Қоғам
Қармақшыда «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні өтті 29.03.2025
Наурыз – жаңару мен бірліктің, салт-дәстүрдің ұлықталатын мейрамы. Осыған орай Қармақшы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні кең көлемде ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, мейрамды ерекше көңіл-күймен қарсы алды.Аудандық орталық алаңда ұлттық дәстүрлерден театрландырылған көріністер қойылып, көпшілік назарына халқымыздың бай мұрасынан сыр шертетін көріністер ұсынылды. «Бесікке салу», «Қыз ұзату», «Беташар» дәстүрлері сахналанып, қазақы жөн-жоралғы көріністерімен ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, ұлттық өнерді дәріптеген қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылып, тыңдармандардың ықыласына бөленді.Жас бүлдіршіндер қазақтың мың бұралған билерін билеп, аудан өнерпаздары әсем әндерімен мерекенің шырайын аша түсті. Жастар жағы алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнап, думанды кештің ажарын кіргізді. Келушілерге арналып кең дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, тұрғындар мен қонақтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев көпшілікті береке мен ынтымаққа шақырып, ақ батасын берді.Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары ардагерлермен бірге аудандық ауруханаға барып, «Шаңырақ күні» дүниеге келген сәбилердің аналарына аудан әкімінің құттықтауын табыстап, оларға ізгі тілектерін жеткізіп, баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/960148?lang=kk
Ағымдағы жалдың 18 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен Департамент жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. 29.03.2025
Отырыс барысында 2024 жылға жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингтің нәтижелері талқыланып, заңды тұлғалар және олардың өкілдіктерін тіркеу саласындағы заңнаманың нормалары түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/960140?lang=kk
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, Сіздерді «2025-2027 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алтай аудандық мәслихаты шешімінің жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. 29.03.2025
Көрсетілген жобамен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15496198 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/960137?lang=kk
Нұрдәулет Қилыбай қарттар үйіндегі аналарға құрмет көрсетті 29.03.2025
Нұрдәулет Қилыбай қарттар үйіндегі аналарға құрмет көрсетті7 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ондағы қарт аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.Өңір басшысы өз сөзінде аға буынға құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың басты міндеті екенін атап өтті.-Бүгін көктемнің шуақты күнінде, ардақты аналарымыздың мерекесінде сіздерге көңіл-күй сыйлау үшін арнайы келдік. Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілеймін! — деді Нұрдәулет Қилыбай.Кездесу қарияларға арнайы дайындалған шағын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Орталықтағы ата, әжелер өнерпаздармен қосыла ән шырқап, би биледі. Мерекеде қуаныш сыйлап, жандарын жадыратқан өңір басшысы бастаған азаматтарға алғыстарын айтып, баталарын берді.Айта кетейік, 1990 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл орталықта бүгінде 104 адам тұрақты күтім мен әлеуметтік қызмет алады. Олардың қатарында зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/960127?lang=kk
32 сотталушыға колониялардағы бейнебақылауды бұзғаны үшін қосымша бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды. Тағы 18 іс тергелу үстінде. 29.03.2025
2024 жылғы шілде айында пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жабдықтарының бүлінгені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.Бұған қосымша сотталғандардан бейне жүйенің зақымдануынан келтірілген залал өндіріліп алынады.Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін колонияларда сотталғандар үшін көрнекі сот процестері ұйымдастырылған.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу жобасы аяқталды. Республика колонияларында бейнелері ҚАЖ комитеті мен Бас прокуратураның жүйелеріне нақты уақыт режимінде жағдайды мониторингілеу үшін интеграцияланған 39 мыңнан астам бейнекамералар орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/960120?lang=kk
