Enbekshi QazaQ

Қоғам

Allianz халықаралық рейтингіндегі Қазақстандық зейнетақы жүйесінің орны жоғарылады 27.03.2025
Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл. Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.Зейнетақы жүйесінің қарттық кезеңде өмір сүрудің лайықты (жеткілікті) деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатынын бағалайтын үшінші суб-индекс бойынша қазақстандық зейнетақы жүйесі 3,2 балл (2023 жылы – 3,3 балл) жинады. Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия - осы рейтингтің көшбасшылары (ұпайлары 1,7-ден 2,0-ге дейін), олар зейнетақы жүйесінің екінші және үшінші деңгейлерінің мықты қор құрамдауыштарына ие. Есепке сай, барлық талданған зейнетақы жүйелері бойынша орташа балл 3,7 болды. Allianz нұсқасы бойынша зейнетақы жүйесі ең жақсы ел – Дания. 2023 жылы да осы ел көшті бастаған еді, жинаған ұпай саны - 2,3. Екінші және үшінші орында - Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), одан әрі Жаңа Зеландияны ығыстырып, 2,7 балл жинаған Жапония төртінші орынға жайғасты. Жаңа Зеландия 2,8 балл, Израиль - 3, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия және АҚШ - 3,2 балл жинады.Рейтингтегі ең төменгі орындарды Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия, Шри-Ланка елдерінің зейнетақы жүйелері алады (4,5-тен 5 ұпайға дейін). Бұл елдерде халықты зейнетақы жүйесімен қамту мәселесі аса өткір боп тұр, себебі - бейресми жұмыспен қамту басым.Есепте халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес алдағы 25 жыл ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 2 есеге жуық, яғни қазіргі 857 миллионнан 2050 жылы 1 578 миллионға дейін өсетіні атап өтілген. Бала туу деңгейінің төмендеуі еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуін баяулатып, ғасырдың ортасына қарай 15 пен 64 жас аралығындағы әрбір 100 адамға 65 жастан асқан 26 адам келетін болады. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш саны 16 адамға тең. Бүкіл жер шарының 75% құрап, талдауға түскен 71 елдегі туу деңгейі Гонконгтағы бір әйелге 0,7 баладан, Нигерияда 4,4 балаға дейін құбылып отырады. Бұл елдер, сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының да жоғарғы және төменгі шектерін көрсете алады. Гонконгта - орта есеппен 85,6 жыл болса, Нигерияда - 54,6 жыл. Зейнет жасындағы адамдардың еңбекке қабілетті жастағы 100 адамға шаққандағы санын көрсететін демографиялық жүктеме коэффициентінің (ДЖК) көрсеткіштері әр елде әртүрлі. Индустриалдық жағынан дамыған елдердің көпшілігінде ДЖК-ның жалпы деңгейі алаңдаушылық тудырса, көптеген дамушы елдерде жылдам қартаю қарқыны алаңдаушылыққа себеп болып отыр. Қартаю қарқыны ең жылдам елдер - Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясы. Десек те, 2050 жылы әлемдегі ең «кәрі» 20 ел негізінен ЕО-ға мүше елдерден тұратын болады: Италия, Испания, Греция және Португалия елдерінде ДЖК 60% асады. Нигерия, Кения және Пәкістандағы туу деңгейі әлі де жоғары, ал өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болуына орай, халқы ең жас мемлекеттер қатарында болады.Allianz сарапшылары демографиялық өзгерістердің зейнетақы жүйесіне тигізетін кері әсерін азайтудың бір жолы - мемлекеттік зейнетақы жүйесін жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру екенін атап көрсетті.Есепте, сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты  - қарттық шақтағы ұзақ өмір сүру мен кедейлік қаупінен қорғау, сондай-ақ қарттықта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі ескертілген. Сондықтан зейнетақы жүйелерін реформалау немесе құру кезінде саясаткерлер олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге олардың лайықтылығын да ескеруі керек. Егер мемлекеттік зейнетақы жүйелері қария шақтағы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмаса, онда салық салу жоспарында қосымша жеңілдіктер қарастырылып, мемлекет субсидия бөлетін зейнетақы өнімдері, кәсіби және жеке зейнетақы жоспарлары қолжетімді болуы тиіс.Зейнетақы жүйесінің лайықтылығы тұрғысынан реформалауды аз дәрежеде қажет ететін елдер - Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қазірдің өзінде қосымша кәсіби жинақтау бағдарламалары мен жеке зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің негізгі элементі болып табылады.Зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы, сондай-ақ, кірісті алмастыру коэффициентімен (КАК) де анықталады. Талдауға алынған елдердің мемлекеттік зейнетақы жүйелеріндегі орташа жалпы КАК 53% тең. Бұл ретте коэффициенттер Оңтүстік Африкада 8%-дан Бразилияда 88%-ға дейін өзгереді. Қазақстандағы КАК 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41% көрсетті. Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) зейнетақы реформаларына байланысты кейбір еуропалық мемлекеттердегі зейнетақы төлемдерінің деңгейі жарналарды 30 жыл бойына жүзеге асырғаннан кейін кірістің ұсынылып жүрген 40-45% ең төменгі деңгейінен де азаю қаупі бар екенін атап өтті. Бұл зейнетақы жүйелерінің қосымша жинақтаушы деңгейлерін шұғыл нығайту қажеттілігін растайды.Allianz есебінде мемлекеттік зейнетақы жүйелері туу коэффициентінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында демографиялық қиындықтарды жеңе ала ма деген сұрақ қойылған. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін жан-жақты талдау нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың жарналары қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысын қаржыландыруға пайдаланылатын "pay-as-you-go" (тарату жүйелері) қағидаты бойынша қаржыландырылатын жүйелер ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және қарттық шақта лайықты зейнетақы төлемдерімен қамсыздандыра алатын жақсы өмір сүру деңгейіне кепілдік бере алмайды деген қорытынды жасалды.Міндет - зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз ету және зейнетақыны жинақтаушы құрамдауыш есебінен қосымша қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді табу. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің тепе-теңдігін сақтау үшін де маңызды.Осылайша, есепте "мінсіз" зейнетақы жүйесі – бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі (pay-as-you-go) мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі арасындағы дұрыс теңгерім деген қорытынды жасалған. Осы екі құрамдауышты біріктіретін елдердің демографиялық өзгерістерге және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді келешектегі тұрақтылығы мен зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуге дайындығы жақсы болмақ. Алайда, жұмысы тиімді еңбек нарығы кез келген зейнетақы реформасын сәтті іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады, бұл дамушы нарықтардағы ресми жұмыспен қамту үлесінің ұлғаюын және еңбек нарықтарының өндірісі дамыған елдердегі қартайған жұмыс күшінің қажеттіліктеріне бейімделуін білдіреді."Сөзден іске өту уақыты" деп аталатын Allianz жаһандық зейнетақы есебі бойынша ақпараттық анықтама мен әлемнің зейнетақы жүйелерін 2025 жылы талдау нәтижелері туралы Allianz есебі мына сілтеме бойынша орналастырылған:   https://www.enpf.kz/kz/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/ БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  [1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/977827?lang=kk
Ұлттық киім күні! 27.03.2025
18 наурыз Наурызнамның бесінші күні. Қазақстандықтар Ұлттық киім күнін атап өтуде. Ұлттық киімүн-бұл әркім ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабалар мен әдет-ғұрыптарды еске алатын күн. Ұлттық киім күні-бұл наряд арқылы өзінің даралығын білдіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени алуандығын сақтау мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/959926?lang=kk
2024 жылдың қорытындысы және осы саладағы кездесетін проблемалық мәселелер 27.03.2025
2025 жылдың 17 наурыз күні Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Дайрабаевтың төрағалығымен Қарағанды облысының Нотариаттық палатасының төрайымы А.Бексултанова, тәртіптік комиссия төрағасы Г.Такирова және жекеше нотариустардың қатысуымен «2024 жылдың қорытындысы және осы саладағы кездесетін проблемалық мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.Семинар жұмысына 250 жекеше нотариус қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/959920?lang=kk
«Наурыз достарын шақырады» 27.03.2025
