News
In 2016 according to the program "employment roadmap-2020" is implemented 5673 infrastructure project 10.04.2025
In 2016, the first direction of the program "employment roadmap 2020", which aimed at providing employment through the development of infrastructure and housing and communal services it was implemented 5673 infrastructure projects.The implementation of these projects allowed to employ 40 927 thousand persons, from them 22 213 participants of the program.In the first direction of "employment roadmap 2020" in Kazakhstan the objects were built and renovated related to the areas of housing, utilities, education, healthcare, welfare, culture, sports, landscaping, and engineering-transport infrastructure.In 2016 on the implementation of the first direction of "employment roadmap 2020" dedicated to KZT 80.1 billion. These funds were distributed among the regions on the base of applications of local Executive bodies about numbers of projects.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12526?lang=kk
THE SPECIAL ECONOMIC ZONE "ONTUSTIK" WILL OPEN A REPRESENTATIVE OFFICE IN XIANXING TEXTILE INDUSTRIAL PARK, "XINXING" 10.04.2025
"Managing Company of the Special Economic Zone "Ontustik" JSC , had an official visit to China with an aim reaching a mutually beneficial partnership with the textile industry representatives of China. Thus from June 1st to June 6th, 2017, in the frame of the mentioned official visit an agreement was reached and a memorandum was signed on the opening of the official representation of the SEZ "Ontustik" in the Xianxing Textile Industrial Park "Xinxing" for further cooperation with the aim of developing the textile industry of Kazakhstan. The Kazakh delegation was represented by the Chairman of the Board of "MC SEZ "Ontustik" JSC - M. Dildabayev, Deputy Chairman of the Board of "MC SEZ "Ontustik" JSC - A.Tursingaliyev, Chairman of the Board of National Company “Socially Entrepreneurial Company "Shymkent" JSC - A.Aldazharov.Thus in the near future a representative office of SEZ "Ontustik" will start its operation in China. The main aim of this project is to launch a new innovative production facilities, attraction of anchor investors, expansion of the horizon of new opportunities for SEZ "Ontustik" and improving the investment climate between two countries.It is worth mentioning that the first step in this joint activity will be the implementation of the project on constructing the spinning mill of “Xianyang Textile Corporation” LLC worth more than $ 100 million.Xianxing Textile Industrial Park "Xinxing" is one of the largest industrial zones in China, employing over 11,000 people, with 10 000 ha territory. In this industrial park there are projects functioning in the field of textile and other industries. The largest textile corporations that produce brands such as Zara, Pierre Cardin, Massimo Dutti, Hugo Boss, Pull & Bear are located on the territory of the park.Also, one of the park's residents is the flagship of the world automotive industry - KIA Motors Corporation.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12506?lang=kk
Start processing 10.04.2025
Pavlodar businessmen should be involved in the sphere of processing actively. The issues of grain processing in the region were discussed in the meeting in the regional akimat.The head of the Department of Agriculture Oraz Dyuzdenbayev said that in Pavlodar region the enterprises for processing grain operate at reduced capacity: flour mills use only 47% of their capacities and processing enterprises – only 40%.“Last year the volume of flour production in the region amounted to 56 th tons, only 7.2 th tons are exported to Russia, Uzbekistan, Tajikistan, Afghanistan and other countries. The number of mills increases in the countries of Central Asia. In 2016 grain processing enterprises produced 24 tons, 8,4 th – for export. These enterprises use only 40% of their capacity”, he added.Oraz Dyuzdenbayev also told about low processing of sunflower. More than 1000 tons of vegetable oil was produced in 2016.“About 70 th he of sunflower is planted only in Kachiry area, at average yield 7 c/he we will have about 49 th tons of sunflower! It turns out that we do not process any grain and sunflower. In this case, the Department of Agriculture, Department of Entrepreneurship and Investment Attraction Agency must work as much as possible to attract our investments for processing”, Bulat Bakauov said.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12498?lang=kk
