Қоғам
Су ресурстары және ирригация министрлігі One Water Summit аясында Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 04.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен (ХҚҚДБ) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макронның қатысуымен Сауд Арабиясында өтіп жатқан One Water Summit халықаралық саммитінде құжатқа қол қойылды.Меморандум су ресурстарын басқару, су тасқыны мен құрғақшылық қаупін басқару, суарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ су ресурстарын есепке алу мен мониторингін цифрландыру бойынша тәжірибе мен озық әдіс-тәсілдерді алмасуды көздейді. Тараптар су ресурстарын басқару және инженерия саласында білімді тереңдету үшін бірлескен тренингтер, семинарлар, жұмыс кездесулері мен конференциялар ұйымдастыратын болады.Сондай-ақ, келісімде зерттеу, инновация мен технологиялар саласында да ынтымақтастық қарастырылған. Атап айтқанда, қашықтықтан зондтауды қолдана отырып дерек жинау бағытында серіктестік орнатылады.«Меморандум экологиялық жағдайды жақсарту және су ресурстарын басқару, соның ішінде Солтүстік Арал теңізі бойынша да маңызды іс-шараларды іске асыруға бағытталған. Құжат ең алдымен, Арал теңізі бассейнінде және оған жақын аймақта өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеуді көздейді. Аралды сақтау мәселесінде шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнату маңызды рөл атқарады және министрлік бұл процеске халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарын белсенді түрде тартуда»,– деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/895962
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 3 су қоймасы мен 11 су торабында жөндеу жұмыстарын аяқтады 04.12.2024
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 3 су қоймасы мен 11 су торабында жөндеу жұмыстарын аяқтады. Су тасқыны кезеңінде нысандардың қауіпсіздігін жақсарту үшін жабдықтарды жаңарту және конструкцияларды нығайту іс-шаралары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/896178
Табиғи қорықтардағы көлдерді қалпына келтіру, Арал мен Балқашты сақтау: Қазақстан One Water Summit аясында 5 негізгі бастама ұсынды 04.12.2024
Қазақстан One Water Summit аясында су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша 5 негізгі бастама ұсынды. ҚР Президентінің Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменова еліміздің су саясаты және экологиялық ынтымақтастық бағытындағы жоспарымен бөлісті.Атап айтқанда, Қазақстан БҰҰ-ның су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялауға ниетті. Бүгінде еліміз трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ Конвенциясының, сондай-ақ Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының қатысушысы болып табылады. Францияның даму агенттігімен бірлесіп әзірленген ауыл шаруашылығында суды пайдалану тиімділігін арттыру бағдарламасын іске асыру – осы бағыттағы тағы бір маңызды қадам болады.Негізгі бастамалардың бірі – Қазақстанның экожүйені сақтауға бағытталған Freshwater Challenge жаһандық бағдарламасына қосылуы. Аталған бағдарлама аясындағы алғашқы жоба Науырзым қорығындағы Ақсуат көлдер жүйесін қалпына келтіруді көздейді.Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда Солтүстік Арал мен Сырдария өзені атырабының инфрақұрылымын дамытуға және гидрологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр.Бірегей Балқаш көлі де назарда. Еліміздегі ірі жеке компаниялардың бірі «Қазақмыс» Балқаштың экожүйесін, сондай-ақ іргелес сулы-батпақты жерлерді сақтауға және қорғауға 5 млн доллар көлемінде қаржы бөледі.«Ел ішіндегі су айдындары да көңіл бөлуге лайық. Солардың бірі – теңдесіз Балқаш көлі. Оның суының жартысы тұзды, ал қалған бөлігі тұщы. Оңтүстік бөлігі Рамсар конвенциясының сулы-батпақты аймағына жатады. Қазақстанның жетекші жеке компанияларының бірі — «Қазақмыс» корпорациясы көлдің экожүйесін сақтауға бағытталған жобаларға 5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлетінін жариялағым келеді. Біз жеке сектор өкілдерінің климаттық сын-қатерлермен күресуге батыл шешім қабылдап, су экожүйесін сақтауда белсенділік танытқандарын мақтан етеміз», - деді Сүлейменова.Айта кетейік, One Water Summit алаңдарында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Францияның даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) арасында үшжақты келісімге қол қойылды.AFD және BRGM-мен келісім Балқаш көлі бассейніндегі су ресурстарын зерттеу мен тұрақты басқаруға бағытталған. Құжат судың жай-күйін өлшеу мен талдау, климаттық және антропогендік әсерлерді модельдеу, сондай-ақ 2040 жылға дейін су балансын болжауды қарастырады.