Қоғам
Премьер-министр Ақтөбе облысының тірек ауыл мектептерін дамыту тәжірибесін кеңейтуді тапсырды – 2025 жылдың соңына дейін осындай кемінде 200 ұйымның желісін құруды аяқтау қажет 03.12.2024
Үкімет отырысы барысында білім беру саласында жеке сектордың және қоғамдық қорлардың қатысуымен сәтті іске асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударылды. «Білім-инновация» қоры Алматы облысының 42 ауылдық мектебінде нақты пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру жобасын іске асырды.Ақтөбе облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тірек және шағын комплектілі мектептерді жарақтандыруға 1 млрд 800 млн теңге бөлді. Премьер-министр мұндай шаралар оқушылардың білім сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.«Педагогтердің біліктілігін арттыру және заманауи ресурстармен жарақтандыру есебінен тірек мектептердің тәжірибелі мұғалімдері шағын комплектілі мектептердің оқушыларына сабақ береді. Демек, тірек мектептер шағын мектептердегі білім беру деңгейін көтеруге атсалысуда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін өңір әкімдерімен бірге Ақтөбе облысының тәжірибесі негізінде кемінде 200 тірек мектептер желісін құруды және шағын комплектілі мектептердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/895272
«Министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша үлкен жұмыс атқарды», - Нидерланды сарапшылары Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады 03.12.2024
Нидерландының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс Су ресурстары және ирригация министрлігінің су тасқыны салдарын жою іс-шараларына қатысты пікір білдірді. Елші су тасқынын болжау және су тасқынының алдын алу мәселесінде Қазақстан мен Нидерландының ынтымақтастығына жеке тоқталды.«Нидерланд сарапшыларының айтуынша, министрлік биыл үлкен жұмыс атқарды. Көптеген есептеулерді қолмен жасау керек болса да, нәтижелері өте дәл келді. Менің ойымша, біздің елдеріміз бірлесіп шешуі керек басты мәселе - үлкен аумақтарда есептеулер жүргізу. Климаттың өзгеруіне байланысты біз жаңа сын-қатерлерге тап болдық. Осы міндеттерді шешу үшін Нидерланды тарапы министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Су ресурстары және ирригация министрлігі өте үлкен жұмыс істеп жатыр деп санаймын. Қазақстанда көптеген донорлық ұйымдар жұмыс істейді. Сол себепті Үйлестіру кеңесін құру министрліктің халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру мен үйлестіруді байыпты қабылдағанын көрсетеді. Бұл өте маңызды»,– деді Нико Схермерс.Айта кетейік, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білім беру институты (IHE Delft) арасындағы меморандум аясында нидерландылық сарапшылар Астанада су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша екі мәрте семинар өткізген болатын.Еске салсақ, Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі әріптестердің Үйлестіру кеңесінің құрамына БҰҰ, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік даму агенттіктерінің, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/895155
Сенат Төрағасы туризмді дамыту туралы: Жасыл технологияны енгізудің маңызы зор 03.12.2024
Парламент Сенатында Палатаның Қоғамдық Жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Қазақстанда туризмді дамыту, табиғатты қорғау және туристік орындарда қажетті инфрақұрылым қалыптастыру мәселелері талқыланды. Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, мемлекеттік органдардың, сараптама және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.Палата Спикері отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, Мемлекет басшысы елімізде туризмді дамытуға баса мән беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ аталған бағыт әлемдік экономиканың қарқынды дамуының катализаторы және инвесторлар үшін ең тартымды салалардың бірі екені айтылды.Мәулен Әшімбаев Қазақстанда туризмге салынып жатқан инвестицияның артуына қарамастан, оның дамуын тежейтін бірқатар жүйелі проблемалар бар екеніне де назар аударды. Бұл ретте көлік және инженерлік инфрақұрылымы нашар, жету қиын туристік аймақтарға қатысты түйткілдер сөз болды.Сонымен қатар Сенат Төрағасы Палатаның жобалық кеңсесінің заңнамалық қызметіне және барлық мүдделі тараптың күш-жігерін жұмылдыруды, халықаралық тәжірибелерді зерделеуді, сондай-ақ, озық технологияларды енгізуді талап ететін маңызды міндеттерге тоқталды. Нақты айтқанда, туристік аймақтарда баламалы энергия көздерін, сумен жабдықтауды және «жасыл» инфрақұрылымның басқа да түрлерін пайдаланатын жобаларды қолдау үшін заңнамалық нормалар әзірлеу барысы сөз болды.