Қоғам
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ФЕРТИЛДІК ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕГРАВИДАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАМТУ 45%-ҒА ДЕЙІН АРТАДЫ 06.04.2025
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ФЕРТИЛДІК ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕГРАВИДАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАМТУ 45%-ҒА ДЕЙІН АРТАДЫДенсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдердің жағдайын бақылау мен диагностикалауды жақсарту үшін тиімді шаралар қабылдауда, жаңа скринингтік бағдарламалар енгізілуде, болашақ аналардың репродуктивтік функцияларын сақтауға мүмкіндік беретін акушерлікте инновациялық емдеу әдістері сәтті қолданылуда.Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 8,3%-ға, ана өлімін 12%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.«Әрбір әйел - әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде 2024 жылы фертилдік жастағы әйелдердің арасында аурулардың профилактикасы жоспарында жаңа тәсілдерді іске асыруға қол жеткізілді, жүкті және босанатын әйелдердің маршруттары оңтайландырылды, акушерлік көмекті ұйымдастыру стандарттары өзектендірілді, босандыру қызметінің барлық қатысушыларын үйлестіру айтарлықтай күшейтілді, бұл аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/969938?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/970131?lang=kk
ШҚО Экология департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы туралы семинар өтті 06.04.2025
«Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық Экология департаментінде семинар өткізді.Аталған іс-шара Экология департаменті қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын игеру деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Департаменттің Превенция басқармасының офицері Жандос Мұзтауов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормалары мен мемлекеттік қызметтегі қызметшілерге қойылатын шектеулерді түсіндірді.Бақылау мен реттеу функцияларын жүзеге асыратын экология департаментінің ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, спикер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелерін қозғады.Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және осы індетпен күрестің тиімді әдістерін енгізу жөніндегі күш-жігердің маңызды бөлігіне айналды.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/970112?lang=kk
«Бабадан қалған мұра» тақырыбында дөңгелек үстел 06.04.2025
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Бақай батыр Мықтыбекұлының ұстаған қылышын ұрпақтары музейге табыстау рәсіміне орай «Бабадан қалған мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бақай батыр 18 ғасырда жоңғарларға қарсы соғыста Райымбек батыр жасағының жүзбасы болған. Шара барысында батырдың ұрпағы Қарлығаш Манатқызы қаруды музейге табыстады.Шараға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/970089?lang=kk
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 06.04.2025
Жол кауіпсіздігін камтамасыз ету мақсатында ауылішілік автомобиль жолдарын арнайы техника көмегімен қар күреу жұмыстарыжалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/970069?lang=kk
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құмар ойындар 06.04.2025
2024 жылғы қыркүйекте елде ойын бизнесі мен лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер күшіне енді. Заңнамаға халықтың құмар ойындарға тартылуын азайтуға бағытталған нормалары енгізілді.Бұл шаралар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның сенімін арттыруға да бағытталған. Атап айтқанда, құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған тұлғалар тізімі кеңейтілді. Енді бұл шектеу мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде әскери қызметкерлерге, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ бюджеттік ұйым басшыларына қолданылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның таралуына жол бермеу үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы шаралар аясында оқыту семинарлары, түсіндіру кездесулері, тақырыптық тренингтер және ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылады. Ең алдымен, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ойын мекемелерге барудан тартынуды міндеттейтін нормамен толықтырылды.Сонымен қатар, 2024 жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу белгіленді. Енді мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға және бәс тігуге, оның ішінде ойын орындарына, рұқсат етілмеген орындарда, сондай-ақ интернет арқылы қатысуға тыйым салынады.Осылайша, заңнамалық талаптар едәуір қатаңдатылды. Ойын мекемелерге бару тәртіптік жауапкершілікке әкелсе, құмар ойындарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.Осы нормалардың сақталуын түсіндіру және тұрақты мониторинг жүргізу бұзушылықтардың алдын алу және белгіленген талаптарды жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Айбек Шілманов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Актөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/970057?lang=kk
«Құстар әні» республикалық фестивалі өтіп жатыр! 06.04.2025
Астанада Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, есімі аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалі өтіп жатыр!«Фестивальде әуелі өнер иесінің өмірі мен шығармашылығын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтіп, Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концертімен жалғасын тапты. Күні кеше өңірлік филармония ұжымдарының концерті ұйымдастырылса, 10 шақты облыс өнер майталмандары арасында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының “Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблі де өз өнерлерін паш етті. Қорытынды кеште 4 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі концертін қояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/970043?lang=kk
Танзанияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды 06.04.2025
