Қоғам
Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, бассейн және ипподром: Бұқар жырау ауданында спортты дамыту үшін не жасалуда? 14.02.2025
Алдағы жылдары Бұқар жырау ауданында хоккей корттары, баскетбол және волейбол алаңдары, бассейн мен ипподром ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Құсайын Ғ. Мұстафин ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевпен және жергілікті спортшылармен кездесу барысында айтты.Мұндай кешен өткен жылы Қарақұдықта да ашылды, ал Үміткер және Үштөбе ауылдарында көп функционалды хоккей корттары орнатылды. Төрткөл мен Қушоқыда шағын футбол алаңдары пайда болды, ал Центральный ауылында спорт залы жөнделді.Төрт жыл бойы ауданда спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 31 жоба жүзеге асырылуда. Алты елді мекенде көпфункционалды хоккей корты, бесеуінде баскетбол және волейбол алаңдары, төртеуінде шағын футбол алаңдары орнатылады. Аудан орталығында 25 метрлік жүзу бассейні мен 250 орындық ипподром салынады.Ерлан Құсайын атап өткендей, жабық спорт ғимараттарының жетіспеушілігі проблемалық мәселе болып қалуда.– Бұл мәселені шешу үшін Баймырза және Доскей ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы жоспарланған. 2026 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қушоқыда 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасады. Сондай-ақ, Ботақарада орталық стадионды қайта жөндеу көзделген, – деп хабарлады аудан әкімі.Ерекше мұқтаждығы бар тұрғындар да назардан тыс қалмайды. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 30 адам бочче және жеңіл атлетикамен шұғылдана алады.Әзірге спорттық инфрақұрылымы жеткіліксіз елді мекендерде «Арлан» аудандық спорт клубы базасында ұйымдастырылған аула клубтары тұрақты спортпен айналысуға балама болады. Қарақұдық, Доскей, Қушоқы, Центральный, Самарқан, Петровка, Көкпекті, Қызылжар және Баймырза ауылдарында жаңа клубтар ашылады.Кездесу барысында Серік Сәпиев спорт инфрақұрылымының даму қарқынын атап өтіп, аудан әкімі Ерлан Құсайынға Алғыс хат табыстады. Облыстық және республикалық қоян-қолтық ұрыс жарыстарының бірнеше мәрте жеңімпаздары – армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, Қызылқайың ауылынан Жасұлан Нұрболат және Үштөбе ауылынан Уәлихан Мақұлбаев; дзюдо және самбо бойынша облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, жауынгерлік самбо бойынша 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тәңірберген Тергеубеков; қазақ күресінен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Шешенқара ауылынан Ернат Болысхан 500 мың теңгеге атаулы ойылған медальдар мен сертификаттар алды.Сонымен қатар, «Арлан» спорт клубына миллион теңгенің сертификаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935233
«Музыка баршаға»: қарағандылықтар фортепиано концертіне шақырылады 14.02.2025
Қарағандыда Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрмен бірге белгілі пианист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Құрамбаева өнер көрсетеді. Музыка әуесқойлары 14 ақпанда сағат 18:30-да «Шалқыма» концерт залына шақырылады.Дирижерлік пультпен – маэстро Айдар Торыбаев.Бағдарламада – № 23 фортепиано мен оркестрге арналған концерт және Вольфганг Амадей Моцарттың № 40 симфониясы.Концерт «Баршаға арналған музыка» жобасы аясында өтеді. Кіру тегін.Мәдениет үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Гүлнар Құрамбаева – біздің жерлесіміз, ол музыкалық мансабын Қарағандыда бастаған. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқуын жалғастырды. Пианист белгілі музыка педагогы Жәния Әубәкірованың мектебінен өтті. Өзі де талантты музыканттардың тұтас бір тобын дайындады. Бүгінде Қазақстанда және одан тыс жерлерде белсенді концерттік қызмет атқаруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935234
Жеке рекордтар мен командалық жеңістер: Теміртауда екі облыстық қысқы спартакиада өтті 14.02.2025
