Қоғам
«Аутизм саласындағы мамандардың шетелдік жұмыс тәжірибесі «Аутизм және психомоторлық терапия» облыстық ғылыми - әдістемелік дөңгелек үстел 05.04.2025
2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру күніне орай, ШҚО Білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Аутизм саласындағы мамандардың шетелдік жұмыс тәжірибесі «Аутизм және психомоторлық терапия» тақырыбында, ППТК, ПМПК, РО мамандарына облыстық ғылыми - әдістемелік дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары, ШҚО бойынша «Өрлеу» кәсіптік даму институты директорының орынбасары, облыстық ПМПК меңгерушісі, АМАNАТ партиясының өкілі қатысты. Дөңгелек үстел барысында ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизм орталығының АСБ бар балалармен теориялық және практикалық жұмыс тәжірибесі көрсетілді.Іс-шара орталыққа экскурсия жүргізумен аяқталды. Кері байланыс кезінде қатысушылар сұрақтарға жауап алып, осындай маңызды және қажетті іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/967938?lang=kk
Мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің бастапқы тізбесі 05.04.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Салық кодексінің 93-бабына сәйкес мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің алдын ала тізбесін жариялайды.Мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің алдын ала тізімі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында "мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің тізімі"бөлімінде орналастырылғанын қосымша хабарлайды.https://zko.kgd.gov.kz/ru/content/spisok-nalogoplatelshchikov-podlezhashchih-prinuditelnoy-likvidacii-soglasno-stati-93-0https://zko.kgd.gov.kz/ru/content/spisok-nalogoplatelshchikov-podlezhashchih-prinuditelnoy-likvidacii-soglasno-stati-93 сілтемелер бойыншаКредиторлардың немесе өзге де адамдардың өтінішін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/967936?lang=kk
Жалағаш ауылының азаматы ГҮЛМУРАТ АҚЖОЛ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "21450 әскери бөлімі" сарбазы. 05.04.2025
Жалағаш ауылының азаматы ГҮЛМУРАТ АҚЖОЛ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "21450 әскери бөлімі" сарбазы.Жастар арасында бокстан ҚР чемпионы 2016Екі мәрте бокстан ҚР чемпионатының жүлдегеріҒ.Жарылғапов турнирінің чемпионы 2021 жБ.Саттарханов турнирінің күміс жүлдегері 2019 жБірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері.21 қараша 2024 жылы Әскери-қолданбалы спорт түрлері қоян-қолтық ұрыстан 55 кг салмақта ЧЕМПИОНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/967935?lang=kk
2025 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында мектеп оқушылары үшін «Абылай хан резиденциясы» тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. 05.04.2025
Оқушылар бұл ғимараттың тарихымен танысып, оның Абылай ханның өмірі мен қызметіне байланысты аңыздар мен жорамалдарға толы екенін қызығушылықпен тыңдады. Абылай хан – қазақ жерін біріктіруге алғашқылардың бірі болып негіз қалаған тарихи тұлға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/967916?lang=kk
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызда жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысты әкімнің орынбасары, комиссия төрағасы Е. Жумагулов өткізді. Отырыс барысында 4 маңызды мәселе қаралды, оның ішінде:1. Жалпы білім беретін мектептердің директорлары қала мектептеріндегі қауіпсіздік туралы. баяндады.2.Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Г. Котова терроризм, экстремизм идеологиясының таралуына, жасөспірімдер мен жастардың деструктивті секталар мен қылмыстық субмәдениеттерге тартылуына жол бермеу жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы баяндады.Комиссия мүшелері мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, бұл алдағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті шешімдерді қабылдауға ықпал етті.Отырыс соңында комиссия төрағасы білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру жұмысын орындауға және жақсартуға жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.#комиссия #кәмелетке толмағандар #құқықты қорғау # мектептердегі қауіпсіздік #білімАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/967914?lang=kk
“Жалағаш ауылдық округі әкімі аппараты” ММ-де 24 желтоқсан 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ашық есік күні өтті. 05.04.2025
Кеген ауданы “Жалағаш ауылдық округі әкімі аппараты” ММ-де 24 желтоқсан 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ашық есік күні өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/967898?lang=kk
“Ауыл,Әйел,Инновация“ атты аудандық кәсіпкер әйелдер форумы 05.04.2025
“Ауыл,Әйел,Инновация“ атты аудандық кәсіпкер әйелдер форумы барысында Жалағаш ауылдық округінің тұрғындары Койториева Кульбаршын Алтынбековнаға, Касенова Гульбакыт Кудайбергеновнаға, Макатаева Амангуль Балабековнаға, Каркабатова Айнур Токтасыновнаға облыстық “Алғыс хат” табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/967882?lang=kk
“Сапалы қызмет-басты міндет” дөңгелек үстел 05.04.2025
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсаны күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында “Сапалы қызмет-басты міндет” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/967848?lang=kk