БҮГІН «WIZZAIR» ВЕНГЕРЛІК ЛОУКОСТЕР АСТАНА МЕН БУДАПЕШТ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана – Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы берілген болатын.«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек, лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ МҮШЕ БОЛДЫ 10.04.2025
X Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның инвестициялық саясатына екінші шолу таныстырылды. Құжат елдегі бизнес ортаны жақсартуға бағытталған.Еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мәселелеріне арналған сессия барысында сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясына қосылғаны хабарланды. Осылайша еліміз әлемнің 48-ші мемлекеті болып, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі ашық орта қалыптастыруға ниетті екенін жариялады.Өз сөзінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаиров сарапшылар тобының екінші шолуды дайындау кезіндегі айрықша үлесін атап өтіп, олардың қажырлы еңбектері үшін, сондай-ақ Қазақстанға көрсеткен ерекше қолдауы үшін алғыс айтты.«Инвестиция үшін бәсекелестік ешқашан тоқтамайды, біздің міндет осы күресте әрқашан да алда болу. Сондықтан, біз аталған ұсыныстарды жоғары бағалаймыз және оны сапалы енгізу Қазақстан экономикасын нығайту процесінде өте маңызды. Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз бен пайдалы ұсыныстарыңыз және жемісті еңбектеріңіз үшін ЭЫДҰ Хатшылығына және әріптестерге алғыс білдіремін», - деп атап өтті Ерлан Хаиров.Қазақстан соңғы 5 жылда ЭЫДҰ сарапшыларымен бірге елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Әкімшілік кедергілер жойылып, инвесторларды ынталандырудың тың шаралары енгізілді. Азаматтары Қазақстанға визасыз келіп-кететін елдердің тізімі кеңейтілді. Биыл 1 қаңтардан бастап ондай елдердің саны 56 болды. Сондай-ақ, шетелдік жұмысшы күштерін тарту жағдайы жетілдіріліп, Жоғарғы сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасы құрылды.Азаматтық қоғам мен инвесторлар арасында кері байланыс орнату мақсатында бизнесті енгізуге жауапты Ұлттық байланыс орталығы құрылды.ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес, Дүниежүзілік банкпен бірге Инвестиция тарту жөніндегі Ұлттық стратегия әзірленді. Стратегия ЭЫДҰ жаңа ұсыныс пакеттеріне сәйкес, инвестиция тартудың және инвестициялық ахуалды жақсартудың нақты механизмдерін анықтайды.«Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Біз Қазақстанның инвестициялық ахуалын ЭЫДҰ-на мүше елдердің алдыңғы қатарлы стандарттарына сәйкестендіру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті вице-министр.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12418?lang=kk
ҚР ИДМ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ИНВЕСТОРМЕН ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕНГЕ ЖОЛ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша Жамбыл облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болады.Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өнідірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр. Дайын өнімді шығару 2019 жылдың соңына жоспарланған. Дайын өнімді сатуды қамтамыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы ҚР ИДМ-нің қолдауымен және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, МЖС жағдайында екі жобаны жүзеге асыра бастайды.Бұл ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен қашықтығы 25 шақырым болатын Жамбыл облысы аумағындағы Жаңатас – Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, яғни, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12413?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ФИНЛЯНДИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті.Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны айтылды.2016 жылы Финляндиядан Қытайға 7 контейнерлік пойыз (560 ЖФЭ) жөнелтілсе, 2017 жылдың 5 айында 8 контейнерлік пойыз жеткізілген(640 ЖФЭ).Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары ҚХР мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, ҚХР – Финляндия – ҚХР, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы ҚХР-нан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.Жеңіс Қасымбек Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекшелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды.Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды.«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың аясында екі ел арасында алғаш тікелей әуе қатынасының ашылуы тарихи оқиға»,-деді Ж.Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді.Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы» үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12335?lang=kk
