Қоғам
«Қош келдің, әз-Наурыз!» 29.03.2025
Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз, жыл басы қашанда бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың, жаңару мен жаңа өмірдің жаршысы іспетті. Халқымыз ежелден-ақ алдағы күндердің жақсылығы мен қуанышының бастауы Наурызда деп білген.Шуақты көктем мерекесі қарсаңында кітапханада Наурызнама онкүндігі өтуде.14 наурыз күні кітапхана қонақтары «Көрісу күні – Амал мерекесі» аясындағы іс-шараларды тамашалап, амал күні дәстүріне сай кітапхана сол күнгі қонақтарды ақ тілекпен қарсы алып, көпшілік бір-бірімен төс қағысып амандасып, «қауышу» жоралғысын жасады.15 наурыз – «Қайырымдылық күні» кітапхана қызметкерлері мен еріктілер көшпелі мерекелік шарамен Солнечная кентіндегі «Қарттар үйінде» қонақта болып, қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, бір серпілтіп тастады.16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған посттар жарияланып, «Армысың, әз-Наурыз!»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұсынылды.17 наурыз күні кітапханада балалар мен ата-аналарға арналған «Шаңырақ - үй мен ұлттың жүрегі» атты танымдық ойын-сауық іс-шарасы өтті. Шарада «Отбасыммен оқимын» клубының мүшелері қонақта болып, өз отбасыларындағы ынтымақ, бірлік, татулықты сақтаудағы тәжірибелерімен, өз шаңырақтарында Наурыз мерекесін тойлау дәстүрімен бөлісті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Ханталапай», «Сақина салу» ұлттық ойындарына қатысып, өлең оқып, ән шырқады. Шара соңында ақсақал бата беріп, әрбір отбасы мүшелері «Шаңырақ күні» мерекесіне тілектерін білдірді. Сондай-ақ, кітапханамызда үлкен жәрмеке өтті. Жәрмеңкеде сүт өнімдері және түрлі қолөнер бұйымдары саудаланды. Бозанбай ауылынан келген кәсіпкер Меруерт Токунтаеваның дәмі тіл үйірген сүт өнімдері бір демде сатылып кетсе, сол өңірден келген домбыра жасау шебері Жанарбек Ғазезұлының балаларға арнап жасалған және электронды домбырасы көздің жауын алды.Сонымен қатар жәрмеңкеге «Азина» мүгедек әйелдер қоғамының тігіншілері, Қолөнерші Жауһаз Сейітханқызы, Ұлан өңірінен келген Бақытгүл Қанжарқанқызы қатысты.18 наурыз «Ұлттық киім» күні кітапханамызда қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған сән көрсетілімі өтті. Кітапхананың үлкен залында қаламыздағы өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Тұмар» өнерпаздар тобы өз тыңдармандарына мерекелік сый жасап, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарына концерттік бағдарлама ұсынса, поэзияға қалам тербеп жүрген жас ақындардың бір шоғыры өз туындыларымен кештің көркін қыздырды.19 наурыз – Жаңару күніне орай кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларына пайдалы ақпараттар қойылса, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай қазақтың ұлттық дәстүрлі ойыны «Тоғызқұмалақтан» мектеп оқушылары арасындағы турнир өтті.Сонымен бірге «Ынтымақ күні», «Жыл басы», «Тазару күні» атауларымен арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптейді.Әз-Наурызға деген ел ықыласы, жұрт ризашылығы мен құрметі кітапханамыздағы әрбір шарада көрініс тапқан. Ендеше, келе жатқан жыл басы, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, халық қастерлеген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/962527?lang=kk
Биыл «Балдәурен» орталығында әскери қызметшілердің 1100-ден аса баласы демалады 29.03.2025
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Қонаев қ.) және оның Щучинск, Балқаш және Түркістан қалаларындағы филиалдарында биыл ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің 1100-ден астам баласы демалатын болады. Бұл Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған бірлескен жоспарының арқасында іске асырылып отыр.«Балдәурен» орталығына жіберілген кезде көп балалы және толық емес отбасыдан шыққан шалғайдағы гарнизондарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің балаларына басымдық беріледі. Ерекше білім берілуі қажет балаларға да демалыс ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта орталыққа және оның филиалдарына әр түрлі гарнизондардан 72 оқушы келді. Биыл демалуға балалардың төртінші легі келіп отыр.– Ақтөбе қаласынан біз L-410 жеңіл көліктік ұшағымен елордаға ұштық, ары қарай автобуспен бізді Щучинск қаласына жеткізді. Мен Қазақстан ішінде ұшқанмын, алайда әскери ұшақпен алғаш рет ұшып тұрмын. Өте қызықты болды. Мұнда зерігуге уақыт жоқ екеніне сенімдімін, – деді 9 сынып оқушысы Нұрдәулет Бауыржанов.Естеріңізге сала кетелік, «Балдәурен» орталығында балалардың демалысын ұйымдастыру бағдарламасы әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың отбасыларын қолдауға бағытталған. Балалардың орталықтағы демалысы 20 күнге созылады.Демалыс аяқталғаннан кейін оқушыларға арналған оқу бағдарламасы бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Одан өзге балаларды әскери бөлімдерге апарып, онда түрлі әскери мамандықтармен таныстырады, әскери техниканы, қару-жарақты, әскери қызметшілердің жарақтары мен жабдықтарын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962516?lang=kk