Облыстың түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы Теміртауда өткен қалалар арасында «Ақ қыс – 2025» және ауылдық аудандар арасында «Қарлы қыс –2025» дәстүрлі қысқы спартакиадаларына жиналды. Түрлі жастағы және мамандықтағы адамдар спорттың төрт түрінен жарысты: Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей.Барлық турлардың қорытындысы бойынша командаларға орындар берілді. Өңір қалаларының ішінде ең көп ұпайға қарағандылық команда ие болды. Екінші орында теміртаулық спортшылар. Шахтинск қола медальға ие болды.Саран тұрғыны Мұрат Дәулетпай жеке рекорд орнатты. Шаңғы жарысында ол бірінші болып мәреге жетті.«Қарлы қыс – 2025» спартакиадасында Абай ауданының қатысушылары үздік өнер көрсетті. Екінші орын Нұра ауданының құрамасына бұйырды. Үшінші орында – Осакаров спортшылары.Хоккейден Нұра ауданының командасы жақсы нәтиже көрсетті. Бұл спорт түрінен ол үздік атанды.– Соңғы жылдары біздің ауданда екі жабық хоккей корты салынды. Олардың бірі Шахтерское ауылында, екіншісі Нұра ауылында. Олар қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жетіспейтін жалғыз нәрсе - балалар секциясын ашу үшін хоккейден балалар жаттықтырушысы. Бірақ біз жас маманмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ол бізге «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша келуге дайын. Жаттықтырушы бізге келеді деп үміттенеміз. Мамандарды тарта отырып, біз спортшыларымызды тек спорт үшін қалаларға көшіп кетпей, ауылда қалуға ынталандыра аламыз, – деп есептейді Нұра ауданының БЖСМ басшысы Игорь Пронин.«Ақ қыс – 2025» және «Қарлы қыс – 2025» спартакиадалары жыл сайын өткізіледі және Қарағанды облысындағы ең маңызды қысқы спорттық шаралардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935309
Қарағандыдағы хакатон: Ғылым мен өнеркәсіп өндіріс міндеттерін шешу үшін бірікті 14.02.2025
Қарағандыда ғалымдар мен өнеркәсіп өкілдері мыс өндіру мен байытудың өзекті мәселелерін шешуде. Ә. Сағынов атындағы техникалық университет базасында хакатон – ғылыми-технологиялық сессия өтуде. Мысты жерасты және жерүсті шаймалау перспективалары, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және оларды өндіріске енгізу басты назарда.150-ден астам ғалымдар, инженерлер мен өнеркәсіп өкілдері «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған хакатонға жиналды. Онда ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылының жаңа форматы пысықталады.– Бүгінгідей мыс көлемін өндіруді жалғастыру үшін бізге жаңа технологиялар мен әдістер қажет, ал ол үшін ғылым мен өнеркәсіптің тығыз ынтымақтастығы қажет, – деп атап өтті «Қазақмыс» корпорациясының тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов.Хакатон иелері, Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары экологиялық қауіпсіз шаймалау әдісін ұсынды.– Біз күкірт қышқылы қолданылатын дәстүрлі әдістерге экологиялық қауіпсіз балама ретінде сілтілеудің микротолқынды әдісін ұсынамыз. Микротолқынды реактор қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға, сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Алтынарай Тәкібаева.Алдыңғы хакатонда техникалық университет мыс кендерінен алтын өндіру жобасымен табысқа жеткен болатын.Satbayev University командасы зертханалық жағдайда да, қолданыстағы полигонда да сыналған руданың әрбір түрін сілтілеу бойынша сегіз жоба ұсынды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев перспективалы жобаларға пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау арқылы қолдау көрсетілетінін атап өтті.Қазақстанда ғылымды қаржыландыру моделі өзгеруде. Енді зерттеулер өнеркәсіптің нақты қажеттіліктеріне бағдарланған, ал қаржыландыру өндірістік міндеттерге байланыстырылған.– Ғалымдар кәсіпорындармен бірлесіп нақты өндірістің нақты проблемаларын анықтайды және оларды шешу жолдарын іздейді, – деп атап өтті ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Қарағандыда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы әңгімеледі. – Осылайша, техникалық университет базасында таяу арада Ұлыбританияның жетекші тау-кен мектебінің филиалы іске қосылады. ЖОО Эксетер университетінің (The University of Exeter) жанында жұмыс істейді. Лондонда алдын ала келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ индустриялық университет базасында МИСиС Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің (Мәскеу болат және қорытпалар институты) филиалын ашу жоспарланып отыр. Ал медицина университетінің базасында – Қазан мемлекеттік медицина университетінің филиалы ашылмақ. Бұл облыстың зияткерлік, зерттеу және академиялық әлеуетін арттыруға айтарлықтай көмек болады.Хакатонның нәтижелері бойынша Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында одан әрі енгізу үшін қолдау алатын үздік әзірлемелер анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935367
Теміртауда автобус паркі жаңартылуда 14.02.2025
Биыл Теміртау қоғамдық көлік паркі 60 жаңа Yutong автобусымен толығады. Оларды Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы QazTechna сарандық өндірушіден сатып алады.Қазірдің өзінде ECOBUS QK тасымалдаушысы әлеуметтік маңызы бар қалалық маршруттарға 20 жаңа автобус шығарды. Қазір олардың алтауында электронды жүйе жабдықтары орнатылуда.Барлық жаңа автобустар пандустармен жабдықталған, бұл қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған салонға кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді.Автобус паркін жаңарту қала тұрғындарына көліктік қызмет көрсету сапасын жақсартады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935425
Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылуда 14.02.2025
Қарағанды облысында өткен жылы 1318 мүгедек жан жұмысқа орналастырылды. Өз бизнесін ашуға ниет білдіргендерге де көмек көрсетілді: 63 грант берілді, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына. Биыл барлық мемлекеттік қолдау шаралары мен өңірлік бағдарламаларды пайдалана отырып, алға жылжу көзделіп отыр.Кәсіпорындар үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын ұлғайту, жаңа арнайы жұмыс орындарын ашу, сұранысқа ие мамандықтарға оқытуды жалғастыру – өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев осындай міндеттерді алға қойды.Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңесте талқыланды.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсем Жүніспекова мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырудың барлық мүмкін жолдары туралы айтып берді. Ол «Күміс жас» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары бойынша өңірдің мансап орталықтарында ізденушілердің қандай жұмыс тапқанына нақты мысалдар келтірді.Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының 62 жастағы тұрғыны шаруа қожалығына инженер-механизатор лауазымына орналастырылды. Нұра ауданы Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны дәнекерлеуші болып жұмысқа орналасты. Саранда кәсіпорындарда жұмыс қолы қажет: ізденушілердің бірі қазір автомеханик, екіншісі металл конструкцияларын монтаждаушы болып жұмыс істейді.Жұмысқа қабылдауда мүгедектік тобы да, жасы да кедергі болған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бірқатар жобалар бойынша жұмыс берушіге қызметкердің жалақысының бір бөлігін өтейді.Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар үшін 13 арнайы жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлер есту қабілеті бұзылған және нашар көретін адамдарды жұмысқа алды. Ал мемлекет жұмыс орындарын жайластыруға және жалақыға субсидия берді.Облыста мүгедектігі бар адамдар мен олардың қамқоршыларын IT-мамандықтарға оқыту бойынша арнайы жоба жұмыс істейді. Тегін курстардан 110 адам өтуде. Кейбіреулерінде жұмысқа орналасу перспективасы бар: қазір олар бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөніндегі компанияларда тәжірибеде.Бұдан басқа, жаңа мамандықты Jumys Tap әлеуметтік жобасы бойынша, ал кәсіпкерлік негіздері бойынша – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қысқа мерзімді курстарда тегін оқытуға болады.Биыл облыста зейнеткерлерді жұмысқа орналастыру үшін «Алтын жас» жобасы іске қосылды. Оны мүгедектігі бар адамдар да пайдалана алады.Бос орындар жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, онда ниет білдіргендерге лайықты жұмыс ұсынылады. Ten Qogam орталықтары ашылды, оның бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру.– Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесі – біздің облыстағы әлеуметтік саясаттың басымдықтарының бірі. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс істеуге ниет білдіргендерге көмектесу қажет, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Қарағанды облысында 55 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың жартысына жуығы еңбекке жарамды жастағы адамдар. 11 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935429
Қарағандылық Владислав Киреев Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды 14.02.2025
Қарағандылық Владислав Киреев Қытайдың Харбин қаласында өткен Азия ойындарында биатлоннан чемпион атанды. Спортшыны жаттықтыратын – Раис Хайрутдинов.Қазақстанның ерлер биатлон құрамасы 10 км қашықтыққа спринт жарысында екі медаль жеңіп алды. Күміс медаль Вадим Куралеске бұйырды, ол осы маусымда алғаш рет ұлттық құраманың негізгі мүшесі ретінде жарысқа шықты.Үшінші орынды Қытайдан келген Гу Цан жеңіп алды.Қазақстандық Асет Дүйсенов пен Александр Мухин алтыншы және жетінші орындарды иеленді.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаФото: Нұрғали ЖұмағазыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935503
Сарандықтар қала әкімінің қабылдауына QR-код бойынша жазыла алады 14.02.2025
