Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығулары өткізілді 14.02.2025
Үкімет пен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді жүзеге асыру аясында, АШМ ВБжҚК 2025 жылға ветеринариялық қызметтің симуляциялық оқу-жаттығуларының жоспарын әзірледі.Осы жоспарға сәйкес, 18 аса қауіпті ауырулар ошақтарына қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығулар жыл бойы жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның 16 облысындағы ветеринарлық бақылау бекеттерінде импорт, экспорт және транзит рәсімдерін жүргізу кезінде ветеринарлық бақылау бойынша симуляциялық оқу-жаттығулар жоспарланған.Осыған байланысты Түркістан облысында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығулары өткізілді, оған 70 ветеринариялық қызметкер қатысып, 14-тен астам арнайы көлік бірлігі пайдаланылды. Оқу-жаттығулар барысында қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимыл, диагностика, ақпараттандыру, локализациялау, жою және инфекциялық аурудың алдын алу мәселелері пысықталды. Сондай-ақ, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындығы тексерілді.Оқу-жаттығуларға қатысушылар қолайсыз пункттің шекарасын белгілеуді, ауру ошағында жою іс-шараларын жүргізуді, тәуекел аймағында алдын алу іс-шараларын іске асыруды қоса алғанда, дала жұмысының дағдыларын көрсетті.Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсыныстарына сәйкес сібір жарасы ошағы пайда болған жағдайда ветеринарлық қызметтің жедел әрекет етуге дайындығы расталды.Осындай оқу-жаттығулар Қазақстанның барлық өңірінде өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935415
2025 жылы жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрайды 14.02.2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп алдағы егіс науқанына қызу дайындалуда. Биыл ауыл шаруашылығы жалпы өнімін  екі есеге арттыру мақсатындағы Жол картасына сай, егіс алқаптарын әртараптандыру жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.«Ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 млн гектар жерге орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Әртараптандыру бағдарламасы шамамен 1 млн гектарды қамтиды, соның ішінде жоғары рентабельді дақылдардың алқабы 750 мың гектарға ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар 365 мың гектарға, жем-шөп дақылдары 184 мың гектарға, арпа 114 мың гектарға, қарақұмық 41,5 мың гектарға, картоп 15 мың гектарға көбейтіледі», – деді министр.Тұрақты жем-шөп базасын қамтамасыз ету мақсатында жем-шөп дақылдарының алқабын 3,4 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Майлы дақылдардың көлемі 3,3 млн гектарға дейін ұлғайтылады. Жоспарланған алқаптар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935419
1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егісті ерте қаржыландыруға өтінім берді 14.02.2025
Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.Алдағы ауылшаруашылық маусымына дайындық аясында 2024 жылдың қарашасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру басталды.«Несиелеу арналары кеңейтілді: алғаш рет егіс несиесін ӘКК арқылы алуға болады. 1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден егіс науқанын қаржыландыруға өтінімдер пулы 205,1 млрд теңгені құрады. 914 АШТӨ 126,3 млрд теңгеге қаржыландырылды», - деді министр.Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров 2025 жылы жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлу жоспарланғанын айтты. Қаржыландыру ағымдағы айда басталады.Облыс әкімдіктеріне қар ұстау және ылғалды жабу жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуді, агротехникалық іс-шараларды уақтылы сақтауды және т.б. мәселелер тапсырылды.Көктемгі науқанды өткізу мәселесі ерекше бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935422
Егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді 14.02.2025
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің жедел ақпараты бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы шамамен 75% құрайтынын атап өтті. Көктемгі егіс жұмыстарының басында бұл көрсеткіш 100% жетеді.Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне техниканы жөндеу жұмыстарын күшейту және машина-трактор шеберханаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2024 жылы фермерлер 22 мың заманауи техника сатып алғаны атап өтілді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 5,5% құрады.«Бұл көктемгі егіс және егін жинау кезеңіндегі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді. Ағымдағы жылы біздің алдымызда осы көрсеткішті 6,5%-ға жеткізу міндеті тұр, бұл, әрине, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді», - деді министр. Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 140 мың трактор, 5,5 мыңға жуық өнімділігі жоғары егіс кешендері, 76,4 мың сепкіш және 220 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Техниканың бұл саны фермерлерге барлық жұмыстарды оңтайлы мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді.Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл 2024 жылғы деңгейден 6,5% - ға артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935442