Маңғыстауда ҚАЖД-да "Шаңырақ күні" аталып өтті 29.03.2025
Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Шаңырақ күні» мерекесіне орай №77 мекеме (тергеу изоляторы) режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Қуаныш Тәңірбергеновке ерекше құрмет көрсетілді.ҚАЖ саласында үш жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан Қуаныш жақында отбасын құрып, жаңа өмірге қадам басты. Мекеме басшылығы мен әріптестері жас отбасыға құттықтау білдіріп, берекелі, бақытты өмір тіледі. Ұжым атынан естелік сыйлық табысталып, ҚАЖ жүйесіндегі қызметкерлердің отбасы институтын нығайтуға бағытталған қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962514?lang=kk
Маңғыстауда сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды 29.03.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға қатысты сот үкімі шықты.Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған азамат пробация бақылауында болған уақытында уақтылы тіркеуге келмей, сот белгілеген талаптар мен шарттарды бірнеше рет бұзды. Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.Сот шешімімен сотталғанның жазасы өзгертіліп, ол сот залында қамауға алынды. Жазаның қалған бөлігін Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.Пробация қызметі сотталғандардың құқықтық тәртіпті сақтауын қатаң бақылап, заң талаптарын бұзған жағдайда тиісті шаралар қабылдайтынын ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962513?lang=kk
«Шуақты Наурыз бояулары» 29.03.2025
2025 жылдың 19-27 наурызы аралығында Наурызнама аясында музей-қорық «Император» сауда кешенінде ШҚО Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Шуақты Наурыз бояулары» көрмесін өткізеді. Көрмеге қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтары мен көне және заманауи қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары қойылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/962502?lang=kk
Қармақшыда көктемгі көгалдандыру акциясы өтті 29.03.2025
Бүгін Наурызнама он күндігі «Тазару күнімен» қорытындыланып, еліміз бойынша ағаш отырғызу акциялары мен жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды.Қармақшы ауданында өткен экологиялық шара аясында жастар саябағында көшеттер отырғызылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, мекеме және кәсіпорын басшылары, ардагерлер, жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты.Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы шараға қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл игі бастаманың табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев бата беріп, шараның берекелі болуын тіледі.Шара барысында 100-ге жуық жас көшет егілді. Сонымен қатар, акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын тауып, жалпы 300-ден аса ағаш отырғызылып, көктемгі сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962472?lang=kk
Қармақшыда Әз-Наурыз мерекесіне орай гала-концерт өтті 29.03.2025
Қармақшы ауданында Әз-Наурыз мерекесіне орай кең көлемде мәдени шаралар ұйымдастырылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айтулы мереке аясында аудан орталығында гала-концерт өтіп, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды.Концерт барысында көнеден жеткен ұлттық өнер мен заманауи музыканың үйлесімі, дәстүрлі әндер, күй және би қойылымдары көрермен назарына ұсынылды. Аудан тұрғындары мен қонақтары ұлыстың ұлы күніне арналған әсерлі кештің куәсі болды.Мерекелік шара соңында от шашу ұйымдастырылып, түнгі аспанды түрлі түсті шамдармен көмкерді. Көктемнің шуағын ала келген Әз-Наурыз аудан жұртшылығына шаттық сыйлап, мейрамның мәні мен сәнін айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962464?lang=kk
Қармақшы ауданында тағы бір дене шынықтыру- сауықтыру кешені іске қосылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Ақай ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар.Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы - Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962462?lang=kk
Әскери қызметшілерге ақшалай үлес пен жәрдемақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі 29.03.2025
Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық актінің жобасы оның нормаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.Құжатта сонымен қатар кейбір қолданыстағы нормалар нақтыланған және егжей-тегжейлі көрсетілген.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 4 сәуіріне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15493822 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962459?lang=kk