Akim of Kostanay region expressed condolences to Denis Ten's family 10.04.2025
Atragedytookthelifeofawonderfulperson, young and talented sportsman,pride of our country,your sonDenis.We express our heartfelt condolences to you and your family for thisgrievous loss. Losinglovedonesistoughforallofus, butlosingasonisagriefincomparable with any other pain.Hewasthe primary sense of your life, your support and hope.You had put your love, energy and dreams in him.Denis had always been and would bean embodiment of adolescence, purposefulness, will to victory, sincere love for and devotion to the Motherland.His accomplishmentsin the international sporting arena won glory for Kazakhstan and became an example to follow for hundreds of boys and girls.May the blessed memory of Denislive forever in our hearts, warm us with its heat and get us throughthe hard times of grief.Akim of Kostanay region A. MukhambetovSource : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12297?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ 10.04.2025
Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының кезекті отырысына мемлекеттік рәміздерді насихаттаумен қолдау мәселесін қарастырылуына байланысты, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішев бекіткен сапар кестесіне сәйкес, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның жұмыс тобы Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында орналасқан мемлекеттік органдар және ұйымдарын қарады. Жұмыс тобының сапарына ТРМК Департаменттің бас маманы Н. Сатыбалдинов қатысты.Сапар барысында 36 мемлекеттік ұйымдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына сәйкестігін тексерілді, сол уақытта ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарттың күшіне енуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ғимараттарда, басшының кабинеттерінде және жалпы көрініске қолайлы жерлерде орналасқан мемлекеттік рәміздерді орнату дұрыстығына, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан жерлердің мемлекеттік рәміздер қойылымына арналған орындар болуына айрықша көңіл бөлінді. Орнатылған мемлекеттік рәміздер ұлттық стандарттарға сәйкестігі қаралды. Бүгінігі уақытқа дейін бірен-саран мемлекеттік органдарда табиғи тозуына байланысты туындайтын (нақыстар, жарық, таптар, бояу тектестіктер және басқалар) ақаулары бар мемлекеттік рәміздер қолдану фактілері кездесті. Кейбір мемлекеттік органдар стандарттардың маңызды өзгертулерін есепке алмай жасаған елтаңбалы мөрлеріне ие және ұйымдардың ресми бланкілері ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының қара-ақ түсті бейнемен жасалған, рәміздің элементтері анық басылмаған анықталды.Айтылған ескертулер тексеру аңықтамасына кіргізіліп мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының отырысына қарастырылуға бағытталды. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12267?lang=kk
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 12 мамыр күні Семейде «Семей қаласының медициналық қызметкерлеріне арналған өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілдіДөңгелек үстелді Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бас мамандары Арай Байзақовамен Мұхтар Елеусизовтің қатысуымен, «Семей қаласының наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК мекемесінде өткізді.Дөңгелек үстелдің мақсаты - аға және кіші медицина қызметкерлерінің, өлшеу құралдары мен медициналық құрал-жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру. Медициналық приборларға өлшеуіш құралдар ретінде қандай метрологиялық талаптар қойылатыны белгілі. Көп жағдайда медициан қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығына назар аудара бермейді немесе медициналық өлшеу құралдарына қатысты заңнамалардың талаптарын білмейді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасына сәйкес диагностикалау және емдеуде қолданылатын өлшеу құралдары міндетті түрде тексеруден өтеді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасын бұзушы кінәлі тұлғалар заң бойынша жауапқа тартылады.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12178?lang=kk
