Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды 15.02.2025
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында «элита» санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936254
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы жүріп жатыр 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы тұрақты түрде жүріп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т.б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам», - деген еді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып саналады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда.Негізгі өзгерістер:2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936288
Қазақстан кәсіпкерлерін Венгриядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз 15.02.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылдың 17-20 наурыз аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) өтетін Сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.Миссияға қатысу үшін 2025 жылдың 25 ақпаны сағат 18:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/tXNAwZ31wJ8e4uYu5. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 778 418 06 61, +7 778 674 88 47.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/936540
Тау-кен өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар: пайдалы қазбалардың жоғалуын азайту мен еңбек жағдайларын жақсарту 15.02.2025
Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының ғалымдары Мәскеу қ. тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық іс-шараға- «Кеншілер апталығы-2025» симпозиумына қатысты.Іс-шара 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және тау-кен кешенінің өзекті мәселелері мен инновацияларын талқылау үшін маңызды алаң болып табылады. Бұл жетекші мамандар мен ғалымдарды тартып, білім алмасу және жаңа технологияларды ілгерілету үшін сарапшыларды біріктіреді.Қазақстандық ғалымдар отандық тау-кен өнеркәсібі үшін өз әзірлемелерімен бөлісті. Олардың ішінде алынуы қиын шоғырларды игеру технологиясы бар. Бұл технологияны қолдану массивтегі пайдалы қазбалардың жоғалуын азайтуды қамтамасыз етеді. Ғалымдар мұны Жезқазған кен орнының мысалында көрсетті.Карьерлердегі техникалық-технологиялық аудит әдістемесі ұсынылған. Осы әдістеменің көмегімен мамандар жылына 1 млрд теңгеден астам экономикалық нәтиже ала отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізудің неғұрлым тиімді әдісін таба алады.Карьерлердің геотехнологиялық кешендері жұмысының барлық кезеңдерін оңтайландыру үшін басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа әдістемесі ұсынылды.Жерасты шахталарын желдетуді басқарудың инновациялық автоматтандырылған жүйесі шынайы қызығушылық тудырды. Мұндай жүйелер қанағаттанарлық еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажет және жұмысшылардың қауіпсіздігін едәуір арттырады. Ғалымдар жасанды интеллектті қолданатын өзіндік өндіріс пен бағдарламалық қамтамасыз ету экономикалық орындылыққа қол жеткізуге және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/936437
Заңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді? 15.02.2025
2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Бұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады.Осы мәселелерді шешу мақсатында жаңа ережелер енгізіліп, мобильді құрылғылар нарығының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.Негізгі жаңашылдық – мобильді құрылғыларды верификациялау процедурасыЖаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе келесі параметрлерді тексереді:Құрылғының IMEI-кодының түпнұсқалығыIMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауыҚұрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгеніЕскерту: Өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Қандай тізімдер пайда болады?Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш санатқа бөлінеді:Ақ тізім – сәтті верификациядан өткен құрылғылар, олар ешқандай шектеусіз тіркеледі.Сұр тізім – уақытша рұқсат етілген құрылғылар. Олардың иелері 30 күн ішінде құрылғының заңды түрде әкелінгенін растауы тиіс.Қара тізім – заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар. Олар бұғатталады.Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?Қазақстанда бұраннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді. Қосымша әрекет қажет емес.Жаңа құрылғыларды сатып алушылар 2025 жылдың 24 наурызынан кейін құрылғы сатып алмас бұрын, IMEI-кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады. Қазіргі уақытта сайт жаңа ережелерге сәйкес жаңартылуда.«Сұр тізімдегі» құрылғы иелері құрылғыны 30 күн бойы қолдана алады. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы құрылғыны верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет.Шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек.Егер пайдаланушы 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады.Бұл шаралар тұтынушыларға заңды әрі сапалы құрылғыларды сатып алуына сенімділік береді. Бизнеске әділ бәсекелестік үшін ашық жағдай жасалады, ал мемлекет импортты қатаң бақылап, заңсыз телефондар санын азайтып, алаяқтық деңгейін төмендетеді.Қашан күшіне енеді?Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң – 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.Азаматтарға уайымдауға ешқандай негіз жоқ – ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет емес. Министрлік жаңа ережелерді енгізу бойынша ақпараттық жұмыстарды одан әрі жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/936455