«Белгілі туристік ел болу үшін нақты стратегия мен мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы белсенді өзара іс-қимыл қажет. Сол себепті, «жасыл» технологияларды қолдана отырып, туристік аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту керек. Баламалы энергия көздерін қолдану, суды тиімді пайдалану, су тазарту жүйелерін енгізу, «жасыл» көлік инфрақұрылымын дамыту және экологиялық туризм түрлерін жетілдірудің де маңызы зор. Осы істе шет елдердің тәжірибелерін жан-жақты зерделеген жөн. Бұл бағытта Сенат қажетті заңнамалық өзгерістер енгізуге қатысты сындарлы ұсыныстарды бірлесіп талқылауға әрдайым дайын», – деді Мәулен Әшімбаев.Отырыс барысында елімізде туризмді дамыту және стандартты емес тетіктерді пайдалану бағытындағы жүйелі шаралар да талқыланды. Соның аясында Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы баламалы инфрақұрылымның түрлі тәсілдері қолданылған жаңа курорттық аймақтардың жобалары таныстырылды. Оның ішінде күн энергиясын пайдалану, ауа жылу белдеуінің құралдары, биотазарту нысандарын қолдану, автономды су көздері және басқа да баламалы түрлер бар.Сараптама және бизнес қауымдастық өкілдері мемлекет тарапынан қолдау парадигмасын өзгерту мәселесіне назар аударды. Олардың айтуынша, мемлекеттік гранттан мемлекеттік инвестицияларға өту және инвестордың жауапкершілігін арттыру аса маңызды. Бұл тәсіл осы салада жүргізіліп жатқан жаңғыртудың тиімділігін 10 есеге дейін ұлғайтуға қауқарлы.Іс-шараға Сенат Төрағасымен бірге Палата Спикерінің орынбасары Жақып Асанов, сенаторлар, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек және тағы басқалар қатысты.Айта кетейік, 13 қыркүйек күні сенаторлар туризмді дамыту және инвестор тарту, Ақмола облысы Ақкөл қаласының тәжірибесі негізінде туристік нысандарға инфрақұрылымның баламалы көздерін пайдалануды мемлекет тарапынан қолдауға арналған депутаттық сауал жолдады. Соның нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Онда отандық курорттарды баламалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі жобалар қаралып, зерделенді.Сенаттың Баспасөз қызметіФото: Н.БайбулинАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/895195
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу 03.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 6 желтоқсанда сағат 14.30-да Qyzyljar Creative Center ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 15:30-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ж.Жабаев көшесі, 195).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7152502197 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/895265
А. Сарбасов пен П. Торсти Қазақстанда ҰБЖ жетілдіру мәселелерін талқылады 03.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Еуропалық білім беру қорының директоры Пилви Торстимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстандағы Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамытуды, сондай-ақ «Орталық Азиядағы білікті жастарға арналған диалог және іс-қимыл» жобасын іске асыру шеңберінде кәсіби біліктілік саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Ақмәди Сарбасов өз сөзінде Қазақстанның ҰБЖ дамыту жөніндегі жетістіктері мен оның кадрлар даярлаудағы және еңбек нарығында мамандардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі туралы айтты.Өз кезегінде Пилви Торсти министрліктің осы саладағы жоғары жетістіктері Қазақстан мен Еуропалық білім беру қоры арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын ашатынын атап өтті.Кездесу нәтижелері бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық білім беру қоры Еуропалық Одақтың агенттігі болып табылады. Ұйым Еуропалық Одақтың көрші елдеріне білім беру, оқыту және еңбек нарықтарын реформалауда қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/895278