Қармақшыда «Төрлет, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті 29.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшыда «Төрлет, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Орталық алаңға қолөнер және тарихи жәдігерлер көрмесі қойылып, ұлттық ойындардан сайыстар, қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылды. Аймақ басшысы тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.«Биыл - еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Ұлыстың ұлы күніндегі игі тілектеріңіз қабыл болсын! Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз Наурыз құтты болсын!», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы көрсеткіштерге, алда атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.Қармақшылықтардың Табиғат-ана түлеп, тіршілік түрленген кезеңдегі барлық бастамаларына сәттілік тіледі.Жиында ауданның дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов сөз сөйлеп, халықты мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962458?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Астанада өрттің таралуына жол бермеді 29.03.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, Орынбор көшесінде салынып жатқан нысанда шыққан өрттің өршуін болдырмады.Әскери жасақ бастығы Ерасыл Төлеген мен патрульдеуші Бекзат Мерлатов, Диас Амангелді ең бірінші болып өртті байқап, бірден әскери жасақ кезекшісіне баяндады.Одан соң ұландықтар уақыт жоғалтпай, өрттің таралуын болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақты қоршауға алды.Сонымен қатар әскери қызметшілер дереу өрт сөндірушілерді шақырды. Олар оқиға орнына жылдам жетіп, қызыл жалынды ауыздықтады.Ұландықтар мен өрт сөндірушілердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болды. Еске сала кетейік, мереке күндері құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметтерін күшейтілген режимде атқарады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962451?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық 29.03.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 25 наурыз – Жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Университеттер кеңесінің Бас хатшысы Бассам бен Абдалла әл-Бассаммен кездесу өткізді.Кездесу барысында екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты күшейту мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстандық дипломат екіжақты қарым-қатынастардың дамуы үшін негізгі құжаттарды, оның ішінде ҚР Үкіметі мен САК Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің қол қою маңыздылығын еске салды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары білім саласындағы екіжақты байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/962448?lang=kk
Қазақстан делегациясы PDAC 2025 тау кен өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмесіне қатысты 29.03.2025
Торонто қ., 2025 ж. 2 наурыз – Канаданың кеншілер мен барлаушылар қауымдастығының ең ірі халықаралық көрмесі – PDAC 2025 басталды. Іс-шара аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов, PDAC вице-президенті Карен Рис Қазақстанның геологиялық әлеуетін көрсететін ұлттық павильонның ашылу рәсімін өткізді.Бірінші күннің маңызды шарасының бірі «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы болды. Вице-министр 1-сессияда сөз сөйледі.«Қазақстанның тарихи мұрасы мен геологиялық барлау мен өндірудің дәстүрлері, бай табиғи ресурстары, оның ішінде литий, ниобий және тантал сияқты сирек металдардың әлеуетті кен орындары бар. Біз жергілікті және халықаралық серіктестермен инвестиция және ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Осы саланы дамыту аясында біз барлау мен өндірудің жаңа технологияларын белсенді түрде тартудамыз және геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу аясындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері де біздің басымдылығымыз екенін атап өткім келеді», – атап өтті Иран Шархан.Спикерлер құрамына Канаданың Жер және минералдық ресурстар министрінің орынбасары Риналдо Жанти, «Neo Performance Materials» корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті Василейос Цианос, «HATCH» минералдар жөніндегі директоры Конрад Блейк, Еуропалық комиссиядағы делегация басшысының орынбасары Мадалина Иваника сияқты тау-кен металлургия саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар бар.Сол күні тау-кен саласындағы қаржылық мүмкіндіктер тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ҚР Канададағы Елшілігі мен Wood Mackenzie-дің ұйымдастырылуымен халықаралық қаржы институттарының, инвестициялық банктердің және жеке сектордың өкілдерін жинады. Ашылу салтанатында АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров сөз сөйлеп, қатысушыларды Орталықтың қызметімен таныстырды.PDAC 2025 көрмесі 5 наурызға дейін жалғасты, оның барысында қазақстандық делегация серіктестермен және жетекші тау-кен компанияларының өкілдерімен белсенді кездесулер өткізді. Дереккөз: ҚР ӨҚМАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/962446?lang=kk
