Қоғам
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі2025 жылғы 12 наурызда сағат 11.00-де Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет үйінде (Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29), жеке қабылдауы сағат 12.00-де «Оқушылар сарайы» ғимаратында (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 160-квартал №18А) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 10 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет._____________Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/947330
ТҮРКІСТАН: ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ САЙРАМДА БИОГАЗ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШПАҚ 04.03.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу бағытында инвесторлармен келіссөздер жүргізу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Түркия елінен келген инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асу жайын жан-жақты талқылады.Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілгенін тілге тиек етіп, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Агроөнеркәсіп саласын дамытуда іскерлік байланыс орнатуға дайын екенін айтты.Кездесуде түркиялық инвесторлар агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жобаларын таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Олар мал қалдықтарын қайта өңдеу арқылы электр және жылу энергиясын өндіруді көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, биыл Түркістан облысы, Сайрам ауданынан жасыл технология негізінде биогаз өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 40 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын жылына 75 тонна органоминералды тыңайтқыштар мен 40 млн кВт электр энергиясын өндіру жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылғанда 100-ден аса тұрақты жұмыс орны құрылады.Айта кетейік, биыл Сайрам ауданында жалпы құны 74,3 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/947366
Қаңғыбас иттерден қауіп келмесін десеңіз 04.03.2025
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлытау облысында қаңғыбас иттерді аулау қызметтері жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы бойынша қаңғыбас иттерді аулау және жансыздандыруды ұйымдастыру жұмыстарын - жеке кәсіпкер «Гентвилас» мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде жүзеге асыруда. Аталған жұмыстар тұрғындардың өтініштері, қаңғыбас жануарлардың жаппай жиналуы жағдайында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аулау жұмыстарын жүргізілуде. Аулау қызметінің телефон нөмірі - 87765020306 Константин. Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласы бойынша қаңғыбас иттерді аулау және жансыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылдың қаңтар айында конкурс өтіп, мердігерлер техниқалық ерекшеліктерге сай жұмыс істемеу салдарынан келісімшарт бұзылды. Жаңа конкурс рәсімдері жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/947238
Дохада Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды 04.03.2025
Доха, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Дохаға сапары барысында Қатар Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан Әл-Мурейхимен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, жоғары деңгейде саяси диалогты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.Осы орайда былтыр Доха және Астана қалаларында екі мемлекет басшылары арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған келісімдердің орындалу барысы талқыланды.Сапар аясында қазақстандық делегация Қатар Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Мұхаммед Хасан Әлзақскимен де келіссөздер жүргізді.Сұхбаттастар екі ел басшыларының нұсқауына сәйкес өзара сауда айналымын арттыру және экономикалық серіктестікті нығайту бойынша ортақ іс-қимылды күшейту бағыттары жөнінде пікір алмасты.Биыл Астанада жоғары деңгейдегі бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу және Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырудың маңыздығына назар аударылды.Қатарлық «UCC Holding» компаниясының жобалар жөніндегі атқарушы директоры Мехмед Өзозанмен өткен кездесуде 2024 жылғы 20 наурызда екі ел үкіметтері қол қойған Негізгі салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы келісім аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/947584
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ОНКОЛОГИЯМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТЕРДІ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯМЕН ҚАМТУ 41%-ҒА ДЕЙІН ӨСТІ 04.03.2025
