Қоғам
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 25.01.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923884
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ФОРЕЛЬ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ 25.01.2025
Төлеби ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда, аудан аумағында осы кәсіпті қолға алған кәсіпкерлер саны 16-ға жетті. Мәселен, былтыр 4 кәсіпкер өз қаржысымен балық шаруашылығын ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – «Сарсенов Сакен» ЖШС. Киелітас ауылдық округінде 0,14 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 1500 дана сазан, 500 дана ақ амур және 5000 дана дөңмаңдай балықтарын өсіруде. Кәсіпкер балық шаруашылығынан бөлек демалыс аймағының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды.Сонымен қатар жеке кәсіпкер Исмаил Абдуллаев иелігіндегі 0,20 га жерге арнайы тоған жасап, 4000 дана сазан және 6000 дана тұқы балығын өндіруде.Таулы аймақ кәсіпкерлері де балықтың суық суға төзімді форель түрін өсіруді қолға алды. Жеке кәсіпкерлер Жұмағали Қияқов, Олжас Сұлтанқұлов Қаратөбе ауылдық округіндегі жерлеріне 3000 дана және 10 мың дана форель балықтарын өсіріп жатыр.Қызыл балық тұқымдастарға жататын оның бәсі биік, нарықта сұраныс жоғары. Кәсіпкерлер форель шабағын алдырып, арнайы қоректендіреді. Шаруашылық басшылары форельмен алғаш рет айналысып отырса да, әзірге ұсақ шабақтарды өсіруде күрделі мәселе туындамағанын айтады.Одан бөлек, «Шымкентбалық» ЖШС Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан 2 га жерде жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, форель балықтарын өсіріп, жылына 300 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923888
ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 25.01.2025
24 қаңтарда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына терроризмге қарсы облыстық комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жүргізіп отырды.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі және кездесіп жатқан мәселелер, оны жоюға бағытталған ұсыныстар туралы», «Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрғындардың иммунитетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстарына қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары» жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды. Сонымен бірге 2024 жылдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер қаралып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мәселенің маңыздылығына тоқталып, ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін жеткізді. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.Айта кетейік, бұған дейін биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 22 мәжілісі өткізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924032
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ 25.01.2025
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс аумағында тұрақты түрде тұрғындармен жеке қабылдау өткізіліп келеді. Кестеге сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді. Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.— Тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл дегеніміз, ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайды, немесе біреудің орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеп беру үшін «Отбасы банкіне» өтінім жолдау мүмкіндігі де бар,– деді Зұлпыхар Жолдасов.Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік көмек алу, несие жабу, ауыз су, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.Зұлпыхар Сансызбайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924293
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 25.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылыс алаңында жауапты басшылармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты ширатуды, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Қауіпсіздік шараларын толық сақтауды ескертті.
Мешіттің қасбеті салынып біткен. Мұнарасы қойылып, электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам, 9 техника жұмылдырылған.
Шаһарда бой көтерген еңселі жаңа ғибрат орны әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталуы тиіс.
Құрылыс барысында әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізіліп жатыр. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының жер аумағы – 7,7 га.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924299
Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті 25.01.2025
Елордалық «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жүздеген әйелге бизнесте алға ұмтылуына көмектесті. Астанада осындай қайсар аналардың қатысуымен арнайы форум өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қор Астана әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба кәсіпкерлік жолын бастаған, бірақ қиындықтарға тап болып, ерекше баласы бар аналарға көмектесуге бағытталған. Ұйым бұл әйелдерге қысқа мерзімді курстарды ғана емес, сонымен қатар тереңдетілген оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ бизнес жобаларын одан әрі дамыту үшін тәлімгерлік және коучинг сессияларын ұсына отырып, қолдау көрсетті.Тренинг 12 айға созылып, жеке бизнес-жобаларын бастаған түлектер қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнес үшін ЖИ-ді жүзеге асыру жолдарын үйренді, сонымен қатар 3 жыл бойы стратегиялық жоспарлауды құрастыруды үйренді.Жоба барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және қазірдің өзінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан 100-ден астам әйел оқытылды. Масштабтау, тапсырмалар беру және бизнес-процестерді оңтайландыру қажеттілігіне тап болған кәсіпкерлер оқу кезеңінде туындаған қиындықтарды жеңіп, өз бизнесін жаңа деңгейге көтере алды.Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, 2018 жылдан бері 143 курс өткізіліп, осы уақыт аралығында 3500-ден астам әйел осы ҮЕҰ-ның түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, білім алған.Ерекше балалар үшін қор сиплинг-дәрістер өткізеді, оған олардың ағалары мен әпкелері де шақырылады.«Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында көптеген әйел жұмыс тауып, «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы жұмысқа орналасты. Біздің қызметкерлер арасында оқуын тәмамдап, командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады», - деді қордың құрылтайшысы Әсия Тикеева.Қордың білім беру жобаларына қатысушылардың бірі – Лейла Бехбудова. Ол балаларға арналған ойыншықтар тоқиды.«Мен өз жұмысымнан үлкен ләззат аламын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы – ойыншықтардың қауіпсіз болуы. Мен оларды мақта жіптен жасаймын, ал ішін толтыру үшін холофибрді қолданамын. Тоқыған кезде бірден мықтап бекітуге тырысамын, сонда ештеңе кетпейді», - дейді Лейла Бехбудова.Оқыту курстары басқа өңірлердің тұрғындары үшін де қолжетімді: «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының өкілдігі Астанада ғана емес, Алматы, Шымкент, Қостанай және Өскемен қалаларында да жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923839
Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды 25.01.2025
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923923
More than 2,500 road workers are involved in snow removal work in Astana 25.01.2025
In Astana, public utilities are working in an enhanced mode around the clock, despite the bad weather and frost, the official website of the capital's akimat reports.On the night of January 24, public utilities removed 1,078 trucks of snow from the capital, which is 15,156 cubic meters of snow.Since the morning of January 24, 2,589 road workers and 1,518 units of special equipment have been involved in snow removal work.Since the beginning of the winter season, 3 million 850,572 cubic meters of snow have been removed from the city to landfills by 303,318 heavy-duty truck trips.First of all, according to the rules, areas with very heavy traffic are cleared in order to avoid traffic jams. Medium-intensity areas are also being cleared - squares, areas near railway stations, sidewalks, access roads to social facilities, etc.Cleaning central streets, public transport routes, stops and sidewalks is also a priority.There are several equipped snow disposal areas in the city. They are equipped with a system for reading vehicle license plates, CCTV cameras and lighting.We ask residents and visitors of the capital to be careful on the roads, follow safety rules, and not go on long trips if there is a storm warning.In case of an emergency, call 112.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923929
Астанада еріктілер аязды күні коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты 25.01.2025
24 қаңтар күні «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.«Біз бүгін, 24 қаңтарда аязды ауа райына қарамастан елорданың таза болуына атсалысып жүрген коммуналдық қызметкерлерге қолдау білдіруге шықтық. Осылайша таңнан кешке дейін жұмыс істейтін адамдарға жылулық пен жақсы көңіл күй сыйлағымыз келеді», - дейді елордалық ерікті Қайсар Құлқожахмет.Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер еріктілерге алғыс білдірді.«Аязды күні осындай акция ұйымдастырған еріктілерге алғыс айтамын. Олар бізге мүмкіндігінше көмектесіп, тіпті мереке күндері тәтті таратып, ықыластарын білдіріп жатады», - дейді коммуналдық қызметкер Айнагүл Қожина.Қала тазалығы жұмысында 10 жылдан бері жұмыс істеп жүрген Нұрғали Өміржан мұндай игі акциялар халықты бірлікке шақыратынын айтты.«Осындай игі акциялар қала бойынша жиі өтетінін естіп жатамыз. Бүгін ыстық шай мен бауырсақ таратып жатыр. Менің ойымша, осындай игі акциялар тұрғындарды ұйымшылдыққа шақырады. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін»,- дейді Нұрғали Өміржан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924214
Астанадағы букмекерлік кеңселерді жарнамалағаны үшін салынатын айыппұл 1,5 млн теңгеге дейін жетеді 25.01.2025
2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің сыртқы жарнамасына тыйым салатын заң күшіне енді. Заң күшіне енгенге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі жарнамалық құрылымдардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы шаралардың арқасында елордада заң күшіне енгенге дейін букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Астана-Жарнама» сыртқы жарнамаларды бақылауды жалғастыруда. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұзушылықтар анықталса, заңсыз жарнама жойылып, оны таратушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы кітапшалар шығарылуда.Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселерді ғимараттың қасбеттеріне, ашық алаңқайларға, көліктерге және сыртқы құрылыстарға жарнамалауға тыйым салынады. Жарнамаға тек букмекерлік кеңселерде, спорт ғимараттарында және спорттық жабдықтарда ғана рұқсат етіледі. Букмекерлік компаниялардың логотиптері мен сауда белгілерін бизнестің басқа түрлерін жарнамалауда пайдалануға да тыйым салынады.ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес, заңды бұзғаны үшін 236 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924402
«Таза Қазақстан»: Астанада экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланды 25.01.2025
Елорданың «OzgeEpic» шығармашылық хабында «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында мәдениет қызметкерлерінің басын қосып, қазіргі экологиялық мәселелерді талқылау мақсатында «Астана – таза қала» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға қатысушылар қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдерін, пластикті пайдалануды азайту, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ қаланы абаттандыру жобаларын қарастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Семинар қала тұрғындарының экологиялық жауапкершілігі мен мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бір бөлігі болды. Іс-шара форматы лекциялар, пікірталастар және практикалық семинарларды қамтыды, онда қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу, қордалау және экологиялық таза технологияларды пайдалану туралы мәлімет алды.
«Адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі арта түсті. Мысалы, көптеген аулалар мен мемлекеттік мекемелерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер бар. Өткен жылы мәдениет басқармасының қолдауымен 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылса, биыл 150-ге жуық іс-шара жоспарланып отыр», - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің бас маманы Ермек Ағабек.
Қала тазалығын сақтау бойынша қоғамның, мемлекеттік және жеке секторлардың бірлескен іс-қимылдарына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924466
Алматы еріктілері жылды қайырымды істермен бастады 25.01.2025
22-23 қаңтар күндері Алматыда жауған қалың қардан кейін қала тұрғындары мен жергілікті еріктілер бір-біріне шынайы қолдау көрсетіп, қамқорлық танытты. Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолдарды қардан тазалап, негізгі магистральдарда кептелістердің алдын алуға тырысты. Қызметкерлер тәулік бойы еңбек етіп, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті.Қолайсыз ауа райына қарамастан, жүзге жуық ерікті жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне барып, ауласвн қардан тазалауға көмектесті.«70-тен асқан кезде қар күреу оңай емес. Еріктілердің бей-жай қалмай, көмекке келгеніне қатты риза болдым. Олар қол көмегімен қатар, жүрек жылуын жеткізді, жылы сөздері аязды күні жаныңды жадыратады. Өзімді қамқор қаланың тұрғыны сезіндім», – деді зейнеткер Елена Константиновна.Жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тамақ таратып қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға да көмектесті.Бұл қамқорлықты көрген қала тұрғындары да қайырымдылық шараларына атсалысты. Көпшілігі азық-түлік, қар тазалауға арналған құрал-жабдықтар ұсынып немесе көршілеріне көмектесіп, береке-бірліктің, қамқорлықтың үлгісін көрсетті.Мұндай іс-шаралар Алматы үшін таңсық емес. Қаланың еріктілері қыс мезгіліндегі табиғи апаттарда ғана емес, жылдың кез келген уақытында көмек көрсететін түрлі шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Олар әлеуметтік жобаларға қатысып, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді, аз қамтылған азаматтарға киім-кешек пен азық-түлік жинауды ұйымдастырады.«Біз көмек қажет екенін көріп, бей-жай қарай алмаймыз. Еріктілік – бір реттік акция емес. Бұл біздің қаламыздың дамуына, тұрғындар арасындағы жылы қарым-қатынасқа қосқан үлесіміз. Осылайша, біз кейде байқамайтын аула сыпырушылардың, тазалықшылардың, коммуналдық қызметкерлердің күнделікті еңбегін бағалауды үйренеміз. Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз, бір-бірімізді қолдап, сүйікті қаламызға бірге қамқор болайық!» – дейді «Qamqor charity» қорының еріктісі Зере Мақсұтхан.Алматыдағы қалың қар қала үшін сынақ болғанымен, адамдарға өздерін көрсетудің тамаша мүмкіндігіне айналды. Осындай сәттерде бірлік пен бір-біріне көмек көрсету ерекше маңызға ие. Алматы еріктілері бірнеше жыл бойы күнделікті өмірде қаланың нағыз батырлары атанып, жайлы шаһарға айналдырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/924503
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады 25.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауға жазылған 15 азаматтың мәселесін тыңдады. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы, Талас ауданының тұрғындары бар.Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй, жол және жер саласына қатысты ұсыныстар мен өтініш-тілектерін айтты. Өзге де мәселелер бойынша шағымдарын білдірді.Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өтініш иелерінің мәселелерін мұқият зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау бойынша тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/924388
Meeting of the Deputy Akim of Akmola Region with representatives of the German Embassy and GIZ: focus on strengthening cooperation and development of the region 25.01.2025