Ақтөбе облысында оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды 15.02.2025
Елімізде биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеде қала мен облыс мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Қадам Life» жаңа жобасы басталды.Жобаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтармен таныстыру, практикалық дағдыларын дамыту және мамандық таңдауда дұрыс шешім табуға көмектесу.Жоба бойынша колледж оқытушылары мектептерде түрлі мамандықтар бойынша көрсету сабақтарын өткізеді. Оқушылар колледждерде қолданылатын жабдықтар және оқу материалдарымен танысып, сондай-ақ түрлі салалардың тәжірибелі мамандары өткізетін шеберлік кластастар және кездесулерге қатыса алады.Бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізіледі. Бұл ұйымдастырушыларға оқушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, сабақтардың мазмұнын олардың сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.Ақтөбе облысы Білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, «Қадам Life» жобасы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, практикалық дағдыларды игеруге және мектептер мен колледждер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Жоба 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 250 мектеп пен 10 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Сонымен қатар, облыстың шалғайдағы ауылдарында да кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.Бүгін қаламыздағы Жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушылары №39 мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын өткізді. Колледж негізінен техникалық мамандықтарды оқытуға басымдық береді, сондықтан оқушыларға түрлі техникалық құрал-жабдықтардың қолдану процесі көрсетілді. Оқушылар өздері қызықтыратын сауалдарға жауап алып, оқуға қабылдану жағдайлары туралы сұрап білді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936405
Шаңғы жарысы: ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді 15.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды.Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты.Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында. Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді.Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы бағана эстафетада күміске қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936249
Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты 15.02.2025
2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936344
Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуды жалғастыруда 15.02.2025
Астана, 2025 жылғы 12 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, экономикалық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.Тараптар достық пен өзара құрмет рухында стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара бейілділігін атап өтті.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2023-2024 жылдары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған өзара мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың практикалық іске асырылу барысын егжей-тегжейлі қарастырды.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Қазақстан көптеген жылдар бойы Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді. Қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы өзара сауда көлемі 7,4%-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларды құрады. Тараптар тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі мемлекет басшылары қойған мақсатқа қол жеткізу үшін келісілген шаралар қабылдауға келісті.Ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігі аталып өтті, оның үлесі екі елдің жалпы тауар айналымының 40%-дан астамын құрайды. Қазақстан дәстүрлі өнімдер – бидай, ұн және кондитерлік өнімдердің экспортын өзара тиімді түрде арттыруға дайын. Үшінші елдерге одан әрі экспорттау үшін жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру да перспективалы бағыт екені айтылды.«Тәжікстан – еліміз үшін Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесіміз және нағыз сенімді одақтас. Өткен жылы биік деңгейде қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы шарт тарихи қадам екені сөзсіз», – деп мәлімдеді М.Нутрлеу.Өз кезегінде тәжік министрі елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың осындай жоғары деңгейіне мемлекет басшылары арасындағы сенімді әрі достық диалогтың арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. «Біз Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және сауда-экономикалық трекке үлкен мән береміз, оны практикалық мазмұнмен толтыру қажет», – деді С.Мухриддин.