Қоғам
Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс өткізілді. 05.04.2025
Тайынша ауданының Яснополян ауылдық округіндегі «Тайынша-Астық» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлеріне «СҚО Әділет департаментінің» РММ «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушылары өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс оқыды.Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері түсіндірілді. Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі де қарастырылды. Сонымен қатар, дәріс қатысушылары барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969579?lang=kk
Мониторинг 05.04.2025
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында Баянды ауылы әкімінің аппараты тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауына жол бермеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынған.Мониторинг аясында: - Ауылдағы сауда орындарында азық-түлік бағаларына күнделікті бақылау жүргізіледі; - Баға өсімінің себептері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.Ауыл әкімдігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/973366?lang=kk
Алматыда акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолы кесілді 05.04.2025
2025 жылғы 2 сәуірде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру іс-шаралары барысында контрафактілік темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады. Кодтары жоқ (сәйкестендіру құралдары) және анықталмаған үлгі кодтары бар 18 603 қорап темекі табылды. Заңсыз өнімнің жалпы құны шамамен 17 млн. теңге.Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласының сот органдарына жіберілді. Бұл бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Тәркіленген акцизделетін өнім азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Департамент азаматтарды шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.Темекі өнімдеріне (сәйкестендіру құралдарына) салынған кодтардың түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильдік қосымшасының көмегімен тексеруге болады, акцизделетін өнімді заңсыз өткізудің барлық фактілері бойынша Алматы тұрғындары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы бойынша немесе 8 708 765 38 22 телефоны бойынша хабарлай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/969562?lang=kk
Конституциялық Сот айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау туралы норманы тексереді 05.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 319-бабы бесінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Аталған нормаға сәйкес судья қаулы шығарумен бiрмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға мiндеттi.Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма айыпталушыны соттың санкциясынсыз және шағымдану құқығынсыз қамауда ұстауға мүмкіндік береді.Тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/969535?lang=kk
Өндірістік әлеуетті арттыру. Ел өңірлерінде ауқымды жобалар іске қосылуда 05.04.2025
2 сәуірде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында Астана мен Алматының және Ұлытау, Қарағанды облыстарының дамуы талқыланды.Астана: дамуға инвестицияЕлорда инвестициялық жобалар саны мен халық өсімінің қарқыны бойынша өңірлер арасында бірінші орында. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 73%. Бұл орташа республикалық деңгейден екі есе жоғары.Бүгінде Астана пулы 18,3 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 2,5 трлн теңге 130 инвестициялық жобаны қамтиды. 2025 жылы 300 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, кемінде 50 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар бірқатар ірі жобаларды іске асыру басталды. Атап айтқанда: Kazak Protein зауыты (170 млрд теңге) – бидайды тереңдете өңдеу;ТОКК Қазақстан (55 млрд теңге) – жеңіл металдан жасалған қаптама өндірісі;LASSELSBERGER (23,6 млрд теңге) – құрылыс қоспасы мен бояу өндірісі;Электровоз құрастыру зауыты (15 млрд теңге) – электровоздарға арналған сервистік орталық.Астана әкімі Жеңіс Қасымбек штаб отырысында елорда маңындағы өнеркәсіптік кластерді одан әрі дамыту үшін №2 Индустриялық парктің құрылысы басталатынын, оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар елордада бірқатар ірі логистикалық жобалар іске қосылуға дайындалуда. Соның ішінде Wildberries логистикалық хабы және ОЗОН көлік-логистикалық орталығының екінші кезегі бар. Барлық логистикалық жобаларға инженерлік инфрақұрылым жүргізу қажет.