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 2024 жылы еліміздің 5 өңірінде 6 жаңа желілік үдеткішті іске қосты, бұл сәулелік терапиямен қамтуды 3,2%-ға өсумен 41%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, деп атап өтті бүгін ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінде.Ауруларды дәл диагностикалау және обырды емдеудің тиімді әдістерін әзірлеу үшін Алматыда 2 жаңа ПЭТ/КТ орталығын және бір циклотрондық-өндірістік кешенді ашу маңызды қадам болды.Таяу жылдары Қазақстанда Астана, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбеде жаңа ядролық медицина орталықтары, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Ақтөбеде тераностика орталықтары іске қосылады.Сондай-ақ, биылғы жылы Алматыдағы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының ғимаратын салу және циклотрондық-өндірістік кешенмен жарақтандыру көзделген.Бұл шаралар онкологиялық көмекке мұқтаж пациенттерді ПЭТ-диагностикамен, инновациялық емдеу әдістерімен 100% қамтуды қамтамасыз етуге және радионуклидтік терапияның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ауыр диагнозы бар пациенттер шетелге, басқа қалаларға бармай және өз кезегін күтпестен тұрғылықты жерінде емделе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/947350
«АНАЛАР САУЛЫҒЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ФЕРТИЛДІК ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР 12 ЗЕРТТЕП-ҚАРАУДАН ӨТЕ АЛАДЫ - А. ӘЛНАЗАРОВА 04.03.2025
«Әрбір әйел-әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру нәтижелері бойынша 2024 жылы ана өлімінің көрсеткішін 12%-ға төмендетуге қол жеткізілді, деп хабарлады бүгін ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.Ол анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидалдық дайындықтың төмен болуы екенін атап өтті.Министрлік әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлауға өркениетті және ақылға қонымды тәсіл үшін «Аналар саулығы»арнайы бағдарламасын бекітті.Бағдарламаның шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өтеді, патология анықталған кезде оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.«Маңызды бағдарламаның іске асырылуын тиісті бақылауға алуды және ағымдағы жылдың соңына дейін 50%-ға дейін прегравидарлық дайындықпен қамтуды қамтамасыз етуді сұраймын. Атап айтқанда, әйелдердің арасында сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалатын өңірлердегі жұмысты күшейту қажет», - деді ведомство басшысы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына сөйлеген сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/947369
ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРДІҢ ЕРТЕ АНЫҚТАЛУЫ 10%~ҒА ӨСТІ 04.03.2025
Қазақстандағы балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар 2024 жылы нәресте өлімінің көрсеткішін 8,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, ал неонаталдық өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.«Қазақстан орталық Азиядағы реанимация бөлімшесіндегі бір нәрестеге бір мейіргер күтім жасау керек деген маңызды қағиданы неонаталдық көмек стандартына енгізген бірінші және жалғыз ел.», - деді А.Әлназарова.Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде 15 «Бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.Нәтижесінде туа біткен ақаулардың ерте анықталуы 10%-ға өсті. Алғаш рет ұрықтың патологиясын аз инвазивті әдістерді қолдана отырып, жатырішілік емдеу үшін «Феталдық медицина» енгізілді.«Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сәбилердің өмір сүру деңгейін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және ТДК-ден сәбилер өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде бір күндік емханалар құруды аяқтау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңірлік алқа қатысушыларына арнаған сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/947372
Ұйғыр ауданында асыл тұқымды мал басын көбейту жоспарлануда 04.03.2025
Ұйғыр ауданда ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистер «М.Илхам» мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Қазір мұнда 100-ге жуық ірі қара мал басы бар. Мүйізділердің барлығы ангус тұқымды. Жылына 600 бас мал бордақыланып, ет өндіруші компанияға жөнелтіледі. Сонымен қатар шаруашылық басшысы сиырлардың санын көбейту жоспарланып отырғанын айтты. «Шаруашылықтың негізі 2001 жылы қаланған. Кейіннен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан лизингке техника алдық. Қазір 4 жұмысшы, 7 техникамыз бар. Алдағы уақытта аналық малды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін мемлекеттен субсидия алуға мүмкіндік ашылады. Ангус тұқымды малды басқа ауданнан сатып алғанша, осы амалды жүзеге асырсақ деп отырмыз», - дейді Марс Идрисов. Айта кетерлігі, қожалық мал асын да өздері дайындайды. Мұнда өсірілетін дақылдар арасында жоңышқа басты орын алады, жыл сайын оның 200 тоннасы жиналадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/946940