2025 жылғы өнім үшін 2,3 млн тонна тұқым дайындалды 14.02.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылғы өнім үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2,3 млн тонна тұқым қажет, бүгінде бұл көлем толық қамтамасыз етілді. Алдын ала жүргізілген сараптама нәтижесінде 1,6 млн тонна тұқымның сапасы тексерілді. Тұқымды жаппай тексеру наурыз айының соңына дейін аяқталады.«Өткен жылы алғаш рет отандық тыңайтқыш өндірушілеріне аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл механизм тыңайтқыштарды шаруалар үшін қолжетімді етті: нәтижесінде оларды енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-дан асып, алдыңғы жылдары 21%-дан аспаған көрсеткіштен едәуір жоғары болды», – деді Айдарбек Сапаров.2025 жылы тыңайтқыш енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны немесе ғылыми негізделген қажеттіліктің 59%-ын құрайды. Қазіргі уақытта тыңайтқыш өндірушілер мен жеткізушілер келісімшарт жасасу және қоймаларда қор қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/935470
Ақтөбеде жастарға арналған шығармашылық орталық салу жоспарлануда 14.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі креативті индустрияны дамыту мәселесі қаралды.Өңір басшысы жастардың өз тарапынан шығармашылық жолын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Ол дизайн, сән, музыка, сәулет және басқа да салаларда жаңа өнімдер жасау мен қызметтер көрсету арқылы табыс таба алатын заманауи бағыттарды дамыту қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, Асхат Шахаров білім беру, мәдениет және стартаптарға мемлекеттік инвестициялар арқылы шығармашылық адамдарды қолдау маңызды екенін атады.Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың айтуынша, облыс креативті индустрияны белсенді дамытуда. 2023 жылы С.Жиенбаев атындағы кітапхана базасында шығармашылық орталығы ашылды, онда коммюнити спейс, IT-кабинеттер, дыбыс жазу студиялары және фото-аймақ бар. Бұл жастарға өз таланттарын тегін дамытуға және жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастардың сұранысы бойынша С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Makerspace» орталығы құрылды, онда жасөспірімдер робототехника мен технологияны меңгере алады.Сонымен қатар, басқарма басшысы заңнамаға сәйкес креативті қызметтерді монетизациялау мүмкін болмай тұрғандығын атап, бұл осы бағытты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін шектейтіндігіне тоқталды. Бұл мәселе «Атамекен» ӨКП-да өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен қаралды және қазіргі уақытта осы мәселені шешудің мүмкін жолдарын іздеу жұмыстары жүргізілуде.«Әр ауданда шығармашылық идеяларды енгізу үшін платформалар құру қажет. Жобалар нәтиже беруі керек және жастардың оларды өз бетінше ұсынуы маңызды. Жобаларды әзірлеп, өз идеяларымен бөлісу үшін жетістікке жеткен ақтөбелік әншілерді, блогерлерді, әртістерді, журналистерді тартуға болады. Креативті индустрия жобалары сұранысқа ие және өңірді дамытуға бағытталуы тиіс», - деп толықтырды әкім.Айта кетейік, Ақтөбеде өңір басшысының тапсырмасымен жергілікті тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қолдауға бағытталған жастарға арналған креативті орталық салу жоспарлануда. Орталықта контент жасауға арналған студиялар, шығармашылық кабинеттер және пікір алмасу аймақтары сияқты шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған әртүрлі кеңістіктер болады деп күтілуде. Сондай-ақ, жоба аясында ғимараттың басқа қанатында облыстық планетарий салу жоспары бар. Қазіргі уақытта жобаны демеушілердің жеке қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесі шешілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/935301
Қазақстан GPAI-ға қосылуға қызығушылық білдірді 14.02.2025
