жәшігінің жанына лақтырылған әрбір қоқыс және жиналған әрбір қағаз парағы қарама-қарсы бағыттағы қадамдар. Тазалыққа деген ортақ міндеттеме ғана тұрақты нәтиже береді. Қоршаған ортаны қорғау науқаны аяқталды, бірақ тәртіпті сақтау және қаланы абаттандыру жұмыстары күн сайын жалғасуда. Қатысушылар тағы да осындай іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Жаңа аулалар, жаңа көшелер мен жаңа аумақтар күтіп тұр, олардың барлығын өз қолдарымен әдемі жасауға болады. Ұйымдастырушылар барлық тұрғындарды алдағы іс-шараларға қатысуға және жайлы әрі таза қала құру жолындағы үлкен күш-жігердің бір бөлігі болуға шақырады. Өйткені, Шымкент – барша тұрғындардың үйі, оған қамқорлық жасау әркімнің жеке міндеті болуы керек.