Жаңалықтар
«Қазақстан-Чили» достық қоғамының төртінші отырысы 19.07.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 18 шілде – Домбыра күніне арналған онлайн форматтағы шара аясында «Қазақстан-Чили» достық қоғамының «Ұлы даланың үні – домбыра арқауымен» тақырыбындағы төртінші отырысы өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның Бразилиядағы және Чилиде қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов, Латын Американың энергетикалық ұйымы ОLADE-нің Бас хатшысы – Қазақстанның Чилидегі Құрметті консулы Андрес Ребольедо, Қоғамның Атқарушы директоры Марсия Алехандра Кастро Сепульведа, Чили университетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Достық қоғамының басқа мүшелері де сөз сөйледі.Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде елде жүргізіліп жатқан реформалар аясындағы Қазақстанның қазіргі дамуымен, сондай-ақ Қазақстан мен Чили арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарымен таныстырды. Осы тұрғыда биыл Чили Парламентінде Достық тобының құрылғаны және чилилік ME-Elecmetal компаниясының Қазақстанда инвестициялық жұмысын бастағаны атап өтілді.Қазақстандық дипломат отырыс қатысушыларына екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан белсенді үлестері үшін алғыс білдіріп, мұндай форматтағы кездесулердің екіжақты және көпжақты диалогтың қосымша арнасы ретінде іс жүзіндегі маңыздылығын атап өтті.Чилилік танымал музыкант Мария Аргентина Муньостың домбырамен орындаған Құрманғазының «Ақжелең» мен «Кісен ашқан» атты әйгілі күйлері, қатысушылардың ерекше ықыласын тудырды. Сондай-ақ Франсиска Каррасконың чилилік ұлттық аспап — чарангоның рөлі, Марсия Алехандра Кастро Сепульведаның қазақтың ұлттық аспабы — домбыраның символизмі және Латын Америкасы елдері жөніндегі сарапшы Ануар Теміровтың Ұлы даланың қазақ халқы үшін маңызы туралы испан тіліндегі мазмұнды баяндамалары тыңдалды.Мәлім болғандай, 2025 жылғы 19 тамызда Қазақстан мен Чили, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 32 жылдығын атап өтеді. «Қазақстан-Чили» достық қоғамының келесі бесінші отырысын 2026 жылғы жазда өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1037270?lang=kk
Парламент депутаттары Қармақшы ауданындағы аграрлық және инфрақұрылымдық жобалармен танысты 18.07.2025
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы мен Рүстемов Руслан Рүстемұлы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді.Сапарға Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек, «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және салалық құрылым басшылары қатысты.Депутаттар алдымен Жаңажол ауылдық округіндегі «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарында болды. Мұнда олар күріш алқаптарының жай-күйі мен бақша дақылдарының өсірілу барысымен танысты. Сонымен қатар, шаруашылықтарда қашыртқы суларын екінші рет пайдалану арқылы егін алқаптарын сумен қамтамасыз ету тәжірибесі көрсетілді.Сапар барысында ҚР Парламентінің өкілдері серіктестікке қарасты алма бағының жұмысын көріп, тамшылатып суару технологиясының қолданылуымен танысты. Аталған технология заманауи тәсілдерге негізделіп, су үнемдеу мен өнімділік көрсеткіштерін арттыруға бағытталған.Мұнан кейін депутаттар Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдарындағы газдандыру жобаларына арналған стендтік таныстырылымға қатысты. Жоба аясында ауылдық елді мекендерге газ құбырлары мен орамішілік желілер тарту жұмыстары жүргізілуде. Депутаттарға жобаның кезеңдері мен қаржыландыру көздері жөнінде тиісті сала мамандары ақпарат берді.Жұмыс сапары аясында Парламент мүшелері инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге назар аударып, ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1037243?lang=kk
Мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді 18.07.2025
Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданы жүлделі І орынды иеленген болатын.Осыған орай, Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен байқауға қатысқан мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін арнайы қабылдау рәсімі өтті.«Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауы өткен болатын. Осы мерекелік кеште аудандар арасында топ жарып, киелі Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жүлделі І орынды иеленіп, аудан мерейін асқақтаттыңыздар! Бұл жетістік – Қармақшы ауданының өнер мен мәдениет саласындағы, яғни, өздеріңіздің бірлесе жасаған жүйелі жұмыстың жемісі! Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада ауданымыздың мерейін асқақтатып, ел алғысын алып жүрген ақтангер айтыскер Серік Ыдырысов, Нұржан Шөмекей секілді тұлғаларымыздың атсалысуы да рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне серпін болды.Алдағы уақытта да Қармақшы ауданы алдыңғы қатардан көріне беруіне тілектеспін»,-деді аудан әкімі.Шара барысында аудан басшысы өнер майталмандарына аудан абыройын асқақтатқан еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.Сонымен қатар, аудандық “Әжелер ансамблі” ұлттық әндер шырқап, салтанатты қабылдауға ерекше рухани кеш сыйлады.Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және алғыс хат иелері сөз сөйлеп, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мамандарға алғыстарын білдірді.Аудан әкімі шығармашылық ұжымның еңбегі жастарға үлгі екенін атап өтіп, мәдениет саласын дамыту бағытындағы қолдау жалғаса беретінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1037251?lang=kk
KIA АВТОЗАУЫТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫН 18.07.2025
KIA ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ: KIA CORPORATION БІРІНШІ АТҚАРУШЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІЖаңа KIA автозауыты — Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік жобалардың бірі, отандық машина жасау саласындағы ең ауқымды құрылыс.Бүгін Қостанайдағы KIA зауыты шешуші тексерістен өтті. Оны арнайы келіп, әлем бойынша KIA зауыттарының жұмысына жетекшілік ететін KIA Corporation компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті Чон Чжунчхоль тексеріп шықты.KIA Corporation вице-президентінің Қостанай облысына сапары бұл кезеңнің маңыздылығын айқындады: ол кәсіпорынның толық дайындығына жеке өзі көз жеткізді.Зауыт құрылысы рекордтық қысқа мерзімде – 2023 жылдың күзі мен 2025 жылдың жазы аралығында аяқталды. KIA Corporation тарапынан жобаға 117 млрд теңге тікелей инвестиция салынды. Бұл – Оңтүстік Кореядан тыс жерде автомобиль өнеркәсібіне құйылған ең ірі шетелдік капиталдардың бірі. Жалпы инвестиция көлемі – 131,5 млрд теңге.«Бұл – өңір тарихындағы ең ірі шетелдік өндіріс. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының және барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысының арқасында зауыт небәрі бір жарым жылда салынды», — деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Жоба мемлекеттік деңгейде толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді: жолдар, теміржол тармақтары, инженерлік желілер салынды.Жаңа өндірістің іске қосылуы – инвестициялық көлемі жағынан ғана емес, әлеуметтік әсері тұрғысынан да маңызды. Алғашқы кезеңде 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Бұл – аймақтағы еңбек нарығын күшейтіп, қостанайлық жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ең ірі жобалардың бірі.Сонымен қатар, автозауыт маңында Локализациялау орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жерде тағы 800 адам жұмыспен қамтылады. Орталықта автомобильге арналған орындықтар, шығатын газ жүйесінің бөлшектері және пластикалық элементтер шығарылады.Жаңа зауыттың ерекшелігі – автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістік процестер. Кәсіпорын озық автоматтандырылған желілермен жабдықталған, бүгінде онда 67 робот іске қосылған. Бұл зауытты өңірдегі ең заманауи өндіріс орындарының біріне айналдырады.Жоғары технологиялы өндіріс үшін кадрларды дайындау корейлік Dong-Eui университетімен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен және жергілікті колледждермен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл зауыт іске қосылмай тұрып-ақ кәсіби мамандардың командасын жасақтауға мүмкіндік берді. Негізгі басымдық – жергілікті мамандарға беріліп отыр.«Біз Орталық Азияда инвестиция салатын елді таңдаған кезде, таңдауымыз Қазақстанға түсті — бұл Еуразияның қақ ортасында орналасқан ел. KIA үшін бұл – өте маңызды әрі стратегиялық жоба, — деді KIA Corporation компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті Чон Чжунчхоль. — Қазақстан тарапынан, әсіресе зауыт пен локализациялау орталығының инфрақұрылымын дамытуда көрсетілген қуатты қолдаудың арқасында біз жобаны белгіленген мерзімде іске асыра алдық.Қазір біз автокомпоненттер жеткізушілерін анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз — негізгі бөлшектерді тікелей Қазақстанда өндіру. Бұл жобаның болашағына сенеміз және Қазақстанмен, Қостанай облысымен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға ниеттіміз. Жергілікті мамандардың кәсібилігіне ерекше алғыс айтқым келеді – қостанайлық мамандардың дайындығы бізді шынымен таңғалдырды».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1037237?lang=kk
