Қоғам
ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысының ауыл шаруалығы және жер қатынастары басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы 30.03.2025
«Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ 2025 жылдың сәуір айынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысының ауыл шаруалығы және жер қатынастары басқармасының ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Дидар Дулатұлы Ергебековке 2025 жылғы 1 сәуірге дейін 8 (7162) 722835 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/963336?lang=kk
«Жетісу» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кездесу өтті 30.03.2025
Ағымдағы жылдың 20 наурызында «Жетісу» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кездесу өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокурорлары Д. Оразбаев пен А. Тайбекова, «Жетісу» кеден бекеті басшысының орынбасарлары Ә. Абдисалихов, Т. Ыдырыс және кеден бекетінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жайлы кеңінен талқыланды. Алғашқы сөзді Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры Д. Оразбаев алып, кеден бекетінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық туралы ойын ортаға салып өтті. Оның ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отыру қажет дейді. Екінші болып сөз алған Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры А. Тайбекова өз ойын былай өрбітті: «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары күшейтіліп, мемлекеттік қызметке меритократия қағидаттары енгізілді. Сонымен қатар, Әдеп кодексі қолданысқа енгізіліп, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қатаңдатылды». Құқықтық оқу және түсіндіру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Авиациялық көлік прокуратура қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір жеке тұлға жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін баса айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тақырыбында қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/963333?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Çalık Holding» басшылығымен кездесті 30.03.2025
Астана, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Çalık Holding» түрік холдингінің басшысы Ахмет Чалыкты қабылдады.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Жер қойнауын пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және логистика салаларындағы серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.А.Чалык холдингтің Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Атап айтқанда, түсті металдарды өндіру, Қостанай облысында дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу, сондай-ақ газ саласындағы жобаларға қатысу жоспарлары қарастырылды.«Çalık Holding» – 34 елде қызмет атқаратын Түркияның ірі қаржы-өнеркәсіптік топтарының бірі. Компания Орталық Азия, Балқан және Таяу Шығыста ірі инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963331?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының қатысушыларына 8 млн аса АҚШ долларын аударды 30.03.2025
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 8 млн аса АҚШ долларына 75 329 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 4,65 млн астам АҚШ долларына 43 781 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,35 млн АҚШ долларына 31 548 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (4,53 млн аса АҚШ долларына 42 622 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 37,44 мыңнан аса АҚШ долларына 362 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 32,81 мыңнан аса АҚШ долларына 325 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,88 млн аса АҚШ долларына 27 020 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (354,24 мыңнан аса АҚШ долларына 3 421 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (99,78 мыңнан аса АҚШ долларына 971 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/965132?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемі: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек 30.03.2025
Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлеміне кімдер құқылы?Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер-61 жас), сондай-ақ 1 немесе 2 топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі? Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге).Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналған белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда және қашан жүгінуге болады? БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына толғанға дейінгі 10 күн бұрын жасау керек. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет.Бұған қоса, телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберілетініне назар аударамыз. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады.Мерзімсіз уақытқа бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін барып көрсетілетін қызмет ұйымдастырылғанына назар аударыңыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүргізіледі. Атап кеткен жөн, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер» бөлімінде зейнетақы төлемдеріне, оларды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға, өтініш бланкілеріне және оларды толтыру үлгілеріне, сенімхат үлгісіне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі орналастырылған. «Онлайн қызметтер» бөлімінде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/965118?lang=kk