Жоба мақсаттарының бірі – Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандыру үшін Қапшағай су қоймасының жұмыс кестесін оңтайландыру. Зерттеу нәтижесі бойынша өзендерді тазарту, топырақтың тозуы мен судың ластануын болдырмау, балық шаруашылығы мен экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ көлді қорғау үшін нормативтік-құқықтық база құру жөніндегі іс-шаралар қабылданады.Бесінші бастама – Су мұнаралары серіктестігі жобасы ғылыми зерттеулерді, жас гляциологтарды қолдау және жергілікті мұздықтар туралы білімді жинақтау арқылы мұздықтар туралы білім берудегі олқылықтардың орнын толуға жаһандық күш-жігерді біріктіруге бағытталған.Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті One Water Summit ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін Францияға, Сауд Арабиясына және Дүниежүзілік банк тобына алғыс білдірді.One Water Summit 2024 су ресурстарын басқару және халықаралық деңгейде бірлескен шешімдерді әзірлеуге қатысты жаһандық сын-қатерлерді талқылауға арналған алаң болды. Қазақстандық бастамалардың тұсаукесері – еліміздің тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібіндегі белсенді қатысушы ретіндегі рөлін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/896268
ҚР ТСМ Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен тәртібіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр 04.12.2024
Спорттық атақтар мен разрядтарды беру жүйесін жетілдіру аясында спорттың барлық түрі бойынша, оның ішінде спорттық акробатика және көркем гимнастика сияқты спорт түрлеріне өзгерістер енгізуді көздейтін жаңа бұйрық жобасы әзірленді.Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген нормалар мен талаптармен реттеледі.Бұл ретте өтінімдерді беру тәртібін қоса алғанда, өтінім беру жүйесінің өзі спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру мен олардан айырудың барлық тетігін реттейтін 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықпен айқындалады.Өзгерістер енгізіліп жатқан жаңа бұйрық көптеген спорт түрі бойынша нормаларды, соның ішінде республикалық аккредиттелген спорт федерациялары әзірлеген көркем гимнастика және спорттық акробатика бойынша балдық бағалау жүйесін енгізуді көздейді. Осы уақытқа дейін аталған спорт түрлеріндегі атақтар мен разрядтар тек жүлделі орындар негізінде берілетін.Сонымен қатар жаңа нормалар спорттың барлық санаттары: олимпиадалық, паралимпиадалық, ұлттық, олимпиадалық емес, техникалық, әскери-қолданбалы және басқалар үшін атақтар мен разрядтарды беруге бірыңғай тәсілді енгізуді көздейді. Бұйрық жобасында бейінді спорт федерацияларымен ынтымақтастықта әзірленген барлық спорт түріне қойылатын талаптар нақтыланады.Жаңа бұйрықтың талаптарын орындаған спортшылар жаңартылған нормалар күшіне енгенге дейін жарыстарда қол жеткізген нәтижелерді қоса алғанда, атақтар мен разрядтарды беру құқығын сақтайды.Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне келісуге жіберілді. Құжат 2025 жылдың қаңтарында бекітіледі деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/896376
Қазақстандықтар енді өзін құмар ойындардан 10 жылға дейін шектей алады 04.12.2024
Бұған дейін азаматтар өзін құмар ойындардан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге шектей алатын. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды. Қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы пайдалануға болады.Аталған қызмет өтінімдерді өңдеу уақытын қысқартуға және өзін құмар ойындардан шектеу жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен онлайн букмекерлік платформаларға кіруді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдар үшін қолжетімді екенін атап өткен жөн.🔺Қызметті пайдалану үшін мынадай қадамдар жасау қажет:🔹 eGov mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» → «Спорт» бөлімін таңдаңыз;🔹 «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу қою» қызметін таңдаңыз;🔹 Шектеудің аяқталу жылын және айын көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;🔹 Өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.Өтініш бергеннен кейін қолданушы құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылған тұлғалар тізіміне автоматты түрде енгізіледі және өтініш кері қайтарылмайды. Бұған дейін шектеу қойғандар үшін мерзімді ұзарту мүмкіндігі де бар.Жаңартылған қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетімен бірлескен жұмысының нәтижесінде енгізілді.Айта кетейік, бүгінге дейін 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/896378