Хабарландыру! Құрметті салық төлеушілер! 18.07.2025
Хабарландыру! Құрметті салық төлеушілер!Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты) «Абай» бизнес-орталығының ғимаратына уақытша көшеді.Мекенжайы: Алматы қаласы, 8-шағынаудан, 4а үй.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1037179?lang=kk
«Кеден» АЖ-да Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру бөлігінде пайдаланудың артықшылықтары 18.07.2025
«Кеден» ақпараттық жүйесін кезең – кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелу болжанатын тауарларды алдын ала хабардар етуді ұсыну функционалы (бұдан әрі-алдын ала ақпарат) табысты жұмыс істейді. Кеден органдары алдын ала ақпаратты кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады. Өз кезегінде, алдын ала ақпарат беру тауарлар мен көлік құралдарының өткізі пунктеріне келуін электрондық тіркеу арқылы кедендік операцияларды және аралас қызметтердің (ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және т.б.) интеграцияланған бақылауынан өту мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар барлық бақылауды электрондық форматта өтеді. Аралас қызметтердің интеграцияланған бақылауынан өту (ветеринариялық, фитосанитариялық, карантиндік және т.б.) кезінде «Кеден» АЖ автоматты режимде ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары деңгейінде қандай да бір бақылаудан өту қажеттігін айқындайды. Алдын ала ақпарат электрондық транзиттік декларацияға айналдыруға мүмкіндік береді, осылайша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар транзиттік декларацияның өзін толтыруға уақытты үнемдейді. Алдын ала ақпараттандыру модулін енгізу есебінен транзиттік декларацияларды ресімдеу, тіркеу және шығару уақыты 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. «Кеден» АЖ енгізілген сәттен бастап 2025 жылғы 16 қараша мен 2025 жылғы 30 маусым аралығында 1 312 мыңнан астам алдын ала ақпарат тіркелді оның ішінде транзиттік декларацияға түрлендірілді 660 мың, 280 мың транзиттік декларацияны қолмен толтырылды. Кедендік операциялардан өтуді жеделдету мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың алдын ала ақпарат беруге шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1037187?lang=kk
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық диалогты дамытудағы рөлі талқыланды 18.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 18 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті.Қазақстан Елшісі екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың оң динамикасына назар аударып, Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма еліміздің дінаралық диалог орнату бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Омар әл-Дарей жаһандану және діндер мен мәдениеттердің араласуы дәуірінде бейбітшілікті сақтау және халықтар арасында ынтымақтастықты нығайту маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бейбіт қатар өмір сүру ұстанымына сай келеді.Тараптар толеранттылық және өзгеге құрметпен қарау сияқты құндылықтарды ілгерілету мәселелеріне мән берді.Кездесу соңында Ислам және уақыптар істері жөніндегі Бас басқарма төрағасы Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуға бағытталған барлық іс-шараларына қолдау көрсететінін атап өтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ Съезіне қатысатынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1037140?lang=kk
🔰Бүгін, 18 шілде - балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 18.07.2025
Іс-шара барысында сала ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары, салалық төсбелгілер мен Алғыс хаттары табыс етілді. Марапатау рәсімінде сөз алған басқарма басшысы Нартай Егембердиев пен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысы Кабдугалиев Азамат Абатайұлы сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Бұл марапаттар – балық шаруашылығы саласына сіңірген еңбектің, табиғатты қорғау мен су ресурстарын тиімді пайдаланудағы кәсіби шеберліктің айқын дәлелі.Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне жеміс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1037078?lang=kk
📍 Вице-министр Шымкентте! 18.07.2025
📍 Вице-министр Шымкентте!Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.💡 Сапар барысында қалада жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.🌐 Цифрлық шешімдер – халыққа сапалы қызмет көрсетудің және өмір сапасын арттырудың басты тетігі.Шымкент осы бағытта қарқынды дамып, ақылды қала жолында сенімді қадам жасап келеді.🤝 Цифрлы болашаққа бірге қадам басайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1037091?lang=kk