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» 04.03.2025
Кеше, 26 ақпан күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы «15» қаңтар № 7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2-тармағының 2.9) тармақшасы негізінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында Құқық қорғау қызметкерлерін тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес «Есірткіні, психоактивті заттарды қолданудың салдары» тақырыбында семинар өтті.Семинарға арнайы шақыртумен келген Астана қаласының Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау бағытында жүргізіліп жатырған көптеген іс-шаралар мен нашақорлықтың алуан түрлері туралы және олардың адам ағзасына, психикасына, әлеуметтік өміріне тигізетін зиянды әсерлері жөнінде жан-жақты айтып өтті.Сонымен қатар, өткен жылы және жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген есірткі қылмысы, соның ішінде есірткі өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты құқық бұзушылыққа және заңсыз айналымнан қанша есірткі заттары, соның ішінде қанша «синтетика» тәркіленгеніне жалпы есірткі қылмысының ауқымы туралы статистикалық мәліметтер келтірді.Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкері семинар барысында қатысушыларға есірткіні жарнамалайтын яғни синтетикалық есірткілерді сатумен айналысатын парақшалар, граффити суреттері, маркалар, мөрлер, QR кодтар, билбордар үлгілері мен интернет-сайттар жөніндегі видео роллик көрсетіп, оларды анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық рейдтер туралы да айтты.Семинар спикері Ә. Қибатқызы қылмыскерлер есірткіні тасымалдау мен өткізудің және жасырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін ойлап тауып, үлкендермен қатар жас ұрпақтың азғындануына әкеліп соқтыратын ғасыр дертіне қоғам болып қарсы тұруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды жаман әдеттерден сақтауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керектігіне тоқталып, әрбір ата-ананы отбасындағы бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды.Семинарға қатысушыларға Астана қаласы Полиция Депаратментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тақырыпқа байланысты жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы ақпарат беріп, мемлекеттік қызметкерлердің сұрақтарына тұшымды жауап берген семинар спикері полиция подполковнигі Әлия Қибатқызына алғысымызды білдіреміз. Жансая Қаршығақызы МолдағалиеваҚазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/947518
Мендіқара ауданында жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық нысандар ашылды 04.03.2025
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін, инфрақұрылымды және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта Костанай облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін Мендіқара ауданында бірден бірнеше маңызды нысан іске қосылып, құрылыс алаңдары тексерілді.«Шығыс-1» сүт-тауарлы фермасының ашылуыАуданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында «Шығыс-1» сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. Бұл – 1 200 бас сиырға арналған заманауи кешен. Жыл сайын фермада 9,7 мың тонна сүт өндірілетін болады. Қазіргі уақытта мұнда 50 жаңа жұмыс орны құрылды.Жобаның жалпы құны – 6,2 млрд теңге. Өндірілген сүт өңдеуге ТОО «Милх» кәсіпорнына жөнелтіледі. Ферма өз жұмысын кеңейтіп, 2025 жылы екінші сиыр қорасы мен бұзау қорасын салу жоспарланған.Каменскуральское ауылында жаңа ферма құрылысыСонымен қатар, Каменскуральское ауылында 1 200 бас малға арналған жаңа сүт-тауарлы ферманың құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, бұл кәсіпорын жылына 6,7 мың тонна сүт өндіреді.Жобаның құны – 4,3 млрд теңге, ал жаңа өндіріс орны 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын 2025 жылдың желтоқсанында іске қосылады.Айта кету керек, 2028 жылға дейін өңірде 30 жаңа сүт-тауарлы ферма салу жоспарланған, бұл жылына 43 мың тоннаға дейін қосымша сүт өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша, облыстың сүт өнімдеріне деген сұранысын жергілікті өндірушілер толық қамтамасыз ете алады.