Қоғам
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! 09.02.2025
2025 жылғы 6 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдайды.Негізгі іс-шаралар: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, Қостанай облысы әкімдігінің ғимараты.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 16.30 – 17.30;Азаматтарды қабылдау сағат 17.45 – 18.15.Сіз Сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 39 19 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Әзиза Нұрпейісова).Азматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның министрі Арман Шаққалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/931677
Астанадан өткен түнде 51 мың текше метрден астам қар шығарылды 09.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Қар күреу жұмысы күндіз-түні жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.5 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 608 жол жұмысшысы мен 1 689 арнайы техника жұмылдырылды.5 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер 3 757 рейс арқылы қаладан 51 мың текше метрден астам қар шығарды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан полигондарға коммуналдық қызметтер 390 181 рейсімен 4 млн 987 мың текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/931396
Есіл ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуі 09.02.2025
19 ақпан күні сағат 10:00-де қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен Есіл ауданы тұрғындарының есеп беру кездесуі өтеді.Тікелей эфир: Астана қаласы Есіл әкімдігі (https://www.facebook.com/share/15EifCUQoP/w?) парақшасында. Орналасқан жері: №85 мектеп-лицей, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/931550
Көктемгі егіс жұмыстарына 126 млрд теңгеге жеңілдікті кредиттер берілді 09.02.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшылығымен, сондай-ақ холдинг құрамына кіретін қаржы институттарының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесуде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауға қатысты мәселелерге назар аударылды.Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде осы мақсаттарға 700 млрд теңгеге дейін бағыттау жоспарлануда, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.2024 жылдың 29 қарашасынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жылдық 5% жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру ашылды. 1364 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 205,1 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1253 АШТӨ-ден 195,5 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 125,6 млрд теңге сомасына 907 АШТӨ қаржыландырылды.Кездесу барысында егіс жұмыстарына несие алу кезінде фермерлерге қойылатын жекелеген талаптарды алып тастау мәселесі қаралды. Министрдің тапсырмалары «Бәйтерек" холдингінің жұмысына алынды және жақын арада қайта қаралатын болады.Сонымен қатар, кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейту, жеңілдетілген кредит беру бағыттары, аграрлық секторға инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша «АКК» АҚ қаражатына іске асырылатын жобалар, қаржыландырудың жаңа тетіктері және 2025 жылға арналған жоспарлар қаралды.Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қол жеткізу, аграрлық секторды қолдау бойынша жаңа бағыттарды енгізу және саланы қаржыландыру қарқынын күшейту қажеттілігі үшін ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/931178
Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы биыл басталады 09.02.2025
Биыл Жетісу облысында 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 5 көпірді қайта жаңғырту, 1 көпірді орташа жөндеу, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 15 км жолдың реконструкциясы, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының 35-110 км учаскесінің жаңғырту жұмыстары, елді мекендерге кіретін жолдар, ішкі жолдар т.б. жобалар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысы құрылғаннан бері 2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар 391,4 км жол және 134 елді мекеннің ішкі көшелері жөнделген. Мәселен, 2024 жылы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңартылып, «Талдықорған-Үшарал» (313 км), «Лепсі-Балқаш көлі» (27 км), «Сарыөзек-Көктал» (45-68 км) «Жаркент-Қорғас» (328-360 км), «Үштөбе-Көпбірлік» (78 км) бағытындағы ірі жобалар пайдалануға берілді. Сөйтіп жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы обылыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 94%-ға жеткізілді.