Enbekshi QazaQ

Қоғам

Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда 13.12.2024
Білім сапасын арттыру мақсатында осы жылдың сәуір айында ҚР Үкіметімен Маңғыстау облысында тірек мектептер желісін дамытуға бағытталған «Отпан» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаға 50 мектеп қосылды. Бұл мектептерде 60 мың оқушы білім алып, 7 мың педагог қызмет атқарады. Бейнеуге жұмыс сапары кезінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Оның айтуынша мемлекет білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Өткен жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы аясында жеке инвесторлардың қатысуымен өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде әсіресе, Ақтөбе облысындағы «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру», Алматы облысындағы «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру», Маңғыстау облысындағы «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту», Ұлытау облысындағы «Ustaz Ulytau» жобаларын атауға болады. «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы бұл білім сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам, ол оқу процесінің барлық аспектілерін қамтиды. Ол білім инфрақұрылымын жаңарту, мектептерді заманауи технологиялармен жабдықтау ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа әдістерін енгізу. Жобаның маңыздылығы педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруге басымдық берілуінде. Республикалық жобаның алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде ауыл мектептерінде білім сапасының орташа 7-9%-ға артқанын көрсетіп отыр», - деді министр. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау облысында бүгінде 50-ден астам білім беру кеңістігі жаңартылды, оның ішінде пәндік кабинеттер мен STEM-зертханалар бар. Арт- және телестудиялар, балалар үшін демалыс аймақтары жасақталды. 300-ге жуық педагог пен мектеп әкімшіліктері кәсіби біліктілігін арттырды. Жоба екі жылға созылады. Оның қатысушыларының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі, аяқталғаннан кейін «Өрлеу» БАҰО АҚ мен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобадан кейінгі сүйемелдеу көрсетеді. Атап өту керек, «Отпан» жобасы Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен, Білім беруді тұрақты дамыту қорының және «Halyk» қайырымдылық қорының қатысуымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/902388
Қараша айында Электрондық еңбек биржасында белсенділіктің маусымдық төмендеуі сақталды 13.12.2024
2024 жылдың қараша айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланды, яғни жұмыс берушілердің де, ізденушілердің де белсенділігі құлдырау динамикасын жалғастырды. Қазан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22% - ға (26,7 мыңға) азайды, ал түйіндеме саны 14% - ға (14,3 мыңға) азайды.Сұраныстың күрт төмендеуі негізінен жылу саласы жұмыскерлерінің қажеттілігінің төмендеуімен байланысты. Қазандық операторлары арасында айтарлықтай төмендеу болды – қазан айында 7 мыңнан қараша айында 500-ге дейін, қазандық машинистері – 2,3 мыңнан 408-ге дейін, сондай-ақ от жағушылар – 6,3 мыңнан 805-ке дейін төмендеді.Өңірлер бөлінісінде қараша айында ең көп бос жұмыс орындарын Астана қаласының (8 мың), Павлодар (6,4 мың) және Алматы (5,8 мың) облыстарының жұмыс берушілері орналастырды. Бос орындар санының ең көп қысқаруы Батыс Қазақстан (-52%, немесе -4,8 мың), Қызылорда (-49%, немесе -2,5 мың) және Маңғыстау (-42%, немесе -1,5 мың) облыстарында байқалды. Халық тығыз қоныстанған өңірлер арасында төмендеу Түркістан облысында (-34%, немесе -3,2 мың) және Алматы қаласында (-32%, немесе -3 мың) байқалады.Өткен айдағыдай, ЭЕБ-да қараша айында әрбір бесінші бос орынды жеке кәсіпорындар (19,8 мың), қалғандарын (77,1 мың) заңды тұлғалар орналастырды.Барлық түйіндемелердің жартысына жуығын 16 жастан 34 жасқа дейінгі жастар (43,9 мың) орналастырады, олардың ішінде ең белсенділері 16 жастан 24 жасқа дейінгі және 29 жастан 34 жасқа дейінгі топтар болып табылады, олар ЭЕБ-да орналастырылғандардың жалпы санының 18% - ын құрайды. Жұмыс іздеген әрбір төртінші (23 мың) - орта жастағы (35-тен 44 жасқа дейін) ізденуші, ал зейнеткерлікке дейінгі жастағы ізденушілерге барлық түйіндемелердің 9% (8,7 мың) тиесілі болды.Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынды. Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), талдау қызметінің бастығы (шамамен 1,2 млн теңге) және ұшқыштар (шамамен 1,1 млн теңге) сұрады.Осылайша, қараша айында ЭЕБ-да іздеу және жалдау белсенділігінің төмендеу үрдісі жалғасты. Жылыту жүйелерінің операторлары құлдырауға негізгі үлес қосты, себебі бұл кәсіпорындар қазан айында штатты қажетті кадрлармен қамтамасыз етті. Сонымен бірге еңбек нарығында маусымдық ауытқуларға ұшырамайтын мамандықтары бар мамандарға жоғары сұраныс сақталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/901273
Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 627,6 мың адам қамтылды 13.12.2024