Қытаймен арадағы автомобиль көлігі арқылы жүк тасымалы жыл сайын екі еседен астам өсуде 04.12.2024
2023 жылға дейін отандық тасымалдаушылар жылына 50 мың рейс орындаса, биыл бұл көрсеткіш 230 мыңға жетіп отыр.Тауарларды тасымалдауға қытайлық рұқсат бланкілерін беруді одан әрі жеңілдету мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап мұндай рұқсаттарды электронды түрде беру туралы Қытай тарапымен келісімдер жасалды.Өтінімдер elicense.kz порталы арқылы автоматты түрде қабылданады, егер:1) шетелдік рұқсатты қолдану/қолданбау туралы рұқсат куәлігінің болуы;2) шетелдік рұқсатты қолдану/қолданбау туралы автокөлік құралдарына рұқсат карточкасының болуы;3) Бюджетке алым сомасын төлеген жағдайда (бланк құны 1 АЕК)Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы – Әлі А.С., отандық тасымалдаушыларға электронды рұқсат бланкілерін алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүктерді автомобильмен тасымалдау саласындағы басқа да сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/896274
Елден заңсыз шығарылған активтер ҚР ІІМ Интерполы арқылы қайтарылатын болады 04.12.2024
Астанада Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Бұл қадам экономикалық қылмыстармен және активтерді заңсыз шығарумен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.Меморандум аясында тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру, активтерді қайтару және заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруге келісті.– Меморандум ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару бойынша жаһандық күш-жігерді нығайтуға деген шешімімізді көрсетеді, – деп атап өтті ІІМ Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан.Мұндай серіктестік халықаралық тергеулерге қолдау көрсету және мемлекеттер мен олардың азаматтарына тиесілі қаражатты қайтару арқылы экономикалық қылмыстарға неғұрлым жедел және тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді.Өзара көмек туралы меморандум елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ортақ міндеттерді шешу үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен тұрақты платформа құруға негіз қалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/895826
Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында үш жоба іске қосылды 04.12.2024
Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау секторында 3 жаңа өндіріс іске қосылды. Олардың жалпы құны - 5,7 млрд теңгені құрайды. Жобаларды іске асыру 172 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.«Кәсіпорындар өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын, тіркеме және аспалы техниканы, жаңбырлатып суару жабдықтарын, терең қопсытқыштарды және басқа да техниканы шығара бастады. Өнімдердің басым бөлігі елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.Іске қосылған аталмыш жобалар толық қуаттылыққа шыққанда, өндірілген өнім көлемі 107,3 миллиард теңгеге жетуі мүмкін деп болжануда.Дирекцияның мәліметінше, жалпы ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы инвестициялық портфель 26 миллиард теңгені құрайтын 10 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру 700-ден астам жұмыс орнын құруды көздейді.Қазіргі уақытта 18,4 млрд теңгені құрайтын бес жоба іске асырылу сатысында, олар 510-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Жобалар аясында комбайндар, тракторлар, ауыр тырмалар, астық тасымалдауға арналған көліктер және басқа да техника өндірілмек. Өндірілген өнімдердің басым бөлігі ішкі нарыққа бағытталатын болады.«Бұдан бөлек, шамамен 2 млрд теңге құрайтын тағы екі жоба қарастырылуда. Отандық инвесторлармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникаларының әртүрлі түрлерін өндіру және техникаларды жөндеу мен қызмет көрсету орталығын іске қосу жоспарлануда», – деп нақтылады дирекцияда.Сонымен қатар, салаға инвестициялар тарту мақсатында республикалық және жергілікті деңгейде арнайы экономикалық аймақтар аясында инвестициялық преференциялар, жеңілдетілген несие шарттары, салықтық жеңілдіктер сияқты қолдау шаралары көрсетілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/895837
Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды қабылдау жүргізді 04.12.2024
Бүгін, 4 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.Қатысушылар кәсіпорындарды қолдау және жағдай жасау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, азаматтар халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.Қанат Шарлапаев қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ Министр қабылдау қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/896354
