Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Дәрі-дәрмектерді таңбалау тетігін енгізу 29.05.2025
Осы жылы Алматы облысы, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында өткен жылдың шілде айында басталған дәрі-дәрмектерді міндетті таңбалау тәжірибесі жалғасын тапты. Бұл жүйе аясында медициналық мекеме тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператордың жүйесінде тіркеліп, таңбалау кодтарымен жұмыс істеуге және дәрі-дәрмектердің қозғалысын оңай бақылауға мүмкіндік беретін жеке кабинетке қол жеткізді.Медициналық мекеменің провизоры Күлбану Қадыржанқызы Бекмағамбетованың айтуынша, дәрі-дәрмектерді таңбалау – бұл олардың сапасын бақылауға және жалған өнімдердің таралуының алдын алуға бағытталған маңызды құрал. Бұл – өмірлік маңызы бар тетік.Маманның айтуынша, жүйе тұтынушыларды жалған дәрі-дәрмектерден қорғауға, дәрілік заттардың айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге және олардың барлық кезеңдердегі қозғалысын бақылауға бағытталған. Аурухана басшылығының айтуынша, таңбалау тетігін енгізудің арқасында фармацевтикалық нарық анағұрлым құрылымды әрі қауіпсіз бола түсуде. Бұл – қуанарлық жайт.Таңбалау рәсімі қаптамаға өндіруші, сериясы, жарамдылық мерзімі мен шыққан жері туралы ақпаратты қамтитын бірегей кодты енгізуді қарастырады. Медициналық препарат берілген кезде ол сканерленіп, деректер ақпараттық жүйедегі базамен салыстырылады. Бұл жөнінде практик-дәрігерлер де айтып отыр.Провизор Күлбану Қадыржанқызының айтуынша, таңбаланған дәрілерге бақылау Ұлттық дәрі-дәрмектерді таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл дәрілік заттардың қозғалысын тиімді бақылауға, жалған өнімдердің нарыққа түсу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі таңда науқастар өздері де сатып алынған дәрілердің түпнұсқалығын мобильді қосымша арқылы тексере алады. Бұл тәжірибе ауруханада белсенді түрде қолданылып келеді.Айта кетейік, таңбалау жүйесінің ең маңызды артықшылықтарының бірі – жалған дәрілердің санын азайту болып отыр. Өйткені контрафактілі дәрі-дәрмектер халық денсаулығына үлкен қауіп төндіреді – оларда көрсетілген белсенді заттар болмауы немесе зиянды компоненттер болуы мүмкін. Бұл туралы Қонаев қаласының тұрғындары да айтып жүр, олар дәрі-дәрмектерді дәл осы ауруханадан алады. Сонымен қатар, таңбалау реттеуші органдардың тарапынан бақылауды күшейтіп, жеткізу тізбегінің кез келген кезеңінде заңбұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтың ашықтығын арттырып, тұтынушыларға сапалы дәрі-дәрмек алуға деген сенімділікті қамтамасыз етеді.Дәрі-дәрмектерді таңбалау тетігін енгізу – бұл пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және ашық фармацевтикалық нарықты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Маман пікірінше, бұл бастаманың одан әрі дамуы фармацевтикалық салаға деген сенімді күшейтіп, ауруханадан немесе дәріханадан дәрі алу үдерісін азаматтар үшін барынша қауіпсіз етеді. Ең бастысы – нарықтың барлық қатысушылары өзгерістерге сәтті бейімделіп, ал тұтынушылар еш алаңсыз сапалы әрі сертификатталған дәрілерді қабылдай алуы тиіс.Айта кету керек, бұл жүйе аурухананың амбулаториялық қызметінде ғана емес, стационар бөлімшелерінде де белсенді түрде енгізілген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1005290?lang=kk
Ново-Хайрузовка ауылындағы көшелердегі шұңқырларды жөндеу 29.05.2025
П. Полкин көшесіндегі шұңқырларды жөндеу. Асфальт төсемді шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталды.Ауылдық округ әкімдігі жолдың барлық қатысушылары үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы болуы үшін жол төсемінің зақымдануын жояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1005341?lang=kk
Алматы әскери оқу орнында сарбаздар Отанына адал болуға ант берді 29.05.2025
Салтанатты рәсімі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының Оқу орталығында өтті.Оған оқу орнының қолбасшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, Түркістан облысынан шақырылған жауынгерлердің туыстары мен жақындары қатысты.Бұған дейін елуге жуық сарбаз бір айлық жас жауынгер курсынан өтті. Олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, әскери істің негіздерін, соның ішінде саптық, атыс және тактикалық дайындықты игерді. – Бүгін Қарулы күштер қатарына қосылып, нағыз жауынгер болдыңыздар. Отан қорғаушы атағын абыроймен алып жүріңіздер, – деді Құрлық әскерлері әскери институты бастығының орынбасары полковник Нұрлан Айтжанов сарбаздарға.Іс-шараға қатысқан ата-аналар аз уақыт ішінде ұлдарынан өзгеріс байқағанын айтады. – Армияда қызмет ету туралы шешімге өзім келдім. Бұл ел үшін өте жауапты әрі маңызды екенін түсінемін. Менің ойымша, армияда алған тәжірибем азаматтық өмірде де пайдалы болмақ, – деді қатардағы жауынгер Болат Әбдікәрім.Ант берген әскери қызметшілер ротада қызмет етеді. Олардың міндетіне әскери уоқу орны нысандарын күзету мен қорғау кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005343?lang=kk
Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау 29.05.2025
Жыл басына орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізген ауылдар саны 307 (413-тен) құрады, 290,7 мың тұрғыны бар немесе барлық ауылдар халқының жалпы санының 97%-ы, оның ішінде 38 ауылда кешенді блок модульдер орнатылған.2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 35 мыңнан астам тұрғыны бар 20 ауылдық елді мекенге орталықтандырылған ауыз су желісі тартылды. Осы мақсатта 5,7 млрд. тенге қаражат жұмсалды. Оған қоса, мыңға жуық тұрғыны бар 12 ауылға кешенді блок модульдар орнатылды.Ағымдағы жылы 16 ауылдық елді мекенді (4 мыңнан астам адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 15 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда осы мақсатқа барлық қаржыландыру көздерінен 8,4 млрд. теңге (РБ – 1,0 млрд. теңге, ҰҚ – 0,5 млрд. теңге, АМҚ- 4,3 млрд. теңге, ЖБ – 2,6 млрд. теңге) бөлінді. Бүгінгі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдары анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Жыл соңында 8 мыңдай адам таза ауыз сумен қамтылатын болады. Нәтижесінде, өңір халқының 100%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1005385?lang=kk
«Әл-Қасимия» университетінің президенті Джамал Салим Әл Турайфимен кездесу 29.05.2025
Шарджа Әмірлігіндегі «Әл-Қасимия» университетінің президенті Джамал Салим Әл Турайфимен кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1005398?lang=kk
БКМ мен фискалдық чек: әрбір адам нені білуі керек 29.05.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысулар кезінде сатушы бақылау-кассалық машинаны (БКМ) пайдаланып, қағаз немесе электрондық форматта фискалдық чек беруі тиіс екенін еске салады. Фискалдық чек – бұл сатып алу фактісін растайтын заңды құжат. Чектің көмегімен заңда белгіленген мерзім ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады, осылайша өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.Фискалдық чек бермей жатса, не істеу керек?Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар салық төлеуші орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына «e-Otinish» ресми сервисі арқылы шағым жолдай алады.Шағымға бұзушылықты дәлелдейтін бейнежазба, нақты мекенжайы мен уақыты, кәсіпкерлік субъектісінің атауы, сатып алынған тауар, жұмыс немесе қызмет туралы мәлімет, сондай-ақ мүмкін болған жағдайда басқа да қосымша ақпарат қоса берілуі қажет.Фискалдық чек берілмеген жағдайда салық төлеушіге алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, айыппұл салынады:- нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын бизнес субъектілеріне – 20 АЕК;- орта бизнес субъектілеріне – 30 АЕК;- ірі бизнес субъектілеріне – 40 АЕК.Сондай-ақ, қызмет барысында БКМ болмауы құқықбұзушылық болып саналады және алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанса, айыппұл салынады:- нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын бизнес субъектілеріне – 15 АЕК;- орта бизнес субъектілеріне – 30 АЕК;- ірі бизнес субъектілеріне – 50 АЕК.Сонымен қатар, салықтық мәдениетті арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың соңына дейін екі республикалық акция «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» және «Бәйге» жүргізуде. Қатысу шарты өте қарапайым – фискалдық чектерді «Amian» мобильді қосымшасында сканерлеп, тіркеу қажет. Қатысқан әрбір азамат құнды сыйлықтар мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Неғұрлым көп чек тіркелсе, жүлде ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады!Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1049668?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ОФЛАЙН МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ 29.05.2025
Бүгін Turkistan Hub алаңында IT-саласының үздігі, “Түркістан сақшылары” анимациялық жобасының авторы Ғасыр Құралбайұлы офлайн форматта шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараға Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты “IT индустриясын дамыту” бөлімінің бас маманы Айтнұр Мырзагелді мен ақпараттық технологиялар саласына қызығушылық танытып жүрген мамандар қатысты.Мастер-класс барысында IT-эксперт жасанды интеллекттің күнделікті жұмыстағы мүмкіндіктері мен тиімді қолдану жолдары туралы кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ChatGPT секілді заманауи қосымшаларды қалай пайдалану керектігі, оған дұрыс сұрақтар қою арқылы қандай нақты ақпараттар алуға болатыны жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, бұл құралдарды жұмыс өнімділігін арттыруда қалай тиімді қолдануға болатыны туралы түрлі тәсілдер ұсынылды.Шара аясында болашақта қандай мамандықтарға сұраныс төмендеуі мүмкін және керісінше, қандай салаларда кадр тапшылығы туындайтыны жайында да пікір алмасылды. Ғасыр Құралбайұлы қатысушыларды сергіту мақсатында мотивациялық және командалық ойындар ұйымдастырып, сабақтың практикалық бөлігін жандандыра түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1005432?lang=kk
Ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек 29.05.2025
Саран қалалық мәслихатының шешімімен әлеуметтік көмек «Ардагерлер туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген ардагерлер санатына жататын адамдарға жылына бір рет 14 күннен аспайтын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаториялық-курорттық емдеудің кепілдік берілген көлемінен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емдеуге кеткен шығындарды өтеу үшін табыстары ескерілмей көрсетіледі.Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: көш. Жеңіс көшесі 45, 1 қабат, 12 кабинет, телефон 76805.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1005435?lang=kk
Ағадыр кентінде тұратын 76 жастағы ақсақал бес дүркін, ал ұлы жеті дүркін әлем чемпионы атанды 29.05.2025
Шет ауданының Ағадыр ауылының танымал пауэрлифтері Дәрібай Оспанов пен Қараман Абдулкәрім әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті. Біріншілік Норвегияда, Драммен қаласында өтті. Ең мықты атақ үшін 54 елден 1400 спортшы бақ сынасты.Дәрібай Оспанов екі жыл бұрын әлем чемпионатында бірнеше рет жеңіске жету мақсатын мәлімдеген болатын. Сол кезде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ақсақал-чемпионға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті. Дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшы мен жаттықтырушыға спорт құралдарына сертификат табыс етті.Драммендегі әлем чемпионатында Дәрібай Оспанов 70+ жас тобында 93 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Штанганы классикалық қысыммен көтеруде ол үшінші, жарақтандырылған түрде – бірінші орын алды. Осы жеңіспен 76 жастағы ақсақал бес дүркін әлем чемпионы атанды.Оның ұлы Қараман Абдулкәрім бірінші түрде 190 кг, екінші түр бойынша 245 кг көтерді. Екі жаттығуда да ол үздік атанды және жеті дүркін әлем чемпионы атанды.Дәрібай Оспанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол осы жетістікпен тоқтамайтынын айтады. Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың Остин қаласында өткен әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін ақсақал даниялық рекордты озғысы келетінін айтқан болатын. «Ол 94 жаста өнер көрсетті, ал мен 95 жаста да жарысқа барамын», – деп өз ойымен бөлісті дене шынықтыру және спорт басқармасындағы салтанатты шарада Дәрібай Оспанов.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1005439?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуды қолдайды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен парламенттік «достық тобының» жетекшісі Вилле Скиннаримен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, биік және жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтау, парламенттік дипломатияны дамыту және сауда-экономикалық серіктестікті нығайту мәселелері қозғалды.Осы тұрғыда Қазақстан мен Финляндия арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның рөлі ерекше аталып өтті. Осы комиссия – Қазақстан мен Суоми арасындағы ресми өкілдер мен іскер топтар арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың тиімді институционалдық алаңдарының бірі.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл тұрғыда Финляндияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы биылғы төрағалығы, сондай-ақ Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығы мен 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясына 15 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар назардан тыс қалмады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005450?lang=kk
Бюджетке салықтар мен төлемдерді есепке жатқызу не қайтаруды жүргізу тәртібі 29.05.2025
Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің бірі «Салықтарды,  бюджетке төленетін төлемдерді,  өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу».Есепке алу - бұл мемлекеттік кірістер органының бюджетке артық немесе қате төленген сомаларды басқа салық міндеттемелерін өтеу есебіне аудару жөніндегі операциясы. Қайтару – салық төлеушінің банктік шотына бюджетке артық немесе қате төленген сомаларды қайтару жөніндегі операциясы.Іс жүзінде салық төлеуші салықтық міндеттемеде көзделген төлемнен көп төлем жасаған жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда салық төлеуші салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) төлем жүргізілген мемлекеттік кірістер органына ұсынуға құқылы, ол өз кезегінде бес жұмыс күні ішінде осы салықтық өтінішті орындайды.Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке салық берешегі болмаған жағдайда салық төлеушінің банктік шотына жүргізіледі.