СӘИЖ салық төлеуші кабинеті арқылы жаңа салық есептіліктер нысандары қолжетімді 30.03.2025
Құрметті салық төлеушілер!Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде. 2025 жылғы 19 наурыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі салық есептіліктер нысандары табыс етуге қол жетімді болады:1) 641.00 СЕН – Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі;2) 101.04 СЕН – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;3) 871.00 СЕН – Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі;4) 180.00 СЕН – корпоративтік табыс салығы бойынша декларация. СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған. Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/963256?lang=kk
Жеке сектор мен жатын аудандардың тұтынушыларын 2025 жылғы 26-28 наурызға ажырату 30.03.2025
Қостанай қ. "ЭПК-forfait" ЖШС ("ЭПК-форфайт" ЖШС) Қостанай қалалық электр желісінің жұмыс жоспары.ТП -29 (құрылыс бөлігін КС жөндеу жұмыстары ) 2025 жылғы 26-27 наурыз 09:00-ден 18:00-ге дейін "Зебра" кафесі Баймағамбетов көшесі бойынша автобус аялдамасы, Баймағамбетов көшесі 187 Том-фар, Толстой көшесі 72 "Апис" ЖШС, Толстой көшесі 72 "Бирюлька" кафесі,Баймағамбетов көшесі 187 дәріхана, Баймағамбетов көшесі 187 "Аксон" ЖШС, Баймағамбетов көшесі 187 Кросстар, валюта айырбастау Баймағамбетов көшесі 187, Еуразия банк Баймағамбетов көшесі 187, Баймағамбетов көшесі 187 "Биосфера" дәріханасы, Баймағамбетов көшесі 187 кафе, Баймағамбетов көшесі 187 сағат шеберханасы, Толстой көшесі 72 медициналық кабинет, "Раузет" дүкені Баймағамбетов көшесі 185.Жатын секторы: Толстой көшесі 72, Баймағамбетов көшесі 185, 187.КТП-ШЖҚ (фидер 1) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 26 наурыз сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін.Жеке сектор: Ақсу көшесі бойынша шекаралары 1-27, 28а, 28/9-28/21, Станционная көшесі бойынша шекаралары 1/24-1/32, 38,40.ТП-128 (фидер 1) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 26 наурыз сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін Чехов көшесі 190 шаштараз. Жеке сектор: Чехов көшесі бойынша 154-190, 188/1-188/13, Рабочая көшесі бойынша 119-135, 134-154, 1Мая көшесі бойынша 163-197, 204-238, Қозыбаев көшесі бойынша 179-195 шекараларында.ТП-9 (фидер 1) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 27 наурыз сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жеке сектор: Полевая көшесі бойынша 3-26 үй шекарасында, Уральская көшесі бойынша 8-21 үй шекарасында.ТП-49 (фидер 3) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 28 наурыз сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жеке сектор: Фролов көшесі бойынша 19-39 үй шекарасында, 8 Марта көшесі бойынша 42-62 үй шекарасында, Наримановская көшесі бойынша 14-24, 18/1-18/5, 18а, 20/1-20/14 үй шекараларында, Краснопартизанская көшесі бойынша 35-47 үй шекарасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/963223?lang=kk
Саяси реформалардың Әділет саласына әсері 30.03.2025
Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәрке “Qostanai TV” телеарнасы “Бірінші студия” бағдарламасында “Саяси реформалардың Әділет саласына әсері” тақырыбы төңірегінде сұхбат берді. Сілтеме: https://youtu.be/4lPXimOmz_0?si=t7MTHEpUW3dM9nfe Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/963163?lang=kk
Көктемгі науқан барысында Шымкенттен мыңнан аса азамат әскерге шақырылады 30.03.2025
Көктемгі шақыру науқаны наурыз айының басында басталды. Осы уақыт ішінде Шымкенттен 18 мен 27 жас аралығындағы 120-дан астам жас әскерге алынды. Бірінші кезекте ҚР ҰҚК Шекара қызметін жасақтау жүріп жатыр. Биылғы жылы шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшелерге республикалық маңызы бар қаладан 150-ден аса адам жіберіледі.Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев соңғы жылдары әскерге барғандарға заң жүзінде преференциялар енгізілгенін атап өтті. Әскери қызметке шақырылған азаматтар несиелік демалысты 14 ай мерзімде пайдалана алады. Бұдан бөлек, белгіленген борышын өтеген әскери қызметшілерге азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін қосымша жеңілдіктер беріледі. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтың үздіктеріне білім беру гранттары да қарастырылған.– Шақыру науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Қазір жастар медициналық тексеруден, кәсіби-психологиялық іріктеуден өтіп, денсаулық жағдайына және дайындық деңгейіне қарай әскерлерге бөлінеді, – деді полковник А. Шынтаев.