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 627,6 мың қазақстандық қатысты. 496,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 311,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 185,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 32,2 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 108,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 417 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылды.Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 50,1 мыңы оқуды аяқтады.Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 57,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.Қызмет саласын таңдау мақсатында 202,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/902229
С. Жақыпова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 13.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық пен бақыт тіледі. «Биыл біз еліміздегі маңызды тарихи оқиғаның бірі – Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 33 жыл толуын атап өтеміз.Тәуелсіздік – біздің ата-бабаларымыз ежелден армандаған асыл мұраты еді. Егемендік алған Қазақстан өзінің мемлекеттік рәміздерін және төл валютасын енгізді, Конституцияcын қабылдады. Еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланды, даңғыл даму жолына түсті.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің еліміз кезіккен қиындықтарға қарамастан, ұзақ мерзімді әлеуметтік басымдықтарды белгіледі. Осы өткен 33 жыл ішінде әлеуметтік-еңбек саласында үлкен жұмыс атқарылды, барлық салалық заңдар, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.Әлеуметтік міндеттемелерді орындау және халықтың әл-ауқатын арттыру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтары болып табылады.Бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуге 5,3 трлн теңге жұмсалды.Биыл БҰҰ-да Қазақстан ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндама сәтті ұсынылды.Жалпы, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгеруде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысы цифрландырылуда, төрт пилоттық аймақтағы балаларға қымбат тұратын техникалық оңалту құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Техникалық оңалту құралдарының инновациялық фабрикасы» пилоттық жобасы іске қосылды.Ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік төлем енгізіліп, қазіргі уақытта 13 мыңға жуық адамға тағайындалды.Осы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан біздің Министрліктің қарамағына беру болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері құрылды, еңбек заңнамасының сақталуында мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі пайда болды.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6% - ға дейін төмендетуге ықпал етті. Жыл басынан бері 845 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оқыту және кәсіптік бағдар беру түрінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 315,1 мыңға жуық қазақстандық қамтылды.Барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Барша отандастарымызға зор денсаулық, амандық пен бақыт, ал туған елімізге одан әрі гүлдену мен өркендеу тілеймін!» – делінген Светлана Жақыпованың мерекелік үндеуінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/902582
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды 13.12.2024
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Жібек жолы» телеарнасының ұйымдастыруымен «Жақсы адам–2024» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық елдің дамуына елеулі үлес қосқан және ерлік көрсеткен азаматтардың еңбегі үшін беріледі. Жеңімпаздар арасында құтқарушылар, дәрігерлер, педагогтар және басқа да мамандар бар. Лауреаттардың бірі Ақмола облысы ТЖД Астрахан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аят Сералиев. Азаматтық қорғау майоры 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезіндегі жұмысы үшін марапатталды. Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылы оқшау қалған, ал Сералиев су басқан аудандардан эвакуациялау операциясын өзі басқарды. Ол 32 адам мен жануарларды құтқарды. Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев: «Елде 80 жылда болмаған су тасқыны жағдайында қазақстандықтар бірігіп, бар күштерін апатпен күресуге салды. Біздің құтқарушыларымыз, соның ішінде Аят Сералиев те алдыңғы қатарда жұмыс істеді». Аят Сералиев Ақмола облысы Сандықтау ауданының тумасы. Ол азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметін 2013 жылдан бері қарауыл бастығы лауазымынан бастады. Қазір басшылық лауазымда жұмыс істейді. Сералиев облыстың әртүрлі аудандарындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, соның ішінде өрт пен қысқы дауыл кезінде адамдарды құтқаруға қатысты. «Менің жұмысым — бұл адамдар алдындағы жауапкершілік. Күн сайын жаңа қиындықтар туындайды, мен қиын сәттерде адамдарға көмектесе алатынымды мақтан тұтамын», — деп азаматтық қорғау майоры атап өтті. Салтанатты рәсім сыйлық иегерлерін қолдаған мемлекет қайраткерлері мен мәдениет өкілдерінің де назарын аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/902338
