Жаңалықтар
Өрт қауіпсіздігі ережелері 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/opred-mamlyut/press/news/details/980882?lang=kk
📌"- Газбен жабдықтауға қалай қосылуға болады?" Қазақстан бойынша газдандыру процесі жеңілдетілді: eGov.kz арқылы онлайн өтінімдер 18.05.2025
2023 жылдың қазан айының басынан бастап Қазақстан азаматтары өздерінің тұрғын үйлері мен объектілерін газдандыру үшін техникалық шарттарды eGov.kz порталынан онлайн ала бастады. EGov.kz порталындағы осы жаңа қызметтің іске қосылуы үшін ҚР Энергетика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс істеді.Қысқа уақыт ішінде 300-ден астам азамат eGov.kz порталы арқылы техникалық шарттарды алуға өтінім берді. Барлық берілген өтінімдер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі операциялық қызметтерінде тіркеледі және өңделеді. Бүгінгі таңда өтінімдердің көбі Қостанай, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.Айта кетейік, жеке тұлғалар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыруға қажетті техникалық шарттарды алуға, өз үйлерінен шықпай-ақ, өтінім бере алады. Техникалық шарттарды беруді қарастыру мен беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.EGov.kz порталында объектілерді және тұрғын үйлерді газдандыруға техникалық шарттарды алу үшін азаматтар бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасауы керек:kz порталында жеке тіркеуден өту;Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;Тұрғылықты мекенжайды таңдау;Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.Газдандыру қалалар мен шалғайдағы кенттердің дамуына оң әсер етеді, өндірістік және әлеуметтік саланы одан әрі дамыту үшін мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/980933?lang=kk
Қарабөгет ауылдық округінің жас спортшыларының жеңістері 18.05.2025
Қарағанды қаласында грек-рим еркін және әйелдер күресінен U15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Қарабөгет ауылдық округінің жас спортшылары Аментай Марғұлан 35 кг салмақта 1 орын Алтын медаль, Жұмабекқызы Аяжан 35 кг салмақта 3 орын Қола медальын алды.Жас спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!Алар асу, бағындырар белестеріңіз көп болғай! Әрқашан ауылымыздың атын әлемге танытуларыңызға тілектеспіз!Жаттықтырушы Мағамбетов Маулен!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/981208?lang=kk
Қарабөгет ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлері Талдықорған қаласы , М.Мақатаевьың "Армысыңдар адамдар" облыстық байқауына қатысып жүлделі 3 орын иеленді 18.05.2025
Қарабөгет ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері Талдықорған қаласы , М.Мақатаевьың "Армысыңдар адамдар" облыстық байқауына қатысып жүлделі 3 орын иеленіп 70 000теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Алар асу бағындырар белестеріңіз көп болғай!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/981216?lang=kk
Ескерткішім естелігім тазалық акциясы 18.05.2025
Қарабөгет ауылдық округінде "Ескерткішім естелігім" атты тазалық акциясы өткізілді. Акция аясында Ұлы Отан Соғысының боздақтарына арналған ескерткішке тазалық жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/981242?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлерінің құремтіне ұрпақтары гүл отырғызды 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орайҰОС ардагерлері,мектеп мұғалімдері болып қызмет атқарған Тлеубаев Р.Т.,Садықов Б.С., тыл ардагері Мәукенбаева Б.А. ұрпақтары мектепте мамыргүл (сирень) және ақгүл (акация) гүлін отырғызды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері,география пәнінің мұғалімі болған, Габдуллин Т.Г. шөбересі 6"ә" сынып оқушысы Берік Әсет атасына арнап мамыргүл отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/981253?lang=kk
23 сәуір- Ұлттық кітап күніне орай облыстық, қалалық пен біріктірілген «Абай әлемі» атты танымдық ойын өткізілді. 18.05.2025
«№ 44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобалары мен құндылықтарын бастауыш сыныптың оқу процесіне интеграциялау» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық семинарда мектеп кітапханасында 23 сәуір- Ұлттық кітап күніне орай облыстық, қалалық пен біріктірілген «Абай әлемі» атты танымдық ойын өткізілді.Мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын тану. Абай шығармаларындағы тәрбиелік мәнін ұғыну.Өлең, нақыл сөз, мысал арқылы ой қорыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей#АПҚО_Абай_облысы_Семей#Балаларкітапханасы#БалаКөзімен #23сәуір-Ұлттық кітап күніАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/981332?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ МЕН ТҮРІКМЕНСТАН ХАЛК МАСЛАХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ TURKISTAN ВИЗИТ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ 18.05.2025
Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар, шығыс базары және шағын қонақ үйлер орналаспақ.Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Президенті мен Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жәдігерлермен танысты.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/981337?lang=kk
1 МАМЫРДАН БАСТАП МОБИЛДІК БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ӨЗГЕРУДЕ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БАРЛЫҒЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ 18.05.2025
Жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша шағымдарға байланысты және шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізеді.Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты.Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;● 20: 00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.Мұндай шақыртулар ресурстардың жедел көмекке мұқтаж, өміріне қауіп төндіретін жағдайлары бар пациенттерге бара алмай қалатынын мойындау керек. Өзгерістер жүктемені оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға және бүкіл ЖМЖ жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Енді медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары шақыртуларға шығып, пациенттердің үйіне жоспарлы түрде баруды жүзеге асыратын болады. Бұл азаматтардың денсаулық жағдайын уақтылы бақылауды қамтамасыз етуге, әсіресе созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайының нашарлауына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.МСАК мобилдік бригадалары 25 мың тұрғынға бір бригада есебінен құрылады. Олар пациенттің тұрғылықты жері немесе бекітілуіне қарамастан нақты келген жері бойынша жұмыс істейді.Қажет болған жағдайда мобилдік бригадалармен арнайы бағыттағы мамандар да бірге болады, атап айтқанда балаларға көмек педиатрдың қатысуымен, ересектерге — пациент жағдайының сипаты мен ауырлығына байланысты арнайы мамандарды (кардиологтар, невропатологтар және басқа дәрігерлер) тарта отырып көрсетілетін болады. Бұл тәсіл жоғары сапалы атаулы медициналық көмек көрсетеді.Жедел жәрдемді шақырту механизмі өзгеріссіз қалады - 103 нөмірін теру арқылы азаматтар тәуліктің кез келген уақытында шұғыл медициналық көмекке қоңырау шала алады. Пациенттің жағдайы өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайларда жедел жәрдем бригадасы аптаның күні мен тәулік уақытына қарамастан келеді.МСАК мобилдік бригадасының шақыртуға келу уақыты - 60 минутқа дейін. Барынша шұғыл санаттар үшін мынадай нормативтер: 10 минут — бірінші, 15 минут — екінші және 30 минут — үшінші санаттағы шақыртулар үшін көзделген.Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жедел жәрдем қызметі 2, 1 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Ең көп өтініштер жеделділіктің 4-санаты бойынша тіркелді-763 463 шақырту, оның 518 мыңнан астамына МСАК мобилдік бригадалары қызмет көрсетті. 1-санат бойынша шақыртулардың саны 104 443, 2-санат бойынша — 642 312, 3-санат бойынша — 574 580 шақыртуды құрады.Есепті кезеңде сәтті реанимация көрсеткіші 55,6%-ға дейін өсті, бұл шұғыл көмек көрсету ретіндегі оң динамиканы көрсетеді.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл көмекке мұқтаж әрбір адам үшін жедел медициналық көмекке шақырту қолжетімді болып қалатынын атап өтті. Өзгерістер жүйенің тиімділігін арттыруға, күту уақытын қысқартуға және барлық деңгейлерде медициналық көмекті жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/981346?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК БАСПАНА КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖӘНЕ ТЕК КЕЗЕК БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ 18.05.2025
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй қорынан пәтер алу, жердің нысаналы мақсатын өзгерту, шағын кәсіпкерлікті дамытуға жер бөліп, тау баурайындағы демалыс аймағына электр жүйесін жүргізуді өтінді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, ардагерлерге көше атын беру, Ленгір қаласы Қапал батыр көшесіндегі Мәуліт мешітінің жанына автотұрақ салып, жол қауіпсіздігін сақтау үшін кедергілер орнатуды сұранды.Аудан басшысы пәтерге қатысты сұрақ қойып, өтінішпен келген азаматтарға Төлеби ауданында тұрғын үй кезегінде 6 мыңнан астам тіркелгенін, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіппен және кезек ретімен берілетінін түсіндірді.Ешкімге кезексіз үй берілмейді. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде және тек кезек бойынша беріледі. Заңда көрсетілген санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтардың құқығы бірдей болғандықтан, ешкімге артықшылық жасалмайтынын айтты.Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнін кең көлемде дәріптеу және батырлардың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу жөніндегі "Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін елді мекендерге, көшелерге, оқу орындарына беру үшін ономастикалық комиссияға ұсыныс берілетінін жеткізді.Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қабылдау барысында азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар сауалына жіті назар аударған аудан басшысы салаға жауапты орынбасарларына, бөлім басшыларына мәселелердің заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/981354?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 18.05.2025
Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан құрылған аттестациялық комиссияның алғашқы отырысы өтті.Жиынға басқарма басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова қатысып, аттестациялаудың жаңа форматы, енгізілген өзгерістер және “USTAZ” платформасы арқылы өтетін үдеріс туралы кеңінен баяндады. Кездесу барысында комиссия төрағасы болып Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева сайланды.Аттестациялық комиссияның басты мақсаты — білім беру ұйымдарындағы педагогтер мен басшылық құрамды әділ және ашық түрде бағалау, біліктілік санаттарын беру. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді басшы немесе орынбасар лауазымына тағайындалған тұлғаларға арнайы талаптар аясында аттестаттаусыз біліктілік санаты беріледі. Бұл норма көшбасшылық даярлық бағдарламаларынан өткен, кадр резервіндегі және мемлекеттік қызмет өтілі бар мамандарға қатысты. Отырыста осы талаптар бойынша келіп түскен 11 өтініш мақұлданып, үміткерлерге тиісті біліктілік санаттары берілді.Бұл шешім – басқарушы кадрлардың кәсіби дамуына жол ашатын маңызды бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981604?lang=kk
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМГЕ ҚАДАМ: АБАЙ ЕРҒАЛИДЫҢ ЖЕТІСТІГІ 18.05.2025
Шымкент қаласындағы “Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Абай Ерғали халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетіп, әлемнің 6 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алды. Оның қатарында АҚШ, Гонконг және Дубайдың жетекші университеттері бар. Атап айтқанда, Абай білім алуға шақырту алған оқу орындары: Drexel University ($142,800 – A. J. Drexel Scholarship), Albion College ($184,000 – Scholarship), Ithaca College ($124,000 – Scholarship), Hong Kong University of Science and Technology (HKUST), City University of Hong Kong (толық оқу ақысы гранты) және Wollongong University (Дубай). Абайға ұсынылған жалпы стипендия көлемі 450 000 АҚШ долларына жуық.Бұл жетістік — білімге деген талпыныс пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Абайдың арманы — болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосатын жоғары білікті маман болу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981609?lang=kk
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АБУ-ДАБИДЕГІ MBZUAI ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕ БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАДЫ 18.05.2025
Шымкент қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Мырзақасым Ақтөре беделді 10 мемлекеттің университеттерінен шақырту алды. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі Mohamed Bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI) университетінің шақыртуын қабыл алып, Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында “Бизнестегі жасанды интеллект” мамандығы бойынша жоғары білім алатын болды. Ақтөре шақырту алған беделді университеттер қатарында The University of Hong Kong (HKU), NYU Shanghai, Aalto University (Финляндия), Drexel University (АҚШ) және Mohamed Bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI, БАӘ) бар. Ақтөренің жетістігі — табандылық пен білімге деген құштарлықтың жарқын үлгісі. Ол болашақта жасанды интеллект саласында елге қызмет етуді армандайды. Ақтөреге тек сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981610?lang=kk
Ұлы ғалым-химик, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар 18.05.2025
Ұлы ғалым-химик, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында мектеп - гимназиясында «Оның тағдыры күндерді сұрыптау» тақырыбында конференция өтті. Мектеп директоры Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы конференция қонақтарын қатысушыларға таныстырды. Аталған форумда Қарағанды қаласының туыстары құрметті қонақтар болды: Нұрсұлу Ибраевна Бөкетова, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, жиені, Айсұлу Қамзабайқызы Бөкетова, Ермек Көбегенқызы Келмағамбетова-Қарағанды қ. Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары.Конференция жұмысына: М. Қозыбаев атындағы СҚУ тарих ғылымдарының кандидаты - А.А.Плешаков, Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Н.А. Набиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадықызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қ. Ж.