Франция астанасында жасанды интеллект саласындағы іс-қимылға арналған әлемдік саммит – Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестіктің (GPAI) елдері арасындағы министрлік кездесуі өтуде. Іс-шараға Франция Президенті Эммануэль Макрон, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корман қатысты. Франция Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Қазақстан делегациясын цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев басқарды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының GPAI-ға – жасанды интеллект технологияларын дамыту және жауапты қолдануға бағытталған халықаралық бастамаға қосылуға ниетті екенін айтты. Іс-шараға 44 ел қатысты. Олардың ішінде Камбоджа, Мальта, Румыния, Хорватия, Руанда, Марокко және Қазақстан GPAI-ға мүше болуға қызығушылықтарын білдірді. Жақында серіктестік қатысушылары олардың өтінімдерін қарау процесін мақұлдаған еді. Бұл мәлімдеме жасанды интеллекттің жаһандық басқару аясында кең ауқымды және әртүрлі қатысуға жол ашады. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі цифрлық трансформация нәтижелері мен жасанды интеллектті дамыту жоспарларымен бөлісіп, Alem.AI орталығының тұжырымдамасы туралы айтты. «Қазақстан жасанды интеллекттің болашағымызды қалыптастырудағы маңызды рөлін мойындайды және бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде GPAI-ды жоғары бағалайды. Біз үкіметтер мен сарапшыларды біріктіре отырып, GPAI-дың жасанды интеллектке байланысты мүмкіндіктер мен сынақтарға жауап беру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз және оның жасанды интеллект саласындағы білім мен тәжірибені бүкіл әлемге тарату миссиясын толықтай құптаймыз. Қазақстанда біз ұлттық жасанды интеллект экожүйемізді белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз Alem.AI – жасанды интеллект саласындағы инновацияларды қолдау, стартаптардың дамуын жеделдету және ғылыми зерттеулерді ынталандыруға арналған Халықаралық орталық құрып жатырмыз. Жылына 200 мың азаматты мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейін базалық және ілгері деңгейдегі жасанды интеллект дағдыларына оқытатын кешенді білім беру бағдарламалары арқылы адами капиталды дамытуға міндеттенеміз», – деді Жаслан Мәдиев. Іс-шара сондай-ақ ЭЫДҰ-ның жасанды интеллектке қатысты ұсынымдарын іске асыруды ілгерілету бойынша GPAI жұмысына арналған талқылау алаңы болды. Талқылау барысында жасанды интеллект саласындағы алшақтықты жою, ИИ-дің еңбек нарығы мен қоршаған ортаға әсерін түсіну және бағалау, тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау арқылы инновацияларды ынталандыру, сондай-ақ деректерге қол жеткізу мен оларды жауапкершілікпен алмасуды жақсарту мәселелері қозғалды. Толығырақ: https://www.diplomatie.gouv.fr/fr/politique-etrangere-de-la-france/diplomatie-numerique/actualites-et-evenements/article/sommet-mondial-pour-l-action-sur-l-ia-reunion-ministerielle-des-pays-membres-du   ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Анықтама: Жасанды интеллект жөніндегі жаһандық әріптестік (GPAI) – адам құқықтарын және қатысушы елдердің ортақ демократиялық құндылықтарын сақтау арқылы жасанды интеллектті жауапты әзірлеу мен қолдануға басшылық етуге арналған халықаралық бастама. Бұл әріптестік алғаш рет 2018 жылы G7-нің 44-ші саммитінде Канада мен Франция тарапынан ұсынылып, 2020 жылдың маусымында ресми түрде жарияланды. GPAI-дың ұйымдастырушысы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ). GPAI теория мен практиканың арасындағы алшақтықты қысқартуға тырысып, жасанды интеллект саясатына тікелей қатысы бар салалардағы зерттеулер мен қолданбалы қызметті қолдайды. Ол өнеркәсіп, азаматтық қоғам, үкіметтер және ғылыми қауымдастық өкілдерін жасанды интеллекттің ұсыныстары мен қиындықтары бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін біріктіреді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/935277
Ангелина Лукас кәсіби мансабында 13-ші мәрте жеңіске жетті 14.02.2025
Әскер боксшысы Ангелина Лукас халықаралық аренада өз шеберлігін дәлелдеуді жалғастыруда. Стамбулда өткен кезекті жекпе-жекте ол венесуэлалық Джоанна Суньиганы ұтты. Бұл жекпе-жекте төрешілер қазақстандық спортшыны бірауыздан басым түсті деді.– 8 раундқа созылған жекпе-жекті жеңіспен аяқтадым. Осындай тәжірибе мен рингке қайта шығу мүмкіндігі үшін ризамын. Қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға рахмет! Әрбір жекпе-жек менің спорттағы өмірімнің бір бөлігі, мені алға ұмтылуға итермелейді, – деді Ангелина Лукас. Соңғы екі аптаға жуық уақытта бұл оның екінші сәтті өнер көрсетуі. Бұған дейін, 31 қаңтарда Мәскеуде өткен «IBA чемпиондар түні» турнирінде Ангелина Лукас нигериялық спортшы Айисат Орийомимен жұдырықтасып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/935195
2024 жылы 51 мыңнан астам жамбылдық тұрақты жұмыспен қамтылды 14.02.2025