Дар-эс-Салам, 2025 жылғы 29 наурыз – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі, Мозамбик Республикасындағы және Біріккен Танзания Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Еркін Ахинжанов пен танымал танзаниялық кәсіпкер Әмір Муниф Абдалла Нахди Танзанияның ең ірі қалаларының бірі – Дар-эс-саламда ҚР Құрметті консулдығының ашылу рәсімін салтанатты түрде өткізді.Іс-шараға осы елде тұратын ҚР азаматтары, Танзанияның мемлекеттік органдары, бизнес-қоғамдастық және БАҚ өкілдері қатысты.ҚР Құрметті консулы болып тағайындалған Әмір Нахди Қазақстан Үкіметіне көрсеткен сенімі үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екеніне сендірді.Сондай-ақ Е. Ахинжанов Танзания инвестициялық орталығының (Танзания президентінің жанындағы үкіметтік орган) атқарушы директоры Джилед Теримен кездесті. Келіссөздер барысында инвестициялық және сауда ынтымақтастығы, көлік байланыстарын дамыту, тәжірибемен алмасу мақсатында Қазақстанға Танзания бизнес-миссиясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Өткен іс-шаралар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болып, түрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның Африка құрлығында қатысуын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/970042?lang=kk
Астанада ҰОС қаза тапқан батырлардың туыстарына «Ерлігі мен борышына адалдығы үшін» медальдары табыс етілді 06.04.2025
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің туыстарына «Ерлігі мен борышына адалдығы үшін» медалін тапсыру рәсімі өтті.Медальді хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеумен айналысатын «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігі жасаған.Салтанатты шараға ардагерлер ұйымдарының өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және майданнан оралмаған жауынгерлердің ұрпақтары қатысты.Марапаттар Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің балалары мен немерелеріне табысталды. Олардың жауынгерлік жолы мен тағдыры далалық және мұрағаттық ізденістер арқылы анықталып отыр.– Бұл алдымен қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін ұмытпау үшін маңызды. Біз із-түзсіз кеткен жауынгерлердің ұрпағын әкелерінің тағдырынан хабардар етіп келеміз. Мұндай ізденістер біздің көршілеріміз үшін де құнды. Олар осы арқылы тарихымыздың белгісіз беттерімен танысады, – деп түсіндірді «Мемориалдық аймақ» іздеу тобының командирі, әскери-тарихи музейдің ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Майдан Құсайынов. – Осы медальді тапсыру арқылы Отан үшін жан қиған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын көрсеткіміз келеді.Іс-шарада тоғыз жауынгердің туыстарына «Ерлігі мен борышына адалдығы үшін» медалі табысталды.– Мен Тараздан арнайы келдім. Біздің әкеміз соғыста хабарсыз кеткен бауырларын өмір бойы іздеп өтті. Мен де әкемнің іздестіруін жалғастырдым. Кейінірек Астанадағы қызым арқылы «Мемориалдық аймақ» іздеу жасағына байланыстық. Осы кісілердің арқасында әкемнің ағалары Әмірбек, Жұмабек және Мадиярбек аталарымыз туралы мәліметтерге қол жеткізіп отырмыз, – деді соғыстан оралмаған ағайынды Болатбековтердің туысы Розахан Оспанова. Іс-шара соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің солистері жиналғандарға соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970022?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесінде әр жұма күні - қазақ стиліне арналады 06.04.2025
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киім кию біздің мәдениетіміздің жарқын көрінісі және ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды элементі екенін атап өткен болатын. Ол дәстүрлі қазақ стилі тек мерекелік гардероб емес, біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы тиіс екенін айтты.Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен ұлттық киімді киюді насихаттау мен ұлттық құндылықтарды одан әрі нығайту туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, аптаның әр бесінші күні (жұма) қазақ стилі күні болып жарияланады.Бұл бастама мәдени дәстүрлерді сақтауға және Кеңес қызметкерлері арасында патриоттық рухты нығайтуға бағытталған.Өрнек пен мата-тарихтың көзі, ал ұлттық киім бұл жарықтың сарқылмас көзі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/970000?lang=kk
Ақжар ауылында "Таза Қазақстан" акциясы болды. 06.04.2025
Бүгін аудан әкімі А.Құтпанбетов және аудан әкімі орынбасары А.Алтынбаев Ақжар ауылының әкімі А. Уркинбаевпен Ақжар ауылында "Таза Қазақстан" акция аясында ауыл саябағында ағаш көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-akzhar/press/news/details/969990?lang=kk
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ САЛЫҒЫ 06.04.2025
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды: 1) осы Кодекстің 697-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы өнімін өзі өндіру процесінде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша; 2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері – осындай арнаулы салық режимінің әрекеті қолданылатын, қызметте пайдаланылатын төмендегі қажеттілік нормативтері шегіндегі жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша: бір шаруа немесе фермер қожалығына қозғалтқышының көлемі 2500 текше сантиметрге дейін қоса алғанда бір жеңіл автомобиль бойынша; бір шаруа немесе фермер қожалығына 1:1 арақатынасты сақтай отырып, қозғалтқышының шекті жиынтық қуаты егіндіктің (шабындықтардың, жайылымдардың) 1000 гектарына 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері бойынша. Бұл ретте, егер есеп-қисап қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны бөлшекті мәні 0,5-тен бастап және одан жоғары бір бірліктен көп болса, мұндай мән тұтас бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды. Егер есеп-қисап қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болса, қозғалтқышының қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатады; 3) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары; 4) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері – қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша; 5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша; 6) меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектігі бар адамдар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша. Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдары пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/969986?lang=kk
Жеке тұлғалардың банкроттығы 06.04.2025