«Жерді қалпына келтіруді қаржыландыру» жоғары деңгейдегі диалог 03.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы тараптарының 16-шы конференциясы шеңберінде өткен «Жерді қалпына келтіруді қаржыландыру» жоғары деңгейдегі диалогында сөз сөйледі.Министр өз сөзінде Қазақстан айтарлықтай жер ресурстарына ие бола отырып, жердің деградациясымен және климаттың өзгеруімен күресу үшін қаржы қаражатын жұмылдыруға ерекше мән беретінін атап өтті.«Бүгін мен осы саладағы тәжірибемізбен, жетістіктерімізбен және жоспарларымызбен бөліскім келеді. Қазақстан тозған жерлерді қалпына келтіруге, ресурстарды басқарудың тұрақты әдістерін енгізуге және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобаларды белсенді түрде іске асыруда. Біз сондай – ақ жаһандық экологиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін халықаралық бастамаларды қолдауға дайынбыз», - деп атап өтті Е.Нысанбаев.Министр тұрақты дамуға қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына назар аударды. Қазақстан жердің тозуын болдырмауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаһандық және өңірлік бастамаларға белсенді қатысуды жалғастыруда.Іс-шараға сондай-ақ БҰҰ ҚББ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның ұлттық үйлестірушісі, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов қатысты, ол Қазақстанның жерді қалпына келтіру жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосқан үлесін ұсынды және табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895198
Осакаровкада мүмкіндігі шектеулі жас актерлер спектакль қойды 03.12.2024
Осакаров кентінің мәдени-демалыс орталығында "Мама" көркем фильмінің негізінде "Қасқыр және жеті лақ" спектаклі қойылды. Мейірімді ертегіге ерекше деп аталатын жас актерлер қатысты.Олардың барлығында мүгедектігі бар. Және олардың әрқайсысы өз бетінше талантты.Қойылымға олар барында байсалдылықпен қарады: дайындық, декорацияларды, костюмдер мен гримді таңдауда салмақтылық танытты.Жас актерлер үмітті ақтады: олар рөлге еніп, өз кейіпкерлеріне айнала алды.Олардың сахнаға шығу армандары ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен ата-аналардың арқасында жүзеге асты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/895130
«Есірткіге жол жоқ»: Smart Astana қосымшасының арқасында 197 қауіпті интернет-ресурстар бұғаттауға жіберілді 03.12.2024
Smart Astana қосымшасында «Есірткіге жол жоқ» сервисі жұмыс істейді. Ол арқылы астаналықтардан есірткі граффитиі туралы 200-ден астам өтініш келіп түсті, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 197 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Жыл басынан бері елордалық полиция департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 1067 қылмысты тіркеді.Тұрғын үйлердің, ғимараттардың қабырғаларында, құрылыстарда және жерасты өткелдерінде есірткі граффити түріндегі есірткі жарнамасы жеке мәселе болып саналады. Бұған қарсы күрес үшін Астана полиция департаменті тұрақты даму орталығымен бірлесіп, Smart Astana және E-knot қосымшаларында қолжетімді «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық сервисін әзірледі.Smart Astana қосымшасындағы «Есірткіге жол жоқ» сервисі тұрғындарға заңсыз жарнамамен және есірткі құралдарының таралуымен белсенді күресуге көмектеседі. Ол есірткі граффитиі мен бетбелгілер сияқты бұзушылықтар туралы хабарлаудың, сондай-ақ ақпаратты құқық қорғау органдарына жедел жеткізудің қарапайым және тиімді әдісін ұсынады. Пайдаланушылар фотосуретті оңай жүктей алады немесе орналасқан жерін көрсете алады, бұл полицияның реакциясын едәуір жылдамдатады. Бұл бастама қауіпсіз қалалық ортаны құруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы күрестің маңыздылығы туралы Қоғамдық хабардарлықты арттырады.Қызметті пайдалану және есірткі заттарының жарнамасы мен айналымына қарсы күресте көмектесу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:1. App Store немесе Google Play арқылы Smart Astana қосымшасын орнатыңыз және тіркеуден өтіңіз.2. Қолданбаның басты бетінде «Танымал» бөлімін таңдаңыз.3. «Есірткіге жол жоқ» Хабарлама жіберу» деген бөлімге өтіңіз.4. Телефон нөмірін, аты-жөнін, мекенжайын (көше және үй нөмірі), өтініш мәтінін көрсете отырып, өтініш нысанын толтырыңыз, сондай-ақ бұзушылықты тіркейтін фотосуреттерді немесе бейнематериалдарды тіркеңіз.5. Өтініш жіберу – ақпарат дереу қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасына автоматты түрде жіберіледі. Барлық өтініш жедел өңделеді және әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.Қолданбаны iOS және Android құрылғыларында тегін жүктеп алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895131
Алматы облысында соңғы 11 айда 23 мыңға жуық бала дүниеге келген 03.12.2024