МЕТРОЛОГИЯ – ӨЛШЕМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 10.04.2025
Метрология – талап етілген дәлдікке жету тәсілдері мен олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары мен әдістемелері туралы және өлшемдер туралы ғылым. Бұл әр-түрлі физикалық шамадағы өлшем бірліктерін орнатумен және олардың эталонын қалыптастырумен, физикалық шамалардың өлшем әдістерін әзірлеумен, сонымен қоса, өлшем дәлдігін талдаумен, өлшемдегі дәлсіздікті туғызатын себептерді зерттеп, оларды жоюмен айналысатын ғылым.Адам күнделікті өмірде өлшеммен тығыз қатынаста болады. Ұзындық, көлем, салмақ, уақыт және тағы сол сияқты шамалармен әрбір басқан қадам сайын кезігеді. Демек бізге өмірде барлығын өлшеуге тура келеді. Тіпті өз өлшеміңді білмесең жейде немесе туфли сатып ала алмайсың. Ал ғылым мен техникада миллиондаған өлшемдер жасауға тура келеді.Кез келген өлшем – ол салыстырма, ал өлшем бірлігінің дәлдігі – ол дәлсіздігін нөлге жақын көрсететін сипаттама.Ондаған сантиметрлік дәлдік біреу үшін жеткілікті екені түсінікті, егер сіз көлік бөлшектерін алсаңыз, онда ол жерде миллиметрлік дәлдіктің өзі тым өрескел болуы мүмкін, егер екі саңылаудың өзі бір-бірінен миллиметрге өзгеше болса, саңылауға болттың өзін бұрай алмайсыз. Сол сияқты уақыт өлшемі. Бір жағдайда оны минут дәлдігіне дейін білу қажет (мысалы: егер сіз бәліш пісірсеңіз), ал қысқа қашықтыққа жүгіру үшін, секундтың жүздік бөлшектері бар секундамер қажет. Денсаулық сақтауды алсақ, науқастың диагнозын анықтау үшін өз өлшем дәлдігі бар медициналық жабдыққа бірнеше зерттеулер (өлшеулер) жүргізу қажет.Метрология стандарттаудың ажырамас бір бөлігі, стандарттау өндірістегі метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың тиімді де ең қажетті құралы болып табылады.Барлық дамыған елдерде стандарттау мен метрологияны елдің ілгерлеуі мен күш қуатын арттыруға қолданады. Олардың көмегімен өндіріс тиімділігін жоғарлату мәселелерін шешіп, өндіріс сапасын арттырады. Метрологиядағы дұрыс қойылған стандарттау мен метрологиялық қызмет кәсіпорынның барлық бағытта дамуына жағдай жасайды.Қазақстан Республикасында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданған және ол бүгінгі күні қолданыста. Заңда метрологиялық талаптарды сақтау міндетті болып табылатын қызмет салалары анықталған және кейбіреуіне мемлекеттік метрологиялық бақылау қарастырылған.Өлшем бірлігін қамтамасыз етуге мемлекеттік метрологиялық бақылауды, құқықтары мен міндеттері Заңмен орнатылған мемлекеттік инспекторлар жүргізеді.Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:- өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды; - сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;- өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік осы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңмен орнатылған.Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі нормативтік базасы құрылған, ол өзіне мемлекеттік стандарттар мен Республиканың барлық аумақтарында бірлік шамасының қөлемін беру тәртібін және сынақ жүргізу, салыстырып тексеру мен өлшем бірлігін калибрлеу тәртібін анықтайтын нормативтік құжаттар жиынтығына құралған.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізі болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталонды базасы саналады.Жоғарыдағы ҚР Заңымен толық танысқысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Ықылас Дүкенұлы көшесі 29 үй, байланыс телефонымыз: 270741, 270742, Email: gosnadzor_Astana@mail.ru. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы - С.В. Коваленко Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12140?lang=kk
2016 ЖЫЛҒЫ 29-30 СӘУІРДЕ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ИНЖИНИРИНГ: ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ 10.04.2025
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында Қазақстан қайта құру және даму көп салалы институты және Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған конференцияда жетекші университеттердің, ғылыми және әлемдік инжинирингтік орталықтардың ғалымдары мен мамандары, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, кәсіби қауымдастықтар, жобалы-конструкторлық, іздестіру және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.Конференцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу басқармасының бас сарапшысы А.О. Мамбетаев және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Мемлекетаралық стандарттау және ақпараттандыру басқармасының бастығы И.