Заң қалай іске асып жатыр?Заңның басты мақсаты – тек қана қарыздарды есептен шығару емес, сонымен қатар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, кредиторлар қысымын төмендету және қарыздарға саналы көзқарасты қалыптастыру.Қандай өзгерістер енгізілді?2024 жылғы тамызда азаматтардың банкроттығы туралы заңнамаға алғашқы түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер заңды қолдану барысында анықталған олқылықтарды жоюға бағытталған. Атап айтқанда:Қарыз сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) төмен болған жағдайда, мерзімі өткен берешек ретінде есептелмейді. Қарыз коллекторлық агенттікке берілген болса, мерзім соңғы төлем жасалған күннен бастап есептеледі. Тұрақты табысы бар азаматтар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін мүлікке иелік етпей-ақ бастай алады. Борышкер төлем жоспары бекітілгеннен кейін шетелге еркін шығуға құқылы.Қаржылық басқарушы несие берушілерден өтініш болмаса да, олардың реестрін құруға міндетті. Сыйақы рәсім толық аяқталғаннан кейін ғана төленеді. Қаржылық басқарушы мен борышкер арасындағы мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар енгізілді.2025 жылы не өзгереді? Қазіргі уақытта Мәжілісте азаматтардың банкроттығына қатысты заңнамаға жаңа өзгерістер қаралуда. Олар рәсімдердің тиімділігін арттырып, борышкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда:«2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыздарға қатысты берешекті реттеу талаптары алынып тасталады. Бұл несие берушімен байланысу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін маңызды жеңілдік.Соттан тыс рәсімді борышкер кез келген кезеңде өз еркімен тоқтата алады. Қазіргі заңнамада мұндай мүмкіндік қарастырылмаған.Қаржылық басқарушының өкілеттіктері заң жүзінде нақты айқындалады. Бұл құқықтық түсініксіздіктер мен даулы жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.Банкроттықтан кейін барлық міндеттемелер толық тоқтатылады, тіпті олар кредиттік бюро базасында көрсетілмесе де.Рәсім қолжетімді бола түсудеҚабылданған түзетулер банкроттық рәсімін бұрынғыдан да түсінікті, әділ әрі қолжетімді етеді. Бұл азаматтар үшін қарыз жүктемесінен құтылудың нақты мүмкіндігі, ал мемлекет үшін – халықтың шамадан тыс кредит алуын реттейтін тиімді құрал.Жаңа заңнамалық өзгерістер 2025 жылдың соңына дейін күшіне енеді деп күтілуде. Бұл қиын қаржылық жағдайда қалған азаматтарға тұрақты және жүйелі құқықтық қолдау тетігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Маңызды!Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтінімді eGov.kz порталы арқылы онлайн беруге болады. Ол үшін ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі қажет. Аталған рәсімді қайта қолдану мүмкіндігі тек жеті жылдан кейін беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1025304?lang=kk
Венада ЯҚТШ-ның Үшінші сессиясына дайындық мәселелері талқыланды 06.04.2025
Вена, 2025 жылғы 2 сәуір – БҰҰ-ның Вена қ. бөлімшесінде Қазақстан тарапының бастамасымен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) орындалуына шолу жөніндегі Дайындық комитетінің Үшінші сессиясына дайындық мәселелерін талқылау бойынша семинар өткізілді. Семинар дәстүр бойынша Қазақстан, Аустрия және Швейцария Тұрақты өкілдіктерінің ұйымдастыруымен және белгілі халықаралық сарапшы Тарик Рауфтың модераторлығымен өтті.Қазақстанның 2024 жылғы Женевадағы ЯҚТШ-ның Екінші сессиясына төрағалық етуі келіссөздер процесінің оң динамикасын қалпына келтіруге ықпал етіп, Дайындық комитетінің алдағы жұмысына тың серпін берді. Екінші сессияның басты нәтижесі ретінде ЯҚТШ-ның орындалу барысы мен үш негізгі тірегінің жүзеге асырылу мәселелерін қамтитын Төрағаның жұмыс құжаты қабылданды.Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Қазақстанның ЯҚТШ мақсаттары мен қағидаттарына берік болуын растады. Ол халықаралық қауымдастықты қазіргі геосаяси жағдайдың күрделілігін ескере отырып, конструктивті диалогқа және келіссөздер процесін нығайтуға шақырды.Семинар барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері де терең талқыланды. ЯҚТШ-ның IV-бабының маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанда орналасқан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкі мен басқа да халықаралық бастамалардың табысты жүзеге асырылуы атап өтілді.2025 жылғы 28 сәуір мен 9 мамыр аралығында Нью-Йорк қаласында өткізілетін ЯҚТШ Дайындық комитетінің Үшінші сессиясы 2026 жылғы Шолу конференциясына дайындықтың соңғы кезеңі болмақ, және оның нәтижелері әлемдік ядролық қаруды таратпау режимінің болашағын айқындайтын маңызды кезең болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/969316?lang=kk
Береке ауылында"Жасыл аула" акциясы бойынша ағаш көшеттері отырғызылды. 05.04.2025
Береке ауылында"Жасыл аула" акциясы бойынша ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bereke/press/news/details/969948?lang=kk
Қала инфрақұрылымын жақсарту – тұрғындар жайлылығының кепілі 05.04.2025
Қала әкімі жұмыс сапары аясында «Әуежай» шағын ауданында болып, 2025 жылы атқарылатын абаттандыру жұмыстарының жоспарымен танысты. Сапар барысында қала басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселелердің шешілу барысын назарға алды.Еске салсақ, 2023 жылы облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша «Тарелочка» көлін тазалау және абаттандыру жұмыстары басталған еді. Алайда, жауапсыз мердігердің салғырттығынан жоба уақытша тоқтатылып, қазіргі таңда бұл іске қатысты сот процестері жүргізілуде. Қала басшылығы басқармамен бірлесіп, жаңа мердігерді анықтау үшін конкурс өткізіп, жобаны биыл толық аяқтауға шешім қабылдағанын атап өтті.«Саябақ» паркі – «Әуежай» шағын ауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Биылғы жылы мұнда орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңартылып, абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Қазіргі таңда мердігер анықталып, жұмысқа кірісуге дайындық жүргізілуде.Тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы көтерген тағы бір өзекті мәселе – жаңа салынған жайлы мектептің айналасындағы аумақтың ретсіздігі. Осыған байланысты санитарлық тазалық айлығы аясында мердігер ұйымдарға шұғыл түрде аумақты қалыпқа келтіру тапсырылды. Бұл жұмыстарға зақымданған учаскелерді қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және құрылыс қалдықтарын шығару кіреді.Бұдан бөлек, биыл қаладағы екі білім беру мекемесінің аумағын абаттандыру жоспарланған. Солардың бірі – Әлихан Бөкейхан атындағы №29 мектеп. Мектеп маңында кешенді көгалдандыру жүргізіліп, оқушылар мен тұрғындарға арналған серуендеу, ойын және спорт алаңдары орнатылады.Сонымен қатар, мамыр айында Герасимов көшесіндегі екі шақырым жол мен ұзындығы 500 метр болатын екі өткелді жөндеу жұмыстары басталады. Жөндеу аясында жарықтандыру жоқ жерлерге көше шамдары орнатылып, инфрақұрылым толық жаңартылады. Бұл жұмыстар маусым айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Абаттандыру жұмыстарының басты мақсаты – тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/969947?lang=kk
Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшуі 05.04.2025