Ал биыл өңірде 152 шақырым жолға, 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жасалады деп межеленген. Сондай-ақ, осы жылы республикалық маңызы бар жолдардың «Үштөбе – Кәлпе» және «Сырымбет – «Тау Жетісу» бағытындағы 2 учаскесіне қайта жаңарту және орташа жөндеу жасалады. Күрделі жөндеу шеңберінде «Сарыөзек – Көктал» автожолындағы Көнбе өзенінен өтетін жаңа көпір салу, «Сарыөзек станциясын айналып өту» автожолының жол құрылымын күшейту және ұзындығы 21 км (Мұқыры асуы учаскесі) «Қонаев – Талдықорған» автожолының жол жабынын қайта жаңарту жоспарда бар. Сонымен қатар осы жылы «Алматы облысының шекарасы - Сарыөзек кенті» (13 км), «Сарыөзек – Көктал» (112 км) және «Айдарлы-Көктал» (15 км) бағытындағы жолдар желісіне орташа жөндеу жұмыстары өткен жылдан өтпелі жоба ретінде жалғасады. «Жолдардың нормативтік жай-күйін сақтау мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Облыс бойынша осындай 8 станция қойылды. Олардың 6-ы республикалық трассаларда, 2-еуі облыстық маңыздағы жолдарда орналастырылған. Мұндай станциялар жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде өлшеп, белгіленген шектен асып кетпеуін қадағалайды», - делінген басқарманың хабарламасында.Атап өтсек, өткен жылы өңірде автомобиль жолдарында 24,0 млн. жолаушы тасымалданып, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8% жуық өскен. Жолдардың сапасы жақсаруына қарай биыл да бұл көрсеткіш арта түседі деп жоспарланып отыр.«ҚазАвтожол» ҰК» АҚ ақпаратына сүйенсек, жолдардың күтімі бойынша өңірдегі республикалық маңызы бар қолданыстағы 873 шақырым жолға қысқы күтім жасалды. Бұл жұмыстарға 72 бірлік меншікті және 10 бірлік жалгерлік техника тартылды. Биылғы қысқы кезеңде көктайғаққа қарсы материалдың қажетті қоры дайындалды. Оған қоса айта кетсек, 2023 жылдан техника паркін толықтыру жұмыстары басталды, яғни бүгінгі күні мұндағы техника саны 59-ден 72-ге ұлғайды.Жалпы облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы3 988 км құрайды. Соның ішінде республикалық маңызы бар – 1 034 км, жергілікті маңызы бар - 2 954 км.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Суреттер Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды және «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Жетісу облыстық филиалы ұсынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/931400
Қосшы қаласында көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда 09.02.2025
Қазіргі таңда келесі көшелердің жарығы толық қалпына келтірілді:Тәуелсіздік, С. Сейфуллин, М.Мақатаев, Ш. Уәлиханов, Б. Момышұлы, Желтоқсан, Т.Рұсқұлов, Ш. Айманов, Шырақ, Қорқыт ата, Ш. Қалдаяқов. Қызылжар, А. Байтұрсынұлы.Жөндеу жұмыстары барысында:Шамдар ауыстырылды;Фото релелер жаңартылды;Жарық шамдары жөнделді;Автоматтар мен контакторлар алмастырылды.Жоспарға сәйкес бүгіннен бастап Ұлы дала, 19-20 шағын аудандардағы Сәбит Мұқанов көшесінен Абылай хан көшесіне дейін көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.Бүгінге дейін 700-ге жуық шам ауыстырылды.Жөндеу жұмыстарын “Ордақұрылыс” ЖШС жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/931310
Ақмола облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды 09.02.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданы Айдабол ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуына қатысты. Бұл нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы 2024 жылы басталған. Заманауи үлгідегі мекеме дәрігерге дейінгі, бастапқы медициналық-санитарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындары кез келген уақытта дәрігер мен акушердің кеңесін ала алады. Сонымен қатар амбулаторияда магнитотерапия, физиотерапия, ультрадыбыстық және жарықпен емдеу, электрокардиография сынды емшаралар жүргізіледі.«Бізде жедел жәрдем көлігі бар. Тұрғындарға жеті білікті маман қызмет көрсетеді. Жалпы 2600-ден астам адамды, оның ішінде 500-ден аса баланы қамтимыз», – деді дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі Махаббат Тағиев.Ауылдық жерлерде жаңа медициналық мекемелердің ашылуы халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жол ашады.Бүгінге дейін ауыл тұрғындары өткен ғасырдың басында салынған ескі фельдшерлік-акушерлік пунктте ем қабылдап келген. Осыған байланысты айдаболдықтар үшін жаңа, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген амбулатория салу туралы шешім қабылданған.Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы әсіресе қарттар, балалар мен созылмалы сырқаттары бар науқастар үшін маңызды.