Іс-шаралар 30 маусымға дейін жалғасады. Шақыру қағаздары әскерге шақырылушыларға тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша, одан басқа 1414 сервисінен SMS-хабарлама арқылы жеткізіледі. Әскери қызметті кейінге қалдыруды немесе босатуды жергілікті атқарушы органдар не электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге болады. Бұл үдеріс толығымен автоматтандырылған: Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне студенттер туралы мәліметтер тікелей Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің базаларында беріледі. Шетелде оқитын азаматтар да электрондық үкімет порталында студенттер ретінде тіркеле алады.Көктемгі шақыру аясында Шымкент қаласынан борышын өтеуге әскерге жаңа алынған мыңнан аса азаматты жіберу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/963149?lang=kk
Марат Султангазиев Үлкен ауылына жұмыс сапарымен барды 30.03.2025
Алматы облысының әкімі Марат Султангазиев Жамбыл ауданының Үлкен ауылына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында өңір басшысы негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, АЭС жобасын жүзеге асыруға байланысты ауылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың сүйемелдеуімен өңір басшысы жер телімінің сипаттамаларын зерттеп, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады.АЭС құрылысы мен оның одан әрі пайдаланылуын қажетті ресурстармен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін облыс әкімі Индустриалды аймақ құруды тапсырды. Бұл аймақ қосалқы және ілеспе бизнестерді, сондай-ақ кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар мамандар мен жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасайды.Әкім ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Су алу торабын қарап шыққан соң, өңір басшысы үздіксіз сумен жабдықтаудың маңыздылығын атап өтті. «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК директоры Алмас Кемельбеков жүйені жаңғырту жұмыстарының барысы туралы баяндап, бұл процестің жергілікті билік тарапынан тұрақты бақылауда екенін жеткізді.Сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі су құбырлары желілерін кешенді жаңарту жұмыстарын жүргізіп, жол сапасын жақсартуды тапсырды. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.Сапар аясында өңір басшысы «Абылхайыр» ЖШС балық өңдеу зауытына барды. Кәсіпорын директоры Руслан Мурзалиевтің айтуынша, зауыт жылына бірнеше тонна балық өңдеп, көксерке филе өндіру қуаттылығы 770 тоннаны құрайды.«Ауыл шаруашылығын дамыту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Мұндай кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді», – деп атап өтті Марат Султангазиев.Сонымен қатар, өңір басшысы ауылдық амбулатория құрылысының барысымен танысты. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұғамедғарип Құрманғалиев жобаның қазіргі жағдайы туралы баяндады.Бұрынғы балабақша ғимаратын қайта пайдалану мәселесі де көтерілді. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас жергілікті билік бұл нысанды тиімді қолданудың әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатқанын айтты.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевқа ауылдағы ғимараттардың жағдайына кешенді тексеру жүргізіп, қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.Үлкен ауылында 1200 пәтер бар, оның 600-іне тұрғындар қоныстанған, ал 500 пәтерге қайта қоныстандыру жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы бұл мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.Туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, жағалау аумақтарын абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттырып, қосымша инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.Жергілікті тұрғындармен кездесуде жылу, су және электрмен қамтамасыз ету, сондай-ақ абаттандыру мәселелері талқыланды.«Біз халықтың ұсыныстарын ескеріп, ауылды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз. Сапалы инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың негізгі факторлары», – деп атап өтті облыс әкімі.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Марат Султангазиев жергілікті билікке Үлкен ауылын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды және көтерілген барлық мәселелердің өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/963131?lang=kk
