Жаңалықтар
«Скаут» «Қайратты» жеңді! 18.07.2025
Қазақстанда да, Қарағанды өңірінде де ең танымал спорт түрі – футбол. Біздің аймақта әр түрлі жастағы 40 000-нан астам тұрғын доп қуалап ойнауды ұнатады, 100-ден астам команда бар. Солардың ішінде, қарағандылық балалар футбол клубы «Скауттың» танымалдығы жыл сайын артып келеді және тек республикалық жарыстарда ғана емес, халықаралық жарыстарда да жеңіске қол жеткізуде. Жақында оның 2015 жылы туған тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионы атанды. Және олардан бір жас кіші ұлдардан құралған команда жақында Қырғызстанда өткен NITRO ASIAN CUP турнирінде жеңіске жетті!Беделді біріншілік Ыстықкөлдің жағасында өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 команда қатысты. «Скауттың» жас ойыншылары барлық алты матчта да жеңіске жетіп, алтынға ие болды!Жартылай финалда команда «Пахтакор» Ташкент клубының академиясын жеңді. Ал, финалда қарағандылықтар ең мықты қарсыластарының бірі – «Қайрат» футбол академиясын (Алматы қ.) 3:0 есебімен ойсырата жеңді.- Қазір «Скаутта» 500 - ге жуық бала болса, олардың 300 – і «АРТSport» бағдарламасы бойынша тегін айналысады, - деді клубтың негізін қалаушы әрі жаттықтырушы Федор Валерьевич Богатырев, - біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте қуаныштымыз, бізді қолдайтын ата-аналарға рахмет. Біздің клубтың басты жетістігі-оның ішінде қалыптасқан достық, сенімді атмосфера және спорттық позитив. Алда бізді жаңа жарыстар күтуде, біз жеңеміз деп үміттенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1036824?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сервантес институтымен бірлескен жобаларды талқылады 18.07.2025
Мадрид, 2025 жылғы 17 шілде – Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Сервантес институтының директоры Луис Гарсия Монтеромен кездесу өткізді.Жылы әрі мазмұнды диалог аясында тараптар білім, мәдениет және тіл алмасу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени жақындасу мен академиялық диалогты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды.Тараптар тұрақты әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты жобаларды іске асыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1036812?lang=kk
2025 ж. 4 - 22 тамыз аралығында Елшілігінің Консулдық бөлімі жабық болады 18.07.2025
Құрметті ханымдар мен мырзалар!Осымен 2025 ж. 4 - 22 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Берлин қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі жабық болатынын хабарлаймыз.Шұғыл мәселелер бойынша Қазақстан Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесіне жүгінуге болады: Қазақстан Республикасының Бонн қ. Консулы:Раев Айдос Нұрханұлы.Жұмыс тел.: +49 (228) 40 387 27 / 70 (консультация беру уақыты) күн сайын, сәрсенбіден басқа 14:30-дан 17:00-ге дейін жүргізіледі.Қабылдау уақыты: Дс.-Жм.: 9:30 - 12:30 (құжаттарды қабылдау); 16:00 - 17:00 (дайын құжаттарды беру). Ср., Сб., Жс., Қазақстанның және Германияның мерекелік күндері жабық.E-mail: konsul-bonn@mfa.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1036790?lang=kk
Дрон аулаушылар: Құрлық әскерлерінде ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар қаупіне қарсы тұруға үйренеді 18.07.2025
Елорданың 68665 әскери бөлімінде ұшатын нысаналарға тегіс ұңғылы қарумен ату бойынша Құрлық әскерлері нұсқаушыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде. Жауынгерлерді төмен ұшатын әуе нысандарына, соның ішінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы тұруға дайындауға баса назар аударылады.Сабақтар Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың жалпы басшылығымен өтеді. Жиын барысында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары есептоптар құрамында және жеке төмен ұшатын және шағын көлемді нысандарды анықтау және жою бойынша практикалық іс-қимылдарды үйренеді.Жиын бастығы подполковник Сергей Батурин атап өткендей, қазіргі жағдайда басқа күрес құралдарымен қатар, тегіс ұңғылы қару объектіге шабуыл жасау кезінде ұшқышсыз ұшатын құрылғының соңғы траекториясында тиімді күрес құралына айналады.Нұсқаушыларды даярлау кезінде дронды уақтылы анықтау мен жоюдың тиімді әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ әскери қызметшілерді даярлау әдістемесіне ерекше назар аударылды.Жиын қазіргі заманғы соғыстың сын-тегеуріндерінн ескере отырып, жеке құрамды оқытуға қабілетті нұсқаушылардың кәсіби легін қалыптастыруға бағытталған. Бұл Құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға және ұшқышсыз басқарылатын аппараттардан келетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру жүйесін нығайтуға жасалған кезекті қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1036792?lang=kk
