Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

WORLD UNIFIGHT CHAMPIONSHIP – ұландық тағы да шыңнан көрінді 14.10.2025
25–30 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы, Үргеніш қаласында әмбебап жекпе-жектен (UNIFIGHT) әлем чемпионаты өтті.Ауқымды додаға 12 елдің мықты спортшылары қатысты. Турнирдің атмосферасы нағыз ерлік пен күштің, спорт рухының көрінісіне айналды.Қазақстан халықаралық аренада тағы да өз көшбасшылығын дәлелдеді. «Burkit Team» құрамасының өкілі, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Әзімжон Курбонбоев 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атағы мен алтын медальді жеңіп алды!Осылайша спортшымыз әлем чемпионы атағын үшінші рет иеленіп отыр. Бұл оның кәсіби деңгейінің жоғары екенін және қазақстандық әмбебап жекпе-жек мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте айғақтайды.Әзімжон Курбонбоевтың бұл жеңісі – ел спортының өркендеуіне серпін беріп, Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын асқақтатқан айтулы оқиғаға айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1078109?lang=kk
1 қазан - Қарттар күні 14.10.2025
1 қазан - Қарттар күні қарсаңында Әділет департаментінің қызметкерлері ардагерлер мен аға буын өкілдерін құттықтады.Көп жылғы еңбектері үшін құрмет пен алғыс ретінде оларға ақшалай сыйлықтар табысталды.Мұндай кездесулер - қолдау көрсетудің ғана емес, өмірін еңбекке және жақындарына қамқорлыққа арнаған адамдарға шынайы құрмет білдірудің де мүмкіндігі.Ізгі тілектер, күлкі мен ықылас мерекелік көңіл-күй сыйлап, қарттар әрдайым қасымызда екенін және олардың тәжірибесі мен даналығының баға жетпес екенін еске салады. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1078123?lang=kk
Мемлекеттік корпорация құжаттарды жеткізу қызметін енгізді. 14.10.2025
ЦОН енді дайын құжаттарды көрсетілген мекенжайға ақылы түрде жеткізетін болады. Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» ЦОН-дарда дайын құжаттарды көрсетілген мекенжайға курьерлік жеткізу қызметін іске қосты. Бұл сервис «Халыққа қызмет көрсету бөлімі менеджері» пилоты аясында жүзеге асырылып, госкорпорацияның фронт-офистерінде қолжетімді. Қалай жұмыс істейді:Өтініш берген кезде ЦОН қызметкері жеткізуді рәсімдеуді ұсынады. Өтініш беруші мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын банк мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлейді. Өңірлерде – 1 000 тг. Жеткізуге тек ЦОН-да өтініш берген кезде тапсырыс беруге болады. Қандай құжаттар жеткізіледі (15 қызмет):баланың туу туралы куәлігі;некені бұзу туралы куәлік;туу, неке қию және бұзу, қайтыс болу туралы қайталама куәліктер мен мұрағаттық анықтамалар;білім туралы құжаттардың дубликаттары;азаматтық хал актілерін қалпына келтіру;ресми құжаттарды апостильдеу және т.б. Хабарландыру және қауіпсіздік:Құжат дайын болғанда 1414-тен бірегей кодпен SMS-хабарлама келеді. Курьер алдын ала хабарласып, тапсыру кезінде жеке куәлік пен растау коды арқылы сәйкестендіру жүргізеді. Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) «Құжаттарды жеткізу» бөлімінен көруге болады. Авторизация – ЖСН және телефон нөмірі арқылы жүзеге асады.Жаңа сервис уақытты үнемдеп, қолайлылық пен құпиялықты арттырады – азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ЦОН-ға қайта барудың қажеті жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1078124?lang=kk
Қарттар күні қарсаңында ардагерлер қаладағы нысандармен танысты 14.10.2025
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай облыс ардагерлері өндірістік және инфрақұрылымдық жобалармен, іске қосылған нысандар жұмысымен танысты.Алдымен «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Заманауи орталық бір мезетте 500, тәулігіне 3 мыңға дейін оқушы қабылдай алады. Мұнда бассейн, фитнес және гимнастика залдары, үстел теннисі, жекпе-жек және үстел ойындарына арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар, кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, робототехника, жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.