Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Әсет Cүлейменовті еске алуға арналған облыстық турнир басталды 20.05.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен спорт әлеміне өзіндік үлес қосқан талантты спортшы Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирдің ашылу рәсімі өтті.Аудан басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталды.- Жүз жыраудың мекені, түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан Қасиетті Қармақшыға қош келдіңіздер!Баршаңызды талантты спортшы Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», – деген болатын.Ауданымызда соңғы 2 жылда аймақ басшысының қолдауымен 4 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы Жосалы кенті, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Ақжар, Иіркөл және Төребай би ауылдық округтерінде балаларға арналған спорт және ойын алаңдары салынса, биыл Жосалы, Төретам кенттері мен ІІІ Интернационал ауылында салу жоспарлануда.Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін», – деді Ж.Еркінбек.Айта кетейік, Әсет Сүлейменов 1969 жылы дүниеге келген. Ол өзінің қайсарлығы мен дарындылығының арқасында көптеген республикалық додаларда жүлделі орыннан көрініп, «КСРО спорт шеберіне үміткер» спорттық атағына ие болған. 1986 жылы еңбек жолын аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған ол кейіннен ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/995806?lang=kk
Италия СІМ-де Италия мен Орталық Азия арасындағы серіктестікке арналған семинар өтті 20.05.2025
Рим, 14 мамыр 2025 жыл, - Семинарды Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі «Vision and Global Trends» геосаяси зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның жұмысына Италия СІМ басшылығы, Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елшілері, Италияның мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының, білім беру мекемелерінің өкілдері, дипломаттар, сарапшылар мен журналистер қатысты. Іс-шараның мақсаты - Италия мен Орталық Азия арасындағы өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылау.Семинардың ашылуында сөз сөйлеген Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Э.Чириелли Орталық Азияның әлемдегі өсіп келе жатқан стратегиялық маңыздылығын және аймақты Италиямен біріктіретін терең байланыстарды атап өтті. Э.Чириеллидің айтуынша, аймақтық деңгейде Италия саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында «ОА+Италия» форматында Орталық Азияның бес елімен мерзімді консультациялар тетігін іске қосқан алғашқы еуропалық ел болды.Семинарда баяндама жасаған ҚР Италиядағы Елшісі Е.Сембаев Италия Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Біздің елдерімізді өзара құрметке, сенімге және ынтымақтастыққа прагматикалық тұрғыда негізделген берік қатынастар байланыстырады. Италия Қазақстанның аса ірі сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы рекордтық 20 млрд долларға жетті.«Ең жоғары деңгейде қалыптасқан тығыз саяси диалог соңғы жылдары айтарлықтай жандана түсті. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың өткен жылғы Римге сапары, сондай-ақ Премьер-Министр Дж.Мелонидің Астанаға жауап сапары осы оң үрдісті айқын растайды. Еуропалық Одақтың жетекші саяси және экономикалық орталықтарының бірі – Италиямен ынтымақтастық Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие және серіктестікті одан әрі нығайту үшін кең перспективалар ашады», - деді Е.Сембаев.Елші Е.Сембаевтың айтуынша, Орталық Азия тұрақты даму саласында да, өзара тиімді халықаралық байланыстарды кеңейту тұрғысында да зор әлеуетке ие өңір болып табылады. Өңірдің бірегей геостратегиялық жағдайы, елеулі экономикалық әлеуеті және жас халқы бар, бұл әріптестіктің жаңа нысандарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.«Өңірдің барлық елдерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында Орталық Азия өзін халықаралық саясаттағы белсенді ойыншы ретінде танытуда. Бүгін біз геосаяси шиеленістің өсуіне, аймақтық қақтығыстардың өршуіне және жаһандық сауда бәсекелестігінің күшеюіне куә болып отырмыз. Серпінді геосаяси өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту стратегиялық маңызға ие болатынына мен кәміл сенімдімін», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.Елші Е.Сембаев Италияның Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы маңызды байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, ЕО-дағы белсенді ұстанымының арқасында Италия диалогты дамытуға, өзара түсіністікті нығайтуға және өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде практикалық бастамаларды іске асыруға маңызды үлес қосуда.Семинарда Қырғызстан Елшісі Т.Базарбаев, Тәжікстан Елшісі Ж.Убайдулло, Түркіменстан Елшісі Т.Көмеков және Өзбекстан Елшісі А.Файзуллаев баяндама жасап, іс-шараға қатысушыларға өз елдерінің Италиямен қатынастарын дамыту жөнінде айтып берді.Семинар аясында іс-шараға қатысушыларға Италия Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі А.Таянидің құттықтау хаты оқылды.Сонымен қатар, іс-шарада халықаралық ұйымдардың итальяндық қоғамының президенті Р.Сесса, Италия СІМ жанындағы Италия-Орталық Азия министрлік кездесуінің үйлестірушісі Ф.Фаилла, білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі итальяндық агенттіктің директоры М.Рускони, сондай-ақ түрлі итальяндық мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/995758?lang=kk