2025 жылғы 15-16 наурызда «Наурыз достарын шақырады» VІ халықаралық хореографиялық өнер фестивалі өтті.Фестивальдің мақсаты түркі халықтарының ұлттық мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.Фестивальге Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен және Қостанай облысынан 9 хореографиялық ұжым қатысты.Фествальді Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай қаласының әкімдігі, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет және білім басқармалары ұйымдастырды.Фестивальге Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен және Қостанай облысының хореографиялық ұжымдары қатысты. Ашылуында қала әкімінің орынбасары Мәжит Мақсұтұлы Шуленов құттықтап, сәттілік тіледі.Екі күнге созылған фетивальдің жабылуында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Дәулетұлы Жүсіпов пен Білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Жаппасбайқызы Сүйіндікова барша қатысушыларды дипломдармен, статуэткалармен марапаттап, құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/959918?lang=kk
Ақмола облысында «Сән мен салтанат» ұлттық киім фестивалі өтті 27.03.2025
Наурыз мерекесін тойлау аясында Көкшетауда ұлттық киімдер күніне арналған облыстық «Сән мен салтанат» фестивалі өтті. Бұл шара қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу және ұлттық киімнің әсемдігін көрсету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Фестивальге Ақмола облысының әр ауданынан дизайнерлер қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Шара аясында ұлттық киім үлгілері таныстырылып, олардың тарихы мен символикалық маңызы жайлы айтылды.Фестивальге қатысқан шеберлердің айтуынша, ұлттық киім – жай ғана сән емес, ол халқымыздың тарихы, мәдениеті мен рухани болмысының айнасы. Ұлттық киімдерді тігу үлкен шығармашылық пен табандылықты талап етеді.«Біз көп жылдан бері ұлттық киімдерді тігіп, халыққа ұсынып келеміз. Бұл сала терең білім мен үлкен шеберлікті қажет етеді. Әр көйлек қазақ қызының нәзіктігін, ерекшелігін көрсететіндей етіп жасалады», – дейді Көкшетау қаласындағы «Светлана» ательесінің директоры Светлана Ехлакова.Дизайнер Әсемгүл Оспанованың айтуынша, бүгінде ұлттық киімдер тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де сәнге айналып келеді.«Біздің топтамаға дәстүрлі үлгілермен қатар, заманауи сәнге сай киімдер де енгізілген. Ұлттық киімді дәріптеу тек сән үрдісі ғана емес, бұл – ұлттың рухани бірлігін нығайтуға, түп-тамырымызға деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған құндылық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұлттық киім киюдің сәнге айналуы керектігін атап өткен болатын», – дейді ол.Фестиваль соңында барлық дизайнерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шара ұлттық мұраны сақтау мен оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті деседі ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/959907?lang=kk
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! 27.03.2025
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Сіздерді Катонқарағай ауданы әкімдігінің «Катонқарағай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.НҚА жобасының мәтініне өту үшін келесі сілтеме бойынша көшу қажетhttps://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15505172Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/977247?lang=kk
Ақмола облысында тәрбиелік мәні зор «Қазыналы қария» облыстық байқау өтті 27.03.2025
2025 жылдың 18 наурызында Наурызнаманың онкүндігі аясында «Қазыналы қария» облыстық байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және егде жастағы адамдарға құрмет көрсетуді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастар бойында патриотизмді тәрбиелеу.Байқауға облысымыздың әр түкпірінен 10 аға буын өкілдері қатысты. Қатысушылардың ең үлкені 80 жаста, соған қарамастан Степногорск қаласынан келген Аубай Дуримхан белсенді өмір салтын ұстанады.Қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендер назарына өнерлерін және көрмеде өздері жасаған сәндік-қолданбалы бұйымдарын ұсынды. «Батаменен ел көгерер» кезеңінде қариялар жиылған қауымға ақ тілегін, адал ниетін білдірді.Қазылар алқасының құрамына Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Жетпісқалиев Серік, Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының әдіскері Кереева Ғалия, ҚР мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Мұқышев Кенжебай енді.