Соның ішінде, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 1000 астам нәресте дүние есігін ашқан. Емдеу мекемесінің перзентханасының ерекшелігі - босану бөлмелерінің жеке жоспарлануы, олардың сапалы түрде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі: ыңғайлы трансформер төсектері, кардиомонитор, баланың киімін ауыстырғанда жылытылатын үстелдері, операциялық шамдар, электронды таразылар және т.б. Сонымен қатар, перзентханада тек бір реттік жиынтықтар, катетерлер, инфузиялық жүйелер қолданылады. Перзентхана және гинекологиялық бөлімшелердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы бүгінде 100 пайызды құрап отыр.Жасалған қолайлы жағдайларды алдыға тартып, бірнеше күн бұрын алғашқы перзентін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасында босанған Айнұр есімді келіншекпен сұқбаттастық. Жас әйелдің сөзінше, босану бөлмесінде ол өзін ыңғайлы сезінген, еркін ұстай алатындығын түсінген: босануға дайындалу кезеңінде палатада жүре алған, жата алған, тізе-шынтақ күйін ала алған, сүйікті әуенін тыңдай алған. Сонымен қатар, қалауынша, жеке киімдерін, алынбалы аяқ киімді, жеке гигиена құралдарын пайдалануға мүмкіндігі бар екендігін түсінген.Елеусізова Назгүл Асқарқызы, әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігері: «Біздің перзентхананың дәрігерлері табиғи босануды қолдайды, сондықтан дәрігер тек босану процесін бақылайды, араласады және тек қатаң медициналық себептермен дәрі-дәрмектерді қолданады. Босану кезіндегі кез келген манипуляциялар медициналық араласу қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, босанған әйелдің келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бөлімшеде дені сау жүкті әйелдерге ғана емес, сонымен қатар тәуекел тобына жататын науқастарға, перинаталдық проблемалары бар әйелдерге де жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кесар тілігінен кейін жатырында тыртығы бар әйелдерді де қынап арқылы босануды тәжірибелейді. Кешенді бағалаудан кейін, оның ішінде анамнез деректері, алдыңғы операцияға көрсеткіштерін егжей-тегжейлі қарастырамыз. Табиғи түрде әйелдің өзі босануы мүмкіндігін анықтаймыз. Бұл медициналық іс-шараларды тек тәжірибелі акушер-гинекологтар жүргізеді. Директорымыз, жоғары санатты акушер-гинеколог Ракишева Айман Ғалымжанқызы бұл іс-шараны жеке бақылауында ұстайды. Операцияларды акушер-гинеколог, анестезиолог, неонатологтар тобы жасайды. Анестезия әдісін босану кезіндегі әйелдің, ұрықтың жағдайын ескере отырып, анестезиолог жеке анықтайды. Операция үшін анестезия әдісін таңдағанда, әйелдің қалауы да ескеріледі».11 айда Алматы облысында 204 егіздер және бір үшем дүние есігін ашқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/895142
Қазақстанда туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді: 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы 03.12.2024
2024 жылдың алғашқы 10 айында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 668,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6%-ға көп.2023 жылы бұл көрсеткіш 787 млрд теңге болса, 2022 жылы 513 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл деректер инвесторлардың еліміздің туристік әлеуетіне қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.«Туризм саласына салынған инвестицияның артуы бизнестің бұл бағытты дамытуға деген тұрақты қызығушылығын байқатады. Негізгі туристік өңірлерде заманауи инфрақұрылым құру арқылы Қазақстанның халықаралық туристік картадағы орнын нығайта аламыз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/895140
ҚАЗАҚСТАНДА 83 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗ АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ 03.12.2024
Бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қызға егілді.Инфекциялық және онкологиялық аурулар профилактикасының ұлттық бағдарламасының шеңберінде қазан айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау бойынша ауқымды науқан басталды. АПВ - бұл жатыр мойны обырын қоса алғанда, бір қатар онкологиялық аурулардың дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі.Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.Ұлттық канцер-тіркелімнің деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2000-ға жуық жағдайы анықталады, 600-ден астам әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін емес. ҚазОРҒЗИ зерттеуінің нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік түрлері анықталды.Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.Жатыр мойнының обыралды зақымдануын төмендетуде вакцинацияның жоғары тиімділігі АҚШ, Аустралия, Канада, Дания, Ирландия, Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия, Шотландия және т. б. сияқты елдерде көрсетілді.Сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерді пайдалануды ұсынамыз: egu.kz сайты және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санэпидбақылау комитетінің, Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, КСЭК аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтау басқармаларының ресми парақтары.Сондай-ақ, халықты иммундау мәселелері бойынша 7701 колл-орталығы жұмыс істейді, онда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда, Қазақстанда жүзеге асырылатын жоспарлы егулер бойынша сұрақтарға жауап алуға болады. АПВ-ға қарсы вакцинациялау - бұл тек жеке қорғаныс емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның денсаулығына қосқан үлес болып табылады. Барынша көп адам егілсе, соғұрлым бұл вирустың айналымын шектеу тиімді болады.#HPVvaccination# остановимВПЧ#стопракшейки матки#вакцинациядевочекотВПЧ#спасемженщинотракаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/895138
Бұқар Жырау ауданында тауарлық несиелеу бағдарламасы басталды 03.12.2024
Қарағанды облысында "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру жалғасуда. Фермерлікті дамыту үшін Бұқар Жырау ауданының тұрғындарына тауарлық кредиттер беріледі. Жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында іске қосылды.Тауарлық несиелеу келесідей жұмыс істейді: ауыл тұрғындарына белгілі бір мөлшерде ірі қара немесе ұсақ мал беріледі. Бес жыл ішінде төлдің үш басының екеуін қарыз алушылар несие берушіге беруге міндетті. Мысалы, бес жыл ішінде бір сиыр үшін ауыл тұрғыны үш бұзауды несие өтемақысы түрінде қайтаруы керек. Осы шартты орындағаннан кейін және бес жыл өткеннен кейін тауарлық қарыз өтеледі.Бұқар Жырау ауданында жобаға алғашқылардың бірі болып "Шатан" шаруа қожалығының басшысы Евгений Апеисов қатысты. Ол бес қарыз алушыға үш ірі қара берді. Олардың қатарында жаңа иелеріне қосымша табыс әкелетін сүтті сиырлар бар.Бұқар Жырау ауданы бірінші болып тауарлық несие алды. Облыстың қалған аудандарында оны кейінірек іске қосу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/895043
Республикалық олимпиадада Қарағанды облысының ауыл оқушылары 10 медаль жеңіп алды 03.12.2024
Қарағанды облысының ауылдық мектептерінің оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша II Республикалық олимпиадада 10 медаль және төрт грамота жеңіп алды. Оқушылар математика, физика, биология, география және информатика бойынша білімдерін көрсетті.Барлық турлардың қорытындысы бойынша Бұқар Жырау ауданынан Камила Төлеуханова алтын медаль иеленді. Ол биология олимпиадасына қатысты. Математика және физика пәндерінен күміс медальдарды Шет ауданынан Асылжан Қойқатов пен Ерасыл Игілік жеңіп алды.Батырхан Алпысбай мен Айбибі Мұсахметованың қоржынында математикадан қола медаль бар. Олар да Шет ауданынан. Осакаров ауданының тұрғындары Константин Калашников пен Максим Сафин, сондай-ақ Абай ауданынан Юлия Пилипенко информатика бойынша дәл осындай марапат алды.Физика бойынша Шет ауданынан Ислам Құрманбай, география бойынша Нұра ауданынан Ернар Нұрмұхамет қола жүлдегер атанды.Олимпиадада барлығы 221 қазақстандық оқушы жүлделі орындарға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/895032
Ақмола облысында құны 460 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар іске асырылуда 03.12.2024
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атап өткендей, биыл өңірге 550 млрд теңгеден астам инвестиция салынады, 400 млрд теңгеден астам қаражат тартылады.