Жандос Шаймарданов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.  1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған. 2010–2013 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ менеджері.     2013–2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.2016–2019 жылдары — Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры. 2019–2020 жылдары — «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.2020–2022 жылдары — ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.  2022–2023 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.2023–2025 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/995732?lang=kk
Қазақстан мен ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті 20.05.2025
Астана, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанға жұмыс сапары аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Экономикалық және экологиялық қызмет жөніндегі үйлестірушісі Бақыт Жүсіповпен кездесу өткізді.Министрдің орынбасары ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық (екінші) өлшемі қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайында диалог пен сенімді нығайтудың маңызды платформасы екенін атап өтті. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Тараптар ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемі аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын, оның ішінде орнықты даму, көлік байланыстылығы, қоршаған ортаны қорғау, климат мәселелері, сыбайлас жемқорлықпен және заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатумен күрес мәселелерін талқылады.Р.Василенко Экономикалық-экологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші кеңсесінің қазақстандық мемлекеттік органдармен, атап айтқанда, Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетімен тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалады. Өз кезегінде, Б.Жүсіпов Қазақстанның бұл саладағы жинақтаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, мемлекетке қайтарылған қаражаттың әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталуы ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің үлкен қызығушылығын тудырып отырғанын жеткізді.Министрдің орынбасары Астананың ЕҚЫҰ бастамаларына, соның ішінде Каспий өңірінде «жасыл» порттарды дамытуға бағытталған бюджеттен тыс жобаға одан әрі қатысуға дайын екенін растады. Осы жобаның арқасында Ақтау және Құрық порттары Еуропалық теңіз порттары ұйымының (ESPO) «EcoPorts» мәртебесін алып, олардың инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тартуда артықшылықтарға ие болғаны аталып өтті.Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД) маңызды рөлі аталып өтті. 2024 жылы бұл бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі 62%-ға артып, 4,5 млн тоннаны құрады. Р.Василенко Қазақстанның Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді инвестициялар тартып жатқанын айтып, 2027 жылға қарай ТХКД арқылы транзиттік жүк ағынын 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Сонымен қатар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда трансшекаралық байланысты ілгерілетуге бағытталған жаңа ЕҚЫҰ жобасын жүзеге асыруға қызығушылық білдірілді. Бұл жоба Қазақстанның жаһандық сауда жолдарының транзиттік торабындағы рөлін нығайтуға ықпал етеді.Кездесу барысында климаттың өзгеруі мен экология мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат еліміздің климаттың өзгеруінен туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2021 жылғы Стокгольм шешімін қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерді орындауға берік бейілділігін растады.Финляндияның ЕҚЫҰ-дағы қазіргі төрағалығының климаттық күн тәртібі қолдау тапты. Бұл Қазақстанның жоғары деңгейдегі өкілдерінің осы жылдың маусым айында Финляндияда өтетін ЕҚЫҰ-ның Климат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясына қатысуымен расталып отыр.Тараптар 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Өңірлік климаттық саммитке дайындық барысын да талқылады. Осы тақырыптың ЕҚЫҰ үшін маңыздылығын атап өткен Б.Жүсіпов Ұйымның саммитті өткізуге белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Арал теңізі алқабындағы ахуал мен Каспий теңізіндегі экологиялық қатерлерді қоса алғанда, су ресурстары мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Өңірдегі ірі су қоймаларын сақтау үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.Сондай-ақ табиғи апаттар, әсіресе жер сілкіністері кезінде ерте ескерту және жедел ден қою мәселелері және Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және табиғат апаттары қатерлерін азайту орталығымен одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығы қарастырылды.Кездесу соңында Б.Жүсіпов өз Кеңсесіне көрсетіліп отырған тұрақты қолдау үшін Қазақстанға алғысын білдіріп, қазақ тарапымен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/995712?lang=kk