Төленген мемлекеттік бажды қайтару кезінде қайтаруға негіз болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса бере отырып, салықтық өтініш берілетінін атап өту қажет. Төлем туралы құжат талап етілмейді. Қайтару мемлекеттік баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап үш жыл ішінде төлеушінің банктік шотына жүргізіледі.Салықтық өтініш салық төлеушінің кабинеті арқылы, сондай-ақ ЭЦҚ болған жағдайда http://egov.kz   арқылы беріледі.Дербес шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық төлеуші қүжаттарды уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады. Бұдан әрі, уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік кірістер органына көрсетілген сомаларды есепке жатқызуға не қайтаруға корытынды жібереді.  Мемлекеттік кірістер органы қорытындыға сәйкес салық төлеушінің банктік шотына есепке жатқызуды не қайтаруды жүргізеді.Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты https://vko.kgd.gov.kz мекенжайы бойынша ШҚО бойынша МКД сайтында, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болатындығын хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1234794?lang=ru
Бір мезетте Қазақстан бойынша кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтеді 29.05.2025
Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді. «30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.Акция Көкшетау қаласы «РИО» сауда орталығы мекенжайы бойынша, сағ. 17- 00 өтеді. Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаматтарға салық және кеден саласында кеңес береді.Қызығушылық танытқан адамдардың қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1005154?lang=kk
Меңдіқара ауданындағы шегіртке зиянкестері туралы 29.05.2025
Мақала Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1005181?lang=kk
Алматы облысында балалардың саулығын қолдауға арналған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде 29.05.2025
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы облысында балалардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.Облыста бүгінде 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді, ал 2025 жылдың алғашқы төрт айында 9 037 сәби дүниеге келген. Ана мен бала денсаулығын сақтау мақсатында патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі енгізілген. Бұл модель жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға сапалы әрі уақтылы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.«Балалардың амандығы мен саулығы – қоғамның болашағы. Сондықтан біз олардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз», – деді Лейла Серікбаева.2024 жылдан бастап өңірде адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні 14 683 жасөспірім қыз екпеден өтті. Бұл – жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудағы маңызды қадам. Сонымен қатар, облыс бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жалғасып жатыр.2025 жылы 509 мыңға жуық бала профилактикалық тексеруден өтуі жоспарланған. Осы уақытқа дейін 16 882 түрлі ауру жағдайы анықталды. Балалар арасында стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін «Болашаққа – сау тіспен» жол картасы жүзеге асырылуда. Оның аясында мектептерде жаңа стоматологиялық кабинеттер ашылуда.«22 мамырдан 1 маусымға дейін облыс бойынша балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, тұлғалық дамуына арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Оған медициналық ұйымдар, білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар белсенді қатысуда», – деп атап өтті.Бұл бастамалар балалардың құқықтарын қорғауға, олардың денсаулығын нығайтуға және қоғам назарын бала тұлғасының маңыздылығына аударуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1005199?lang=kk
«Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 29.05.2025
Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты.Конференцияда Ақмарал Әлназарова, Ханс Клюге, Скендер Сыла сөз сөйлеп, медицина саласындағы жетістіктерге тоқталды.Конференцияның мақсаты – халықаралық тәжірибені ескеріп, тәуелсіз мейіргерлік қызметті дамыту, орта медициналық қызметкерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін арттыру, олардың басқарушылық, сараптамалық, клиникалық құзыреттілігін нығайту.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлейменов Ержан Абылқасымұлы өз ойымен бөлісті.«Конференция барысында Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл еліміздегі мейіргерлік қызметті дамытуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Біз жасалған ұсыныстарды ескере отырып, болашақта тәжірибеге енгізуге тырысамыз», - деді басқарма басшысы.Іссапар аясында Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы, республикалық медициналық ұйымдар мен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы басшылары облыс орталығы мен аудандардағы медицина ұйымдарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1005233?lang=kk
