Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қостанай облысында құрылыс, ТКШ және көлік салаларының 2024 жылғы даму қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған жоспарлар белгіленді 10.02.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының алқасы өтті. Жиында 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған басым бағыттар белгіленді.Құрылыс саласы: өсім мен жаңа тәсілдерҚұрылыс саласы өңір экономикасының негізгі секторларының бірі болып қала береді. 2024 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 25%-ға артып, 315,3 млрд теңгені құрады. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5 мың отбасы баспаналы болды.Құрылыс индустриясының дамуы жергілікті материалдарды пайдаланумен тығыз байланысты. Облыста құрылыс материалдары өндірісі 51,6 млрд теңгені құрап, 3,6%-ға өсті.Бюджеттік тұрғын үй құрылысына жаңа сәулеттік және дизайндық шешімдер енгізілуде. Көшелерді абаттандыруға ерекше назар аударылады. Құрылыс компаниялары үшін міндетті болатын абаттандыру стандарттары әзірленді.Облыс тұрғындары үшін қолжетімді баспана• “Қостанай жастары” бағдарламасы – үш жыл ішінде 250 жас отбасы баспаналы болды, бағдарлама 2025 жылы жалғасады.• Ипотекалық несие беру – берілген несиелер көлемі 17%-ға өсіп, Отбасы банк салымшыларының саны 85,4 мың адамға жетті.• Жалдамалы тұрғын үй – 2024 жылы оған 18 млрд теңге бөлініп, 940 пәтер сатып алынды. 2025 жылы бұл мақсатқа 20 млрд теңге қарастырылып, 1 000 кезекте тұрған азамат тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ 250 несиеге берілетін пәтер ұсынылады.Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту2024 жылы жол саласының бюджеті 27%-ға артып, 93,5 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат есебінен:• 1 300 км автожол және 103 елді мекендегі 382 көше жөнделді.• Ауылдарға апаратын 80 кіреберіс жол жаңартылып, 38 млрд теңге бөлінді.Үш жыл бұрын облыста бар болғаны 20 кіреберіс жол жөнделсе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш төрт есеге жуық өсті.Ауыл жолдарына ерекше назар аударылды:• Ашутасты ауылы (Арқалық) – 13 көшенің 11-і жөнделді (85%).• Үлкен Чураковка ауылы (Алтынсарин ауданы) – екі жылда 18 көшенің 8-і жаңартылды (44%).• Федоровка ауылы (Ұзынкөл ауданы) – 13 көшенің 8-і жөнделді (47%), қалғаны жоспарға енгізілді.Республикалық трассаларды қайта құру:• Арқалық – Ұлытау облысы шекарасы тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бұл жолдың ашылуы арқылы Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан Ресейге дейінгі қашықтық 400 км-ге қысқарады.• Сарыкөл – СҚО шекарасы және Ұзынкөл – Троебратное бағытындағы жолдар жаңартылуда.• 2024 жылы Бестөбе – Ақтөбе облысы шекарасы жолының жөндеу жұмыстары басталады.Арқалық әуежайын қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жаңғыртудан кейін әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 70 жолаушыға дейін артады, Қостанай мен Астанаға әуе қатынасын қайта жандандыру жоспарлануда.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы: желілерді жаңғырту және жаңа жобалар2025 жылға жоспарланған:• 6 млрд теңгеге 39 коммуналдық желіні жаңғырту жобасы.• 76 жобаны жүзеге асыру үшін 55 млрд теңгеге өтінімдер берілді.• 2029 жылға дейін жылу желілерінің тозуы 40%-ға дейін төмендетілмек (қазір 45,4%), бұл апаттық жағдайлардың санын 20%-ға азайтуға мүмкіндік береді.Сумен жабдықтау• 2024 жылы су жобаларына 7,7 млрд теңге бөлініп, 40 жоба іске асырылуда.• 2025 жылы 42 млрд теңгеге 59 жоба қаржыландырылады (өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп).• Орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған ауыл тұрғындарының үлесі 61,5%-дан 68,9%-ға дейін артты.• Мемлекет су тарифінің 96%-ын субсидиялайды, нәтижесінде тұрғындар 1 текше метр суды 1 342 теңге орнына 55 теңгеге тұтынады.Газдандыру• Қостанай – Боровское газ құбырының жобасы басталды, ол 24 мың тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.• 2024 жылы 5 жоба іске асырылып, 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыстар облыстың газдандыру деңгейін 60,4%-ға дейін арттырады.Көше жарығы2024 жылы елді мекендерде 15 мың жарық шамы мен 4,3 мың тірек орнатылады. Бұл 992 км жолды жарықтандыруға мүмкіндік береді.Жаңартылатын энергетикаӨңірде жалпы қуаты 1 ГВт болатын 580 млрд теңгеге 5 ірі ЖЭК жобасы жүзеге асырылуда:• 1 күн электр станциясы• 1 газ-поршеньді станция• 3 жел электр станциясыБұл жобалар іске қосылғаннан кейін аймақтың электр қуатын өндіру көлемі 10 есе артып, облыстың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.2024 жылы қалалар мен ауылдарды абаттандыруға 14,7 млрд теңге бөлінді (2023 жылмен салыстырғанда 34%-ға көп). Қаражат саябақтарды, балалар алаңдарын, көше жарығын, қасбеттерді жаңартуға және апатты үйлерді бұзуға бағытталды.Тұрақты даму бағытыМемлекет басшысы энергиямен толық өзін-өзі қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру міндеттерін қойды. Қостанай облысы бұл мәселелерді шешу үшін ТКШ жаңғыртуға, жол желісін жақсартуға, қолжетімді тұрғын үй салуға және жаңартылатын энергия көздерін енгізуге ресурстар бағыттауда.Бұл жұмыстар 2025 жылы қаржыландыру көлемін арттыра отырып және инвестиция тарту арқылы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/934034
Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына Канаданың дипломатиялық делегациясы келді 10.02.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагган бастаған делегация болды. Тараптар кездесу барысында БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі аясындағы ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктерін талқылады. Канадалық делегация БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларындағы міндеттерді сапалы орындау үшін әскери қызметшілердің кәсіби және бейімделу дағдыларын дамытуға бағытталған бітімгерлерді даярлауды ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/932935
Дубайда өткен жарыста тамаша нәтиже көрсеткен қазақстандық арнайы мақсаттағы құрамаларды Астанада салтанатты түрде қарсы алды 10.02.2025
Астана қаласының халықаралық әуежайында 1–5 ақпан аралығында Дубайда өткен The UAE SWAT Challenge арнайы мақсаттағы бөлімшелердің басты сынағына қатысқан командаларды салтанатты түрде қарсы алды.Іс-шараға Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық ұланның басшылары қатысты.Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен ұлттық киімдегі қыздар келгендерді "Шашу" шашып, бауырсақпен қарсы алды.Жеңімпаздардың құрметіне біріккен оркестр арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әнұранына айналған "Рух" және "Сауыт" шығармаларын орындады.Командаларға қарап арнайы мақсаттағы бөлімшелердің символы – қызыл күрең береттің иегері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов арнайы мақсаттағы бөлімшелердің даярлық деңгейі жоғары деп атап өтті:– Жарыс барысында көрсеткен тамаша нәтижелер – Қазақстанның барлық арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жеңісі. Сендер халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасын сәтті орындадыңдар. Дегенмен жеңіс ешқашан оңайлықпен келмейді. Бұл, ең алдымен, қажырлы еңбектің, үйлесімді іс-әрекеттің және адал қызметтің нәтижесі, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.Арнайы мақсаттағы бөлімшелер олимпиадасының бірінші күнінен бастап Қазақстан Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" командасы жақсы нәтиже көрсетіп, жарыс финалында екінші орын алды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі кірді.Жарысқа Қорғаныс министрлігі Арнайы операциялар күштерінің "Жаубасар" командасы алғаш рет қатысты. Осыған қарамастан, Қарулы күштердің арнайы күштері жақсы нәтиже көрсетіп, 100-ден астам команданың ішінде 22-ші орынға табан тіреді.Ішкі істер министрлігінің "Томирис" командасы да көпшілікті ерекше таң қалдырды. Полиция қыздары ерлермен иық тіресе жарысып, финалдық кестеде 77-орынға ие болды.Қазақстандық командалар Дубайдан Қазақстан Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының А-400М ауыр жүк тасымалдайтын ұшағымен келді. Подполковник Асылбек Жұмабаевтың басшылығымен экипаж басқарған ұшақтың бортында бір рейске 130-дан астам әскери қызметші жайлы орналасты. Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанның бас қаласына 3000 шақырымнан аса қашықтыққа ұшу бес сағатқа созылды. Бұл жеке құрамды тасымалдау шеңберінде әуе кемесінің шетелге алғашқы дербес ұшуы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/933080
«Жас сарбаз» қозғалысы өндірістік кәсіпорынмен меморандумға қол қойды 10.02.2025
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.Құжатқа қоғамдық бірлестіктің төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев пен кәсіпорынның бас директоры Ербол Сәлімов қол қойды.Меморандум өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, жастардың бастамаларын қолдауға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған. – Ел Президенті биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Біздің тәрбиеленушілер қазаіргі заманғы сауытты дөңгелекті машиналар шығаратын кәсіпорында болды. Экскурсия балалар үшін кәсіби бағдар тұрғысынан өте пайдалы болды деп ойлаймын. Меморандум аясында біз бұл жұмысты жалғастырамыз, – деді М.Меңдіғалиев.Меморандумға қол қою рәсімі «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясы мен Орталық әскери оркестрдің концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/933691
Елордадағы білім ордасының әскери кафедрасына бір жыл 10.02.2025