Ақтау гарнизонында әскери теңізшілер дабыл арқылы көтерілді 04.12.2024
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жаңа оқу кезеңінің басталуымен жауынгерлік әзірлікті ауқымды тексеру жүріп жатыр.Мың жарымға жуық әскери қызметші, оның ішінде теңіз жаяу әскерлері мен басқа да бөлімшелер дабыл арқылы көтеріліп, жауынгерлік дайындықтың жоғары дәрежесіне көтерілді.Кемелердің орналасқан жерінде жауынгерлік дайындықтың әртүрлі аспектілері, оның ішінде диверсияға қарсы іс-шаралар мен тактикалық операциялар тексерілді. Кеме экипаждары Каспий теңізіне шығып, нақты ұрыс жағдайына жақын тиімді әрекет ете білу қабілетін көрсетті. Теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері де дайындықтың жоғары нәтижелерімен ерекшеленді. – Өткізілетін іс-шаралар – армия бөлімшелері үшін жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі. Қажет болған жағдайда әрбір әскери қызметшінің сауатты және тиімді, ал бөлімшелердің жедел әрі үйлесімді әрекет етуі үшін тұрақты жаттығулар мен тексерулер қажет, – деп түсіндірді әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің күштері мен құралдарын тексеру сценарийлердің кең спектрінен қамтиды. Ол жеке құрамның төтенше жағдайларда әрекет ету дағдылары мен машығын жетілдіруге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/895903
Астанада тұқым күніне орай «ТҰҚЫМ-2025» IV Халықаралық конференциясы басталды 04.12.2024
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған Конференция ауыл шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және агрономия саласындағы мамандарды жинады.Іс-шараның ашылуында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен Аграрлық экономикасын қамтамасыз ету үшін тұқым шаруашылығының маңыздылығын атап өтті.Ол тұқым өсіру мен өндіруге заманауи көзқарастың шешуші рөлін, сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін атап өтті.Шараның алғашқы күнінде көрме мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, онда қатысушылар өздерінің ғылыми жетістіктерін таныстыруға және Қазақстандағы тұқым шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.Сондай-ақ конференцияда селекциялық және тұқым шаруашылығы жүйесін дамыту стратегиясына арналған сессия отырысы өтіп, мамандар осы саладағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді талқылады.Екінші күні селекция мен биотехнологияның заманауи әдістеріне арналған семинарлар мен презентациялар жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895979
Қазақстан халықаралық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуда: БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған үш резолюцияны бекітті 04.12.2024
Нью-Йорк, 2024 жылғы 2 желтоқсан – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан бастамашы болған ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға, қарусыздануға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға бағытталған үш резолюцияны бекітті.Қазақстан БҰҰ-ны баламасыз және әмбебап халықаралық құрылым ретінде қарастырып, жаппай қырып-жоятын қарудың барлық түрлеріне тыйым салу мәселелері бойынша түбегейлі ұстанымдарын сақтай отырып, мультилатерализмге және БҰҰ институттарымен тығыз ынтымақтастыққа деген бейілділігін тағы да растады. Тұңғыш рет БҰҰ-ның Бірінші комитетінде қарастырылған үш қазақстандық резолюция қатарынан Бас Ассамблеяның қарауына ұсынылып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан қолдау тапты.БҰҰ Бас Ассамблеясы «Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияны нығайту және институционализациялау» резолюциясын бірауыздан қабылдады. Резолюция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ұсынған бастамасын жалғастырып, Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру мүмкіндігін жан-жақты қарастыруға шақырады. Құжатты Орталық Азияның барлық елдерін қоса алғанда, он бес мемлекет тең автор ретінде қолдады.«Ядролық қару мұрасының мәселесін шешу: ядролық қаруды қолданудан немесе сынақтан зардап шеккендерге және мүше мемлекеттер үшін қоршаған ортаны қалпына келтіруге көмек көрсету» резолюциясы Қазақстан мен Кирибати бастамасымен ұсынылған және ядролық қаруды қолдану немесе сынақтардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін күш-жігерді біріктірудің қажеттілігі туралы әлемдік қауымдастыққа маңызды белгі болды. Ядролық сынақтардың зардабын бастан өткерген Қазақстан ядролық қауіп-қатерді жою және зардап шеккен өңірлердің экожүйелерін қалпына келтіру жолында дәйекті түрде күш салуда.