Сондай-ақ ғарыштық және IT-технологияларды игеру, жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды. Атап айтқанда, екі елдің мамандары Тәжікстан серверлерінде «Интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы» және «SmartBridge» жүйелерінің негізгі компоненттерін сәтті орналастырды. Осы бастамаларды іске асыру үшін қазіргі уақытта 100-ден астам тәжік мамандары «Astana-Hub-та» тегін оқудан өтіп жатыр.Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі аталып өтті. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес соңғы екі жылда Қазақстан мен Тәжікстанның ауқымды мәдениет күндері өтті, олар екі мемлекеттің қоғамдық топтары арасында оң пікірлер тапты. Душанбеде Абайдың бюсті, сондай-ақ Астанада ибн Сина мен Рудаки ескерткіштері орнатылды. Жоғары білім беру саласында бірлескен жобалар табысты іске асырылуда. Атап айтқанда, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуымен М.Осими атындағы Тәжік техникалық университетінде бірлескен ақпараттық технологиялар факультеті тиімді жұмыс істеуде.Кездесу барысында министрлер өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз ынтымақтасуға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.СІМ басшылары өңірлік кооперацияны одан әрі дамытудың, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқарудың қоры, АӨСШК, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық алаңдардың шеңберінде өзара ықпалдасудың маңыздылығын атап өтті.Ресми сапар барысында Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Мухриддин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында да болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/936453
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы: қосу ережелері және қолдану әдістері 15.02.2025
Бүгінгі таңда Қазақстандағы құрылыс сапасының нормативтік базасы құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) және ГОСТ болып табылады. Бұған дейін материалдық ресурстар мен инженерлік жабдықтар бойынша құрылыс жобаларына бағалар, коммерциялық ұсыныстар ішінара қойылды, олардың бағасы әрдайым нарыққа сәйкес келмеді. Бұл бірнеше рет құрылыстың қымбаттауына әкелді. Осы проблеманы болдырмау, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеу және мемлекеттік инвестициялар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) есебінен қаржыландырылатын прайс-парақтарды қолдануды барынша азайту мақсатында көзделетін объектілерді салу үшін жобалық шешімдер қабылдау кезінде (жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың ерекшеліктерін қалыптастыру кезінде) сәулет қала құрылысы және құрылыс каталогына (АГСК-3) сәйкес «Құрылыс конструкцияларының, бұйымдары мен құрылыс материалдарының тізбесі» материалдық ресурстар мен инженерлік жабдықтардың номенклатурасын пайдалану қажет. Мәселен, 2022 жылғы шілдеде ҚР ҚН 1.02.03-2022 «Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» нормативтік техникалық құжаты күшіне енді, онда прайс-парақтар арқылы құрылыс материалдарының сметалық бағаларын көтеруге жол бермеуді көздейтін ЖСҚ-да прайс-парақтарды қолдануды болдырмау туралы норма көрсетілген. АГСК-3-те сметалық-нормативтік базада жоқ қажетті материалдық ресурстарды, жабдықты, жиһаз бен мүкәммалды және тиісті баға және техникалық ақпаратты (техникалық сипаттамаларын егжей-тегжейлі сипаттайтын каталогтарды, сәйкестік сертификаттарын, тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды (СТ KZ), сынақ хаттамаларын) ұсына отырып, анықтамалықты қосу ұсынылатынын атап өткен жөн.Ресурстардың сметалық құны сметалық бағалар жинағымен анықталатынын білу маңызды. Егер жинақтарда қажетті атаудың сметалық құны болмаса, онда оның құнын Тапсырыс берушінің бекітілген шешімдеріне сәйкес осындай ресурстардың сметалық бағалары бойынша, яғни жобада қабылданған техникалық параметрлер мен сипаттамаларды ескере отырып, ресурстардың бағалары туралы ақпаратты пайдалана отырып, ең төмен баға бойынша айқындау қажет. Егер прайс-парақтар немесе коммерциялық ұсыныстар бойынша жекелеген ресурстар мен жабдықтардың бағасы анықтамалыққа қарағанда төмен болған жағдайда, тапсырыс беруші қаржы қаражатын тиімді пайдалану мақсатында ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесінде құрылыстың сметалық құнын қайта есептей отырып, анықтамалыққа енгізілген материалдардың бағаларын қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы. Сметалық құнды қайта есептеу жобаны әзірлеген жобалау ұйымы Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. ҚР ҚН 5.13-тармағының талаптары тек материалдық ресурстар мен инженерлік жабдыққа ғана белгіленген. Бүгінгі таңда прайс-парақтар мен коммерциялық ұсыныстарды қолдану тек технологиялық жабдыққа қолданылады. Сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде АГСК-3-ті қолдану сметалық құжаттаманы тексерудің автоматтандырылған тәсілін енгізу кезеңдерінің бірі екенін айта кеткен жөн. Құрылыс саласын цифрландыру шеңберінде барлық жергілікті сметаларды жобаларды сараптау кезінде автоматты тексерумен бір цифрлық сметаға біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл бастаманы іске асыру 2025 жылы жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/936150
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ақмола облысында болды 15.02.2025
ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласының өрт сөндіру бөлімдеріне барды. Сапар аясында ол материалдық-техникалық базаның жай-күйімен, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметінің жағдайымен танысты. Өрт сөндіру бөлімдерін техникамен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, 2-МӨСБ-де оған КАМАЗ шассиіне орнатылған бірегей ПНС-500 агрегаты көрсетілді. Бұл әдіс өрт пен су тасқыны жағдайында тиімді жұмыс істеуге арналған, секундына 500 литрге дейін су айдауды қамтамасыз етеді. Рамиль Камалов бұл қадамды жоғары бағалап, мұндай жабдық басқа бөлімшелер үшін үлгі бола алатынын атап өтті. Сапар барысында Камалов №1 және №10 өрт сөндіру бөлімдеріне барып, жеке құрамның техникалық жарақтандырылуымен және еңбек жағдайларымен танысты. Департаментте қызметкерлер үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға көп көңіл бөлінетінін атап өту маңызды, бұл туралы Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов айтып берді. Ол сондай-ақ жұмыс тиімділігін арттыру үшін қызметтерді орналастыруды оңтайландыру жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Комитет төрағасы Жоспарлау және жедел басқару орталығына және ТЖ департаментіне барып, алдағы жұмыс бағыттары мен өңірдегі жедел өзара іс-қимыл мен құтқарушылар қызметін жақсарту мүмкіндіктерін талқылады. Рамиль Камалов материалдық-техникалық базаны жетілдіру және қызметкерлер үшін жағдайды жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/936250
Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды 15.02.2025
Қазақстан ТЖМ тұрақты негізде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс жыл бойы жүргізілуде, ал жылыту маусымы кезінде бұл жұмыстың векторы тұрғын үй секторына бағытталады. Жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігіне тексерілген және тұрақты аулаларды аралау барысында қайта қаралатын халықтың әлеуметтік осал топтарының 100 мыңнан астам үйі ерекше бақылауда. Анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкессіздіктер міндетті түрде тұрғындарға жеткізіледі. Тексеру барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар пеш жабдықтары мен электр желілері мен аспаптарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу болып табылады: пештер мен мұржалардағы жарықшақтар, пеш алдындағы металл қабаттың болмауы, жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлгіштердің болмауы, электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі, электр сымдардың оқшаулауының бұзылуы және т.б. Бұл бұзушылықтарды жою көбінесе үлкен шығындарды қажет етпейді. Жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 32 мыңнан астам иісті газ, табиғи газ және түтін датчигі орнатылды (2024 жылғы маусымнан бастап). Барлық жерде өткізілетін іс-шараларға қарамастан, қаңтар айында елде 760 өрт тіркелді, оның 580-і пештер мен электр жүйелерін орнату және пайдалану кезінде талаптардың бұзылуына байланысты болды. ТЖМ әркім өз үйін қауіпсіз ете алатынын еске салады! Ол үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:- тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларың пайдаланыңыз;- пештердің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;- мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;- пеш пен электр құрылғыларының ақаулықтарын үнемі тексеріп отырыңыз;- балаларға пешті жағуға тапсырмаңыз;- сіріңке мен тұтандырғыштарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/936355
Алтынемел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті 15.02.2025
Жыл сайынғы қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» РМҚК, Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар мекен ететіні анықталды. Ал, Алтынемелдегі құландар саны 3,6 басты құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта жіберуге мүмкіндік береді.Мәселен, былтыр 87 бас жануар "Алтын дала", "Іле-Балқаш" резерваттарына және "Созақ" орманшылығына аттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты-еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу.Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайты Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/936184
ШҚО-да тыл еңбеккерін 100 жас мерейтойымен құттықтады 15.02.2025
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов тыл еңбеккері Анна Васильевна Андрееваны 100 жас мерейтойымен құттықтады.  Қала басшысы мерейтой иесіне еліміздің дамуы мен тарихи негізін нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді. Анна Васильевна 1925 жылдың 10 ақпанында Алтай өлкесінің Чадырка ауылында дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Жаңасібір облысының Поспелиха ауылында өтті. Еңбек жолын 17 жасында бастап, трактор зауытында күзетші болып жұмыс істеген.   Оның ғұмыры еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Жұбайы Екінші дүниежүзілік соғыста майданға аттанып, аман-есен оралған. Алайда 1992 жылы өмірден өтті. 1960 жылдан бастап отбасы Серебрянск қаласында тұрды. Еден жуушы болып жұмыс істеп, үш баланы тәрбиелеп өсірді. 1973 жылдың 15 маусымында «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» атағы берілді.  Анна Васильевна 1998 жылдан бері Өскеменде тұрады. Бүгінде балалары мен немерелеріне тағылымды тәрбие беріп отыр.  ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936196
Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады 15.02.2025
«Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936202
Алтай ауданында инвестициялық штаб құрылды 15.02.2025
Аудан әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша кеңес өткізді.Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу және тұрақтандыру үшін бірқатар шара жүзеге асырылатынын мәлімдеді.Атап айтқанда, ауылдық округтерден тікелей картоп жеткізілімін ұйымдастыру қолға алынбақ. Әр апта сайын төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ Алтай қаласында әлеуметтік дүкендер ашылған.Депутаттар тауарлар құнын сақтау үшін фискалдық және құқық қорғау органдарын тарту арқылы мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері белгілі болды.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936206
Жеке тәжірибемен бөлісу маңызды 15.02.2025
А.ж. 10 ақпанында террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі-ТТО) объектілерді терроризмге қарсы қорғауды (бұдан әрі-ТҚҚ) зерттеу кезінде алынған тәжірибені талқылау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының жұмыс топтарының онлайн-кеңесі өткізілді.Іс-шара барысында:- орталық мемлекеттік органдар деңгейінде бекітілген ТТО объектілерді ТҚҚ бейінді нұсқаулықтарының негізгі айырмашылықтарының сипаттамалары;- құлақтандыру, бейнебақылау, сигнализация, кіруді бақылау және басқару жүйелеріне, терроризмге қарсы қорғау паспортына, ТТО объектілерін инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды қаржыландыруды жоспарлауға қойылатын талаптар;- қолдан жасалған және штаттық жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- ТТО объектілердің басшылығы жүргізетін персоналмен теориялық және практикалық сабақтарды тексеру бойынша пратикалық ұсынымдар;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін ТТО объектілерді тізбеден алып тастау жөніндегі ұсыныстарды негіздей отырып, талдамалық анықтама жасау тәртібі туралы ақпарат берілді.Кеңеске қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936211
Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері 15.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті.Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936052
Ақтөбе облысында 160 мың га пайдаланылмаған жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда 15.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде суармалы жерлерді ұтымды пайдалану және ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселелері қаралды.Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Ержанов айтып өткендей, биыл мемлекет меншігіне 160 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 219,063 мың га жер қайтарылды. Мұның есебінен облыстағы жайылымдық жерлердің көлемін кеңейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта мал басының көбеюіне байланысты елдімекен жерлерінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 97,0 мың га құрайды.Сондай-ақ, 100 метрлік шекара белдеуінде орналасқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қолға алынған. Әйтеке би, Қобда, Хромтау және басқа да бірқатар ауданда учаскелерді ерікті түрде беру үшін шаруашылық құрылымдарымен келіссөздер жүргізілуде.Айта кету керек, жер учаскелері конкурс арқылы беріледі. Мысалы, 2024 жылы мемлекеттік сатып алулар арқылы жалпы ауданы 467,7 мың га құрайтын 376 учаске, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен коммерциялық мақсаттарға арналған учаскелер берілді. Бюджетке 161,1 млн теңге түсті.Бұдан өзге, өңірде 125 қалпына келтіру жобасы аясында 3 млн 903,1 га жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл Мәртөк және Қобда аудандарында 7 мың гектар жерге геоботаникалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.Асхат Шахаров аудандар мен облыс орталығының әкімдері суармалы жерлердің ұтымды пайдаланылуына жауапты екенін атап өтті.«Жер мәселесі өте маңызды және жауапты. Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жер учаскелерін алу процесі нақты рәсіммен реттелетінін нақты түсінуі тиіс. Біз жерді мақсатсыз бере алмаймыз, ол үшін конкурстар мен аукциондар бар. Аудан әкімдері жергілікті жерлерде осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек, яғни тұрғындар қайда және қандай конкурстар өткізілетіні, сондай-ақ жер учаскелерін бөлу қалай жүргізілетіні туралы хабардар болуы қажет. Біз үшін ең алдымен көкөністерді, жем-шөптерді өсіру және мал шаруашылығына жайылымды қамтамасыз ету үшін жерді тиімді пайдалануға назар аудару маңызды. Сонымен қатар, жерді қалпына келтіру және оны мемлекеттік қорға қайтару жұмыстарын жалғастыру қажет. Жер бар, алайда біздің міндетіміз – оны барлық көзделген нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып, мақсаты бойынша пайдалану», - деп атап өтті әкім жиын барысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936098
Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылау үшін жұмыс топтарын аймақтарға жібереді 15.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде. Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/935853