Қоғам
2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі 30.03.2025
Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба. «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды. 2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді. 2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алды. Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен қосымша 7 млрд теңге сомасына 1 мыңға жуық микрокредит берілді. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері қатысушылар 1,2 млрд теңге сомасына салық төледі. Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары көшбасшы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/963085?lang=kk
Казахстан мен Таиланд ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған 30.03.2025
Бангкок, 2025 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд СІМ-нің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері департаментінің Бас директоры Сасирит Тангулратпен кездесті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, екі ел арасындағы сауда мен инвестиция, логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, даму көмегі, көпжақты форматта бірлескен жұмыс салаларындағы ағымдағы нәтижелер талқыланды.Тараптар барлық бағыттар бойынша қол жеткізілген елеулі нәтижелерді, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға деген жоғары саяси қолдауды және мақсатты бағытты атап өтті.Кездесудің нәтижесінде тараптар белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға нақты жоспарларды анықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/962930?lang=kk
Былтыр ауылдарды дамытуға тартылған инвестиция көлемі 8 трлн теңгеге жуықтады 30.03.2025
Елімізде ауылдық аймақтарды дамыту үшін Үкімет тарапынан бірқатар шара қолға алынды. 2025 жылғы деректерге сәйкес республикада 6179 елді мекен бар, мұнда 7 жарым млн халық өмір сүріп жатыр. Былтыр ауылдық жерлерде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 7,9 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында бір жұмысшыға шаққанда еңбек өңімділігі соңғы бес жылда 2 есеге өсіп, 4,2 млн теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап түрлі елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту мақсатында Өңірлік стандарттар жүйесі іске асырылуда. Бұл жүйе әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің нақты көрсеткіштерін, халықты көліктік, мәдени-спорт, іскерлік, өндірістік, цифрлық қызметтермен қамту деңгейін көрсетеді. «Аталған жүйенің нәтижесіне сәйкес, 2024 жылы орташа қамтамасыз ету деңгейі 65,8%-ды құрады, ол 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өсті. Қамтамасыз ету деңгейі жоғары немесе қамтамасыз ету деңгейі орташа ауылдардың санының артып келе жатыр. Нақты айтсақ, қамтамасыз ету деңгейі жоғары, яғни 80%-дан асқаны 1435 бірлікке шығып отыр. Бұл 2023 жылға қарағанда 119 ауылға артып отырғандығын көрсетеді. Ауылдарды ауыз сумен қамту деңгейі 97,8%-ға, электр қуатымен қамту деңгейі 99,8%-ға жетіп отыр», – деді спикер. Бүгінде Министрлік тарапынан 2023-2027 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Бұл құжат ауыл өмірінің әртүрлі саласын қамтитын бірқатар бағдарламалық құжаттың ережелерін біріктірді, соның ішінде «Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Ауыл – Ел бесігі»,«Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға», Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың тұжырымдамасы, «Бір ауыл-бір өнім» жобалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/962921?lang=kk
Астананың әскери мұражайында қазақ батырларының қаруды қастерлеу дәстүрі туралы айтылды 30.03.2025
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи мұражайының "Көне заман-ХІХ ғасыр" залында жауынгерлік қару түрлері туралы "Бес қару" атты дәріс-көрме өтті.Дәрісті елордадағы техникалық колледж студенттері мен Ақмол кентіндегі 44813 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары үшін эксперименталды археолог блогер Нұрқожа Ерсайын өткізді. Жас тарихшы Н. Ерсайын XV-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы жауынгерлерінің түрлі қару түрлері туралы егжей-тегжейлі айтты. Ол қазақ батырларының "Бес қару" қару-жарақ кешеніне кеңірек тоқталды.– Қазақта "Ер қаруы – бес қару" деген сөз бар. Жауынгер оған ие болуы керек. Бұл – найза, садақ, қылыш, шоқпар, айбалта.Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулы садақшылар, найзагерлер, семсершілер қосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісі соғыс тактикасын анықтаған, – деді Н. Ерсайын.Бес қару қасиетті саналған. Оған байланысты көптеген дәстүрлер бар. - Батырлар тек әскери істермен айналысқан. Ұрыста өлу - олар үшін мәртебе. Жауынгер отбасында дүниеге келген бала әкесінің ісін жалғастыруға міндетті болған. Батырлар өз жерін сыртқы жаудан қорғап, ішкі тәртіпті сақтаған, – деп қорытындылады дәріскер.Нұрқожа Ерсайын Қазақ батырлары қолданған атыс қаруының алғашқы түрлері туралы да қысқаша айтып берді. Іс-шараны әскери мұражайда өткізудің арқасында тыңдаушыларға өткен ғасырлардағы жауынгерлердің қарулары туралы біліп қана қоймай, олардың ежелгі үлгілерін көруге де мүмкіндік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962915?lang=kk