Қостанай облысы аумағында “Тазару күні” өтті 29.03.2025
Наурыз мерекесі аясында, 2025 жылдың 23 наурызында, Қазақстан аумағында аға буынға қолдау көрсету және жастар волонтерлігін дамытуға бағытталған бірнеше іс-шара өткізілді.Жангелдин ауданында «Тазару күні» аясында 60-тан астам қатысушы, оның ішінде мемлекеттік және корпоративтік қызметкерлер, сондай-ақ жастар өкілдері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады. Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған бұл іс-шара аясында сенбілік өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары, «Аманат» партиясының және жергілікті жастардың өкілдері қатысты. Акцияның мақсаты – өңірде тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ азаматтарды қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған белсенді әрекеттерге тарту.Жастар ресурстық орталығы мен «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» КМҚК жалғыз тұратын зейнеткерлерге арналған «Бірге көмектесейік» акциясын ұйымдастырды. Волонтерлер, олардың арасында студенттер мен белсенділер, қарт адамдардың үйлеріне барып, үй жинауға көмектесті. Іс-шара барысында Наурыз рухына сай жылы әрі мерекелік атмосфера қалыптасты. Волонтерлер қарт кісілерге тек тұрмыстық көмек көрсетіп қана қоймай, олармен жылы әңгімелесіп, көктем мерекесімен құттықтады.Қарабалық ауданында да Наурыздың 10-шы күні аталып өтіп, Тазару күні акциясы ұйымдастырылды. Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттері жалғыз тұратын зейнеткерге көмек көрсетті. Волонтерлер оның үйінің айналасын қар мен мұздан тазартып, қыс мезгілінде аса маңызды қолдау жасады. Бұл іс-шара жастар арасында патриотизмді нығайтып, аға буынға құрмет көрсетуді дамытуға зор үлес қосты.Бұл бастамалар қарт адамдарға қамқорлық жасаудың және Наурыз дәстүрлерін нығайтудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жастар арасында белсенді азаматтық ұстаным мен волонтерлікті дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/962444?lang=kk
Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді 29.03.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 25 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы және Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы), Африка Одағы жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ хаттамасының Бас директоры доктор Азиз Гелета Десаленмен кездесу өткізді.Кездесу барысында әңгімелесушілер екіжақты күн тәртібінің мәселелерін, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды талқылады.Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру үшін диалогты одан әрі қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/962443?lang=kk
Ботаникалық саябаққа тал егілді 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Ботаникалық саябаққа тал егілді. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, департамент, басқарма басшылары және Қорқыт Ата атындағы университет ұжымы қатысты. Осы күндері өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру жұмыстары қарқын алған.Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. "Наурызнама" онкүндігінің 19 наурызға белгіленген Жаңару күнінде «Жасыл желек» ағаш отырғызу, көркейту, көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Облыс аумағына 5920 түп тал отырғызылды. 23 наурыз-Тазару күні қала, кент және ауылдық округтерде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, 7000-ға жуық көшет егілді. Тазалық шараларына 20 мыңнан астам адам қатысты.Биыл өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін 23 530 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962439?lang=kk
Жалағашта да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданынына жұмыс сапары барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары болды.Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге, құрылыс, спорт салаларындағы жаңалықтарға тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын. Тұрғындар спортты өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендер қолжетімді болуы керек. Ал спорт адамның денсаулығын, күш-жігерін шыңдайды. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілгені белгілі. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион алдағы мамыр айында ел игілігіне табысталмақ. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар, Сырдария ауданының Бесарық ауылдарында жаңа кешендер іске қосылған еді. Наурыз мерекесі қарсаңында дәл осындай спорт кешені күні кеше Қармақшы ауданының Ақай ауылында және Шиелі ауданының Жақаев ауылында ашылды. Бүгін Ұлыстың ұлы күнінде Жалағаш ауданындағы жаңа спорт кешенін ел игілігіне табыстаудамыз.Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жерде шыныққан жеткіншектер болашақта дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың намысын қорғап, көк байрағымызды биікте желбіретсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жиылған халықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962438?lang=kk