Жамбыл облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларының арқасында кәсіпкерлікті және оқыту бағдарламаларын дамыту, мемлекеттік гранттар беру есебінен жұмыс орындарының саны артуда.2024 жылы әлеуметтік саланы дамытуға 42,4 млрд теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық.Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті асыра орындалды. Жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау есебінен 13,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (жоспар – 11 мың).Өңірлік жұмыспен қамту картасы азаматтарды жұмысқа орналастыруды жоспарлауға және еңбек нарығының қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы карта шеңберінде 70,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде - 51,3 мың тұрақты жұмыс орны.Жыл қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспары да асыра орындалды.2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 62,7 мың жамбылдық (жоспар – 55,6 мың) қамтылды. Атап айтқанда, олар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, өтеусіз гранттар алды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,8 мың адамға кеміді.Өңірде 2025 жылы 65,6 мың жұмыс орнын құру күтілуде, оның ішінде 48,2 мың тұрақты жұмыс орны.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/935216
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 11 ақпан 14.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935218
Алматы комьюнити-орталықтары Отбасы банкпен бірлесіп, жастарға арналған қаржылық кеңес беру бағдарламасын іске қосты 14.02.2025
Алматы қаласындағы комьюнити-орталықтары Отбасы банкпен бірлесіп, жастарға арналған жеке қаржылық кеңес беру бағдарламасын бастады. Бұл бастама жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, өз қаражатын тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.Бағдарлама аясында қатысушылар қаржы саласындағы өзекті ақпараттарды алып, жеке бюджет жүргізудің негізгі қағидаларын меңгереді. Сарапшылар кірістер мен шығыстарды дұрыс басқару жолдарын түсіндіріп, жинақ жасау, несие алу, инвестиция салу туралы маңызды кеңестер береді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық тұрақтылықты қалыптастыруға арналған практикалық ұсыныстар ала алады.Кеңес алуға комьюнити орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес келуге болады. Кеңес беру күнін білу үшін өзіңізге ыңғайлы комьюнити орталыққа барып, толық ақпарат алуға болады.Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ақпараты бойынша, бұл жоба жастардың қаржылық сауатын арттырып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуіне мүмкіндік беруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/934654
Алматы метрополитені қос функциялы жаңа қоршауларды сынақтан өткізуде 14.02.2025
«Райымбек батыр» станциясында метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылды. Олар екі негізгі қызмет атқарады: жолаушылар үшін қорғаныс құралы болып табылады және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексерілуде. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады. Сонымен қатар, метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олардың алынатынын атап өтті.«Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруге әрдайым ұмтылады. Бұл шешім автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі уақытша шара болып табылады. Барлық жұмыстар кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, бюджет қаражатын тартпай жүргізілуде», – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.Айта кетейік, уақытша қоршаулар вагондар арасындағы кеңістікті жабуға арналған және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім болып табылады. Автоматтандырылған платформалық есіктерді (screen doors) орнату процесі көп уақытты қажет етеді, өйткені жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қоршаулар орнатылуда.«Алматы метрополитені» КМКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/934686
Алматыда үш күн ішінде 211 заңсыз сауда орны алынып тасталды 14.02.2025
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік қордың жерінде орналасқан рұқсатсыз салынған сауда орындары мен стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) бұзу жұмыстары басталды.Бұл шараның мақсаты – ретсіз саудамен күрес және қала кеңістігіндегі қауіпсіздікті арттыру.Үш күн ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия 211 заңсыз сауда орнын (102 дүңгіршек және 109 күш өлшегіш) бұзып, 270 кәсіпкерге ескерту хат берілді.Айта кету керек, қызмет түріне қарамастан, барлық заңсыз сауда нысандары бұзылуда. Әсіресе, көше тағамдарын сататын орындарға ерекше назар аударылуда. Мұндай бірнеше нысан, атап айтқанда, Абай даңғылындағы мемлекеттік цирк маңында сүрілді. Аталған сауда орындары инженерлік желілерге, электр энергиясына қосылмаған, көріктендіру ережелерін бұзады. Қала тұрғындары мұндай жерлерде тамақ сатып алу денсаулыққа қауіпті екенін айтуда.