Аустрия Парламентінде Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 20.05.2025
Вена, 2025 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің бастамасымен Орталық Азия елдерінің Елшілері мен Аустрияның Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) делегациясы арасында кездесу өтті. Кездесу барысында өңір елдерінің ЕКПА аясында Аустриямен ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.Кездесуді ашқан Аустрия делегациясының басшысы, Ұлттық кеңестің депутаты Мартин Граф Парламенттік Ассамблея аясында түрлі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия мен Орталық Азия елдерін демократияны нығайтуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді.Қазақстан Республикасының Елшісі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде қазақ-аустриялық қатынастардың даму перспективаларына тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған конституциялық реформа мен демократиялық өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді. Елші Президенттің адам құқықтарын сақтау аясында қоғаммен ашық диалог орнатуға және азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.Елші М.Тілеуберді сондай-ақ ЕКПА аясындағы парламентаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, Қазақстандағы демократиялық процестерге оң баға берген ЕКПА декларацияларын қолдағаны үшін аустриялық депутаттарға ризашылығын білдірді.Орталық Азия елдерінің Елшілері өз елдеріндегі реформалар барысы және Аустриямен екіжақты байланыстар туралы айтып, парламентаралық өзара іс-қимылды, соның ішінде ЕКПА, ЕҚЫҰ ПА және Парламентаралық одақ сияқты көпжақты құрылымдар шеңберінде тереңдетуге мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, олар аустриялық әріптестерді өңірдегі өзгерістер жөнінде әрі қарай хабардар етуге дайын екендерін айтты. Осы тұрғыда ОА елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары Аустрияның ЕКПА делегациясын өңірге сапармен келуге шақырды.Аустрия Парламентінің депутаттары Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың табысты іске асырылып жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Кездесу соңында Мартин Граф әріптестері атынан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдіріп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/995713?lang=kk
Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Халықаралық сауда орталығының Атқарушы директорымен кездесті 20.05.2025
Женева, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық сауда орталығының (ХСО) Атқарушы директоры Памела Коук-Хамильтон ханыммен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ready4Trade – Орталық Азия өңірлік жобасы аясындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен болашағын талқылады. Қ.Төребаев қол жеткізілген нәтижелер үшін алғысын білдіріп, сауданы, электрондық коммерцияны және шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты шеңберіндегі басымдық екенін атап өтті.Жобаның бірінші кезеңі аясында 80-нен астам тауар тобы бойынша ақпаратты қамтитын және 20 000-нан астам пайдаланушыны тартқан Қазақстанның Сауда порталы (tradeinfo.kz) іске қосылды. Шекара маңы саудасын басқару бойынша онлайн курстар мен тренингтер әзірленіп, 3 500-ден астам кәсіпкер қатысты. Электрондық коммерцияны дамытуға ерекше көңіл бөлінді – қазақстандық ШОБ субъектілері 500 мың АҚШ долларынан астам онлайн-сатылымдар жасады, ал ұлттық сарапшылар e-commerce кеңесшісі ретінде даярлықтан өтті. Жобада әйелдердің саудаға қатысуын кеңейту де маңызды орын алды.Жобаның екінші кезеңінің басталуымен Қазақстан мен ХСО болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады: Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Инвестицияларды жеңілдету жөніндегі ДСҰ келісімі шеңберіндегі ынтымақтастық және Еуроодақ енгізіп жатқан Көміртекті түзету механизміне бейімделу.Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік органдары осы бағыттар бойынша ұлттық үйлестірушілерді айқындау процесінде. Қазақстан жақын арада тиісті компоненттер бойынша жұмысты бастауға дайын екенін растады.Өз кезегінде ХСО Атқарушы директоры Памела Коук-Хамильтон шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанды 2025 жылғы 22–24 шілде аралығында Оңтүстік Африкада, Йоханнесбург қаласында өтетін ШОБ мәселелері жөніндегі ғаламдық министрлік кездесуге қатысуға шақырды. Кездесу тақырыбы – «Жаңа бизнес көкжиектерін игеру», негізгі бағыттар: қаржыландыруға қолжетімділік, цифрлық трансформация және жасыл өткел – саудаға негізделген экономикалық жаңғыру драйверлері ретінде қарастырылады.