Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен және Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажикановтың қатысуымен «E-Өтініш» АЖ бойынша проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді.Семинар барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығы - «Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы түсіндірілді.«E-Өтініш» АЖ - мемлекеттік органдармен дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік сервис. Бұл жүйе кез келген мемлекеттік органның құқық бұзушылық, әрекет немесе әрекетсіздігі бойынша қашықтан өтініш жіберуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбеті, этикалық кодексті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізілді.Қатысушы мамандардың қойған сұрақтары талқыланды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047957?lang=kk
ШЫМКЕНТ: "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ 08.08.2025
 Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық  шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Іс-шараға аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.Жұмыс барысында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда:    •    Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту;    •    Ағаштардың қураған бұтақтарын кесу және арнайы техникамен арту;    •    Легустраларға сәндік форма беру;    •    Қураған ағаштарды жинап, шығару.Бұл жұмыстардың нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тазалық орнатылды.Тазалық  шарасы Ж. Алдияров көшесіндегі №10, 12, 12а, 12в, 12г, 12д, 12б мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді. Тұрғындар өз аулаларының абаттануына атсалысып, аумақтың көркін арттыруға белсенділік танытты.Аудан әкімдігі мұндай іс-шаралардың қала экологиясын жақсартуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл тек қана қоқыс жинау шарасы емес, сонымен бірге тұрғындардың бір-бірімен араласып, ортақ іске жұмыла қатысуына мүмкіндік беретін азаматтық белсенділіктің көрінісі болып табылады.“Таза Қазақстан” акциясы Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да тұрғындар мен кәсіпорындардың қатысуымен аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігі барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.
ҚҰРМЕТ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ 08.08.2025
 Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы - өз ісіне адал, табанды еңбегімен танылған құрылысшы.Ол бірнеше жылдан бері Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс компаниясында құрылысшы болып еңбек етіп келеді. Өз ісінің шебері ретінде әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы салынуына үлес қосып жүр.   Жалпы, құрылысшы – барлық саланың негізін қалайтын мамандық. Жол, мектеп, аурухана, тұрғын үй – бәрі де осы маман иелерінің маңдай терімен бой көтереді. Құрылысшының қолынан шыққан әр нысан – ел дамуына қосылған нақты үлес, келер ұрпаққа қалатын игілік.Сондықтан,осы салада еңбек етіп жүргенін  Мекенбай Сүйінбекұлы мақтан тұтады. Ол қажырлы еңбегінің  арқасында ол “Елеулі еңбегі үшін” төсбелгісімен де  марапатталды.Қаламыздың, жалпы оңтүстік өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Мекенбай Есімов сынды қарапайым жұмысшылар   –  бүгінде жастарға үлгі.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025 08.08.2025
Арнайы көлік жүргізушісі – техниканың тізгініндегі шебер2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – нағыз еңбектің қадірін арттырып, шынайы кәсіп иелерін қолдау жылы.Сол мамандықтардың бірі – Арнайы көлік жүргізушісі.Бұл мамандық – ауыр техниканы басқару, құрылыс пен өндірістегі маңызды процестерге атсалысу, кен орындарында немесе ауыл шаруашылығында күрделі техникаларды басқару секілді жауапты істермен байланысты.Бульдозер, экскаватор, кран, жүк тиегіш және басқа да арнайы техникаларды меңгеру – тек темір тұлпарды тізгіндеу емес, бұл – дәлдік, кәсібилік және жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмыс.Арнайы техника жүргізушілері құрылысты жылдамдатуға, өндірісті оңтайландыруға және ауыл шаруашылығын ілгерілетуге тікелей үлес қосады.Бұл кәсіптің иелері үнемі қозғалыста, үнемі алғы шепте. Оларсыз жол салу, ғимарат тұрғызу немесе егіс алқаптарын игеру мүмкін емес.Бүгінде арнайы техника жүргізушілеріне деген сұраныс артып келеді. Жақсы жалақы, тұрақты жұмыс және кәсіби өсу мүмкіндіктері – осы мамандықтың артықшылықтары.