АӨК саласында іске асырылған негізгі жобалардан бөлек, облыс орталығында бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені пайда болды. Құрама жем зауыты мен жарма зауыты аяқталу сатысында. Орта мерзімді перспективада Зеренді ауданында құс фабрикасын, Степногорск қаласында күкірт қышқылы зауытының екінші желісін, Астрахан ауданында диірмен комбинатын, Аршалы ауданында кірпіш зауытын, Целиноград ауданында алюминий прокаттарын өндіру зауытын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, 460 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жобалардың бірі – болашақта жылына 360 бірлік өнім шығаратын локомотивтер шығаратын зауыт салу. «Сондай-ақ біз шетелдік компаниямен астықты терең өңдеу бойынша ірі зауыт салу туралы келісімге қол қойдық. Құны 650 млн доллар болатын жоба мың жұмыс орнын құрып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін арттырады. Президент атап өткендей, мұндай жобалар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы секторында қосылған құнды ұлғайту үшін стратегиялық маңызға ие», – деп атап өтті Марат Ахметжанов. Туризмді дамытуға инвестициялар есебінен 2 көпфункционалды жоба жоспарланған: Бурабай ауданындағы коттедж-қонақ үй үлгісіндегі демалыс аймағы, сондай-ақ Ақкөл ауданында тұру объектілері және санитарлық-курорттық емдеу түріндегі туристік кешенді кеңейту. Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін Республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. «Қазірдің өзінде осы аумақта өз өндірістерін орналастыруға мүдделі инвесторлар пулы бар. Мысалы, көлік-логистика орталығын, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісін құру. Сондай-ақ, елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылды. Орталық базасында 50 компаниямен кездесулер өткізілді, олардың басым бөлігі шетелдік инвесторлар», – деді әкім. Айта кетерлігі, бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, елордада ұсынылған жалғыз өңірлік фронт-офис болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895102
Ақмола өңірінде су тасқынының салдарын жою жұмысы аяқталды 03.12.2024
Су тасқыны кезінде Ақмола облысы бойынша зардап шеккен 820-дан астам отбасыға мүлік шығыны өтелді, 715 отбасыға үйлерін жөндеуге өтемақы төленді. Сонымен қатар шамамен 2 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. 221 отбасы үшін пәтерлер мен үйлер сатып алынды. Сондай-ақ, облыста 330 отбасы үшін жаңа үйлер салынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.Оның айтуынша, су тасқыны кезінде жол инфрақұрылымы да зақымданды. Барлық учаскеде көлік қатынасы дереу қалпына келтірілді. Апат кезінде зақымданған үш көпір бойынша, кейіннен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалар әзірленуде. «Қазіргі сәтте облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы жасалып, 38 шақырым өзен арнасы тазартылды, су өткізу арнасының 34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгеу тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекенде су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер құрылды. Сонымен қатар, Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады», – деді спикер. Жер снарядтарын сатып алу есебінен Атбасар ауданында Жабай өзенінің түбі тереңдетіліп жатыр. Қазір өзеннің 2,5 шақырымы 5 метрге дейін тереңдетілді. Осындай жұмыстар облыс орталығындағы Қылшықты өзенінде де жүргізілді. Оның 4,3 шақырымы тазартылды. Халықтың ұсынысы ескеріліп, Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарында еріген суды өткізуге арналған жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын айналма каналдары салынды. «Демеу Қазақстан» қоры есебінен 3 бөгет салынуда, Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағасы нығайтылып жатыр. Тұрғын үй құрылысы – өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Жалпы, биыл облыста 530 мың шаршы метр пайдалануға берілді, яғни бес мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартып отыр. Соның ішінде бюджет есебінен 9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жылдың аяғына дейін тағы 16 үй іске қосылатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары баспанамен дайын пәтерлерді сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. «Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді. Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейін тағы 104 пәтер сатып алмақшымыз. Жалпы, соңғы 5 жылда 2064 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 2 270 отбасын үймен қамтыдық. Сонымен қатар биыл облыс орталығы – Көкшетау қаласында Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды. Жалпы, Көкшетау қаласында 11 аймақты анықтадық. Онда ескі 150 үйді кезең-кезеңмен реновациялауға кірістік. Бұл жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, саябақтар мен балалар алаңдарын салуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз қаланың жаңа келбетін қалыптастырамыз», – деді өңір басшысы. Көлік инфрақұрылымын дамыту да аса маңызды әрі өңір экономикасын дамытудың ажырамас бөлігі саналады. Биыл жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 104 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл 800 шақырым жолды қамтиды. Мұнда елді мекендердің, соның ішінде астанаға іргелес ауылдардың жол желісін жаңартуға баса назар аударылды. Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағалауында демеушілік қаржы есебінен жоғары сыныпты автожол салынып, жарық шамдары орнатылды. Ол болашақта қаланың негізгі жолдарындағы көлік ағынын жеңілдететін жолға айналады. Сонымен қатар жағалау бойы жаңаша абаттандырылып жатыр. Бұл – тұрғындар үшін сүйікті демалыс орнына айналатын маңызды жоба. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895107
Ақмола облысында иттерге арналған мемлекеттік пана салынады 03.12.2024
«Астана әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Астана агломерациясы туралы заңның құқықтық мүмкіндіктерін пайдалану туралы шешім қабылданды. Қазір үлкен учаске бөліп жатырмыз, ал Астана қаласы иттерге арналған мемлекеттік панажай салады», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында журналистің өңірде қаңғыбас жануарлар мәселесі қалай шешіліп жатыр деген сұрағына жауап бере отырып.Пана құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895112
Ақмола өңірінде туризм, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты 03.12.2024
Ақмола облысы – еліміздің тек астықты аймағы ғана емес, сонымен қатар өзінің сұлу табиғатымен – Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарымен, Қорғалжын қорығымен танымал. Бурабай курорты өңірде туризмді дамытудың негізгі көшбасшысы саналады. Бұл аймақ Алматы және Маңғыстау облыстарының туристік дестинацияларымен қатар, елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталықтарының бірі ретінде белгіленген. Президент алға қойған міндеттер аясында Үкіметпен бірлесіп, Бурабай курортының жаңа концептін құру бойынша 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде осылай деді.Оның хабарлауынша, Бурабайда биыл алғаш рет «Атырау Авеню» демалыс аймағы және «Тары Бурабай» этно-рестораны ашылды. Шағын авиацияны дамыту аясында келесі жылдан бастап курорттық аймақта тікұшақпен шолу саяхаттары іске қосылады.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынды. Онда қазір білім беру процесі жүргізілуде. Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 мың орындық және Көкшетау қаласында 3 мың орындық 2 мектептің құрылысы аяқталды. «Осы елді мекендердің бәрі елордаға жақын орналасқан. Осылайша ата-аналар үшін көптеген мәселе шешіліп, елордалық білім беру объектілерінің жүктемесі азаяды. Жайлы мектептердің аумағы қарапайым мектептерден артықшылықтары бар. Сонымен қатар биыл Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Облыс орталығында 446 орындық екі балабақша іске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі», – деді облыс әкімі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. Степняк қаласында аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Келесі жылы Көкшетау қаласында 630 орындық өңіраралық көпбейінді аурухана құрылыс басталады. Лизингке 3,7 млрд теңгеге 50 жедел медициналық жәрдем автомобильдері сатып алынды. Биыл өңір үшін жарқын спорттық жаңалықтарға толы жыл болды. Облыс спортшылары Парижде өткен Жазғы Паралимпиадада лайықты өнер көрсетті. Давид Дегтярев, Еркін Ғаббасов пен Әмір Мұратбеков жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жақында Қосшы және Есіл қалаларында, сондай-ақ Мәдениет ауылында спорт кешендері пайдалануға берілді. Осы айда Степногорск қаласында жаңа спорт кешені есігін ашады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Зеренді ауылында спорт кешенінің құрылысын салуға Арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама халықты жаппай спортпен қамтуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895117
2025 жылы Ақмола облысында 68 мың адам тұратын 6 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі 03.12.2024