«Ауылымызда осындай заманауи амбулаторияның ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл бізге өзімізді қауіпсіз әрі ертеңгі күнге сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Енді аудан орталығына барып әуре болмаймыз», – деді ауыл тұрғыны Сауле Сағадиева.Жергілікті билік мекеменің сапалы салынуына және білікті мамандардың іріктелуіне ерекше көңіл бөлді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аударады. Бұл амбулаторияның ашылуы – ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Енді Айдабол ауылының тұрғындары өз елді мекенінен шықпай-ақ сапалы медициналық көмек ала алады. Бұл қадам ауылдағы өмір сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деді өңір басшысы Марат Ахметжанов.Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысының түрлі елді мекендерінде 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Дәрігерлік амбулаториялар желісін дамыту – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартумен қатар, өңірдің тұрақты дамуына үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/931365
Бостандық ауданындағы балалар алаңы «Халық қатысатын бюджет» аясында жаңартылды 09.02.2025
2024 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданында Мүсірепов және Бұқар жырау көшелерінің қиылысындағы балалар алаңын жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Жаңартылған ойын алаңы қазір балалар мен олардың ата-аналары үшін заманауи және қауіпсіз демалыс орны болып табылады. Жұмыс барысында жаңа ойын кешендері орнатылды, резеңке жабын ауыстырылды, жарықтандыру жаңартылды, жаңа орындықтар мен урналар қойылды.Бостандық ауданының тұрғыны Анита Ефремова алаңға қатысты өз әсерімен бөлісті:«Алаң біздің көшеде тамаша демалыс орнына айналды. Әкімдік пен мердігерлерге атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтамыз. Немерелерім екеуміз күн сайын осында серуендейміз — олар оны жақсы көреді және аумақ әрқашан таза және жақсы күтімді. Ғажап!» - деді ол.Бостандық ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 2024 жылы 50-ден астам жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Орбита 3 және Орбита 4 шағын аудандарындағы балалар алаңдары ретке келтірілді, аулалар абаттандырылды, алты көшеде техникалық тротуар төсеу жұмыстары жүргізілді. Абай даңғылында бөлу жолағын абаттандыру аяқталды. Жаңғырту Байзақов көшесінен Тұрғыт Өзал көшесіне дейінгі ұзындығы 3 шақырымға жуық учаскені қамтыды. Төсеніштер төселді, автоматты суару жүйесі, беседкалар орнатылды, сонымен қатар жарықтандыру толығымен жаңартылды. Барлық урналар, орындықтар ауыстырылды, сондай-ақ қала тұрғындарының жайлы демалуына арналған шағын сәулет пішіндері мен әткеншектер орнатылды. Көгалдар толығымен жаңартылды, бұталар отырғызылды.Биыл ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 26 жоба іске асырылатын болады.Алматыда жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Үш жыл ішінде мегаполисте 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып, жайлы қалалық ортаны құрудың тиімді құралына айналды және Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «ХҚБ» жобаларына 2025 жылға арналған қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/931368
Ақтөбе облысында «Еріктілер мектебі» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда 09.02.2025
«Еріктілер мектебі» жобасы 10 мыңға жуық жастар мен жасөспірімдерді волонтерлік қызметке тартады.Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселесі және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов 2020 жылы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті , жастар ұйымдарына қолдау көрсету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 744,2 млн. теңге бөлінді.Ең маңызды жетістіктердің бірі NEET санатына жататын жастардың үлес салмағының 6,5%-ға қысқаруы болды. Бұл жастарды жұмыспен қамту, оларды мемлекеттік бағдарламаларға тарту бойынша белсенді жұмыстың нәтижесі. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен мақсатты жұмыстар «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында 2 мыңнан астам адамға жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді, ал 2025 жылы 3200 адамды қамту жоспарлануда.