Келесі нысан – «Қызылорда-Нан» ЖШС-ның нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешені. Қазіргі таңда үш өндірістік цех іске қосылған, алдағы уақытта печенье цехы жұмысын бастайды. Өнімнің 30%-ы кәсіпорынның жеке сауда желісі арқылы сатылады, қалғаны қала мен ауылдарға жеткізіледі. Жобаға 5 гектар жер беріліп, инфрақұрылым тартылды. «Қазақстан Халық банкінен» алынған 1,2 млрд теңге жеңілдетілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі мемлекет тарапынан субсидиялануда. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етсе, болашақта олардың саны 150-ге жетпек.Одан кейін ардагерлер жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен танысты. «Aksa Energy» түрік компаниясымен бірлескен жоба аясында қуаттылығы 240 МВт болатын нысан салынуда. Орталыққа General Electric (АҚШ), Doosan Skoda (Чехия), AC BOILERS (Италия), Mimsan (Түркия) компанияларының қондырғылары жеткізілген. Құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталып, газ тарату станциясы мен 45 шақырым газ құбыры салынды. Биыл алғашқы газ турбиналық қондырғы мен екі жылу қазандығы іске қосылса, қалғаны 2026 жылы пайдалануға беріледі.Ардагерлер қалалық мәдениет және демалыс паркін, Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарында көрді. Жаңа коммуналдық базарды, «Қызылорда САЗ-М» кірпіш зауытын, музыкалық колледждің жаңа ғимаратын, физика-математика мектеп-интернатын және 11 мың орындық жаңа стадионды аралап шықты.Мерекеге орай қала мен аудандардан келген ардагерлердің басын қосқан салтанатты шара ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ел ағалары мен ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Азаматтардың әл-ауқатын арттырудың басым міндеті – зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қажырлы ардагерлердің қоғамға үлесін ынталандыру маңызды. Халықтың орташа өмір сүру жасы 75-тен асты, бұл – әлеуметтік саясаттың жетістігі» – деген болатын.Өңірімізде қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Соңғы үш жылда жылына бір рет төленетін әлеуметтік көмектің көлемі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге, оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне 90 мыңнан 196 мың теңгеге ұлғайды. Биыл 1 700-ге жуық ардагерге 322 млн. теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыста бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында көмекке мұқтаж 225 жалғызбасты қарт мен мүгедектер, аз қамтылған отбасылар түскі аспен қамтамасыз етіліп келеді.Қазақ халқы «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген. Бұл – халықтың ғасырлар бойғы құрметінің айқын көрінісі. Сіздердің даналықтарыңыз, өмірлік тәжірибелеріңіз бізге – кейінгі буынға жол көрсетер бағдаршам. Ел ішінің татулығы мен бірлігін сақтауда, ұлттың рухын биік ұстауда ардақты ардагерлеріміздің рөлі ерекше.Мерейлі мерекеде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1078158?lang=kk
ЦОН енді дайын құжаттарды көрсетілген мекенжайға ақылы түрде жеткізетін болады. 14.10.2025
ЦОН енді дайын құжаттарды көрсетілген мекенжайға ақылы түрде жеткізетін болады. Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» ЦОН-дарда дайын құжаттарды көрсетілген мекенжайға курьерлік жеткізу қызметін іске қосты. Бұл сервис «Халыққа қызмет көрсету бөлімі менеджері» пилоты аясында жүзеге асырылып, госкорпорацияның фронт-офистерінде қолжетімді. Қалай жұмыс істейді:Өтініш берген кезде ЦОН қызметкері жеткізуді рәсімдеуді ұсынады. Өтініш беруші мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын банк мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлейді. Өңірлерде – 1 000 тг. Жеткізуге тек ЦОН-да өтініш берген кезде тапсырыс беруге болады. Қандай құжаттар жеткізіледі (15 қызмет):баланың туу туралы куәлігі;некені бұзу туралы куәлік;туу, неке қию және бұзу, қайтыс болу туралы қайталама куәліктер мен мұрағаттық анықтамалар;білім туралы құжаттардың дубликаттары;азаматтық хал актілерін қалпына келтіру;ресми құжаттарды апостильдеу және т.б. Хабарландыру және қауіпсіздік:Құжат дайын болғанда 1414-тен бірегей кодпен SMS-хабарлама келеді. Курьер алдын ала хабарласып, тапсыру кезінде жеке куәлік пен растау коды арқылы сәйкестендіру жүргізеді. Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) «Құжаттарды жеткізу» бөлімінен көруге болады. Авторизация – ЖСН және телефон нөмірі арқылы жүзеге асады.Жаңа сервис уақытты үнемдеп, қолайлылық пен құпиялықты арттырады – азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ЦОН-ға қайта барудың қажеті жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1077942?lang=kk