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 18.07.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025Комбайншы – алтын дәннің аманаты!Егістік алқабындағы тынымсыз еңбек иесі – комбайншы. Ерте көктемнен күзгі орақ науқанына дейінгі маусымда олардың еңбегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күн-түн демей жұмыс істейтін бұл мамандық иелері – шынайы еңбек ерлері.Заманауи техниканы меңгеріп, үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқаратын комбайншылар – ауыл шаруашылығының алдыңғы шебінде.Олар жинаған әрбір дән – еліміздің ырысы мен берекесі!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025# ГодРабочихПрофессий# Комбайншы
ШЫМКЕНТТЕ 9693 БАЛА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ. 18.07.2025
2025 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен шілде-тамыз айларында 9 693 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл бастама ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік 5 санатқа жататын балаларды сауықтыру және тиімді демалыспен қамтамасыз етуге бағытталған.Балалар демалысын Машат-Арасан, Бекзат Саттарханов атындағы лагерь, Қарлығаш, Үш бұлақ, Таң-Шолпан, Көктөбе, Айсанар сынды қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде өткізуде.📊 2025 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша жазғы демалыспен 3 131 бала қамтылды. Қалған балаларды кезең-кезеңімен лагерьлерге жолдау жалғасып жатыр.Лагерьлерде балалар тек демалып қана қоймай, түрлі тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдылар қалыптастырып, командалық жұмысқа үйренеді. Жазғы демалысты ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігі; сапалы тамақтануы; медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі; бос уақытын тиімді өткізу сынды мәселелер басты назарда.Бұл жұмыстардың барлығы балалардың денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек әрі дайын оралуына жағдай жасайды.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ДӘРІГЕР – ӨМІР САҚШЫСЫ 18.07.2025
2025 жыл – еңбек адамдарының қадірін арттыратын ерекше жыл. Солардың бірі – ақ халатты абзал жан дәрігер. Оның әр күні – адам өмірі үшін күрес, әр сәті – жауапкершілік пен жанқиярлықтың айғағы. Дәрігер болу – жүректен шыққан мамандық.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #Годрабочихпрофессий #Дәрігер
Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды 18.07.2025
2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және салық заңнамасына түзетулер енгізілген ілеспе заңға қол қойды.Жаңа кодексте салықтық әкімшілендіруді жаппай оңайлату көзделген:есептілік 30%-ға, салық 20%-ға азайтылады,салықтық жеңілдік пен алым оңтайландырылады,салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері: камералдық бақылау профилактикалық және кезеңдік сипатта болып, салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімі жеңілдетіледі. Берешек сомасы аз болса, бизнестің шоты бұғатталмайды. Хабарлама мен шара қарыз сомасына байланысты кезең-кезеңімен қолданылады.Негізгі өзгерістер:ҚҚС базалық мөлшерлемесі-16%, ҚҚС:дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%,отандық мерзімдік басылымды сату 10%-ға төмендетіледі,ТМККК, МӘМС, археология, кітап басып шығару ҚҚС-тан босатылады,ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке (40 млн теңге) төмендетілді.Жеке табыс салығы:БЖЗҚ зейнетақы төлемдері босатылады,табысы жылына 8500 АЕК-тен жоғары азаматтарға 15% және табысы жылына 230 000 АЕК-тен жоғары жеке тұлғалардың дивидендтері мен кәсіпкерлерге 15% прогрессивтік шкала енгізіледі,мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік шегерімді 882-ден 5 000 АЕК-ке ұлғайту ,табысы 230 000 АЕК-тен асатын фермерлерге 70% жеңілдік сақтала отырып, салық жылына 4,5%. 10 жылдан асқан көлікке салық төмендейді.Корпоративтік табыс салығы: Базалық мөлшерлеме – 20%,Жоғары тарифтер:банктерге (ШОБ кредитін қоспағанда) және ойын бизнесіне 25%, әлеуметтік саладағы ұйымдарға 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%,ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 3% сақталады.Бизнес пен инвесторларға арналған салықтар:биржалық бағалы қағаздардың дивидендтерінен түсетін кіріс жеңілдігі сақталады,«Бәйтерек» холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады,пайдалы қазбаларды қайта өңдеу мен геологиялық барлауға жеңілдік, жаңа жобаларға 5 жылға нөлдік ПҚӨС қарастырылған.Сән-салтанат салығы Құны 75 млн теңгеден асатын автомобильге, 100 млн теңгеден басталатын ұшаққа, яхта мен қайыққа, қымбат алкоголь мен сигара сияқты тауарларға 10% акциз енгізіледі. Егер барлық жылжымайтын мүлік объектісінің құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығы артады. Мәслихаттар мұндай объектілердің бағалау құнын 50%-ға дейін жоғарылата алады.Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1036878?lang=kk