Степановка ауылында су құбыры іске қосылдыАуылдық инфрақұрылымды дамыту – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Степановка ауылында ұзындығы 38 км болатын жаңа су құбыры іске қосылды.1,9 млрд теңге көлеміндегі инвестицияның арқасында Степановка, Ивановка және Лесное ауылдарының 1,5 мың тұрғыны таза ауыз сумен қамтылды. Су жүйесінің іске қосылуы ауылдық аймақтарда өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына да серпін береді.Харьковское ауылында жаңа хоккей корты ашылдыБалалар мен жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, Харьковское ауылында жаңа хоккей корты ашылды.2 мың шаршы метр аумақта орналасқан бұл нысан «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 253 млн теңге қаржыға салынды. Мұнда 60 бала хоккей және мәнерлеп сырғанаумен айналыса алады. Ал жаз мезгілінде бұл алаң футбол, баскетбол және волейбол ойындарына пайдаланылады.Аймақтың дамуы жалғасудаМендіқара ауданында іске қосылған бұл жобалар – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды қадам. Ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдық инфрақұрылымды жақсарту және бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/946857
Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті 04.03.2025
Алматыға жұмыс сапары барысында Ғани Бейсембаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және үздіксіз педагогикалық білім берудің маңыздылығына басымдық берілді. «Мемлекет педагогикалық мамандықтарға білім беру гранттарының санын арттыруда. Биыл ЖОО-на педагогикалық мамандыққа 48 мың студент оқуға түсті. Орта білім беру ұйымдарында сегіз мыңға жуық жаңа мұғалім қабылданды. Алайда, педагогикалық білім беру сапасын арттыру өзекті мәселе болып қала береді. Сіздердің бүгін ЖОО-да сапалы білім алуыңыз — өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білімнің іргетасы болмақ», — деді Ғани Бейсембаев. Жұмыс сапары барысында министр педагогикалық білім берудің өзекті мәселелеріне арналған «Қазақстан педагогикасы: білім және ғылым сабақтастығы» республикалық ғылыми-практикалық форумына қатысты. Іс-шара аясында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ғани Бейсембаев студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Болашақ педагогтерді ауылдық жерлердегі мұғалімдерді мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мәселелері, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасау, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жалпыұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының ерекшеліктері толғандырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/947287
Бурабай курорты туристерге жаңа Burabay Travel қосымшасы арқылы жақындайды 04.03.2025
Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Бурабай даму» компаниясы «Burabay Travel» мобильді қосымшасын іске қосады. Жаңа цифрлық қызмет Бурабайға сапарларды жоспарлауды оңайлататын болады: ол саяхатшыларға қонақ үйлер, мейрамханалар мен ойын-сауық орындарын табуға көмектеседі, сонымен қатар демалысты ыңғайлы әрі толыққанды етеді.25 ақпанда Бурабай курортының туристік бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Ашық диалог барысында қатысушылар «Burabay Travel» қосымшасының жергілікті туризмді дамытуға мүмкіндіктерін талқылады. Бизнес өкілдері саланың цифрландыруының маңыздылығын атап өтіп, қосымшаны өз қызметтерін насихаттау үшін пайдалануға қызығушылық білдірді.«Burabay Travel» қосымшасы туризм нарығын ашық әрі қолжетімді ететін болады. Туристер қонақ үйлерді брондап, гидтерді табып, экскурсиялар мен іс-шаралардың кестесін нақты уақыт режимінде біле алады, сонымен қатар көрікті жерлер белгіленген картаны пайдалана алады. Жергілікті бизнес үшін бұл өз қызметтерін насихаттап, тұтынушыларды тартудың ыңғайлы құралы болмақ, соның ішінде маусымаралық кезеңде.Қосымшаның мақсатты аудиториясы – жеке саяхатшылар, балаларымен отбасылар, корпоративтік клиенттер және Бурабай курортында демалуды жоспарлап жүрген барлық адам. «Burabay Travel» арқылы олар алдын ала орналасу, ойын-сауық және қызмет түрлерін таңдап, сапарды мүмкіндігінше ыңғайлы етеді.«Burabay Travel арқылы Бурабайда демалысты жоспарлау әлдеқайда оңай болады. Туристер үшін қолайлылық және жергілікті бизнеске қолдау көрсету – курортты дамытуға бағытталған қадам. Жаңартуларды қадағалап, Бурабайды жаңаша ашыңыз!» - дейді «Бурабай даму» ЖШС Цифрландыру бөлімі басшысы Тайжанов Гизат Валиханович.Burabay Travel қосымшасы 2025 жылдың 15 наурызынан бастап барлық танымал мобильді платформаларда (iOS және Android) тегін жүктеп алуға қолжетімді болады. Қазірдің өзінде қызметтің тестілік нұсқасын сынап көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/946542
Биыл Медеу ауданының 25 көшесінің жолдары орташа жөнделетін болады 04.03.2025
Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді.Қала басшысы 2024 жылы ұзындығы 23 км 26 көше орташа жөндеумен қамтылғанын хабарлады. биыл 25 көшеде тағы 23,7 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.Медеу ауданында көше-жол желісінің сапасын арттыру үшін өткен жылы 64 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтірілді, 30 көшеде 14,3 км тротуар және 10 км арық желілері салынды. Ағымдағы жылы 73 мың шаршы метр жол жабынын жөндеуді, 9 көшеде 36 шақырымнан астам жаңа тротуарлар салуды және 18 көшеде 5 шақырымға жуық арық желілерін салуды қоса алғанда, бірқатар қосымша жұмыстарды орындау жоспарлануда.Кездесу барысында Алматы әкімі ауданда қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да хабардар етті. 2024 жылы жылжымалы құрам 300 бірлікке 1569 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 42 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және нығайтуға мүмкіндік берді. 2025 жылғы мамырда жылжымалы құрам 13 маршрутта тағы 44 автобусқа ұлғайтылатын болады.Жалпы Алматыда 2025 жылы қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және дамыту мақсатында қала аудандары бойынша одан әрі бөле отырып, тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947461
Алматының Медеу ауданында салық түсімдері бизнес пен туризмді дамытудың арқасында 18,7% - ға өсті 04.03.2025
Алматыдағы Медеу ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң серпінді көрсетіп отыр. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Қала басшысының айтуынша, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 5,2% - ға артып, 46,2 мыңға жетті. Бөлшек сауда көлемі 5% - ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, ал құрылыс саласы 38,7% - ға өсіп, 101 млрд теңгеге жетті.Туризм саласы да белсенді дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында Медеу ауданына 430 мыңнан астам турист келді, оның ішінде 99 290 шетелдік қонақ. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% - ға көп, шетелдік туристер саны 10% - ға өсті.Бұл көрсеткіштер Медеу ауданында салық түсімдерін 18,7% - ға, 443,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 8 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.Белсенді экономикалық дамудың арқасында аудан бюджеті 2024 жылы 32% - ға ұлғайып, 36,1 млрд теңгеге жетті, ал 2025 жылы тағы 6,4% - ға өсіп, 38,4 млрд теңгені құрады.Қала және аудан әкімдіктері жұмыстарының негізгі бағыттары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны белсенді дамыту болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947495
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттеріне мәскеулік мамандар шеберлік сынып өткізуде 04.03.2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының шығармашылық мектебі өтіп жатыр.Мәскеуден келген қонақтар студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ өнер әлеміне қызығушылық танытатындар үшін де шеберлік сыныптары мен ашық іс-шаралар өткізіп, дәрістер оқыды. Делегация құрамында музыка ғылымы мен орындаушылық өнердің жетекші шеберлері де бар.Дәрістер «Музыкатану және композиция», «Арт-менеджмент», «Арнайы фортепиано», «Вокалдық өнер» және «Дирижерлеу» секілді білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.Шығармашылық мектеп 28 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен залда консерваторияның аралас студенттік хорының қатысуымен өтетін концертпен қорытындыланады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947448
2025 жылғы болжам бойынша АӨК жалпы өнімінің көлемі 9 трлн теңгені құрайтын болады 04.03.2025
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен ҚР АШМ кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ҮЕҰ, бизнес, облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармалары, барлығы 300 адам қатысты. Ведомствоның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.Айдарбек Сапаров 2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылда рекордтық жыл болғанын атап өтті: саланың жалпы өнімінің көлемі 13,7% - ға артып, 8,3 трлн теңгеге жетті. Бұған ықпал еткен негізгі факторлардың бірі-жеңілдетілген несиелердің қолжетімділігін арттыру, оларды беру тетіктерін жеңілдету, шаруалардың заманауи агротехнологияларды белсенді енгізуге, өндірістің тиімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді. "Бұл шара Мемлекет басшысының тікелей субсидиялаудан фермерлерді жеңілдетілген несиелендіруге кезең-кезеңімен көшу туралы тапсырмасын орындаудағы алғашқы қадам болды. Биылғы жылы қарқынын төмендетпеу маңызды. Егіс жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады, жеңілдетілген лизингке қосымша 200 млрд теңге