«Қазыналы қария» облыстық байқауының Бас жүлдесіне Степногорск қаласынан Аубай Дуримхан ие болды.Сондай ақ қазылар алқасының шешімімен номинациялар бойынша үздіктер анықталды:«Батагөй қария» - Жақсыбай Ахметов, Сандықтау ауданы;«Данагөй қария» - Маралтай Ерденов, Зеренді ауданы;«Өнерлі қария» - Әлібек Тасболатов, Аршалы ауданы;«Тағылымды қария» - Сейдали Султанов, Степногорск қаласы;«Шежірелі қария» - Амангельды Алиякбаров, Егіндікөл ауданы;«Өнегелі қария» - Алтынбай Джандарбеков, Бурабай ауданы;«Шебер қария» - Ғалил Жанибеков, Біржан сал ауданы;«Асыл әже» - Бакытжан Дусатова, Көкшетау қаласы;«Қадірлі қария» - Егінбай Оспанов, Астрахан ауданы.          Байқау жеңімпазы мен қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломы және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/959901?lang=kk
18 наурыз Ұлттық киім күні 27.03.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 18 наурыз - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің қызметкерлері "Наурыз" мерекелік бағдарламасының Ұлттық киім күнін дәстүрлі қазақ костюмдерімен атап өтті.Ұлттық киім-еліміздің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/959899?lang=kk
Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияға төрағалық етуде 27.03.2025
Женева, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасы Қарусыздану жөніндегі конференцияға төрағалық етуді ресми түрде қабылдады.Женевадағы БҰҰ Кеңсесінің Бас директоры,  Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы Татьяна Валоваяның қатысуымен өткен пленарлық отырысты аша отырып, Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Ерлан Әлімбаев Конференция жұмысын транспарентті және инклюзивті түрде ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады. Қазақстанның қауіпсіздіктің жаһандық проблемаларын шешудегі мультилатерализм мен ынтымақтастық қағидаттарын сақтауға бейілділігін атап өтті.Биылғы Конференция жұмысы ядролық қарусыздану, ядролық соғыстың алдын алу, қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері, ғарыштағы қару-жарақ жарысының алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллекті әскери қолдануға байланысты сын-қатерлер және биологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды талқылауға ықпал ететін көмекші органдарға бағытталады. Осы тұрғыда Конференцияда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасын талқылау маңызды болып табылады. Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде 2025 жылғы наурыз және мамыр аралығында төрт көмекші органның сегіз отырысы өтеді.Қазақстан ымыраға келу және консенсус рухында елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық делегациялармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға сенеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/959898?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: Алматы қаласында колледж студенттері арасында құқықтық мәдениет нығайтылуда 27.03.2025
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасы қызметкерлері «Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында дәріс өткізді.Кезекті кездесу Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттерімен өтті, онда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, сондай-ақ қоғамдағы адалдық қағидалары түсіндірілді.Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ интерактивті пікірталасқа қатысты.Ерекше назар қазіргі қоғамдағы адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына аударылды.Іс-шараның соңында студенттерге тәулік бойы жұмыс істейтін тегін 1424 колл-орталығының қызметі туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді. #ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/959893?lang=kk