8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен «Jasandy Intellekt-2025» облыстық конкурсының қорытындысы 29.03.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Jasandy Intellekt-2025» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.Жасанды интеллект – бұл адамның когнитивті функцияларына ұқсатуға (алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқытуды және шешім іздеуді қосқанда) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық жасақтама (оның ішінде машиналық оқыту әдістері пайдаланылады), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді. Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында жасанды интеллект технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау болып табылады. Конкурсқа 9 конкурстық өтінім ұсынылды.Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:Бірінші орын- Ақжолтаева Айзере Асхатқызы, Ұлан ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, 9 сынып.Екінші орын- Звонов Артур Нурланович, Өскемен қаласы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, 8 сынып.Үшінші орын – Даниярова Айсұлу Данияровна, Жұмағазы Әдия Азаматқызы, Өскемен қаласы, «Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ, 10 сынып.Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/960108?lang=kk
Педагогтерге аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру жұмыстары 29.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ҚР ОАМ 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру бойынша облыс әдіскерлерімен және педагогтерімен ZOOM конференциясын өткізді.Онлайн кездесу барысында қатысушыларға педагогтерді аттестаттау ережелеріне енгізілген негізгі толықтырулар түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/960104?lang=kk
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу"тақырыбында аудандық конференция 29.03.2025
2025 жылғы 18 наурызда Молодежный кентінде "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында профилактика жүйесінің барлық субъектілерімен бірлескен аудандық жыныстық қол сұғылмаушылық жоспарын іске асыру шеңберінде аудандық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: білім алушыларда өз проблемаларын шешу немесе бос уақытын өткізу тәсілі ретінде психоактивті заттарды қолдануға қатысты тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру. Форумды Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Д.К. Көшкенова ашты.Форумға қорғаншылық және қамқоршылық органдары, полиция бөлімі, орталық аудандық аурухана, мәдениет бөлімі, "Бұйратау" музейінің өкілдері, Шабыт, БЖСМ басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, мектеп ата-аналары, 5-11 сынып оқушылары қатысты.Конференцияға қатысушылар саны: 215 адам.Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты тиімді ұйымдастырғаны үшін ауданның білім бөлімінің басшысы А.И. Ақмағанбетова атынан Осакаров ауданының жастар АПБ ББ жергілікті полиция қызметі тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Хишин Абай Бауыржанұлына және "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры Мақпал Баткенқызы Мусиповаға алғыс хаттар табыс етілді.Сонымен қатар, осы конференция аясында балаларды бос уақыттың әртүрлі түрлеріне тарту мақсатында салтанатты бөлімнің соңында экскурсиялар ұйымдастырылды: 1. Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мұражайы. 2. Осакаров ауданы Молодежный кентінің БЖСМ 3. Шабыт қосымша білім беру орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/960098?lang=kk
Реабилитационные мероприятия для детей с инвалидностью после проведенной операции по кохлеарной имплантации 29.03.2025
Мүгедектігі бар балаларға кохлеарлық имплантация операциясынанкейінгі оңалту бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына сәйкес, кохлеарлы имплантациядан кейінгі алғашқы бес жылдың ішінде (яғни, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін операция жасалған балаларға) баланың сөйлеу және есту қабілетін одан әрі бейімдеу үшін Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларға бірге еріп жүретін ата-анасы немесе қамқоршысы тәулік бойы есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды жүргізіледы.Орталықта есту-сөйлеу қабілетін жақсарту үшін сурдопедагог, логопед, психолог, невропатолог және оториноларинголог (сурдолог) дәрігер сынды кәсіби мамандар жүргізеді. Сондай-ақ оңалту іс-шараларын жүргізу барысында кохлеарлық имплантациясы бар балаларға қажет болған жағдайда сөйлеу процессорларын күйге келтіруге көмек көрсетіледі (жол жүру темір жол бойынша қатты плацкарт вагонының тарифі бойынша өтеледі). Аңықтама үшін: Ақтау қ. 13 ш/а БО «НУР», тел. 605253 фото https://www.dramedical.ru/news/kohlearnyj-implantat-pri-tyazhelyh-narusheniyahАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/960078?lang=kk
Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 29.03.2025
Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл. Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.Зейнетақы жүйесінің қарттық кезеңде өмір сүрудің лайықты (жеткілікті) деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатынын бағалайтын үшінші суб-индекс бойынша қазақстандық зейнетақы жүйесі 3,2 балл (2023 жылы – 3,3 балл) жинады. Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия - осы рейтингтің көшбасшылары (ұпайлары 1,7-ден 2,0-ге дейін), олар зейнетақы жүйесінің екінші және үшінші деңгейлерінің мықты қор құрамдауыштарына ие. Есепке сай, барлық талданған зейнетақы жүйелері бойынша орташа балл 3,7 болды. Allianz нұсқасы бойынша зейнетақы жүйесі ең жақсы ел – Дания. 2023 жылы да осы ел көшті бастаған еді, жинаған ұпай саны - 2,3. Екінші және үшінші орында - Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), одан әрі Жаңа Зеландияны ығыстырып, 2,7 балл жинаған Жапония төртінші орынға жайғасты. Жаңа Зеландия 2,8 балл, Израиль - 3, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия және АҚШ - 3,2 балл жинады.Рейтингтегі ең төменгі орындарды Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия, Шри-Ланка елдерінің зейнетақы жүйелері алады (4,5-тен 5 ұпайға дейін). Бұл елдерде халықты зейнетақы жүйесімен қамту мәселесі аса өткір боп тұр, себебі - бейресми жұмыспен қамту басым.Есепте халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес алдағы 25 жыл ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 2 есеге жуық, яғни қазіргі 857 миллионнан 2050 жылы 1 578 миллионға дейін өсетіні атап өтілген. Бала туу деңгейінің төмендеуі еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуін баяулатып, ғасырдың ортасына қарай 15 пен 64 жас аралығындағы әрбір 100 адамға 65 жастан асқан 26 адам келетін болады. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш саны 16 адамға тең. Бүкіл жер шарының 75% құрап, талдауға түскен 71 елдегі туу деңгейі Гонконгтағы бір әйелге 0,7 баладан, Нигерияда 4,4 балаға дейін құбылып отырады. Бұл елдер, сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының да жоғарғы және төменгі шектерін көрсете алады. Гонконгта - орта есеппен 85,6 жыл болса, Нигерияда - 54,6 жыл. Зейнет жасындағы адамдардың еңбекке қабілетті жастағы 100 адамға шаққандағы санын көрсететін демографиялық жүктеме коэффициентінің (ДЖК) көрсеткіштері әр елде әртүрлі. Индустриалдық жағынан дамыған елдердің көпшілігінде ДЖК-ның жалпы деңгейі алаңдаушылық тудырса, көптеген дамушы елдерде жылдам қартаю қарқыны алаңдаушылыққа себеп болып отыр. Қартаю қарқыны ең жылдам елдер - Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясы. Десек те, 2050 жылы әлемдегі ең «кәрі» 20 ел негізінен ЕО-ға мүше елдерден тұратын болады: Италия, Испания, Греция және Португалия елдерінде ДЖК 60% асады. Нигерия, Кения және Пәкістандағы туу деңгейі әлі де жоғары, ал өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болуына орай, халқы ең жас мемлекеттер қатарында болады.Allianz сарапшылары демографиялық өзгерістердің зейнетақы жүйесіне тигізетін кері әсерін азайтудың бір жолы - мемлекеттік зейнетақы жүйесін жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру екенін атап көрсетті.Есепте, сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты - қарттық шақтағы ұзақ өмір сүру мен кедейлік қаупінен қорғау, сондай-ақ қарттықта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі ескертілген. Сондықтан зейнетақы жүйелерін реформалау немесе құру кезінде саясаткерлер олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге олардың лайықтылығын да ескеруі керек. Егер мемлекеттік зейнетақы жүйелері қария шақтағы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмаса, онда салық салу жоспарында қосымша жеңілдіктер қарастырылып, мемлекет субсидия бөлетін зейнетақы өнімдері, кәсіби және жеке зейнетақы жоспарлары қолжетімді болуы тиіс.Зейнетақы жүйесінің лайықтылығы тұрғысынан реформалауды аз дәрежеде қажет ететін елдер - Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қазірдің өзінде қосымша кәсіби жинақтау бағдарламалары мен жеке зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің негізгі элементі болып табылады.Зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы, сондай-ақ, кірісті алмастыру коэффициентімен (КАК) де анықталады. Талдауға алынған елдердің мемлекеттік зейнетақы жүйелеріндегі орташа жалпы КАК 53% тең. Бұл ретте коэффициенттер Оңтүстік Африкада 8%-дан Бразилияда 88%-ға дейін өзгереді. Қазақстандағы КАК 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41% көрсетті. Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) зейнетақы реформаларына байланысты кейбір еуропалық мемлекеттердегі зейнетақы төлемдерінің деңгейі жарналарды 30 жыл бойына жүзеге асырғаннан кейін кірістің ұсынылып жүрген 40-45% ең төменгі деңгейінен де азаю қаупі бар екенін атап өтті. Бұл зейнетақы жүйелерінің қосымша жинақтаушы деңгейлерін шұғыл нығайту қажеттілігін растайды.Allianz есебінде мемлекеттік зейнетақы жүйелері туу коэффициентінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында демографиялық қиындықтарды жеңе ала ма деген сұрақ қойылған. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін жан-жақты талдау нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың жарналары қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысын қаржыландыруға пайдаланылатын "pay-as-you-go" (тарату жүйелері) қағидаты бойынша қаржыландырылатын жүйелер ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және қарттық шақта лайықты зейнетақы төлемдерімен қамсыздандыра алатын жақсы өмір сүру деңгейіне кепілдік бере алмайды деген қорытынды жасалды.