Қарағанды облысы: өнеркәсіптік агломерацияӨңірде жалпы құны 174,6 млрд теңге болатын 118 инвестициялық жоба іске асырылып, 2,9 мың жұмыс орны ашылды. Маңызды объектілердің арасында:Ыстық мырыштау зауыты (6,2 млрд теңге, 115 жұмыс орны);«Гиперборея» жел электр станциясы (50,6 млрд теңге, 20 жұмыс орны);Кремний қорытпасы зауыты (62,8 млрд теңге, 497 жұмыс орны);«ТЭМПО Қазақстан» болат құбыр өндіру (25 млрд теңге, 400 жұмыс орны);Алюминий радиатор өндіру (18,6 млрд теңге, 183 жұмыс орны).Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Сарыарқа» АЭА мен «Саран» индустриялық аймағын электрмен жабдықтау қуатын арттыру қажеттігін айтты. 2027 жылы «Сарыарқа» АЭА аумағында арнайы мақсаттағы «Қазақстан» болат өндіру зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Ол үшін АЭА аумағын кеңейту қажет. Сонымен қатар «CargoHUB Karaganda» мультимодальды аэрохабын құру шеңберінде АЭА қызметтің басым түрлерінің тізбесін кеңейту қажет.Вице-премьер АЭА инфрақұрылымын жүргізу және қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту бойынша Қарағанды облысының ұсыныстарын қолдап, ҰЭМ-ге бұл мәселені ӨҚМ-мен қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды.Ұлытау: өнеркәсіпті дамытуҰлытау жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша көшбасшылардың бірі (6,1 млн теңге). Облыста 2,2 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 933 млрд теңге 19 инвестициялық жоба жоспарланған. 2025 жылы жалпы құны 138 млрд теңге болатын 17 жобаны іске асыру басталады, оның ішінде:Батыс Қаражал кен орнын игеру;Жезқазған мыс балқыту зауытының күкірт қышқылы цехын салу;Байыту фабрикаларын жаңғырту;Мұнай базасы мен респираторлар зауытын салу.Сәтбаевта индустриялық аймақ құрылып, оның шеңберінде жалпы құны 28 млрд теңге болатын 4 жоба пысықталуда. Нәтижесінде 150 жұмыс орны ашылады. Облыс әкімі Дастан Рыспеков АЭА-ға қажетті инфрақұрылымды тарту үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажеттігі мәселесін көтерді. Серік Жұманғарин бұл ұсынысты қолдап, қажетті инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесін басым міндеттер тізіміне енгізуді тапсырды. Вице-премьер Ұлытау облысының тиімді экономикалық дамуы үшін инвестициялық жобалар пулын ұлғайтып, көмір химиясы мен ауыл шаруашылығын дамытуды бастау қажеттігін атап өтті.Алматы: автоөнеркәсіп және туризмАлматыда 21,5 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 95 жеке инвестициялық жоба іске асырылуда. ЖӨӨ өсу болжамы 6,4%-ды құрайды.2025 жылы бірқатар маңызды нысандарды іске қосу жоспарланған:Haval, Chery, Changan автомобильдерін шығаратын мультибрендтік зауыт (жылына 182 млрд теңге, 90 мың авто);«Almaty Museum of Arts» мұражайы (44 млрд теңге);Wildberries логистикалық орталығы (43,2 млрд теңге);Medeu Park Hotel қонақ үй кешені (17 млрд теңге).Сондай-ақ Алматыда индустриялық аймақты кеңейту жоспарланып, дамудың екінші кезеңі 194 га аумақты қамтиды. Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жобалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамамен ұзақ келісілуіне байланысты индустриялық аймақтың кеңеюі кешіктіріліп жатқанын хабарлады. Вице-премьер Серік Жұманғарин ҰЭМ-ге ӨҚМ-мен бірлесіп, инвестициялық жобалар кешіктірілмеуі үшін туындаған мәселелерді пысықтауды тапсырды.https://primeminister.kz/news/ondiristik-aleuetti-arttyru-el-onirlerinde-aukymdy-zhobalar-iske-kosyluda-29890 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/969517?lang=kk
«CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілді 05.04.2025
Назар аударыңыз! «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілдіҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап «CargoRuqsat» автоматтандырылған электронды кезек жүйесінде (бұдан әрі – ЭКЖ) бір автокөлік құралының бірнеше рет броньдалуын болдырмауға бағытталған жаңа функционал енгізілгенін хабарлайды.Бұған дейін кейбір тасымалдаушылар бір VIN-коды бар, бірақ әртүрлі тіркеу нөмірлерімен автокөліктерге бронь жасаған жағдайлар анықталған. Сондай-ақ, бір өткізу пунктінде белсенді бронь болған кезде басқа өткізу пунктінде бронь жасау мүмкін емес екендігі туралы шағымдар түскен.Осыған байланысты, енді жүйе бронь жасау кезінде автокөлік құралының VIN-кодын автоматты түрде тексереді. Егер АТС-тің белсенді броні бар болса, жаңа бронь жасау мүмкін болмайды, ал жаңа бронь жасау үшін алдымен алдыңғысын жою қажет.