Әңгіме өткізілді 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлер - сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен әңгіме өткізді. Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңда көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі жұмыс тәртібі мәселелері қарастырылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047899?lang=kk
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама жетілдіріліп келеді 08.08.2025
Елімізде ашықтық пен тиімділікті, сондай-ақ әділ бәсекелестікті арттыру бағытталған мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы дамыту жұмысы жалғасып жатыр. ҚР Қаржы министрлігі сатыпалым процесіне жаңа тәсілдерді жүйелі түрде енгізіп, қабылданып жатқан шаралар туралы қоғамға тұрақты түрде жеткізу арқылы қатысушылардың сенімін нығайтумен бірге ашықтықты қамтамасыз етіп келеді.Айталық, Қарағандыда өткізілген кеңейтілген отырыста Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне күшіне енген мемлекеттік сатыпалым туралы заңдағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді.Мәселен, жаңа реформаға сәйкес барлық кезеңде сатыпалым рәсімдерін қадағалауға мүмкіндік беретін заманауи бақылау тетіктерін, сондай-ақ цифрлы шешімдерді енгізу жолдары қарастырылған. Бұған қоса қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Атап айтқанда, енді ресми түрде расталған жұмыс тәжірибесіне, қаржылық тұрақтылық пен тиісті міндеттемелерді қажетті деңгейде орындауға ерекше назар аударылады.Өтінімдерді бағалау өлшемдері де жаңартылды. Сонымен қатар ұсыныстардың сапасы мен жаңашылдығына баса мән беріледі. Бұдан бөлек тікелей келісімшарттардың үлесін азайтып, бәсекелестік процедурасын қолдануды кеңейту жоспарланып отыр.Бұл ретте отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге айрықша басымдық беріліп отырғанын айта кетейік. Олар үшін қосымша преференциялар мен мемлекеттік тендерлерге қатысуды ынталандыру тетіктері көзделген.«Аталған өзгерістер мемлекеттік сатыпалым процесін барынша тиімді, әділ және орнықты түрде дамытуға бағытталған. Осы арқылы еліміздің мүддесіне, жұмыс сапасы мен ашықтыққа басымдық беріледі», деді Дәурен Маратұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1048408?lang=kk
СӘАЖ-де мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері порталы 08.08.2025
Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитетімен жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі (СӘАЖ) әзірленді.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері порталының (Портал) пилоттық нұсқасы іске қосылды.Жаңа Портал пайдаланушыларға https://portal.kgd.gov.kz сілтеме арқылы қолжетімді. Порталда салықтық және кедендік мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар (СТ тіркеу, ЖСО-мен айналысатын адамды тіркеу есебі, кедендік декларацияларды қабылдау және т.б.), сондай-ақ салық төлеушіні іздеу бойынша сервистер, калькулятор, сауалнамалар, СЕН бланкілері және басқалары орналастырылған.«Кері байланыс» сервисі арқылы, сондай-ақ 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 нөмірі бойынша Порталмен танысуға және өз пікіріңізбен бөлісуге шақырамыз.Сіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз порталды одан әрі ыңғайлы және функционалды етуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1047885?lang=kk
Каирде жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 08.08.2025
Каир, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысырдың Жастар және спорт министрі Ашраф Собхимен кездесу өткізді.Кездесу барысында А. Жеңіс екі ел арасындағы жастар және спорт салаларындағы қарым-қатынастар мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты және оның қазіргі жағдайы мен келешек перспективаларын талқылай келе, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.Өз кезегінде А. Собхи жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзара қызығушылық танытқан бағыттарда екі елдің жастары мен спортшыларын қолдауға бағытталған түрлі салалардағы қысқа мерзімді арнайы тағылымдық кездесулерін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ Мысырдың Ұлттық жастар және спорт стратегиясы аясында қазақ тараппен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайындықтарын жеткізді.Сонымен қатар Қазақстан мен Мысыр мемлекеттік органдары арасындағы жастар және спорт салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тиісті екіжақты меморандумдардың жобаларын дайындау барысын кеңінен талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1047846?lang=kk