Оған қоса «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация» резолюциясы қайта қабылданды. Алғаш рет 2015 жылы қабылданған бұл резолюция халықаралық қауымдастықтың ғаламдық ядролық қарусыздануға деген міндеттемесін атап көрсетіп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге бағытталған халықаралық күш-жігерді біріктіреді.Қазақстанның бастамалары оның сенімді «орта держава» ретіндегі мәртебесін, халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі жауапты қатысушы және дамушы елдердің мүдделерін ілгерілетудегі көшбасшы ретіндегі рөлін растайды. Қазақстан ұлттық, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, қазіргі заманғы халықаралық мәселелерге тиімді шешімдер ұсынуды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/895891
Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобы мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтті 04.12.2024
Астана, 2024 жылғы 3-4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобы мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтті.Іс-шараға қатысушылар Қазақстан төрағалығымен әзірленген ұйым Жарғысының жобасы бойынша пікір алмасып, АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарауына ұсынылған құжаттардың жобаларын талқылап, Кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбайдың Хатшылық жұмысының қорытындылары туралы есебін тыңдады, сондай-ақ АӨСШК өлшемдерінің басым салаларындағы үйлестіруші және қос-үйлестіруші мәселелері қаралды.Отырыстар нәтижесінде аға лауазымды тұлғалар Сенім шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және АӨСШК Хатшылығының 2025 жылға арналған бюджетін бекітті, сондай-ақ Хатшылыққа ШЫҰ, ЕАЭО, БҰҰ-ның АТМЭӘК және Терроризмге қарсы басқармасы сияқты ұйымдармен сыртқы байланыстарды нығайту бойынша одан әрі жұмыс жүргізуге уәкілеттік берді.Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар АӨСШК-де бақылаушы мәртебесін алуға үшінші елдердің өтініштерін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/896293
Қазақстандағы бұлтты сервистерді пайдалануды реттеу мәселелері талқыланды 04.12.2024
2024 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасында бұлтты сервистерді (Cloud Policy) пайдалануды реттеу мәселелері бойынша воркшоп өтті. Air Astana, Google, FIBO Cloud, Microsoft, EPAM, EY және KPMG сияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары бұлтты технологиялар саласындағы реттеуші шектеулерді, сондай-ақ деректерді және бұлтты сервистерді реттеу мәселелерін талқылады.Қатысушылар инновацияларды енгізуге ықпал ететін теңдестірілген нормативтік ортаны қалыптастыру үшін жеке және мемлекеттік сектор арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев бұлтты технологияларды дамыту мен деректер қауіпсіздігі арасындағы теңгерімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.«Үкімет ЖИ-ді дамытуға қолайлы заңнамалық жағдайларды, деректерді өңдеу орталықтарын және жекелеген салаларды цифрландыруды заңнамалық реттеуді енгізуде. Цифрлық трансформацияны сәтті жүзеге асыру үшін барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген жұмысы қажет. Үкімет, бизнес, ғылыми қауымдастық және азаматтар ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктіруі маңызды», — деп атап өтті министр.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы аясында KPMG компаниясы Минцифрмен бірлесіп өзекті цифрлық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетуде.«Бұлтты технологиялар — бұл тек құрал ғана емес, бизнес пен қоғамды тиімдірек ететін өзгерістердің катализаторы. Оларды дұрыс енгізу қазіргі шектеулерді жеңуге ғана емес, Қазақстанды технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті KPMG Кавказ және Орталық Азиядағы басқарушы серіктесі және бас директоры Сәкен Жұмашев.Шетелдік инвесторлар кеңесінің цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының аясында және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Министрлік Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін, «Батыс-Шығыс» ұлттық гипермегатрассасын салу және халықаралық трафикті транзиттеу мен сақтауға арналған TIER-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталығын құру бойынша жобаны іске асыруда. Бұл жоба Еуропа мен Шығыс Азияның өзара байланысын Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жер үсті бағытымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құруға ықпал етеді.Сонымен қатар, BigTech компанияларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайтын, бұлтты технологияларға басымдық беруді (Cloud First Policy), үшінші тарап контенті үшін жеткізушілердің жауапкершілігінен босатуды және басқа да шараларды қарастыратын заң қабылданды.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастырып, келесі кездесуді Digital Almaty технологиялық форумы аясында кеңейтілген форматта өткізуге келісті. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/896080