Малайзия бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруда 30.03.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 21 наурыз - Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Б. Сүгірбаев Малайзияның Ұлттық сауда және өнеркәсіп палатасының (NCCIM) басшылығымен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында Қазақстан мен Малайзия арасындағы іскерлік белсенділікті ілгерілету, сондай-ақ Орталық Азия мен АСЕАН нарықтары арасындағы логистикалық байланыстарды нығайту бойынша нақты қадамдар талқыланды. Тараптар Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыруға уағдаласты, сондай-ақ Үкіметаралық комиссия мәртебесі аясында жұмыс істейтін Бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің (БСЭК) кезекті отырысын дайындауға NCCIM қатысу мәселелерін қарастырды.Кездесу барысында көлік байланысын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. NCCIM өкілдері жолаушылар мен жүк логистикасын дамыту, оның ішінде Қытай Халық Республикасы арқылы тікелей әуе қатынасы мен теміржол маршруттарын іске қосу маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, олар Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған соңғы сапарының нәтижелерімен бөлісіп, бұл өңірдің АСЕАН нарықтарымен жоғары деңгейдегі логистикалық байланысын ерекше атап өтті.Туристік алмасуды дамыту тұрғысында NCCIM өкілдері Малайзия мен Қазақстан арасындағы тікелей әуе рейстерінің маңыздылығын баса айтты. Бұл өз кезегінде туризм мен іскерлік байланысты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.Малайзияның Ұлттық сауда және өнеркәсіп палатасының басшылығы малайзиялық кәсіпкерлер тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің іскерлік топтары арасындағы байланысты кеңейтуге белсенді қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.Тараптар ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары бойынша одан әрі іс-қимылдарды айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/962887?lang=kk
KazAID гуманитарлық көмекті жүйелейді 30.03.2025
KazAID туралы БАҚ не дейді?«2020 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықаралық даму агенттігі – KazAID-ты құрды. Агенттіктің мақсаты – Орталық Азия мен Ауғанстанға басымдық бере отырып, ресми даму көмегі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. KazAID гуманитарлық көмекті жүйелейді, серіктес мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтады, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпал етеді», – деп мәлімдеді Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері Равшан Назаров Kazinform агенттігіне берген сұхбатында.Толық сұхбатты сілтеме арқылы оқи аласыз:🔗 https://www.inform.kz/kz/kazakstan-ortalyk-aziyanyn-geosayasiy-manyzyn-basaytady-ekspert-f9eb53 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/962881?lang=kk
Сотталғандарға есірткі қылмыстары бойынша жазаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді 30.03.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасымен түзеу мекемесі әкімшілігімен бірлесіп көшпелі кеңес өткізіліп, есірткі және психотроптық заттарды сатқан сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сотталғандарға есірткі және психотроптық заттарды өткізуге байланысты қылмыстарға қатысты қылмыстық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндірді.Бұл заңнамалық жаңашылдықтар өзекті болып табылады және синтетикалық есірткіні сатқан сотталғандарды қоса алғанда, көптеген сотталғандардың мүдделеріне әсер етеді.Заңнамадағы өзгерістер есірткі мен психотроптық заттарды өткізу, заңсыз сатып алу, тасымалдау, жөнелту және өткізу мақсатында сақтауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті нақты ажыратуға, сондай-ақ заңсыз есірткі өндірушілеріне жазаны қатаңдатуға бағытталған.Жазаны даралау және оның жасалған қылмысқа сәйкестігі қағидаларын ескере отырып, заң шығарушы есірткі мен психотроптық заттарды сақтаған және таратқан, соның ішінде «қойып кетушілер» деп аталатын тұлғалар үшін бас бостандығынан айыру мерзімінің шекті деңгейлерін төмендетті.Нәтижесінде, бірқатар қылмыстар аса ауыр санатынан ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.Бұл колонияда жаңа ізгілендірілген нормаларға жататын 100-ден астам сотталушы жазасын өтеп жатыр, оларға жақын арада үкімдерді орындау аясында заң нормалары қолданылуы тиіс. Кездесу соңында облыс прокурорының бірінші орынбасары сотталғандарды жеке қабылдады. #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #Жауапкершілік Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/962873?lang=kk
Австриядан келген туристер Наурызнаманың Ынтымақ күніне орай, Үлкен Нарын ауданында өтіп жатқан Ұлттық ат спорты Көкпар жарысының қонағы болды. 30.03.2025