Міндет - зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз ету және зейнетақыны жинақтаушы құрамдауыш есебінен қосымша қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді табу. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің тепе-теңдігін сақтау үшін де маңызды.Осылайша, есепте "мінсіз" зейнетақы жүйесі – бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі (pay-as-you-go) мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі арасындағы дұрыс теңгерім деген қорытынды жасалған. Осы екі құрамдауышты біріктіретін елдердің демографиялық өзгерістерге және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді келешектегі тұрақтылығы мен зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуге дайындығы жақсы болмақ. Алайда, жұмысы тиімді еңбек нарығы кез келген зейнетақы реформасын сәтті іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады, бұл дамушы нарықтардағы ресми жұмыспен қамту үлесінің ұлғаюын және еңбек нарықтарының өндірісі дамыған елдердегі қартайған жұмыс күшінің қажеттіліктеріне бейімделуін білдіреді."Сөзден іске өту уақыты" деп аталатын Allianz жаһандық зейнетақы есебі бойынша ақпараттық анықтама мен әлемнің зейнетақы жүйелерін 2025 жылы талдау нәтижелері туралы Allianz есебі мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ [1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1017953?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 29.03.2025
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 1) 2026 жылы БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай өзгерді? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге. Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. 2) 2026 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қандай? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ына дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).Еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдас бөлік – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкер табысынан ұсталатын міндетті 10% зейнетақы жарналарынан бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарналар аударуға міндетті. ЖМЗЖ есептелетін табыс сомасы ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖМ) кем болмауы және тиісті жылға белгіленген 50 еселенген ЕТЖМ-нан аспауы тиіс.Жұмыс беруші зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар, әскери қызметшілер, сондай-ақ 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған азаматтар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады. 3) «Арнаулы салық режимі» (АСР) дегеніміз не?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің күшіне еніп, ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тек салықтарды ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін де реттейді. 4) Жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) қандай мақсатпен енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді. 5) Қандай арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР (интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететіндерді қоса алғанда)2026 жылдан бастап енгізілген бұл АСР жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары мен қандастарға) арналған. Режим Үкімет бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.Айлық табыс мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 300 еселенген АЕК-тен, ал жылдық табыс 3 600 АЕК-тен аспауы тиіс.Осы режимді қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алынған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) өз бетінше төлейді.Мөлшерлемесі:МЗЖ – табыстың 1%;ЖМЗЖ – табыстың 1%.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар АСР-ны арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы кірістерді есепке алу өздері әзірлеген қарапайым нысанда, операциялардың күнін, атауын, әрбір операция нәтижесінде алынған сомаларды, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы ұстап, аударады. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСРҚР Салық кодексінің 723 бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны ЖК мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдануға құқылы.Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны төмендегі шарттарға сәйкес келетін тұлғалар қолдануға құқылы:- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;- ҚР Үкіметі айқындаған, оған қатысты жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған тізбеге енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар. Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері стандартты: МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСРҚазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарына ие (қосалқы жер пайдаланушы құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ-ларға арналған АСР қолдануға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған АСР бір күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді. Оны шаруа қожалығының қызметі қолдану шарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайларда ғана өзгертуге болады. ШФҚ арналған АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-mihailov/press/news/details/1148795?lang=kk