Шығыс Қазақстан облысында оперетта және драма театрының алғашқы маусымы ашылды 13.12.2024
Оперетта «Magic on stage» состоялась на сцене Восточно-Казахстанского областного театра драмы и оперетты. В программе были представлены лучшие моменты из культовых постановок: «Айсулу», «MAMMA MIA», «Летучая мышь».- Из трех наших оперетт мы выбрали самые лучшие моменты и сделали микс. И для зрителя получился такой яркий концерт. До конца декабря мы поставим оперетту «Айсулу» и «Летучую мышь». Что будем ставить в Новом году - это пока секрет. Планируем гастроли, надо порешать вопрос с транспортом для такого большого коллектива, - рассказал главный дирижер оркестра ВКО театра драмы и оперетты Александр Галсанов.✔️ Мероприятие посетил аким области Ермек Кошербаев. Глава региона подчеркнул необходимость открытия таких театров в Риддере, районе Алтай и Зайсанском районе. - Искусство должно идти в массы. Я очень рад открытию сезона. Теперь необходимо двигаться дальше, расширять репертуар. Обязательно надо отправить вас на гастроли в Алматы и Астрахань. Готовьтесь. Это будет здорово, я думаю, наши артисты смогут произвести определенный фурор,- отметил аким Восточно-Казахстанской области Ермек Кошербаев в ходе неформального общения с артистами.✔️ Сами актеры признаются, что театр оперетты - большой творческий опыт для них.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902030
Қазақстанда су тасқынын болжауға және модельдеуге мүмкіндік беретін «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде 13.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде су тасқынын болжауға және модельдеуге арналған «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде. Жүйе төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдар жасауға мүмкіндік береді.Ақпараттық жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жасап жатыр.Бүгінгі таңда су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Әдістеме бойынша уәкілетті органдар ақпараттық жүйеге су қоймаларындағы су деңгейі, су жіберу көлемі, гидрометео болжам сынды мәліметтерді енгізеді. Жинақталған деректер негізінде жүйе су тасқынының ықтимал сценарийлерін модельдейді.«Tasqyn» ақпараттық жүйесін осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.«Су ресурстары және ирригация министрлігі жедел су бөлуді жүзеге асыру үшін және су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерінің су ресурстарын пайдалану режимдеріне талдау және түзету мақсатында жедел және болжамды су шаруашылығы балансы есебін регламенттейді. Айта кету керек, су шығынын болжау - гидротехникалық құрылыстардан су жіберуді реттеу және қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайда қоршаған ортаға жүктемені азайту бойынша шұғыл іс-шараларды қабылдау үшін аса маңызды»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/902294
Облыс әкімінің Ақтаудағы жеке қабылдауы да түнгі 3:00 дейін жалғасты 13.12.2024
12.12.2024 жылы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуінен кейін түнгі 3:00 дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Облыс әкімінің жеке қабылдауы мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін тыңдаудан басталды. Олар қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігінен бөлек, жеке мәселелерін жеткізді.Сондай-ақ қабылдауға үйінің шатыры мен жертөлесінде, подъездері мен ауласында мәселе туындаған тұрғындар келіп, өңір басшысынан көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық саладағы ақауларды сол сәтте қалпына келтіру үшін жауапты азаматтарды, басқарма басшыларын тұрғындардың үйлеріне жіберді.Өңір басшысының қабылдауына Маңғыстау облысында «Елім» такси қызметін жүзеге асыруды бастаған кәсіпкер әйел келіп, әкімнен қолдау сұрады. Азаматтың өтініші қолдау тауып, жергілікті билік тарапынан меморандум жасау туралы шешім қабылданды.Жалпы, өңір басшысының қабылдауына 150-ден астам тұрғын келіп, өз өтініштерін жеткізді. Халықтың басым бөлігі еңбек дауы, жұмыссыздық, үлескерлердің құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселелері, жылумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласы және туристік бағыттарды дамыту сынды тақырыптарды көтерді.Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселелерді заң шеңберінде шешу үшін тиісті құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/902379
Облыс әкімі комиссия отырысын өткізді 13.12.2024