🔰2025ж. 13 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына (бұдан әрі-халықаралық төлем хабарламалары форматтары) көшуін іске асырды.💠Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.📍Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және "ақша жөнелтуші" бағандарын (қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша) қамтиды.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде "нақты төлеуші" бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында көрсетіледі)» - оның БИН.Қағидаларда сондай - ақ сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.📍Тиісінше, бюджетке төлемдер жоғарыда көрсетілген екі жағдайды қоспағанда, «ақша жөнелтуші» төлем тапсырмасының бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады, атап айтқанда:- заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында құрылымдық бөлімшенің БСН көрсетілген және төлемдер құрылымдық бөлімшенің жеке шотына орналастырылуға тиіс;- сот орындаушысы борышкер үшін бюджетке төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында борышкердің ЖСН/БСН көрсетілген және төлемдер борышкердің жеке шотына орналастырылуға тиіс.📍Осылайша, төлемдердің дұрыс таратылмауын болдырмау және төлемдердің түсініксіз сомаларын қысқарту мақсатында МКК аумақтық МКД-ға ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма - қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын сақтау қажеттілігіне қатысты салық төлеушілердің төлем құжаттарында БСН/ЖСН көрсетуінің дұрыстығы бөлігінде сақтау қажет. 📍Бұл ретте, салықтық бұйрықтарды орындау шеңберінде сот орындаушысы аударатын сомаларды дұрыс тарату мақсатында жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Ережеге сәйкес салықтар мен төлемдерді аудару тәртібін, сондай-ақ бюджетке ақша аударуға арналған төлем құжатын толтыру үлгісін ТЖК назарына жеткізу қажет.#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщикуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/969943?lang=kk
Шымкентте әскери колледж және ұлттық парк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай экологиялық акция өткізді 05.04.2025
Қорғаныс министрінің гарнизондар мен әскери бөлімдерге ағаш көшеттерін жаппай отырғызу жөніндегі бастамасын Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің жеке құрамы жігерлене қабылдады.Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен бірлесе отырып, "Табиғатты аялайық – болашақты ойлайық" ұранымен 80 көшет отырғызды.Салтанатты жиында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің бастығы полковник Мақсат Ақшалов акцияның табиғатты қорғау үшін жастарды жауапкершілікке тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.– Мұндай шаралар адамдардың ынтымағын арттырады, ең бастысы, еңбегіміздің жемісі кейінгі ұрпақты қуантады, – деді ол.Көгалдандыру бастамасының маңыздылығын атап өткен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Сағадат Нұржігітов акцияға белсенді қатысқаны үшін колледжге алғысын білдірді. Алғыс ретінде ол колледж басшылығына алғыс хат пен тәрбиеленушілердің ұлттық саябақта демалысын ұйымдастыруға арналған 25 жолдама табыс етті. Колледж ұжымы мен ұлттық парк қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен арша, жеміс және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Шара соңында саябақ қызметкерлері өсімдіктерге күтім жасау жөнінде нұсқаулық өткізді. Колледж тәрбиеленушілері көшеттерге қамқорлық болып, олардың ұсыныстарын орындауға уәде берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/969940?lang=kk
Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы 05.04.2025
Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымда № 20790 болып тіркелді. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықта көзделген іс- шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрінің2020 жылғы 29 мамырдағы№ 159 бұйрығына1- қосымша "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережеОсы "Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат; 2) архивтік көшірме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 455-тармағына сәйкес ресімделген, архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме; 3) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат; 4) мемлекеттік архив – Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме; 5) орталық мемлекеттік архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив; 6) цифрлық құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде цифрлық құжаттар сервисімен қалыптастырылатын қажетті электрондық құжат. Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Мемлекеттік қызметті "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіМемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүгінеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 4-1. Құжаттар топтамасы тізбеге сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы "Электронды құжаттардың бірыңғай архиві" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "ЭҚБА" АЖ) мәліметтерді енгізеді. Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, оның көшірмесіне кеңсе қызметкерінің тегін және күнін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады, портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжатты, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде) ұсынады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут, қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті "лектрондық үкімет" шлюзы арқылы "ЭҚБА"АЖ-ға жолдайды. Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік коопоряция жұмыскері "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын беру кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы түскен өтінішті кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға береді (сағат 18.00-ден кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды кіргізеді, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданады. Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тартуды жібереді. Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды, егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру туралы шешім қабылдайды. Жауапты орындаушы 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады (зерделейді) және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды. Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберуге дайындайды. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Құжаттар (мәліметтер) мемлекеттік сақтауда болмаған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқ екендігі туралы немесе сұранымды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жолданғандығы туралы жауап дайындайды. Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 8-1. Архивте сақталатын архивтік құжаттардың құрамына жатпайтын сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиесілігі бойынша қажетті архивтік құжаттар сақталатын басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберіледі және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы хабарланады. Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 9-1. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына ("электрондық үкімет" порталы арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ, Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады. Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіКөрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым қызметті берушінің басшылығына қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайларға: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басшысының атына жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 14 кіреберіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметті алушы шағым берген кезде оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады. Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағым оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатадыКөрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға не сотқа жүгінеді. "Архивтік анықтамаларды,архивтік құжаттардыңкөшірмелерін немесе архивтікүзінді көшірмелерді беру"мемлекеттік қызметкөрсету қағидаларына1-қосымша Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Нысан ____________________________(көрсетілетін қызметтіерушінің атауы)____________________________(көрсетілетін қызметтіалушының тегі,аты, әкесінің аты (ол болғанжағдайда)____________________________тұратын мекен жайы (жеке тұлғаүшін)____________________________заңды мекен-жайы (заңды тұлғаүшін)____________________________Байланыс телефоны:____________________________Электрондық мекен-жайы____________________________Жеке сәйкестендіру нөмірі /____________________________бизнес сәйкестендіру нөмірі) Өтініш Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау туралы архивтік анықтаманы немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беруді сұраймын: ________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының қажеттілігіне қарай сұралатын мәліметтер __________________________________________________________________________ еңбек өтілі, еңбек ақысының мөлшері, жасы, отбасы құрамы, білімі, марапаттау, __________________________________________________________________________ зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, ғылыми дәрежелер мен __________________________________________________________________________ атақтар беру, жазатайым оқиғалар, емделуде болу, эвакуациялау, __________________________________________________________________________ қуғын-сүргіндерді қолдану, оңалту, әскери бөлімдер мен құрамаларда қызмет көрсету, _________________________________________________________________________ экологиялық апат аймақтарында тұру, бас бостандығынан айыру орындарында болу, _________________________________________________________________________ азаматтық хал актілері және мемлекеттік архивтерде сақталатын өзге де _________________________________________________________________________ мәліметтер көрсетіледі) _________________________________________________________________________ (тегі (қыз тегі), аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда, мәліметтер сұралатын _________________________________________________________________________ адамның туған күні) мәліметтер сұралатын кезең) (күні, айы, жылы (- дары) _________________________________________________________________________ айы, жылы (- дары)/ жылы (- дары) Қосымша: сұралатын мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері мәліметтер (бар болған жағдайда): 1) _________________________________________________________________; 2) _________________________________________________________________; 3) _________________________________________________________________. Ақпараттық жүйелерде заңмен қамтылған және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өзім көрсеткен тұрғылықты жердің (орналасқан жердің) мекен-жайдың, жұмыс орнымның, ұялы байланыстың абоненттік нөмірімнің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өз қолтаңбаммен растаймын. "___" ______________ 20___ жыл _________________ (қолы) "Архивтік анықтамаларды,архивтік құжаттардыңкөшірмелерін немесе архивтікүзінді көшірмелерді беру"мемлекеттік қызмет көрсетуқағидаларына 2-қосымша Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің орталық мемлекеттік архивтері, жергілікті атқару органдардың Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдеріКөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).3Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі11 (он бір) жұмыс күні ішінде4Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныЭлектронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіӘлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін7Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Астана қаласының мемлекеттік архиві сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесіКөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі;2) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, өкілеттігін растайтын құжат не нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады); Көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінгенде: жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған, өтініш білдіруші туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, байланыс телефондары, заңды тұлға үшін – оның атауы, заңды мекенжайы) көрсетiлген және сұрау салынған мәліметтерді іздестіруге қажетті ақпарат бар еркін нұсқада жазылған өтініш. Болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі; Мемлекеттік корпорацияға:1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі;2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде);3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады"; портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.9Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.10Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрінің2020 жылғы 29 мамырдағы№ 159 бұйрығына2-қосымша "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережеОсы "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2-тармағының 26-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат; 2) Ұлттық архив қорының құжаты – құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат.Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіМемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүгінеді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут, қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 20 (жиырма) минут. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолдану мерзімі аяқталған құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады.Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі. "Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және Тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тартуды жібереді. Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды, егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру туралы шешім қабылдайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды кіргізеді, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберіледі. Жауапты орындаушы хабарлама жіберілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды Орталық сараптау-тексеру комиссиясының (бұдан әрі – ОСТК) қарауына жібереді. ОСТК құжаттарды алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде сұратылған құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығына сараптама жасай отырып, рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы сараптамалық қорытынды жасап, шешім қабылдайды. Жауапты орындаушы сараптамалық қорытындыны алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, сараптамалық қорытынды негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат), Мемлекеттік корпорацияға рұқсатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны жолдау туралы ілеспе хатты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыдан рұқсатты және ілеспе хатты алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатқа, Мемлекеттік корпорацияға жіберу туралы ілеспе хатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаға бұрыштама қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыдан рұқсатты және ілеспе хатты алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға рұқсатты жіберу туралы хатқа не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаға қол қояды. Мемлекеттік корпорацияға рұқсатты жіберу туралы ілеспе хатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаға қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды тіркеу үшін дереу жауапты орындаушыға тапсырады. Кеңсе қызметкері 4 (төрт) жұмыс сағаты ішінде рұқсатты Мемлекеттік корпорацияға жіберу туралы ілеспе хатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны тіркейді және тиісті жеріне жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде бір тәулік бұрын Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жеткізілуін қамтамасыз етеді. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы, көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 6-1. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына ("электрондық үкімет" порталы арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ, Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады. Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіКөрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым қызметті берушінің басшылығына www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 14 кіреберіс, байланыс телефондары: 8 (7172) 741848, 741333. Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.Шағым бергенде көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағым оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға не сотқа жүгінеді. "Ұлттық архив қорыныңмемлекеттік меншіктегіқұжаттарынҚазақстан Республикасынантысқары жерлерге уақытшаәкетуге рұқсат беру"мемлекеттік қызмет көрсетуқағидаларына1-қосымша Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Нысан____________________________(көрсетілетін қызметтіберушінің атауы)____________________________(көрсетілетін қызметтіалушының тегі,____________________________аты, әкесінің аты (ол болғанжағдайда)____________________________тұратын мекен жайы (жеке тұлғаүшін)____________________________заңды мекен-жайы (заңды тұлғаүшін)____________________________Байланыс телефоны:____________________________Электрондық мекен-жайы____________________________Жеке сәйкестендіру нөмірі /____________________________бизнес сәйкестендіру нөмірі) Өтініш Мемлекеттік меншіктегі Ұлттық архив қорының мынадай құжатын (құжаттарын) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (атауы) Шығару мақсаты: __________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Құжат (тар) әкетілетін елдің атауы: ___________________________________________ __________________________________________________________________________ Шығару мерзімі:___________________________________________________________. Көрсетілетін қызметті алушының деректері: ___________________________________, (жеке тұлға үшін-тұрғылықты жерінің _________________________________________________________________________ мекенжайы, пошта индексі, электрондық пошта, телефондар, факс, жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды тұлға үшін-заңды _________________________________________________________________________ мекенжайы, пошта индексі, электрондық пошта, телефондар, факс, бизнес- сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өзім көрсеткен тұрғылықты жердің (орналасқан жердің) мекен- жайдың, жұмыс орнымның, ұялы байланыстың абоненттік нөмірімнің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өз қолтаңбаммен растаймын. Мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) "___" ______________ 20___ жыл _________________ (қолы) Мөрге арналған орын (заңды тұлға үшін) "Ұлттық архив қорыныңмемлекеттік меншіктегіқұжаттарынҚазақстан Республикасынантысқары жерлерге уақытшаәкетуге рұқсат беру"мемлекеттік қызметті көрсетуқағидаларына2-қосымша Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)3Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі30 (отыз) жұмыс күні4Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныЭлектронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіҰлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін7Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесіМемлекеттік корпорацияға:1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша әкетуге рұқсат сұралатын мемлекеттік меншіктегі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының тізбесі; 