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті 29.03.2025
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Сессияда аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттерінің нақтылауы бойынша мәселесін депутаттар талқылады. Күн тәртібіндегі Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы 7-2 “Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айықындаудың қағидаларын бекіту туралы” мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова баяндады. Депутаттар тиісті шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 11 бабына сәйкес, депутаттар сессиясының жұмысында 15 күннен аспайтын үзіліс жасауға шешім қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/960050?lang=kk
19 наурыз - Жаңару күні 29.03.2025
🌱19 наурыз - Жаңару күніЖаңару – өзгерістер мен жаңа белестер кезеңі. Табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Көкжиектер кеңейіп, мүмкіндіктер туатын уақыт.Наурызнаманың әр күні елімізде игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр.🌱Бүгінде Досбол ауылдық округінде орналасқан “Жасыл белдеу” қорғаныш алқабына карағай көшетін егіп, табиғаттың жасаруына өз үлесімізді қостық. Бұл - тек көгалдандыру ғана емес, болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыру жолындағы игі бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/961792?lang=kk
Темекі өнімдерін сату кезінде нені есте сақтау керек? 29.03.2025
Маркировка – бәріне міндетті!Темекі өнімдерінің әрбір бірлігінде идентификация құралдары (2D штрихкод) болуы тиіс. Бұл талап жергілікті өндірілген де, импортталған да барлық өнімге қолданылады. Маркировкасыз айналымға тыйым салынадыИдентификация құралдары жоқ немесе маркировка ережелері бұзылған темекі өнімдерін сату тыйым салынған. Бұл айыппұл санкцияларына әкелуі мүмкін. Ережелерді бұзған жағдайда жауапкершілікМаркировка ережелерін бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 50 АЕК-ке дейін; Шағын бизнес – 150 АЕК-ке дейін; Орта бизнес – 200 АЕК-ке дейін; Ірі компаниялар – 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Тауарды тәркілеу және жоюЗаңға сәйкес маркировкаланбаған немесе стандарттарға сай келмейтін темекі өнімдері заңда көзделген тәртіппен тәркіленіп, жойылады. Маркировканы қалай дұрыс жүргізуге болады?Өндірушілер мен импортерлер өнімді нарыққа шығармас бұрын маркировкалауы тиіс. Бөлшек саудагерлер штрих кодты касса аппараты арқылы сканерлеп, тауарды айналымнан шығарады. Идентификация коды туралы ақпарат түбіртекке енгізіліп, салықтық деректер операторына жіберіледі. Нені есте сақтау керек? Маркировка және темекі өнімдерінің қозғалысын бақылау ережелерін сақтау тек айыппұлдардан сақтандырмайды, сонымен қатар бизнесіңіздің заңдылығын қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1107054?lang=kk
Ағымдағы жылдың 1 наурызында қасиетті Рамазан айы басталды. Оның басталуымен олар дұға етеді, ең қымбат тілектерін орындайды, ауызашар береді. 29.03.2025
Ағымдағы жылдың 1 наурызында қасиетті Рамазан айы басталды. Оның басталуымен олар дұға етеді, ең қымбат тілектерін орындайды, ауызашар береді. Осы жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, қайырымдылық ифтар Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 2025 жылғы 17 наурызда аудан тұрғындары үшін Бородулиха ауылының мешіт ғимаратында берілді. Мұндай қайырымдылық шаралары жүздеген адамдардың жүрегінде ризашылықпен жауап табады. Өйткені, біз үшін ең бастысы - ең үлкен игілікті-бейбітшілікті, келісімді, тыныштықты және халқымыздың бірлігін сақтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/960027?lang=kk
Мопедті 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіз - ІІМ 29.03.2025
Құрметті азаматтар! Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады.Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.Қазіргі уақытта республика бойынша 8527 мопед тіркелді.Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет.Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін “жағымсыз салдардан” аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-maskeu/press/news/details/964374?lang=kk
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті 29.03.2025
2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті. Комиссияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы 22-2 “2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы “2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы” шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы 7-2 “Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы.Отырыста күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Депутаттар А.Агаев, С.Дуйсенов, Б.Гадельшиев бюджетке қатысты сұрақтар қойып, жауаптар алды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кезектен тыс сессияның күн тәртібіне енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/960019?lang=kk