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 30.03.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің2020 жылғы 1 қазаны №301 бұйрығына 4 қосымшаға сәйкесМемлекеттiк көрсетілетін қызметтер-жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асыратын өмір сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оны қалай алуға болады? Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:Көрсетілген кызметті алушының ЭЦҚ - мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;► «Elicense.kz» сайтына кіру қажет ► «Жер қатынастары» тақырыбын таңдау қажет ► «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұксат беру» дегендітаңдау қажет► Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күн ► Қызмет көрсету тәсілдері www.egov.kz «электрондық үкіметтің вебпорталы» ►Қызмет көрсету құны: тегін беріледі. ► Қызметті алушылар: заңды тұлға, жеке тұлға«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының (бұдан әрі-Қағида) 1-қосымшасында көрсетілген.«Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qonaev-shengeldi/press/news/details/963126?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты 30.03.2025
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22,68 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен 4,18 трлн теңгеге (немесе 22,6%) артты.Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 8,14 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты.Кіріс2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық).МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрд теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%). 2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ көлемі – 58,28 млрд теңге. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 260,32 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд теңгеге немесе 99% көп.Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрд теңгеден асады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 616 теңге.Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 551,18 млн аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 45,13 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 наурызына 12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша, 724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,83 млн бірліктен асты. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/977817?lang=kk
Ибрагим Магомадов Қазақстанға күрестен Азия чемпионатының алғашқы медалін әкелді! 30.03.2025
Құрлықтық біріншілік 25-30 наурыз аралығында Иордания астанасы Амманда өтуде. Жарыс түрі грек-рим, әйелдер күресі және еркін күрес.Ұзақ уақыт бойы Иран Азия аренасында жекпе-жектің бұл түрінде үстемдік етті, бірақ соңғы жылдары Жапония көшбасшылық позициясын жеңіп алды. 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бұл елдің өкілдері сегіз алтын жүлдеге ие болды, мамандардың пікірінше, олар Иорданияда да жалпы командалық есепте үздік болуы мүмкін.Сонда да біз, өзіміздің спортшыларымызға жанкүйерлік етудеміз! Азия чемпионаты грек-рим күресінен басталды. Осы түрдегі алғашқы медальді Қазақстанға қарағандылық спортшы Ибрагим Магомадов әкелді. Үшінші орын үшін 77 келі салмақ дәрежесінде күрескен біздің жерлесіміз Амро Садеден (Иордания) мықты болып шықты. Нәтижесінде «қола» Магомадовта!Балуан мен оның жаттықтырушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Біз бүгін әйелдер күресінен Азия чемпионатының медалі үшін күресіп жатқан аты аңызға айналған Эльмира Сыздықова үшін тақым қысудамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/963082?lang=kk
Қазақстанда ауыл әкімдерінің өкілеттігін кеңейту жоспарда бар 30.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілді. 2021-2024 жылдар аралығында 2 641 әкім сайланды, олардың шамамен 70%-ы осы лауазымға алғаш рет келді. Жалпы, ауыл әкімдерінің 97%-дан астамы сайланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.Сондай-ақ оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Аманат» партиясы министрліктің қолдауымен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлау бағдарламасын әзірледі.Жобаның негізгі мақсаттары – жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін тиімді шешу және әкімдердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін арттыру есебінен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету.Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы ауылдық округтердің Экономикалық даму бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында еліміздің 17 өңірінен 1 815 ауыл әкімі білім алуда. Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімдерінің өкілеттіктерін кеңейту мақсатында мынадай шаралар ұсынылады:- әкімдерге азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің белгіленген жүйесі бойынша еңбек шарты шеңберінде жұмыскерлерді жалдау құқығын беру;- халыққа ақылы қызмет көрсету құқығымен арнайы техника мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға рұқсат беру;- әкімдер мен олардың аппараттарының көше саудасын мониторингілеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын пайдалануды бақылау, ақылы қызметтер көрсету және басқа да мәселелер бойынша өкілеттіктерін кеңейту.«Бұл инновациялар Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қосымша пысықталатын болады», – деп толықтырды спикер. Бауыржан Омарбеков атап өткендей, тағы бір өзекті мәселе – ауыл бюджетінің кіріс көздерін кеңейту. Қазіргі уақытта бюджеттің 4 деңгейіндегі кірістер салық түсімдерінің 8 түрі және аудандық бюджеттен түсетін түрлі түсім, айыппұлдар мен трансферттер есебінен қалыптастырылады. 