Тергеу және анықтау мәселелері жөнінде жолданымдарды қарау тәртібі 05.04.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/967839?lang=kk
2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша "Алтын алқа" алқасымен Жалағаш ауылының тұрғыны Ағыбаева Асел Рысбекқызы, Тоғызбұлақ ауылының тұрғыны Шункеева Назерке Аманболқызы "Күміс алқа" алқасымен марапатталды. 05.04.2025
2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша "Алтын алқа" алқасымен Жалағаш ауылының тұрғыны Ағыбаева Асел Рысбекқызы,Тоғызбұлақ ауылының тұрғыны Шункеева Назерке Аманболқызы "Күміс алқа" алқасымен марапатталды.Сонымен Қатар Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министірлігінің №1816-шы бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен Тоқтыманов Мұхтар Райымбайұлы марапатталса, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігінің №96-шы бұйрығымен “Еңбек ардагері” медалімен Смайлов Тайбек марапатталды.«Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ электростанциясы» АҚ директоры Айдарбеков Ғалымжан Әбікенұлы және “Кеген орман шаруашылығы КММ-нің директоры” Солтангазиев Айболат Әскербекұлы марапатталды. Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Үздік ауыл азаматтарын марапаттап құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/967828?lang=kk
Мемлекеттік органның өкілдерімен тауар белгілерін құқықтық қорғау, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді. 05.04.2025
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы мемлекеттік органның өкілдерімен тауар белгілерін құқықтық қорғау, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында осы бағыттағы Әділет департаментінің жұмысы туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/967808?lang=kk
Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады 05.04.2025
1 сәуірден бастап Өскемен тұрғындарын кезекші кесте бойынша Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) қабылдайды. Бұған дейін Белинский көшесі, 37а бойынша ХҚКО кезекші болған. Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО әдеттегі кестеден айырмашылығы жұмыс күндері сағат 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самара тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.Айта кетейік, ШҚО-ның басқа ХҚКО-лары азаматтарға стандартты кесте бойынша қызмет көрсетеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/967783?lang=kk
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлері кездесуін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы 05.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2025 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.ТМД СІМК барысында Достастық аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы талқыланады. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың өзге де салаларында күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі аясында сауда-экономикалық және инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өңір елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланады.2025 жылғы 11 сәуірде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 506/99 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos Almaty» қонақ үйінде жұмыс істейді.Аккредиттеуден өту үшін тіркелу формасын 2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 12:00-ге дейін толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:- Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 0418865.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967782?lang=kk
«ДӘМДӘСTOUR»: ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ 05.04.2025
Шаһарда дәстүрге айналған «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі кезекті рет ұйымдастырылды. 2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен дәстүрлі фестиваль биыл өз жалғасын тауып, көпшілік асыға күтетін, нағыз той-думанға айналды.Фестивальге 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің дәмді әрі ерекше тағамдарын ұсынды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, аспаздардың тағамдарымен, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.Бұл фестивалдің басты жаңалығы – көпшілік салмағы 24 келі шығатын, еліміздегі «Ең үлкен самсаның» әзірленуіне куә болды. «Камал ата» асүйінің бас аспазы Н.Нархожаев ең үлкен самсаны әзірлеп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан мотобайкерлер арнайы келіп, өздерінің ерекше мотошеруін және мотошоуын ұйымдастырды. Жиын барысында қала тұрғындары мен қонақтары эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал, жиын соңында болған кәсіби отшашу мен алау көрінісі қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/967756?lang=kk
Тель-Авивте Қазақстанның көпжақты дипломатия жүйесіндегі рөлі таныстырылды 05.04.2025
Тель-Авив, 2025 жылғы 1 сәуір – «Шохам» колледжінің қабырғасында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев жоғары курс студенттеріне Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі аспектілерін таныстырып, елдің көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесі мен бейбітшілік бастамаларын ілгерілету жолындағы күш-жігеріне баса назар аударған маңызды ғылыми пікірталас өтті.Д. Ембердиев өз сөзінде БҰҰ-ның аймақтағы қолмақты рөлін және жаһандық үндеулер тұрғысынан маңызын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің дамуына ықпал ететін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы қарарды бірауыздан қабылдағанын жеткізді.Талқылау барысында қатысушылар жаһандану мен жаңа технологиялардың дамуы аясындағы халықаралық жүйедегі өзгерістерді де қарастырды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуі мен ұйымның бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін жалғастыруының маңыздылығы да ерекше аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/967751?lang=kk