В. Хамитов қатысты.Пленарлық мәжіліс шеңберінде ҚР салалық мемлекеттік органдары, германдық ғылыми-зерттеу ұйымы және Ұлыбритания Болтон университеті, Ресей Федерациясы Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы басшылығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның құрылыс саласындағы қауымдастықтар және жетекші ұйымдарының өкілдері баяндамалар оқыды.Өзінің пленарлық баяндамасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы А.О. Мамбетаев құрылыс саласындағы техникалық реттеу аясының ведомство өткізетін жұмысты көрсетті, оның ішінде келесі:- ұлттық техникалық регламенттерді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жұмыс бағыттарын айтып өтті.Бүгінгі күні салалық мемлекеттік органдармен үкімет деңгейінен министрліктер деңгейіне ұлттық техникалық регламенттерді аудару, және құрылыс саласында олардың ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісуімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұйрығымен бекітуі бойынша жұмыстар өткізіліп жатқаны атап өтілді.Сондай-ақ «Ғимараттар және құрылыстардың, құрылыс материалдары және бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай ұлттық үсті техникалық регламентін әзірлеу бойынша ағымдағы ахуал хабарланды;- еурокодтардың және олардың сілтеме стандарттарының бейімделуі.Еурокодтарға сілтеме халықаралық (ISO) және еуропалық (EN) стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс баяндалды.Сонымен қатар, 2016 жылғы әзірлеуге жоспарланған 747 стандарттан 1/3 астам бөлігі құрылыс саласына келетіні көрсетілді.- Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды жүзеге асыру.Инвестициялар және даму және ұлттық экономика министрліктері арасында келесі тармақтарды қамтитын Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды қабылдау көрсетілді:- құрылыс саласының қолданыстағы нормативтік базасын талдау және жүйелендіру;- аккредиттеу туралы заңнамаға сәйкес ИТЖ аттестциясы бойынша орталықтардың біліктілігін анықтаудың балама тәртібін құру мәселесін қарастыру;- стандарттау бойынша жұмыстарды жалғастыру;- нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар жаңалық енгізу бойынша ұйымдық-түсіндіру жұмысы және т.б.Сөз сөйлеу сонында осы бағытта жұмыс жалғасатыны айтылды. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12138?lang=kk
ӨНІМДІ КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ 10.04.2025
Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Өнімді каталогтау жүйесін құрудың негізгі міндеттері:- қызығушылық танытқан мемлекеттік басқару органдарымен, заңды және жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасынджа өңдірілген өнім, оның негізгі сипаттамалары, өнімді өндірушілер, қолданылатын нормативтік немесе техникалық құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;- шығарылатын өнімді есепке алу және жаңа өнімге қажеттіліктерін есепке алу;- өнімнің тиімді атау тізімін нысандау және оны жобалауға, сатып алуға және техникалық күтіп-баптауға кеткен мемлекет шы,ғындарын қыстарту;- Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтарын құру және жаңарту.Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге: 1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары, 2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Өндіруші Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттарды алдын – ала электрондық түрде уәкілеттік органға жібереді. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттар ҚР СТ 1.11 стандартында көрсетілген пішімде өнімнің каталогтау парағымен береді.Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді, бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді, каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша түрде бас тарту туралы ақпарат жіберіледі. Өндіруші каталог парағындағы көрсетілген толық емес, не анық емес мәліметтерді өзгерткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.Өнімнің каталогтау парағын туралы толық ақпаратты Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінен аласыздар. Біздің мекен жайымыз: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 31 үй, телефон 270741, электронды мекенжай gosnadzor_astana@mail.ru.Қыстаубаева Азиза Қалиқызы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманыSource : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12123?