Оқушылар мен студенттер арасында өзін-өзі басқаруды дамыту және қолдау жобасы 2025 жылы бірінші рет жүзеге асуы жоспарланған, жастардың көшбасшылығын дамытудың маңызды қадамы болмақ. Осылайша, студенттік парламенттер, қызығушылық клубтарын құру, сондай-ақ студенттер арасында құқық бұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында 2024 жылы «Ақтөбе жастары» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырылып, оның аясында 70-тен астам адам баспанамен қамтамасыз етілсе, 3-ші кезеңге 2020 жылы әлеуметтік саланы енгізу жоспарлануда «Ақтөбе Қайырымды Мекен» жобасының табысы, оның аясында волонтерлік ұйымдар белсенді түрде дамып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы республикалық номинацияда «Ең мейірімді өңір» атағын алды, бұл волонтерлік және қайырымдылық саласындағы табысты жұмыстың дәлелі болды.«Біз волонтерлік қозғалыстарға белсене қатысып, өңірдің дамуына зор үлес қосып жүрген жас ұрпақты мақтан тұтамыз. Біз алдағы уақытта да волонтерлік және әлеуметтік бастамалар аясында жастардың ең жақсы қасиеттерін жүзеге асыруы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз», - деді облыс әкімі.Осылайша, билік пен жастар ұйымдарының жан-жақты күш-жігерінің арқасында Ақтөбе облысы алға жылжып, жастардың кәсіби және тұлғалық өсуіне мүмкіндіктер туғызып, жастардың экономикалық және әлеуметтік салада тұрақты дамуын қамтамасыз етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/930601
Ақтөбе облысында биыл 288 шақырым жол жөнделеді 09.02.2025
Өңірдегі жол құрылысы мен жөндеу жоспарлары облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық күйдегі көрсеткіші 78%-ке жеткен.Биыл жалпы ұзындығы 288 шақырымды құрайтын 101 жобаны жүзеге асыруға 44,7 млрд теңге бөлінген. Олардың ішінде 21 жергілікті жолдар мен 80 қалааралық және ауылішілік жолдарға қатысты жобалар бар. Ерекше назар аудан мен ауылдарды байланыстыратын жолдарды жөндеуге бөлініп отыр.Сонымен қатар, «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге аудандардағы 26 ауылішілік жолды салу және жөндеу жобасы жүзеге асырылады.Аталған жұмыстардың нәтижесінде облыс жолдарының жақсы және қанағаттанарлық күйде болу көрсеткіші 82%-ға жетеді деп күтілуде.Айбек Қайыр сондай-ақ, бұрын салынған жолдардағы кемшіліктерді жою бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2024 жылы Ұлттық жол сапасы активтері орталығы 166 жобада 205 кемшілік анықтаған. Қазіргі уақытта 88-і жойылды, ал қалған 117-нде жұмыстар жалғасуда.Облыс әкімі жолдардағы ақауларды жою жұмыстарын жеделдетуді және жолдардың сапасы мен құрылыс-жөндеу процесін қатаң бақылауды тапсырды.«Жол инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаражат бөлініп отыр. Жолдарды жөндеу мен құрылыс жұмыстарын жоғары сапада жүргізу қажет. Жол жағдайын бақылауды күшейту керек. Әрбір жоба уақытында және кемшіліктерсіз аяқталуы тиіс», - деп тапсырма берді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/930772
Ақтөбе өңірінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді 09.02.2025
2025 жылдың 6-7 ақпанында «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтеді.Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен осы шараның ұйымдастырылу мәселесі пысықталды.Оқу-жаттығу аясында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. 6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Бұл кезде тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмау сұралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/931040
Асхат Шахаров: Ақтөбені дамытуға бағытталған жобалар кідіріссіз жүзеге асырылуы тиіс 09.02.2025
Ақтөбені дамыту мәселесі облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында қаралды. Күн тәртібінде қаланың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды. Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымдық жобаларға және аумақтарды абаттандыруға басты назар аударылды. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы және экология мәселелері қозғалды.Қала әкімі Азамат Бекет 2025 жылға арналған облыс орталығының бюджеті 144 млрд. теңге көлемінде бекітілгенін мәлімдеді. Бұл қаражат қаланы дамытуға, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады.Атап айтқанда, «Алтын Орда» шағын ауданында, «Бауырластар-1, 4», «Ясный-2», «Ақжар-2» тұрғын алаптарында, төменгі Құрайлы және басқа да бірқатар тұрғын алапта автомобиль жолдарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Кірпішті шағын ауданындағы Елек өзені арқылы өтетін көпір қайта жаңартылады. «Ақжар Плюс», «Сазда-3», «Рауан-2» тұрғын алаптарында газ құбыры, Шилісай-1,-2, Парасат, Думан және басқа да алаптарда су құбыры желілері салынады. Биылғы жылы «Рауан-2», «Сазда-3», «Сарбаз-2», «Есет батыр», «Оңтүстік-Батыс-2», «Жаңақоныс-4» тұрғын алаптарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жоспарланған. 50 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға қаражат бөлінді.