Хельсинкиде Қазақстандағы саяси өзгерістер талқыланды 14.10.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Елшілігінде ҚР-дың Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Шетелдік журналистері қауымдастығының мүшелерімен брифинг өткізді. Аталған қауымдастық Финляндияда жұмыс істейтін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші өкілдерін біріктіріп, халықаралық күн тәртібін талқылау, ақпарат алмасу және дипломатиялық корпус пен медиа қауымдастық арасындағы диалогты жолға қою үшін беделді алаң болып табылады.Кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауындағы негізгі бағыттарды таныстырды. Жолдау еліміздің алдағы жылдарға арналған стратегиялық даму бағытын айқындап, Қазақстанның жаңа цифрлық дәуірде лайықты орын алуға ұмтылысын білдіретінін атап өтті.Ерекше назар Қазақстанның экономикалық өсуінің, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және азаматтардың өмір сапасын жақсартудың басты факторлары ретіндегі жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға басымдық беруіне аударылды.Қазақ дипломаты сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар туралы жан-жақты баяндады. Ол Президенттік институтты, Парламентті және сот жүйесін реформалау демократияны нығайтуға, заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғауға бағытталғанын, ал экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары – демонополизация, экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті қолдау екенін атап өтті.Брифингте Қазақстанның сыртқы саяси күн тәртібі де сөз болды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы сөйлеген сөзіне назар аударылды. Онда Қазақстан цифрлық басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді, жасанды интеллект технологияларына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күрес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стратегиялық тұрақтылықты қолдау жөніндегі жаһандық тетіктерді нығайтуды жақтағаны атап өтілді.Журналистер Қазақстанға зор қызығушылық танытып, ынтымақтастық мүмкіндіктері, екіжақты қатынастардың даму перспективасы, сондай-ақ еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі рөлі туралы сұрақтар қойды.Елші Қазақстан мен Финляндияның жоғары және аса жоғары деңгейлерде тұрақты диалог жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Биыл Қазақстанға Финляндияның Сыртқы істер Министрі Э.Валтонен ресми сапармен келді, ал 2025 жылғы қазан айының соңында Финляндия Президенті А.Стуббтың Астанаға ресми сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1077955?lang=kk
Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. 14.10.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1077967?lang=kk
Басқарма басшысы Д. О. Қабдушев А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының тыңдаушыларымен кездесті 14.10.2025
2025 жылғы 30 қыркүйекте басқарма басшысы Д. О. Қабдушевтің Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы Жолдауына арналған А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының тыңдаушыларымен кездесуі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1077996?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы инвестициялық серіктестіктің жаңа бағыттарын қарастыруда 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Сауд Арабия Корольдігі делегациясының өкілдері және Қазақстан-Сауд бизнес кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әли Әл-Дахильмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар энергетика, жаңартылатын энергия көздері, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және жоғары технологиялар сияқты экономиканың басым секторларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Ерекше назар Қазақстан-Сауд бизнес кеңесінің екі елдің іскерлік қауымдастықтары арасындағы тікелей диалог үшін тиімді платформа ретіндегі рөліне аударылды.Ғ.