Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Фискалдық деректер форматының жаңа нұсқасына көшу мәселесі бойынша ТҚО басшыларымен кездесу 14.10.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бақылау-кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталықтарының басшыларымен кездесу өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы фискалдық деректерді берудің 2.0.3 өзекті нұсқасына БКМ уақтылы қайта бағдарламалау қажеттілігі болды. Кездесуді Департамент басшысының орынбасары Марат Бейсенов ашты, ол белгіленген мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа нұсқасына көшудің маңыздылығын атап өтті. Ол БКМ бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жаңарту бақылау-кассалық техниканың дұрыс жұмыс істеуінің және БКМ қолдану бөлігінде бұзушылықтардың алдын алудың міндетті шарты болып табылатынын атап өтті. Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар 2.0.3 нұсқасында көзделген негізгі өзгерістер, кассалық техниканы қайта бағдарламалау тәртібі, ауысу мерзімдері туралы айтып берді. Салық төлеушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына және БКМ уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуде ТҚО-ның белсенді қатысу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген мерзімде БКМ жаңа нұсқасына көшуді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты және өзара әрекет етуді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1080035?lang=kk
Алматы облысының әкімі Мұғалімдер күнімен құттықтады 14.10.2025
Қазан айының алғашқы жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды."Ұстаз – елдің ертеңін тәрбиелейтін, болашаққа жол сілтейтін ұлы тұлға. Әр баланың жүрегіне білім мен тәрбие нұрын себетін Сіздердің еңбектеріңіз – баға жетпес байлық. Бүгінде еліміздің әрбір жетістігінде, ғылым мен техникада, әрбір іскер азаматтың тағдырында ұстаздың ізі жатыр", – деді аймақ басшысы.Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі бастамаларын атап өтті. Президент: «Егер біз өркениетті ел болғымыз келсе, ең алдымен ұстазға жағдай жасауымыз керек», – деген болатын. Бұл сөздер білім беру саласына жан-жақты қолдау көрсетудің маңызын айқындайды.Бүгінде Алматы облысында 443 мемлекеттік мектепте 359 мыңнан астам бала білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 7164-ке артқан. Бұл – облыстағы демографиялық өсім мен білім беру жүйесінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы Түркістаннан кейінгі оқушы саны көп өңірлердің қатарында. Мәселен, Түркістан облысында 466 мыңнан астам оқушы болса, Алматы қаласында – 310 мың, Астанада – 252 мың, Жамбыл облысында – 224 мың бала білім алып жатыр.Алматы облысының әкімі ұстаздар қауымына жас ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдірді.«Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең үлкен инвестиция», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080048?lang=kk
Қорғаныс министрлігі бөлім командирлерінің педагогикалық және психологиялық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды 14.10.2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында Алматы облысында орналасқан Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 78460 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілермен жұмыс жүргізетін офицерлер мен сержанттарға арналған қарқынды трансформациялық курстар өткізілді.Әскери бөлімнің таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі дәл осы жерде мерзімді әскери қызметті жаңғыртуға, сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған SARBAZ+ жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы күзде шақырылған сарбаздар желілік технологиялар, радиобайланыс және дрон операторлығы бойынша білім алып, арнайы сертификатқа ие болады. Мұндай қолданбалы және техникалық дағдылармен қаруланған әскери қызметшілер әскери борышын өтеген соң да еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз.Жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізетін әскери қызметшілер де жоғары деңгей болуы тиіс. Осы мақсатта 78460 әскери бөлімінің базасында сарбаздармен жұмысты тиімді жүргізуге бағытталған психологиялық-педагогикалық дағдыларды жетілдіру бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.– Офицерлер мен сержанттарға арналған оқу бағдарламасын Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары бірлесе әзірледі. Олар сабақ кестесі, типтік жағдайларға арналған кейстер, командирлердің әрекет алгоритмдері мен тексеру парақтары (чек-лист) сынды оқу-әдістемелік материалдар жиынтығын дайындады, – деп нақтылап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы подполковник Арман Қалышев.Курстар барысында әскери жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және өзге де салалық ұйымдардың психология, педагогика және тәрбие жұмысы саласындағы сарапшылары мен мамандары да дәріс оқыды. Жалпы оқу курстарының ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1080067?lang=kk