«Облыс орталығында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Биыл құны 21,4 миллиард теңгені құрайтын рельсті дәнекерлеу зауытының құрылысы басталады. «ПЗТМ LTD» ЖШС зауытына ауданы 3,5 гектар жер телімі бөлінді. Тағы бір стратегиялық маңызды жоба – Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай ауданында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру. 858 гектар аумақта біз заманауи өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыруды жоспарлап отырмыз. Құрылысты аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру қаламыздың инвестициялық тартымдылығын едәуір арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді Азамат Бекет.Сондай-ақ, қала әкімі облыс орталығында демеушілік қаражат есебінен А.Пушкин атындағы саябақты қайта құру және Кірпішті шағын ауданында «Алтын бесік» глэмпингін салу жоспарланып отырғанын айтты. Автовокзал маңындағы аумақты абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленуде. Биыл Тәуелсіздік даңғылы бойындағы аллея мен «Қоныс» саябағының құрылысын аяқтау жоспарлануда.Қала әкімінің баяндамасын тыңдаған облыс басшысы Асхат Шахаров жобаларды іске асыруда кідірісмей, қаржыны игермеу тәуекелдерін барынша азайта отырып, бюджет қаражатын уақытылы және тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.«Болашақта барлық жоспарланған жобалардың қаламыз үшін барынша тиімді және мерзімінде іске асырылуы маңызды. Тек осылай ғана біз тұрғындарымызға қолайлы жағдай қалыптастырып, облыс орталығын дамытуға ықпал ете аламыз», - деп атап өтті Асхат Шахаров.Сондай-ақ, облыс әкімі проблемалық нысандар мәселесін шешуді міндеттеді. Бүгінгі таңда Ақтөбеде жол құрылысы саласында аяқталмаған 20 жоба бар. Оның ішінде 13 жоба бойынша сот талқылаулары жүргізілуде, ал 7 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп жатыр.«Мен келісімшарттарды бұзуға дейін жосықсыз мердігерлік ұйымдарға қатысты қатаң шаралар қабылдау қажеттігін бірнеше рет атап өттім. Болашақта ұйымдардың шығындар сметасын түзету мүмкіндігіне жол берілмеуі керек. Біз мердігерлерден жобаларды іске асыру процесінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау үшін жоспарлау кезеңінде барлық шығынды мұқият және дәл есептеуді талап етуге міндеттіміз», - деп аймақ басшысы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды күшейтуді және мердігерлердің жауапкершілігін арттыруды тапсырды.Облыс әкімі сондай-ақ қаладағы ірі көлемді қоқыстарды шығару проблемасына және елді мекендердің айналасында стихиялы қоқыс үйінділерінің пайда болуына назар аударды.«Бізде қоқыс шығару бойынша мәселе шешілді. Компаниялар жұмысты қалпына келтіріп, жаңа техника сатып алуда. Мәселе тұрғындардың өздері шығаруы тиіс үлкен көлемді қоқыстардың жиналуымен байланысты, оны қоқыс алаңдарының немесе тұрғын үй массивтерінің айналасына тастауға болмайды. Жыл сайын қала бюджетінен стихиялық қоқыстарды жоюға миллиондаған теңге жұмсалады. Егер тұрғындар полигондар құруды жалғастыра берсе, біз тарифтерді көтеруге мәжбүр боламыз. Қаланы абаттандыру – маңызды міндет. «Таза Қазақстан» акциясы бірреттік емес, тұрақты болуы тиіс. Қаладағы тәртіп үнемі сақталуы керек. Бұл – жалпыұлттық міндет және әрбіріміз ортақ үйімізге қамқорлықпен қарауымыз керек. Тазалық тек қонақтар мен инвесторлар үшін ғана емес, жалпы тұрғындар үшін де маңызды. Таза әрі әдемі қала өмір салтына айналуы тиіс», - деді әкім.Асхат Шахаров қала көшелерін су басу мәселесіне де тоқталды. Осы маңызды мәселелерді шешу үшін ол қала әкіміне осы жылдың қыркүйек айына дейінгі мерзімде кәріз жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, экология департаментімен бірлесіп, рұқсат етілмеген полигондарға тұрақты мониторинг жүргізіп, оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.«Жұмыс нақты, үйлесімді және жүйелі болуы керек. Қаланы дамуы керек, оның нәтижелерін тұрғындар көріп, сезінуі тиіс!», - деп әкім жиынды қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/931290
Digital Almaty 2025 форумында цифрлық сот орындаушысы таныстырылды 09.02.2025