A working meeting of the Deputy Akim of the region Yernar Zharkeshov with the Permanent Deputy Ambassador of the Federal Republic of Germany to Kazakhstan Ulrich Kinne and representatives of the German Society for International Cooperation (GIZ) was held in the Akimat of the Akmola region.The main topic of the meeting was the discussion of prospects and opportunities for further strengthening of cooperation between Kazakhstan and Germany. The parties discussed issues of trade, economic and investment cooperation, as well as mutual supplies of equipment and components. Particular attention was paid to educational programs: the development of professional education, training of personnel for key sectors of the regional economy and the exchange of advanced management practices.In his welcoming speech, Yernar Zharkeshov emphasized the achievements and main areas of development of the Akmola region, noting that the region is a promising partner for international projects in the field of sustainable development.Representatives of GIZ presented the Felicity 2 project aimed at reducing the gap between low-carbon infrastructure projects in cities and their financing. The pilot project is being implemented in the city of Kokshetau, in the Yubileiny microdistrict.As part of the project, activities are planned to interact with apartment owners. Together with IWO (Eastern European Housing Initiative) and Kazakhstani experts in the field of energy efficiency, solutions will be developed to improve the energy efficiency of apartment buildings.During the meeting, the parties expressed their readiness for further interaction and implementation of joint initiatives that will help ensure sustainable development of the region and strengthen international cooperation. The planned projects will create a basis for the introduction of modern technologies, increased energy efficiency and the training of highly qualified personnel who meet the requirements of the modern economy.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924141
Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден алады 25.01.2025
Биыл Ақмола облысында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге төленетін төлемдердің мөлшері артты. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі таңда облыста 5 соғыс ардагері тұрады.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да төлемдер қарастырылған. Олар 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін төлем алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924311
Хабарландыру 25.01.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министірлігі 2025 жылғы 21 қаңтарда Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ақылы негізде пайдалану туралы Тараз қаласын айналма жолы бойынша ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналасқаны туралы хабарлайды. Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15407420 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924421
Хабарландыру «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Денисовка» ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы 25.01.2025
Хабарландыру«Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Денисовка» ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралыҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Денисовка ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15407394 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924428
Notification 25.01.2025
NotificationThe Ministry of Transport of the Republic of Kazakhstan notifies that on January 21, 2025, a draft order on the Kandyagash-Makat section on the use of this section of the national highway on a toll basis was posted on the Internet portal of open regulatory legal acts.We ask you to take part in the public discussion of this project.More details: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15407361 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924435
Хабарландыру 25.01.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министірлігі 2025 жылғы 21 қаңтарда Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ақылы негізде пайдалану туралы Балхаш-Бурылбайтал учаске бойынша ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналасқанын туралы хабарлайды. Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15407330 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924439
ЖАҢА ҚОСЫМШАЛАР, СУПЕРКОМПЬЮТЕРЛЕР, СТАРТАПТАР: ҚАЗАҚСТАН ЛОНДОНДА ҚАНДАЙ ЖОБАЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ 25.01.2025