Саранның ірі кәсіпорындарында QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылды, бұл код арқылы қала әкімі Дарын Бұлқайырдың жеке қабылдауына жазылуға болады. Сондай-ақ, жұмысшылар қала басшысына онлайн режимінде хабарласуы үшін компьютерлер мен веб-камералары бар аймақтар жабдықталады.– Мұның бәрі әкімнің бастамасымен жасалып, оның жеке бақылауындағы тапсырмасы. Жоба іске қосылуға дайын, – дейді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжанов.Қазір QR-кодтары бар тақтайшалар Саранның 20 ірі кәсіпорнының үй-жайларында орнатылған. Олардың қатарында QazTechna автобус зауыты мен Silk Road Electronics тұрмыстық техника өндірушісі бар. Кодтарды сканерлей отырып, қала әкіміне офлайн және онлайн қабылдауға жазылуға болады.Қала әкiмiмен белгiленген кесте бойынша - айына екi рет, жұма сайын көзбе-көз сөйлесуге болады. Неғұрлым шұғыл мәселелерді шешу үшін онлайн қабылдау ыңғайлы болады. Мұндай кездесулердің кестесі өзгермелі: оларды әкімнің бос уақыты болғанда тағайындайды.Саран Қарағанды облысындағы әкімнің жеке қабылдауына осындай жазылу жүйесін іске қосқан жалғыз қала. Мұндай бастамалар азаматтардың әкімшілікпен өзара іс-қимылы процесін жеңілдетуге бағытталған, бұл өз кезегінде мәселелерді тез әрі тиімді шешуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935566
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан қола медаль алды 14.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде Қазақстан құрамасы қола медаль алды.Команда сапында Ардана Маханова мен Аяна Жолдас сынға түсті.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935246
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама алтын медаль жеңіп алды 14.02.2025
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті.Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.Еске сала кетейік, осыған дейін ақ Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль алмаған. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935296
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы 14.02.2025
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935420
Вадим Куралес - биатлоннан Азия ойындарының күміс жүлдегері 14.02.2025
Бүгін Харбинде ерлер арасында биатлоннан 10 шақырымдық спринт аяқталды, онда қазақстандық биатлоншы Вадим Қуралес күміс медаль жеңіп алды. Вадимның уақыт көрсеткіші - 30:13,1.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935424
Туризм және спорт министрі мен ҰОК басшысы фристайл-акробатикадан тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады 14.02.2025
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде ерлер құрамасы Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы фристайл-акробатика тарихындағы алғашқы алтыны. Сондай-ақ жерлестеріміз Азия рекордын жаңартты.«Ел қоржынына екінші алтын медаль түсті. Фристайл-акробатикадан отандастарымыз Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ерлер арасындағы синхронды секіруде сынға түскен жерлестеріміз екінші мүмкіндіктерінде бар шеберліктерін паш етіп, азулы Қытай құрамасының алтыннан үмітті екі құрамын да басып озды. Жігіттеріміз жәй озып қана қоймай, 97,92 ұпаймен Азия рекордын орнатты. Осылайша жігіттеріміз ел қоржынына екінші алтын медальді салып отыр.Бұл медальдің еліміз үшін маңызы зор. Өйткені бұл қысқы Азия ойындары тарихында отандастарымызфристайл-акробатикадан жеңіп алған тұңғыш алтын медаль. Осы жеңіске орасан зор үлес қосқан жаттықтырушылар мен команданың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен үздіксіз дайындықтарының арқасында біз осындай үлкен жетістікке қол жеткізіп отырмыз. Ел мәртебесін асқақтатқан осы жеңісімізбен чемпиондарымызды және барша спорт жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймын! Өзге де спортшыларымызға сәттілік тілеймін! Алға, Қазақстан!», - деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935476
Туризм және спорт министрі биатлоннан алтын және күміс медаль жеңіп алған спортшыларды құттықтады 14.02.2025
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы бәсекеде Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.«Фристайл-акробатикадағы жігіттердің алтынынан кейін іле-шала биатлон спортындағы саңлақтарымыз ел қоржынына бір алтын, бір күміс жүлде салды. 10 шақырымға спринтерлік жарыста Владислав Киреев мәре сызығын бірінші кесіп, қуаныш үстіне қуаныш сыйлады. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Вадим Куралес те екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Владислав пен Вадимді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Олар ел сенімін ақтап, барша спорт жанкүйерін жарқын жеңістерімен қуантты.Жігіттеріміз бұл жүлдемен шектеліп қалмайды деп сенемін. Бірер күннен соң олар командалық сында жарыс жолына шығып, бізді тағы да жоғары марапаттармен қуантады деп үміттенеміз. Бүгінгі қос алтын мен бір күміс құтты болсын, Қазақ елі!», - деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935484