Тарихи-өлкетану мұражайына саяхат 27.03.2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың ең көне мәдени мекемелерінің бірі - Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына  саяхатжасады.Мұражайда қазақ халқының этнографиялық материалдарының бай қоры жинақталған.Бұл ағаш пен теріден жасалған ыдыс-аяқ - торсықтар, қоржындар және басқада тұрмыстық заттар,  сонымен қоса алашадан төсеніштер, түс кілемдер, ұлттық киімдер жинақталған.Зергерлік бұйымдардың  коллекциясы, ортағасырлық монеталар мен күміс тостағандар бар.Келушілердің назарына қазақ мемлекет және саяси қайраткері Абылай ханның киімі, қарулары,орыс және басқа да патшалармен хат алмасудағы құжаттары үлкен  қызыгушылық танытты.Ортағасырлық залда өте қызықты экспонаттар – Алтын Орда қылыштары, садақтары, найза және жебенің ұштары қойылған.Тағы бір ерекше жәдігер Шыңғыс Уәлихановтың ата бабаларынынаң қалған шапаны.Қызметкерлерге мұражайға бару ұмытылмас әсер қалдырды, өйткені оның экспонаттары мен жәдігерлері қазақ халқының ұлттық мәдениетін, этнографиялық құндылықтарын және өзіндік ерекшелігін сипаттайды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/959883?lang=kk
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру туралы 27.03.2025
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫҚұрметті салық төлеушілер!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18 наурызда сағат 17:40-тан бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі штаттық режимде жұмыс жасайтының хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/959856?lang=kk
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің уақытша жұмыс істемеуі туралы 27.03.2025
ПРЕСС-РЕЛИЗҚұрметті салық төлеушілер!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18 наурыз сағат 12:00-ден бастап "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТСН ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық) сәйкес салық төлеушілер қағаз ТСН, ЭШФ ресімдеуге және "ЭШФ"АЖ енгізуге құқылы:-2025 жылғы 19 наурыздан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз жеткізгіште жазылған шот-фактура;2025 жылғы 19 наурыздан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.ЭШФ АЖ-ға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/959848
Салтанатты шеру ұлттық бимен жалғасты 27.03.2025
«Ұлттық киім күніне» орай ұйымдастырылға салтанатты шеру «Қара жорға» ұлттық биімен жалғасты. Көпшілік бірге сап түзеп, ұлттық бидің әуезді қимылдарын жасады. Бұл көрініс қазақ халқының бірлігі мен рухының мықтылығын, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін дәлелдеді.Салтанатты шараның соңында аудандық «Әкелер ансамблі» мен шеруге қатысушылар аудан тұрғындарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959829?lang=kk
Қостанай қаласының ауыз су сапасын бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шаралары. 27.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда "Қостанай Су" МКК Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен кеңес өтті. Қостанай қаласын ауыз сумен жабдықтаудың 2024 жылғы жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Халыққа берілетін судың сапасын, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық-техникалық жай-күйін бақылау Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады. Ұсынылған ақпарат санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша есеп, тіркелген авариялар мен азаматтардың өтініштерін талдау деректері негізінде дайындалды.Сумен жабдықтау объектілерінің жұмысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен реттелген. Оларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі-СҚ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары жатады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/959824?lang=kk
"Ұлттық киім күніне" арналған салтанатты шеру өтті 27.03.2025
Бүгін аудан орталығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің «Ұлттық киім күніне» орай кең көлемді салтанатты шеру ұйымдастырылды. Мерекелік шеруге аудан әкімі Берік Сәрменбаев, ардагерлер, өнерпаздар мен жастар және аудан тұрғындары қатысты. Аудан басшысы жиналған жұртшылықты «Ұлттық киім күнімен» құттықтады.– Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамының аясында атап өтілетін Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи мұрамызды жаңғыртатын ерекше күн. Ұлттық киім – халқымыздың бай мәдениетінің, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының көрінісі. Қазақ шапаны мен камзолы, сәукелесі мен тақиясы – әрқайсысы халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін асыл қазына. Бүгін ауданымызда ұлттық киімнің мәртебесін көтеріп, оның сұлулығы мен маңызын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шеруге жиналып отырмыз. Осы мерекеде ата-бабаларымыздан ұлттық киімімізді насихаттап жүрген барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Шеруге барысында аудан тұрғындары үлкен белсенділік танытты. Олардың қатарында ақсақалдар мен әжелер, жастар мен мектеп оқушылары, өнер ұжымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров жиналған жұртшылыққа батасын беріп, Наурыз мерекесімен құттықтады.