Қазақстанда «Парыз-2025» байқауы басталды 05.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, біз облысының барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырады.Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін Костанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/969379?lang=kk
16 желтоқсан тәуелсіздік күні 05.04.2025
Жалағаш ауылдық округінде 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/967736?lang=kk
2025 жылдың сәуір айына арналған салықтық күнтізбесі 05.04.2025
1 сәуір:Төлемдер:-Жеке тұлғалардың көлік салығы.10 сәуір:Төлемдер:- Жылдық декларациялар бойынша ЖТС/КТС, жер салығы, мүлік салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп айырысулар;- Тіркелген шегерімді қолдана отырып, арнайы салық режимі бойынша салықтар (3 жылға босатылғандардан басқа);- Үстеме пайда салығы15 сәуір:Салық есептілігі:- 400.00 СЕН-акциз бойынша декларация + 421.00 СЕН құрылымдық бөлімше үшін акцизді есептеулер;21 Сәуір:Салық есептілігі:- 328.00 СЕН -тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш;- 101.02 СЕН-декларацияны тапсырғаннан кейінгі 2-4 тоқсан кезеңдері үшін төлеуге жататын КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеулер;25 сәуір:Төлемдер:-Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;- КТС бойынша аванстық төлемдер;- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем;- Төлем көзіндегі КТС;- Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер;- Бірыңғай жалақы салығы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/967721?lang=kk
Аудан әкімдігінің отырысы өтті 05.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Бірінші мәселе – аудан бойынша құрылыс саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев хабарлама жасады. Ағымдағы жылы жүргізіліп жатқан жұмыста ржәне ұсынылған жобалар бойынша елді мекендерді электрмен жабдықтау, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы және антенна-діңгектері құрылысы» жобаларына тоқталып, республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен қаржыландыратын жобалардың жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берді. Екінші мәселе – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы бөлім басшысы Мейірхан Бақытжанұлы баяндады. 2024 жылы ауданның жол саласын дамытуға бюджеттен барлығы - 1,4 млрд. теңге бөлініп, 21,7 шақырымды құрайтын 26 көшенің автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, жол белгілерін орнату және күтіп ұстау, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру және көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жайында атап өтті. Үшінші мәселе – Айдарлы ауылдық округінде атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Нұрбол Жұмабеков хабарлама жасады. Елді мекенде өткен жылыбірқатар жобалар іске асқан. Атап айтқанда, 2024 жылы мемлекеттік гранттар мен несиелендіру бағыттары бойынша 93,9 млн. теңгеге 10 жоба қаржыландырылды. Айдарлы ауылы «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ауылдық спорт мектебі «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен «Батыр боламын» қоғамдық қорының қолдауымен 8,2 млн теңгеге жабдықталды.Аудан басшысы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар құрылысының басым бағыттарын айқындауды жеткізді. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне биыл жөндеуден өтетін көшелердің сапасын қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Айдарлы ауылын дамыту бойынша жаңа жобаларды ұсынуды атап өтті.Әкімдік отырысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жүзеге асырылуы, каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және қосымша біліммен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/967708?lang=kk
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі 05.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне сәйкес келесі тауарлар жатады, егер: 1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса. Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады. ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешіміне сәйкес құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде әкелінеді. Яғни, әуе тасымалынан басқа, жаяу және ілеспе немесе ілеспе емес багажбен әкелінетін тауарлар үшін норма 500 еуро және 25 кг құрайды.Ал тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізілген тауарлар үшін норма 200 еуро және 31 кг. Егер тауардың құны мен салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, тауар құнының 30 пайзы төленеді, бірақ ілеспе немесе ілеспе емес багажда әкелінетін тауардың асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес.Егер тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жеткізілген тауарлар нормадан асып кетсе, құн нормасынан асып кету бөлігінде тауар құнының 15 пайызы төленеді, бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін кемінде 2 еуро төленеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/970267?lang=kk