Аягөзде жедел басқару орталығы ашылды 14.02.2025
Абай облысының Аягөз ауданында жедел басқару орталығы ашылды.Аягөз қаласында заманауи жедел басқару орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына Абай облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ернар Базаров жетекшілік етті. Салтанатты шараның құрметті қонағы – Аягөз ауданының әкімі Данияр Шакарымов азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.Қазіргі таңда қала көшелері мен қоғамдық орындарға 120 бейнебақылау камерасы орнатылып, олар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бұл жүйе кез келген оқыс оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында 10 стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғы іске қосылды. Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін заманауи Ekin Patrol G2 мобильді кешендері қолданысқа енгізілуде. Бұл инновациялық құрылғылар нақты уақыт режимінде заң бұзушылықтарды анықтап, жол қозғалысы жағдайын талдау мүмкіндігіне ие.– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жыл "Профилактика жылы" деп жарияланды. Аягөз қаласында жедел басқару орталығының ашылуы – қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу жолындағы маңызды қадам. Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету, – деп атап өтті Ернар Базаров.Жаңа жедел басқару орталығы – қаланың қауіпсіздік жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңі. Бұл бастама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті күшейтуге және тұрғындардың қауіпсіздігін жаңа технологиялар арқылы қамтамасыз етуге бағытталған. Енді Аягөз халқы бейбіт өмір сүріп, өздерін сенімді сезіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/935597
2024 жылы 9 мыңға жуық адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды 14.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша ерікті қоныс аудару аясында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 8 950 адам, оның ішінде 3 000 қандас және 5 950 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына – 3 422 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 2 547 адам, Қостанай облысына – 1 020 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 781 адам, Ақмола облысына – 537 адам, Абай облысына – 530 адам, Ұлытау облысына – 70 адам, Қарағанды облысына – 43 адам қоныс аударды.Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Моңғолиядан – 1 072 адам, Өзбекстаннан – 908 адам, ҚХР – 762 адам, Ресейден – 164 адам, басқа елдерден – 94 адам келген.Келушілер қатарынан еңбекке қабілетті жастағы 4 279 адамның (қоныс аударушылар мен қандастар) 2 721-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 207 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда, бизнес ашу үшін 25 адам грант алды.Қоныс аударушылар мен қандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салаларыға жұмысқа орналасты. Қоныс аударған кейіпкерлеріміздің бірі – Сүлейменовтер отбасы, олар қоныс аударғаннан кейінгі өмірлеріндегі оң өзгерістерімен бөлісті.«2023 жылы облыстық қоныс аудару квотасына енгізілгеннен кейін олар Маңғыстау облысынан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына қоныс аударған. Отбасының әрбір мүшесіне қоныс аударуға 1 690 500 теңге көлемінде материалдық көмек түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, сонымен қатар экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алдық. Біз көшуге шешім қабылдағанымызға және қоныс аударушыларға жұмыс іздеуге көмектесетін, алғашқы материалдық көмек көрсететін мемлекет тарапынан осындай бағдарлама бар екеніне өте қуаныштымыз», – деді отағасы Жанболат Сүлейменов.Жанболат Ақтау қаласының №1 кәсіптік лицейін «Есептеу техникасына қызмет көрсету жөніндегі техник оператор» мамандығы бойынша бітірген, жұбайы Жадырдың «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.Тайынша ауданының мансап орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. Жанболат «Көкше Техстрой» ЖШС-де жұмыс істейді. Жұбайы «Қарлығаш» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасты.Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:- отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;- отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;- экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935152
САЯСАТ НҰРБЕК: ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯЛАР – ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ 14.02.2025