Алматыда өткен Digital Almaty халықаралық технологиялық форумына 30 елден 15 000-нан астам қатысушы келді.Форумда жасанды интеллект, цифрлық экономика және киберқауіпсіздік сияқты цифрлық трансформацияның негізгі тақырыптарын талқылады. Аталған шара шеңберінде ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айыппұлдарды өндіріп алу процесін айтарлықтай жақсартатын цифрлық сот орындаушысы - инновациялық жобаны таныстырды.Өз сөзінде Бекболат Молдабеков Қазақстан азаматтары бұрын жеке сот орындаушыларына айыппұл сомасының 25% мөлшерінде қосымша комиссия төлеу қажет болғанын атап өтті. Осы мәселені шешу мақсатында Әділет министрлігі цифрлық сот орындаушысын - адамның қатысуынсыз айыппұл өндіріп алу процесін автоматтандыратын роботты таныстырды.Цифрлық шешімнің негізгі артықшылықтары:Дәлдігі: Тек бір шотты және айыппұл сомасын бұғаттау арқылы артық есеп шығындарды болдырмайды.Оңтайландыру: Үлкен деректерді талдау арқылы (Big Data) жалақыны төлегеннен кейін хабарламаларды жіберу төлем жылдамдығын айтарлықтай арттыратынын көрсетті.Үнемдеу: Робот 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдарды өндіріп алу үшін қолданылады. Бұл азаматтарға жылына 5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.Нақты тиімділік: Жоба жұмысының алғашқы 4 айында 550 млн теңге үнемдеуге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/931102
Парламент Сенатының зияткерлік меншік мәселелері бойынша алаңнан тыс отырысы 09.02.2025
2025 жылдың 4 ақпанында ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Талқылау тақырыбы зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде заңнаманы жетілдіру, контрафактілі өнімге қарсы күрес, авторлық құқықтарды қорғау және халықаралық ынтымақтастық мәселелері болды.Отырысқа Парламент Сенаты комитетінің төрағасы, Әділет министрі, Сенат депутаттары, Әділет вице-министрі, сондай-ақ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің және Ұлттық зияткерлік меншік институты өкілдері қатысты.Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев іс-шараны аша отырып, зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылатынын, өйткені ол экономиканың, ғылымның және инновацияның дамуына ықпал ететінін атап өтті. Парламент Сенаты комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров өзінің құттықтауында Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы креативті экономиканы дамыту үшін зияткерлік меншікті құқықтық құралдармен қорғау қажеттігін атап өтті. Зияткерлік меншік құқығы азаматтық құқықтың маңызды институты ретінде қолайлы инвестициялық ахуал құруда, инновацияларды дамытуда және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда шешуші рөл атқарады.Отырыс барысында негізгі баяндаманы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жасады. Ол зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы ағымдағы ахуалды талдауды ұсынды және мемлекет алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді белгіледі. Контрафактілік өнімдерді тарату проблемасына ерекше назар аударып, бұл тек құқық иелеріне ғана емес, жалпы экономикаға да үлкен зиян келтіретінін айтты. Вице-министр кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жойылғаннан кейін зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу және бұзушылықтарды анықтау тетіктері жандандырылғанын атап өтті.Маркетплейстердегі зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуы, авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару мәселелері және географиялық нұсқамаларды дамыту-талқылаудың негізгі мәселелері болды. Вице-министр зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау және сақтау заңнаманы жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар бизнеспен, білім беру мекемелерімен және халықаралық әріптестермен белсенді өзара іс-қимылды қамтитын кешенді тәсілді талап ететінін атап өтті.Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен магистрлік бағдарламаны іске асырады және Жаһандық инновациялық индексте өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.Отырыс шеңберінде «ҰЗМИ» РМК өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктерге, сондай-ақ тіркелген тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына және басқа да объектілерге берілген патенттер ұсынылған көрме ұйымдастырылды.Экспозицияның мақсаты Қазақстан экономикасын, технологияларды, Ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ бірегей брендтер мен тауарларды құруға елеулі үлес қосатын отандық құқық иеленушілердің инновациялық әзірлемелерін көрсету болды.Отырыс барысында зияткерлік меншіктің өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогпен қатар оларды шешу жолдары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/931105
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 09.02.2025