Наурыз мерекесі аясында Ынтымақ күні – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту және туристік саладағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан маңызды қадам болды. Австриядан келген туристер бұл шараға қатысып, Көкпар жарысынан алған әсерлерімен бөлісіп, жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына таңқалғандарын айтты. Орталық Азияны аралап жүрген туристер Қазақстанның әсем табиғатына, мәдениетіне қатты қызыққандарын айтты. Осы орайда Үлкен Нарын ауданында өтіп жатқан ұлттық ат спорты Көкпарды тамашалады.Туристер Ұлттық ат спорты Көкпар жарысының қадірлі қонақтары болып, ауданның бай мәдениеті мен табиғатымен танысты. Бұл сапар австриялық қонақтар үшін ұмытылмас әсер қалдырғаны анық. Олар Қазақстанның ұлттық спорт түрі Көкпарды тамашалап, ат спортының қызықты тартысынан ләззат алды.Сонымен қатар, туристер Наурыз мерекесінің мәдени атмосферасын сезініп, ұлттық тағамдардан дәм татып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты. Австриялық туристер Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өздерінің алғыстарын білдірді.Австриядан келген туристер бұл сапардың өздерінің көкжиектерін кеңейтіп, Қазақстанның қонақжайлылығын терең түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/962958?lang=kk
Талғар ауданында көктемгі егіс науқанына белсенді дайындық жүргізілуде 30.03.2025
Жоспарланған егістік алқабы шамамен 20 мың гектарды құрайды. Оның ішінде шамамен 50%-ы дәнді дақылдарға, 1800 гектарға жуығы майлы дақылдарға, 700 гектарға жуығы картопқа, 900 гектардан астамы көкөніс дақылдарына, 100 гектары бақтарға, ал мал азығы дақылдарына шамамен 5700 гектар бөлінген.Биылғы жылдың наурыз айынан бастап алқаптарда 12 мың гектар аумақта тырмалау және ылғал сақтау шаралары жүргізіледі. Жер жыртуға 7400 гектарға жуық жер бөлінсе, себу алдындағы өңдеу 13 мың гектардан астам аумақта жоспарланған.Күздік дәнді дақылдар шамамен 3 мың гектарды алып жатыр және олардың жағдайы қанағаттанарлық. Көктемгі науқанды жүргізу үшін аграршылар 600-ден астам трактордан тұратын ауыл шаруашылығы техникасын дайындады, оған тіркемелер, соқалар, культиваторлар, сепкіштер және басқа да жабдықтар кіреді. Шаруашылықтарда 18 млн теңге тұратын екі жаңа трактор іске қосылды, сондай-ақ Lovol маркалы төрт техниканы лизингке алу рәсімделуде.Өткен жылы аудан ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты: жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 47 техника сатып алынды. Биылғы маусымда 12 шаруашылық шамамен 800 тонна дизель отынына сұраныс берді, бұл ретте «Петрофон» компаниясымен тиісті келісімдер жасалып жатыр.Фермерлер 860 тоннадан астам минералды тыңайтқыштарға тапсырыс берді, жеткізушілер «ҚазАзот», «ҚазФосфат», «АгроМарт» және «Әлем Агро» компанияларымен келісімшарттар жасалды. «Кеңдала» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында ірі және шағын фермерлік шаруашылықтар 211 млн теңгеден астам сомаға өтінімдер тапсырды.Талғар ауданында суару жүйесіне ерекше назар аударылады. Негізгі су жеткізушілер – жергілікті су шаруашылығы өндірістік басқармасы және Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы. Өткен жылы үш каналдың қайта құру жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Биылғы жылдың ақпан айында өткен ауыл шаруашылығы оқулары аясында егістік науқанына дайындық және заманауи технологияларды, әсіресе су үнемдеу саласындағы технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта 22,6 мың гектар суармалы жердің 4,6 мың гектары заманауи технологиялармен жабдықталған, алдағы жылдары бұл аумақ айтарлықтай ұлғайтылмақ.«Нұрбеков» фермерлік шаруашылығы «Спецконструкция» компаниясымен алдыңғы қатарлы суару жүйелерін орнату жөнінде келісім жасады. Басқа шаруашылықтар да су үнемдеу технологияларын кеңейту мақсатында жаңғырту бағдарламасына қосылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962845?lang=kk
Қазақстан Елшісі Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесті 30.03.2025
25 наурызда Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті және Төрағасы Фам Тан Конгпен кездесті.Кездесуде тараптар Вьетнам Бас хатшысының Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын, оның ішінде сауда, мәдениет, туризм, көлік және т.б. көптеген салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті. Елші Қанат Тумыш екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты ілгерілетуге өзінің дайындығын растады, ал Фам Тан Конг мырза қазақстандық әріптестермен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.Кездесу екі тарап үшін болашақта ынтымақтастықты бірлесіп дамытудың алғашқы қадамы болып табылады. Екі тарап Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру арқылы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ете отырып, практикалық нәтижелерге қол жеткізуге үміттенеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/962835?lang=kk