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 41-ші отырысына қатысты 04.12.2024
Бүгін Астанада «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 41-ші отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «ExxonMobil Kazakhstan» және «KEGOC» АҚ сияқты мұнай-газ секторының ірі компанияларының басшылары қатысты.Энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов өз сөзінде Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі жүйелі жұмысы үшін қауымдастыққа алғысын білдірді. 2024 жылы Энергетика министрлігі «KAZENERGY» - мен бірлесіп инвестициялық ахуалды жақсартуға және мұнай-газ химиясы өнеркәсібін қолдауға бағытталған маңызды іс-шаралар өткізіп, негізгі құжаттардың жобаларын әзірледі.Жылдың маңызды оқиғасы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен саланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес болды, онда саланың негізгі бастамалары қолдау тапты.Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер келісіліп, қабылданды.Өз сөзінің соңында Энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов қауымдастықтың елдің мұнай-газ кешенін дамытудың негізгі мәселелерін іске асыруға бағытталған белсенді жұмысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/896310
А. Сарбасов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды 04.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, халықпен кездесу өткізді.А.Сарбасов жұмыс сапарын Қарағанды облысы Саран қаласының кәсіпорындарынан бастады. Ол «Tengri Tyres» ЖШС қызметімен танысты, онда жылына 3 млн-ға дейін автомобиль шиналары шығарылады. Вице-министр зауыт директорымен ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы шеңберінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.Бұдан кейін Ақмәди Сарбасов, халықаралық сапа стандарттарына сай келетін заманауи жолаушылар автобустарын, электр автобустарын және құрылыс техникасын шығаратын «QazTehna» ЖШС-де болды. Зауыттың жұмысымен танысқаннан кейін бірінші вице-министр кәсіпорын басшылығымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.Сондай-ақ, бірінші вице-министр Саран қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметімен танысты.Осыдан соң Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысының еңбек мобильділігі орталығына, «ИНВА СТО» кресло-арбаларды жөндейтін сервистік орталығына және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барды.Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығында бірінші вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, журналистерге брифинг өткізді.Жұмыс сапарының соңында бірінші вице-министр Кәсіподақ орталығында болып, онда мүгедектігі бар регрессшілермен кездесті. Кездесу барысында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/896114
ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің автопаркі жаңартылуда 04.12.2024
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы облысы гарнизонының өрт-құтқару техникасы паркі толықтырылды. Биік тұрғын үй кешендері мен ғимараттардың белсенді салынуын ескере отырып, Алматы облысы ТЖ департаментінің иелігіне көтергіш биіктігі 52 метр болатын автосаты және көтергіш биіктігі 24 метр болатын 2 бірлік механикалық сатылы өрт сөндіру автоцистернасымен толықты. Жетуі қиын жерлерде құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жеке құрамды жеткізуді және адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін автономды жолаушылар салоны бар өтімділігі жоғары автомобиль, «Toyota Hilux» автокөлігімен «Байкал» жоғары өтімді техникасы жеткізілді. Сонымен қатар Жедел-құтқару жасағының мүмкіндіктерін едәуір жақсартатын Marlin 830 қайығы сатып алынды. Бұл заманауи құтқару қайығы судан құтқару және шұғыл эвакуация операциялары үшін өте қолайлы. Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ескере отырып жасалған, ол ең қиын жағдайларда сенімділікті, ептілікті және жайлылықты қамтамасыз етеді. Департамент бастығының міндетін атқарушы Данияр Қасымов атап өткендей: «Жаңа арнайы техника төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896027