Конституциялық Сотқа Мажарстан Президенті келді 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті.Эльвира Азимова жоғары мәртебелі қонақты Қазақстандағы конституциялық өзгерістер үдерістерімен және Конституцияның үстемдігін сақтауды қамтамасыз ету тетіктерімен таныстырды.Бұған дейін Мажарстанның Конституциялық Сотын басқарған Тамаш Шуйок азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесін, сондай-ақ құқық үстемдігі мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғаудағы мажарстандық конституциялық бақылау органының тәжірибесін атап өтті.Мажарстан Президенті тәуелсіз әрі мықты Конституциялық Сот демократиялық дамудың және негізгі құқықтардың басты кепілі екенін атап өтіп, оның жұмысы бейбіт әлеуметтік ынтымақтастық рухында әрі құқықтық дәстүрлерді сақтау бағытында жалғасуын тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1080088?lang=kk
Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті 14.10.2025
Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС аумағында бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.Оқу-жаттығу барысында аса қауіпті объектілердің бірі болып табылатын мұнай өнімдері бар резервуардың бірінен өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмі пысықталды.Жаттығу кезінде автоматты көбікті сөндіру жүйесі, стационарлық лафеттік оқпандар іске қосылып, резервуар қабырғаларын салқындату және зардап шеккен аумақты қауіпсіздендіру шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шартты өртті сөндіру үшін көбікті шабуыл әдісі қолданылды.Оқу-жаттығуға жалпы 52 қызметкер, 18 өрт сөндіру техникалары жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1080112?lang=kk
Алматы облысында ұстаз еңбегі мен шәкірт жетістігі білім сапасын арттыруда 14.10.2025
Алматы облысында білім саласын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуеті артып, ұстаздардың кәсіби деңгейі жаңа белеске көтерілуде.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының арнайы жобасы аясында Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектептерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалды. Бұл – білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.Облыста 35 мыңнан астам педагог жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Олардың ішінде 219-ы – «педагог-шебер», 6615-і – «педагог-зерттеуші», 7227-і – «педагог-сарапшы», 11 200-і – «педагог-модератор» санатына ие. Бұл ұстаздардың кәсіби деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіш.Соңғы үш жылда республикалық деңгейде 11 облыс ұстазы «Үздік педагог» атағын иеленді. Мәселен, былтыр Іле ауданынан Қуанған Тәуекел, Еңбекшіқазақ ауданынан Дамира Амарова, Талғар ауданынан Айнұр Джабаева және колледж өндірістік шебері Иманжан Мұқаш үздіктер қатарынан табылып, жалпы құны 3,7 млн теңгелік сертификатқа ие болды. Биыл да 10 педагог республикалық кезеңге жолдама алды.Алматы облысының ұстаздары түрлі республикалық байқауларда да үздік нәтиже көрсетуде. «Педагогикалық идеялар фестивалінде» Әл-Фараби атындағы лицейдің мұғалімі Әбеу Нұргелді І дәрежелі диплом алса, Еңбекшіқазақ ауданынан Меруерт Тлекеева ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Ал Ю.Гагарин атындағы №8 лицейдің ұстазы Бағдат Тұрысбекова да жүлдегер атанды.«Алтын тұғыр» математикалық сауаттылық олимпиадасына қатысқан бастауыш сынып мұғалімдерінің 90 пайызы жүлделі орын алып, облыс командасы «Үздік команда» атанды. Сонымен бірге Қарасай ауданынан Қосан Сәния Ержанқызы республикалық «Үздік жыл психологі» байқауында ІІ орынға ие болды.Ұстаз еңбегінің айқын көрінісі – шәкірт табысы. Соңғы үш жылда облыс оқушылары халықаралық деңгейде білім сайыстарында топ жарып жүр. 2022–2023 оқу жылында 11 оқушы, 2023–2024 оқу жылында 22 оқушы, ал 2024–2025 оқу жылында 28 оқушы түрлі халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік жарыстарда жеңімпаз атанды.Бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі әрі облыс білім беру жүйесінің биік белеске көтерілгенінің айғағы. Жас ұрпақтың осындай жетістіктері болашаққа деген сенімді нығайтып, елдің еңсесін көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080117?lang=kk
Сыртқы экономикалық қызмет пен кеден саласы қатысушыларының назарынa 14.10.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:ақпарат пен есептерді ұсыну үдерісін оңтайландыру мақсатында кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың (СВХ, ТС, СС, СХСТ, кеден өкілі, кеден тасымалдаушысы), уәкілетті экономикалық операторлардың, сондай-ақ шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына иелік ететін және (немесе) пайдаланатын тұлғалардың, еркін кедендік аймақ және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты есептері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы (олар болған жағдайда) ұсынылады.Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген есептерді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің электрондық мекенжайына да жолдауға болады:Otchety.Keden_Almaty@kgd.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1079735?lang=kk