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША, ЕНГІЗУІН ТҮСІНДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 22 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, «Ұлт ССО» АҚ Қызылорда филиалының, «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының және мемлдекеттік мекемелердің қатысуымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері – Мемлекеттік туын, Елтаңбасын қолдануы бойынша, ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында дөнгелек үстөл отырысы өткізілді.Отырыс барысында қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздерді қолдану міндетті, мемлекеттік рәміздерді өндірушілер мен қолданушыларға Қазақстан Республикасының Заң талаптарын бұзғандығы үшін қандай әкімшілік шаралар қолданылады, және тағы-да басқа бірқатар сұрақтар көтерілді.ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысудың қажеттілігі мен есептері бойынша және ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізілді.Мемлекеттік елтаңбаның авторымен өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп конструкторлық сызбалары қайта қаралу қортындысы бойынша:- Мемлекеттік елтаңбаның барлық элементтеріне детализация жүргізілді;- элементерін модельдеуде қажетті өлшемдері келтірілді;- 2008 жылғы стандартта көрсетілмеген барлық құрайтын элементтерінің атауы кетірілген.Өндірісте берілген параметрлер мен талаптарға сай өндіруді қадағалау мақсатында жаңа стандартталған бақылау әдістемелері енгізіліп, осы әдістемелер даулы сұрақтар туындағанда берілген стандартқа сәйкестігін біркелкі растауға көмектеседі.Сонымен қатар жаңа стандарт бойынша елтаңбаны қолданудың кепілді уақты 3-жыл мерізімінде деп белгіленген.Отырыс барыснда қатысушыларға стандарттарға енгізілген барлық өзгерістер түсіндіріліп, қолдану ережесі бойынша және стандарт талаптарына сай келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру және жою ережесі талқыланды.Дөнгелек үстөл барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, берілген ұсыныстарды жұмыс кезеңі барысында тағыда қарауға шешім қабылданды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12119?lang=kk
ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫС ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
2018 жылдың 28 маусымында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «ОЛВИ» ЖШС кәсіпкерлік субъектісіне барды.Кездесудің мақсаты «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес Қазақстан нарығындағы құрылыс өнімдерінің айналыс шарттары болды.Осылайша, техникалық регламенттерді пайдалану кезінде нарық айналымында құрылыс өнімдері келесі ілеспе құжаттармен қамтамасыз етілуі керек – пайдалану нұсқаулығы, сапа төлқұжаты, техникалық немесе нормативті және басқа да зиянның ықтимал қауіптерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті құжаттар.Бұдан басқа, азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған құрылыс материалдарымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, сақтау мерзімінің немесе сақталу мерзімінің аяқталмауы, орауы бүлінбеген, пайдалану құжаттамасының толық жиынтығы болуы керек.Тұтынушыларды құрылыс материалдары мен бұйымдармен қауіпсіз пайдалану үшін ереже нұсқаулықтары, сатушыларға оларды сату тәртібі туралы ақпарат, одан әрі тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу үшін нұсқаулықтармен қамтамасыздандыру тиіс.Сонымен қатар, құрылыс өнімдерінің нарығындағы негізгі талаптарының бірі, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің сәйкестікті растамай, нарық айналымына және сатылуға жол берілмеуі.Кездесу қатысушыларын сәйкестікті бағалаудың міндетті үрдісінен өтуге тиісті құрылыс материалдарының атауларымен таныстырды және оларға «Міндетті сертификаттауға жататын құрылыс өнімдерінің тізбесін» ұсынды. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12112?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯ ӨНІМДЕРІН АНЫҚТАУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ) БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ. 10.04.2025
