Қоғам
2024 жылы психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 000 адамға көмек көрсетті 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 2024 жылы еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бүгін орталықтар шамамен 240 000 мектеп оқушысы мен олардың отбасыларына көмек көрсетті.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық жұмысының тиімділігін бағалау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды нақтылау ескеріле отырып, жаңа тәсілдер енгізілгенін атап өтті.«Министрлік орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, штаттық кестені, қызметкерлердің біліктілігі мен материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарды бекітті. Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық кеңсе құрылды, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтіледі. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сәйкес орталықтардың жұмысын реттеуді жалғастыруда», — деп атап өтті вице-министр Еділ Оспан.Сондай-ақ, орталықтарды құрудың негізгі мақсаты балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын қолдау және нығайту үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру болып табылатынын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896188
Қазақстандық оқушыларға жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылуда 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жаңа оқу жылының жаңалықтарына тоқталды. Мәселен, 1 қыркүйектен бастап еліміздің балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 130 сабақтан тұратын жеке қауіпсіздік негіздері оқытыла бастады.Бүгінде балалар 10 аптаға жоспарланған барлық тақырыптарды, соның ішінде жеке қауіпсіздік негіздерін, қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін толық меңгерді. Оқу жылының соңына дейін олар цифрлық технологияларды, онлайн-тәуекелдерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ және сыни талдау жасау дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, зерделенген материалды қайталап бекітетін болады.«Бұл сабақтар балаларға өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беріп, практикалық дағдыларды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың әлеуметтік жауапкершілігі мен өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі. Біз әр баланың жасын және даму деңгейін ескере отырып, ол үшін сенімді қолдаушы орта қалыптастыруға тырысамыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.Айта кетейік, сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында ұзақтығы 10 минуттан жылына үш рет қайталанып өткізіледі. Сабақтарда материалды барлық жас топтарындағы балаларға қолжетімді және қызықты ету үшін практикалық кеңестер, оқытудың интерактивті әдістері, бейнелер мен ойындар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896287
Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады 04.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палата отырысында Бюджет кодексінің жобасын қарап, екінші оқылымда қабылдады.Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген жаңа экономикалық бағыт, әлемдік саяси сын-тегеуріндер мен геосаяси конъюнктураның белгісіздігі мемлекетіміздің қаржылық орнықтылығын, тұрақтылығын және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін елдің бюджет саясатындағы өзгерістерді талап етті.Жаңа Бюджет кодексінде мемлекет қаржысын басқарудың негізгі құралдарын белгілеуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін олардың нәтижелілігін арттыруға арналған тәсілдер көрініс тапты.Бюджет кодексінің жобасында мыналар көзделген:мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған есепке алу. Бюджет кодексін реттеу мәні кеңейтіліп,бюджеттің өзінен басқа мемлекеттің бюджеттен тыс активтері мен міндеттемелерінің барлық түрлерін қамтиды;артық кезеңдер мен бюрократияланған рәсімдерді алып тастау есебінен мерзімдерін екі есе қысқарта отырып, бюджеттік процесті оңтайландыру;оңтайландырылған бюджеттік процесті ескере отырып, мемлекеттік органдардың назарын бюджеттіжоспарлау кезіндегі сараптамалық жұмыстарға аудару;бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау сапасын арттыру;бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін, жауапкершілігін және бюджеттік процестің ашықтығын кеңейту.Бюджет кодексі жаңа редакцияда елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайла ржасауға мүмкіндік беріп, мемлекеттің экономикалық саясат пен әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруына оң әсер етеді.Мәжіліс қабылдаған Бюджет кодексінің жобасы қарап, келісу үшін Сенатқа жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/895954