2024 жылы психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 000 адамға көмек көрсетті 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 2024 жылы еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бүгін орталықтар шамамен 240 000 мектеп оқушысы мен олардың отбасыларына көмек көрсетті.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық жұмысының тиімділігін бағалау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды нақтылау ескеріле отырып, жаңа тәсілдер енгізілгенін атап өтті.«Министрлік орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, штаттық кестені, қызметкерлердің біліктілігі мен материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарды бекітті. Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық кеңсе құрылды, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтіледі. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сәйкес орталықтардың жұмысын реттеуді жалғастыруда», — деп атап өтті вице-министр Еділ Оспан.Сондай-ақ, орталықтарды құрудың негізгі мақсаты балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын қолдау және нығайту үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру болып табылатынын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896188
Қазақстандық оқушыларға жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылуда 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жаңа оқу жылының жаңалықтарына тоқталды. Мәселен, 1 қыркүйектен бастап еліміздің балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 130 сабақтан тұратын жеке қауіпсіздік негіздері оқытыла бастады.Бүгінде балалар 10 аптаға жоспарланған барлық тақырыптарды, соның ішінде жеке қауіпсіздік негіздерін, қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін толық меңгерді. Оқу жылының соңына дейін олар цифрлық технологияларды, онлайн-тәуекелдерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ және сыни талдау жасау дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, зерделенген материалды қайталап бекітетін болады.«Бұл сабақтар балаларға өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беріп, практикалық дағдыларды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың әлеуметтік жауапкершілігі мен өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі. Біз әр баланың жасын және даму деңгейін ескере отырып, ол үшін сенімді қолдаушы орта қалыптастыруға тырысамыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.Айта кетейік, сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында ұзақтығы 10 минуттан жылына үш рет қайталанып өткізіледі. Сабақтарда материалды барлық жас топтарындағы балаларға қолжетімді және қызықты ету үшін практикалық кеңестер, оқытудың интерактивті әдістері, бейнелер мен ойындар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896287
Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады 04.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палата отырысында Бюджет кодексінің жобасын қарап, екінші оқылымда қабылдады.Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген жаңа экономикалық бағыт, әлемдік саяси сын-тегеуріндер мен геосаяси конъюнктураның белгісіздігі мемлекетіміздің қаржылық орнықтылығын, тұрақтылығын және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін елдің бюджет саясатындағы өзгерістерді талап етті.Жаңа Бюджет кодексінде мемлекет қаржысын басқарудың негізгі құралдарын белгілеуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін олардың нәтижелілігін арттыруға арналған тәсілдер көрініс тапты.Бюджет кодексінің жобасында мыналар көзделген:мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған есепке алу. Бюджет кодексін реттеу мәні кеңейтіліп,бюджеттің өзінен басқа мемлекеттің бюджеттен тыс активтері мен міндеттемелерінің барлық түрлерін қамтиды;артық кезеңдер мен бюрократияланған рәсімдерді алып тастау есебінен мерзімдерін екі есе қысқарта отырып, бюджеттік процесті оңтайландыру;оңтайландырылған бюджеттік процесті ескере отырып, мемлекеттік органдардың назарын бюджеттіжоспарлау кезіндегі сараптамалық жұмыстарға аудару;бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау сапасын арттыру;бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін, жауапкершілігін және бюджеттік процестің ашықтығын кеңейту.Бюджет кодексі жаңа редакцияда елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайла ржасауға мүмкіндік беріп, мемлекеттің экономикалық саясат пен әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруына оң әсер етеді.Мәжіліс қабылдаған Бюджет кодексінің жобасы қарап, келісу үшін Сенатқа жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/895954