САЯСАТ НҰРБЕК: ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯЛАР – ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫӘбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «Заманауи сілтілеу әдістері және оларды Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде қолдану перспективалары» атты ғылыми-технологиялық сессия басталды. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылып, гидрометаллургия саласындағы озық технологияларды талқылауға жетекші ғалымдарды, сарапшыларды және өнеркәсіп өкілдерін жинады.Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, қазақстандық және шетелдік мамандардың баяндамалары, сондай-ақ инновациялық шешімдерді іздеуге бағытталған пікірталастар ұйымдастырылды. Сессия барысында мыс кендерін жерасты және жерүсті сілтілеу тәсілдерінің келешегі, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері және оларды өндіріске енгізу жолдары қарастырылды. Ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығына ерекше көңіл бөлінді.Сессия жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Министр ғылыми-технологиялық сессиялар ғылым мен өнеркәсіптің өзара әрекеттесуінің жаңа форматы екенін атап өтті.– Бүгін Қарағандыда өте маңызды оқиға, ірі кәсіпорындармен серіктестікте өткізетін сегізінші ғылыми-технологиялық сессия өтуде. Бізде ғылымды қаржыландыру және жалпы Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясатын іске асыру моделі толығымен өзгеруде. Енді біздің ғалымдар, ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының өкілдері ірі кәсіпорынға барады. Басты мақсат – өндірістің нақты проблемаларын анықтау. Бұл сессиялар не үшін маңызды, біз ғылым мен өнеркәсіптің өзара әрекеттесуінің жаңа форматын бастадық. Өндіріс, ірі корпорациялар Қазақстандағы ғылымның тиімділігіне сенді. Бізде жақсы мысалдар бар. Біздің мақсатымыз – нақты ірі өндірістік компанияларды жаңа технологиялық деңгейге шығару, олардың ғылым мен өндіріс саласындағы экономикаға қосқан үлесін арттыру, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.Хакатон аясында өндірістік процестерге енгізілген ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.Екі күн ішінде қатысушылар өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынып, заманауи технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісіп, қолданбалы зерттеулерге негізделген шешімдер әзірлейді.Ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысында хакатон бағыттары бойынша прототиптер мен жобалық шешімдер таныстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/935411
Қазақстан колледждері атом энергетикасы, дрон құрастыру бойынша мамандар даярлай бастайды- Ғани Бейсембаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің басталуы туралы 14.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Салтанатты шараға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ ірі компаниялардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, колледж студенттері, сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Фестиваль қонақтарын қарсы ала отырып, Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды. Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, ал болашақта олардың санын 4 мыңға дейін арттыру жоспарлануда. «Жұмысшы мамандықтар жылында іске асырылатын негізгі іс-шаралардың бірі еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру болмақ. Негізгі мақсат - олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Атом энергетикасы бойынша мамандарды даярлауда Венгрияның тәжірибесін енгізу, сондай-ақ Қытайдың IT, дрон құрастыру және машина жасау саласындағы тәжірибесін қолдану жоспарлануда», - деді Ғани Бейсембаев. Сонымен қатар Астанада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау және дамыту мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады. Мұндай орталық Қытайда, Оңтүстік Кореяда және БАӘ-де табысты жұмыс істеуде. Ал осы күзде Ақтауда TurkicSkills - түркітілдес елдер арасында I-ші кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Айта кетейік, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — Жұмысшы мамандықтарының жылын ресми түрде ашатын алғашқы іс-шара. Бұл болашақ мамандардың, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы үшін құрылған алаң. Фестивальдің бірегей форматы қонақтарға әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерімен танысуға және интерактивті алаңдар мен мамандандырылған жабдықтардың көмегімен экономиканың түрлі саласында өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.