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуін кейінге қалдыру туралы 04.12.2024
2024 жылғы 6 желтоқсанда жоспарланған Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің Алматы қаласының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуі белгісіз уақытқа ауыстырылады.Өту уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895904
СОР16 алаңдарындағы кездесу 04.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі тараптары конференциясының он алтыншы сессиясының (СО16) алаңында Сауд Арабиясының мемлекеттік Сыртқы істер министрі, Министрлер Кеңесінің мүшесі және климат мәселелері жөніндегі елшісі Адель ибн Ахмед Әл-Джубейрмен кездесу өткізді.Кездесу барысында Е. Нысанбаев жердің тозуы мен құрғақшылық Қазақстанның да, Орталық Азияның бүкіл өңірінің әлеуметтік тұрақтылығына, азық-түлік қауіпсіздігіне және экономикалық әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.Орталық Азия халқының шамамен 60% - ы негізгі табыс көзі ретінде ауыл шаруашылығына тікелей тәуелді, сондықтан құрғақшылық үлкен қауіп төндіреді. Мұндай құбылыстардың салдарына ауылшаруашылық өндірісінің жоғалуы, қауіпсіздік пен өмір сапасының төмендеу қаупі, экономикалық және әлеуметтік шиеленістің артуы жатады.Сондай-ақ, Қазақстанның экология министрі Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау және 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіту, Экологиялық кодекс шеңберінде ел өңірлерінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нормаларды іске асыру және т. б. сияқты Қазақстан жүргізіп жатқан ауқымды іс-шараларға толығырақ тоқталды. Париж келісімінің қабылданған міндеттемелерін іске асыруда 2027 жылға қарай елде 2 млрд. ағаш отырғызылады, оның ішінде 839 мың көшет отырғызылды. Бұл ауқымды жоба экологиялық тұрақтылықты нығайтуға және экожүйелердің тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған.Е.Нысанбаев атап өткендей, Қазақстан тәжірибемен бөлісуге және халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды күшейтуге дайын.Сауд Арабиясының мемлекеттік Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясындағы климат мәселелері өте өзекті екенін атап өтті. Көміртекті алу және сақтау бойынша қоршаған ортаға, климаттың өзгеруіне және жердің деградациясына қатысты ең өзекті мәселелерге толығырақ тоқталып, көміртекті ұстау және сақтау конференцияда көтерілген тақырыптарды талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен іс-қимылдар арқылы ғана біз экожүйелерімізді сақтап, баршаға тұрақты болашақты қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895906
ТОРЛЫ ҚАБЫҚТЫҢ АЖЫРАУЫ ЖӘНЕ СОҚЫРЛЫҚ ҚАУПІ: АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 69 ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТЫҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН САҚТАП ҚАЛДЫ 04.12.2024
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ауыр көз жарақатымен 69 жасар ер адам түсті.Науқастың айтуынша, ол үстелдің бұрышына соғылып, нәтижесінде көзіне қатты зақым келген.Диагноз өте күрделі болды: склераның жарылуымен көз алмасының ауыр соғылуы, көздің ішкі қабығының түсуі, жарақаттан кейінгі афакия, аниридия, гемофтальм және торлы қабықтың ажырауы.Дәрігерлер кезең-кезеңімен көмек көрсету туралы шешім қабылдады.Бірінші кезеңде склера жарасына алғашқы хирургиялық ем жүргізілді.Келесі кезеңде силикон енгізумен витрэктомия, торлы қабықтың лазерлік коагуляциясы (ЭЛКС) және иридохрусталдық диафрагманы имплантаттаудың бірегей процедурасын қамтитын жоғары технологиялық ота жасалды.Науқас үшін арнайы жасанды көз айнасы мен линза жиынтығы әзірленді.Отаны офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова жүргізді.Мамандардың жоғары кәсібилігінің арқасында науқастың көру қабілеті сақталып, визуалды функциялары қалпына келтірілді.Отадан кейін науқас дәрігерлерге шын жүректен алғысын білдірді:"Орталық қалалық клиникалық аурухананың бүкіл ұжымына, әсіресе Гүлзат Абдраимоваға алғысымды білдіремін. Диагноз үкім сияқты естілді, бірақ дәрігерлер мені өз бақылауына алып, мүмкін емес нәрсені жүзеге асырды - маған көру қабілетін қайтарды!".Айта кетейік, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді және жоғары технологиялық процедура санатына жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/895932
ЖМК КӨМЕГІМЕН ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДЫҚ АУДАНДАРДЫҢ 1,3 МЛН ТҰРҒЫНЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ҚАМТЫЛДЫ 04.12.2024
Ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында елдің шалғай аудандарында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) белсенді жұмыс істейді.Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «дөңгелектердегі емханалар» мамандары 3072 елді мекенде тұратын 1,3 млн адамды медициналық көмекпен қамтыды.Жылжымалы кешендер арқылы 656 мың диагностикалық зерттеу, бейінді мамандардың 1,3 млн консультациясы, 332,8 мың зертханалық зерттеу жүргізілді.Тексеру мен зерттеп-қарау барысында әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Профилактикалық тексерудің қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны динамикалық бақылауға алынды.Диагноз қойылған аурулардың ішінде қанайналым жүйесінің ауруларына, қант диабетіне, көру қабілетінің бұзылуына күдік басым.ЖМК-ның құрамында ЖПД, акушер-гинеколог, стоматолог сияқты бейінді дәрігерлердің консультациялық қабылдауы жүзеге асырылады, ультрадыбыстық, ЭКГ, ЭхоКГ аппараттарының көмегімен скринингтік, зертханалық, рентгенологиялық және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.ПМК жұмысы елді мекендердің барынша көп санын қамту үшін ұйымдастырылған. Келу кестесі алдын-ала жарияланады, бұл тұрғындарға дәрігерлердің келуіне дайындалуына мүмкіндік береді.Жылжымалы медициналық кешендер үйге жақын жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қарт адамдар мен балалары бар отбасылар үшін өте маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/896040
Елдос Сметов елордалық жас дзюдошылармен кездесті 04.12.2024
Олимпиада чемпионы Астанада Kodokan Spirit дзюдо орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты іс-шарада Елдос Сметов Астананың дарынды жас дзюдошыларына спортта сәттілік тілеп, өз қолтаңбасы бар мерейтойлық кимоноларды сыйға тартты.Бүгінгі кездесуде жасөспірімдер Олимпиада чемпионына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.«Олимпиададағы ең қиын белдесуім 2023 жылғы әлем чемпионы Франсиско Гарригосқа қарсы өтті. Жеңіске жету жолымда ол бір ғана мүмкіндік берді. Нәтижесінде өз сәтімді тиімді пайдаланып кеттім. Жалпы қай жерде болмасын, түсінген адам жетістікке тек отбасының қолдауы арқасында жете алады. Ата-ананың дұғасы, разылығы – жеңіске жетудің басты кілті», - деді Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов.Енді ғана осы спортқа ден қойған жас спортшы Елдостан дзюдода өткерген ең қиын сәтін сұрады.«Өзбекстандағы халықаралық жарыста 40 келіде күресуім қажет еді. Бірақ салмағым 44 келіні құрады. 4 келіні тез арада қуған сәтім әлі күнге дейін есімнен кетпейді», - деп жауап берді ол.Айта кетейік, ауданы 1 200 шаршы метрді құрайтын жаңа Kodokan Spirit дзюдо орталығында мыңнан астам бала дзюдомен айналысады. Спорт кешені 180 орындық стендпен, олимпиадалық сападағы жапон татамиімен, заманауи желдеткішпен және жарықтандырумен жабдықталған. Негізгі залдан басқа, спорт кешенінде көп функциялы жаттығу залы, топтық сабақтарға арналған екі шағын зал, ата-аналарға арналған ыңғайлы күту алаңы және асханасы бар.Астана дзюдо федерациясының президенті Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, елордада әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін көптеген дарынды спортшылар бар. Kodokan Spirit дзюдо орталығында жаттығу жасайтын Астана ересектер құрамасы алғаш рет Қазақстанның 20 өңірінің арасында жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895724
Экологиядан инклюзияға дейін: Астанада Үздік еріктілер марапатталды 04.12.2024
Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада Volunteer FEST-2024 фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Экология, медицина, әлеуметтік көмек, инклюзия, қауіпсіздік, жануарларды қорғау және т. б. салаларда жұмыс істейтін еріктілер мен волонтерлік ұйымдары марапаттарға ие болды.Фестивальді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.Фестиваль аясында елорданың дамуына елеулі үлес қосқан 70-тен астам еріктілер ұйымы марапатталды.Марапаттар қызметтің кең спектрін қамтитын сегіз номинация бойынша берілді: табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық волонтерлік; халықтың осал топтарын қолдайтын әлеуметтік волонтерлік; жеделдік пен берілгендік маңызды төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік; мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесетін инклюзивті волонтерлік; event-іс-шараларды ұйымдастыруды қолдайтын волонтерлік; қоғамдық тәртіптегі волонтерлік, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету; салауатты қоғамды қолдайтын медицина саласындағы еріктілік; жануарлардың тіршілігін сақтауға бағытталған жануарларды қорғау волонтерлігі.Осы санаттардың әрқайсысы еріктілердің қоғамды дамытудағы және оның өзекті мәселелерін шешудегі маңызды рөлін көрсетеді.