2025 жылғы 21 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы және төленуі тиіс: 18.07.2025
2025 жылғы 21 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы және төленуі тиіс:Салықтық есептілікті тапсыру:2025 жылғы маусым үшін:328.00-нысан – «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш»;Егер жер пайдалану шарты жасалған немесе 2025 жылғы маусымда жер қойнауын барлау немесе өндіруге лицензия алынған болса:851.00-нысан – «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша ағымдағы төлем сомаларын есептеу»;Егер 2025 жылғы маусымда рұқсат алынған болса:870.00-нысан – «Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация» – I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін, егер төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болса;Төленуі тиіс:2025 жылғы маусым үшін:ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС;Акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан импортталған тауарлар бойынша;Егер рұқсат 2025 жылғы маусымда алынған болса:Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем – I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін, төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін;Орман пайдалану үшін төлем – 2025 жылдың 2-тоқсаны үшін, ұзақ мерзімді орман пайдалану жағдайында;Өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем – 2025 жылдың 2-тоқсаны үшін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1036885?lang=kk
Ауыл шаруашылығы санағы 18.07.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1036887?lang=kk
Металлургия Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамын қамтиды 18.07.2025
Металлургия 40,1% үлеспен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі драйверге айналып отыр. Бірінші жартыжылдық қорытындысы мен саланың одан арғы өсу перспективасы 17 шілдеде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды.Металлургияда жоғары өсу қарқынын сақтау оңай міндет емес: 2024 жылы сала соңғы 10 жылдағы рекордтық 6,9% өсімге қол жеткізді. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың өндірістік қуаты 90-100% жүктемемен жұмыс істеп тұр. Бұл өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін шектеуде.Былтырғы жоғары базаға қарамастан, 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 0,1%-ға өсті. Саланың өсу қарқынын арттыру үшін арнайы жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, құжаттағы бірқатар аралық мақсатқа қол жеткізілген.Атап айтқанда, «Жомарт» кенішінде қалпына келтіру жұмысы аяқталып, Ақтөбе мыс компаниясынан «Қазцинк» кәсіпорындарына мырыш концентратын жеткізу көлемі ұлғайды. KAZ Minerals тобы отандық зауыттарға мыс концентратының ірі партиясын жөнелтті. Бұл жыл соңына дейін оны ел ішінде қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин салалық министрлікке негізгі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлердің әкімдігімен бірлесіп, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс басшыларымен проблемалық мәселелерді жедел пысықтауды тапсырды.https://primeminister.kz/news/metallurgiya-kazakstandagy-ondeu-onerkasibi-koleminin-40-dan-astamyn-kamtidy-30297 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1036874?lang=kk
Жамбыл облысында "Ауыл — ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзден астам жоба жүзеге асырылуда "Ауыл — ел бесігі" жобасы Жамбыл облысында белсенді іске асырылуда-жақын арада инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды жаңғырту саласында жаңа нысандар іске қосылуы тиіс, деп хабарлайды портал ec-sport.kz 18.07.2025
Жамбыл облысында "Ауыл — ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзден астам жоба жүзеге асырылуда"Ауыл — ел бесігі" жобасы Жамбыл облысында белсенді іске асырылуда-жақын арада инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды жаңғырту саласында жаңа нысандар іске қосылуы тиіс, деп хабарлайды портал ec-sport.kz2025 жылы 71 елді мекенде жалпы сомасы 15,3 млрд теңгеге 111 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде бір Денсаулық сақтау объектісінің, сегіз мәдениет үйінің және 11 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.Сонымен қатар, жеті мектепке қосымша құрылыс салу және бес білім беру мекемесін күрделі жөндеу қарастырылған. Кентішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша 79 жоба іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1036846?lang=kk