Ақмола облысында ағымдағы жылыту маусымына дайындыққа 40 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде алғаш рет меншік иесінің есебінен 8 млрд теңге берілді. Фокус жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозуы жоғары аймақтарға бағытталған. Биыл Степногорск қаласында 8 шақырым желі жөнделді, бұл тозуды 82%-дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осындай жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады.Оның айтуынша, Көкшетауда ЖЭО салу жұмыстары белсенді кезеңде. Инженерлік-геологиялық ізденістер және уақытша құрылыстарға арналған алаңды ұйымдастыру басталды. Тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын ауқымды қайта құру аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды. Олар қазірдің өзінде ауылдарды сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ биыл Үкімет резервінен Егіндікөл және Қорғалжын аудандары үшін бас су тартқышты қайта жаңартуға қосымша қаражат бөлінді. «Сондай-ақ облыс орталығының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, содан кейін персоналды оқытумен іске қосу-реттеу жұмыстарын бастаймыз. Электр энергетикасын дамытуға 6 млрд теңге бағытталды. Биыл ұзындығы 43 шақырым болатын 3 жоба пайдалануға беріледі. Келесі жылы электр энергиясының тапшылығын жою үшін Қосшы және Көкшетау қалаларында төрт қосалқы станцияны жобалау аяқталады, оның екеуінің құрылысын бастау жоспарлануда», – деді өңір басшысы. Марат Ахметжанов елорда маңындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Бұған дейін жүйеге Аршалы ауданының 16 ауылы қосылған болатын. Биыл 4 елді мекенді қосу қамтамасыз етіледі: Жібек жолы, Шұбар, Қоянды, «Нұрлы» ӨК. Келесі жылы 68 мың адамды қамтитын 6 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі – Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат, Қосшы қаласы. 2026 жылы Целиноград ауданы Қараөткел және Ақмол ауылдарын, Аршалы ауданы Ақбұлақ ауылын және Тайтөбе ауылын газдандыру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895123
БҚО-НЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПЕН ФАП АШЫЛДЫ 03.12.2024
Батыс Қазақстан облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Олардың бірі - Теректі ауданының Үлкен Еңбек ауылындағы медициналық пункт және Бәйтерек ауданының Садовое ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт.Жаңа медициналық ұйымдарда пациенттерді фельдшер, санитар және техникалық қызметкер қабылдайды, сондай-ақ акушерді қабылдау жоспарлануда.Медициналық қызмет көрсету үшін бастапқы буын стандартына сәйкес барлық жағдайлар жасалған, тексеру кабинеті, фельдшер кабинеті, акушер кабинеті, фильтр, изолятор, егу кабинеті бар.Ауылдардағы медициналық мекемелер жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған.Үлкен Еңбек ауылында 400-ден астам адам тұрады, Садовое ауылында 326 тұрғын бар.Жаңа ғимараттар орталықтандырылған сумен және автономды жылытумен газдандырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/895125
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 03.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «EsVilla Prefabik Hafif Çelik Yapı Sistemleri Ltd. Şti.» компаниясының бас директоры Ибрагим Тюйлюді қабылдады. Кездесуде Түркістанда жаңа зауыт салу мәселесі талқыланды.– Түркі әлемі үшін қасиетті Түркістанның орны айрықша. Түркістан – Тұран даласындағы ең көне қалалардың бірі. Мұнда Ахмет Ясауи бабамыз өмір сүрген. Бұл шаһар Қазақ хандығының астанасы болған. Қазақтың хандары мен билері, батырлары осында мәңгі қоныс тепкен. Алты жыл бұрын Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Мұнда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Түркия елінен келетін инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.Ибрагим Тюйлю Түркістан облысы әкімдігінің делегациясымен Түркияда кездескенін, жобаларды талқылағанын атап өтті.– Сіздің өңірдің делегациясымен Түркиядағы кездесуде Түркістанның инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат алдық. Соны көзбен көру үшін арнайы келіп отырмын. «Өндірістік паркті» аралап, ғимараттарды көрдім. Жеделсаты өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Жобаны жылдам жүзеге асырып, жұмыс істеуге ниеттімін. Бұл кәсіпорында қазақ жастары жұмыс істейді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еттім. Сізді де Түркия еліне маңызды жобаларды бірге талқылауға шақырамын. Іскерлік байланыс нығайып, бауырлас елде инвестициялық жобалар көбейе берсін, – деді түркиялық инвестор.Айта кетейік, Түркістан облысындағы арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақта, «Өндірістік парк» аумағында инвесторлар тартып, кәсіпорындар ашу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері Түркістан облысына 888,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895068