«Сіз үлкен өзгерістерге себеп болған кезде, сіздің міндетіңіз өз еліңізді жақсарту және қиын жағдайға тап болғандарға көмектесу екенін түсінесіз. Біздің бір мақсатымыз – мұқтаж жандарға қолдау көрсету және жанашыр азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу», - деп атап өтті «Мейірімді жандар» еріктілер қозғалысының жетекшісі Динара Ыдырысова.«Мейірімді жандар» қозғалысы бес жылдан астам уақыт бойы көп балалы аналарға, ерекше балалары бар отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесіп келеді. Оның күш-жігері тек көмек берумен шектелмейді, қолдауға ие болғандардың көпшілігі қазір өздері де ерікті.«Волонтерлік - бұл өз ісіне жанқиярлықпен қызмет ету. Біздің еріктілер жоғалған адамдарды іздеуге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге, экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді қатысады. Бүгінде Астанада 6000-нан астам адамды қамтитын 70-ке жуық ұйым жұмыс істейді. Біз оларды наградалармен ғана емес, бағалы сыйлықтармен, кездесулермен және кері байланыспен де қолдауға тырысамыз», - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.Биыл жастар мен күміс еріктілерге-қоғамға көмектесуге белсенді қатысатын егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылды.Фестивальге мыңдаған қатысушы жиналды, олардың арасында танымал қоғам қайраткерлері, блогерлер мен эстрада жұлдыздары болды. Қонақтар еріктілердің жұмысымен таныстыратын фотокөрмені тамашалады.Іс-шара мереке ғана емес, еліміздің экологиясын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895752
Киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер Астана әуежайынан қарсы алды 04.12.2024
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Чемпионат қорытындысы бойынша ересектер санатындағы Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 10 алтын жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Оның ішінде Астана қаласының спортшылары жалпы 7 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел абыройын асқақтатты.«Чемпионатқа 15 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Біздің команда бұған дейінгі нәтижелерін жақсартып, командалық есепте көш бастады. Енді 2025 жылы Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз. Бұл жетістік - қазақстандық спортшылардың таланты мен табандылығының айқын көрінісі. Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыратынына сенім мол», – деді киокушинкай-кан каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Азамат Такенов.Астана құрамасының нәтижесі:Алтын медаль:* Жамидинова Еркеназ (16-17 жас, -60 кг);* Ай Асия (16-17 жас, -55 кг);* Қойшыбай Мұхаммедәлі (16-17 жас, -55 кг);* Ракишева Ұлжан (18+, -60 кг);* Жанғабылов Рахат (18+, -60 кг);* Карменов Әлішер (18+, -65 кг);* Аманов Айбек (18+, -75 кг).Күміс медаль:* Серік Айдын (18+, 70 кг);* Искаков Мақсат (18+, 75 кг);* Ғалымжанова Гульназ (18+, 55 кг);* Изтанатова Гульназ (18+, +60 кг);* Ахметова Назира (18+, 60 кг);* Менеева Мариям (16-17 жас, -50 кг);* Дулатов Жаныбай (16-17 жас, АБС);* Нұрхайдаров Жаннұр (16-17 жас, -55 кг).Қола медаль:* Сабиханов Нұрали (16-17 жас, -55 кг);* Улжебаев Тайр (16-17 жас, -60 кг);* Асылхан Берек (16-17 жас, -60 кг);* Баткен Бекарыс (16-17 жас, -70 кг);* Сағындық Әділжан (16-17 жас, АБС);* Ержанова Жания (18+, -60 кг);* Абдуқадыр Мұрат (18+, 60 кг).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895765
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырды 04.12.2024
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы журналистерге «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур ұйымдастырды.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур өткізді.Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар әскери қызметшілердің қызметімен және тұрмысымен танысып, әскери қалашық инфрақұрылымын аралады. Әскери қызметшілермен бірге қызметтік атмосфераны сезінді. Пресс-тур аясында қонақтар казармаларды, сондай-ақ әскерилердің асханасын аралап, жауынгерлерге арналған тағамдардың сапасын бағалады. Әрбір қатысушы ас рационының барлық қажетті талаптарға сай екеніне көз жеткізді.Техника мен қару-жарақ көрмесінде құқықтық тәртіп әскерінің қолданысында бар қару-жарақ, байланыс құралдары мен түрлі жабдықтардың заманауи үлгілері ұсынылды. Әсіресе, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекет ету техникасының көрсетілімі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар ату тирінде арнайы бөлім жауынгерлерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарына тәнті болды.