Құрметті металлургия саласының қызметкерлері! 18.07.2025
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Металлург күнімен құттықтаймын!Металлургия өнеркәсіптің негізі және экономиканың тірегі болып саналады. Әрбір металл құймасының, әрбір дайын өнімнің артында өз ісіне берілген адамдардың күші, шеберлігі, төзімділігі мен адалдығы жатыр. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және жоғары кәсібиліктеріңіздің арқасында өндіріс дамып, инфрақұрылым нығайып, өңірдің және бүкіл елдің болашағы құрылуда.Сіздерлің жұмыстарыңыз тек қана жұмыс емес, нағыз іске қызмет ету.Металлургия саласының барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, амандық, тұрақтылық және жаңа кәсіби табыстар тілеймін. Әр үйде жылулық пен өркендеу, өмірде — сенімділік, қолдау және құрмет болсын. Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1036848?lang=kk
Александр Шевченко теннистен Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады. 18.07.2025
Александр Шевченко теннистен Швейцариядағы турнирді жеңіспен бастады.Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады.Алматы, NEGE. Отандасымыз алғашқы айналымда швейцариялық Стэн Вавринкамен өзара мықтыны анықтады.Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.Нәтижесінде, Александр Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланып, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.Айта кетейік, Шевченко ширек финалға шығу үшін отандасымыз Александр Бубликпен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1036858?lang=kk
Қарағандыда футбол академиясы салынады 18.07.2025
Қарағандыда заманауи оқу-жаттығу орталығы — Футбол академиясы ашылады. Бұл жерде облыстың балалары мен жасөспірімдері футболмен кәсіби деңгейде айналыса алады. Жоба аясында Қарағанды облысы әкімдігі мен Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа спорттық нысан өңірдегі балалар және жасөспірімдер футболын, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға қосылатын маңызды үлес болмақ.Облыс әкімі Ермаганбет Бөлекпаев жобаның жүзеге асуы — ұзақ әрі мазмұнды дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті.– Freedom компаниясымен алты ай бойы келіссөздер жүргіздік. Бұл – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, бастамашыл компания. Бүгін біз маңызды кезеңді аяқтадық – «Шахтёр» футбол академиясын салу жөнінде меморандумға қол қойдық. Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту – біздің басты мақсатымыз. Бұл жолда мемлекет пен жеке сектордың ресурстарын біріктіруге дайынбыз. Жоба ауқымды, мен оның өңір тұрғындарына үлкен тарту болатынына сенемін, – деді Ермаганбет Бөлекпаев.Академия жобасын Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов таныстырды. Ол Қарағанды облысының қазақстандық футбол тарихындағы ерекше орны бар екенін атап өтті.– Қарағанды – спорттық дәстүрі терең, рухы биік өңір. Мұнда жеңіске деген жігер мен табандылық тәрбиеленеді. «Шахтёр» командасының еурокубоктың топтық кезеңіне өтуі – отандық футбол тарихындағы ерекше оқиға. Біз бұл Академияны жай ғана спорттық инвестиция ретінде емес, жастарды дамытуға және Қазақстандағы футбол инфрақұрылымын жетілдіруге арналған маңызды жоба ретінде қарастырамыз. Академия болашақ таланттарды тартатын орталыққа айналады деп сенемін, – деді Тимур Турлов. – Өңірмен бұрыннан қалыптасқан нәтижелі серіктестігіміз жаңа жобаның сәтті жүзеге асатынына сенім береді.Жоба халықаралық стандарттарға сай оқу-жаттығу орталығын құруды көздейді. Жалпы ауданы 9 гектардан асатын аумақта үш толық өлшемді футбол алаңы, оның ішінде жабық манеж бен жылыту жүйесімен жабдықталған жаттығу алаңы, 3500 орындық жаңа стадион, интернат, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, медициналық кабинеттер және басқа да нысандар салынады. Құрылыстың жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асады. Академияда тек спорттық дайындыққа ғана емес, оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына да басымдық беріледі. Нысан құрылысы үшін Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс шағынаудандарының ортасынан жер телімі бөлінген.Жаңа академия «Шахтёр» футбол клубының болашақ ойыншыларын даярлайтын басты база болмақ. Сондай-ақ мұнда клубтың балалар-жасөспірімдер және әйелдер лигасын дамыту жұмысы жалғасады.https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1035478?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1036828?lang=kk