Түркістан облысында қар басқан жолдарда жауапты мекеме қызметкерлері тәулік бойы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа райы күрт өзгеріп, Бәйдібек ауданы аумағына қар түсіп, аудандық маңызы бар және елді мекен көшелері толық бақылауға алынған. Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-1 Бірлік — Жарықбас — Қошқарата автомобиль жолын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағын қардан тазалау жұмыстарына 10 техника, 20-ға жуық маман жұмылдырылған. Ауыр техникалар тоқтамастан асудағы жолдың қарын күреп шықты.Облыс басшылығы тарапынан жауапты мекемелерге жол қозғалысының үздіксіз болуын қадағалап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды уақытылы атқару тапсырылған. Бұл шара қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда. Әсіресе, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі, ғимараттың техникалық жабдықталуы және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесі ерекше назарда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930418
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР 09.02.2025
Тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында департамент бірнеше маңызды кеңестер ұсынады:Тауар туралы ақпаратты мұқият зерделеу: оның кепілдік мерзімі мен жарамдылық мерзімін тексеру.Күмәнді интернет-ресурстардан тауар сатып алмау және сатушының байланыс деректерін тексеру. Өз құқықтарыңыздың бұзылғанын анықтаған жағдайда, фотосурет немесе бейнемазмұн арқылы дәлелдер жинақтау.Бұл кеңестер тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау үшін маңызды қадам болып табылады. 2024 жылы Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып, облыс тұрғындарының құқықтарын қорғау мен олардың мәселелерін шешу бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету жүйесі күннен-күнге жетіліп, азаматтардың құқықтарын қорғауда тиімді шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Департаменттің ұстанған принциптері мен әдістері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ең тиімді тәжірибелердің бірі ретінде танылды және алдағы жылдары да бұл бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізіледі.Егер өз құқығыңыз бұзылса, дүкен сөрелерінде тауар бағалары көрсетілмегенін байқасаңыз, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өскенін байқасаңыз немесе сапасыз қызмет алған жағдайда Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдана аласыз. Бұл үшін келесі тәсілдермен арыз-шағым жіберуге болады:«Жедел желі» нөмірлеріне хабарласу:- +7771 322 8282- +7700 606 0071- +7775 224 5616- +7707 347 3876Электронды немесе жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына жіберу:Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет.3. «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш қалдыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930421
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КІЛЕМ ФАБРИКАСЫН АШУ ЖӨНІНДЕ ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ 09.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасындағы «Sorena Carpet» компаниясының президенті Реза Махмудианмен кездесті. Кілем және кілем өнімдерін шығаратын алып компания басшысымен кездесуде екіжақты әріптестікті нығайту, кілем фабрикасын ашу жөнінде ұсыныстар беріліп, келіссөздер жүргізілді. Өңір басшысы Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.– Түркістан облысы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Қазақстан-Иран елдері арасындағы ынтымақтастық негізінде сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми бағытында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік бар. Сіздер ұсынып отырған жобаның маңызы өте жоғары. Былтыр қазақстандық кәсіпорындар 5,1 млн. шаршы метр кілем өнімін шығарды. Дегенмен ауқымды дей алмаймыз. Облысқа кілем негізінен Түркия, Ресей және Қытайдан жеткізіледі. Еліміздің ішкі нарығының кілем бұйымдарына деген қажеттілігінің 75%-дан астамы импортталады. Сондықтан аймақта кілем фабрикасын ашу тиімді болмақ. Ортақ келісімге келсек, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.Ирандық инвестор компаниясының әлеуетімен таныстырып, жоспарларын баяндады. Түркістан облысында жобаларының бірін жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Бұл бағытта келіссөздер жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930499
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 09.02.2025
Түркістан облысында салынатын нысандар мен ғимараттардың сәулеті облыс әкімдігіндегі арнайы кеңесте тұрақты түрде талқыланып тұрады. Бұл жолы да сәулеттік кеңестің кезекті отырысы өтіп, 16 жоба талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әрбір құрылыс нысаны терең зерделеніп барып салынуы керек екенін тағы да ескертті.