қарастырылады", - деп атап өтті министр. Вице-министр Азат Сұлтанов аграрлық секторды дамыту қорытындылары, Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлер алаңын ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасының машина-трактор паркін жаңарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол НКИ-нің 13,7%-ға өсуі өсімдік шаруашылығындағы жоғары нәтижелер есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Жалпы өнімді ұлғайту бойынша жоспарлы индикаторларды Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары, Абай және Жетісу облыстары орындады. Қалған өңірлер жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізген жоқ. 2024 жылы АӨК субъектілерін ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітілді. Шаруалар 1,3 млн тонна минералды тыңайтқыштар енгізді, бұл 2023 жылғы деңгейден 2 есеге артық, суарудың су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің ауданы 5 есеге ұлғайды. Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі шеңберінде 2024 жылы фермерлер 22,1 мың техника сатып алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 мың бірлікке артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту бойынша Жол картасын іске асыру бойынша бірқатар нақты шаралар қабылданды. Алайда өңірлерде 80%-ға дейінгі көрсеткіштерді орындаумен әлсіз жұмыс байқалады. "Жол картасы-әрбір өңір үшін саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан облыс әкімдерінің барлық орынбасарлары 2025 жылы жеткізілген жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет, бұл бірінші кезекте егіс алқаптарын әртараптандыруға қатысты, көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін барлық кешенді шараларды қабылдауы қажет. Бұл мәселелер ерекше бақылауда", - деп атап өтті министр. Саланы дамытудың 2025 жылға арналған міндеттерінің қатарында - көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу, егіс алқаптарының құрылымын нақты әртараптандыру. Минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 1,9 млн. тоннаға дейін жеткізу, техниканы 6,5% - ға дейін жаңарту жоспарлануда. "Үкімет экономиканың 7%-ға өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет қойды, олардың басым қаржыландыруымен қосылған құны анағұрлым жоғары салаларды дамытуға баса назар аударылды. Азық-түлік өндірісінің өсуі 4,5% деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс. Саладағы еңбек өнімділігін арттыруға, АӨК-дегі қайта өңдеу үлесін 50%-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 9,0 трлн. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар нақты шаралар қабылданатын болады" -деді вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/947121
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМБАҚТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТЫП ЖАТЫР 04.03.2025
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, көктемнің алғашқы күндерінен бастап көгалдандыру жұмыстары басталады. Осы мақсатта Түркістан облысы Табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылықтарында өсірілген көшеттер өңірді көшетпен қамтуда. Облыстағы елді мекендерге арнайы тұқымбақтар бекітілген.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Темірлан абаттандыру» мекемесі Ордабасы ауданына бекітілген «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» тұқымбақтарында өсірілген көшеттерді алып жатыр.Қазіргі таңда «Бадам» орман шаруашылығынан қызыл ағаш – 300, лягустра –4000, боз шырша – 100, форзиция – 500, раушан гүлі – 50, декоративті сәмбі –300 ағаш көшеттері алынып, аудан орталығына отырғызылу және олардың дұрыс өсіп-жетілуі үшін қажетті күтім жасау жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа тұрғындар, еріктілер мен аудан жастары, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысуда.Орман шаруашылығында өсірілген көшеттердің ерекшелігі – олардың жергілікті топырақ пен климаттық жағдайларға толық бейімделген. Соның арқасында бұл жасыл желектердің тіршілікке бейімділігі жоғары, әрі жылдам өсіп, ұзақ жылдар бойы аудан орталығын көгалдандыруға үлес қосады.«Бадам» орман шаруашылығында көшеттерді егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Биыл Сайрам, Ордабасы аудандарына 50 мың көшет босату жоспарлануда. Қазіргі таңда Ордабасы ауданына 12 мың, Сайрам ауданына 10 мың көшет босатылды.Айта кетейік, Ордабасы ауданында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946323
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ» АТТЫ КЕЛЕЛІ БАСҚОСУ ӨТТІ 04.03.2025