«Теңізге тікелей шығатын жолы жоқ ең ірі ел ретінде географиялық шектеулерді стратегиялық артықшылыққа айналдырдық»: Түрікменстанда экспорт акцелерациясы таныстырылды 08.08.2025
Қазақстан Түрікменстанның Аваза қаласында өтіп жатқан теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге (LLDC) арналған БҰҰ конференциясына қатысты. Іс-шара аясында QazTrade компаниясының «Экспорттық акселерация - 2025» бағдарламасына қатысушылар өз өнімдерін халықаралық қауымдастыққа ұсынды.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысуы еліміз үшін өңірлік сауда байланыстары мен ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап берді.Қазақстанның ұлттық павильонында агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика және экспортқа бағытталған инновациялық жобалар салаларындағы компаниялар өз өнімдерін таныстырды. Көрмеде ұсынылған тауарлар халықаралық нарыққа шығуға дайын екенін және үлкен экспорттық әлеуетке ие екенін көрсетті.Конференцияның басты назарында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нүсіповтың баяндамасы болды. Ол өз сөзінде:«Теңізге тікелей шығатын жолы жоқ ең ірі ел ретінде біз географиялық шектеулерді стратегиялық артықшылықтарға айналдырдық», – деді.Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанның көлік-логистика инфрақұрылымына және цифрлық шешімдерге белсенді түрде инвестиция салып жатқанын баяндады. Елде «KEDEN» жүйесі іске қосылып, цифрлық сауда дәлізі құрылды. Бұл шаралар Орта дәліз бағыты бойынша жүк тасымалын 63%-ға арттыруға және 2024 жылы контейнерлік тасымал көлемін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.Бұдан бөлек, Қазақстанның SPECA елдерімен тауар айналымы 10 млрд АҚШ долларына жетіп, оны алдағы жылдары екі есеге көбейту көзделіп отыр. Ал электрондық сауда нарығы 2024 жылы 60%-ға өсіп, 6 млрд долларға дейін ұлғайды.Қазақстандық өнімдер шетелдік делегациялар тарапынан жоғары бағаланып, сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша оң пікір алды.«Конференция B2B байланыстар орнатуға, қазақстандық брендтерді танытуға және еліміздің сенімді әрі әлеуетті сауда әріптесі ретіндегі беделін нығайтуға зор мүмкіндік береді», – деді QazTrade компаниясының Экспорттық акселерация және оқыту тобының бас менеджері Әлімжан Умаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1047841?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі COMSATS-тың жасыл бастамасына қатысты 08.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 тамыз – Оңтүстіктің тұрақты дамуы мақсатындағы ғылым және технологиялар жөніндегі комиссиясының (COMSATS) атқарушы директоры доктор Мұхаммад Нафис Закарияның шақыруымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.Қыстафин Түрікменстан, Марокко, Сирия және Йемен Елшілерімен бірге ағаш отырғызу салтанатына қатысты.Іс-шара аясында COMSATS-пен ынтымақтастықты дамыту және нығайтудың болашағы талқыланды.Салтанат қорытындысы бойынша Қазақстан мен COMSATS арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1047802?lang=kk
Президент Ақтөбе әуежайында логистикалық орталық құру туралы бастамаға қолдау білдірді 08.08.2025
 Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1047781?lang=kk
Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды. 08.08.2025
             Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды.               Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды, ол Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен патрульдеу кезінде байқалды. Жинақта екі телефон, тоқ қуаттандырғыш, сымсыз құлаққап және SIM карта табылып, тәркіленді. Семей тұрғыны бұл заттарды өзіне таныс емес белгісіз адамға лақтыруды сұрағанын мойындады.               – Қазіргі уақытта "курьерге " қатысты әкімшілік хаттама жасалды, - деп түсіндірді жедел бөлім бастығы Сұңғат Абраев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1047783?lang=kk
Абай облысында әйеліне қол көтерген ер адам бас бостандығынан айырылды. 08.08.2025