Шаниев, Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінің директоры Н.Ж.Билялова, аудандық мұражай директоры М.Ж.Таушарова, аудандық кітапхана өкілі Т.В.Фогель, қала мектептерінің педагогтары мен оқушылары қатысты. Сөз сөйлегендер академиктің өмірбаянының маңызды сәттерін атап өтті, еліміздің металлургия және химия салаларына елеулі үлес қосқан ғалымның ғылыми және шығармашылық еңбектері туралы айтты. Мерейтойды мерекелеу құрметіне аудан әкімінің орынбасары Н.А.Набиев Н.И.Бөкетоваға Құрмет грамотасын табыс етті. Білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы Шал ақын ауданында Е.А.Бөкетовтың 100 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілгенін атап өтті және Нұрсұлу Ибраевнаға Құрмет грамотасын табыс етті. Іс-шараға қатысушылар директор С .К. Мұхамедин бастаған педагогикалық ұжымға атақты жерлесінің өміріне, есте сақтау қабілетіне назар аударғаны үшін алғыс білдірді...Конференция соңы республикалық байқаулардың жеңімпаздары - қаланың үш мектебінің оқушыларына сыйлықтар табыстауымен, Сауле Бөкетова конференция қатысушыларының қолдауымен шын жүректен тамаша ән орындауымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/981612?lang=kk
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. 18.05.2025
ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті басқармасының басшылары — Гүлсила Орынбекқызы Мұздыбекова және Сара Бекқожақызы Еришева қатысты. Сонымен қатар басқарманың құрылымдық бөлім басшылары, Әдістемелік орталық жетекшілері мен қаладағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының директорлары онлайн форматта қосылды.Күн тәртібінде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына байланысты қорытынды аттестаттау және мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кеңінен талқыланды.2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жоспарланған іс-шаралар пысықталып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.Жиын барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары ұсынылды.https://www.facebook.com/share/r/16HucpGuSc/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981628?lang=kk
Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты 18.05.2025
2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылды.Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді.Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады.«Жасыл технологиялар» бағыты бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 9 аймақ ұйымдастырды.TabQorTech - ормандарды бақылауға және қалпына келтіруге арналған экодрон. Аталмыш дрондар заңсыз ағаш кесу және экожүйелерге басқа қауіптерді анықтау үшін нақты уақыт режимінде ормандарды күзетеді. Бірегей функциясы – автономды ағаш отырғызу: дрон тұқым мен қоректік заттары бар биологиялық ыдырайтын капсулаларды таратады, тіпті құрғақ аймақтарда да көшеттердің шығындысын қамтамасыз етеді.Мобильный комплекс SMARTECOFIELD позволяет быстро устранять последствия нефтеразливов, сокращая срок очистки почвы с 12–15 месяцев до 1–2 месяцев и не нанося вреда экосистеме.SMARTECOFIELD мобильді кешені мұнай төгілуінің салдарын тез жоюға мүмкіндік береді, яғни топырақты тазарту мерзімін 12-15 айдан 1-2 айға дейін қысқартады.Айта кету керек, экофестивальді өткізудің бас демеушісі «Bank RBK» АҚ.«Bank RBK үшін мемлекеттің, бизнестің және қоғамның қоршаған ортаны қорғау ісіндегі күш-жігерін біріктіретін осындай ауқымды және маңызды оқиғаның бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Бұл экологиялық бастамаларды көрсетуге арналған алаң ғана емес, бұл жаңа ойлаудың және болашақ үшін ортақ жауапкершіліктің символы екені қуантады», - деп атап өтті Bank RBK Басқарма төрағасы Наталья Акентьева.Экофестиваль аясында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының қорытындысы шығарылды.ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, экологиялық бастамаға қатысушылардың саны 6 миллион адамнан асқанын, бұл әрбір үшінші қазақстандық екенін атап өтті. Қатысушылар бірлесіп жалпы 1,1 млн. тонна қоқыс жинады.Өңірлерде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды акциялар дәстүрге айналды, олардың аясында 1,8 млн. га аумақ тазартылып, 1,6 млн. жуық жасыл желек отырғызылды, сонымен қатар 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері қалпына келтірілді, өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының айналасының 5,8 млн. шаршы метрден астам аумағы тазартылды.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың маусым айында қоршаған орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтінім беруді жеңілдету үшін @TazaQazBot чат-боты қосылған. Қазіргі таңда келіп түскен 16 мыңнан астам өтінімнің 14,6 мыңы шешілді.Сонымен қатар, биыл министрлік өңірлерге 300 мыңнан астам көшет берді, сондай-ақ Астана мен Жезқазғанның 130 мектебін қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлермен жарақтандыру жобасы іске қосылды.