Белсенді броньды қалай жоюға болады?Егер сізге жаңа бронь жасау үшін белсенді броньды жою қажет болса, ЭКЖ әкімшісінің электрондық поштасына (cargoruqsat@gmail.com) келесі құжаттарды жіберіңіз:• Көлік құралының техникалық паспортының көшірмесі;• Көлік иесінің төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін – компанияның құрылтай құжаттары).Басқа кабинет арқылы жасалған броньды жою:Егер бронь басқа жеке кабинет арқылы жасалған болса, оны жою үшін cargoruqsat@gmail.com электронды поштасына жоғарыда көрсетілген құжаттарды жіберу қажет.Жаңа функционал кезекті әділ бөлуді қамтамасыз етуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Тасымалдаушылардан осы өзгерістерді ескере отырып, өз бағыттарын жоспарлауды сұраймыз.#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщикуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/971549?lang=kk
ШҚО екі Латвия азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды 05.04.2025
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі Латвия азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі 3-тармағының 1,3-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұған дейін, 2024 жылғы шілдеде, облыс прокуратурасы ҰҚК ШҚО бойынша департаментімен қадағалау органының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың анықталғаны туралы хабарлаған болатын. Еске сала кетсек, тінту барысында 125 кг мефедрон (630 мың бір реттік дозаға баламалы), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 кг синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынды зертханалық жабдық тәркіленген. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады. Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, мемлекеттік айыптаушы соттан 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағдар берді. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.#Заң_және_Тәртіп#Заңүстемдігі#Есірткігежолжоқ Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/969484?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Анонс 05.04.2025
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 17 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, салықтық және кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) 2025 жылғы 17 сәуірге дейін l.zholzhaksynova@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймынСұрақтарыңыз болса +7 705 764 59 59 телефон номеріне хабарласыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/969459?lang=kk
Семейде қазақша күрестен Ұлттық ұлан чемпионаты өтті 05.04.2025
Семей қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогына қазақша күрестен жеке және командалық чемпионат өтті.Жарыс 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналды. Ашылу салтанатында қатысушылар оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.– Біз үшін антқа адал болып, шетелде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімін есте сақтау маңызды. Осыған орай, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында ұлттық спортты жандандыру және насихаттау мақсатында еске алу турнирін өткізіп отырмыз, – дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов.Чемпионаттың бас төрешісі полковник Руслан Жақыпековтың айтуынша, биыл біріншілікке жеті команда қатысқан. Атап айтқанда, "Оңтүстік", "Орталық", "Батыс", "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан Академиясының, 6654 және 5573 әскери бөлімдерінің құрама командалары бақ сынады.– Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті, онда әлемдік ареналарда өнер көрсететін спортшылар қатысты. Чемпионат дәстүрлі негізде екінші жыл өткізілуде, - деді бас төреші.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді генерал-майор Бауыржан Әбжанов, қазақша күрестен Қазақстан чемпионы, самбодан және ұлттық күрестен ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров, сондай-ақ қазақша күрестен, Дзюдодан және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерасыл Қажыбаев пен басқа да құрметті қонақтар марапаттады.Екі күндік чемпионатн қорытындысы бойынша командалық есепте 5573 әскери бөлімінің командасы бірінші орынды, Ұлттық ұлан академиясының командасы екінші орынды жеңіп алды. Ал "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығының құрамасы үшінші орынды иеленді.Жүлдегерлер Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың атынан медальдармен, кубоктармен және төсбелгілермен марапатталды, сондай-ақ қалалық әкімдік өкілдерінен ақшалай сыйлықтар алды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/969438?lang=kk
Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттерімен зияткерлік ойын өткізілді 05.04.2025
2025 жылдың 3 сәуірінде Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі «Ата Заң – тәуелсіздіктің тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған зияткерлік ойын өткізді. Ойынға Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Ойын барысында студенттер тест сұрақтарына жауап беріп, кроссвордтар мен ребустар шешіп, елдің негізгі заңы жөніндегі білімдерін көрсетті. Іс-шараның соңында студенттердің назарын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттеріне аудару мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан Республикасы азаматының мәртебесі тек құқық беріп қана қоймай, белгілі бір міндеттерді орындауды да көздейді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/969416?lang=kk
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті халықаралық қауіпсіздік көрмесінде өз жаңалықтарын ұсынды 05.04.2025
Астана қаласының EXPO көрме орталығында өткен Kazakhstan Security Systems-2025 халықаралық қауіпсіздік көрмесіне Франция, Германия, Италия, Ресей, Түркия, Әзербайжан және басқа да елдердің компаниялары қатысты.«Астана-Экспо КС» көрме компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Олжас Қанапиянов бұл халықаралық көрме жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен жүзден астам экспоненттерді біріктіретінін атап өтті. Көрме алаңында кәсіпқойлар киберқауіпсіздіктің, қол жеткізуді бақылауды қорғаудың өзекті мәселелерін, қорғаныс және құқық қорғау салаларында қолданылатын жаңалықтарды талқылайды.Көрмеде ҚР Ұлттық қорғаныс университеті ақпараттың сыртқа шығып кетуінің техникалық арналарын анықтау және үй-жайлардың қорғалуын бағалау бойынша жүргізілген арнайы зерттеулер зертханасының қызметтерін ұсынды. Қауіпсіздік саласындағы мамандарды VR/AR-технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша перспективалы геоақпараттық технологиялар зертханасының, роботтандырылған жүйелерді, ҰҰА әзірлеу және сынау жөніндегі технопарктің қызметтері де қызықтыруы мүмкін. Әзірлеушілер арсеналында ҰҚУ-проекциялық жабдық, лазерлік гравюра станогы, аэрофототүсірілім кешені және машиналық көру жүйесі бар. Сондай-ақ, 3D модельдерін құру және қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін математикалық модельдеу бойынша да ұсыныстар енгізілген.– Ұлттық қорғаныс университеті мұндай ауқымды форумға алғаш рет қатысып отыр. Біздің павильон барлаудың техникалық құралдарына қарсы іс-қимыл, ақылы қызмет көрсету және ғылыми-зерттеу взводына мерзімді әскери қызметке кіру туралы ұсыныс сынды бірнеше бағытқа бөлінген. Бұл бөлімшеге техникалық және IT-мамандықтар бойынша жоғары білімі бар жастарды шақырамыз, – деді әскери оқу орнының өкілі аға ғылыми қызметкер капитан Әділет Оразқанов.Жоғары әскери оқу орнының сервистік пакетінде біліктілікті арттыру, ағылшын тілін қарқынды оқыту, әртүрлі материалдардан үлгілерді әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер, әскери кафедралардың оқытушылары мен әкімдердің көмекшілеріне арналған курстар және басқалар бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/969415?lang=kk
Артем Антропов ел чемпионатында Қазақстанның үш рекордын орнатты! 05.04.2025
Қостанайда 25 наурыз бен 2 сәуір аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық біріншілік өтті. Қарағанды өңірінің спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Ал, әлем чемпионы біздің Артем Антропов Қазақстанның үш рекордын орнатты!- Екеуі жұлқи көтеруден және біреуі қоссайыс сомасынан, - деп нақтылады рекордшының тұрақты жаттықтырушысы Иван Снегуров, - Артем 109 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұрын жұлқи көтеруден бұл топтағы елдегі ең жақсы нәтиже 219 келі болатын. Антропов алдымен 220 келіні, одан кейін 231 келіні көтерді, бұл әлемдік рекордтағыдан бір келіге аз.Нәтижесінде, қоссайыс сомасынан – жұлқа көтеруден және серпе көтеруден -401 келіні көтеріп, еліміздің ең үздік көрсеткішін жаңартты.Мұндайда не дейміз – Артем жарайсың, Иван Сергеевич құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз демекпіз!