Аягөз қаласының тұрғыны әйеліне қол көтергені үшін бас бостандығынан айырылды.           47 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны мал ұрлығымен айыпталып, сот үкімімен кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.             2024 жылдың сәуір айында сотталған Аягөз аудандық пробация қызметінің есебіне алынып, жаза өтеу тәртібі мен шарттары таныстырылып, профилактикалық сұхбат жүргізілген. Сұхбат барысында жанұялы, екі кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екені анықталды.           Жаза өтеу барысында осы жылдың тамыз айында сотталған тұлғаның және жұбайының арасында сөзге келіспеушілік пайда болып, жаза өтеуші жұбайының бет тұсынан бірнеше рет ұрып жіберген.             — Жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген 6 ай бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған, — деп Аягөз аудандық пробация қызметінің бастығы Дюсембеков Ислам хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1047794?lang=kk
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІК – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ 08.08.2025
 Әрбір елдің дамуы мен гүлденуінің негізі – ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім. Қазақстан үшін бұл ұғымдар – жай ғана құндылық емес, ұлттық идеяның өзегі. Көпэтносты және көпконфессиялы еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілік пен бірлікті сақтауға бағытталған саясат ұстанып келеді.Қазақ халқы сан ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерді, отарлау мен соғыс, ашаршылық пен қуғын-сүргін сияқты ауыр тарихи кезеңдерді бастан өткерді. Осындай сәттерде халықты біріктірген – өзара қолдау мен мызғымас ынтымақ болды. Бұл біздің ұлттық коды­мыздың ажырамас бөлігіне айналды.Қоғамда алауыздық, бөлінушілік болған жағдайда, ол елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Қазақстанда түрлі этностар мен діни конфессиялардың өзара сыйластықта өмір сүруі – тұрақты даму мен әлеуметтік әділеттіліктің кепілі. Бұл – Мемлекет басшыларының парасатты саясаты мен халықтың даналығының жемісі.Бейбітшілік – тек соғыстың болмауы емес, ол – әділеттілік, теңдік, мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізу, құқықтың үстемдігі және адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жаһандық бейбітшілікке де өз үлесін қосып келеді.Қазақстанның үлгісі – бейбіт қатар өмір сүрудің, татулық пен бірлік арқылы өркендеудің жарқын мысалы. Бұл бағыттағы жетістіктер – баршамыздың ортақ еңбегіміз. Сол себепті әр азамат бейбіт өмірдің, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың сақшысы болуы тиіс. Бейбітшілік пен бірлікті сақтау – тек мемлекеттің ғана емес, әрқайсымыздың парызымыз.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Шымкентте газдың шығуын анықтайтын инновациялық жылжымалы зертхана таныстырылды 08.08.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке табиғи газдың шығуын қашықтықтан анықтауға арналған DLS-AVTO (Pergam) озық жылжымалы зертханасы табыс етілді. Бұл инновациялық жабдық жерді ашпай немесе жерасты инженерлік желілеріне қол жеткізбестен қала инфрақұрылымының ұзартылған учаскелерін тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе 60 метрге дейінгі қашықтықта метанның шамалы ағып кетуін, оның ішінде жету қиын және жасырын жерлерді де анықтауға қабілетті жоғары сезімтал лазерлік детекторлармен жабдықталған. Мұндай технологиялар төтенше жағдайлар қаупін айтарлықтай төмендетеді және газ желілерінің жалпы сенімділігін арттыруға ықпал етеді. Тұсаукесер барысында әкім қондырғының жұмыс принципімен және техникалық сипаттамаларымен жеке танысып, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін бақылау жүйесіне заманауи шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Айта кетерлігі, Шымкент қаласының әкімдігі республикада алғашқылардың бірі болып газдың шығуын қашықтықтан анықтаудың инновациялық жүйесін алып, енгізіп отыр. DLS-AUTO жылжымалы зертханасын пайдалану мегаполистің инженерлік желілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болмақ.
ГАЗДЫҢ ШЫҒУ ҚАУПІН АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ МОБИЛЬДІ ЗЕРТХАНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 08.08.2025
🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған лазерлік технологиялармен жабдықталған зертхананың жұмысымен танысты. Елдімекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қаралып отыр.🔷 Зертхана жүйелері60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды. Жер асты газ шығу қаупін контактсыз диагностикалайды. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.🔷 Айта кету керек газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын озық жүйені республикада алғашқылардың қатарында Шымкент әкімдігі жүзеге асырып отыр. Бұл мегаполистің инженерлік жүйелерін дамытып,  қауіпсіздік шараларын қамтуда маңызды қадам болып табылады.