Елші Қайрат Төребаев Қазақстанның бұл іс-шараға қатысуға мүдделілігін растап, халықаралық саудадағы ШОБ рөлін нығайту елдің орнықты даму күн тәртібінің маңызды элементі екенін атап өтті.Қазақстан тарапы ХСО-ның болашақ бастамаларына белсенді қатысуға мүдделілігін растап, сараптамалық әрі саяси деңгейдегі тұрақты диалог пен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында Қайрат Төребаев Қазақстанның Халықаралық сауда орталығымен нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға және елдің жаһандық сауда жүйесіне табысты интеграциялануына бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/995719?lang=kk
Эфиопиядағы Қазақстан Елшілігі дінаралық конференцияға қатысты 20.05.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 13-14 мамыр – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Африканың діни қауымдастықтарына арналған халықаралық конференцияға қатысты: даму саласындағы мақсаттарды ілгерілету, Африка Одағының 2063 жылға дейінгі күн тәртібі және Оңтүстік Африкадағы 2025 жылға арналған «G20» процесі.Конференцияға Африканың әлемдік және дәстүрлі діндерінің көшбасшылары, дінаралық кеңестердің басшылары, дипломаттар, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және сарапшы топтардың өкілдері қатысты. Онда бейбітшілікті орнату, климаттың өзгеруі, білім беру, адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.Конференцияны ұйымдастырушылары Эфиопияның дінаралық кеңесі, Біріккен діни бастама – Африка және Африка Одағының органдарымен серіктестіктегі G20 дінаралық форумы болып табылды.Эфиопия Президенті Ж.М. мырза Тайе Атске-Селассие іс-шараны аша отырып, діни көшбасшылардың Африкадағы бейбітшілікті орнату мен прогреске жәрдемдесудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол дінаралық диалог БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары мен Африка Одағының 2063 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізу үшін тек қана моральдық міндет емес, сонымен қатар практикалық күш екенін, өйткені діни ұйымдар гуманитарлық көмекке, қақтығыстарды шешуге және демократиялық қатысуға елеулі үлес қосып отырғанын баса айтты. Ол африкалықтар мен африкалық текті адамдар үшін әділдік пен өтемақы төлеуге шақырды және Эфиопиядағы ұлттық диалогқа қатысқан діни көшбасшыларға алғысын білдірді.Африка Одағы Комиссиясының төрағасы Ж.М. мырза Махмуд Әли Юсуф өз сөзінде Африка Одағының дін бостандығы мен теңдік қағидаттарына берік екенін мәлімдеді және олардың құрлықтың тұрақты бейбітшілік пен жан-жақты дамуға бағытталған кең ауқымды күш-жігерімен тығыз байланысты екенін атап өтті.Жыл сайынғы конференция дінаралық және мәдениетаралық үйлесімділік пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған және алдағы G20 дінаралық форумына зор үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/995723?lang=kk
БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Атқарушы үйлестірушісінің Алматы қ. сапары 20.05.2025
2025 жылғы 14 мамырда «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Алматы қаласына сапармен келген БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясының қарарына сәйкес 2026 жылы өтетін орнықты даму мақсатында еріктілерді жұмылдырудың Халықаралық жылына дайындық мәселелерін талқылады.Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын институционализациялау туралы қабылданған қарарды іске асыру аясында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының жұмысына ерекше назар аударылды.Атқарушы үйлестіруші Қазақстанның хабты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Алматы қаласының халықаралық және өңірлік орталық ретіндегі тразиттік, қаржылық және мәдени әлеуетін атап өтті.«БҰҰ Плаза» ғимаратына сапары барысында Т. Курбанов Алматы қаласында өз жұмысын жандандырған БҰҰ Еріктілер кеңсесінің жұмысымен танысты.Сонымен қатар, оңтүстік астанаға сапары аясында БҰҰ Еріктілер делегациясы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековпен кездесті және Халықаралық еріктілер жылын дайындау және өткізу шеңберіндегі әкімдіктің іс-шаралары туралы хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/995725?lang=kk
Астана Халықаралық форумы (2025 АХФ) аясында «Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия туралы 20.05.2025