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов БАҚ өкілдерімен өзара байланысты нығайтуда 29.05.2025
Қонаев қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі медициналық мекемелердің бас дәрігерлерін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ашық кездесу өткізді. Ержан Әбілқасымұлы ауруханалардың ашықтығы мен қызметінің айқын болуын ерекше атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастыруда, түрлі оқиғалар мен мәселелер туралы халықтың хабардар болуын арттыруда, сондай-ақ қоғам мен медициналық ұйымдар арасындағы диалогты дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты.Айта кетейік, мұндай форматтағы кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отыр және бұл – басқарма басшысының алдағы жұмысындағы негізгі қағидаттардың бірі. Ержан Әбілқасымұлының айтуынша, белсенді БАҚ өкілдерімен мұндай кездесулер тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл тәжірибе оң нәтижелерге әкеледі деп күтілуде.Кездесу барысында журналистер алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жедел жәрдем қызметі, ауылдық амбулаториялар құрылысы сынды өзекті мәселелерді көтерді. Өз кезегінде, басқарма тізгінін қолға алғанына 20 күннен асқан Ержан Әбілқасымұлы, аталған саланы дамытуда инвесторларды тарту маңызды екенін айтып, бұл медициналық қызметтердің сапасын арттыру мен көтерілген проблемаларды шешудің жолы болатынын атап өтті.Жақын арада облыста жаңа форматтағы call-орталық ашылады деп жоспарлануда. Бұл – Алматы облысы тұрғындарымен тиімді коммуникацияны қамтамасыз ететін жеке бөлімше немесе мамандандырылған бөлім құруды көздейді.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауруханалар директорларының алдағы жұмысына ерекше назар аударып, олардың көшбасшылық қабілеті, басқарушылық дағдылары, кәсіби біліктілігі, жұмыс нәтижелілігі және медициналық көмектің сапасына әрі пациенттердің қанағаттануына әсерін бағалау жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл бағытта Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ғалымжанқызы Ракишеваның жұмысы үлгі ретінде аталып өтті.Кездесу соңында БАҚ өкілдері Ержан Әбілқасымұлына ашық диалог пен шақырту үшін алғыстарын білдіріп, мұндай тәжірибе болашақта облыстағы барлық медициналық ұйымдардың жұмысына оң ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1005236?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Руанданың ынтымақтастық перспективалары талқыланды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге алғашқы рет келген Руанданың Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Оливье Ндухунгирехемен кездесу өткізді. Кездесу Руанда Президенті Поль Кагаменің ү.ж. 28-29 мамырға жоспарланған Қазақстанға ресми сапары аясында өтті.Министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды қамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылады.«Біз Руанданы еліміздің Африкадағы досы және маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз. Бірлескен күш-жігеріміз Президент П.Кагаме сапарының сәтті өтуін қамтамасыз ететініне сенімдімін, бұл Қазақстан-Руанда қатынастарындағы жаңа тараудың басталуына жол ашады», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Сауда, логистика, қорғаныс өнеркәсібі және цифрландыру сияқты басым салалардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Осы ретте тараптар шарттық-құқықтық базаны жетілдіру және түрлі деңгейлерде сапарлар алмасу тәжірибесін нығайту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Транскаспий халықаралық көлік бағдарының жаһандық нарықтардың өзара байланыстығындағы рөлінің артуын ескере отырып, екі ел мен олардың аймақтары арасында транзит және логистика маршруттарын дамытудың маңыздылығы аталып өтті.Қазақ тарапы бизнес байланыстарын нығайту және сауда палаталары арасындағы тікелей ынтымақтастықты қолдау мақсатында өзара сауда делегацияларын ұйымдастыруды ұсынды.Қазақстанның «e-Gov» жүйесіндегі жетістіктері мен «Smart Rwanda Initiative» бағдарламасын ескере отырып, тараптар IT секторында, соның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі технопарк – «Astana Hub»-тың негізінде серіктестікті дамыту перспективаларын қарастырды.Бұған қоса сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Кездесу қорытындысы бойынша серіктестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығы аталып, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1005250?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА 29.05.2025