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Құралбек Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде әскери кафедраның құрылған күніне арналған шара өтті. Оған Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері, Қ. Құлажанова атындағы ҚазТБУ, Nazarbaev Universitety, Maqsut Narikbaev Universitety, Turan-Astana және Esil Universitety басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің басшылығы азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда резервті дайындауға ерекше назар аударады. Болашақ запастағы сержанттар мен офицерлер теориялық негіздермен қатар әскери-есептік мамандықты да меңгеру үшін қажетті практикалық дағдылар мен машықтарды үйренеді. Қазақ технология және бизнес университетінің президенті Ернұр Құлажанов жиналғандарға арнап сөз сөйледі. Ол әскери кафедралары бірнеше жоғары оқу орындарының студенттерін дайындап жатқанын айтты. Ол Қарулы күштердің оқу құрамасының ұжымына алдағы жоспарлардың сәтті жүзеге асырылуын тіледі. – Әскери кафедра – біздің университеттің мақтанышы. Олардың жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі зор. Оқу барысында студенттер әскери іс бойынша тиянақты білім алып қана қоймай, шынайы патриоттар ретінде қалыптасады, – деді ол. Әскери кафедраның оқытушылары мен студенттерін осы атаулы күнмен Қарулы күштердің ардагері отставкадағы генерал-лейтенант Абай Тасболатов құттықтады. – Бүгінде бізде запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлайтын қырықтан аса әскери кафедра жұмыс істейді. Студенттерді даярлаумен айналысатын барлық оқытушыларды білемін. Олардың бастамасымен студенттер негізгі білім алып, өз саласында мықты маман болатынына сенімдімін, – деп атап өтті ардагер.Іс-шара барысында Қазақ технология және бизнес университетінің президенті кәсіби дайындықтағы жетістіктері мен оқудағы жетістіктері үшін үздік оқытушылар мен студенттерді грамоталармен марапаттады. Әскери кафедра он бес әскери-есептік мамандық бойынша әскери дайындықты жүзеге асыратынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934054
Әскери бөлімдер мен мекемелерді орналастыру нормалары бекітіледі 10.02.2025
Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын орналастырудың заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді. Бұйрық жобасы ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын орналастырудың заттай нормаларын өзектендіреді.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 24 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15434173 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934073
11 армия спортшысы IX Қысқы Азия ойындарына лицензия ұтып алды 10.02.2025
Спорттық жарыстар биылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбинінде өтеді. Оған Азия құрлығындағы 34 елден 1200-ден астам спортшы қатысады.Армия орталық спорт клубының өкілдері шаңғы жарысы мен биатлонда өнер көрсетеді. Шаңғы жарысы 8 ақпанда, ал биатлон 11 ақпанда басталады.Спортшыларды шығарып салған Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов оларға жеңіс тіледі.Биатлоннан өтетін жарыстарда ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес, Александр Мухин, Дарья Климина, Арина Крюкова, Полина Егорова және спорт ротасының сарбазы Владислав Киреев ел намысын қорғайды. Бұл пәнде төрт медаль жиынтығы ойналады.6 медаль жиынтығымен шаңғы жарысына ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ернар Нұрсебеков, Олжас Климин қатысады.2017 жылы Жапонияның Саппоросында өткен сайысқа жеті армия спортшысы қатысып, бір алтын, жеті күміс және екі қола медаль жеңіп алғанын естеріңізге саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934085
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде 10.02.2025
ҚР Қарулы күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.Жоба нормативтік құқықтық актілерді ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының нормаларына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдерінің құзыретіне тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселесі берілді. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 9) тармағы бойынша тікелей көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасын болдырмайды.Бұдан басқа, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы 27-2-бабының 9-тармағы бойынша көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергілер тудырған заңнаманы бұзушылықтарға жол берілген жағдайда оның қайта жүгінуін талап етпейді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру жөніндегі міндет көрсетілетін қызметті берушіге жүктелген. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15431647 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934226
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер медальдармен марапатталды 10.02.2025
