Enbekshi QazaQ

Қоғам

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БІР ТОП ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ 03.12.2024
Түркістан облысына инвестиция тарту, жаңа зауыттар мен өндіріс орындарын ашу бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бір топ шетелдік инвестор мен кәсіпкерді қабылдап, келіссөздер жүргізді.– Тарихы тереңде жатқан Түркістанға қош келдіңіздер. Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, аймақтың жаңа даму жоспары жасалды. Мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, өңірдің экономикасын көтеру. Осы мақсатта бірнеше мемлекетке барып, келіссөздер жүргіздік. Байланысқа, әріптестікке әрдайым ашықпыз. Өңірімізде қолайлы бизнес-климат қалыптасқан. Арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар бар. «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда. Инвесторларға тез жобасын жүзеге асыруға жағдай жасалған, – деді Дархан Сатыбалды.«Shaanxi Zhonghuang Huancheng Technologi Co., Ltd» компаниясының бас директоры Ли Хайнан жоғары деңгейде қарсы алып, жобаларды талқылауға мүмкіндік тапқан облыс әкіміне алғысын білдірді. Кәсіпкерлер Түркістан қаласының сәулетіне, инвестициялық әлеуетіне жоғары бағаларын берді. Бірнеше сала бойынша әріптестік орнатуға дайын екендерін жеткізді.Айта кетейік, Түркістан облысында алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге аса бастады. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынады (10 нысан салынды). 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге Арнайы экономикалық аймақта да маңызды жобалар жүзеге асырылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895074
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ «НҰР-МҮБАРАК» ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 03.12.2024
Дін саласындағы кәсіби мамандарды даярлау және аймақтағы діни ахуалды нығайту мақсатында Түркістан облыстық дін істері басқармасының делегациясы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы сапармен барды.Облыс әкімінің тапсырмасымен барған делегация құрамында Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, басқарманың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет, сондай-ақ, орталықтың директор орынбасары Ағабеков Дархан болды.Кездесу барысында университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мухаммад делегацияны қабылдап, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Жиынның нәтижесінде тараптар дін саласындағы білікті мамандарды даярлау, исламтану, дінтану және теология бағыттарында тәжірибе алмасу, студенттерді болашақ жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.Бұдан бөлек, басқарма басшылары университетте білім алып жатқан өңірлік шәкірттермен арнайы жүздесіп, оларды діни құрылымдарында жұмыс істеуге шақырды. Бұл кездесулер жас мамандардың кәсіби өсіміне бағыт-бағдар беру және елдің рухани дамуына үлес қосуға шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895077
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ШАРАСЫ БАСТАЛҒАЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН 03.12.2024
«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Жалайыров мәлімдеді.«Акция аясында Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар бойынша «Қазавтожол ҰҚ» АҚ облыстық филиалы, облыстық маңызы бар жолдарда басқармадағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінде тазалық шаралары атқарылды. Тарқата айтсақ, 65 679 ағаш әктеліп, 32 74 құраған тал кесілген. Сондай-ақ, 2 963 тонна қоқыс шығарылып, 5 407,9 шақырым көше бойлары мен 811,5 шақырым аяқ жолдар тазаланды. Одан бөлек, 42,8 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Аталған жұмыстарға жалпы 542 арнайы техника мен 14 600 жұмысшы жұмылдырылған»,- деді Мейіржан Серікбайұлы.Брифингке қатысқан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов «Таза Қазақстан» шарасы аясында өңірде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз аулалары мен іргелес аумақтарында ауқымды сенбіліктер өткізгендігін айтты.Бұдан бөлек, брифингте облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Исатаев Ержан басқармаға қарасты Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жұмыс тобы құрылғандығын мәләмдеді. Сондай-ақ, аудан-қаладағы зияратшылар мен туристер көп баратын 28 нысанның инфрақұрылымы, тазалығы мен сервистик қызметтеріне мониторинг жұмыстары басталғандығын айтты.Сонымен қатар, облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Мейірхан Смағұловтың айтуынша, облыс аумағындағы мал сою орындарына тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілетіндігін айтты.Айта кетейік, бағдарлама басталғаннан бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылған. Нәтижесінде, 1 милионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895079
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 СУ НЫСАНЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР 03.12.2024
Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл – республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Өңірде экономиканың негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан су нысандары инфрақұрылымын дамыту, жөндеу, тазалау аса өзекті. Аталған бағыттағы жұмыстар мен мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын ретке келтіру маңызды екеніне тоқталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.– Жылдан-жылға су тапшылығы мәселесі қиындауда. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын түсірмеу керек. Облыстағы ағын су мәселесін шешетін, шаруалардың тірлішігіне тікелей әсер ететін жобаларды жедел жүзеге асырып, каналдарды жөндеу, тазалау маңызды. Кезек күттірмейтін нысандар бойынша жоба жасап, бюджетке ұсынып, жұмысты бастау қажет. Өңірдегі жеке меншіктегі су нысандарын да зерделеп, тиісті ұсыныс беріңіздер. Әр аудан, қала әкімі, жауапты басқарма басшысы тиісті жұмыс жүргізсін, – деді Дархан Сатыбалды.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, биыл облыстық бюджеттен жалпы 9,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 11 су нысанына күрделі жөндеу және 939 шақырымды құрайтын қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 7,8 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі және 19,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу», «Арыс магистралды каналын күрделі жөндеу», және «Қараспан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобалары есебінен Түркістан өңіріне қосымша 233 млн. м3 ағын су жеткізу мүміндігі бар. «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасының 2 кезеңінің құжаттамасы дайын. Жоба құны – 11,5 млрд. теңге. Жоба аясында 25 дана су өткізу құрылымдары автоматтандырылады. Сондай-ақ 24,9 шақырым каналды бетондау арқылы жылына 29 млн. м3 ағын суды үнемделмек.Бұдан бөлек, көктемгі су тасқынын алдын алу және шаруаларға ағын суды сапалы жеткізу мақсатында, «Тұран су» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі арнайы техникалар есебінен аудан, қала аумағындағы жалпы ұзындығы 371,5 шақырым канал мен 136,7 шақырым қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.Облыста су үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту мақсатында жергілікті 3 кәсіпорын іске қосылды. Жоба құны – 12,0 млрд. теңге. Кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы – 73 мың гектар.Жиында Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың да есебі тыңдалды. Өңірде аталған басқарманың тапсырысымен жалпы құны 45,7 млрд. теңгені құрайтын 5 ірі су жобасы іске асырылуда. 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлеу барысында. Оның ішінде «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасының да құрылысы да қолға алынған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895084
Астанадан қыс мезгілі басталғалы бері 800 мың текше метрден астам қар шығарылды 03.12.2024
3 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен 2,7 мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс іп жатыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 189 ауыр жүк рейсімен екі мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 64 мыңнан астам рейспен 812 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895052
Ақмола облысының фермерлері астықтан рекордтық өнім жинады – 6,6 млн тонна 03.12.2024
Биыл Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Марат Ахметжанов хабарлады. Оның айтуынша, өткен агрокезеңде өңір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, елдің негізгі астық алқабы мәртебесін дәлелдеді.«Негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Өнімділік – гектарынан 14 ц асты. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.@ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895023
Ақмола облысы құс етінің өндірісі бойынша үздік орнын сақтап келеді 03.12.2024
Жалпы республикалық көлемдегі үлесі 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасы іске қосылады. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады.«Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5%-дан асып отыр. Бұл ретте өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.@ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895028
Биыл Ақмола облысына 550 млрд теңгеден астам инвестиция салынады: қандай жобалар іске асырылады 03.12.2024
Өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, бүгінде 400 млрд теңгеден астам тартылды. Іске асырылған жобалардың ішінде АӨК саласындағы жобалар бар. Атап айтқанда, бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені. Құрама жем мен жарма өндіретін зауыттың құрылысы аяқталу сатысында, құс фабрикасын, диірмен комбинатын салу жоспарлануда. 2027 жылға дейін АӨК саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тарту көзделген.«Сондай-ақ, шетелдік компаниямен астықты терең өңдеу бойынша ірі зауыт салу туралы келісімге қол қойдық. Құны 650 млн доллар болатын бұл жоба мың жұмыс орнын құрып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін де арттырады», - деді Марат Ахметжанов.Сонымен қатар, күкірт қышқылы зауытының, кірпіш зауытының, сондай-ақ алюминий прокатын шығаратын зауыттың екінші желісін салу жоспарлануда. Жобалардың бірі - локомотивтер шығаратын зауыт, келешекте онда жылына 360 бірлік өнім дайындалмақ.Туризм саласында Бурабай және Ақкөл аудандарында екі көпфункционалды жоба жоспарланған.«Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Оның аумағында өз өндірістерін орналастыруға мүдделі инвесторлар пулы жасақталды. Мысалы, көлік-логистикалық орталық, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісін құру. Сондай-ақ, елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылды. Бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аударылатын елордадағы жалғыз өңірлік фронт-офис», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895044
Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде – Ақмола облысының әкімі 03.12.2024
Марат Ахметжановтың айтуынша, инженерлік-геологиялық іздестірулер мен уақытша құрылыстаға арналған алаң ұйымдастыру жұмыстары басталды.«Биыл Степногорск қаласында 8 км желі жөнделді, бұл желілердің тозуын 82% -дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы сияқты жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды», – деді Ақмола облысының әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Биыл сумен қамтамасыз етуге 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды.«Көкшетау қаласының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, кейін персоналды оқытумен іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіледі», - деді Марат Ахметжанов. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895059
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды 03.12.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі таңда 174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы жасалып, 38 шақырым өзен арнасы тазартылды, су өткізу арнасының 34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгет тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекенде су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер құрылды.«Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады. Жер снарядтарын сатып алып, Жабай өзенінің түбі тереңдетілді. Осындай жұмыстар облыс орталығындағы Қылшақты өзенінде де жүргізілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, халықтың ұсынысын ескере отырып, Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарында еріген суды өткізуге арналған жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын айналма каналы салынып, 3 бөгет тұрғызылуда, Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағасы нығайтылып жатыр. @ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895073
Биыл Ақмола облысында 530 мың шаршы метр пайдалануға берілді 03.12.2024
5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Соның ішінде бюджет есебінен 9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 үй іске қосылады.Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары баспанамен дайын пәтерлерді сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді.«Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейін тағы 104 пәтер сатып алынады. Жалпы, соңғы 5 жылда 2064 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл ол 2270 құрады», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласында Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды. Жалпы, Көкшетау қаласында 11 аймақ анықталды. Ондағы ескі 150 үйді кезең-кезеңмен реновациялау басталды. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895083
Ақмола облысында ұлттық жобалар аясында әлеуметтік нысандар салынуда 03.12.2024
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынды. Целиноград ауданының Қоянды ауылында және Көкшетау қаласында 5 мың орындық үш мектептің құрылысы аяқталып қалды.«Жайлы мектептердің аумағы жағынан қарапайым мектептерге қарағанда артықшылығы бар. Биыл Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Биыл облыс орталығында 446 орындық екі балабақша іске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі», - деді өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. @ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895088
Ақмола облысының диқандары 6,6 млн тонна астық жинады 03.12.2024
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру – негізгі міндеттердің бірі. Осы ретте, биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Бір гектардан түсетін өнім көлемі 14 центнерден асты. «Астықтың сапасы да барынша жоғары екенін атап өткім келеді. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай. Әрине, бұл ең бастысы дихандардың қажырлы еңбегі, мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияларды тиімді әрі уақытылы қолданудың нәтижесі. Нәтижесінде, жоғары сапалы тұқымды себу мен минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі екі есе артты. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да маңызды. Биыл 1 239 жаңа техника сатып алынды», – деді өңір басшысы. Президент жақында астананы азық-түлікпен қамтуда Ақмола облысының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан бұл жұмыстарды одан әрі нығайтып, өнім көлемін арттыру стратегиялық ұстаным болып табылады. Осы бағытта жақсы нәтижелер бар. Ақмола өңірі елорда тұрғындарының қажеттілігін, атап айтқанда, сүт өнімінің 50%-дан астамын, ет өнімінің 30%-н, жұмыртқаның 80%-н, картоптың 85%-н қамтып отыр. Яғни, астана тұрғындарына күн сайын 80 тонна ет өнімдері, 320 тонна сүт ассортименті, 700 мың жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі. Астананы азық-түлікпен қамтуға зор үлес қосатын бірқатар кәсіпорын бар. Алдағы уақытта олардың саны арта түседі. Бұл ретте, Мемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерінде тарату бойынша тапсырма берді. Бұл кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері де, әлеуметтік жауапкершілігі де жоғары. Сондай-ақ Целиноградта «Ен-Дала», Аршалыда «Темір Агро», Бұландыда құс фабрикасы, Ақкөлде «Еңбек» және басқалар да өз кәсіпорындарын кеңейтіп жатыр. Сол арқылы алдағы уақытта елорданы табиғи әрі таза азық-түлікпен қамту көрсеткіші арттырылады. «Мал шаруашылығы саласында құс етінің өндірісі бойынша үздік орнымызды сақтап келеміз. Жалпы республика көлеміндегі үлесіміз 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасын іске қосып жатырмыз. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады. Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5 %-дан асып отыр. Бұл ретте, өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», – деді облыс әкімі. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу бойынша міндет қойды. Ол үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіп, олардың жүктемесі мен өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 30 млрд теңгеден астам сомаға 27 жоба іске қосылмақ. Мемлекет тарапынан да көп қолдау көрсетілуде. Мысалы, фермерлер арасында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңіл кредит берудің «Кең Дала-2» бағдарламасы ерекше сұранысқа ие. Келесі егін егу науқанына толықтай дайындалу үшін жеңіл кредитке енді биылғы желтоқсан айынан бастап қол жеткізуге болады. Жақын күндері осы жұмыстарға арналған алғашқы 15 млрд теңгені шаруа қожалықтарына таратыла бастайды. Ал қаңтарда тағы қосымша қаражат қарастырылмақ. Бұл диқандарға жалақы төлеуді, сапалы тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді дер кезінде сатып алуға оң септігін тигізеді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасады. Индустриялық сектордың дамуы да қарқынды жүріп жатыр. Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Мұның 77%-дан астамын өңдеу саласы құрап отыр. Облыс республика көлемінде теміржол подшипниктерінің 100%, мамандандырылған көліктің 81%, астық жинау комбайнның 67%, құрамында алтын бар руданың 59%, трактордың 39%, өңделмеген алтынның 30%, керамикалық кірпіштің 28% өндіреді. Өңір жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша бірінші орында тұр. Жалпы, машина жасау, тамақ өндіру және электрмен жабдықтау салаларында өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895094
Абай ауданында жол жөндеу жұмысы аяқталды 03.12.2024
Тоқтамыс ауылына апаратын жолдың 10 шақырымына орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Жоба аясында асфальт төселіп, қазір жол жиектерін нығайту жұмыстары жалғасуда. Мердігер – «Семей жолдары» ЖШС.Сондай-ақ Тоқтамыс ауылы бағытындағы 6-11 шақырым (5 шақырым) учаскесінде аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеуге ведомстволық сараптама қорытындысын қабылдау аяқталды. Бүгінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік қаржыландыруға өтінім беріліп, қаржы бөлінді. Жол жөндеу 2025 жылы аяқталады деп көзделген.Сонымен қатар 2024 жылы «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» облыстық маңызы бар автомобиль жолында ұзындығы 20 шақырымды құрайтын екі учаскеде: 198-ден 208-ге дейін және 208-ден 218-ге дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.2024-2025 жылдары «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» автожолының 84-99 шақырымы аралығындағы ұзындығы 15 шақырымдық учаскеге орташа жөндеу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/895036
Көлік министрі «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына қатысты 03.12.2024
Марат Қарабаев «Amanat» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына қатысып, онлайн режимде Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жетісу өңірлері тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.Өңір тұрғындары тарапынан көлік инфрақұрылымын жақсарту, көшелерді асфальттау, республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, Жетісу облысында темір жол өткелдерін ашу және Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясының жұмысына қатысты бірқатар мәселе көтерілді.Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауап пен түсініктеме берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/895029
«Жастар. Энергия. Болашақ» Қостанайда есірткіге қарсы форум өтті 03.12.2024
Қостанай қаласындағы Жастар сарайында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды форум өтті.Бұл шара мыңнан астам оқушы мен студенттің басын қосып, жастардың есірткі қылмысының алдын алудағы белсенді рөлін айқындауға арналды.Іс-шара бағдарламасы ерекше мазмұнға толы болды. Алдымен қатысушылар арнайы техника, криминалистикалық зертхана және жауынгерлік қару-жарақ қойылған көрмені тамашалады. Бұл көрме Полиция департаментінің есірткіге қарсы күресте қандай құралдар мен әдістерді қолданатынын айқын көрсетті.– Біз қызметіміздің жұмысын ашық көрсету арқылы жастарға есірткі мәселесінің ауқымын түсіндіргіміз келеді. Олар бұл мәселеге бейжай қарамай, оның шешімінің бір бөлігі бола алатынын сезінулері керек, – деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Сәден.