Айта кету керек, фестивальдің барлық қатысушылары «Тілектер ағашында» экология саласына қатысты ұсыныстарын қалдырды.Кештің басты оқиғасы қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін саланың көшбасшыларын марапаттау рәсімі болды. Жеңімпаздар 4 номинация бойынша марапатталды.«Үздік экологиялық старт-ап жоба» номинациясында «Faceplate» жобасы жеңіске жетті. Бұл күн және жел станцияларының жұмысын қазіргі сәтте бақылауға және басқаруға арналған инновациялық платформа.Экология саласындағы ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламалары үшін «Жасыл университет» номинациясы бойынша «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жеңімпаз атанды.«Экологиялық білім үздігі» конкурсында «Табиғатқа жақын ұйым» номинациясының жеңімпазы – Қарағанды обл. Теміртау қ. білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі,«Экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинациясы бойынша Қостанай қ. білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі.«Суды үнемдеп, болашақты сақта» сурет байқауының жеңімпаздары:1 орын - Бугаева Елизавета - Қарағанды қ. №87 жалпы білім беретін орта мектебі;1 орын - Ғалымжан Аружан - Атырау қ. Хамит Ерғалив атындағы № 35 мектеп-гимназиясы;2 орын – Бибитова Айзере - Ақтөбе обл. Жаңақоныс ауылының №69 жалпы білім беретін орта мектебі;3 орын – Шамильева Айла - Астана қ. Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей.Жеңімпаздар дәстүрлі мүсіншелердің орнына табиғатты қорғауға қосқан үлесін білдіретін көшеттер алды.Фестиваль эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертпен аяқталды.Таза Қазақстан бастамасы бұл тек бір реттік акция емес, өмір салтына айналғандай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/981662?lang=kk
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының жұмыс сапары 18.05.2025
Ауданға жұмыс сапарымен ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нұрбек Төлеубекұлы Әбдікәрімов келді. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуде аудандық пробация қызметінің жұмысындағы проблемалық мәселелер талқыланып ағымдағы жылға міндеттер қойылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/981663?lang=kk
2025 жылғы 18-19 сәуір аралығында Жетісу облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы жұмыс сапарымен келді. 18.05.2025
Текелі қаласының әкімдігінде халықпен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өтті, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг және азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Н. Белтаева қатысты.Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр Талдықорған қаласындағы ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» және ШЖҚ «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» мекемелеріне барды.Аталған емдеу мекемелерінде де азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.Сапар қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың жұмысын жақсарту және медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhetisu/press/news/details/981683?lang=kk
Ұлттық кітап күніне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтауы 18.05.2025
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.___Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/981808?lang=kk
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжап отыр 18.05.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрге жетті, 2025 жылға арналған өндіру жоспары 62,8 млрд текше метрді құрайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.Газ өндірудің негізгі өсімі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен көзделуде.«2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд текше метрді құрады. 2025 жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. 2025 жылдың I тоқсанында 7,3 млрд текше метр өндірілді», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.Ол 2024 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктеріне 21,2 млрд текше метр жеткізілгенін айтты. 2025 жылға болжанып отырған тұтыну көлемі шамамен 21,3 млрд текше метрді құрайды.2024 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,7 млн тоннаны құрады. 2025 жылға арналған жоспар 1,7 млн тонна және 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шамамен 0,5 млн тонна немесе 107,7% өндірілді.Тауарлық газ өндірісі жаңа ГӨЗ іске қосу есебінен ұлғайтылады. Энергетика министрінің деректері бойынша Қазақстан газының болжамды балансы бойынша тауарлық газ өндіру көлемі тұрақты өсуде. 2024 жылы 28,7 млрд текше метрден 2030 жылға қарай 34,6 млрд текше метрге дейін ұлғаю байқалады.Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1745382502 сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/981823?lang=kk