4 деңгейдегі кірістер енгізілген сәттен бастап кірістер екі есеге өсті. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 деңгейдегі бюджеттің жоспарлы түсімдері 308 млрд теңгені құрады, ал іс жүзінде 320 млрд теңге түсті, бұл жоспардан 103,8%-ға жоғары. Бұл ретте вице-министр ауылдық бюджеттердің қаржылық дербестігін арттыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты келесі түсімдерді беру есебінен ауылдық округтер бюджетінің кіріс көздерін кеңейту ұсынылады:- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының бөліктері;- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;- белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;- белгілі бір қызмет түрлеріне лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер.Бұдан бөлек, Бюджет кодексінің жаңа жобасы шеңберінде 4 деңгейдегі бюджетке кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты беру жоспарлануда. Осылайша, 4 деңгейдегі бюджеттің өз кірістерін 4 есеге – 68 млрд теңгеден 263 млрд теңгеге дейін ұлғайту күтілуде. Ауылдық бюджеттердің кіріс көздерін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады. https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/963078?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/964454?lang=kk
Сырдариялықтар "Армысың, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шарада бас қосты 30.03.2025
Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік.Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында Нағи Ілиясов ауылында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрі, еліміздің барлық өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңесте аграрлық саладағы мәселелер талқыланып, өңір жетістіктері өзге аймақтарға үлгі етілді.Негізінен аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдарында 14,5 шақырым ауыз су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Мұнан бөлек, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да біршама жұмыс атқарылды. Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Әрине, бұл – өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі ғана.Осы жылы да өздеріңіздің қолдауларыңызбен аудан халқының игілігіне бағытталған бастамалар іске асады. Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау лебізін жеткізді.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек ән шырқады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/963075?lang=kk
Ауылдық жерлерде шағын индустриалды аймақтар құру көзделген 30.03.2025
2023-2024 жылдары ауылдарды дамытуға барлық көздерден 2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның есебінен қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асты. Қазіргі таңда еліміздің Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аймақтарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын біріктіру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтты.Оның мәлімдеуінше, ең алдымен бұл жобаларды даму әлеуеті жоғары ауылдарда іске асыру ұсынылып отыр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылдан бастап ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 701 млрд тенге қаржы бөлінді. Оған 2,2 мың ауылда 6,6 мыңға жуық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 5,3 мың шақырым көлемінде инженерлік желілер, сондай-ақ 7,9 мың шақырым ауылішілік жолдар жаңғыртылды, сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысан жаңадан салынды және қайта жаңғыртылды. Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақта 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге бюджеттен бөлініп отыр», – деді вице-министр.«Ауыл аманаты» жобасы да маңызды бастама болып табылады. Оның аясында объектілерде инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, кәсіпкерлерді оқыту, сақтау, өңдеу және өткізу бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізіліп жатыр. Сондай-ақ алдағы уақытта шағын индустриалды аймақтар құру мәселесі пысықталып жатыр. Ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Болашақта елді мекендерге қажетті мамандықтар тізімін кеңейту көзделген. Жобаларды синхронды іске асыруды тиімді қамтамасыз ету және мамандандыруды айқындау мақсатында скрининг жасалды. Скрининг деректері негізінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін басым бағыттар мен инфрақұрылымдық қажеттілік айқындалды.Әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде барлық фактор ескеріледі. Кооператив құруға, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін, өнім өндірудің бүкіл циклін көздейтін жобаларға басымдық беріледі. Қатысушылардың өтініш берген сәтінен бастап микрокредитті алғанға дейінгі процестерді сүйемелдеу мақсатында автоматтандыру жүйесі жетілдіріліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/963070?lang=kk