2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «AI және креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Іс-шара Астана Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылады.Форумның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.Астана Халықаралық форумы — жаһандық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында халықаралық ұйымдар мен академиялық мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіретін алаң.Панельдік сессияда сөз сөйлейтін спикерлер:Қазақстан Республикасының Әділет министрі — Сарсембаев Ерлан Жақсылықұлы;Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры — Дарен Танг;Малайзия Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары — Мохамед Датук Нур Джазлан бин Тан Шри;Еуразиялық патент ведомствосының Президенті — Ивлиев Григорий Петрович;Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) — Сұлтанов Бахыт Тұрлыханұлы;және басқа да мәртебелі қонақтар. Форумға қатысу үшін тіркеуден өту қажет: www.astanainternationalforum.orgБАЙЛАНЫС:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  баспасөз қызметі Телефон: +7 (7172) 74-06-21Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/995667?lang=kk
"Болашақ инженерлері" жобасы аясында үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионат 19.05.2025
2025 жылдың 14 мамырында "Болашақ инженерлері" жобасы аясында үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионат өтті. Осакаров ауданынан 4 оқушы өз күштері мен білімдерін сынап көрді.Чемпионат қорытындысы:"Прототиптеу" санатында:- III орынды "Жастар " балалар-жасөспірімдер орталығы" КМҚК оқушысы Максим Кремляков (жетекшісі – А.В. Пак) иеленді;– "Жас техник" номинациясын "№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ оқушысы Райкова Яна (жетекшісі-Пак А.В.) алды."Модельдеу" санатында:- III орынды "№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ оқушысы Насонова Дарья (жетекшісі – Пак А.В.) иеленді.Құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/995597?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының авиациясы 33 жылдық мерейтойын атап өтті 19.05.2025
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.2024 жылы Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында авиациялық базаның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты.Бүгінде Ұлттық ұлан авиациясының қызметтік және жауынгерлік мақсатта қолдану ауқымы бірнеше есе артқан. 3656 әскери бөлімінің жеке құрамы өзіне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындап келеді.Бұл халықаралық «Өзара іс-қимыл», «Кобальт», «Антитеррор» оқу-жаттығуларында, сондай-ақ ел аумағында ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы «Канал», «Қарасора» арнайы операциялары кезінде дәлелденді.Әскери бөлімнің ерекше мақтанышы – халықаралық гуманитарлық миссиялар. Қазақстандық әскери ұшқыштар Сирия, Түркия және Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізіп, жоғары кәсібилікті, табандылықты және борышына адалдықты көрсетті.Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелері құтқарушылармен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысты. Табиғи апатпен күреске әскери авиация да жұмылдырылды. Тасымалдау қиын аймақтардан адамдар эвакуацияланып, халыққа гуманитарлық жүк жеткізілді.– Тәуелсіздік жылдары ішінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің жеке құрамы еліміздің конституциялық құрылымын қорғау мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ең күрделі міндеттерді орындай алатын ішкі істер органдарының сенімді әрі тиімді құрылымы екенін дәлелдеді. Сіздер аға буынның ісін лайықты жалғастырып, Талғат Бигелдинов пен Нұркен Әбдіров сынды батыр бабалардың жолын абыроймен жалғастырып келесіздер, – деп атап өтті бөлім командирі полковник Дмитрий Бастер.Ұлттық ұлан авиациясы – бұл тек техника мен ұшқыштардан тұрмайды.  Бұл – ел тыныштығы мен тұрақтылығына күн сайын үлес қосып жүрген кәсіби мамандардан құралған ұйымшыл әскери орта. Қазақстанның мемлекеттік авиациясы құрамында Қарулы Күштер мен ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерімен қатар, Ұлттық ұлан авиациясы – мемлекеттің ең технологиялық, мобильді және жауынгерлік қабілеті жоғары құрылымдарының бірі.Айта кету керек, Ұлттық ұлан авиациялық базасының елордада орналасуы тапсырмаларды орындау кезінде күштер мен керек-жарақтарды уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/995605?lang=kk
Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті 19.05.2025