– Нысандарды салмас бұрын оның орналасатын жерін, экономикалық тиімділігін, сәулетін терең зерделеу керек. Біз жеке инвесторларды қолдаймыз. Бірақ жобалары талапқа сай болуы тиіс. Жауапты мамандардың талқылауынан өткен соң ғана жобаларды жүзеге асыруға рұқсат беріледі, – деген Нұралхан Көшеров ұсынылған жобалардың бірқатарына ескертпелерін айтып, толықтыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Кеңесте құрылыс нысаны салынатын аудан, қала әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер де өз ойларын айтып, жобаларын ұсынды. Олардың ірілеріне келсек, әкімшілік-іскерлік орталығынан көрме орталығын салу, бой көтерген Қазақ-корей университетінің ғимаратының сәулетіне қатысты идеялар айтылды. Сонымен бірге филармония, галереяның құрылысына қатысты ұсыныстар да берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930622
ҮКІМЕТТЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ: 9,5 МЫҢ КМ ЖОЛ ҚАМТЫЛДЫ, ЖОЛ САЛУҒА ҚАЖЕТТІ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН АЛУ ЖӘНЕ САПАҒА ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ 09.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ағымдағы жағдай туралы, сондай-ақ Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 12 мың шақырым жол, оның ішінде 8 мың шақырым – республикалық жол желісі, 4 мың шақырым – жергілікті жол қамтылған. Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 7 мың шақырымды құрайтын ірі автожол жобалары аяқталғанын, стратегиялық маңызды нысандар: Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Шамалған стансасын айналып өтетін жол өтпесі, Түркістан облысында орналасқан еліміздегі алғашқы туннель пайдалануға берілгенін хабарлады. Сондай-ақ Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан, Қазталов – Жәнібек және Өнеге – Сайқын сияқты негізгі магистралдарда жол жүру қамтамасыз етілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, жергілікті жолдар жағдайы 89%-ға жеткені атап өтілді.Мемлекет басшысының жолдарды жыл сайын жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2025 жылға 9,5 мың шақырымға жұмыс жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Доссор, Қызылорда – Сексеуіл, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл, Рудный, Шымкент және Түркістан қалаларын айналып өту жобаларын іске қосу және 2,5 мың шақырымға жөндеу жүргізу көзделген.Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев Үкімет отырысы барысында 2024 жылы республикалық желі нысандарын сараптамамен қамту 100%-ға, жергілікті желі бойынша – 99%-ға жеткенін хабарлады. Жол құрылысы сапасын бағалау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мердігер компаниялар өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге жұмыстарды қайтадан жасады. Биыл нысандарды 100% сараптамадан өткізу және жол-құрылыс материалдарының 10 мың үлгісіне сынақ жүргізу жоспарланып отыр.Жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша автожолдарды диагностикалау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде, автоматтандырылған бақылауға және электрондық көлік құжаттарына ауқымды көшу жүзеге асырылуда.Премьер-министр жол саласы әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, оның ішінде көлік-логистика саласына баса мән беру қажеттігін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер бар, бірақ қарқынды арттыра түсу қажет. Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды дайындауға кірісу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Автожол жобаларын уақтылы қаржыландырудың және осы мақсаттарға арналған жер учаскелерін резервке қоюдың маңызы атап өтілді. Премьер-министр өңірлер әкімдіктерінің алдына тиісті міндет қойды. Резервке қойылған жерлерді беруге мораторий енгізу, олардың нысаналы мақсатын өзгерту тапсырылды. Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет қажеттілігі үшін жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтауы тиіс.Премьер-министр жергілікті жолдар желісін дамытуға баса назар аударды. Олжас Бектенов Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отырғанын атап өтті. Өңірлердің әкімдеріне құрылыс және реконструкциялау технологияларын сақтау, сондай-ақ жобаларды іске асыру мерзімдері мәселелерін бақылауға алу тапсырылды.Отырыс барысында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:Көлік министрлігі осы жылдың сәуір айынан бастап «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолдары және «Сарыағаш қаласы айналма жолын» салу жұмыстарына кіріссін;Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды қамтамасыз етсін, Ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмыстары жеделдетілсін;Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Цифрландыру, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, жаппай жол апаттарының алдын алу үшін нақты алгоритмдер енгізсін;Көлік және Цифрлық даму министрліктері республикалық, жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына мониторинг жүргізу үшін осы жылдың соңына дейін «Е-жолдар» цифрлық платформасын пилоттық режимде іске қосуды қамтамасыз етсін;Көлік және Цифрландыру министрліктері нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге тексеру жүргізіп, олардың көлік-логистика саласына белсенді енгізілуін қамтамасыз етсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930951
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДА ДАМУДА 09.02.2025
Түркістан облысында экотуризм қарқынды дамып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров туризм саласын дамытуды тапсырды. Осыған орай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен кездесіп, әріптестік ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады.Ұлттық саябақтың аумағы әртүрлі кіру режимдері бар үш аймаққа бөлінген: қорғалатын (кіреберіс жабық), туристік және рекреациялық. Саябақтың ішінде теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңы орналасқан. Сондай-ақ, Қырық қыздары, Мақпал көлі (теңіз деңгейінен 2100 м биіктікте), бирам-Өгем ұлттық паркінің аумағында 1635 өсімдік түрі өсіп келеді. Мекеме басшысы саябақтың 17 519 гектар жері сауықтыру және туристік қызметке бөлінгенін, келушілер үшін 11 туристік маршрут ұйымдастырылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 343,2 гектарды құрайтын 29 жер учаскесі туристік-рекреациялық мақсатта пайдалануға берілді.Сонымен қатар демалыс орындарының санын көбейту және экотуризмді дамыту үшін инфрақұрылымды дамыту және жол салу қажеттілігі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930960