Ведомствоаралық комиссия отырысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтар мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Шара облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті.Өз кезегінде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірхан Ермағанбетов жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқарма жастардың қатысуымен түрлі рейдтер, заң сағаттары, спорттық жарыстар, жиналыстар ұйымдастырады. Жыл басынан бері барлығы 120 818 жастың қатысуымен 682 іс-шара өткізілген. «Jastarga – kenes» жобаларын іске асыру аясында оқу орындарында «Ұрпақ және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылып, «ESIRTKIGE JOL JOQ», «TAZA ORTA!», «ALAYAQ.NET» есірткі сатумен байланысты хабарландыруларды жою бойынша рейдтер жүргізілуде. «Заң және тәртіп» және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқандары аясында оқу орындарында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін полицейлермен кездесулер ұйымдастырылуда.Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетовтің ақпараты бойынша, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, жастармен профилактикалық жұмысты және ата-аналардың бақылауын күшейту керек.Баяндамашыларды тыңдаған өңір басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін мобильді топтардың жұмысын жандандыруды, әйелдер мен балалардың құқықтары туралы халықты хабардар етуді, аудандарда отбасын қолдау орталықтарын ашу мәселесін шешуді, 2025 жылы отбасылық құндылықтар және гендерлік теңдік жөніндегі жобаны қаржыландыруды қарауды тапсырды.Сондай-ақ, Асхат Шахаров жастар арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жауаптыларға міндеттеді.«Біз жастарды өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етіп, оларды спорттық секцияларға, клубтарға және спорттық іс-шараларға тартуға ерекше назар аударуымыз керек. Ұйымдастырылмаған бос уақыт - бұл біз азайтуға міндетті тәуекел. Денсаулық сақтау, білім және спорт басқармаларына нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл жұмысты күшейту қажет, өйткені жастардың денсаулығы – біздің қоғам болашағының басты факторы. Халықтың қауіпсіздігі үшін қоғамдық орындарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердің аулаларында бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камераларын орнату қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттырады», - деп облыс әкімі алға қойылған міндеттердің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/902104
Ақтөбе облысының үшжылдық бюджеті бекітілді 13.12.2024
Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында алдағы үш жылға арналған өңірдің бюджеті бекітілді.Сессияға облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.Отырыста алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов баяндама жасап, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы кеңінен айтып берді.«Алдағы үш жылға арналған облыстық бюджет жобасы 1,5 триллион теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 2025 жылға – 439,3 миллиард теңге, 2026 жылға – 515,3 миллиард теңге, 2027 жылға 538,7 миллиард теңге бөлінеді. Келер жылғы облыстық бюджеттің кіріс бөлігіне тоқталсақ, меншікті кірістерден – 47,8 миллиард теңге, республикалық бюджеттен берілетін субвенциялардан — 318,0 миллиард теңге, Ақтөбе қаласы және аудан бюджеттерінен түсетін трансферттерден – 59,1 миллиард теңге, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді өтеуден 14,4 миллиард теңге түседі деп жоспарлануда. Ал бюджеттің шығыс бөлігіне келсек, жобаның 68 пайызы немесе 297 миллиард теңгесі әлеуметтік салаға бағытталады. Сондай-ақэкономиканың нақты секторына, яғни құрылыс, энергетика, жолдар мен ауыл шаруашылығы, сондай-ақ бизнесті дамытуға 91 миллиард теңге немесе шығыстардың 21 пайызы жоспарлануда», — деді Н.Мақсатов.Облыстық бюджеттің негізі бағыттарына тоқталсақ, облыстық құрылыс басқармасына — 18 млрд.теңге,автомобиль жолдары басқармасына — 34 млрд.теңге, энергетика басқармасына — 11,4 млрд.теңге, білім басқармасына — 231,8 млрд.теңге,денсаулық сақтау басқармасына — 13,4 млрд.теңге, жұмыспен қамту басқармасына — 19,6 млрд.теңге, спорт басқармасына — 21,7 млрд.теңге, мәдениет басқармасына — 7,9 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы басқармасына — 12,3 млрд.теңге, ветеринария басқармасына — 3,9 млрд.теңге, табиғи ресурстар басқармасына — 2,6 млрд.теңге,кәсіпкерлік басқармасына — 2,6 млрд.теңге, полиция департаментіне — 17,1 млрд.теңге, төтенше жағдайлар департаментіне — 2 млрд.теңге, цифрлық технологиялар басқармасына — 5,5 млрд.теңге, ішкі саясат басқармасына — 1,6 млрд.теңге, жастар мәселелері басқармасына 633 млн.теңге қаржы бөлу жоспарлануда.Жиын барысында облыстық мәслихат депутаттары жауапты басқарма басшыларына өз сауалдарын қойып, бірқатар мәселені көтерді.Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев Ақтөбе облысы бойынша экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы хабарлама жасады.Жалпы сессия отырысында 19 мәселе қаралып, аталған мәселелер бойынша депутаттарбаяндамашыларға өз сауалдарын қойды.Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров жыл бойы нәтижелі жұмыс істеген депутаттар қауымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындауда бірлесе еңбек етуге шақырды.«Биыл өңірімізде су тасқыны болғанына қарамастан, біраз мәселе шешілді. Алдағы уақытта алдымызда көп міндет тұр. Біз үшін басты міндет — қазынаның қаржысын тиімді жұмсап қана қоймай, оны игеруде жауапкершілікпен нәтижелі жұмыс істеу. Бұл бағытта басқарма басшылары жан-жақты жұмыс атқаруы керек.