Салтанатты шеру Орталық алаңнан бастап ауданның басты көшелерін аралап. Өнерпаздар халық әндері мен күйлерін орындап, қазақ халқының бай мәдениеті дәріптелді. Әрбір қатысушы қазақтың ұлттық киімін киіп, көпшілікке қазақтың ұлттық киімдерінің әсемдігін, алуан түрлілігін көрсетті. Әйелдер ою-өрнекпен көмкерілген кимешек пен сәукеле кисе, ер азаматтар шапан жамылып, белдеріне күміс белбеу тақты. Балалар да ұлттық нақыштағы киімдерімен көзге түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959817?lang=kk
Эфиопия Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады 27.03.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Эфиопия мен Кениядағы (қоса атқарушы) Елшісі, ҚР-ның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопияның дінаралық кеңесінің Бас хатшысы Лике Тигухан Тагай Таделе мырзамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Елші Б.Садықов сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, сондай-ақ 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VIII съезімен таныстырды.Л.Таделе шақыру үшін алғысын білдіріп, съезге қатысатынын растады, Қазақстанның әртүрлі діндер мен мәдениеттер өкілдері арасындағы бейбітшілік, төзімділік және диалог идеяларын ілгерілетудегі күш-жігерін жоғары бағалады.Кездесу соңында Эфиопия тарапы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің табысты өтуіне тілек білдіріп, бұл іс-шара сындарлы диалог және әлемдік дінаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаң болатынын атап өтті.Анықтама: Эфиопия – әлемдегі ең көне елдердің бірі, бай мәдени және діни мұраға ие (христиан діні IV ғасырдан, ислам VII ғасырдан бері ұстанылады). Бүгінде ел халқы 125 миллионнан асады, оның 44%-ы христиандар (негізінен Эфиопия православие шіркеуінің өкілдері), 34%-ы мұсылмандар және 23%-ы евангелистер. Негізгі діни топтарды біріктіру мақсатында 2010 жылы Эфиопияның дінаралық кеңесі (IRCE) құрылды – діни бостандықты, үйлесімділікті және өркендеуді қолдау мақсатында елдің негізгі діни қауымдастықтарын біріктіретін ұйым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/959811?lang=kk
Мәдениет және Ұлттық салт-дәстүр күні аясында фестиваль өтті 27.03.2025
Нағи Ілиясов ауылында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Наурызнама онкүнгінің «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай «Салт-дәстүр – сан ғасырлық мұра» атты ауылдық клуб және мәдениет үйлері арасындағы аудандық фестиваль өтті. Мерекелік шараға Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, ардагер әкелер мен ақ жаулықты аналар және ауыл тұрғындары қатысты. Фестиваль басында аудан басшысы мәдениет үйінің фойесіндегі «Қолөнер – халқымыздың асыл мұрасы» атты қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесімен танысты. Жиналған көпшілікті аудан әкімі мерекемен құттықтады.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі бекітілді. Осы онкүндік тойдың бүгінгі күні ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүріне арналып отыр. Қазақ зиялысы Мұхтар Әуезовтың «Халықтың мәдениеті өскен сайын – оның рухани өмірі де гүлденеді» деген сөзінен өркениеттің бірден-бір бастауы мәдениет екенін түсінеміз. Мәдениет – ұлттың рухани қазынасы, ал салт-дәстүр – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру дағдысы мен ұлы мұрасы. Тарихтың тереңінен тамыр тартқан ұлттық құндылықтарымыз – тіліміз, дініміз, өнеріміз, әдет-ғұрпымыз ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп, бүгінге жетті. Әз-Наурыз – ұлттық мәдениетіміздің айшықты мерекесі. Қазақтың кең дастарханы жайылып, үлкендер бата береді, ұлттық ойындар ойналып, өнер көрсетіледі. Мұның бәрі – дәстүрлеріміздің ұмытылмай, жаңа буынға жетуі үшін жасалған игі қадамдар. Мәдениет және Салт-дәстүр күні – ата-бабамыздан мұра болып қалған рухани құндылықтарды жаңғыртып, ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін ерекше сәт. Қазақ халқының бай