Қостанай облысында Металлург күніне орай Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды 18.07.2025
Кәсіби мереке – Металлург күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінде саланың үздік өкілдеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталған салтанатты рәсім өтті.Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты.— Тау-кен металлургия өнеркәсібі – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Бұл салада 15 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өндірілген өнім көлемі 700 млрд теңгеге жуықтады. 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды. Сондықтан дәл осы күні еңбек адамдарын Мемлекет басшысының атынан марапаттау – үлкен мағынаға ие, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.🔹 Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:Валерий Анкудинов — «ССГПО» АҚ инженеріАнуарбек Табылбаев — «ССГПО» АҚ шахталық электровоз машинистіБулат Мукатов — «Қазақстан Алюминийі» АҚ ҚБРУ филиалының тепловоз машинистіҚуанышбек Кұлназаров — «Варваринское» АҚ ұсақтаушысы🔹 Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамоталары:Ердин Байгенжин — «Варваринское» АҚВалерий Каштанов — «Комаровское» ЖШС🔹 Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:Василий Андриянов — «Оркен» ЖШС, рудник ЛФ цехының бастығыНаталья Бородникова — «Caspian Steel QZ» ЖШС, зертхана лаборантыАнатолий Беляков — «Оркен» ЖШС, байыту фабрикасының сепараторшысыНиколай Емшанов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, металл қыздырушыМарат Ибрашев — «Оркен» ЖШС, ұсақтау учаскесінің бастығыАлмагүл Исмұхамедова — «Качары рудасы» АҚ, химиялық су тазарту аппаратшысыНикита Каутц — «Caspian Steel QZ» ЖШС, КИПиА слесаріДенис Ковалев — «Качары рудасы» АҚ, электр дәнекерлеушіНұртай Медетқалиев — «Caspian Steel QZ» ЖШС, электрмонтерРуслан Нұрманов — ҚБРУ, өндірістік цех бастығыАлександр Ринг — «Оркен» ЖШС, электрослесарьДамир Тәутенов — «Caspian Steel QZ» ЖШС, шикізат тасымалдау бригадиріЕлжан Тоққужин — «Качары рудасы» АҚ, негізгі өндіріс учаскесінің бригадиріНаградталғандардың атынан сөз сөйлеген Валерий Анкудинов (ССГПО) көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, бұл марапат – бүкіл еңбек ұжымдарының еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.— Алдағы жылдары өңірде екі ірі жоба іске асырылады. Біріншісі – «ССГПО» базасында жылына 2 млн тонна өнім шығаратын ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) зауыты. Инвестиция көлемі – 532 млрд теңге. 1 000 жұмыс орны ашылады. Екіншісі – «Caspian Steel QZ» базасында болат өндіретін зауыт. Қуаты – 1 млн тонна. Инвестиция – 308,4 млрд теңге. 600 адам жұмыспен қамтылады. Екі зауыт іске қосылған соң жыл сайынғы салық түсімі 60 млрд теңгеден асады. Бұл – Қостанай облысының қара металлургиядағы жетекші рөлін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1036779?lang=kk
Минералдар мен металдар орталығы – 30 жыл: Mining & Metals Central Asia 2025 18.07.2025
Mining & Metals Central Asia 2025 – Орталық Азиядағы тау-кен металлургия саласының басты көрмесі биыл 30 жылдығын атап өтеді.2025 жылдың 17–19 қыркүйегі аралығында көрме Алматы қаласындағы "Атакент" Көрме Орталығында өтеді.Өңірдің басты салалық оқиғасыMining & Metals Central Asia – жыл сайын технология жеткізушілерін, жабдық өндірушілерін, мердігерлерді және жер қойнауын пайдаланушы, сервистік және инжинирингтік компаниялардың өкілдерін жинайтын ірі кәсіби алаң.2025 жылы көрмеге Германия, Қытай, Түркия, Қазақстан, Ресей, Үндістан, Польша, Оңтүстік Корея, Швейцария және басқа 30 елден 500-ден астам компания қатысады.Көрменің тақырыптары:Кен орындарын барлауАшық және жерасты тау-кен жұмыстарыПайдалы қазбаларды байытуПиро және гидрометаллургияМеталды балқыту және тазартуҮгілмелі материалдарды тасымалдауҚоршаған ортаны қорғауӨнеркәсіптік қауіпсіздікЖол және өндірістік құрылыс30 жылдық ауқымБиыл көрме алаңы 5 жабық павильон мен ашық экспозицияны қамти отырып, 20 000 м²-ден аса аумақты қамтиды. Қонақтар үшін арнайы мерейтойлық бағдарламалар, тақырыптық турлар мен кеңейтілген іскерлік байланыс мүмкіндіктері ұсынылады.