Оспанқұлов Қазақстан мен Сауд Арабиясы сенім мен өзара мүдделерге негізделген стратегиялық серіктестік құрып отырғанын атап өтті. Бүгінде экономиканың негізгі бағыттарында бірлескен жобаларды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда: «Біз саудиялық серіктестердің белсенділігін жоғары бағалаймыз және барынша тығыз ынтымақтастыққа ашықпыз. Бүгінгі күні Сауд Арабия Корольдігінің Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 110 млн АҚШ долларынан асты, дегенмен біздің экономикалық байланыстарымызды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар. Қазақстан инвестициялық бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай мен жеке тәсілді ұсынуға дайын және біз бірлескен жобалар экономикалық байланыстарды нығайтып, елдерімізге айтарлықтай пайда әкелетініне сенімдіміз».Өз кезегінде Ахмед Әли Әл-Дахиль Сауд Арабия Корольдігі Қазақстанды Орталық Азиядағы перспективалы серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, бизнес кеңестің жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамытуға және Қазақстанда жобаларды іске асыруға саудиялық инвесторларды тартуға жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.Кездесу нәтижесінде тараптар жаңа бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Осыған байланысты 2023 жылы Эр-Риядта және 2024 жылы Астанада өткен Қазақстан-Сауд бизнес кеңесінің отырыстары серіктестікті жүйелі түрде кеңейту мен жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асырудың берік негізін қалағаны аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1078201?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагеріне сенім грамоталарын табыстады 14.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа сенім грамоталарын табыс етті.Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Сауд Арабиясымен жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.Өз кезегінде Корольдіктің тақ мұрагері Қазақстанға және Мемлекет басшысына деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты және Қазақстан Президентіне өз сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ханзада Мұхаммед бен Салман сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1078587?lang=kk
Елдегі ауылшаруашылық жәрмеңкелері: бағалар, эмоциялар, статистика 14.10.2025
Елдегі ауылшаруашылық жәрмеңкелері: бағалар, эмоциялар, статистика Өткен демалыс күндері өңірлерде 92 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған мыңнан астам фермер мен тауар жеткізуші қатысты. Жәрмеңкелердің негізгі мақсаты – сиыр етін нарықтағы бағадан төмендетілген бағада сату, сондай-ақ көкөніс, сүт өнімдері және өзге де маусымдық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейту. Сиыр еті Қарағанды облысында ең көп сатылған. 52 тоннадан астам ет өткізілді. Астана мен Алматыда да көрсеткіш жақсы. Елордада 45,5 тонна, Алматыда 35 тонна сиыр еті сатылды. Астанада еттің бағасы килограмына 3200-3500 теңге аралығында болса, Алматыда орташа баға 3150 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 5%-ға төмен. Екі қаладағы жәрмеңкелерге сұраныс жоғары болып, Астанада шамамен 40 мың, Алматыда 30 мыңнан астам тұрғын келді. Ақтөбе облысында 25 тонна сиыр еті тұрақты 2700 теңгеден сатылды, бұл нарықтағы орташа көрсеткіштен 8%-ға төмен. Қостанай облысында 11 тоннаға жуық ет өткізіліп, килограмына орташа баға 2925 теңгені құрады. Шымкентте 6,2 тонна сиыр еті сатылып, орташа бағасы 3400 теңге болды. Бірқатар өңірлерде сиыр етінің бағасы нарықтан едәуір төмен деңгейде белгіленді. Мәселен, Павлодар облысында орташа баға 2400 теңгені құрап, ресми көрсеткіштен 24%-ға төмен болды. Қызылорда және Түркістан облыстарында баға 2500 теңге деңгейінде сақталып, тиісінше нарықтан 18% және 13%-ға төмен болды. Ақмола облысында да 13%-дан астам төмендеу тіркеліп, 1,1 тонна ет өткізілді. Еліміздің шығысында сатылым көлемі салыстырмалы түрде төмен болды. Шығыс Қазақстан облысында шамамен 1 тонна, Солтүстік Қазақстанда 0,6 тонна сиыр еті сатылды. Екі өңірде де бағалар нарықтан 10–14%-ға төмен болды. Маңғыстау және Атырау облыстарында сатылым көлемі 1 тоннадан аз болса да, жәрмеңкелердегі халықтың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, Ақтаудағы жәрмеңкеге 30 мыңнан астам адам келді. Жәрмеңкелер Жамбыл, Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы өңірлерінің облыс орталықтары мен ауылдық аудандарында да ұйымдастырылды. Бұл өңірлерде сиыр етінен бөлек көкөністер, сүт өнімдері, бал және өзге де жергілікті тауарлар ұсынылды. Жамбыл облысында қосымша 30 тоннадан астам бақша дақылдары, картоп және мал азығы сатылды. Жалпы республика бойынша бір апта ішінде 203 тоннадан астам сиыр еті өткізілді. Орташа баға килограмына 3085 теңгені құрап, Ұлттық статистика бюросы тіркеген деңгейден 3,9%-ға төмен болды. Алдын ала есеп бойынша жәрмеңкелерге жалпы саны 190 мыңнан астам тұрғын қатысты. Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу күзгі маусымда да жалғасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жәрмеңкелердің географиясын кеңейтуді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұруды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1077738?lang=kk
Техникалық оқу 14.10.2025
2025 жылғы 29–30 қыркүйек аралығында Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының және Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының мамандарының қатысуымен техникалық оқу ұйымдастырылды.Оқу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №75 бұйрығына («Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары») сәйкес, www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналасқан «Tapsyru» сервисі арқылы мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру тәртібі түсіндірілді.Сонымен қатар, бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуіне қатысты тестілеу жүргізіліп, «Ақпараттық-есептеу орталығы» мамандары тарапынан практикалық көрсетілім жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1077775?lang=kk
Панфилов ауданының салық төлеушілеріне арналған семинар: Салық кодексіндегі жаңашылдықтар 14.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Панфилов ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін көшпелі семинар өткізді. Іс-шара барысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Семинарға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен бухгалтерлер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алды.Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: салық есептілігі нысандарын қысқарту, арнаулы салық режимдерін өзгерту, ҚҚС-ты реформалау, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер алдағы өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алып, өзекті мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1077813?lang=kk
Облыс педагогтарын «Ұстазға алғыс» апталығы аясында құттықтады 14.10.2025
«Ұстазға алғыс» апталығы аясында облыста еңбектері білім беруді, мәдениетті және елдің болашағын дамытудың негізі болып табылатын мұғалімдерді құрметтеуге арналған іс-шаралар өтті.Өздерінің мұғалімдеріне кәсіби шеберлігі, жанқиярлығы және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлестері үшін қалалық, аудандық білім бөлім басшылары, университет ректорлары, облысымыздың департаменттар басшылары, мектеп директорлары алғыс айтты.Мұғалімдерге алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.«Ұстазға алғыс» апталығы күн сайын жүрегі мен білімін болашақты тәрбиелеу ісіне салатын барлық білім саласына еңбегі сіңген адамдарға деген құрмет көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болды.Құрметті ұстаздар,адал еңбектеріңіз үшін рахмет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1077829?lang=kk
Инвестициядан – жұмыс орындарына 14.10.2025
Алматы облысы ағымдағы жылдың сегіз айын экономиканың негізгі бағыттарының басым бөлігінде тұрақты оң серпінмен аяқтады.Негізгі жетекші рөл өнеркәсіпке тиесілі: өнім көлемі 1,6 трлн теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Бұл өңірдің ірі индустриалды орталық ретіндегі мәртебесін растап, дамудың жүйелі сипатқа ие екенін көрсетеді. Кәсіпорындар өндірісті тұрақты ұлғайтып, жаңа қуаттарды іске қосуда, индустриалды аймақтар қарқынды игерілуде.Ауыл шаруашылығы да өсім көрсетуде. Жалпы өнім көлемі 385,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 102%-ға жетті. Өсу қарқыны бірқалыпты болғанымен, аграрлық сектор өңір үшін маңызды сала болып қалып, ауылдық аумақтардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде.Құрылыста айтарлықтай серпіліс байқалды. Орындаған жұмыстардың көлемі 219 млрд теңгеден асып, өсім 22,3%-ды құрады. 820 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Бұл тұрғын үй қорын жаңартуға қосылған қомақты үлес әрі демографиялық өсім мен урбанизацияға дер кезінде берілген жауап.Инвестициялар саласында да айтарлықтай нәтижелер бар. Қаңтар–тамыз айларында 620 млрд теңгеге жуық негізгі капиталға инвестиция тартылып, өсім 17%-ды көрсетті. Бұл инвесторлардың сенімін және өңірдің, соның ішінде нақты сектордың дамуына деген қызығушылығын айқындайды.Сауда да жоғары өсімге қол жеткізді — нақты көлем индексі 120%. Бұған логистикалық инфрақұрылымның кеңеюі және әсіресе Ресей мен Қытаймен сыртқы экономикалық байланыстардың жандана түсуі ықпал етті. Көлік қызметтері көлемі 9%-ға өсіп, 328 млрд теңгеге жетті, ал байланыс қызметтері 11,8%-ға артты. Бұл цифрлық технологияларға деген сұраныстың арта түскенін көрсетеді.Сонымен қатар инфляцияға бақылау сақталуда. Тұтыну бағаларының индексі 108,4%-ды құрап, орташа республикалық деңгейден (108,8%) сәл төмен болды. Ең жоғары өсім ақылы қызметтерде байқалды (+11%), алайда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының бірқалыпты көтерілуі жалпы жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.Қаржылық тәртіп жоғары деңгейде қалуда. Мемлекеттік бюджет кірістері 743,4 млрд теңге жоспарында 99,1%-ға орындалып, 736,6 млрд теңгені құрады. Жергілікті бюджет кірістері жоспардан асыра орындалды (103%), шығыстар 587 млрд теңгеге жетіп, 94%-дан астамы игерілді.Ерекше назарға еңбек нарығы лайық. Сегіз айда 44,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 32 мыңнан астамы — тұрақты. Экономикалық өсім өңір тұрғындарының әл-ауқатына тікелей әсер етіп, тұрақты табыс пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде.Сегіз айдың қорытындылары көрсеткендей: Алматы облысы теңгерімді әрі қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіп пен құрылыс өсімнің негізін қаласа, ауыл шаруашылығы тұрақтылықты қамтамасыз етуде, сауда мен қызмет көрсету саласы жедел қарқын алуда, ал инвестициялар өңірдің бизнес үшін тартымдылығын растап отыр. Ең бастысы — жаңа экономикалық жетістіктер жұмыс орындарына және халықтың лайықты өмір сүру деңгейіне айналуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1077860?lang=kk
29.09.2025 ж. Қазыбек би атындағы ауданы бойынша МКБ-да келесі тақырыптар бойынша баспасөз конференциясы өтті: 14.10.2025
29.09.2025 ж. Қазыбек би атындағы ауданы бойынша МКБ-да келесі тақырыптар бойынша баспасөз конференциясы өтті:1. 2026 жылға арналған Салық Кодексіне енгізілетін өзгерістер;2. "Адал азамат" - патриоттық және кәсібилік, Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1077863?lang=kk
Қостанайда қолайсыз ауа райы салдарын жою жұмыстары жүргізілді 14.10.2025
29 қыркүйек күні Қостанайда табиғи апат салдарынан ағаштар құлап, электр желілері үзіліп, ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғалары көбейді.Қостанай қалалық ахуал орталығына (сағат 17.00-дегі жағдай бойынша) бүлінген жасыл желектерге (құлаған, сынған және ілулі тұрған ағаштар) қатысты 168 қоңырау түсті.Тұрғындардан электр желілерінің үзілуі және ағаштардың құлауы салдарынан электр қуатының өшуі туралы 242 қоңырау тіркелді.Сондай-ақ Баймағамбетов-Алтынсарин көшелеріндегі Победы көшесінің бойында, Победы-әл-Фараби көшесіндегі Баймағамбетов көшесінде және Баймағамбетов көшелеріндегі Баймағамбетов көшелерінің бойында да көше шамдары сөндірілді. Назарбаев-Орджоникидзе көшесі, Баймағамбетов көшесі Победа көшесі тобында ҚЖБИ ауданына қарай, Әбілсай, Жамбыл, К. Маркс, Ленинград тұйық көшелері.Қазіргі уақытта «ЭПК-Форфайт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы мекенжайлардағы барлық қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.Бір тәулікте 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, азаматтардан көліктердің зақымдалуы, оның ішінде қолайсыз ауа-райының салдарынан ағаштар мен басқа да объектілердің құлауынан келтірілген зақымға қатысты шағымдар түсті.Ауа райының қолайсыздығы кезінде көше-жол желісінің және қоғамдық орындардың қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін ТКШ бөлімі мен мердігерлерге барлық қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырдым. 50-ге жуық мамандандырылған техника (соның ішінде сыпырғыштар, самосвалдар және тиегіштер) және 240-тан астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1077864?lang=kk