Жалағашта «Нұр себеле, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өтті 29.03.2025
Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Мереке қонақ күткен ауылдың қарбалас сәтін, үлкен-кіші бас қосқан жиынның, өнерпаз қыз-жігіттердің көш-керуенін бейнелеген театрландырылған қойылыммен басталды. –Ақ қар кетті, қыс өтіп,Шырайлы шуақ жаз жетіп,Шаруаның бұл кенелген,Күн мейрамы ежелден,Құтты болсын, Наурыз!Көтер туын Наурыздың,Желбіресін көгімде,Береке мен бақ қонсын,Жалағаштай еліме!– деп ауылдың үлкені берген батаға жұртшылық түгелдей әумин десті. Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, биылғы жылдың ерекшеліктеріне, атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Хәкім Абайдың 180, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100, Ұлы Жеңістің 80, Байқоңыр ғарыш айлағының 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты маңызды мерейтойларды тағылымы ел жадында жатталатындай етіп өткізу өте маңызды екенін айтты.«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Мерекеде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962437?lang=kk
Сырдариялықтар «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарада бас қосты 29.03.2025
Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік.Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында Нағи Ілиясов ауылында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрі, еліміздің барлық өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңесте аграрлық саладағы мәселелер талқыланып, өңір жетістіктері өзге аймақтарға үлгі етілді.Негізінен аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдарында 14,5 шақырым ауыз су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Мұнан бөлек, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да біршама жұмыс атқарылды. Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Әрине, бұл – өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі ғана.Осы жылы да өздеріңіздің қолдауларыңызбен аудан халқының игілігіне бағытталған бастамалар іске асады. Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау лебізін жеткізді.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек ән шырқады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962433?lang=kk
Сыр елінде «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті.Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, көктемнің барлық бояуымен ерекше түрленді. Мереке өтетін орынға киіз үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылды. Халықтың көтеріңкі көңіл-күйі, ағайынның бір-біріне айтқан ақ тілегі, шашуын шашқан ақ жаулықты аналар, ақ батасын жаудырған ақсақалдар мереке ажарын аша түсті. Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің даму жолындағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға тоқталды.«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні Сырдан Сарыарқаға дейінгі, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ даламыз ақ тілектермен көмкеріліп, ақ дастархан жайылып, үлкендеріміз жас ұрпаққа ақ батасын береді. Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей!Наурыз мейрамы Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті!Биыл – еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жаңа бастамаларды қолға алдық, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімізде айтарлықтай өсім қалыптасты. Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Жергілікті кәсіпкерлер, меценаттар да туған жерді түлетуге, көркейтуге үлес қосып келеді.Ұлыстың ұлы күнінде тілеген игі тілектеріңіз қабыл болсын, істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!», – деді Н.Нәлібаев.Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына арналған «Жауһар жәдігер» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-байқауы да келушілерге ұсынылды.Аймақ басшысы Айбарша, Айбике, Айбибі есімді үшемнің тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің жаңа өмірге тәй-тәй басқан қадамына ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар «Түйе палуан» сайысы және ұлттық спорттың басқа да түрлерінен жарыстар болды.Мерекелік басқосу отандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962432?lang=kk