Қазақстан мен Түркия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Түрік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.Х.Фидан әріптесін Қазақстан Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жауапкершілігі жоғары қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде Е.Көшербаев бауырлас түрік елінің СІМ басшысының жылы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдетуге бейілділігін жеткізді.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін және олардың одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы диалогты жалғастыруға уағдаласып, Әзербайжанда орын алатын Түркі мемлекеттері ұйымы 12-ші саммитінің табысты өтуіне тілектестік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1079747?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты жобалардың перспективалары талқыланды 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті жанындағы Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесінің төрағасы Сельчук Юдженің басшылығымен келген түрік бизнес делегациясымен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Ерекше назар металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі салаларындағы бірлескен жобаларға, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғыртуға аударылды. Перспективалы бағыттар ретінде жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл» экономика, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жобалар аталды.Ғ.Оспанқұлов Түркия Қазақстанның негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Түркияның ел экономикасына салған инвестиция көлемі 5,8 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде, бұл елдегі бизнес ахуалына деген жоғары сенімділікті дәлелдейді. «Қазақстан индустрияландыру саясатын жүзеге асыруда, ол жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталған. Әсіресе металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібіндегі жобалар үлкен қызығушылық тудырады. Осы тұрғыда түрік компанияларының аталған жобаларға қатысуы аса перспективалы деп санаймыз», – деді ол.Өз кезегінде С.Юдже Түркия үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтіп, түрік бизнесі өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым және жоғары технологиялар салаларында жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді. Ол сондай-ақ Түркияның жетекші компанияларын бірлескен бастамаларды дамытуға тартуға дайын екенін айтты.Кездесуге Alarko Holding, Yıldızlar SSS Holding, Anadolu Group, Renaissance Heavy Industries, GAP İnşaat, Çalık Holding және басқа да жетекші түрік компанияларының өкілдері қатысты. Компаниялар Қазақстандағы қызметін кеңейтуге және түрлі экономика секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті (DEİK) шамамен 2000 жетекші түрік компаниясын біріктіреді және елдің сыртқы экономикалық қызметін үйлестіреді. Оның құрамында 152 іскерлік кеңес жұмыс істейді, соның ішінде 1991 жылы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету үшін құрылған Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1079975?lang=kk
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 10-шы халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанаты түрде өтті. Биыл қазылар алқасының шешімімен АҚШ, Армения, Бельгия, Өзбекстан және Пәкістан журналистерінің еңбектері әртүрлі номинациялар бойынша үздік деп танылды.Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам материал ұсынылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен артық. Жеңімпаздар – Мэтт Фицджеральд (АҚШ) Марианна Мкртчян (Армения), Дерья Сойсал (Бельгия), Арухан Ақпанбетова (Өзбекстан) және Мұхаммад Али Паша (Пәкістан) өз еңбектерінде еліміздің цифрландыру, экономика, туризм, спорт, мәдениет және тарих салаларын кеңінен қамтыды.Салтанатты рәсімге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, байқаудың тең ұйымдастырушылары мен медиа серіктестері – «Верный Капитал» компаниялар тобының басқарушы директоры Жанболат Усенов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы, «Astana Hub» PR және маркетинг кеңсесінің директоры Кристина Ризванова, «Астана» халықаралық қаржы орталығының корпоративтік және медиа-коммуникациялар жөніндегі директоры Айнұр Исабаева, «Отандастар қоры» КеАҚ Коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарушы директоры Ержан Мұқаш қатысты.Өз сөзінде А.Исетов лауреаттарды құттықтап, ұсынылған барлық жұмыстардың жоғары деңгейін және жыл сайын шетелдік журналисттер тарапынан өтінімдердің көбеюін атап өтті. Бұл шетелдік медиа қоғамдастықтың Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Байқау серіктестері де қатысушыларға алғыс білдіріп, Қазақстанда жақсы уақыт өткізуін тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті. Серіктестердің осындай кең ауқымда қатысуы іс-шараның маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.Марапаттау рәсімінен кейін байқау жеңімпаздары ауқымды бағдарламасымен өткен ең ірі халықаралық технологиялық форум – «Digital Bridge 2025»-ке қатысты. Олардың сапары форумның мазмұнды бағдарламасымен ұштастырылды. Сондай-ақ мәдени байланыстарды нығайту және елді жақыннан таныстыру мақсатында жеңімпаздар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысына мәдени-тарихи бағдарлама бойынша сапар жасайды.