Бүгін әкімдіктің өзекті мәселелері бойынша отырысы өтті 14.10.2025
Бүгін қала әкімі Б.Т. Абдралиевтің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Күн тәртібіне «Автомобиль жолдары мен көшелерді қысқы күтуге дайындау барысы туралы», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй үшін жалдау ақысын өндіріп алу жұмыстарының барысы және дебиторлық берешек туралы», «Курчатов қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысы туралы», «Қалалық аурухана ғимаратының 4-қабатын күрделі жөндеу және босану бөлімшесін ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуларды жүргізуін мониторингілеу барысы туралы», «Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселелер енгізілді.Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1077889?lang=kk
QazTrade және Халықаралық сауда орталығы өнеркәсіптік экспорттаушыларға арналған көміртегі салығы бойынша вебинар өткізді 14.10.2025
«QazTrade» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігі және Халықаралық сауда орталығымен бірлесіп «ЕО Шекаралық көміртегі шығарындыларын түзету механизмі (CBAM): алюминий саласы мен Қазақстанның басым секторлары үшін сәйкестікке қойылатын талаптар және сауда салдары» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шара ЕО қаржыландыратын Ready4Trade Central Asia жобасы аясында өтті.Еуропалық комиссияның (2024 ж.) деректері бойынша Қазақстаннан ЕО-на импортталатын тауарларда CBAM механизміне ерекше сезімтал болуы мүмкін 6 тауар санаты ерекшеленеді.Отын және минералды өнімдер. 2024 жылы олардың ЕО-на импорты 31,8 миллиард еуроны құрады, бұл жеткізілім көлемінің 95%-дан астамын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 11,6%-ға жетті. Қазақстан энергоресурстардың маңызды жеткізушісі болып қала береді және дәл осы санат ЕО-ның климаттық саясатының ықпалына ең көп ұшырайды.Түсті металдар, соның ішінде алюминий. 2024 жылы жеткізілім 410 миллион еуроны немесе импорттың 1,2%-ын құрады, алайда көлем шамамен 40%-ға төмендеді. Алюминий ең осал позициялардың бірі болып табылады және бүгінде CBAM талаптарына сезімтал.Темір және болат. 2024 жылы ЕО-на экспорт 204 миллион еуроны немесе импорттың 0,6%-ын құрап, 27,1%-ға қысқарды. Бұл сектор CBAM реттеуіне тікелей түседі және жаңа ережелердің салдарын алғашқылардың бірі болып сезінеді.Химиялық өнімдер. ЕО-қа импорт 667 млн еуроға жетті, бұл жалпы көлемнің 2%-ын құрайды, өсім 26,5%-ын құрады. Сектор оң динамиканы көрсетеді, бірақ сонымен бірге реттеу аймағында болуы мүмкін.Басқа жартылай фабрикаттар. 2024 жылы олардың жеткізілімдері 95 миллион еуроны құрады, бұл импорттың 0,3%-ын құрайды. Бұл ретте көлемнің төмендеуі 38,5%-ды құрады. Бұл сегменттің сауда ережелерінің өзгеруіне сезімталдығын көрсетеді.Машиналар мен көлік жабдықтары. Бұл санаттағы импорт 60 миллион еуроны немесе импорттың 0,2%-ын құрады. Төмендеу 11,5%-ға жетті. Шағын үлеске қарамастан, сектор көміртегі сыйымдылығын ескере отырып, CBAM-ға жанама әсер етуі мүмкін.«QazTrade» АҚ Басқарушы директоры Нұрлан Құлбатыров вебинарды аша отырып, CBAM талаптарына бейімделу шұғыл шешімді қажет ететін міндет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа ережелер өндірістерді жаңғыртуға және Қазақстанның еуропалық нарықтағы сенімді жеткізуші ретіндегі ұстанымын нығайтуға түрткі бола алады.Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. 2024 жылы ол елдің барлық экспортының 37%-ын құрады. CBAM талаптарына әсіресе алюминий, тыңайтқыш және темір салалары сезімтал. 2024 жылы алюминий экспорты 662 млн. АҚШ долларын құрады, оның 225 млн. АҚШ долларынан астамы ЕО нарығына жөнелтілді. Бұл деректер Еуропалық Одақтың қазақстандық экспорт үшін стратегиялық бағыт болып табылатынын растайды.Тыңайтқыштардың 17%-ы, яғни шамамен 40 млн. АҚШ доллары, ЕО елдеріне экспортталады, бұл да Еуропалық Одақ нарығының маңыздылығын көрсетеді. Темір экспортының тек 6,2%-ы ғана ЕО-на жеткізіледі.