Іскерлік бағдарлама мен серіктестік кездесулерКөрме аясында ірі компаниялар, сарапшылар мен аналитиктердің қатысуымен кең көлемді іскерлік бағдарлама өтеді. Негізгі тақырыптар: саланың жаңа сын-тегеуріндері, локализацияны дамыту, ESG, цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық әріптестік.Қалай қатысуға боладыКөрмеге алдын ала тіркелу арқылы келуге болады. Ол үшін mining-metals.kz сайтына кіріп, MMCA2025AK промокодын пайдаланыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran/press/news/details/1036710?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Үндістанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 18.07.2025
Астана, 2025 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жаңадан тағайындалған Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Сайлас Тангалдың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен әлеуетін талқылады.Сонымен қатар алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі, сондай-ақ Астана мен Нью-Дели арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылды.Дипломаттар көпжақты форматта, бірінші кезекте БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, «Орталық Азия – Үндістан» диалогы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Үндістан елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1036659?lang=kk
Мүлік салығын төлеу мерзімі – 2025 жылғы 1 қазан 18.07.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске салады.Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі – 2025 жылғы 1 қазанға дейін. Салық салу объектісіне не жатады? 2025 жылы Қазақстандағы мүлік салығы екі салықты – жылжымайтын мүлік салығы мен жер салығын қамтиды. Мұндай жағдайда салық салу объектілеріне төмендегілер жатады:— Жылжымайтын мүлік. Бұл тек тұрғын үй емес. Сондай—ақ жеке меншіктегі үй—жайларға, гараждарға, саяжай құрылыстарына, тұрақ орындарына салынатын салық бар.— Жер учаскелері. Ерекше қорғалатын аумақтарды, орман қорын, босалқы жерлерді қоспағанда, учаскелердің барлық түрі үшін салық төлемейтініңізді ескеріңіз. Ортақ пайдаланылатын орындар (саябақтар, көшелер, жолдар) орналасқан жерлер салық салу объектiсi болып табылмайды. ҚР аумағында орналасқан объектiлерге ғана салық салынады.Салық төлеушілер Қазақстанда табыс салығы (мысалы, пәтер, үй, тұрақ орны, көлік құралы, жер учаскесі және т.б. мүлікті сатудан алынатын салық) да бар екенін ескергені жөн. Жылжымайтын мүлікті сатып алған бағасына қарағанда қымбат бағаға сатқан азаматтар объектіні бір жылдан аз уақыт иеленген жағдайда (коммерциялық мақсатта пайдаланылатын мүлікті немесе «жеке тұрғын үй құрылысынан», «саяжай құрылысынан», «гараждан», «бағбандықтан», «жеке қосалқы шаруашылықтан» өзге мақсатта пайдаланылатын жерлерді қоспағанда) салық төлейді. Қазақстанда мұндай салық құн өсімінен төленеді, яғни ол барлық сомаға емес, тек алынған пайдаға ғана есептеледі. ҚР резиденттері үшін мөлшерлеме 10%—ға тең. Жеке тұлғалардың мүлік салығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен анықталған мүлік объектілерінің құны мен меншік құқығындағы иелену мерзімі негізінде есептеледі.Салық автоматты түрде есептеліп меншік иелеріне хабарланған. Ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, e—Salyq Azamat, eGov mobile арқылы push—хабарламалар ретінде жіберілді. Маңызды:2025 жылғы 2 қазаннан бастап салықтық міндеттемесін уақытылы орындамаған жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.Егер берешек сомасы 1 АЕК—тен асатын болса, хабарлама табысталған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кейін мәжбүрлеп өндіріп алу туралы бұйрық шығарылады және ол 5 жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларына жолданады.Қосымша салдары:— берешек сомасының 25%—на дейінгі мәжбүрлеп өндіріп алу алымы;— банк шоттарына тыйым салу;— елден шығуға шектеу қою.Қосымша шығындар мен шектеулерге жол бермеу үшін жеке тұлғаларға мүлік салығын мерзімінде төлеу ұсынылады.Салықты төлеу жолдары:— e—Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;— eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;— банктердің бөлімшелерінде;— банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасын пайдалана отырып. Кімге салық төлеудің қажеті жоқ? 2025 жылы Қазақстанда жер салығы мен жылжымайтын мүлік салығы жеке тұлғалардың келесі санаттарына қатысты қолданылмайды: Кеңес Одағының Батырлары; Социалистік Еңбек Ерлері; мемлекеттік атақтар мен наградаларға ие болған адамдар; ҰОС ардагерлері. Сондай—ақ салық төлеуден келесі тұлғалар босатылады:— Жетім балалар, сондай—ақ ата—анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Олар 18 жасқа дейін салық төлемейді.— Мүгедектігі бар баланың немесе мүгедектігі бар тұлғаның ата—анасының бірі.— «Батыр ана» атағына ие көпбалалы аналар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1072665?lang=kk