Шетелдік журналисттер арасында жыл сайын өткізілетін бұл байқау Қазақстанның даму үрдістеріне халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығын арттыруға, бай табиғи және мәдени мұрамызды насихаттауға, елдің әлеуеті мен тартымдылығын шетелдік инвесторлар мен туристтер үшін ашуға ықпал етеді.Анықтама: «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы 2014 жылы бастау алған. Қазылар алқасы жыл сайын мәтіндік және бейнематериалдарды іріктеп, әртүрлі номинациялар бойынша марапаттар табыстайды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі шетелдік басылымдар мен медиа өкілдері баспа және онлайн басылымдардан бастап, блогтар, подкасттар және дәстүрлі телеарналардағы хабарларға дейін жұмыстарын түрлі форматта ұсынады. Жарияланымдар мен материалдардың тақырыптары тарих, мәдениет, білім, туризм және ұлттық асхана тақырыптарынан бастап халықаралық қатынастар мен Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне дейін қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1079814?lang=kk
«Цифрлық дипломатия»: Қазақстан мен Португалия цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 14.10.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 2 қазан - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттер аясында ҚР Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев Еуропаның жетекші технологиялық орталықтарының бірі – Taguspark ғылыми-технологиялық паркі бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейамен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы белгілеген ел экономикасының барлық салаларын цифрландыру және жасанды интеллектті кеңінен енгізу жөніндегі стратегиялық міндеттер туралы ақпарат берді.Тараптар IT-индустриядағы ынтымақтастықты дамытудың, инновациялық стартаптар мен жоғары технологиялық жобаларды іске асырудың болашағын талқылады.Taguspark басшылығы Қазақстанның осы бағыттағы күш-жігерін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестік орнатуға дайын екенін білдірді. Әңгіме барысында тәжірибе алмасу мен технологиялар трансферті, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы білім беру бағыттарында әріптестік орнату мүмкіндіктері сөз болды.Лиссабон агломерациясына қарасты Оэйраш муниципалитетінде орналасқан Taguspark ғылыми-технологиялық паркі – Еуропадағы инновация мен зерттеудің ірі орталықтарының бірі. Мұнда ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, телекоммуникациялар, электроника, жасыл энергетика және биотехнология сияқты салалар бойынша ғылыми-зерттеу зертханалары, бизнес-инкубаторлар мен стартап-компаниялар шоғырланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1079822?lang=kk
Солтүстік Македония сарапшылары цифрландыру саласындағы қазақстандық тәжірибені зерттеуге мүдделі 14.10.2025
Скопье, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопьедегі «INOVA» Инновациялар, ғылыми-техникалық даму және кәсіпкерлік агенттігінің басшылығы мен сарапшыларымен кездесті.Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, екі елдің экономикасын дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ инновациялық саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Елші Қазақстанның экономика, инновация, цифрландыру және орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын атап өтіп, Солтүстік Македонияның іскер қоғамдастығымен диалогты кеңейтуге мүдделілігін білдірді.Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті. С.Бұршақов жаңа Жолдаудың тұжырымдамалық фреймі елдің терең цифрлық трансформациясы, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, оны ауқымды құрылымдық жаңғырту, сондай-ақ экономикалық және саяси реформалардың берік ғылыми және заңнамалық базасын құру идеясы болғанын атап өтті.Елші Президент Қ.Тоқаев таяудағы үш жыл ішінде Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуын аса маңызды стратегиялық міндет деп атағанын айтты. Бұл бағытты үйлестіру үшін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.Агенттік басшылығы еліміздің цифрландыру саласындағы жетістіктеріне оң баға беріп, инновациялар, цифрландыру және электрондық үкімет саласындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1079833?lang=kk
Әскердің заманауи келбеті: журналистерге оң өзгерістер мен жаңа технологиялар таныстырылды 14.10.2025