Төлем тапсырмасының жаңа форматы туралы 30.03.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі хабарлайды.2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшіруді жүзеге асырды.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және "ақша жөнелтуші" бағандарын (қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша) қамтиды.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде "нақты төлеуші" бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында оның БСН көрсетіледі.Қағидаларда сондай-ақ сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Тиісінше, бюджетке төлемдер жоғарыда көрсетілген екі жағдайды қоспағанда, «ақша жөнелтуші» төлем тапсырмасының бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады, атап айтқанда:- заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында құрылымдық бөлімшенің БСН көрсетілген және төлемдер құрылымдық бөлімшенің жеке шотына орналастырылуға тиіс;- сот орындаушысы борышкер үшін бюджетке төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында борышкердің ЖСН/БСН көрсетілген және төлемдер борышкердің жеке шотына орналастырылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/962826?lang=kk
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі 30.03.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Осы ретте, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі түсіндірсек. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсес арқылы. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш; 2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; 3) жер учаскесінің кадастрлық құны актісінің көшірмесі; Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1162347?lang=kk
Бақылау-касса машинасын жаңарту: салық төлеушілер нені білуі керек 30.03.2025
Салық кодексінің 170-бабына сәйкес уәкілетті орган бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі – БКМ) мемлекеттік тізілімін жүргізеді, оған БКМ модельдерін қосу және алып тастау арқылы өзгерістер енгізеді.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «БКМ қолдану мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты салық төлеушілер пайдаланбайтын 98 онлайн емес БКМ моделі мемлекеттік тізілімнен алынып тасталды.Мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/prilozhenie_ob_isklyuchenii_0.docx Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитет салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді беру функциясы бар, техникалық талаптарға сәйкес келетін онлайн БКМ модельдеріне көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн/офлайн БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docx Комитет Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.БКМ қолдану тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/967466?lang=kk
Су тасқыны кезеңіне дайындық 30.03.2025
Аршалы ауылдық округінде су тасқыны кезеңіне дайындық, құбырларды тазарту жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-arshaly/press/news/details/962787?lang=kk
Академиялық адалдықты сақтау: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара 30.03.2025
Білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті облыстың білім басқармасымен бірлесіп студенттік ортада академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша өңірдің колледж студенттерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шара 2025 жылға арналған жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде өтті.Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева академиялық адалдықты сақтаудың, парасаттылық пен әділдік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сонымен қатар студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларымен таныстырды.Іс-шара барысында спикерлер академиялық адалдықтың түрлерін және оны сақтамаудың салдарын, сондай-ақ білім беру мекемелері парасатты ортаны қалыптастыру бойынша қабылдап жатқан шараларын түсіндірді.Соңында студенттер академиялық адалдықты сақтау қажеттілігімен келісе отырып, осы мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісті.#Заң_мен_тәртіп #ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/962770?lang=kk
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ 30.03.2025
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІҚоғамдық кеңестің төрайымы - В.Ф. Кожуховскаяның төрайым етуімен Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңестің мүшелері Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М. Бекбаевтың, Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Р. Рахметқалиевтың және Қоғамдық кеңесінің төрайымының «2024 жыл бойынша жұмыс қорытындылары туралы» есептері тыңдалды.Сондай - ақ Қоғамдық кеңестің мүшелері «2024 жыл бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы» есебі тыңдалды.Тыңдалған есептер бойынша Қоғамдық кеңеспен қорытындылар қабылданған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/962678?lang=kk
Наурыз – елдік дәстүрдің алтын діңгегі 29.03.2025