Өздеріңізге белгілі, осыған дейін комиссия отырыстарында біраз мәселе қамтылды. Бүгінде өңірімізде тұрғындарды газбен, ауызсумен, жалпы инфрақұрылыммен қамту мәселесі өте өзекті. Бұл тұрғыда біз бақылауды күшейтіп, қаржыны тиімді игеруге ерекше назар аударуымыз керек. Кешегі жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Хромтау ауданындағы білім ошақтарын қарап шықты. Президент шағын жинақты мектептер мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін, ауыл балаларына сапалы білім беруде барлық жағдай жасалуы тиіс екенін тапсырды. Бұдан бөлек, енді жұмысшы мамандықтар санының артуына да ден қоюымыз керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, ветеринария салаларын дамытуға жағдай жасауға тиіспіз. Бұл бағытта биыл басталған жұмыстар келер жылы жалғасатын болады. Біз үшін бастысы — өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, Президент тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындау», — деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/902142
Абай облысының жас таланттарына грант берілді 13.12.2024
Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсына Абай облысының қалалары мен аудандарынан дарынды жастардан 150-ге жуық өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссия үздік 5 жобаны таңдап алды. Олардың әрқайсысы өз жобасын іске асыруға 1 млн теңге иеленді.Гранттар бизнес, медиа, мәдениет, ғылым және ақпараттық технологиялар сияқты 5 бағыт бойынша берілді.«Мемлекет басшысы біздің жалынды жастарға сенетінін әрдайым айтып жүреді. Бүгінгі марапат-сіздердің жобаларыңыз үшін қоғамның сенімінің айқын көрсеткіші. Баршаңызға жаңа жетістіктер мен идеялар тілеймін, - деп атап өтті Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902182
“Бүркіттің” даңқты жолы: арнайы мақсаттағы бөлімшенің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті 13.12.2024
Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияның концерт залында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн ширек ғасыр бойы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғайтын элиталық бөлімше тарихындағы маңызды кезең болды.1999 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Қайырбек Сүлейменов ІІМ ішкі әскерлерінің құрамында «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағын құру туралы бұйрыққа қол қойды. Жаңа бөлім ішкі әскерлердің арнайы күштерінің алғашқы оқу-жаттығу ротасының мұрагері деуге болады, себебі сол рота негізге алынып, одан әрі дамып, нығая түсті. Бүгінде «Бүркіт» – Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан мықты, жоғары кәсіби және мобильді жасақтарды құрайтын беделді бөлімше.Арнайы күштерде қызмет ету оңай емес, бірақ оның қатарына қосылу одан да қиын. Кандидаттарды іріктеу қатаң критерийлер бойынша жүргізіледі, онда дене шынықтыруға, жауынгерлік қасиеттерге, төтенше жағдайларда бағдарлау қабілетіне және жүйке жүйесінің тұрақтылығына ерекше назар аударылады. Осы талаптардың барлығы «Бүркіт»жауынгерлерінің алдына қойылған күрделі міндеттерді орындау үшін қажет.Бөлімше Ішкі істер органдарымен бірлесіп, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау жөніндегі операцияларға қатысуды, заңсыз қарулы құралымдармен күресуді, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердегі диверсиялардың алдын алуды, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуді, кепілге алынғандарды босатуды және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді іске асырады, бұдан да бөлек міндеттердің кең спектрін орындайды. Сондай-ақ «Бүркіт» сарбаздары терроризмге қарсы операцияларға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, төтенше немесе әскери режим жағдайында жекелеген міндеттерді орындауға қатысады.Бөлімше қызметкерлері жыл сайын өздерінің жоғары дайындықтарын халықаралық деңгейде растайды. Арнайы күштердің жауынгерлері «Арнайы күштер олимпиадасы» деп аталатын «UAE SWAT Challenge» жарыстарына қатысады. Екінші жыл қатарынан «Бүркіт» өкілдері өздерінің дағдыларын көрсетіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған арнайы бөлімшелер арасында көш бастап тұр. Сондай-ақ жасақ жауынгерлері шетелдерде дайындықтан өтіп, өзге елдегі әріптестерімен тәжірибе алмасады, бұл олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.Салтанатты шарада «Бүркіт» жауынгерлерін Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков құттықтады. Ол арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлаудың жоғары деңгейі мемлекет пен оның азаматтарының қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.— Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін, сондай-ақ елдің басқа да арнайы органдарын даярлаудың жоғары деңгейі мемлекетіміздің, азаматтарымыздың қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге бағытталған. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, төзімділіктеріңіз және борышқа адалдықтарыңыздың арқасында еліміз өз қауіпсіздігіне сенімді бола алады. Сіздердің әрқайсыларыңыз күн сайын азаматтар мен мемлекетті қорғай отырып, ең қиын сын-қатерлермен күресуге дайын екендіктеріңізді көрсетіп жүрсіздер. Бұл шын жүректен құрметке лайық орасан зор еңбек. Сіздерге мықты денсаулық, мемлекетіміздің игілігі жолындағы қызметте табыс тілеймін, — деді Аңсаған Балтабеков.