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:1) Қостанай қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы;2) Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен қала аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы.Қостанай қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы мәселені қарау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына сәйкес депутаттар – комиссия мүшелері Қостанай қаласының әкімі Жүндібаев Мараттың есебін тыңдады.Сондай-ақ, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Испудинов депутаттар алдында 2024 жылға арналған қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы баяндама жасады.Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Қожұқов пен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері де өз ақпараттарын ортаға салды.Сонымен қатар, мәслихат уәкілеттік берген тұлға Дмитрий Павленко 2024 жылға арналған бюджет туралы қорытындыны ұсынды.«Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қала аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы» күн тәртібіндегі екінші мәселесін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қостанай қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ басшысы Аслан Махмұтов таныстырды.Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бірауыздан дауыс беріп, күн тәртібіндегі мәселелерді Қостанай қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясының бекітуіне ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/995581?lang=kk
Ауыл шаруашылығы экономиканың өсуіне ықпал ете отырып, 3,9%-ға артты 19.05.2025
2025 жылғы төрт айдың алдын ала қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ 6%-ға өскен. Оған экономиканың негізгі салаларындағы, әсіресе, 3,9% деңгейінде өсу тіркелген ауыл шаруашылығындағы оң динамика ықпал етті.Ауыл шаруашылығы секторы Қазақстанның сапалы өнім өндіруші әрі сенімді экспорттаушы ретіндегі позициясын нығайта отырып, орнықты оң серпінді сақтап отыр. Қаңтар-сәуірдегі жалпы өнім индексі 3,9%. Ал 2024 жылғы қорытынды бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,7% - ға артып, 8,3 трлн теңгеге жетті.5 жыл ішінде (2020-2024 жж.) агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) субсидиялауға 2,1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінген. 2024 жылы алғаш рет көктемгі егіс пен егін жинауға қаржы бөлу көлемі 3 еседен асып, рекордтық 580 млрд. теңгеге жеткізілген еді. Бұрын бұл көлем 180 млрд. теңгеден аспаған.Фермерлерге жылдық 5% жеңілдікпен несие берілді. Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік тағайындалады. Бұл шаралар аграршыларға өндірістің тиімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, заманауи агротехнологияларды белсенді енгізуге мүмкіндік берді.Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,6 есеге, 2020 жылғы 565,4 млрд теңгеден 2024 жылы 919 млрд теңгеге дейін өсті. Осыған ұқсас өсімді тамақ өнеркәсібіне салынған инвестиция көрсетті. Мұнда 109,1 млрд теңгеден 180,8 млрд теңгеге дейін артқан.Саладағы еңбек өнімділігі де тұрақты өсуде: 2023 жылы ол бір жұмыспен қамтылған адамға шаққанда, 4,2 млн теңгеге жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7 есе жоғары.Қазақстандық тауарлар ОА, ЕО және Таяу Шығыс елдерінде сәтімен сатылуда. 5 жыл ішінде АӨК өнімінің экспорты 1,7 есеге өсіп, 2024 жылы 5,1 млрд АҚШ долларына жетті.Тұрақты даму үшін АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асырылуда. Ол дақылды әртараптандыруға, өңдеуді 70%-ға ұлғайтуға, егін көлемі мен еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ инвестиция тартуға және отандық селекцияны тұқыммен 80%-ға қамтамасыз етуге қызмет етеді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/995569?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/995933?lang=kk
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оқу жылының соңында ескертеді: ақша жинауға тыйым салынады 19.05.2025
Білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы қарсаңында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстың білім басқармасымен бірлесіп өңірдің білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға колледж, мектеп және балабақша директорлары қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков іс-шараға қатысушыларға елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ білім беру саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ, «Фаворит» бухгалтерлік есеп жүргізудің бұлтты жүйесін енгізу бойынша туындап жатқан проблемалық мәселелерге ерекше назар аударды.Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуы қарсаңында А.Ашиков түлектерден ақшалай қаражат пен сыйлықтардың заңсыз жиналуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.«Агенттіктің 1424 колл-орталығына ата-аналардан мектептердегі заңсыз ақша жинау фактілері бойынша өтініштер келіп түсуде. Ең көп шағымдар оқу жылының соңында келеді. Мұғалімдерге, директорларға және басқа қызметкерлерге еңбектері үшін материалдық алғыс айту "дәстүр" болып саналады. Алайда, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін есте ұстаған жөн. Сыйлықтарға ақша жинауға тыйым салынады. Түлектер өздерінің алғыс сөздерін дәстүрлі гүл шоғын сыйлау, қайырымдылық бастамаларына қатысу немесе, мысалы, ағаш отырғызу арқылы білдіре алады", — деп атап өтті А.Ашиков.Өз кезегінде ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ахмадиева облыстың білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар», сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтып берді.Кездесу соңында тараптар білім беру ортасында адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/995554?lang=kk