дәстүрі, әдет-ғұрпы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып, біздің өміріміздің мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – сол салт-дәстүрлерімізді сақтау, келер ұрпаққа насихаттау және жаңғырту. Бүгінгі мереке баршаңызға құт-береке, ізгілік пен молшылық әкелсін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Фестиваль барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының мәнін ұғындыратын қойылымдар сахналанып, жиналған жұртшылыққа ерекше рухани әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Алтын кереге» тобы «Бесікке салу» рәсімін, «Ақ босаға» тобы «Тұсау кесер» рәсімін, «Шаңырақ» тобы «Қыз ұзату» салтын, «Дәстүр шуағы» тобы «Беташар» салтын және «Қазына» тобы «Селтеткізер» мен «Ұйқыашар» салтын сахналық қойылым арқылы қалың көрерменге жеткізе білді.Мерекелі іс-шара қорытындысында барлық топ аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, «Абзал және К» толық серіктестігінің атынан қаржылай сыйлыққа ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959800?lang=kk
Аудан әкімдігі жанынандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті 27.03.2025
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және барлық ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.Комиссия отырысының күн тәртібінде келесідей мәселелер көтерілді:Бірінші мәселе: «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы» (баяндамашы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Жеңісбек Төралиев).Екінші мәселе: «Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған профилактикалық шаралар туралы» (баяндамашы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып және Сырдария аграрлы-техникалық колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искакова Айсұлу).Димаш Серікбайұлы өз сөзінде мәдениет және білім беру салаларында қызмет атқарып жүрген мамандардың адалдығы мен жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғам арасында өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен мамандарына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959782?lang=kk
ЭЦҚ-ны заңды және жеке тұлғалар есептілікті тапсыру кезінде қалай пайдалана алады? 27.03.2025
Заң талаптарын сақтау және есептілікті тапсыру мен ЭЦҚ-ға қатысты басқа да әрекеттерді кедергісіз орындау мақсатында заңды және жеке тұлғаларға келесі заңды механизмдерді қолдану ұсынылады:– Ресми сенімхат рәсімдеуҚазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға осы заңды тұлғаның қызметкеріне немесе оның тағайындаған тұлғасына (соның ішінде аутсорсингтік ұйымдарға) электрондық құжатқа қол қою құқығын бере алады.Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер қол қою құқығын есепшіге немесе басқа уәкілетті тұлғаға беру үшін нотариалды куәландырылған сенімхат рәсімдей алады. Бұл ретте әрбір тұлға өз атына алынған ЭЦҚ-ны пайдалануы тиіс.Қажет болған жағдайда аталған сенімхаттар тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуге жатады.– Басшының жеке ЭЦҚ-ны пайдалануыБасшыларға есептілікті өз бетінше қол қою ұсынылады, бұл ЭЦҚ-ны пайдалану кезінде жеке жауапкершілік қағидатын сақтауға кепілдік береді.Одан бөлек, жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ЭЦҚ-ның заңсыз қол жеткізілуі мен пайдаланылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.Тиісті шараларды қабылдамаған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең дәрежеде танылады және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және ЭЦҚ туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда бірдей заңдық салдарға әкеледі.Айта кету керек, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру үшін жауапкершілік 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.Қазақстан Республикасының заңнамасына жақында енгізілген өзгерістерге сәйкес, басқа тұлғаның ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер (ЖК) Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қатаң сәйкестікте есептілікті, келісімшарттарды және басқа электрондық құжаттарды рәсімдеу мен қол қоюды, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, кез келген әрекеттерді (авторизация, жеке деректерге қол жеткізу және т.б.) орындауды қамтамасыз етуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/959773?lang=kk