Бітімгерлік миссияның қолбасшысы Гана Республикасы армиясының генерал-майоры Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатысқаны үшін медальдар табыс етті.Қазақстанның дербес бітімгерлік контингенті Сирия Араб Республикасындағы Голан жоталарындағы атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындай отырып, Фауар базасында қызмет атқаруда. Барлық 139 әскери қызметші мен төрт штаб офицері БҰҰ-ның марапатын алды.Қазақстандық әскери қызметшілер ұйымның базаларындағы қорғанысты күзетуді және нығайтуды қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара қарым-қатынас жасайды. 11 айдың ішінде бітімгерлер 200-ге жуық жарылмаған снарядты залалсыздандырды және медициналық көмекке мұқтаж БҰҰ-ның қызметкерін эвакуациялады. Өткен жылдың желтоқсан айында өміріне және денсаулығына қауіпті аймақтан БҰҰ персоналын эвакуациялау кезінде контингенттің жеке құрамы кәсіби даярлық, келісім және жедел іс-қимыл жасап, жоғары деңгейін көрсетті.– БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа және БҰҰ-ның бөлінген аймақты бақылау миссиясының (UNDOF) қолбасшысы Гана Республикасы армиясының генерал-майоры Анита Асма әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дағдысы, тәртібі және моральдық-ерік күші жоғары екенін атап өтті. Бұл біздің бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесіміз, – деді бітімгерлік ротасының командирі подполковник Жігер Аипов.Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Голан жоталарында тұңғыш дербес бітімгерлік контингентін ашып, тарихи қадам жасады. Қазақстан әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысу географиясының кеңеюі еліміздің әскери және гуманитарлық дағдарыстардан зардап шегетін адамдарға қолдау көрсетуге деген ниетін айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934235
Алматы облысының әкімі су тасқыны мен көшкін қаупі бар аймақтарды тексерді 09.02.2025
Алматы облысының әкімі көктемгі су тасқыны мен көшкін қаупі жоғары аймақтарға жұмыс сапарымен барып, жағдайды көзбен көріп, бақылау жүргізді. Инспекция барысында ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, жауапты тұлғалардың есептерін тыңдады.Ең алдымен, Іле ауданындағы Жармұханбет өзені бойындағы су басу қаупі бар аумаққа барды. Мұнда Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының әкімдеріне су тасқынының алдын алу шараларын күшейтіп, инженерлік құрылыстардың дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.Одан кейін Талғар, Есік және Түрген өзендері бассейндеріндегі мореналық көлдерге әуе шолу жасалды. Әсіресе, қауіпсіздік шараларын күшейту мен жаңа бөгеттер салу қажеттілігі бар аймақтарға ерекше назар аударылды.«Халықтың қауіпсіздігі – басты міндет. Табиғи қауіп-қатерлерге жедел әрекет етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуымыз қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны мен көшкіннің алдын алу және салдарын жою бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Қорғаныс құрылыстары күшейтіліп, мореналық көлдер бақылауға алынған. Барлық шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді. Жыл басынан бері 23,5 км өзен арналары түзетіліп, бекітілді, 16 тонна қалдық шығарылды, 5 қорғаныс бөгеті (7,9 км) салынды. Тасқындарға жедел әрекет ету үшін 1326 маман, 471 техника, 126 мотопомпа және 29 қайық жұмылдырылды. Қажетті материалдық қорлар дайындалған. Су басу қаупі жоғары 20 учаскенің 7-еуі толық қауіпсіздендіріліп, қалған 13-інде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/933656
Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка 09.02.2025
Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі.Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.SafeTravel.kz-те:Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған "102" мобильді қосымшасы, оның ішінде "SOS" функциясы;Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы;Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі;Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме;Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері;Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді.Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/931285
Қазақстан СІМ-де Өзбекстан Елшісімен кездесу өтті 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Өзбекстан Республикасының Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар дипломаттар Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Орталық Азия +» диалог платформалары сияқты көпжақты алаңдарда үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/932956
Қазақстан Сыртқы істер министрі Иордания Елшісін қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер‑министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Өзара сауданы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті.Сондай-ақ дипломаттар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында сұхбаттастар ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933037