Егде жастағы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі: алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек 18.07.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді:егде жастағы азаматтарқаржылықалаяқтықмәселелеріндееңосалтоптардыңбірі болып қала береді.Бұл олардың сенгіштігіне,цифрлық сауаттылықтыңжеткіліксіздігінежәнетексерілгенақпаратқа шектеулі қолжетімділіккебайланысты.Алаяқтар әр түрлі схемаларды қолданады: банктердің, құқық қорғау органдарының немесе туыстарының атынан қоңырау шалу, жоқ өтемақылар туралы хабарламалар, қарыздарды ресімдеу немесе «тиімді» инвестицияларға инвестициялау туралы ұсыныстар. Алаяқтар ұялы телефонға немесе қалалық телефонға, сондай-ақ мессенджерлерге қоңырау шалып, өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар банктік шоттан күдікті операция жасалып жатыр деп айтуы мүмкін және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға, қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаны орнатуға немесе SMS-тен кодтарды айтуға сендіруі мүмкін.Психологиялыққысымәдістеріжиіқолданылады – мысалы,туысымен орын алған төтенше жағдай туралыхабарламаменқоңырау шалу.Мұндай әрекеттерден қорғау үшін егде жастағы адамдарға телефон арқылы дербес және банктік деректерді, оның ішінде карта нөмірін, оның қолданылу мерзімін, CVV-кодты, SMS кодтарын және онлайн-банктен логиндерді хабарламау кеңес беріледі.Бейтанысадамдардыңнұсқауларын,тіптіолар өздерін ресмиқұрылымдардыңқызметкерлеріретінде таныстырса да, орындауға болмайды.Есіңізде болсын: банктер, құқық қорғау органдары және мемлекеттік қызметтер ешқашан телефон арқылы жеке деректерді немесе қаржылық ақпаратты сұратпайды. Егер күмән туындаса, әңгімені тоқтатып, ресми органдардан кеңес алу ұсынылады.Сабыр сақтау, қоңырау шалушының аты-жөні мен лауазымын жазып алу және ұйымға ресми сайтта немесе картаның артқы жағында көрсетілген нөмір бойынша қайта қоңырау шалу маңызды. Қаржыға қатысты барлық әрекеттерді жақын туыстарымен немесе сенімді адамдармен талқылаған жөн. Егде жастағы адамдардың туыстары мен жақындарына әдеттегі алаяқтық схемалары туралы үнемі айтып отыру, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалануды игеруге көмектесу, қорғалатын бағдарламалық қамтылымды орнату және құрылғыларды жаңарту ұсынылады.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1036623?lang=kk
«Таза Қазақстан» бастамасы: қазақстандықтар экологиялық проблемаларды жедел шешуге қатысады 18.07.2025
«Таза Қазақстан» бастамасы: қазақстандықтар экологиялық проблемаларды жедел шешуге қатысады«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2024 жылы және 2025 жылдың алғашқы алты айында бүкіл ел бойынша 874 экологиялық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында «Таза кәсіп – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» сынды республикалық және халықаралық акциялар бар. Осы іс-шаралар барысында 1,4 млн тонна қалдық жиналып, елді мекендерде 2,4 млн астам ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» бастамасының басты міндеті – әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1036584?lang=kk
270.00 нысанды декларацияны онлайн-тапсыру eGov.kz және eGov Mobile арқылы қолжетімді 18.07.2025
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс. Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады.Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады.270.00 нысаны кіріс туралы ақпаратты, сондай-ақ шетелдегі мүлік: жылжымайтын мүлік, көліктер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ірі сатып алулар мен шығынстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі.Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін пайдаланушыға:порталға авторизацияланып, «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Салық салу» бөліміне өтіу қажет;«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00- нысан)» қызметін таңдаңыз және қажетті деректерді толтырыңыз.мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз.қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;«Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін қарап тексеріңіз.Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:eGov мобильді қосымшасына авторизациялауды жасап, «Қызметтер» бөлімінде «Салық және қаржы» бөліміне өтуі қажет;«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметін таңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз;мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;«Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз.Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады.Көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1037611?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: көлік салығын төлеу – әр азаматтың міндеті 18.07.2025
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалар көлік салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін өз бетінше есептеп, төлеуге міндетті. 2025 жылы 2024 жылға есептелген салық төленуі тиіс.Салық есептеулері ақпан–наурыз айларында қалыптастырылып:gov.kzжеке кабинеті,eGov, e-Salyq Azamat,Kaspi мен Halyk қосымшалары арқылы жолданады.2025-ғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, көлік салығы бойынша берешек 498,9 млн теңгені,12 494 жеке тұлғаны құрайды, бұл жергілікті салықтар бойынша жалпы берешектің 97%-ын құрайды. Уақытында төленбесе хабарлама жіберіледі,өсімпұл есептеледі, іс жеке сот орындаушыларына (ЖСО) жолданады- мүлікке тыйым салуы- банк карталарын бұғаттауы;- елден шығуға және көлік жүргізуге шектеу қоюы мүмкін.2025 жылдың басынан бері 447 рейд өткізілді,582 борышкер 10,9 млн теңге көлемінде берешекті өтеді,9 865 қаулы ЖСО-ға берілді, оның 7 691-і орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1036549?lang=kk
18 шілде – Қарулы күштердің әскери рәміздері күні 18.07.2025
1996 жылғы он сегізінші шілдеде ҚР Президентінің "Қарулы Күштердің әскери рәміздері туралы" Жарлығына қол қойылды.Әскери рәміздер жауынгерлердің ұлттық сипатының ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, Отан қорғаушылардың моральдық-жауынгерлік рухын арттырудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.Қазақстанның әскери рәміздеріне Қарулы күштердің символы (эмблемасы), жалауы, Туы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің тулары және әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады.Қазақстан Қарулы күштерінің рәміздері мемлекеттілікті, озық дәстүрлердің сабақтастығын, жауынгерлік серіктестік, патриотизм және адал қызмет сияқты құндылықтарға негізделетінін көрсетеді.Қарулы күштердің символы – жиектері алтын жолақпен көмкерілген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында күн сәулесі және оның астында қалықтаған бүркіт бейнеленген.Қазақстан Қарулы күштері түрлерінің тулары олардың сол әскерге қатыстылығын көрсетеді және әскери ұжымның бірлігі, өр рухы мен бірлігі идеяларын бейнелейді.Жауынгерлік ту – әскери бөлімнің жәдігері, оның жауынгерлік жолы мен даңқының символы. Бұл әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың ерлік дәстүрлері мен қасиетті парызы екенін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1036548?lang=kk
Қазақстан мен Аустрия мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр 18.07.2025
Вена, 2025 жылғы 15–16 шілде – Қазақстан делегациясы Аустрияға племиялық жұмыс саласындағы әріптестікті дамыту және симменталь (Fleckvieh) ірі қара тұқымын өсіру бойынша озық тәжірибемен танысу мақсатында сапар жасады.Делегация құрамына Республикалық сүтті және аралас тұқымды ІҚМ палатасының атқарушы директоры Азамат Сагинбаев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылым жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы Алжан Шамшидин, сондай-ақ Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының директоры Ануарбек Бисембаев кірді.Қазақстандық мамандар Аустрияның жетекші мал шаруашылығы одақтарын біріктіретін „Fleckvieh Austria“ ұйымының басшылығымен кездесті. Келіссөздер ұйым президенті Себастьян Ауэрниг пен атқарушы директор Райнгард Пфлегермен өтті. Кездесу барысында тараптар Fleckvieh тұқымын бағалау әдістерін, племдік құжаттаманың ерекшеліктерін және ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша екі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды: бірі – „Fleckvieh Austria“ мен Республикалық сүтті және аралас тұқымды ІҚМ палатасы арасында, екіншісі – осы аустриялық ұйым мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ арасында. Бұл келісімдер мал шаруашылығы, кадрлар даярлау және заманауи еуропалық тәжірибелерді қазақстандық фермаларға енгізу салаларында ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1036509?lang=kk