Ағымдағы жылдың 14 мамырында Алешин ауылдық округінде халықпен есептік кездесу өтті, оның барысында Меңдіқара ауданының 2025 жылға арналған даму жоспарлары ұсынылды. 19.05.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/995519?lang=kk
"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң: бизнес-процестерді автоматтандыру. 19.05.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген заң сатып алудың ашық әрі қолжетімді жүйесін қалыптастырады. Біріңғай платформа арқылы тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе жеткізуші ретінде онлайн режимде қатысуға болады.Портал сатып алуға қатысты барлық ақпаратты-техникалық сипаттамалардан бастап шарттардың орындалуына дейін- ашық ұсынады. Бұл жүйенің ашықтығы мен бақылауын арттырады. Негізгі жаңалықтардың бірі-рейтингтік -баллдық жүйенің еңгізілуі. Жеңімпаз конкурс комиссиясының араласуынсыз, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде анықталады. Мұндай конкурстардың қорытындылары дауланбайды.Конкурс өткізу мерзімі -5 жұмыс күні. 2023 жылғы қыркүйектен бастап құрылыс-монтаж және жобалау жұмыстары осы жүйе арқылы жүргізіледі, ал 2024 жылғы ақпаннан бастап техникалық қадағалау қызметтері де қосылды.Заң шағын және орта бизресті қолдап, бюджеттік шығындардың тиімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/995534?lang=kk
«Нұрғисаға сағыныш» – Ұлы композиторға арналған шығармашылық кеш өтті! 19.05.2025
Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында композитор, дирижер, КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбековтың «Нұрғисаға сағыныш» атты шығармашылық концерті өтті.Бұл концертің басты мақсаты – қазақ музыкасының асыл қазынасы болған ұлы тұлғаның шығармашылығын кеңінен насихат­тап, оның өнерін ұлықтау болып табылады.Нұрғиса Атабайұлы – қазақ музыкасының ұлы тұлғасы, өз өнері­мен ұлттық мәдениеттің терең тамырларын жаңғыртып, оны жаңа деңгейге көтерген композитор, дирижер және орындаушы.Концерт Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылып, көрермендерге «Жүрегім менің», «Бұлбұл», «Аққу», «Ақмарал», «Махаббат», «Жетісуым» сынды шығармалар ұсынылды.Кешті – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Марал Анарбек жүргізді.Кеш қонақтары «Күреңбел» триосы, Інжу Бақбергенқызы, Жомарт Такебаев және Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамблі өнер көрсетті.Бұл кеш – Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық мұрасына деген құрметтің, оның шығармашылығына деген сағыныштың көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/995508?lang=kk
Қонаев қаласында Халықаралық мейірбике күні аталып өтті 19.05.2025
Бүгін Қонаев қаласында Халықаралық мейірбике күні аталып өтті. Салтанатты жиында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серікбаева Лейла Пернебайқызы мейірбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.- Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге әр науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, қамқорлық танытып, шыдамдылық пен мейірімділік көрсете білгеніңіз үшін денсаулық сақтау басқармасы атынан шын жүректен алғыс білдіремін.Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, бақыт, кәсіби өсу және табыс тілеймін! - деді Лейла Пернебайқызы.Салтанатты жиында Талғар аудандық орталық ауруханасың мейірбикесі Фарида Аскарова және Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» мейірбикесі Галия Темиргалиева «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының мейірбикесі Раушан Омарбекова және Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мейірбикесі Клара Есенова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.Сонымен қатар мейірбикелер кәсіби мерекеге орай Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет граммотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.Естеріңізге сала кетсек, бұл күнді мейірбике ісі қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнін атап өту үшін 1974 жылы Халықаралық мейірбике ісі кеңесі таңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/995511?lang=kk
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Меңдіқара ауданының әкімдігінде мас күйінде жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді. 19.05.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/995515?lang=kk
«Заң үстемдігі - Жаңа Қазақстан қағидаты» тақырыбы төңірегінде сұхбат 19.05.2025
   2025 жылдың 14 мамырында ҚР Конституциясының 30 жыдығын атап өту қарсаңында облыстық "Заңгер" палатасының заң кеңесшісі Аида Серикова «Qostanai TV» телеарнасы «Бірінші студия» бағдарламасында «Заң үстемдігі - Жаңа Қазақстан қағидаты» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.   Сілтеме: https://youtu.be/2YFJgS8JLdc?si=y-ExH_9XIIO4SpPG Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/995495?lang=kk