Бүгін Қазығұрт ауданында «Дін және қазіргі қоғам» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Шараға ардагерлер кеңесінен бастап, ауыл билері, әжелер, ауыл имамдары, жастармен қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.Кездесудің мақсаты — діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу. Жиын барысында дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.Басқосуда Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов «Жастар арасындағы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда дін мен дәстүрдің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасап, жастардың ұлттық бірегейлігін сақтау, отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданының бас имамы Сертай Әділхан «Құдайы ас мәзіріндегі ысырапшылдық» жайында баяндамасын жасады. Ол діни тұрғыдан ысырапшылдықтың алдын алу және оны болдырмаудың маңыздылығын атап өтіп, ас беру рәсімдерінде қарапайымдылықты ұстануды алға тартты.Кездесу соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов маңызды тақырып аясында пікір білдірді.«Дін мен дәстүр — халқымыздың рухани байлығы, ұлттық бірегейліктің негізі. Бүгінгі кездесу дін мен қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, ысырапшылдықты болдырмау сынды маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қоғамымыздың тұрақтылығына, рухани дамуымызға оң әсерін тигізеді», — деді ол.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946652
ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОР САУРАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ФИЛИАЛЫН АШУҒА НИЕТТІ 04.03.2025
Сауран ауданының әкімі мен Қытайдың «Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd.» компаниясы өкілдерінің арасында маңызды кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компания Сауранда өз филиалын ашуға дайын екенін білдірді.Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd. — 1998 жылдың мамыр айында негізі қаланған жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания ауыл шаруашылығы техникасын зерттеу, жасау, өндіру және сату саласында жетекші орындардың бірін иеленеді. Бүгінде компанияның өнімдері Қытайда ғана емес, халықаралық нарықта да жоғары сұранысқа ие.Компания құрылған күннен бастап ауыл шаруашылығы саласына қажетті заманауи техникалардың кең спектрін шығарып келеді.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылап, компанияның өндірісін орналастыру үшін аудандағы өндірістік аймақтар көрсетілді. Сондай-ақ кәсіпорынға қажетті инфрақұрылым мен жер телімдері бойынша түсініктеме берілді.Сауран ауданы үшін бұл жобаның маңызы зор. Аталған компанияның филиалы ашылған жағдайда, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи техникалардың қолжетімділігі артады. Сонымен қатар бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Келіссөздер сәтті аяқталып, тараптар алдағы уақытта серіктестік орнату бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946691
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 04.03.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық инвесторлармен кездесіп, бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. Облыс орталығында салынатын бес жұлдызды қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы басталу үстінде. Аталған жобалар Түркістан қаласы үшін маңызды. Туризмі өркендеп жыл сайын келушілер саны артып жатқан шаһарға аталған жоба тың серпіліс бермек.Түркістан облысы – ҚХР-мен тиімді және тұрақты ынтымақтастықты дамыту бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізген өңір. Бүгінде екіжақты қатынастар экономика, сауда, білім беру, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларында жүйелі түрде өркендеп, қытайлық инвестициялар мен бірлескен жобалардың жүзеге асуы өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда оң нәтижелер көрсетуде.Атап айтқанда, Вэйнань қаласының инвесторлары Түркістанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда. Осыған орай Қытайда «Вэйнань қаласының Қазақстандағы Инвестициялық Сауда Ассоциациясы» құрылды. Кездесуде пилоттық жоба ретінде бірқатар ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды талқылап, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.«Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында өткен Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесінде қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Атап айтқанда, Түркістан қаласында бес жұлдызды 18 қабатты қонақ үй мен вилла кешені, аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынады. Қуат көзі тапшы Түркістан облысы үшін маңызды баламалы энергия көздерін өндіру бойынша бірқатар ірі жобалар қолға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946702