Қазақстандық студенттер құрамасы Германиядағы Универсиадада бақ сынауда 18.07.2025
Дуйсбург, 2025 жылғы 16 шілде – Солтүстік Рейн – Вестфалия федералдық жеріндегі Дуйсбург қаласында 2025 жылғы Рейн-Рур жазғы Универсиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу шарасына Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы қатысты.Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен Қазақстан Ұлттық спорт федерациясының Президенті Қайрат Закирьянов бастап барды.Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) Германия үкіметімен және Солтүстік Рейн – Вестфалия билігімен бірлесе ұйымдастырған бұл халықаралық спорт додасы 2025 жылғы 16–27 шілде аралығында Рейн-Рур аймағының бірнеше қаласында өтеді. Универсиадаға әлемнің 150-ден астам елінен 10 мыңнан аса студент-спортшы қатысуда.Қазақстан Республикасының студенттер құрамасы жеңіл атлетика, дзюдо, жүзу, таэквондо, семсерлесу, садақ ату және үстел теннисі сынды бірқатар спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды.Ресми іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Таубалды Умбетбаев қазақстандық делегацияға қолдау білдіріп, өз сөзінде студент жастардың халықаралық спорт аренасындағы белсенділігінің маңызын атап өтті. Ол мұндай аламандардың екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге, өзара түсіністік пен ынтымақты нығайтуға, сондай-ақ жаһандық деңгейде спорттық дипломатияны дамытуға зор үлес қосатынын жеткізді.Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы алдағы уақытта да шетелдегі қазақстандық жастарды қолдауға басымдық бере отырып, елдің халықаралық беделін арттыруға, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге және білім, мәдениет мен спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1036521?lang=kk
Ұлыбритания Парламенті Орталық Азиямен ынтымақтастықтың жаңа тарауын ашты 18.07.2025
Лондон, 2025 жылғы 14 шілде – Ұлыбритания Парламентінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі жаңадан құрылған Жалпыпартиялық парламенттік топтың (ЖППТ) инаугурациялық отырысы өтті.ЖППТ – Ұлыбритания парламенттік дипломатиясының маңызды механизмі, олар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, партияаралық диалогты дамытуға және парламент деңгейінде сыртқы саясатқа тұрақты қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл топтар сыртқы саясат стратегиясын әзірлеуге тікелей қатыспағанымен, олардың қызметі жекелеген елдермен және өңірлермен қарым-қатынас орнатудағы тәсілдер мен басымдықтардың қалыптасуына әсер етеді.Топ төрайымы болып Лейбористік партияның депутаты Пэм Кокс сайланды. Оның құрамына Ұлыбритания Парламентінің екі палатасынан түрлі саяси партиялардың өкілдері кірді.ЖППТ-ның құрылуы британ парламентшілерінің бай тарихы, серпінді дамуы және өзара тиімді ынтымақтастық үшін елеулі әлеуеті бар Орталық Азия өңіріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте Ұлыбританияның Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық серіктесі – Қазақстан. Атап айтқанда, өткен жылдың сәуір айында Қазақстан өңір елдері арасында алғашқы болып Ұлыбританиямен өзара іс-қимылдың кең ауқымды салаларын қамтитын Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойды.Отырыста қатысушылар топтың болашақтағы қызметінің басым бағыттарын талқылады, олардың қатарында саяси және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты қолдау, соның ішінде энергетика, білім беру, климаттың өзгеруімен күрес, орнықты жеткізу тізбектері мен көлік дәліздері, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастық, сондай-ақ тақырыптық брифингтерді өткізу мәселелері бар.Ынтымақтастық тобының құрылуы Ұлыбритания мен Орталық Азия елдері арасындағы парламентаралық диалогты институционализациялаудың маңызды қадамына айналды және пікірлер мен бастамалармен конструктивті алмасуға арналған жаңа алаң болады. Сондай-ақ өңірлік диалогты жандандырудың маңыздылығын айқындай отырып, жаһандық тұрақтылық, энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық байланыстарды кеңейту тұрғысынан оның стратегиялық маңызын атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1036522?lang=kk