Ұлттық экономика министрлігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шараға министрлік басшылығы мен қызметкерлері қатысты.Салтанатты шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің құттықтауымен басталды.«Наурыз – ырыс пен берекенің бастауы. Бұл мейрам – халқымыздың ізгілікке негізделген рухани құндылықтарын айшықтайды», - деді вице-премьер.Іс-шара барысында марапаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен:Ахметова Айнұр Онашабаевна – Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;Мұстафина Бибиігүл Бағдатқызы – Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары;Наукенов Рахат Оспанұлы – Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің басқарма басшысы;Окенов Төлеген Әділетұлы – Бюджет саясаты департаментінің басқарма басшысы;Сәбит Мадина Сәбитқызы – Өңірлік даму департаментінің басқарма басшысы;Садықова Сандуғаш Ескендірқызы – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы;Сағын Дидар Жақсықайырұлы – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы марапатталды.Бұған қоса, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, асық ату, қол күресі, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және гір көтеру сынды сайыстарда министрлік қызметкерлері өз бақтарын сынады.Гир көтеру сайысында жүлделі 1-орынды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Лесбаев Шынболат Ерегенұлы;Қол күресі сайысында жүлделі 1-орынды Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Торғауыт Қуаныш Серікұлы мен Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Еламанова Зоя Жетпісбайқызы;Тоғыз құмалақ сайысында жүлделі 1-орынды Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Сағынова Бақытнұр Рысжанқызы;«Өз елім менің» атты өнер сайысында жүлделі 1-орынды Ішкі әкімшілендіру департаментінің инспекторы Құдайбергенова Медея Мейрамқызы иеленді.Арқан тартыс сайысында жүлделі 1-орынды Дидаров Ақтөре Дидарұлы бастаған Табиғи монополияларды реттеу комитетінің командасы жеңіп алды.Мерекелік концерт аясында қазақ, татар, түрік және өзбек халықтарының ұлттық дәстүрлері сахналанып, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961767?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері жаппай ағаш отырғызу акциясына қатысты 29.03.2025
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың символы. Осы мерекелік күндері Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен жас мамандар табиғатты көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш отырғызу шарасына қатысты.Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күніне орайластырылған бұл акция қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. ҚАЖД ұжымы игі дәстүрді жалғастырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысуды маңызды міндет деп біледі.– Егілген әрбір ағаш – болашаққа қалдырған аманатымыз. Бұл бастама табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, жас мамандардың жауапкершілігін арттырып, қоғамға үлгі болары сөзсіз, – деп атап өтті департамент өкілдері.ҚАЖД қызметкерлері алдағы уақытта да экологиялық іс-шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962650?lang=kk
2025 жылғы 20 наурызда аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өткізілді. 29.03.2025
2025 жылғы 20 наурызда аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өткізілді.Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы – Урашева Сәуле Тұрсынқызы, депутаттар - тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, Бородулиха ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. Еничева Ирина Николаевна, Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері қатысты.Күн тәртібіне сәйкес, "2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы" есебімен Бородулиха ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. И.В.Еничева сөз сөйледі, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері "2024 жылға арналған округ бюджетінің атқарылуы туралы" есеп берді.Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/962606?lang=kk
Конституциялық Сот: құқық қорғау қызметінің қызметкерлері Конституция мен заңнаманы сақтауға міндетті 29.03.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 56-бабы 2-тармағы 7) тармақшасының және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» 44-бабы 3-тармағы 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері жүгінді.Аталған нормалар қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазаларды және тәртіптік теріс қылықтардың түрлерін белгілейді.Сот өтініш берушіге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта қабылдау туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты.Ол дауланып отырған нормалар оның еңбек ету бостандығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығын шектейді деп санайды.Конституциялық Сот қызметкерлер құқық қорғау қызметін өткеру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті екенін атап өтті.Өтініш субъектісі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды, оған сот баға берді. Осылайша, өтініш беруші сот тәртібімен қаралған нақты жағдайларды сот арқылы бағалау нәтижелерімен келіспейді. Оларды қарау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді. Конституцияны тексеру үшін рұқсат етілген шарттардың болмауына байланысты өтініш берушінің өтініші іс жүргізуге қабылданбады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/962555?lang=kk