Айтпақшы, «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелері құқықтық тәртіп әскерінің элитасы болып саналады. Оның жауынгерлері — батылдықтың, кәсібиліктің және Отанға деген адалдықтың айқын үлгісі. Олардың көпшілігі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Қиындығымен танымал арнайы күштердің күрең береті мен төсбелгісіне арналған сынақтар кез-келген қиындықтағы тапсырмаларды орындауды көздеген жоғары дайындықтың символы болып қала береді.Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Алматыда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің ерлігі мен адалдығы туралы «Бүркіт” арнайы мақсаттағы жасақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Кинокартина Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы бойынша түсірілді. Жобаға дрим-касталардың үздік қазақстандық актерлері жұмылдырылды. Монтаждау жұмыстарын Голливудтан келген монтаж режиссері жүргізді.«Бүркіт» бөлімшесінің жауынгерлері 25 жыл ішінде мемлекет пен оның азаматтарының сенімді тірегі бола отырып, өз борышына адалдықтарын көрсетті.Іс-шара ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды. 5573 әскери бөлімінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыстан қойылым ұсынды. «Бүркіт ұландары – ерлік жолында» әнімен «Бүркіт» бөлімшелерінің көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздары — 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және Ән-би ансамблінің ерлер хорының солистері өнер көрсетті. Кешті ансамбль солистері триосының орындауындағы “Біз болмасақ, онда кім?!» және Ұлттық ұлан гимніне айналған “Елдің қорғаны» әндері қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/901336
Мемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары «Талдықорған» индустриялық аймағында орналасқан «ASMA INDUSTRIAL» өндірістік аккумулятор шығару зауытының жұмысымен танысудан басталды.Құны 8,5 миллиард теңгені құрайтын жоба былтыр қолға алынып, алдымен ғимараты жаңартылған. Бюджет қаражатына электр жабдықтары орнатылып, кәріз және газдандыру желілері тартылған. Аумағы 14,3 гектар болатын зауыт биылғы 6 желтоқсан күні іске қосылды.Президентке өндіріс орнын таныстырған «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС құрылтайшысы әрі зауыт директоры Серікбай Ажмағамбетовтің айтуынша, мұнда мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, теміржол саласында, сондай-ақ «жасыл» энергетикада үздіксіз энергия көзі ретінде қолданылатын өндірістік аккумулятор батареялары шығарылады.Мемлекет басшысына баяндалған мәліметтерге сәйкес, зауыт толық қуатына шыққанда 180 жұмыс орны құрылып, жылына 210 мың аккумулятор өндіреді. Дайындалған өнімнің 60 пайызын ТМД және Балтық елдеріне экспорттап, қалған 40 пайызын отандық нарықта сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ іске қосылған алғашқы жылы бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық төлейді.Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады. Атап айтқанда, «Казцинк» ЖШС-тен қорғасын, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ-дан күкірт қышқылын алса, сепаратор мен полипропиленді Қытайдан импорттайды.Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, еліміздегі өндірістің рөлі туралы айтты.– Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз, – деді Президент.Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді.Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыМемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/901941
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.Облыс әкімінің айтуынша, биылғы І жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнім 6,2 пайыз өсіммен 781 миллиард теңгені құраған. Ал жыл аяғында 7,1 пайыз өсімге қол жеткізілмек. Он айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,8 пайызды көрсеткен.Ауыл шаруашылығының дамуында оң динамика бар. Сондай-ақ өндіріс көлемі, өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары ілгерілей түскен. Биыл өңірде 247,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,1 пайызға артық.Мемлекет басшысына жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде есеп берілді.Жыл басынан бері 1,3 есе өсіммен 327,1 миллиард теңге инвестиция тартылған. Осы ретте жеке инвестициялар саны 1,6 есе өскен. Бейбіт Исабаев 2024-2030 жылдарға арналған құны 3,5 триллион теңге болатын инвестициялық портфель қалыптастырылғанын жеткізді. Оның аясында 190 жоба қолға алынып, 11,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Биыл 54,9 миллиард теңгені құрайтын 48 жоба іске асырылып жатыр.Бұдан бөлек, өңірдегі өнеркәсіп саласы туралы айтылды. Жетісу облысында 549 кәсіпорын тіркеліп, 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биылғы он айда өнеркәсіп өндірісі 3,9 пайызға өскен.Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі тың бастамаларды құптады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыПрезидент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/901984
Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді.1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты.Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыПрезидент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902069
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты 13.12.2024
Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді.Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған. Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған. Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылған. Жеке инвестор салған ғимараттың ауданы – 3866,5 шаршы метр.Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.Команда мүшелері қолайлы жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, волейбол добына қолтаңба қалдыруын сұрады.Дереккөз: ҚР Президентінің ресми сайтыhttps://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-zhetisu-voleybol-klubynyn-zhay-kuyimen-tanysty-1211549Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902136
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді 13.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу-Қолдау» қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты.Халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратта Үстел теннисі ойындары және спорттық туризмге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі орналасқан.Мектеп директоры Мерей Сүйіновтің айтуынша, қазір мұнда 600-ден астам оқушы теннистен бөлек, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі және спорттық туризм секцияларына қатысады. Олардың арасында 33 спорт шеберіне үміткер, 41 бірінші разрядты спортшы бар.Президентке Жетісу облысындағы спорт инфрақұрылымының дамуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, қазір Алакөл ауданының Лепсі ауылында және Текелі қаласында дене шынықтыру кешендері, Панфилов және Сарқан аудандарында спорт кешендері салынып, Талдықорғандағы Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шағын ауылдарда бұқаралық спортты дамыту үшін модульдік кешендер салу қолға алынды. Дереккөз: ҚР Президентінің ресми сайтыhttps://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-taldykorgandagy-ustel-tennisi-ortalygyn-aralap-kordi-1211298 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902138
Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады 13.12.2024
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстырды. Халықаралық жасанды интеллект орталығының мақсаты – Қазақстанды жасанды интеллектке бағытталған мемлекетке айналдырып, қоғамдық және экономикалық өмірдің барлық салаларында жасанды интеллект технологияларын дамыту мен инновацияларды ілгерілету. Аlem.ai орталығы ғылым, өнеркәсіп, шығармашылық индустриялар мен мемлекеттік қызметтер сияқты негізгі салаларда технологияларды дамытуға бағытталған. Сондай-ақ орталық инвестиция тарту және стартаптарды қолдау үшін жасанды интеллект экожүйесін құруға ықпал етеді. Орталықтың құрылуы Қазақстанның жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 2029 жылға қарай 5 млрд долларға дейін арттыруға, жасанды интеллекттің дамуы есебінен технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын қамтамасыз етуге және Астананы Орталық Азиядағы жасанды интеллект технологияларының жетекші орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Жобаның аясында жыл сайын түрлі салалардан шамамен 10 000 талантты тарту, кемінде 1000 жасанды интеллект маманын даярлау, шамамен 100 жасанды интеллект стартапын іске қосу және жасанды интеллект саласында 10 ғылыми зерттеу жүргізу жоспарланған. Орталықтың бірінші қабатында жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге арналған форумдар мен ашық дәрістер өткізуге арналған қоғамдық кеңістік және AI мұражай орналасады. Бұл кеңістік әзірлеушілер, студенттер, ғалымдар және түрлі сала сарапшылары арасында білім алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұнда жасанды интеллект саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері, стартаптарға арналған хакатондар мен байқаулар тұрақты түрде өткізіліп, инвесторлар мен серіктестерді тарту арқылы одан әрі дамыту жүзеге асырылады. Екінші және үшінші қабаттар TUMO School мектебіне арналған. Бұл мектеп 9–12 сынып оқушыларына бағытталған және Астанадағы 42 000-нан астам оқушы бағдарламалау, робототехника және басқа да шығармашылық технологиялар бойынша инновациялық ойлауды дамыту және IT саласында табысты мансапқа дайындық бағдарламаларына қатыса алады. Екінші қабатта 206 орынға арналған оқу және сабақ өткізу орындары, ал үшінші қабатта тағы 348 орын қосылады. Ғимаратта топтық сабақтарға, конференция залдарына және практикалық жобаларды жүзеге асыруға арналған зертханалар қарастырылған. Төртінші және бесінші қабаттарда Tomorrow School мектебінің студенттері оқиды. Tomorrow School – бұл Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект бойынша peer-to-peer (тең-теңімен оқыту) мектебі, оны 2024 жылдың қазан айында Astana Hub технопаркі іске қосты. Бұл мектеп 01 Edu