«Жұмысшы мамандықтары қаласында» сегіз тақырыптық көше ашылды: тау-кен ісі және металлургия, машина жасау және көлік, энергетиктер мен мұнайшылар, ауылшаруашлығы, су шаруашылығы мамандары, құрылысшылар, сондай-ақ құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина көшелері, сондай-ақ болашақ мамандықтарына арналған көшелер де бар. Сонымен қатар кәсіби дамудың түрлі салалары мен бағыттарын көрсететін 40 креативті үй ұсынылған. Бірнеше күн ішінде қала аумағында түрлі семинарлар мен мастер-класстар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, оған өнеркәсіп және құрылыс, көлік, энергетика, ауылшаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау министрліктері, сондай-ақ Ұлттық компаниялар мен еліміздің кәсіпорындары қолдау көрсетті. Анықтама: Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 556 мың студент оқиды. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 2 жыл ішінде колледж студенттерінің стипендиясы екі есе өсті. 2025 жылы студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 153 мыңды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Мемлекеттік тапсырыстың 70% - ы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және т. б. қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/935482
Маңғыстау облысында су жаңа 20 заманауи жолаушылар автобусы ел игілігіне берілді 14.02.2025
Бүгін, 11 ақпанда алғаш рет «Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау» бағытына және Маңғыстау ауданындағы ауылдарды аудан орталығы – Шетпе ауылымен байланыстыратын жаңа, заманауи және комфортабелді автобустар жүре бастады. Алғашқы рейс таңғы 09:00-де Ақтаудан жолға шықты.Жаңа бағыттардың ашылу рәсіміне аймақ басшысы арнайы қатысып, 20 автобустың кілтін табыстады. Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша автобус паркі 90%-ға, ал Ақтау қаласында 100%-ға жаңарған.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруды басты назарда ұстайды. Соның бірі – қоғамдық көлікпен қамту мәселесі. Бұл бағдарлама Маңғыстау облысында 2020 жылы басталып, бүгін нәтижесін беріп отыр. Өңір тұрғындары Жаңаөзен қаласына және ауданішілік бағыттарда кең әрі жайлы туристік автобустармен қатынай алады. Жол ақысы қолжетімді, қызмет сапасы жоғары автобустар халық игілігі үшін жасалды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.«Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау» бағытында «Yutong» маркалы, 51 орындық, үлкен класты автобустар жолаушыларға барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген. Автобустарда санитарлық торап (дәретхана), желдеткіш және жолаушылардың жол бойы жайлы уақыт өткізуі үшін теледидар қарастырылған.12 ақпаннан бастап 6 автобус күн сайын таңғы 07:00-де Ақтау қаласынан – 31 шағынаудандағы «Сары базар» жанындағы автотұрақтан, ал Жаңаөзен қаласынан – «Жібек жолы» базары аумағындағы «Өзен» сауда үйінің алдынан жолға шығады. Жол жүру ақысы ересектер үшін – 750 теңге, 7-18 жас аралығындағы балалар үшін – 375 теңге.Ал Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылын ауылдармен байланыстыратын жолаушылар тасымалы үшін «Yutong» маркалы, 24 орындық, кіші класты жайлы автобустар бөлінді.Енді тұрғындар Шетпе ауылішілік бағытында және Шетпе-Қызан-Ақшымырау, Шетпе-Тұщықұдық-Шебір, Шетпе-Онды, Шетпе-Ұштаған, Шетпе-Шайыр, Шетпе-Жармыш, Шетпе-Сайөтес, Шетпе-Тұщыбек-Жыңғылды бағыттары бойынша қатынай алады. Жолаушыларға барлығы 14 автобус қызмет көрсетеді.Айта кетейік, жаңа автобустар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен алынды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/935521
Шығыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл 14.02.2025
2025 жылғы 7 ақпанда ШҚО әкімі аппаратында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілдері мен жобалау кеңсесінің басшысы Шолпан Жумадилованың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараның мақсаты — есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау және нашақорлықтың алдын алудың тиімді әдістемесін әзірлеу тәсілдерін талқылау.Кеңес барысында өңірдегі есірткі қауіпінің ағымдағы ахуалының негізгі аспектілері және күрестің тиімді алгоритмін әзірлеу үшін ықтимал бағыттар қаралды.Талқылау қорытындысы бойынша жобалық басқару шеңберінде нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы мәселені қарау ұсынылды. Жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бекiткен критерилер негiзiнде Жобалар картасын әзiрлеу, оның орындалуына жауапты адамдарды айқындау, бағалау параметрлерi мен есептiлiк нысандарын дайындау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935535