Қазақстан мен Қытай екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуда 30.03.2025
Астана, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай стратегиялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдасудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Сұхбаттастар елдер арасындағы саяси қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.«Қазіргі уақытта елдеріміздің қарым-қатынасы өзінің ең жақсы кезеңін бастан өткеруде және үлгілі сипатқа ие. Ізгі көрші әрі сенімді серіктес ретінде біз шынымен көпқырлы және өзара тиімді байланыстарды қалыптастыра алдық», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Бұған қоса сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы өзара ықпалдасуды дамыту және Қазақстаннан Қытайға шикізаттық емес экспортты арттыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ Министр Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі екенін атап өтті, өткен жылы екіжақты тауар айналымы рекордтық 43,8 миллиард АҚШ долларына жетті және тұрақты түрде еліміздегі бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Бүгінде қазақ-қытай инвестициялық жобаларының пулында жалпы құны шамамен 66,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын 224 жоба бар, бұл шамамен 50 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара ықпалдасуды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963016?lang=kk
Аймақтық туризмді дамыту: жаңа жобалар мен келешек перспективалары 30.03.2025
Қазақстанда туризм саласын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда, ол еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы осы саладағы одан әрі даму үшін бірқатар маңызды қадамдарды белгілеп, туризмді еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Үлкен Нарын ауданында да туризмді дамытуға бағытталған бірқатар жобалар белсенді жүзеге асырылуда.Облыс әкімі Н. Сақтағанов аудандық орталықтар мен ауылдарда туризмді дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі Үлкен Нарын ауданының әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының бірлескен жобасының іске қосылуы болды. Осы жоба аясында жаңа жол бойындағы сервис ашылды, ол ауданның инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер тудырады.Жол бойындағы сервис келесі қызметтер ұсынылады:- әр түрлі кофе түрлері мен қоспалар ұсынылатын экспресс-кафе;- дәстүрлі рецепт бойынша дайындалған жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері;- азық-түлік және күнделікті қажетті заттар сатылатын дүкен;- көп орындық әжетханалар, мүгедектер үшін арнайы санитарлық бөлмелер;- аналар мен балаларға арналған бөлме;- намаз оқуға арналған арнайы бөлме.Алдағы уақытта осындай жоба аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан Солдатово ауылында іске асырылуы жоспарлануда. Бұл жоба инфрақұрылымды жақсартудан бөлек, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.Туризм саласын белсенді дамыту мақсатында, алдағы уақытта туризмді дамытуға тағы бір маңызды қадам ретінде туристік алаңдарды құру жоспарлануда. Олар туристер үшін ауданның әсем табиғатын тамашалауға мүмкіндік береді және ауданның туристік әлеуетін арттырады. Бұл жоба экономикалық өсімді ғана емес, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын да жақсартуға, туристер мен инвесторларды ауданға тартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/962982?lang=kk
2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі 30.03.2025
Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба. «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды. 2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді. 2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алды. Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен қосымша 7 млрд теңге сомасына 1 мыңға жуық микрокредит берілді. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері қатысушылар 1,2 млрд теңге сомасына салық төледі. Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары көшбасшы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/963085?lang=kk
Казахстан мен Таиланд ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған 30.03.2025
Бангкок, 2025 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд СІМ-нің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері департаментінің Бас директоры Сасирит Тангулратпен кездесті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, екі ел арасындағы сауда мен инвестиция, логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, даму көмегі, көпжақты форматта бірлескен жұмыс салаларындағы ағымдағы нәтижелер талқыланды.Тараптар барлық бағыттар бойынша қол жеткізілген елеулі нәтижелерді, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға деген жоғары саяси қолдауды және мақсатты бағытты атап өтті.Кездесудің нәтижесінде тараптар белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға нақты жоспарларды анықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/962930?lang=kk