Enbekshi QazaQ

Қоғам

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімі туралы 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 1 сәуірден бастап  Транзиттік декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімі күшіне енгенін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/969833?lang=kk
Өкілдік Басшысы Нидерланды Елшісін қабылдады 05.04.2025
2025 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нико Схермерсті және Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы Чингиз Канапьяновты қабылдады. Кездесу барысында инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-нидерланд ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Агроөнеркәсіп және су ресурстарын басқару саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Ж. Әбдрашов қазақстандық тараптың тәжірибе алмасуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін атап өтті. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Нидерланды арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/969830?lang=kk
ҚАЖ комитетінің өкілдері консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Беларусь СІМ аралық консультацияларына қатысты 05.04.2025
Екі елдің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Беларусь СІМ аралық консультациялар өтті.Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Әубеков, беларусьтік делегацияны СІМ Бас консулдық басқармасының бастығы Андрей Кожан басқарды.Отырыс барысында тараптар консулдық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Республика азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды талқылау, жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу осындай мәселелердің бірі болды.Бұл мәселеде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің  Штаб бастығы Жантеміров Тимур Вячеславович таныстырды.Кездесу соңында тараптар тиісті Хаттамаға қол қойды және консулдық қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/969808?lang=kk
Картопты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес хабарлайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 қаңтарда № 35679 болып тіркелді, алты ай мерзімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жаңа немесе салқындатылған картопты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0701) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды қоспағанда, көліктің барлық түрлеріне тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/969795?lang=kk
Астана қаласында өткен жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында моноқалалар мен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы 05.04.2025
Астана қаласында өткен жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында моноқалалар мен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін талқылау барысында Алтай аудандық мәслихатының төрағасы Л. Гречушникова моноқалаларға келетін мамандарды қолдау мәселесі бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б.Омарбековке жүгінді. Бұл шара тиімді жүзеге асырылса, Алтай мен Серебрянск қалаларының тұрақты дамуы үшін қажетті білікті мамандардың келуін қамтамасыз ете отырып, кадр тапшылығы жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мәселе жан-жақты зерттеліп, моноқалаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына енгізуді талап етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/969794?lang=kk
Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр 05.04.2025
Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Талқылау барысында агроөнеркәсіп кешенін, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер көтерілді.Жиынға қатысушылар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандыруға, шаруа қожалықтарына қолдау көрсетуге және инфрақұрылымды жаңғыртуға кешенді көзқарас қажеттігін атап өтті. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін талқылай отырып, Кеңес мүшелері ауылдық жерлерде тұру және жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасаудың, оның ішінде сапалы білім, денсаулық сақтау және мәдениет қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Ауылдық инфрақұрылымды, соның ішінде жолдарды, электр қуатын және сумен жабдықтауды дамыту қажеттігі баса айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/969791?lang=kk
Премьер-министр бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді 05.04.2025
Премьер-министр бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткіздіПремьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген экономиканы цифрлық трансформациялауға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткіздіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/969781
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті 05.04.2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездестіКездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/969780?lang=kk
жануарларға жауапкершілікпен қарау 05.04.2025
Дәулет ауылдык округі әкімінің,аппараты, Казакстан Республикасынын, Заны 2021ЖЫЛЕ30 желтоксандагы "Жануарларгажауапкершілікпен карау туралы" заңына сайкес, уй жануарларын устау және күтіп-бағу кезінде белгілі бір талаптарды сактау кажет. Осыган байланысты,Сіздерге келесі ережелерді ескертулерінізді сураймыз. 1. Уй жануарларын устау кезіндеветеринариялык жене санитарлык талаптардыорындау, малды уактылы тіркеуге кою кажет. 2.Малдын тургын уйлердін аумагында когамдык орындарда оздігінен журуге жол берілмейді. 3.Жануардын адамга жэне озге де мулікке зиян келтірмеуін камтамасыз ету ушін кажетті кауіпсіздік шараларын кабылдау кажет. 4. Аса кауіпті жэнежукпалы аурулар аныкталган жадайда, бул туралыдереу ветеринарлык кызметке хабарлау міндетті. 5.Жануарлар коршаган ортага зиян келтірмеуі тиіс,санитарлык-гигеналык нормалар сакталуы кажет.Аталган талаптарды орындалмаган жадайда,колданыстагы заннамага сәйкес әкімшілік шараларколданылатынын ескертеміз. Дәулет ауылдык округіәкімдігі ауыл тургындарын осы талаптарды сактаугашакырады жэне ер азаматтын жауапкершілігі манызды екенін ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/969768?lang=kk
Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізудің кейбір мәселелері туралы 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қантардағы № 29 бұйрығына сәйкес хабарлайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 03 ақпанда № 35692 болып тіркелген өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы.Тыйым салу мерзімі – ағымдағы жылдың 14 ақпаннан бастап 14 тамызға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/969765?lang=kk
«ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз шығарудың кезекті фактісі анықталды 05.04.2025
2025 жылдың 18 наурызында ҚР-дан ҚХР-ға бара жатқан ҚР азаматшасының жеке заттарын тексеру барысында декларацияланбаған 39 800 АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражаты анықталды.ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, эквиваленті 10 000 АҚШ долларынан асатын шетел валютасын қолма-қол ақша түрінде шығаруға тыйым салынған.Жеке тұлғалар кедендік декларациясыз шетелдік және ұлттық валютаның қолма-қол ақшасын және жол чектерін жалпы сомасы эквиваленті он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде әкелуге немесе шығаруға құқылы. Эквиваленті 10 000 АҚШ долларынан асатын сома міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады.Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды. Еске саламыз, көрсетілген ақша қаражатын тасымалдау нормаларын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 551-бабының 3-бөлігі бойынша декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары сомасының 25% мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, сондай-ақ декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркіленеді.Анықтама: 2024 жыл ішінде ақша қаражатын заңсыз тасымалдаудың 206 фактісі анықталды, 5,8 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, декларацияланбаған ақша қаражатының сомасы 3,2 млн АҚШ долларын құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/969713?lang=kk
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында зияткерлік меншік бөлімінің басшысы азаматтарға кеңес берді. 05.04.2025
Тауар белгісін тіркеуге беру мәселесін шешуге көмек көрсетілді. Бұл саланың танымалдығы артып келе жатқаны және қоғам мемлекеттегі зияткерлік меншіктің маңыздылығын көбірек түсінетіні қуантады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969665?lang=kk
қабылдау 05.04.2025
приемАким даулетского сельского округа Жакаев ЖанболатЕлубаевич и заместитель акима ЖексенбаевКадырбек Кудабаевич иск жителей селапо личным вопросамвел прием.Жителям, прибывшим на прием, в рамках закона необходимо.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/969661?lang=kk
Борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 05.04.2025
Ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің №2 филиалының аға сот орындаушысы азамат А.-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.Борышкерге 20 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1111583?lang=kk
Тазалық жұмыстары 05.04.2025
  Ауыл аумағында санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілді.Жүргізілген жұмыстар барысында ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындардағы тұрмыстық қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды.Аталған шаралар ауылдың тазалығын сақтау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1248058?lang=ru
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері 05.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1238577?lang=ru
Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы 05.04.2025
Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен.Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылуға дайындалып жатыр. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады.Менің сенімім: ертеңгі қуатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға қажеттілігін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы. Бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы.Осы жобаның жетістігі ескеріліп, мен оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі».Міне, осындай жаңаша бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекет – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және даусы естілген жас буыннан бастау алады.«Заң мен Тәртіп»Қазақстан РеспубликасыныңБас Прокуроры Б. Асылов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/969903?lang=kk
«Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп 05.04.2025
«Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММмемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есепҚазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.2024 жылы Бобровка ауылдық округінің аппараты 15 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 1-сі заңды тұлғаларға.- elicense ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-3.- көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанында кеңсе арқылы баламалы негізде көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-12;-2024 жылы Мемлекеттік қызмет бойынша электрондық түрде 1 бас тарту болды.Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:«Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».Аталған ауылдық округтің маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсынан 2024 жылдың ақпан айында өтті.Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-bobrov/press/news/details/969584?lang=kk
Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс өткізілді. 05.04.2025
Тайынша ауданының Яснополян ауылдық округіндегі «Тайынша-Астық» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлеріне «СҚО Әділет департаментінің» РММ «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушылары өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс оқыды.Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері түсіндірілді. Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі де қарастырылды. Сонымен қатар, дәріс қатысушылары барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969579?lang=kk
Мониторинг 05.04.2025
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында Баянды ауылы әкімінің аппараты тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауына жол бермеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынған.Мониторинг аясында: - Ауылдағы сауда орындарында азық-түлік бағаларына күнделікті бақылау жүргізіледі; - Баға өсімінің себептері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.Ауыл әкімдігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/973366?lang=kk