Сондай-ақ кинологиялық орталықтағы бағдарламалар да қонақтардың ерекше назарын аударды. Мұнда қызметтік иттердің қарулы қылмыскерлерді ұстау, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бойынша әрекеттері көрсетілді. Кинологтардың және олардың төрт аяқты серіктерінің жоғары кәсібилігі қонақтардың таңданысын тудырып, қошеметтеріне ие болды.Бұдан бөлек журналистер Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау конкурсына қатысты. Сайыс қатысушылардың ептілігі мен зейінің тексеруге арналған. Шараның нәтижесінде ең үздік қатысушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің атынан алғыс хаттармен марапатталды.— Бізге осындай көп журналистің келгені бірінші рет. Біз ашық диалогты қолдаймыз. Сарбаздарымыз барында халық алаңсыз ұйықтай алады, елімізде бейбітшілік болады. «Отанды қорғау» деп аталатын қызмет бар. Біз оны еліміздің өркендеуі жолында орындауға дайынбыз!, – деді 5573 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов.Айта кетейік, іс-шара мәдени бағдарламамен қорытындыланды. Елордалық бригаданың Мәдениет және демалыс орталығында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі өз өнерлерін паш етті. Үлгілі оркестр әскери-патриоттық композицияларды орындап, Құрмет қарауыл ротасы ерекше дефилесін көрсетті.Осылайша пресс-тур қонақтарға Отан қорғаушылардың өмірін өз көздерімен көруге және олардың кәсібилігін бағалауға тамаша мүмкіндік берді. Осыған ұқсас шаралар қоғам мен Қарулы Күштер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/895775
Түркістан облысында жылына 80 мың тонна мақта талшығын өндіретін зауыт іске қосылды 04.12.2024
Мақта кластерін дамыту аясында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 2024-2030 жылдар аралығында құны 70 млрд теңге болатын 8 ірі жоба іске асырылады.Қуаты жылына 80 мың тонна мақта талшығы өндірілетін «ZHANASSYL» ЖШС зауыты 3 желтоқсанда пайдалануға берілді.Зауыттың жанында Мақтаарал және Жетісай аудандарында 13 мақта қабылдау пункті жұмыс істейді. Астық жинау науқаны басталғалы бері 41 мың тоннадан астам мақта қабылданды.Зауыт тәулігіне 600 тонна шитті мақта өңдейді және 180 тонна жоғары сапалы мақта талшығын, мақта линтін және басқа да өнімдерді шығарады.Өнім ҚХР, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран және Қырғызстанға экспортталатын болады.Бұдан басқа, жоба шеңберінде кәсіпорында тамшылатып суару таспасы мен мақта тұқымын қайта өңдеу өндірістерінің құрылысы жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 3 млрд. теңге. Оларды іске қосу 2025 жылға жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895723
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Польша ынтымақтастығының мүмкіндіктері жоғары бағаланды 04.12.2024
Астана, 2024 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Польша Сеймі (парламенттің төменгі палатасы) Сыртқы істер комитетінің төрағасы Павел Ковальмен кездесті.Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды нығайту, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мәдени және білім беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Польша қазақстандық студенттер үшін танымал бағдар болып табылатыны және қазіргі уақытта олардың саны 3 мыңнан асатыны туралы айтылды.Министрдің орынбасары Польша Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтіп, барлық негізгі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді. Ол екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға белсенді ықпал ететін Қазақстандағы 35 мыңға жуық поляк диаспорасының маңызды рөліне назар аударды.Поляк депутаты өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамытуға бейілділігін растады.Кездесу соңында Р.Василенко поляк тарапына 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕО Кеңесіндегі төрағалығына сәттілік тіледі. Анықтама: Польша – ҚР-дың Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі. ҚР мен Польша арасындағы тауар айналымы Польшаның Орталық Азия елдерімен жалпы сауда көлемінің 80%-дан астамын құрайды. 2023 жылы тауар айналымы 1,23 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бастап Польшадан ҚР-ға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 447,8 млн доллардан асты. ҚР-да поляк капиталы бар 140 компания жұмыс істейді.ҚР және Польша парламенттерінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған достық топтары жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/895704