Өз кезегінде Халықаралық сауда орталығының өкілі Фабиана Фонг ЕО-ның сауда және климаттық саясатына шолу жасап, CBAM-ның реттеу жүйесіне қалай енгенін түсіндірді.Вебинардың ерекше құндылығы жекеленген сессиялардың практикалық сипатта өткенінде болды. Қатысушылар жаңа механизммен жұмыс істеу үшін экспорттаушыларға қандай қадамдар жасау керектігі туралы нақты түсініктемелер алды. Сондықтан бұл іс-шара алдағы уақытта CBAM әрекетінің тікелей әсеріне ұшырайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін аса маңызды болды.Атап айтқанда, Ey Consulting компаниясының аға менеджері Войцех Залевски алюминий және болат өнеркәсібінде CBAM талаптарын сақтау бойынша практикалық нұсқаулық ұсынып, шығарындыларды есепке алу мен есеп беру, деректерді верификациялау және экспорттаушылар мен импорттаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі бойынша жан-жақты тоқталып өтті.Сессия барысында өткен пікірталастар үлкен қызығушылық тудырды. Кәсіпорын өкілдері шығарындыларды бақылаудың практикалық аспектілері, CBAM тізіліміне тіркелу, есеп беру процедуралары және көміртегі сертификаттарын сатып алу бойынша сұрақтар қойды. Бұл тақырыптың өзектілігі жоғары екенін және бизнесті сауданың жаңа талаптарына дайындау бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттілігін растайды.Сондай-ақ, Женева халықаралық қатынастар институтының профессоры Жуст Пауйлен CBAM Қазақстанда өзінің жасыл стандарттарын дамыту үшін катализатор бола алатынын атап өтті. Копенгаген университетінің зерттеушісі Мариос Токас CBAM-ның ЕО-ның басқа экологиялық бастамаларымен байланысы туралы айтып, реттеуші тәсілдерді жақындастырудың маңыздылығын атап өтті.Вебинарға еліміздің жетекші өнеркәсіптік компаниялары, соның ішінде «Qarmet» АҚ және Eurasian Resources Group (ERG) белсенді қатысты. Мемлекеттік органдардан климаттық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыратын: Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті негізгі құрылымдар ұсынылды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «QazTrade» АҚ ЭЫДҰ-мен бірлесіп, CBAM-ға бейімделу, төмен көміртекті технологияларды енгізу және өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша Үкімет пен бизнеске арналған ұсынымдар ұсынылған Күрделі декарбонизацияланатын салалардағы Қазақстанның өнеркәсіптік экспорттаушылары үшін нұсқаулық дайындаған болатын. Құжат халықаралық тәжірибенің мысалдарын қамтиды және өтпелі кезеңдегі кәсіпорындарға тірек құралы бола алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1077893?lang=kk
Әдеп кодексін сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті 14.10.2025
       Әдеп кодексі – халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Жүйедегі өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырып, мемлекеттік менеджменттің, халықтың алдындағы абырой-беделін көтеріп, оның сапалы моделін жасауға бағытталған.     Мемлекеттік қызметтің жаңа принциптері тиімділік, нәтижелілік, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік сияқты бірқатар ізгілікті құзыреттермен толықтырылған.  Сондықтан, олардың бойында коммуникативтілік, ұйымдастырушылық, ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – логикалық қасиеттер табылуы қажет. Оның ішінде, әсіресе, әдеп мәселесінің маңызы зор деп айтсақ болады.     Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексін ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкердің сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзін іскерлік стильге сай ресми түрде ұстауы міндеттелген.     Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдауы, жалған ақпарат таратпауы, сын айтқаны үшін біреуді қудаламауы және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, есімінің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс.   Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөлге ие, ең маңызды тетіктердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің себебі – оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіру. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен  біліктілігіне және  жүріс-тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны да белгілі. Кадр және құқықтықжұмыс бөлімінің басшысыӘ.Ш. ҚұлжановаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1077899?lang=kk