Қазақстан Республикасына вейптер мен электронды темекілерді әкелуге тыйым салынады 29.03.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасына вайп пен электрондық темекіні әкелуге қатаң тыйым салынатынын хабарлайды.ҚР ҚК-нің 301-1-бабының 2 және 3-тармақтары бойынша ВЕЙПТЕРДІ әкелгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтарды әкелу, өндіру - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей бас бостандықтарынан айырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/960005?lang=kk
Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 27.03.2025
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕКазахстанская пенсионная система улучшила свои позиции в международном рейтинге AllianzВедущая компания в сфере страхования Allianz выпустила новое издание Глобального пенсионного отчета, содержащего анализ пенсионных систем 71 страны с использованием собственного пенсионного индекса Allianz (Индекс), согласно которому Казахстан занял 26 позицию, опережая Австрию, Испанию, Чили, Сингапур, Гонконг, Китай и многие другие страны (в 2023 году Казахстан занял 34 место среди 75 стран Индекса). Пенсионный индекс Allianz (API) разработан для комплексной оценки устойчивости и достаточности пенсионных систем. Он состоит из трех суб-индексов и учитывает 40 параметров, оцениваемых по шкале от 1 до 7, где 1 означает наилучший результат. Индекс API пенсионной системы Казахстана составил 3,5 балла. По первому суб-индексу, который оценивает темп демографических изменений, государственный долг и общий уровень жизни, набранный балл Казахстана составил 4,1 балла (в 2023 году – 3,5 балла). Этот показатель наиболее высокий в ОАЭ (2,3 балла), Австралии (2,6 балла) и Израиле (2,9 балла). По второму суб-индексу, оценивающему устойчивость пенсионной системы, Казахстан набрал 3,6 балла (в 2023 году – 3,6 балла). Лучшие результаты в данном суб-индексе демонстрируют Индонезия, Дания и Болгария (с баллами от 2,1 до 2,3) главным образом благодаря повышению пенсионного возраста и введению фондированных компонентов в их пенсионные системы.По третьему суб-индексу, который оценивает, насколько пенсионная система может обеспечивать адекватный (достаточный) уровень жизни в пожилом возрасте, казахстанская пенсионная система набрала 3,2 балла (в 2023 году – 3,3 балла). Дания, Нидерланды и Новая Зеландия - лидеры в данном рейтинге (с баллами от 1,7 до 2,0), имеют сильные фондированные компоненты второго и третьего уровней пенсионной системы.Согласно отчету средний балл для всех проанализированных пенсионных систем составил 3,7 балла. Страной с лучшей пенсионной системой по версии Allianz стала, как и в 2023 году, Дания с оценкой 2,3 балла, затем следуют Нидерланды и Швеция (2,6 баллов), далее - Япония, которая сместила Новую Зеландию и заняла четвертое место в индексе, набрав 2,7 балла, Новая Зеландия набрала 2,8 баллов, Израиль - 3 балла, Австралия, Великобритания, Норвегия и США – по 3,2 балла. Самые низкие позиции в рейтинге занимают пенсионные системы Марокко, Индии, Лаоса, Малайзии, Шри Ланки (от 4,5 до 5 баллов). В данных странах наиболее остро стоят проблемы низкого охвата населения пенсионной системой, причиной которого является преобладание неформальной занятости.В отчете особое внимание уделяется вопросу старения населения и отмечается, что согласно последним прогнозам ООН в течение следующих 25 лет число людей в возрасте 65 лет и старше вырастет почти в 2 раза - с 857 млн сегодня до 1 578 млн в 2050 году. Снижение уровня рождаемости замедляет рост населения трудоспособного возраста, и к середине века на каждые 100 человек в возрасте от 15 до 64 лет будет приходиться 26 человек старше 65 лет, тогда как в настоящее время их количество составляет 16 человек. В 71 анализируемой стране, что составляет 75% населения Земли, уровень рождаемости варьируется от 0,7 ребенка на женщину в Гонконге до 4,4 в Нигерии. Эти страны также представляют собой верхнюю и нижнюю границы по ожидаемой продолжительности жизни, которая в среднем составляет 85,6 лет в Гонконге и 54,6 лет в Нигерии. Показатели коэффициента демографической нагрузки (КДН), который демонстрирует количество людей пенсионного возраста на 100 человек трудоспособного возраста, сильно отличаются в разных странах. В большинстве индустриально развитых стран общий уровень КДН вызывает беспокойство, в то время как во многих развивающихся странах причиной беспокойства является быстрый темп старения. Страны с самыми быстрыми темпами старения - это Гонконг, Южная Корея, Тайвань и Саудовская Аравия. Тем не менее, в 2050 году топ-20 самых «старых» стран мира будет в основном состоять из стран-участниц ЕС: в Италии, Испании, Греции и Португалии КДН превысит 60%. Нигерия, Кения и Пакистан будут иметь самое молодое население в силу всё ещё высокого уровня рождаемости и относительно низкой продолжительности жизни.