Қазақстан ТЖМ еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін жақсарту үшін заңға өзгерістер енгізуді ұсынды 04.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырыс бейнеселекторлық режимде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар, Алматы және Шымкент қалалары әкімдері орынбасарларының, сейсмикалық қауіпті өңірлердегі ТЖД бастықтарының қатысуымен өтті. Қатысушылардың баяндамаларында сейсмикалық қауіпсіздік және сейсмологиялық бақылау желісін жаңғырту мәселелері бойынша жұмыстар қозғалды. Төтенше жағдайлар, цифрлық даму, ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және сейсмологиялық зерттеулер инфрақұрылымын дамыту шараларын ұсынды. ТЖМ ТЖ алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Айбол Ақпаров атап өткендей: «Еліміздің республикалық маңызы бар 2 қаласы мен 13 өңірі сейсмикалық қауіпті. Сейсмикалық қауіпсіздік проблемаларын кешенді шешу үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Осы жоспар аясында сейсмикалық тәуекелін бағалау және жер сілкіністерінен болатын залалды болжау, мониторинг желісін кеңейту көзделген». Сонымен қатар ТЖМ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу шеңберінде мемлекеттің, кәсіпкерлердің және халықтың осы саладағы өзара қарым - қатынасын реттейтін жеке тарау енгізуді ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр Батырбек Әбдішев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жетекшілік ететін бағыттар бойынша адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді, сейсмикалық құбылыстардың алдын алу және әсерін азайту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Отырыс соңында хаттамалық шешім қабылданды. ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895710
Қарағандыдағы жаңа жылдық концерттер тізімі 04.12.2024
Қарағандылықтар жаңа жылдық концерттерде мерекелік көңіл-күйге шомып, көңіл көтере алады. Музыка әуесқойлары үшін академиялық оркестрлер мен сахна жұлдыздарының қойылымдары дайындалды, ал халық аспаптарының сиқыры ешкімді бей-жай қалдырмайды.21 желтоқсан"Жаңа жылдық көңіл-күй""Шалқыма" концерт залы, 17:00Е. Рахмадиев атындағы Академиялық симфониялық оркестрдің концерті. Бағдарламада Петр Чайковский, Иоганн Штраус, Джон Уильямс, Морис Равель және т. б. танымал шығармалар бар.Халықаралық байқаулардың лауреаты композитор Әбілқайыр Сағымбаев жетекшілік етеді.25 желтоқсан"Жаңа жылдық әуеннің сиқыры""Шалқыма" концерт залы, 18:30Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің концерті.Қатысушылар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Рысты Рахымжан, Кристина Ракша, Дулат Аханов.25 желтоқсанРождестволық концертКеншілер мәдениеті сарайы, 18:30Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының симфониялық оркестрінің концерті.Шақырылған қонақ – Афрокариб джазының жұлдызы Селин Лангедок. Әнші музыканттар отбасынан шыққан. Ол 5 жасында билеп, ән айта бастаған, ал 16 жасында халықаралық байқаулар мен фестивальдердің дипломдарына ие болды. Селиннің мойындауы бойынша, ол тек шығармаларды орындап қана қоймай, музыканы театрға айналдырады.Рождестволық музыканың әлемге әйгілі шедеврлері, әлемдік композиторлардың аспаптық және вокалдық шығармалары шырқалады.Халықаралық фестивальдің дипломанты Алексей Гусак дирижерлік етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/895652
Елордалық гимнасшылар халықаралық турнирде 69 медаль жеңіп алды 04.12.2024
Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің 33 гимнасшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық турнирде тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жарыста елордалық спортшылар спорттық гимнастика бойынша 17 алтын, 26 күміс және 26 қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның абыройын асқақтатты.Бұл турнирге АҚШ, Кувейт, Катар, БАӘ, Ливан, Ресей және Кения елдерінің үздік гимнасшылары қатысып, жоғары деңгейде бәсекелестік танытты. Алайда қазақстандық спортшылар көпсайыс, тіреніп секіру, қоссырық, бөрене, керме және еркін жаттығуларда ерекше шеберлік көрсетіп, лайықты марапаттарға ие болды.Жарыс қорытындысы бойынша елордалық жас гимнасшылар жоғары дайындықтарын дәлелдеп, халықаралық аренада Қазақстанның спорттық гимнастика мектебінің беделін нығайтты.«Бұл жеңіс – еліміздің гимнастика саласындағы маңызды қадамы. Турнирге қатысқан жас дарындар мен тәжірибелі спортшылардың бірігуі, олардың табандылығы мен ынта-жігерінің нәтижесі. Астаналық спортшылар халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің гимнастика мектебінің әлемдік аренадағы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді. Елордалық гимнасшылардың осындай ірі жеңісі – Қазақстан спортының дамуындағы жаңа белестердің жарқын көрсеткіші», – деді №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Данияр Тулегенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895712
Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында $8,2 млн коммерциялық келісімдерге қол қойылды 04.12.2024