«Заңсыз дүңгіршектер көбінесе арықтардың үстіне қойылады, санитарлық норма сақталмаған, дәретхана жоқ. Олар мектептердің, балалар жүретін орындардың жанында орналасқан. Кейін тамақтан улануы ғажап емес», – дейді қала тұрғыны Евгений Богачев.Қаланың мәслихат депутаты, көріктендіру мәселелерімен белсенді айналысып жүрген Тимур Елеусізов бұзылған сауда орындарының барлығы электр желілеріне заңсыз қосылғанын, бұл қаланың инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіретінін атап өтті.«Бұл қаланың электр желілеріне артық жүктеме түсіреді. Олардың қызметін реттеу үшін осындай бастамаларды қолдау қажет», – деді ол.Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің 2024 жылы 27 тамыздағы №3/469 қаулысына сәйкес, қала аумағында 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген.Кәсіпкерлік қызметін заң аясында жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы жүгіне алады.Жалпы, Алматыда барлығы 500-ге жуық заңсыз нысан бұзылмақ. СЕСН-ды анықтау және сүру жұмыстары жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/935163
Астанада бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС сараланған мөлшерлемесі талқыланды 14.02.2025
ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады.Кездесу «Атамекен» ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды, оған бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, «Атамекен» ҰКП, «Alageum Electric» компаниялар тобының, «Petro mining» қауымдастығының мүшелері және басқалар бар.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс екенін атап көрсетті. Бұл нақты нұсқау болды. Ол бизнес пен мемлекеттің мүдделерін ескеруі керек. Бүгін біз басты мәселелердің бірін талқылау үшін жиналдық, бұл қосылған құн салығына қатысты. Біз өңірлерде Экономика, Қаржы министрліктерінің, «Атамекен» палатасының өкілдері қатысатын көптеген кездесу өткіземіз. Жұмыс үлкен және жан-жақты. Біздің мекен-жайымызға келіп түскен барлық ұсыныстар тыңдалады. Біз бірыңғай ұстанымды қалыптастырамыз, өйткені Салық кодексі өте қарапайым, түсінікті, нақты болуы тиіс»,— деп атап өтті Мәди Такиев.ҚҚС – бұл бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсыныстарын айтты.«Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал бірқатар салалар үшін – 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша, Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16%, 10%, 0% және босату»,— деп түсіндірді Азамат Әмрин.Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні атап өтілді. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнеспен әлі де талқылануда.Сондай-ақ кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, оның мәні – кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4% мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен) сақталады.Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп күтіледі. Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға; мемлекеттік қарыз деңгейін төмендету және инвестициялық жобаларды несиелеуге, даму институттарын нығайтуға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты, жылу-энергетика жүйесін жаңғыртуға қосымша ресурстарды бағыттауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/935215
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ 14.02.2025
Шымкент қалалық онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орай Ашық есік күні өтті. Дәрігерлер 96 пациентті қабылдап, кеңес берді.Тексерулер кезінде 4 пациенттен ісікке күмән табылды. Қатерсіз ісік 29 пациенттен, басқа да ауру түрлері 37 тұрғыннан анықталды. Ал ультрадыбыстық зерттеуден 21 пациентке, компьютерлік томаграфия мен магниттік резонансты томаграфиялық зерттеуге 8 адамға жолдама берілді. Маммографиялық зерттеуден және ренгенографиялық зерттеуден 15 пациент өткізілді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934494
ШЫМКЕНТТЕ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ 14.02.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!“Жұмысшы мамандықтар жылына” орай “Еңбек адамы – елдің байлығы” атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.Іс-шара 11 ақпан сағат 11:00-де Назарбаев даңғылы, 12 мекенжайындағы “Көрме” орталығында ұйымдастырылады.Жәрмеңкеде қала аумағындағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер түрлі саладағы бос жұмыс орындарын ұсынады.Іс-шара азаматтарға жұмыс табуға, жұмыс берушілер үшін білікті мамандарды таңдауға үлкен мүмкіндік береді.Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934497
ШЫМКЕНТ: БАЗАРЛАРЫНДА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 14.02.2025