2016 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды қаласындаТехникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті сәйкестік сертификаты мен сәйкестік декларация өнімдерін анықтау (идентификациялау) бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Семинар жұмысына қатысқандар: Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысы кеден бекеттерінің басшылары мен сәйкестікті растайтын органдар өкілдері, кедендік брокерлер және СЭҚ қатысушылары.Семинар қатысушыларына Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі күшіне енгізілгендіктен бастап қазақстандық импорттаушылар кедендік декларациямен қатар кедендік органдарға кедендік одақтың міндеттелген талаптарына сәйкес әкелінген тауарлардың сәйкестігін куәландыратын құжаттар ұсыну керек. Сәйкестігі міндетті бағалауға жататын тауарларды кедендік мағлұмдау кезінде декларация-өтініш қабылданбайды, өйткені техникалық реттеу саласындағы кедендік одақ заңнамаларының талаптары осындай, атап айтқанда: кедендік одақтың кедендік аумақтарына кедендік одақ ішінде міндетті талаптар қойылатын өнімдерді (тауарлар) әкелу тәртібі туралы Ережесі.Семинарда кедендік одақтың кедендік аумақтарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімдерді (тауарлар) әкелу тәртібіне, кедендік одақтағы сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірегейлік реестрін және берілген сәйкестік сертификаттар мен тіркелген сәйкестік туралы декларацияларының бірегейлі реестрін қолдану, Еуразиялық экономикалық одағының тұрақты жұмыс істеп тұрған реттегіш органында http://www.eurasiancommission.org/ru/ - Еуразиялық экономикалық комиссия интернет порталындағы бірегейлік реестр жүйесінде жалған сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды іздеу мүмкіндігі, сонымен қатар өнімдерді сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялармен анықтауға (идентификациялау), әр өнім түрін сынақтан өткізу үшін қажетті мерзімді ескере отырып өнімдерге сәйкестік сертификаттар берілу мерзімдеріне ерекше назар аудару керектігі туралы түсініктеме берілді.Семинарда Кедендік одақтың кедендік аумақтарына өнімдерді әкелу кезіндегі негізгі мәселелер талқыланды.Өткізілген семинар нәтижесі бойынша пайдалы пікір алмасу болды, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар қайтарылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12110?lang=kk
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2018 жылдың 29 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп ЕЭО-ың «Жеңіл рельсті көліктердің, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» және «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» жобаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді:Дөңгелек үстелде бизнес-қауымдастық өкілдері, аймақтық облыстық басқармалар мен департаменттер қатысты.Дөңгелек үстел отырысының мақсаты - техникалық регламенттер бойынша өнімді өндірушілерге ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Еуразиялық экономикалық комиссиядан алынған құжаттарды жылдам қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау.Дөңгелек үстел аясында жеңіл рельсті көлік құралдары үшін техникалық регламенттің талаптарын, олардың қауіпсіздігінің әлеуметтік қолайлы деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ метрополитен жылжымалы құрамына және оның құрамдас бөліктеріне қойылатын талаптар, соның ішінде қауіпсіздік талаптары, сәйкестікті бағалау ережелері, бір құжатта - ЕЭО техникалық регламенттерінде сәйкестік белгісімен белгілеу.Дөңгелек үстелдің соңында тыңдаушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12102?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАЛАРЫНДА БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ 10.04.2025
2018 жылдың 16 мен 18 шілде аралығында Көкшетау қаласында техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды даярлау бойынша оқыту семинар өтеді.Семинар ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.Бағдарламаның басты мақсаты - мемлекеттік инспекторлардың техникалық реттеу және метрология салаларында біліктіліктерін арттыру.Үш күндік оқыту семинар барысында, мамандар, бағдарламаға бекітілген дәрістік материалды толық тындайтын болады.Тыңдаушыларға түсіндірілетін тақырыптар:- Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу;- Мемлекеттің метрологиялық бақылауын жүзеге асыру;- Тауар өндіру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;- Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар мен асыл тастар» заңы жайлы;- Қазакстан Республикасының «ҚР Рәміздері» Конституциялық заңы туралы.Семинар өткізілу мекен-жайы: Көкшетау қ., 8 марта к-сі 61.Басталуы: сағ 10:00Байланыс деректері: «ҚазСтИн» РМК Акмола филиалы, телефон: 8(7162) 40 21 37Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12092?lang=kk