Қазақстан мен Грекия дипломатия саласындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде 17.07.2025
Афина қаласы, 2025 жылғы 17 шілде — Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының директоры, Елші Майкл-Христос Диамессиспен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грекияның сыртқы істер министрліктері арасында 2022 жылы Астана қаласында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум аясында дипломатиялық кадрларды даярлау және кәсіби алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Әсіресе, академиялық бағдарламаларды ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық академияларының құрылымы мен функцияларын қарастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші Қазақстан Республикасындағы кәсіби оқыту жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа тәсілдерге тоқтала отырып, қазақстандық дипломаттарды даярлаудың негізгі аспектілері туралы баяндады.Тараптар институционалдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытып, өзара тағылымдамалар ұйымдастыру, шақыртылған дәрістер өткізу, дөңгелек үстелдер мен өзге де білім беру іс-шараларын өткізу мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен Грекияның дипломатиялық қызметтері арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және тұрақты кәсіби байланыстарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді. Қазақстан Республикасының Грекиядағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1036489?lang=kk
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Үкімет қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы 17.07.2025
2025 жылғы 17 шілдеде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15555638) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Үкімет қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде іске асырылды.Осы жобамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысы «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы», сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері жойылуға қойылады.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1036388?lang=kk
Мәдениеттің дамуы — аймақтың рухани және әлеуметтік болашағына қосқан үлесі** 17.07.2025
Мәдениеттің дамуы — аймақтың рухани және әлеуметтік болашағына қосқан үлесі**Қостанай облысының әкімдігінде өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне арналған отырыс өтті. Қатысушылар халықтың мәдени ресурстарға қолжетімділігін кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту, халық шығармашылығын қолдау және тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселелерін талқылады.* Мыржақып Дулатовтың мерейтойы-бүкіл ел үшін маңызды күн*2025 жылы Қостанай облысы көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, ақын және жазушы Мыржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толады. Облыс әкімі мерейтойға ең жоғары деңгейде дайындалу қажеттігін ерекше атап өтіп, тиісті құрылымдарға барлық іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды ұйымдастыруды тапсырды.* Мәдениет ұрпақты байланыстырушы буын ретінде*- Мәдениет-бұл ғимараттар мен мекемелердің жиынтығы ғана емес. Бұл ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі элементі, диалог пен қоғамдық келісімнің маңызды құралы. Ол жастарды тәрбиелеуде, шығармашылық қабілеттерін дамытуда және моральдық бағдарларды нығайтуда маңызды рөл атқарады, - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Ол сондай — ақ мәдени саясат тек рухани миссия ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсуге ықпал ететін практикалық механизм: туризмді дамыту, инвестицияларды тарту және шығармашылық индустрияларды қолдау арқылы екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1036393?lang=kk
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды 17.07.2025
Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.Түзетулердің бесінші блогы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kazakstan-respublikasynyn-keybir-zannamalyk-aktilerine-astanany-zhane-respublikalyk-manyzy-bar-kalalardy-ulttyk-zhobalardy-damytu-kasipkerlik-zhane-memlekettik-organdardyn-funkciyalaryn-ontaylandyru-maseleleri-boyynsha-ozgerister-men-tolb https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1036361?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1036510?lang=kk