Алайда, Қарағанды өңірінің қалған мүшелері де Қостанайда үздік нәтиже көрсетті.«Нәзік» жыныс өкілдері үш алтын медаль жеңіп алды, олар: Балабаюк Дарья (с/д59 келі), Теренюк Олеся (с/д45 келі) және Ковальчук Любовь (с/д 87+).Ерлердің нәтижелері:1 орын - Ешімбеков Нұрбол (с/д 55), Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады;2 орын - Грамачков Никита (с/д 55), Спорт шебері нормативін орындады;2 орын - Староверкин Кирилл (с/д96 келі);3 орын - Бабенко Александр (с/д 61 келі);3 орын-Измайлов Владимир (с/д 109+).Жарайсыңдар! Бұл балалар - жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің, Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің және облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушілері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/969412?lang=kk
Қазақстанның тұрақты өкілі Нью-Йоркте өткен із-түзсіз жоғалғандар жөніндегі БҰҰ диалогында сөз сөйледі 05.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 2 сәуір - Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Елші Қайрат Омаров Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түркпен хабарсыз кеткен адамдар мәселесі бойынша диалогқа қатысты.Хабар-ошарсыз кеткен адамдар мәселесі – әділдік пен бейбітшілікке кедергі келтіретін адам құқықтарының өрескел бұзылуы, ал оның жаһандық ауқымы қоғамды тұрақсыздандыруға ықпал етуі мүмкін.Елші Қ.Омаров өз сөзінде хабарсыз кеткен адамдардың отбасылары тап болатын белгісіздік пен қайғы-қасіретке байланысты осы мәселенің күрделілігін атап өтті.Елші Омаров Қазақстанның бұл мәселені шешуге бейілді екенін атап өтті. Ол ұлттық деңгейде күштеп жоғалудың алдын алу үшін құқықтық базаны нығайтуға, хабарсыз кеткендер туралы істерді мұқият тергеуді қамтамасыз етуге, сот-сараптамалық әлеуетті жетілдіруге және зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған күш-жігер туралы хабардар етті.Осы мәселенің трансұлттық сипатын мойындай отырып, Елші Омаров бұл салада халықаралық ынтымақтастықтың, техникалық көмектің және озық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті және БҰҰ құрылымдарымен, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін білдірді.Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның негізгі рөлін ескере отырып, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін нығайту үшін көпжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын баса атап өткенін еске салды.Қазақстан осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен сындарлы өзара іс-қимылға өз бейілділігін сақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/969408?lang=kk
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті 05.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды.Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/969407?lang=kk
Бразилия өңірлерімен ынтымақтастық кеңейіп келеді 05.04.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Сан-Паулу штатының Бразилия Федералдық Үкіметіндегі өкілдігінде барып, оның басшысы хатшы Хосе Висенте Сантини мырзамен кездесті.Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан мен Бразилияның Сан-Паулу штаты арасындағы экономика, сауда, өнеркәсіп, логистика, аспап жасау, авиация және ауыл шаруашылығы салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Осы штатта орналасқан компаниялармен өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ Оңтүстік Америка елдерінен Қазақстанға және кері қарай тауарларды жеткізу үшін «Сантос» сауда портының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану ерекше қызығушылық тудырды.Елші, өз кезегінде, Сан-Паулу штатының астанасына жұмыс сапарының және аймақ губернаторының орынбасары Фелисио Рамут мырзамен 2023 жылғы 16 ақпандағы келіссөздерінің нәтижелерімен бөлісті. Осы кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтардың бірі болашақта «Павел-Индустан-Павелода» Сауда-өнеркәсіп палатасын құру мүмкіндігі болды. Осыған байланысты Елші бразилиялық тараптың қарауына Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі мен Сан-Паулу штатының үкіметі арасындағы Қазақстан-Сан-Паулу сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум жобасын ұсынды.2023 жылғы тамызда Сан-Паулу қаласында Қазақстанның штаттағы алғашқы Құрметті консулдығы ашылды. Осыған байланысты тараптар бірауыздан Сауда-өнеркәсіп палатасының құрылуы, Қазақстан мен Бразилияның өнеркәсіптік дамыған аймағы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қосымша серпін береді деген пікірде болды.Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды элементі болып табылады.Анықтамалық: Сан-Паулу штаты Бразилиядағы ең өнеркәсіптік аймақ болып табылады, оның жалпы ішкі өнімі елдің жалпы экономикасының 33% құрайды (2024: 3,5 триллион R$, шамамен 700 миллиард АҚШ доллары). Штат Бразилия ІЖӨ-нің үштен бірінен астамын өндіреді (шамамен 300 миллиард доллар). Штат экономикасының жетекші салаларына машина жасау, автомобиль жасау, ұшақ жасау, сауда, қаржы, тоқыма және тамақ өнеркәсібі, логистика және қызмет көрсету жатады. Штатта Бразилияның ірі трансұлттық компаниялары мен қаржы институттарының штаб-пәтерлері мен зауыттары орналасқан. Сан-Паулу халықаралық әуежайы - Оңтүстік Америка елдеріне апаратын ең үлкен көліктік-логистикалық торабы мен әуе қақпасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/969393?lang=kk
Бавария Қазақстан-Германия экономикалық қарым-қатынастарының драйвері рөлін жалғастыруда 05.04.2025
Мюнхен, 2025 жылғы 3 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегацияның Германияға сапары осы ретте Бавария федералдық жерінің астанасына барумен жалғасты.Сапар аясында Р.Скляр Баварияның Премьер-Министрінің орынбасары, экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен және халықаралық ынтымақтастық пен Еуропа мәселелері жөніндегі министрі Эрик Байсвенгермен кездесулер өткізді.Бавария жергілікті үкіметінің ғимаратында өткен Э.Байсвенгермен кездесуде Қазақстан мен Бавария үкіметтері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Өз кезегінде, Э.Байсвенгер Баварияның Қазақстанмен жан-жақты іскерлік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жоғары қызығушылық танытатынын атап өтіп, тиісті бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Х.Айвангермен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайы туралы пікір алмасып, одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Х.Айвангер Қазақстанның қарқынды дамуын және оның экономикасын әртараптандырудағы жетістіктерін атап өтіп, бұл Бавария компаниялары үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынатынын айтты. Атап айтқанда, Қазақстан мен Бавария экономикасының өзара толықтыратынына назар аударылып, бұл бизнес үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық туғызатыны айтылды.Осы тұрғыда маңызды қадам ретінде 2025 жылдың мамыр айының соңында Шымкент-Мюнхен тікелей әуе рейсінің іске қосылуы күтілуде.Сонымен қатар, Р.Скляр мен Х.Айвангер осы күні өткен «дөңгелек үстелде» баяндама жасап, «Қазақстан-Бавария бизнес-диалогы: Қазақстан өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық технологиялар мен логистика саласындағы серіктес ретінде» тақырыбында пікір алмасты.Іс-шараға Баварияның шамамен 70 кәсіпорнының басшылары қатысты. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесімен және елдегі қаржылық әрі іскерлік мүмкіндіктер туралы пікірлерімен Horsch, Linde Gas AG және Rhenus сияқты компаниялардың өкілдері бөлісті.Өз сөзінде Х.Айвангер Баварияның Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыстарын жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстан бүгінгі таңда Баварияның ТМД және Орталық Азия елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады.Р.Скляр сондай-ақ «дөңгелек үстелдің» тең ұйымдастырушысы болған «Бавария экономикасы одағы» іскерлік қауымдастығының төрағасы Бертрам Броссардтпен келіссөздер жүргізді.Бавария – экономикалық даму бойынша Германиядағы жетекші федералдық жері. 2024 жылы оның ЖІӨ көлемі шамамен 800 миллиард АҚШ долларын (Германия – 4,5 трлн) құрап, оны әлемде 22-ші орынға қойды. Бұл көрсеткіш Аргентина, Оңтүстік Африка, БАӘ, Швеция, Израиль, Австрия және Бельгия сияқты елдерден жоғары.Неміс статистикасы бойынша, 2024 жылы Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда көлемі 4,7 миллиард еуроға жетіп, бұл Қазақстан мен Германия арасындағы жалпы сауда көлемінің шамамен жартысына тең болды.Баварияның мұнай импортының жартысын Қазақстаннан жеткізілетін шикізат құрайды.Егер Қазақстан Германия үшін 43-орында болса, Бавария үшін 21-орында тұр. Баварияға импорт көлемі бойынша Қазақстан 15-орында, яғни Бельгия, Түркия, Жапония, Вьетнам және Оңтүстік Кореядан жоғары көрсеткішке ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/969391?lang=kk
Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу 05.04.2025
2025 жылғы 3 сәуірде "Ақ көгершін" қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде 12 тренинг ұйымдастырды. Тренингтерді өткізген студент-тренерлер жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасын көрсетті, топтық жұмыстың қызықты әрі нәтижелі болғаны байқалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/969383?lang=kk
Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 05.04.2025
Отырыс барысында қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылға қатысты негізгі мәселелер, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралды. Комиссияда көтерілген басты мәселелердің бірі азаматтарды тез пайда табуға уәде беріп, аймақта белсенді жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының өсіп келе жатқан қаупін талқылау болды. Комиссия осындай схемалармен байланысты тәуекелдер туралы азаматтардың қаржылық сауаттылығын және хабардар болуын арттыруға бағытталған халық арасында профилактикалық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/969380?lang=kk
Есік көлі бөгетінің реконструкциясы 05.04.2025
2025 жылы Есік көлінде бөгеттің ауқымды реконструкциясы басталады. Жобаға 23,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып, гидротехникалық құрылымның қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Құрылыс жұмыстары барысында 180 жаңа жұмыс орны ашылады.Реконструкция 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Осы кезеңде бөгетті кешенді сараптамадан өткізу, жобалық құжаттаманы әзірлеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастау көзделген. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізіледі.“Хабель” ЖШС-нің бас директоры жобаның аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңыздылығын атап өтті: “Есік – біз үшін жай ғана көл емес, өміріміздің мәні. Біздің мақсатымыз – Есік көлін бүкіл Қазақстанның көрнекті орнына айналдыру. Табиғатқа, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, жалпы биосфераға ұқыпты және саналы көзқарас – біздің негізгі ұстанымымыз.”Реконструкцияның алғашқы кезеңі бес жылға жоспарланған және келесі жұмыстарды қамтиды:•Бөгетті нығайту және оның сенімділігін арттыру.•Туристік инфрақұрылымды дамыту – жылжымалы тамақтану орындарын орналастыру, байланыс мұнараларын орнату, модульдік үйлер салу.Барлық жұмыстар мемлекеттік органдардың қатаң бақылауымен жүзеге асырылады. Құрылыс және пайдалану стандарттарының сақталуын уәкілетті органдар қадағалайды. Сонымен қатар, жеке инвестор тартатын мердігерлік ұйымдар құрылыс және бөгеттерді пайдалану саласындағы заңнамалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.Есік көліндегі бөгетті реконструкциялау – гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, туристік саланы дамыту үшін де маңызды қадам. Жоба нысанның сенімділігін арттырып қана қоймай, өңірге туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңартылған инфрақұрылым аймақтың тартымдылығын арттырып, оның экономикалық өсіміне серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/969363?lang=kk
«HungExpo Budapest» Мажарстан көрме орталығының басшылығымен кездесу туралы 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 1 сәуір – ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «HungExpo Budapest» Бас директоры Габор Ганчермен кездесті. Кездесуге «HungExpo Budapest» бизнесті дамыту жөніндегі директоры Клара Тихани де қатысты.Сұхбаттасу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы тұрғыда көрмелерді өткізу және оларға қатысу, оларды көрмеден кейін пайдалану тәжірибесімен алмасу мақсатында «QazExpoCongress» қазақ көрме кешенімен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бұған қоса, екі елдің экономикалық жетістіктері мен мәдени құндылықтарын көрсету үшін «HungExpo Budapest» көрмесіне түрлі салалардағы қазақ компаниялардың қатысуы талқыланды.Анықтама: «Hungexpo Budapest» компаниясы 1921 жылы құрылған Мажарстандағы көрмелер мен конференциялардың жетекші ұйымдастырушысы болып табылады. Көрме орталығының аумағы 36 гектар жерде орналасқан және 3 конференц-зал, конгресс-орталық және 7 көрме павильондарын қамтиды. 2021 жылы аяқталған жандандыру бағдарламасы «HungExpo» павильондарын жөндеуге және жаңа көрме павильондары мен конгресс-орталық салуға әкелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/969360?lang=kk