Қазақстан Елшісі Хорватия Президентіне сенім грамоталарын табыстады 09.02.2025
Загреб, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватия Республикасының Президенті Зоран Милановичке сенім грамоталарын табыстады.Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Хорватия Президенті «Қазақстан Орталық Азиядағы ел үшін аса маңызды әріптес» екенін және екіжақты қарым-қатынастардың берік негізге сүйенетінін атап өтті.Рәсімнен кейін Қазақстан Елшісі мен Хорватия Президентінің кездесуі өтті, оның барысында қазақ дипломаты Қазақстандағы қазіргі экономикалық және саяси жағдай, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды реформалар туралы хабарлады. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.Тараптар Қазақстан мен Хорватия арасындағы достық қатынастарды, саяси диалогты жандандыру бағытының сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын және екі елдің экономикалық әрі транзит-көліктік әлеуетін толығырақ пайдаланудың қажеттілігін атап өтті.Жылы атмосферада өткен кездесу соңында З. Миланович Қазақстан халқы мен Президентіне ізгі тілектерін жолдап, Елшіге дипломатиялық миссиясының табысты болуын тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933315
Қазақстан СІМ-де БҰҰ-Әйелдер құрылымымен өзара ынтымақтастық талқыланды 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин елімізге алғашқы сапары аясында БҰҰ-Әйелдер құрылымының Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік басшысы Белен Санс Люкемен кездесті.Кездесу барысында тараптар гендерлік теңдікті нығайтуға және Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.БҰҰ өкілін қарсы ала отырып, А.Рахметуллин Қазақстан гендерлік теңдікті саяси реформалардың негізгі бағыттарының бірі ретінде санайтынын және Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасының 30 жылдығына арналған процесстерге белсенді түрде қатысатынын атап өтті.Тараптар Бейжің+30 шолу кездесуінің нәтижелерін, «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібі бойынша өткен сарапшылық консультацияларды, сондай-ақ Гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орта Азиялық альянсының өңірлік іс-шарасын талқылады.Сонымен қатар А.Рахметуллин қазақстандық бастамаларды ілгерілетудің маңыздылығын айта отырып, гендерлік саясат саласындағы өңірлік жобаларды жүзеге асыруды қолдайтынын жеткізді.БҰҰ өкілі жаһандық гендерлік күн тәртібін іске асыруда Қазақстанға одан әрі қолдау көрсетінін мәлімдеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гендерлік теңдік жөніндегі жаһандық және өңірлік күн тәртіптері аясында әріптестікті нығайтуға және басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933449
Қазақстан Сыртқы істер министрі Германия Елшісін қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-герман ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын талқылады. Аса маңызды шикізат материалдары, көлік және энергетика сияқты негізгі секторлардағы табысты бірлескен жобалар мен жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар Қазақстан мен Германия арасындағы барлық деңгейдегі табысты диалогты, сауда мен инвестициялардың жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ тарихи байланыстарға негізделген мәдени ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті.Елші М.Иверсен Германия Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастыққа маңызды мән беріп, бірлескен жобаларды іске асыруға бар күшін салатынын мәлімдеді.Көлік ынтымақтастығы мәселелері талқылаудың жеке тармағы болды, бұл еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жолдар мен басқа да инфрақұрылымдық жобаларды салу кезінде неміс технологияларын пайдаланудың арқасында логистикалық процестердің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Сұхбаттастар өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйекте Берлинге және ГФР-дың Федералды канцлері Олаф Шольцтың 2024 жылғы қыркүйекте Астанаға жасаған сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында тараптар Астана мен Берлин арасындағы серіктестік пен байланыстарды одан әрі жан-жақты тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 3,774-тен 3,997 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Атап айтқанда, экспорт 56,8%-ға, 741 млн-нан 1,162 млрд долларға дейін өсті. 2005-2024 жылдар аралығында ГФР-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар 7,6 млрд доллар құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933772
Қазақстанның Ватикандағы Елшісі Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды 09.02.2025