АУЛА — АРМАН: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ОРТАСЫН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТІП ЖАТЫР 08.08.2025
Қостанай облысында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті арттыруға және азаматтарды ортақ мақсат — тазалық, тәртіп пен табиғатқа қамқорлық идеясы төңірегінде біріктіруге бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы табысты жүзеге асырылуда.Қысқа мерзім ішінде бұл бастама нақты нәтижесін көрсетті: өңірде 370 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды шаралар кешені өткізілді. Тазалық жұмыстарына 4 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Бұл тек ауқым ғана емес, халық пен биліктің ортақ жауапкершілікпен әрекет етіп отырғанын көрсетеді.Нәтижесінде 70 мыңнан астам аула тазартылды, оның ішінде 2 мыңы — көпқабатты үйлерге, ал 68 мыңы — жеке тұрғын үйлерге тиесілі. Шамамен 88 мың тонна қоқыс шығарылып, 277 саябақ пен сквер, 285 тарихи-мәдени ескерткіш тәртіпке келтірілді. 90,8 мың ағаш және 8 мыңға жуық бұта егілді.Экологиялық акциялар тек көшелер мен саябақтармен шектелмейді — су қоймалары, өзен-көлдер де тазартылуда. Себебі экология — бұл бір реттік шара емес, өмір салтына айналуға тиіс күнделікті мәдениет.«Таза Қазақстан» бастамасының табысы аясында өңірде «Үлгілі ауыл» байқауы бастау алды. Бұл байқаудың мақсаты — экологиялық қозғалысты қолдап қана қоймай, өз ауылын көркейтуге, жайлы әрі әдемі етуге күш салған азаматтарды ынталандыру.Бұл жай ғана жарыс емес — әрбір гүлзар, тұрғындардың өз қолымен жасалған әрбір қоршау мен таза аула бағаланатын үлкен қозғалыс. Негізгі идея — ауылды қарапайым, бірақ шынайы әрекеттермен балалар өсіріп, мақтанышпен өмір сүргің келетін орынға айналдыру.«Аула — арман» — бұл бір реттік акция емес, өмір салты.Байқау екі кезеңде өтеді: тамыз айында іріктеу кезеңі, ал қыркүйекте финал мен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау. Өтінімдер 17 тамызға дейін қабылданады, соның ішінде ауылдың өмірі мен абаттандырылуы туралы бейнежазбалар да ұсынылады.Бағалау критерийлеріне аумақтың тазалығы мен көгалдандырылуы ғана емес, жолдардың, аулалардың, жарықтандырудың жағдайы; балалар мен спорт алаңдарының болуы; тұрғындардың волонтерлікке, әлеуметтік өмірге қатысуы, демографиялық көрсеткіштер, инновациялар мен инфрақұрылымның қолжетімділігі де кіреді.Әр номинация бойынша жеңімпаздарға аудан әкімдіктері тарапынан қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетіледі — мысалы, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, демалыс аймағын абаттандыру немесе ойын алаңын салу сияқты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1047776?lang=kk
Шымкентте Қарабастау шағын ауданы газдандырылды 08.08.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау ықшамауданының тұрғындарымен бірге көгілдір отынның іске қосылуына қатысты. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылық деңгейі мен қауіпсіздігінің артуына тікелей әсер етеді. Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын Қарабастау орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Жауапты қызметтер мен мердігерлердің келісілген әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды. «Газдандыру – бұл жүйеге қосылу ғана емес, ықшам ауданның өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрақты даму жолындағы елеулі қадам», - деп атап өткен қала әкімі жобаны жүзеге асыруға атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді. Газға қосылу өмір сүру жағдайын айтарлықтай жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді.
ҚАРАБАСТАУ ШАҒЫН АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ 08.08.2025
🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау шағын ауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды іске қосуға қатысты. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді.🔷 Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын  шағынаудан орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Жауаптылар мен мердігер ұйымдардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды.🔷 «Газдандыру — бұл жүйеге қосылу ғана емес, шағын ауданның өмір сүру сапасын жақсартуға және орнықты дамуында маңызды қадам», — дей келе қала басшысы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.🔷 Газға қосылу тұрмыстық жағдайды едәуір жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді.
Абай облысында әйел колонияға жалған құжатпен кірмек болды. 08.08.2025
            Абай облысында әйел колонияға жалған құжатпен кірмек болды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Абай ауданында № 23 мекемеде жедел бөлімнің қызметкерлері құжаттарды, атап айтқанда жеке куәлікті қолдан жасау фактісін анықтады.                                 Алматының 35 жастағы тұрғыны өзінің әпкесінің атына жалған құжаттары бар досымен ұзақ кездесуге кіруге тырысты. Ұсынылған куәліктің көшірмесі қызметкерлерге күдік туғызды, содан кейін олар басқа адамның деректері орнатылған WEB-интерфейс базасы бойынша құжатты тексерді.                 — Әңгімелесу кезінде әйел Kaspi қосымшасы арқылы сотталған адамның туған әпкесінің құжатын алып, куәліктерді қолдан жасағанын мойындады, сол жерге өзінің фотосуретін жапсырып, құжаттың көшірмесін жасады. Сондықтан ол ұзақ кездесуге құрбысымен көріскісі келгенін айтты, — деп түсіндірді тәртіп бөлімінің бастығы Балнұр Ахметханова.             Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды қоспағанда, сотталғандармен ұзақ кездесулер жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталғанмен некеде тұрмайтын, онымен бірге балалары бар адамдармен бірге тұру құқығымен және беру құқығымен беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1047742?lang=kk