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады";портал арқылы:1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу арқылы сұрау салу;2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің электрондық анықтамасы.9Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.10Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. "Ұлттық архив қорыныңмемлекеттік меншіктегі құжаттарынҚазақстан Республикасынан тысжерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру"мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына3-қосымша Нысан Уәкілетті органның атауы (мемлекеттік тілде)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ЕлтаңбасыУәкілетті органның атауы (орыстілінде) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына №______рұқсат Берілді___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкету құқығына Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес ____ парақта. Құжаттар уақытша әкетіледі __________________ (ел). Уақытша әкету мақсаты: экспонаттау, қалпына келтіру жұмыстары (керегінің астын сызу), өзгеде жағдайлар (көрсету) ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___-нан _____ге дейінгі кезеңде болу мерзімі _______________. Уақытша әкетуге рұқсат ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Мемлекеттік органның басшысы ______________ ___________________ (лауазым атауы (қолы) (Т.А.Ә.) ұйымды көрсете отырып) М.О. "___" __________ 20___г. ______________ (берілген орны) Кеден және шекара қызметтерінің белгілері "Ұлттық архив қорыныңмемлекеттік меншіктегі құжаттарынҚазақстан Республикасынан тысжерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына4-қосымша Нысан Уақытша әкетуге рұқсат сұралатын Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының тізбесі Ескерту. 4-қосымшада тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.NҚұжаттың, істің сипаттамасы (сақтау бірліктері)*Іздеу деректері**Физикалық жағдайы1234 Тізбеге енгізілген барлығы _____________________ сақтау бірлігі (сандармен және жазумен) Өтініш беруші (Ұйымның атауы _______________ ________________________ көрсетілген (подпись) (Ф.И.О.) лауазымның атауы) МО Ескертулер: * құжаттың, істің (сақтау бірліктерінің) атауымен қатар ақпаратты тасығыш және жаңғырту тәсілі, түпнұсқалығы немесе көшірмелігі, тән сыртқы белгілері, мөлшерлері көрсетіледі.; ** құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) сақталу орны, мемлекеттік архивтің атауы, Қордың, тізімдеменің, сақтау бірлігінің нөмірі көрсетіледі; парақтар саны (егер тізбеге істің жекелеген құжаттары енгізілсе, парақтардың нөмірлері көрсетіледі). Басшының қолы мен мөрі әрбір параққа қойылады. Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрінің2020 жылғы 29 мамырдағы№ 159 бұйрығына3-қосымша "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережеОсы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерден шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік көшірмелерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар ) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат; 2) архивтік көшірме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 455-тармағына сәйкес ресімделген, архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме; 3) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат; 4) мемлекеттік архив – Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме; 5) орталық мемлекеттік архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіМемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (бұдан әрі-портал). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолдану мерзімі аяқталған құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы түскен өтінішті кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға береді (сағат 18.30-дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні. Басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорацияларының бөлімшелері үшін – пошталық жолдауларды ескеріп 10 (он) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және Тізбенің 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды кіргізеді, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тартуды жібереді. Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды, егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль мөртаңбасын қою немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру туралы шешім қабылдайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды кіргізеді, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні, уақыты және орны көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 5-1. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына ("электрондық үкімет" порталы арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ, Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады. Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 18.11.2022 № 329 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіКөрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым қызметті берушінің басшылығына www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 14 кіреберіс, байланыс телефондары: 8 (7172) 741848, 741333. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.Шағым бергенде көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағым оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға не сотқа жүгінеді. "Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік архивтеріненшығатын және шетелгежіберілетін архивтіканықтамаларға, архивтікқұжаттардың көшірмелеріненемесе архивтік үзінділергеапостиль қою" мемлекеттікқызмет көрсету қағидаларына1-қосымша Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.10.2021 № 312 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Нысан____________________________(көрсетілетін қызметтіберушінің атауы)____________________________(көрсетілетін қызметтіалушының тегі,____________________________аты, әкесінің аты (ол болғанжағдайда)____________________________тұратын мекен жайы (жеке тұлғаүшін)____________________________заңды мекен-жайы (заңды тұлғаүшін)____________________________Байланыс телефоны:____________________________Электрондық мекен-жайы____________________________Жеке сәйкестендіру нөмірі /____________________________бизнес сәйкестендіру нөмірі) Өтініш Мемлекеттік архивпен берілген төмендегі құжаттарға апостиль мөртаңбасын қоюды сұраймын: __________________________________________________________________________ (архивтік анықтамаға, архивтік құжаттың көшірмесіне немесе __________________________________________________________________________ архивтік құжаттардан архивтік үзінділерге) Ақпараттық жүйелерде заңмен қамтылған және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өзім көрсеткен тұрғылықты жердің (орналасқан жердің) мекен-жайдың, жұмыс орнымның, ұялы байланыстың абоненттік нөмірімнің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өз қолтаңбаммен растаймын. "___" ______________ 20___ жыл _________________ (қолы) "Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік архивтеріненшығатын және шетелгежіберілетін архивтік анықтамаларға,архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына2-қосымша Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 28.06.2024 № 275-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)3Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші және Астана қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері – 3 (үш) жұмыс күні;2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – пошталық жөнелтілімдерді ескере отырып 10 (он) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);3) порталда – 3 (үш) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушыны құжаттардың сәйкес еместігі туралы хабардар еткен және оларды сәйкес келтірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күніне ұзартылады4Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныЭлектронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіҚазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларда, архивтік құжаттардың көшірмелерінде немесе архивтік үзінділерде апостиль мөртабаны, не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 609-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әр құжат үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,5 құрайтын мемлекеттік баж алынады. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.7Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер және құжаттар тізбесіМемлекеттік корпорацияға:1) стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады); 3) апостиль мөртабаны қойылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік архивпен берілген архивтік анықтама, немесе архивтік құжаттың көшірмесі немесе 77-қосымшаға сәйкес нысан бойынша архивтік үзінді;4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады"; порталда:1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу арқылы сұрау салу; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 76-қосымшаға сәйкес мемлекеттік архивтен берілген электрондық архивтік анықтама немесе архивтік анықтамалықтың электрондық көшірмесі немесе 77-қосымшаға сәйкес архивтік үзіндінің электрондық көшірмесі;3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).9Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.10Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрінің2020 жылғы 29 мамырдағы№ 159 бұйрығына4-қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11444 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);"Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13360 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);"Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13534 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);"Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15123 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);"Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15388 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16581 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16907 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18653 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18987 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/969939?lang=kk
"Алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны қалай алуға болады" 05.04.2025
"Алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны қалай алуға болады"💠Өтініштерді қабылдау және лицензия беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz(http://internal.elicense.kz).💠Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензияны мемлекеттік кірістер департаменті береді.📍 Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензия алғанға дейін уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша 105402 "лицензиялық алым" КБК төленеді.📍 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге лицензия алған кезде алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге белгіленген ставкалар бойынша - 105402 КБК – ға лицензиялық алым төленеді-Астанада, Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында-100 АЕК, басқа қалалар мен кенттерде – 70 АЕК, ауылдық елді мекендерде-30 АЕК.📍 "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы №202-V Заңына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (барлық құжаттар электрондық түрде ұсынылады):✅мәлімдеме;✅бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;✅денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарынан тыс орналасқан тұрақты тұруға, мақсаттарға қарағанда өзге де мақсаттар үшін пайдаланылатын стационарлық үй-жайларға жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі осы Шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда – иелену (пайдалану), өтеусіз пайдалану;✅электрондық құжат нысанында алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны.#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщику Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/969932?lang=kk
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою тәртібі 05.04.2025
Салық кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес резидент заңды тұлғалар, резидент емес, Қазақстан Республикасында қызметін филиал арқылы жүзеге асыратындар, өкілдік, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, осы бапта айқындалған тәртіппен, қоспағанда: 1) Мемлекеттік мекемелер; 2) резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері; 4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.Салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына сәйкес ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мың еселенген мөлшерін құрайды. Осылайша, салық төлеушілер жылдық айналымның ең төменгі мөлшерінен асқан жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет.Ең төменгі айналым мөлшерінен асып кеткен жағдайда тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою туралы салықтық өтініш беру қажет. Өтініш айналым мөлшерінен асып кеткен ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей берілуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/969884?lang=kk