атикан, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты шара Рим Папасының «Domus Santa Marta» резиденциясында өтті.Ресми қабылдау барысында Рим-католик шіркеуінің басшысы қазақ дипломатын Қазақстан Республикасының Ватикан мемлекетіндегі Елшілігінің ашылуымен құттықтап, табысты және жемісті жұмыс атқаруды тіледі.Рим Папасы Франциск Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтардағы Ватиканға ресми сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға алғашқы мемлекеттік (апостолдық) сапары аясында көрсетілген жылы және шынайы қабылдау үшін тағы да алғысын жеткізді.Рим-католик шіркеуінің басшысы әлемдік саясат, әсіресе көші-қон саясаты секілді ең өзекті мәселелерді шешуде тең құқылы диалогқа негізделу қажет екенін баса айтты.Т.Примбетов, өз тарапынан, Қазақстан Республикасы Президентінің ізгі тілектерін жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп отырған ауқымды өзгерістер туралы қысқаша ақпарат берді. Ватиканның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі мен оның Хатшылығының жұмысына қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Рим Папасы Францискке Қазақстан Президентінің ағымдағы жылғы қыркүйекте Астанада өтетін VIII Съезіне арнаған жеке шақыруын табыс етті.Қабылдау соңында Рим Папасы Франциск Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі. Еліміздің одан әрі үдемелі дамуы мен халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту үшін әлеуеті зор екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 17 қазанда орнатылды. Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстан Республикасына алғашқы апостолдық сапарын 2001 жылғы қыркүйекте жасады. 2022 жылғы қыркүйекте Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына қатысу үшін Қазақстанға мемлекеттік (апостолдық) сапармен келді. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Президенті Ватиканға ресми сапармен барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933984
Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-Икті қабылдады.Сұхбаттасу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайына баға беріп, екі елдің үкіметтері, парламенттері мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету қарқынына қанағаттанушылық білдірді.Министр М.Нұртілеу Астананың Сеулмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға берік ұстанымын растады және өнеркәсіп, энергетика, жер қойнауын пайдалану, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілеріне назар аударды.Сонымен қатар қазақ тарапы кореялық компанияларды бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды және осы бағытта барынша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.Өз тарапынан корей дипломаты саяси диалогты жалғастырудың әрі биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықты арттыруға өзара қызығушылық білдірді және екіжақты мен көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/934013
Астанада Қазақстан мен Румыния ынтымақтастығының перспективалары талқыланды 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румынияның Қазақстандағы Елшісі Мадалина Лупумен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар қазақ-румын ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.Р.Василенко екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, екіжақты сауданы кеңейту және түрлі салалардағы әріптестікті нығайту үшін үлкен әлеует бар екенін мәлімдеді.Қазақстанның Еуропадағы ең ірі шетелдік активі, Румыния экономикасында маңызды рөл атқаратын және жетекші инвестор мен ірі салық төлеушілердің бірі «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының қызметіне ерекше назар аударды.Тараптар белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарының барлық аспектілерін нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты. Сондай-ақ 2025 жылға арналған іс-шаралар кестесі талқыланды.Румыния – Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі жетекші сауда және инвестициялық серіктесі (Еуропа бойынша 5-ші, әлем бойынша 12-ші орын алады). 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда екіжақты сауда көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР-дан экспорт – 2,79 млрд долл., Румыниядан импорт – 138,4 млн долл. Соңғы онжылдықта Румыния Қазақстан экономикасына 1,57 млрд доллар көлемінде инвестиция құйды. Елімізде румын капиталы бар 37 компания тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/934061
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! 09.02.2025
2025 жылғы 6 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдайды.Негізгі іс-шаралар: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, Қостанай облысы әкімдігінің ғимараты.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 16.30 – 17.30;Азаматтарды қабылдау сағат 17.45 – 18.15.Сіз Сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 39 19 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Әзиза Нұрпейісова).Азматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның министрі Арман Шаққалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/931677