2024 жылғы 1-3 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясы өтті. Миссия аясында түрлі салаларды қамтитын 30 қазақстандық компания қырғыз әріптестерімен В2В форматында келіссөз жүргізді.2 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналған Қазақстан–Қырғызстан бизнес-форумы өтті.Форум жұмысына Қазақстан мен Қырғызстанның 80 компаниясының өкілдері қатысты. Форум бағдарламасына B2B кездесулері, сондай-ақ келісімдерге қол қою рәсімі кірді. СЭМ мен форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $8,2 млн-нан астам 7 коммерциялық келісімге қол қойылды, бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін маңызды қадам болды.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды, сондай-ақ іс-шараға бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.Дереккөз: https://primeminister.kz/news/bishkektegi-kazakstan-kyrgyzstan-biznes-forumynda-82-mln-kommertsiyalyk-kelisimderge-kol-koyyldy-29417 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/895646
Ауыл шаруашылығы техникасы паркін дамыту перспективалары: Қанат Шарлапаев «John Deere» өкілдерімен кездесті 04.12.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ТМД және Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы жөніндегі президенті Чаба Лейкомен кездесті.Кездесу барысында Қазақстанда «John Deere» брендінің жабдықтарын өндіруді ұйымдастыру перспективалары талқыланды.«Deere & Company» – ауыл шаруашылығы, құрылыс және орман шаруашылығы техникаларын шығаратын американдық машна жасаушы компания. Ол өнімдерінің кең ассортименті бар әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылық техникасын өндірушілердің бірі.Министр «John Deere» ауыл шаруашылық техникасы жоғары сенімділігі, тиімділігі және инновациялық технологиялары арқасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында үлкен сұранысқа ие екенін айтты.Өз кезегінде Чаба Лейко жобаны жүзеге асыру Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасы паркін жедел жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жоба жөніндегі келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/895670
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қытайдан келген серіктестермен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін пысықтауда 04.12.2024
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ҚХР-ға ресми сапары аясында стратегиялық қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісті.Атап айтқанда, Бейжіңдегі Citic Group мемлекеттік қытай корпорациясының өкілдерімен кездесуде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Рустам Жанатаев Қазақстан аумағында астық пен майлы дақылдарды терең өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін талқылады. Объект пайдалануға берілген жағдайда ұлттық астық операторы өндірісті жүктеу үшін отандық аграрийлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты негізде жеткізуге дайын. Бірінші кезеңде жыл сайынғы жеткізу көлемі 300 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін құрауы мүмкін.Бірлескен жұмысты жалғастыру мақсатында тараптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен меморандуммен уағдаластықтарды бекітті.Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Рустам Жанатаев әлеуетті инвесторларға Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы форвардтық қаржыландыру бағдарламасына қатысуды ұсынды.«Қазақстандық фермерлерді ұлттық астық операторының кепілдігімен аванстау астық пен майлы дақылдарды белгіленген мерзімде және белгіленген бағамен жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ол.Осыған ұқсас тәжірибені қазақстандық жасымық импортына мүдделі түрік компаниялары сынап көрді. Сондай-ақ, екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы мен қытайлық Jiangsu SOHO HoldingsGroup 200 мың тоннаға дейінгі көлемде қазақстандық жемдік арпаны жеткізуге келісімшартқа қол қойды.«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ - мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895657
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 935 мыңнан астам қызмет алды 04.12.2024
2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 808,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 8,7 мың – ымдау тілі қызметін, 26,8 мың – жеке көмекшінің, 90,9 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.Бүгінгі күні Порталда 884 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 811 ОТҚ жеткізуші, 30 мыңнан астам жеке көмекші, 760 ымдау тілі және 127 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал жөніндегі комиссияларға жаңа өкілеттіктер берілген: мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/895691