Бүгінде қала аумағында 19 базар бар, оның 7-еуі модернизациялау Жол картасына енгізілген. Былтырғы жылы “Алаш”, “Самал”, “Жаңа шахар” базарларының жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал “Авто Нұр”, “Орталық Қырғы”, “Назым апа”, “Жабық ” базарларында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.“Авто Нұр” базарында 3 ғимараттың құрылысы аяқталды. Босаған орын автотұраққа айналады. Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында бітеді.“Орталық Қырғы” базарында модернизациялау 3 кезеңнен тұрады. Наурызда трикотаж павильоны, ал желтоқсанда киім сату қатарлары жаңартылады.“Назым апа” базарының қасбеті жөнделіп, 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларында киім сатылатын қатарлар жаңғыртылады.“Жабық базары” 2025 жылдың мамыр-қараша айларында толық жаңартылады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934894
ҚЫСҚЫ АЗИАДА: ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ФРИСТАЙЛ АКРОБАТИКАДАН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ 14.02.2025
IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыс өтіп, Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Шымкент қаласының спортшыларынан жасақталған команда сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.Командаағы Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Команда құрамында осыған дейін де ірі жарыстарда көзге түскен тәжірибелі спортшылар бар. Атап айтсақ, Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері А.Жолдас, шеберлігімен танылған Ш. Хаширбаев және А. Асылхан осы сайыста ел намысын абыроймен қорғады.Бұл жеңіс – шымкенттік спортшылардың қажырлы еңбегінің, бапкерлер мен федерацияның үйлесімді жұмысының жемісі. Сондай-ақ, бұл Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін маңызды нәтиже.Айта кетейік, фристайл акробатикасы елімізде кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Спортшыларымыз халықаралық аренада өздерін дәлелдеп, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.Қытай құрамасыҚазақстан құрамасыЖапония құрамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934899
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болды 14.02.2025
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысы бойынша қола жүлде жеңіп алды. 10 км қашықтыққа еркін стильде өткен жарыста нәтиже көрсетіп, жапондық екі спортшыға ғана жол беріп, қола медаль иегері атанды.Бұл – Қазақстан құрамасының шаңғы жарысындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ақмолалық Константин Борцов спринтерлік жарыста екінші орынға ие болған.«Олжас Климинді, оның бапкерлерін, команданы және барлық қазақстандықтарды осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Бұл медаль – оның жаңа жетістіктерінің бастауы болсын, алда оны халықаралық ареналарда бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр! Бұл марапат – қажырлы еңбектің, күнделікті жаттығулардың және үлкен жанқиярлықтың жемісі», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау жеделхатында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/935205
Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 10.02.2025 14.02.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледіДәнді дақылдарТрейдерлер бағаның көтерілуін фермерлердің егіс науқанына ақша алудың өзектілігі жоқ екенін, бағаның өсуін күтетіндігімен түсіндіреді.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +110-3САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін79+6 САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін72+5САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін69+5САТУ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін60+4 САТУ6535арпа 2 сыныпты73+3САТУ6035Дурум (прот 14+)85-САТУ12070Дурум (прот 15+)102-САТУ15090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинауМайлы дақылдар / бұршақМайлы дақылдар тобында зығыр қымбаттады, ҚР солтүстік аймақтарында рапс құны өсті.СҚО трейдерлері жасымықтың сапасына байланысты (ҚҚС-пен) қымбаттағанын хабарлады:* қызыл-180-205 мың теңгеге дейін/тоннасына;* жасыл-350-400 мың теңге/тоннасына дейін.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр212+1САТУ200170Рапс214+6САТУ250180Күнбағыс165-САТУ190160Мақсары116-САТУ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-САТУ300200Бұршақ (сары)*92-САТУ17080Жасымық қызыл**198+7САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **363+5САТУ450350* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөліндііТүсініктеме:Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар:Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады.Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/934812