Форум барысында жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу және құқық бұзушылықтың салдары туралы мәселелер кеңінен талқыланды. Талқылауға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, облыстық мәслихат депутаты Махаббат Жұтаев, психикалық денсаулық орталығының психолог-наркологы Гүлсім Бисімбаева және пара пауэрлифтинг бойынша жаттықтырушы Дмитрий Царенко қатысты.Студенттер есірткімен күрес шаралары және қылмыс үшін қарастырылатын жазалар туралы белсенді сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.– Есірткі – тек денсаулыққа қауіп төндіріп қана қоймай, заң бұзушылыққа алып келетін ауыр мәселе. Жастар осыны түсініп, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қараулары тиіс, – деп атап өтті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.Форум аясында «Есірткіге қарсы үздік бейнеролик» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға қатысқан 30 жұмыстың ішінен үздіктер таңдалып, үшінші орынды Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің студенті Бекзат Құбжасаров, екінші орынды Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті Шыңғыс Шелдебаев, ал бірінші орынды Гуманитарлық колледждің студенті Константин Щербинин иеленді. Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.– Біз студенттерді мұндай байқауларға қатысуға белсенді түрде ынталандырамыз. Бұл жастардың өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, олардың шешімін іздеуге де атсалысуын қамтамасыз етеді, – деді Константин Щербинин.Сонымен қатар студенттер жеңіл ақша табуға итермелейтін есірткі қылмысының түрмеге алып келетін салдары туралы бейнероликтер тамашалады. Форумның ерекше сәті – есірткі іздеуге маманданған бельгиялық овчарка Тесланың жұмысы болды. Студенттер жасырған заттарды Тесла әп-сәтте тауып, көрермендерді тәнті етті.Іс-шара соңында есірткісіз жарқын болашаққа шақыратын музыкалық композициялар орындалып, жастарға салауатты өмір салтын ұстануға деген ынта-ықылас ұялатты.Бұл форум жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, есірткіге қарсы күресте олардың белсенді рөл атқаруына түрткі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/895065
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жеңімпаздары анықталды 03.12.2024
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау бойынша жыл сайынғы байқау аяқталды. Қоғам қайраткерлері мен сарапшылардан құрылған конкурстық комиссия 135 ұйымның өтінімін қарады.Нәтижесінде 15 номинация бойынша 66 үкіметтік емес ұйым сыйлықақы иегері атанды.Лауреаттардың жұмысы жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Сыйлықақы жеңімпаздары 5 мыңнан астам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп, 8 мыңнан астам адамға оңалту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 60-тан астам адам жұмысқа орналастырылды.Айта кетейік, кейінгі сегіз жыл ішінде бұл беделді марапат 486 үкіметтік емес ұйымға табысталған.Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы жеңімпаздарының тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894999
2024 жылдың 11 айында Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады 03.12.2024
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға артық (өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 103,6%).2024 жылғы есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі:- автобензин - 4,88 млн.тонна немесе 2023 жылға 101,1%;- дизель отыны - 4,91 млн.тонна немесе 2023 жылға 103%;- авиакеросин - 0,68 млн.тонна немесе 2023 жылға 118,6%-ды құрады.Бүгінгі таңда қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істейді, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қорларын тиеу және толықтыру үздіксіз жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/895034
Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдетіледі 03.12.2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әлеуметтік-еңбек саласындағы үш мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр.Ол үшін адами факторды алып тастауды және осы қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылады. Осылайша, оларды ұсыну бойынша операциялық процестер 7 жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.Жаңа тәсілмен көрсетілетін қызметтердің қатарына: «Қазақстанның Еңбек Epi» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; «Халық Қаһарманы» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; «Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау».«Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Төмендегі сілтеме бойынша бұйрық жобасымен танысып, өз ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15324040.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/895026
ТЖМ құтқарушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасасуда 03.12.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ерекше мақсаттағы күштері «Батыр» Президенттік полкінің 0111 әскери бөлімінің базасында Алматы қаласы ТЖД құтқарушыларымен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.Іс-шара барысында құтқарушылар арнайы бөлімше қызметкерлерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оның ішінде жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.Жалпы өткізілетін іс-шаралар қиын жағдайларда Алматы қаласының азаматтары мен аумағын қорғауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895014