Эксперты Allianz подчеркивают, что один из путей смягчения воздействия демографических изменений на пенсионную систему - это дополнение государственной пенсионной системы накопительным элементом.В отчете также отмечается, что основная цель пенсионной системы – это защита от риска долголетия и бедности в пожилом возрасте, а также обеспечение достойного уровня жизни в старости. Поэтому при реформировании или создании пенсионных систем политики должны учитывать не только их долгосрочную устойчивость, но и их адекватность. Если государственные пенсионные системы не способны обеспечить достойный уровень жизни в старости, то должны быть доступны дополнительные льготные в плане налогообложения или субсидируемые государством пенсионные продукты, профессиональные и частные пенсионные планы.Страны, которые нуждаются в реформах в меньшей степени с точки зрения адекватности пенсионной системы, это Дания, Нидерланды и Новая Зеландия, где дополнительные профессиональные накопительные программы и частное пенсионное обеспечение уже являются основным элементом пенсионных систем. Адекватность пенсионных систем определяется также коэффициентом замещения дохода (КЗД). Средний валовый КЗД в государственных пенсионных системах анализируемых стран составляет 53%, при этом коэффициенты варьируются от 8% в Южной Африке до 88% в Бразилии. КЗД в Казахстане по итогам 2024 г. составил 41%. Однако Международная организация труда (МОТ) отмечает, что из-за пенсионных реформ уровень пенсионных выплат в некоторых европейских государствах грозит упасть ниже рекомендуемого минимального уровня в 40–45% от заработка после 30 лет осуществления взносов, что подтверждает необходимость срочного укрепления дополнительных накопительных уровней пенсионных систем.В отчете Allianz поставлен вопрос: способны ли государственные пенсионные системы справиться с демографическими вызовами в условиях снижения коэффициента рождаемости и увеличения продолжительности жизни. В результате всестороннего анализа пенсионных систем разных стран сделано заключение, что системы, финансируемые по принципу "pay-as-you-go" (распределительные системы), в которых взносы трудоспособного населения используются для финансирования пенсий нынешних пенсионеров, не могут гарантировать их долгосрочную финансовую устойчивость и достойный уровень жизни в пожилом возрасте c обеспечением адекватными пенсионными выплатами. Задача заключается в том, чтобы найти баланс между обеспечением устойчивости и адекватности пенсионных систем и созданием необходимых условий для дополнительного финансирования пенсий за счет накопительного компонента. Кроме того, предоставление возможности пожилым работникам продолжать трудовую деятельность также имеет важное значение для поддержания государственных пенсионных систем в балансе.Таким образом, в отчете сделан вывод, что «идеальная» пенсионная система – это правильный баланс между государственной пенсионной системой (pay-as-you-go) и накопительной. Страны, которые сочетают эти два компонента, лучше всего подготовлены к демографическим изменениям и обеспечению устойчивости пенсионной системы и достаточности пенсионных выплат в долгосрочной перспективе. Однако, эффективно функционирующие рынки труда являются необходимым условием для успешной реализации любой пенсионной реформы, что означает увеличение доли формальной занятости на развивающихся рынках и адаптацию рынков труда к потребностям стареющей рабочей силы в промышленно развитых странах.Информационная справка по Глобальному пенсионному отчету Allianz «Время перейти от слов к делу» и отчет Allianz о результатах анализа пенсионных систем мира в 2025 году размещены по ссылке: https://www.enpf.kz/ru/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/959968?lang=kk
Ұлттық ұлан авиациялық базасында Наурыз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті 27.03.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.Жаңару, бірлік пен молшылықтың белгісі саналатын күнді әскери қызметшілер ерекше құрметпен және тебіреніспен қарсы алды.Мерекенің басты сәттерінің бірі – ұлттық дәстүрлерді дәріптеу болды. Кимешек киген әжелер көрісу, тұсаукесер, бесікке салу және беташар секілді қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірді.Іс-шара соңында құрметті қонақтардың бірі – Гүлнар әже өз әсерімен бөлісті:“Бүгінгі жастарға қарап, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлейтінін көріп, марқайып тұрмын.Біз жауынгер ұландарға ақ батамызды бердік. Олар – Отанның қорғаны, ертеңгі ел тірегі. Отанымыздың қорғаушылары әрдайым қайратты әрі рухты болсын!”Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер әскери қызметшілерге қазақ халқының терең тарихы мен бай рухани мұрасын тағы бір мәрте еске салды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/959945?lang=kk