платформасында эксклюзивті түрде жұмыс істейді және бағдарламалау бойынша алдын ала білімді қажет етпей, жасанды интеллект саласында тегін білім алуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Алғашқы және екінші лекке 5 000-нан астам өтініш түсті. Бірінші лек аясында 120 адам «бассейннен» өтті, оның ішінде тек 30%-ы негізгі оқуға қабылданды. Екінші лекте 190 студент оқуда. Орталық аясында одан да көп студенттерді жасанды интеллект дағдыларына үйрету жоспарланған. Алтыншы қабатта жасанды интеллект кампусы – стартаптарды акселерациялау қарастырылған. Мұнда инновацияларды қолдау, алдыңғы қатарлы технологияларды дамыту және тұрақты кәсіпкерлік экожүйесін құру арқылы жылына жаңа жасанды интеллект стартаптарын іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда Astana Hub экожүйесінде 1 500-ден астам қатысушы, оның ішінде жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін 150 стартап тіркелген. Технопаркта AI’Preneurs арнайы акселерациялық бағдарламасы іске қосылды, ол түрлі салалардағы үздік мамандарды стартап командаларын құру және инновациялық жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу үшін біріктіреді. Бағдарлама төрт айға созылатын интенсивті процесс ретінде ұйымдастырылған, оның барысында қатысушылар команда құрудан бастап идеяларды генерациялауға, стартап құруға және нарыққа шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді өтеді. Бірінші лек аясында 250 өтініш түсіп, 50 дарынды маман – әзірлеушілер, инженерлер, менеджерлер және кәсіпкерлер таңдалды. Қатысушылар 21 жасанды интеллект стартапын құрды, оның ішінде 9 жоба сәтті акселерациядан өтті, ал ең үздік 7 команда Seed Money бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Жетінші қабатта ғылыми-зерттеу зертханалары орналасады, онда жасанды интеллект саласындағы түрлі зерттеу жобалары арқылы инновацияларды дамыту және ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сегізінші қабатта мемлекеттік процестерді талдау және басқару үшін GovTech шешімдері мен ситуациялық орталық қарастырылған. Министр Жаслан Мәдиев қазіргі уақытта Telegram, TON, Tether, Indrive, Google және басқа да компаниялардың кеңселерін Орталыққа орналастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл компаниялар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға және жаңа жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуге қатысады. Бүгінгі таңда Astana Hub инфрақұрылымында Playrix, TikTok, inDrive, EPAM, Glovo, DAMUMED, Presight.ai және басқа да ірі халықаралық компаниялардың кеңселері орналасқан. Мемлекет басшысы ЭКСПО-ның қолданыстағы экожүйесінде жасанды интеллект орталығын құру тұжырымдамасын мақұлдады. 7 жыл бойы Нұр Әлем көрме орталығы келушілерін қуантты. Бұл жобаға болашақтың жаңа энергиясы - жасанды интеллектті дамыту үшін қолданатын уақыт келді. Орталық 2025 жылы ашылып, жалпы ауданы 20 000 м² болады және ол ЭКСПО-ның қолданыстағы экожүйесіне интеграцияланады. Бұл орталық Қазақстандағы жасанды интеллект индустриясының дамуына қолдау көрсететін, зерттеулерді, жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуді және инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін маңызды элементке айналады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/901676
Қазақстан құрамасы IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті 12.12.2024
Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті. Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды: Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы; Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы. Команда жетекшілері:• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Анықтама:IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстан құрамасын, команда жетекшілерін, ұстаздар мен ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/901517
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды 12.12.2024
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан Шымкент, Орал қалаларында пилоттық жоба шеңберінде іске асырылуда. 20 қарашадан бастап Орал қаласы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ваучерлік қаржыландыру енгізілетін пилоттық қалалардың біріне айналды, бұл 3 177 ваучер беруге мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта Оралдағы барлық 185 мектепке дейінгі ұйым ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда. Естеріңізге сала кетейік, енгізіліп жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына белгіленген талаптарға сай болған жағдайда бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал етеді. Жүйе ең алдымен, «Балаға берілетін ақша» қағидатымен бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін шартты қарастырады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналардың баланың балабақшаға бару табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Айта кетейік, ваучерлік қаржыландыру механизмін масштабтау өңірлердің дайындығына қарай келесі жылдан бастап жоспарланған. Анықтама: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/901520