ЖАҢА ҚОСЫМШАЛАР, СУПЕРКОМПЬЮТЕРЛЕР, СТАРТАПТАР: ҚАЗАҚСТАН ЛОНДОНДА ҚАНДАЙ ЖОБАЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ 22-24 қаңтар аралығында Ұлыбританияның Лондон қаласында British Education Training and Technology Show (Bett Show) көрмесі өтіп жатыр. Қазақстан заманауи білім беру технологияларына арналған ауқымды көрмеге алғаш рет ұлттық павильон ретінде қатысуда. Көрмеде еліміздің алты жетекші университеті қатысып, өздерінің бірегей жобалары мен әзірлемелерін ұсынуда. – Nazarbayev University әлемдік жетекші EdTech көрмесінде Soyle App, қазақ тілінің үлкен тілдік моделі ISSAI KAZ-LLM және Artisan Education стартапын таныстырды. Soyle App көпфункциялы қолданба сөзді тану, дауыс синтезі және ауызша сөз бен мәтінді төрт тілге (қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше) аудару мүмкіндіктерін ұсынады. Soyle App қолданбасының аударма сапасы FLoRes деректер жиынындағы BLEU көрсеткіштері арқылы өлшеніп, Google Translate, Yandex Translate және GPT-4o-дің аударма нәтижелерінен асып түседі. GPT чатының қазақша нұсқасын әзірлеуге негіз болатын KAZ-LLM барлық жерде – қазақ тіліндегі аудармалар мен мазмұнды генерациялаудан бастап үлкен мәтіндерді өңдеуге дейін пайдалануға болады. – Аталмыш көрмеге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті соңғы жетістіктері мен инновациялық жобаларын ұсынуда. Олар: Faraby суперкомпьютер орталығы, Farabi Robotics – Орталық Азиядағы бірінші өнеркәсіптік робототехника және құзыреттілік орталығы, университеттің АТ-инфрақұрылымы, жаппай ашық онлайн курстарды жазу студиясы, виртуалды зертханалық жұмыстар. Faraby суперкомпьютер орталығында әлемдегі ең үздік 600 суперкомпьютер тізіміне кіретін ірі қондырғы орнатылған. Ал Farabi Robotics мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолданбалы тәжірибені оқшаулау, масштабтау және индустрия 4.0 салаларында оқыту арқылы әлемдік деңгейдегі технологияларды игеруге көмектесу. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық көрмеде білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған инновацияларды көрсетеді. Cоның ішінде инклюзивті нұсқаулық, жаппай ашық онлайн курстар (MOOCs), соның ішінде сурдоаудармасы бар курстар, барлық оқушыларға тең мүмкіндіктер береді, жасанды интеллект саласындағы әзірлемелер: қазақ тілінде эмоционалды түрде дәріс оқитын аватар, сурдоаудармашы аватары. Инклюзивті нұсқаулық – ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін университет инфрақұрылымы мен білім беру ресурстарының қолжетімділігін жақсартуға арналған шешім. Smart.ENU платформасы – «ақылды кампус» құру үшін жасанды интеллект элементтерін және заттар интернетін қамтитын білім беру үдерісін басқарудың интеграцияланған жүйесі. – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті BETT UK 2025 көрмесінде инновациялық білім беру бағдарламаларына және Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық аясында құрылған «Лу Бань шеберханасы» атты ерекше білім беру жобасына баса назар аударды. Бұл жоба студенттер мен оқытушылардың кәсіби және инженерлік дағдыларын дамытуға, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге, дәстүрлі инженерлік пәндерді заманауи цифрлық және автоматтандырылған технологиялармен үйлестіруге бағытталған. Сондай-ақ «SMART GUIDE» интерактивті жобасы таныстырылды. Ол «Лу Бань шеберханасының» интерактивті макетінен және «SMART GUIDE» экскурсиялық роботынан тұрады. – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Digital SU жобасы мен жоғары технологиялық MIT FabLab зерттеу орталығын ұсынды. Digital SU жобасы – білім беру процесін автоматтандыратын, студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты жақсартатын және тұтастай университеттің тиімділігін арттыруға көмектесетін кешенді цифрлық экожүйе. Ал MIT FabLab – бұл 3D принтерлермен, ЧПУ станоктарымен, жобалау және модельдеуге арналған бағдарламалық құралдарымен жабдықталған зертхана. Мұнда студенттер өз ғылыми жобаларын әзірлеумен қатар, сандық инженер-конструктор, реверс-инженер және ЧПУ станоктарының операторы мамандығын меңгеріп шығады. – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті студенттері мен ғалымдары көрмеде «VR виртуалды кен орны» технологиясын таныстырды. VR технологияның көмегімен студенттер виртуалды ортада түрлі кен орындарын зерттеп, теориялық білімдерін бекіте алады. Жобаның артықшылығы – қауіпсіз эксперименттік орта, виртуалды экскурсиялар, интерактивті және иммерсивті оқу процесі. Utebayev University аталған көрмеде түрлі елдерден келген білім беру және технология саласының мамандарымен танысып, ынтымақтастық орнату мақсатында диалог жүргізеді. BETT UK 2025 көрмесіне қатысу университеттің жетістіктерін көрсету алаңы ғана емес, сондай-ақ халықаралық байланыстарды нығайтуда, оның ішінде бұл халықаралық платформада жоғары білім мен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізудегі маңызды қадам болды. Көрмеге 600-ден астам экспонент және 300 спикер қатысты, сондай-ақ 130-ға жуық мемлекет білім беру бойынша өз әзірлемелерін ұсынды, ал 600-ден астам халықаралық компаниялар, оның ішінде Google, Microsoft, Lenovo және т.б. қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/924056