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы1. Жалпы ақпаратҰлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы.Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласыӨткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жылҚатысушылардың келу күні: 18 маусым Қайту күні: 21 маусымБайқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру.2. ҚатысушыларБайқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және    1 жетекшіден тұрады.3. НоминацияларБайқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:«Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.«Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.«Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау.4. Шығындар мен ұйымдастыру мәселелеріҚатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады.5. Танымдық-мәдени бағдарламаБайқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру.6. Қосымша ақпаратБайқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kzБайланыс мекенжайы:Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинетТел.: +7 (7172) 57 65 63E-mail: info@daryn.kz Конкурстың ұйымдастыру комитеті«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1005270?lang=kk
Астанада жетекші мамандар заманауи әскери медицинаның жетістіктерін талқылады 29.05.2025
Бас әскери клиникалық госпиталь Астана медицина университетімен бірлесіп, Қазақстанның Қарулы күштеріндегі әскери медицинаның рөлі жөнінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.  Оған ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасынан, Ұлттық ғылыми медициналық орталығынан, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан, Астана медицина университетінен және басқа да мекемелерден 200-ден астам жетекші медицина маманы қатысты.Конференция шеңберінде еліміздің жетекші профессорларының қатысуымен пленарлық сессия, оған қоса жас ғалымдардың постерлік сессиясы өтті.Жетекші мамандар инфекцияларды диагностикалаудың заманауи тәсілдері және аяқ диабеті синдромын емдеу әдістері туралы айтты. Бұдан бөлек ұрыс қимылы жүріп жатқан аймақта медициналық көмекті ұйымдастыруға назар аударылды. Бірегей инновациялық әдістерді қолдана отырып, жауынгерлік жарақатты емдеу нәтижелері талқыланды.Конференцияға қатысушылар оқу-жаттығу жиыны кезінде жоғары медициналық оқу орындарының әскери кафедралары жанындағы запастағы медициналық қызмет офицерлерін оқыту тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен жауынгерлік қабілетін қалпына келтірудегі әскери-медициналық оңалтудың рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005275?lang=kk
Талғар ауданында «Заң және тәртіп» сабағы енгізіледі 29.05.2025
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасын іске асыру аясында Алматы облысының Талғар ауданындағы бірқатар мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу сабағы енгізіледі.Жобаны жүзеге асыру мәселелері Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың өңірге жұмыс сапары барысында өткен кеңесте талқыланды.Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында «Қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деген болатын.Құқықтық сана мен тәртіпке құрметті қалыптастыру бала кезден басталуы тиіс. Бұл жоба осы маңызды міндетті жүзеге асыруды көздейді.Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық білім басқармасының басшылығы мен педагогтар қауымдастығы қатысты. Оның қорытындысы бойынша жобаны Талғар ауданындағы 3 колледж бен 10 мектепте пилоттық негізде енгізу туралы шешім қабылданды. Сабақтар жаңа оқу жылынан бастап 7–10-сыныпта оқитын 7 500-ден астам оқушыны қамтитын болады.Жобаны Оқу-ағарту министрлігі мен Бас прокуратура бірлесіп әзірледі. Оның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында заң үстемдігіне, азаматтық жауапкершілікке және Отанға адал қызмет етуге деген саналы көзқарас қалыптастыру.Сабақ барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, буллингке қарсы күрес, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ гуманистік құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.Курсты жүргізетін негізгі тұлғалар – құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарған, мол тәжірибесі бар ардагер мамандар. Бас прокуратура қоғам мен мемлекетке адал қызмет етудің үлгісін көрсете алатын 26 білікті маманнан құралған арнайы оқытушылар тобын дайындады.«Адал әрі жауапты азамат тәрбиелеу – мемлекеттік саясаттың стратегиялық міндеті. Заң – кез келген мемлекеттің берік іргетасы. Заңға құрмет болған жерде әділет, қауіпсіздік және даму болады. Сондықтан жас ұрпаққа құқық пен тәртіпке деген саналы көзқарас қалыптастыру – бәріміздің ортақ парызымыз. Жаңа оқу курсы дәл осы құндылықтарды насихаттауға бағытталған», деді  Арман Қырықбаев.Пилоттық кезең өз тиімділігін дәлелдесе, жоба еліміздің басқа өңірлерінде де кеңінен жүзеге асырылады.Кеңес соңында Арман Қырықбаев жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, жобаның барлық кезеңде сапалы әрі нәтижелі орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1005279?lang=kk