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті 2018 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп, өңірлік штаб өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар және бизнес-қауымдастық басшылары қатысуымен стандарттау және Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу мәселелері бойынша Өңірлік штаб отырысы ұйымдастырылды.Өңірлік штаб отырысын ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Тлектес Атчибаева ашты. Отырыс барысында Евразиялық экономикалық одақтың техникалық регламент жобалары «Жоғары вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Химиялық заттар және қоспалар тізімін қалыптастыру мен жүргізу және Жаңа химиялық заттектерін нотификациялау тәртіптері» және Евразиялық экономикалық одақтың қабылданған техникалық регламенті «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (ТР ЕАЭС 041/2017) қарастыруға ұсынылды.Сонымен қатар, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдерімен 2018 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын негізге ала отырып әзірленіп жатқан ҚР СТ бірқатар жобаларын слайд презентация арқылы, және де ҚР СТ талдау жүргізу, әрі қарай кәіпорынға еңгізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2017 жылдар кезеңінде қабылданған ұлттық стандарттар туралы, сондай-ақ, мекемелерге 2019-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жобаларының жасақталынуы туралы ақпарат берілді.Отырыс қорытындысы бойынша, қаралып жатқан ЕАЭО Техникалық регламент жобаларын егжей-тегжейлі зерделеу туралы шешім қабылданып, Химиялық заттар және қоспалар тізімін қалыптастыру мен жүргізу және Жаңа химиялық заттектерін нотификациялау тәртіптері туралы, ұсынылатын НҚА бойынша ескертулер немесе ұсыныстар болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссиясы мекен-жайына ресми хатпен немесе ЕЭК сайтында жазба қалдыруға болады, сондай-ақ Департаментке жолдау жіберілді. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12090?lang=kk
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚАУІПТІ САЛАЛАРДА ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 9 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар туралы семинар өткізілді.Аталған іс-шараның мақсаты адам денсаулығын қорғау үшін жеке қорғану құралдарына қойылатын талаптарды түсіндіру болып табылады.Жеке қорғану құралдары бұл қауіпті салаларда жұмыс істеу кезінде қажетті сақтық шаралары.Белгіленген стандарттарға сәйкес, осы кәсіпорындардың әрқайсысы барлық санаттағы қызметкерлер үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге тиіс.Басқаша айтқанда, қызметкерлер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуы керек, сондай-ақ кәсіпорында жұмыс істеудің теріс салдарынан қорғайтын арнайы қорғаныш киім және аяқ киім киюі керек.Өз кезегінде, барлық жеке қорғану құралдарының қорғау дәределері «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» (TР КО 019/2011) Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкес сәйкестікті растауға тиіс.Жеке қорғану құралдары, бұл организмде зиянды және зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе алдын-алу мақсатында, сондай-ақ ластанудан қосымша қорғау үшін пайдаланатын құрылғы.Әдетте, жеке қорғану құралдары өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін кез-келген нысанды стандартты құрамына кіредіЖеке қорғану құралдары жабдықты жобалау, архитектуралық-жоспарлау шешімдері және өндірістік процестерді ұйымдастыру белгілі бір индустриялық аймақта жұмыс істейтін адамдар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін жағдайларда пайдаланылады.Тіпті қарапайым көзқарастағы, мысалы, дәке бинттері немесе өрт сөндіргіш сияқты қорғаныс құралдары күтпеген жағдайлардан, денсаулығына қауіпті және кейде өмір үшін қауіпін қорғай алады.Егер мысалдарды қарастырсақ, онда ең көп таралған ЖҚҚ бірі құрылыс индустриясында қорғаныс дулыға болып табылады. Каскалар жұмысшылардың басын құлайтын объектілерден қорғауға, сондай-ақ ірі қозғалыстағы объектілер келіп соғуынан қорғауға арналған.Азаматтық тұрғындарды қорғау үшін ЖҚҚ көбінесе респираторлық жүйені және улы химикаттардың зиянды әсерінен қорғайтын ГП қорғау газ маскасы ретінде қолданылады. Мектеп оқушылары үшін де, кішкентай балалар үшін де балалар газ маскасы моделдеріде бар.Сондай-ақ, ластанған аумақта инфекция дәрежесіне байланысты кейде азаматтық тұрғындар дем алу органдарын улы газдардың, шаңның немесе аэрозольдан қорғайтын респираторларды пайдаланады.Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне ала аласыз.Біздің мекен-жай: Алматы қаласы, Алтынсарина даңғылы, 83 үй. Тел.: 8 (727) 303-88-52, 243-10-24. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12068?lang=kk