Астанада Құрлық әскерлерінің арнайы мақсаттағы құрамасында ауқымды баспасөз туры өтті. Іс-шараның басты назарында цифрландыру саласындағы инновациялар, әскери қызметшілерді психологиялық қолдау мен сарбаздарды жан-жақты қамтамасыз ету сұрақтары болды. Қорғаныс министрлігі журналистерге бүгінгі күні әскер қатарында қызметті заманауи әрі технологиялық ететін бірегей әзірлемелерді көрсетті. Жаңалықтардың ішінде – SARBAZ+ пилоттық жобасы, әскери қызмет пен сарбаздардың тұрмысы туралы өзекті ақпаратты қамтыған ARMIA.KZ ақпараттық сервисі, автоматтандырылған психологиялық тексеруге арналған «ГРВ-камера» бағдарламалық-аппараттық кешені, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, телеграм-бот форматындағы цифрлық кеңесші Ai-Sulu бар. Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына тәулік бойы анонимді психологиялық қолдау алуға мүмкіндік береді.«Әскери психологтың мобильді сөмкесі» де назардан тыс қалған жоқ — бұл жауынгерлерге күйзеліске толы жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге арналған инновациялық жинақ. Блокты қазақстандық жағдайға бейімделген «PHQ-9», «GAD-7» және «Субъективті әл-ауқат шкаласы» халықаралық әдістемелері бойынша психодиагностикалық тексерудің көрсетілімі аяқтады.Цифрлық жетістіктерден бөлек журналистер әскери қызметтің дәстүрлі қырларын да көрді: қару-жарақ пен техника, жабдықтар мен әскери киім үлгілері, тактикалық атыс, зениттік қондырғы есептоптарының жұмысы, кедергілер жолағын еңсеру және тағы басқа көрсетілімдер ұсынылды. Мерзімді қызмет өткерудің жағдайлары мен оның қауіпсіздігі туралы заманауи модульді казармалар айқын көрсетті. Барлық бөлмелері бейнекамералармен жабдықталған.Ал Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әубәкіров сарбаздардың тәуліктік азық үлесімен таныстырып, сарбаз тағамы 2026 жылдың 1 қаңтарынан 3150 теңгеге дейін өсетінін айтты. Баспасөз туры қорғаныс министрінің орынбасарларының брифингімен аяқталды.Вице-адмирал Серік Борамбаев қызмет жағдайын жақсарту, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау шаралары туралы баяндады. Генерал-лейтенант Қаныш Әубәкіров Қарулы күштердің инфрақұрылымын дамыту мен әскери қызметшілерді жан-жақты қамтамасыз етуге тоқталды. Дархан Ахмедиев Қарулы күштердегі цифрландырудың рөлі мен маңызына ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1079838?lang=kk
«Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық» мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара 14.10.2025
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен «Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық» мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамыту институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.Мереке қонақтары мектеп оқушылары және Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттерінің көркем шығармашылығы көрмесін, Тарбағатай ауданының Балалар өнер мектебінің шығармашылық көрмесін және Өскемен қаласы кітапханалары мен кітап дүкендерінің оқу және көркем әдебиет көрмесін тамашалады. Сондай ақ фойеде арнайы мұғалімдер күніне дайындалған «Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыздар» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарының жұмыстары мен 2024-2025 оқу жылының білім саласындағы жетістіктері туралы арнайы мерекелік ақпараттық бюллетень таныстырылды.Мерекелік шара аясында білім беруді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары: 13 педагогке - «Еңбек ардагері» медалі, 4 педагогке - «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 13 педаогке - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 25 педагогке – Құрмет грамотасы және 24 педагогке  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасы мен алғысы   табысталды.2024-2025 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша білім басқармасының дипломдарымен «Жалпы орта білім бойынша Үздік білім бөлімі - 2025» иегері Үлкен нарын аудандық білім бөлімі және 2025 жылдың үздік колледжі атанған Өскемен жоғарғы политехникалық колледжі   марапатталды.Мерекенің арнайы шақырылған құрметті қонақтарына, білім беру саласының ардагерлері мен облыс педагогтеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1079855?lang=kk
Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері есірткі сатушыны ұстады 14.10.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында есірткі сатты деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді.Әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрасыл Қуанышбай, патрульшілер қатардағы Ерасыл Байнияз бен Олег Фофонов «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында патрульдік қызмет атқарып жүрген. Бір тұрғын үйдің ауласында ұландықтар ұялы телефон камерасының жарқылын байқап қалады. Күдікті белгісіз затты тығып, суретке түсірген сәті әскери қызметшілердің күдігін туғызды.Ұландықтар азаматқа жақындап, құжаттарын тексермек болды. Алайда ол өзін агрессивті ұстады. Тексеру барысында оның қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм болатын есірткі заты салынған капсула табылды.Ұсталған азамат полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1079866?lang=kk
Ұстаздар күні құтты болсын! 14.10.2025
Құрметті ұстаздар!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Саналы ғұмырыңызды жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім нәрін себуге арнап, таусылмас төзім мен шексіз мейірім танытып келе жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Сіздердің арқаларыңызда еліміздің болашағы жарқын, кемел келешекке нық қадам басуда.Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің қуанышы мен жетістігіне толы күндер тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің биіктерден көрінуі — ең үлкен марапат болсын!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1079911?lang=kk
Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел 2025 14.10.2025
KGIR-2025 — 2017 жылдан бері елдің Премьер-Министрінің жетекшілігімен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық іс-шарасы. Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді.KGIR-2025-тің негізгі тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы». Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономикаларды қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технологиялар және жасыл экономиканың дамуын талқылайды.Форум тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға және Қазақстанның дамуы және инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтатын шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады.Биыл KGIR 40 елден 700-ден астам қатысушыны жинайды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, іскерлік қауымдастықтар және БАҚ өкілдері бар. Қатысушылардың қатарында дәстүрлі түрде компаниялардың бірінші басшылары, инвестициялық және стратегиялық бөлімшелердің жетекшілері, серіктестер мен бизнес дамытудың жетекші мамандары күтілуде.Форум аясында панельдік сессиялар, үздік компанияларды марапаттау рәсімі, екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ B2B және B2G форматтарында кездесулер өткізу жоспарланған.Қатысушыларды тіркеу сілтеме бойынша қолжетімді: www.kgir.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1079923?lang=kk
Қазақстандықтарға 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге 14.10.2025
       2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандастарымызға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті. БЖЗҚ-ның МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі 12,60% құрады, инфляция мөлшері – 12,20%. ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 01.09.2025ж. – 7,64%.Қазақстандықтардың ағымдағы жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кірісі – 1 270,99 млрд теңге. Оның ішінде 1 265,72 млрд теңгесі салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен табысқа тиесілі. Қазақстандықтардың шартты зейнетақы шоттарына (ШЗШ) есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс 5,26 млрд теңгені құрады.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.  Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан асып түседі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік 979,95% -ды көрсетті. Бүкіл кезеңдегі инфляция – 827,78%.   Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар), сыртқы басқарудағы активтер бойынша сыйақы есебінен, сондай-ақ қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау есебінен қалыптастырылады. Зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ)  инвестициялық портфельді тұрақты түрде әртараптандырып отырады – активтерді нарықтық жағдайларға байланысты құрылымы үнемі түзетіліп отыратын әртүрлі қаржы құралдары мен валюталарға орналастырады.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпаратты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан да алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1079925?lang=kk
Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек» 14.10.2025
 «Парламент – Тәуелсіздігімізді және мемлекеттігімізді айшықтайтын маңызды құрылым. Бұл ешқашан өзгермейтін ақиқат, алдағы уақытта да солай болып қала береді.Жалпы, реформаның негізгі мақсаты, соған сәйкес істелуге тиіс жұмыстың бағыт-бағдары туралы Жолдауда кеңінен айтылды. Референдумға дейін атқарылатын жұмыстың бәрін мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет.Білікті мамандар өз ойларын ашық айтып, тиімді ұсыныстар беруі керек деп санаймын. Түпкілікті шешім, яғни қоғам пікірі дұрыс болуы үшін осы мәселеге қатысты айтылатын әрбір ой-пікір де әбден тексерілген, екшелген, жан-жақты сарапталған болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан Жұмыс тобы өз міндетін нағыз кәсіби ұстанымға сай атқаруға тиіс.Атап айтқанда, «е-Otinish» және «е-Gov» порталдары арқылы келіп түскен барлық ой-пікірді сараптап, зерделеу қажет. Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек. Ата заңға енгізілетін әрбір өзгеріс мұқият пысықталып, дайындалуға тиіс. Әр баптың, әр норманың мән-мағынасына терең бойлаған жөн, яғни құқықтық, процедуралық мәселелерді нақты айқындап алуымыз қажет.Бұдан бөлек, басқа да көптеген мәселе пайда болуы мүмкін. Қысқасы, алдымызда тұрған шаруа өте ауқымды. Жұмыс тобына үлкен сенім артылып отыр.Істеріңізге сәттілік, табыс тілеймін!»
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді» 14.10.2025
«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады.Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады.Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек.Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді».