Enbekshi QazaQ

Қоғам

Сәтбаев университеті жаңа студенттік жатақхана құрылысының іргетасын қалады 29.11.2024
Сәтбаев университеті жаңа студенттік жатақхана құрылысының іргетасын қаладыСәтбаев университетінде оқу ордасының 90 жылдық мерейтойына орайластырып, жаңа студенттер жатақханасы құрылысының басталуына орай болашақ ұрпаққа жолдау жазылған іргетас капсуласын салу рәсімі өтті.– Біз 955 орындық 9 қабатты жаңа жатақхананың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, 2026 жылы студенттер бізден кілт алып, қоныстана алады», – деді Сәтбаев университеті Құрылыс департаментінің директоры Ришат Тыныбеков.Жаңа жатақхана «Қаржы орталығы» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Бес әлеуметтік бастама» атты мемлекеттік бағдарлама негізінде студенттерді жаңа жатақханалардағы орынмен қамтамасыз ету аясында салынады. Жобаны инвестор «Forum Invest» және «EPC Stroy Group» құрылыс компаниясы 100% қаржыландырады, бұл құрылыс қазірдің өзінде Алматы қаласының қала құрылысы кеңесімен мақұлданған.«EPC Stroy Group» компаниясының басшысы Ерлан Қожықов өз сөзінде компанияның Сәтбаев университетімен жұмыс істеуге қуанышты екенін, бұл олардың ел болашағына қосқан үлесі екенін баса айтты:– Біз болашақ инженерлерімізге жақсы білім алуға қолайлы жағдай жасау үшін инвестиция салуға дайынбыз. Біз құрылыста экологиялық таза және энергияны үнемдейтін материалдарды қолданамыз, сейсмикалық төзімділік бойынша барлық заңнамалық нормаларды сақтаймыз және жатақхананы 2026 жылдың ақпан айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді Е.Қожықов.Іс-шараға жобаға қатысушы барлық жеті тараптың өкілдері қатысты: университеттің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, профессор Ұлықпан Сыдықов, университеттің Ақсақалдар кеңесі мен Ректорлар кеңесінен профессор Әбдіғаппар Әшімов, Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек, «Қаржы орталығы» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Ұлан Өтебаев, «EPC Stroy Group» компаниясынан Динара Байымбетова және оқытушылар мен студенттер қатысты.– Қазақ халқында «жеті» деген қасиетті сан бар. Бұл іргетасты жеті түрлі ұйымның өкілдері салғанына назар аударыңыздар. Олардың әрқайсысы осы студенттік жатақхана өте маңызды екенін түсінеді. Ендеше бүгінгі жұмысымыз жемісін беріп, жаңа жатақхана «Дос-Мұқасан» ізбасарлары өсіп-өркендейтін құтты мекенге айналсын», – деді Ұлықпан Сыдықов өз сөзінде.Уақыт капсуласын салу Сәтбаев университетінің және оның инфрақұрылымының дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдірді. Жаңа жатақхана студенттерге қолайлы жағдай жасайды және Сәтбаев университетінің Қазақстандағы инновациялық және техникалық білім берудің жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/893420
Қазақстандық жаңа маркетплейс іске қосылды: Отандық маркетплейстің алғашқы жетістіктері 29.11.2024
Қарағандыда қазақстандық жаңа Teez маркетплейсі өз жұмысын бастады. Оның негізгі артықшылығы - тапсырыстарды бір күн ішінде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері елдің 24 өңірінде ашылды.ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шақкалиев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бүлекпаевпен бірге электронды сауда алаңының бірлескен қоймасын аралап көрді. Оларға барлық логистика жолдары көрсетіліп, іске қосу нәтижелері мен отандық маркетплейстің алдағы жоспарлары туралы баяндалды.Teez маркетплейсінің қалаушыларының бірі Линар Хуснуллин қазіргі уақытта маркетплейстің 40 тапсырыс пункті бар, алдағы уақытта жоспар бойынша олардың саны 127-ге жететінін атап өтті. Қазірдің өзінде 540 сатушы тіркелген және өнім ассортиментінің саны 50 мыңнан асады. Сондай-ақ, компания электрондық қосымша жасап, оны қысқа мерзімде жүктеген адамдардың саны 170 мыңнан асатынын жеткізді.Маркетплейстің қоймалары төрт корпуста орналасқан, жалпы алаңы 25 мың шаршы метр. Ал 2030 жылға дейін сақтау қоймаларын 120 мың шаршы метрге дейін кеңейтуді жоспарлауда. Қарағандыда құрылыс үшін жер учаскесі де табылды. Алдағы уақытта компания интернет-сауданың көшбасшыларының біріне айналуға бел буып отыр.Арман Шақкалиев бүгінде электронды сауданың қарқынды дамып келе жатқанын және ол әлемдік экономикалық өсімнің маңызды драйфері болғанын атап өтті.Соңғы жылдары электронды сауданың көлемі күрт өсті. Қазақстандық электронды сауда экожүйесін дамыту мақсатында көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсарту, қағазсыз сауданы енгізу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Тек 10 айдың қорытындысы бойынша сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артты. Бұл көрсеткіш 3 трлн теңгеден асады. Мұндай жобалар экономикаға оң әсер етіп, тұтынушылар үшін тауарларға қолжетімділікті кеңейтеді, - деді Арман Шақкалиев.Сапар барысында Арман Шақкалиев Осакаров ауданының кәсіпкерлерімен және тұрғындарымен кездесті. Іс-шарада Сауда және интеграция министрлігінің негізгі жетістіктері және сауда секторын әрі қарай дамыту жоспарлары талқыланды.Басты назар - еліміздегі сауда нарығын жаңғыртуға қойылды. Сауда және интеграция министрлігі сауда нарығын жаңғырту және цифрландыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Жол картасы аясында Қарағанды облысының бес сауда базарының жаңғыртуы жоспарланған, бұл процесс 2025 жылы аяқталады. Олардың ішінде «Шығыс», «Алтын арба», «Тұлпар», «Қайрат» және «Горняк» базарлары бар.Министр ішкі сауда саласында мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша құзыретке ие болғанын алғанын баса айтты. Қолдау сатып алушылар мен бизнестің сұраныстарына сай инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретінін айтты. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Даму қоры 7 миллиард теңге көлемінде 19 жобаны қаржыландыруға арналған пул құрған.Министр сондай-ақ ауылдық дүкен мен ірі қалалық супермаркетке барып, сөрелерде отандық тауарлардың орналасуын көрді. Ол жұмыртқа сатылатын бөлімге де кіріп, өндірушінің бағасымен ұсынылған – 470 теңгеге саудаланып тұрған С1 санатындағы жұмыртқалардың бар екенін көрді.Арман Шақкалиев сондай-ақ «Қарағанды Нан» корпорациясының жұмысымен танысты. Бұл компания нан, макарон, жұмыртқа және басқа өнімдерді шығарады, сондай-ақ тек Қарағанды облысын ғана емес еліміздің өңірлерін қоса алғанда, жақын шетелдерге де өнім экспорттайды. Макарон өнімдері Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдерге айына 400-600 тонна көлемінде экспортталады. Сонымен қатар кондитерлік өнімдер, ұн, жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы мен жарма сыртқа шығып жатыр. Қазіргі уақытта компания Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр, мақсат - тұрақты және ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол жеткізу. Арман Шақкалиев желтоқсан айында Үрімшіде Қазақстан үлкен павильон ашылатынын және ол жерде корпорацияның өнімдерін орналастыруды ұсынды.Global City сауда орталығында министрге жол жүру жолдары мен кедендік бақылау аймағы да бар ірі көтерме саудагерлерге арналған тауарларды сақтауға арналған қойма кешені көрсетілді.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр, Қарағанды облысының географиялық орналасуы мен инфрақұрылымының тиімділігін ескере отырып, облыс Қазақстанның негізгі сауда-логистикалық орталығына ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін маңызды хабқа айналуға әлеуеті бар екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/892975
Қазақстаннан Катарға қой еті экспорты 75%-ға артты 29.11.2024
Катар астанасы Доха қаласында қазақстандық экспорттаушылардың іскерлік миссиясы өттіБұл шараны «QazTrade» АҚ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.Бұл ретте бизнес-миссия аясында B2B кездесулері өтті, оған Қазақстан мен Катардан ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп және IT-технологиялар сияқты негізгі секторлардан 30 компания қатысты.Іс-шараға қатысушылар әлеуетті серіктестермен жеке келіссөздер жүргізе алды, тауарлар мен қызметтерді өзара алмасу мүмкіндіктерін талқылады, сонымен қатар Катар дистрибьюторларымен және импорттаушыларымен байланыс орнатылды.Сонымен қатар, іскерлік миссия аясында QazTrade бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров Qatar Airways өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында тараптар әуе жүктерін дамыту және қазақстандық тауарларды Катар мен Таяу Шығыстағы басқа елдердің нарықтарына жеткізу үшін тиімді логистикалық арналарды құру мүмкіндіктерін қарастырды.Нұрлан Құлбатыров қазақстандық экспорттаушылар үшін тарифтерді оңтайландыру мен тасымалдау сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті, бұл экспортталатын тауарлардың ассортиментін айтарлықтай кеңейтуге және жеткізу географиясын арттыруға мүмкіндік береді.Айта кету керек, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан мен Катар арасындағы тауар айналымы 6,2 миллион АҚШ долларын құрады, бұл екіжақты сауда қатынастарының қарқынды дамуын көрсетеді. Негізгі жетістіктерге Қазақстаннан Катарға қой еті экспортының айтарлықтай өсуі жатады, ол 75%-ға өсті. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді және екі ел арасында аграрлық сектордың маңыздылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/893590
Ұлттық әскери-патриоттық орталық қызметін қорытындылады 29.11.2024
Биыл бірінші желтоқсанда ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына тоғыз жыл толады. Осы орайда өткен есептік шараны орталықтың бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов ашты. Ол орталық тоғыз жыл ішінде жақсы жетістіктерге жеткенін атап өтті. Осы уақыт ішінде орталықтың мәдени-демалыс алаңында әскерге шығарып салу салтанаттары, әскери ант қабылдау рәсімдері, әскери қызметшілерге құрмет көрсету, ерлік сабақтары, жиындар, көрмелер, акциялар және басқа да көптеген іс-шара өткізілді. – Биылғы жылы барлық ірі гарнизондарда толыққанды оркестрі, ансамблі бар, сондай-ақ әскери қызметшілердің балаларымен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыратын филиалдар пайда болды. Алда Ақтөбе және Ақтау қалаларында филиалдар ашу жоспарда бар. Елордалық орталық базасында алғаш рет шығармашылық взвод құрылды. Енді дәл осындай бөлімшелер басқа гарнизондарда да пайда болмақ, – деді ол. Арман Әсенов патриоттық сана мен армия ортасында ынтымақты қалыптастырудағы мәдениеттің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда, оның пікірінше, орталық пен оның филиалдары мамандарының кәсіби біліктілігі шешуші рөл атқарады. Кездесу барысында орталық филиалдарының өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Содан кейін мекеменің үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті. «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагері» медалін үшінші сыныпты сержант Гүлбахыт Сердалина; армия генералы С. Нұрмағамбетовке 100 жыл төсбелгісін – орталық бастығының орынбасары – Жауынгерлік Даңқ музейі әскери-тарихи құндылықтар бөлімінің басшысы Алуа Байқадамова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Сағадат» әнінің авторы Нұрлан Нұртазин және Қарулы күштердің ардагері Айрат Нафиков иеленді. Сонымен қатар, әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға қосқан үлесі, жоғары орындаушылық шеберлігі және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін бірқатар әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің қызметкерлері Қорғаныс министрінің атынан сағаттармен, орталық басшылығының атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/893265
Алматыда өткен оқу-әдістемелік жиында әскери дәрігерлер жыл қорытындысын шығарды 29.11.2024
Іс-шараны ҚР Қарулы күштері Бас әскери-медициналық басқармасы ұйымдастырды.Оған Алматы өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің, Қарулы күштер түрлері әскери-медициналық басқару органдарының және әскер тектері медициналық қызметтерінің бастықтары қатысты.Жиын Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің базасында өтті. Тәжірибелік сабақтар 61993 әскери бөлімі мен Құрлық әскерлері әскери институтының нысандарында ұйымдастырылды.Лауазымды тұлғалар емдеу-алдын алу іс-шараларын және медициналық жабдықтауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы баяндады. Жиын барысында дәрілік заттар мен медициналық мүлікті жоспарлау мен сатып алудың проблемалық мәселелері талқыланды.Тәжірибелік сабақтарда әскери дәрігерлер амбулаториялық және стационарлық пациенттер мен жарақат алған науқастардың есепке алу құжаттамасын жүргізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ әскери қызметшілерді, оның ішінде тәуліктік нарядқа түсушілерді профилактикалық медициналық тексеруден өткізу стандарттары пысықталды. Дәрілік заттарды сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру тәсілдері егжей-тегжейлі қарастырылды.Сонымен қатар жиынға қатысушылар дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырып, арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/893323
Қытайдың 21-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді ашылды 29.11.2024
Қазақстан 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Гуанчжоуда өтетін 21-ші Қытай халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінің құрметті қонағы болды.Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын 30-дан астам жетекші кәсіпорын қазақстандық АӨК-тің халықаралық әріптестер мен инвесторлар үшін әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетті.«Гуанчжоудағы көрмедегі Қазақстанның ұлттық экспозициясы-елдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарығындағы ұстанымын нығайтуға және оның жоғары сапа стандарттарын көрсетуге жасалған маңызды қадам.Бүгін мұнда өз өнімдерін Қазақстанда өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен алуан түрлілігін көрсететін компаниялар таныстырылды», - деп павильонның ашылуында атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.Павильонға ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Хан Цзюнь қатысты.Павильонда made in KZ жоғары сапалы өнімдері ұсынылған: мақсары, күнбағыс, рапс майлары, түйіршіктелген жем, ет өнімдері, құс шаруашылығы өнімдері, ұн, сусындар, отандық «апорт» бренді, құрғақ бие және түйе сүті, бал, балмұздақ және т.б.Глютен, крахмал, биоэтанол сияқты астықты терең өңдеу өнімдері келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл тауарлар Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, ТМД елдеріне және Еуропалық Одақта сұранысқа ие және экспортталады.Сондай-ақ, көрме аясында ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету жөніндегі форум ұйымдастырылды, онда ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Хан Цзюнь, Гуанчжоу провинциясы үкіметінің қызметкерлері, сарапшылар мен ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қаржы және инвестициялық институттар өкілдерінің қатысуымен АӨК-нің өзекті мәселелері талқыланды.Вице-министр ҚХР Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық және агроөнеркәсіптік өнім саласындағы ірі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. 2023 жылы Қытаймен агроөнеркәсіптік өнім айналымы 1,7 есеге артып, 1,3 млрд доллардан асты.«Қазір азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып табылады және Қазақстан оны қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Соңғы бес жылда АӨК өнімдерінің экспорты екі есеге жуық өсті және біз оны алдағы бес жылда 10 миллиард долларға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Біздің еліміз әлемдегі жетекші он бидай экспорттаушының арасында берік орын алады және мал шаруашылығындағы өз позициясын айтарлықтай күшейтуде. ҚР Үкіметі іске асыратын ұзақ мерзімді аграрлық саясат агробизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды және секторды қолдауды қамтамасыз етеді. Сапалы мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайту біз үшін басымдық болып қала береді. Сондай - ақ біз тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жалғастырамыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, бірлескен өндірістер құрудамыз», - деді ол.Қытай инвесторларының қатысуымен Қазақстан аумағында бірқатар маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылды, оның ішінде СҚО-да рапс майын өндіру, Түркістан қаласында түйе және бие құрғақ сүтін өңдеу және өндіру. Шамамен 700 млн.доллар сомасына тағы 5 инвестициялық жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893063
Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды 29.11.2024
Мемлекет басшысы жақында өткен агрофорумда агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсімнің негізгі күштерінің бірі саналатынын атап өтті. Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды. 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды. Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады. Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды, бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады. Бұдан басқа, қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.Консультация алу және өтінімдер беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан алуға болады және Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 Call center нөмірі, Tele 2, Altel үшін 8 701 006 19 91 телефон нөмірі жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893283
Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстанда асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту жолдарын талқылады 29.11.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде елімізде жылқы шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке қысқа мерзімде жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Мемлекет басшысының алға қойған міндетін орындау мақсатында қазақ жылқы шаруашылығы және жем өндіру ғылыми-зерттеу институты Ақтөбе облысындағы тәжірибе станциясының базасында құрылды.Бүгін Ақтөбеде Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту және ҒЗИ ашу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Мәжіліс депутаттары, еліміздің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.Іс-шараны облыс әкімі Асхат Шахаров ашты. Ол жергілікті атқарушы орган тарапынан жаңа ғылыми-зерттеу институтын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтіп, дөңгелек үстел мүдделі тараптар арасындағы диалогты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Бұдан кейін облыс әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге сөз беріп, вице-министр отандық жылқы шаруашылығындағы жағдай туралы айтып берді. Бүгінде Қазақстанда жылқылардың жалпы саны 4,1 миллион басты құрайды. Сонымен бірге асыл тұқымды жылқылардың саны 46 мың басты құрайды немесе барлық малдың бір пайызынан сәл ғана асады.«Мемлекет басшысы асыл тұқымды жылқыларды іріктеу мен өсіруге ерекше назар аудару, сол арқылы асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру қажеттігін атап өтті. Жалпы, соңғы бес жылда саланы субсидиялауға 4,9 млрд. теңге бағытталды. Ағымдағы жылы атқа мінетін бағыттағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі арнайы заң қабылданды. Үкімет заңды жүзеге асыруға кірісті», - деді Аманғали Бердалин.Вице-министр 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Адай және Қостанай жылқыларын жетілдіруге, сондай-ақ Жебе, Көшім және Мұғалжар сияқты бағыттарда өнімді жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған екі ғылыми-зерттеу бағдарламасы басталғанын атап өтті. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді.Жаңа Жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтының негізгі міндеті жылқылардың асыл тұқымды қасиеттерін жақсарту және отандық тұқымдарды халықаралық нарықтарда белсенді ілгерілету бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Институт алдағы бес жыл ішінде асыл тұқымды жылқылардың санын 6-7%-ға көбейтуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің аграрлық университеттерінде жылқы шаруашылығы бойынша тереңдетіп оқыту жоспарлануда.Кадр тапшылығы мәселесі дөңгелек үстелге қатысушылар арасында ең көп талқыланатын мәселелердің біріне айналды. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар айтылды, оның ішінде өңірлерде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты комиссия құру, жоғары оқу орындарында жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты күшейту, жылқы шаруашылығымен айналысатын ғалымдардың ұрпақтары арасында сабақтастық байланыс орнату.Дөңгелек үстелге қатысушылар жүйелі көзқарас пен ғылыми-зерттеу институтын құру Қазақстанда жылқы шаруашылығын тұрақты дамыту үшін сенімді іргетас болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893399
Қазақстандық делегация Гуандун провинциясының 10 ірі аграрлық және логистикалық компаниясымен дөңгелек үстел өткізді 29.11.2024
Қазақстан құрметті қонақ болып табылатын 21-ші қытайлық халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесі аясында ҚР делегациясы Гуандун провинциясының жетекші ауыл шаруашылығы компанияларымен кездесу өткізді.ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытай Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.«Ауыл шаруашылығы екіжақты қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. 2023 жылы Қытаймен агроөнеркәсіптік өнімнің тауар айналымы 1,7 есе өсіп,1,3 млрд.доллардан асты. Бұл біздің осы саланы дамытуға деген қызығушылығымызды көрсетеді.Қытайға ең көп дәнді және майлы дақылдарды, өсімдік майларын экспорттаймыз. ҚХР-дан жеміс-көкөніс өнімдері, цитрус жемістері, жаңғақтар импортталады.Бұл айналым динамикасының шегі емес. Біздің елдеріміз арасында үлкен іске асырылмаған әлеует бар»,-деді вице-министр.Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 млрд. ауыл шаруашылығы өнімдері, қайта өңдеу өнімдері-6 млрд. өндіріледі.Соңғы 5 жылда АӨК өнімі экспортының жалпы көлемі 2 есеге артып, 5,4 млрд.долларға жетті. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 10 млрд.долларға жеткізу жоспарлануда.Қазақстан бидайдың әлемдегі жетекші 10 экспорттаушысының қатарына кіреді және ұн экспорты бойынша жетекші орынға ие. Өнімдер Қытайда да жақсы сұранысқа ие.Қазақстандық делегация мүшелері басым бағыттардың қатарында жоғары сапалы мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау бар екенін атап өтті.«Біз қытайлық инвесторлардың Қазақстанның АӨК секторына деген қызығушылығының айтарлықтай өскенін байқаймыз.Қытай инвесторларының қатысуымен Қазақстан аумағында АӨК саласындағы бірқатар маңызды жобалар сәтті іске асырылды, тағы 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Бұл Қазақстанға деген үлкен сенімнің белгісі және біздің елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінетіндігінің дәлелі», - деп атап өтті ҚХР жетекші компанияларын ынтымақтастыққа шақырған вице-министр.Тараптар тауар айналымын, инвестицияларды ұлғайту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893424
Астанада этножурналистика мен шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тарды қолдау жайы талқыланды 29.11.2024
Астанада этножурналистика мен қазақ тілді БАҚ-ты шетелде мемлекеттік қолдау тақырыбына арналған «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.Тақырыпты талқылауға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, этникалық БАҚ және «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері қатысты.Спикерлер этножурналистиканың азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің және қазақстандық қоғамда этностық топтарды шоғырландырудың маңызды құралы ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар БАҚ арқылы этносаясатты ілгерілетудің, шетелде қазақ тілді медианы қолдаудың, этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.Этносаралық тұрақтылық үшін тәуекелдерді анықтауға және алдын алуға, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» таралуына қарсы тұруға және этникалық, тілдік белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуге ерекше назар аударылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892671
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті 29.11.2024
Көкшетау қаласының Достық үйінде «Мемлекеттік тіл - этносаралдық қатынас тілі» жобасын іске асыру аясында этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті.Форум спикерлері қазақ тілін меңгерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.Іс-шара соңында форумға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892673
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының«Бір ел» жастар жобасы бастау алды 29.11.2024
Атырау қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы бастау алды.Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және ауыл жастары мен волонтерлер қатысты.Спикерлер мәдениетаралық диалогты дамыту, ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау, азаматтар мен жастардың тарихи-мәдени мұраны зерделеуге қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға тарту, жалпыұлттық бірлік, сондай-ақ қасиетті орындарды танымал етудің маңыздылығын атап өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892946
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады 29.11.2024
Президентке 2024 жылы министрлік тарапынан мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынастар, жастар саясаты және креативті индустриялар, отбасы-демографиялық сала, архивтер мен кітапхана ісі бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы, сондай-ақ 2025 жылға жоспарларға дайындық барысы жөнінде ақпарат берілді.Министр Аида Балаева биыл қазақ өнері әлемге әйгілі өнер алаңдарында алғаш рет ұсынылғанын атап өтті. Венеция биенналесінде және Гиме азиялық өнер музейіндегі қазақ өнер көрмелерін екі жүз мың адам тамашалады.Қазақстанның баспа өнімдері 153 елдің делегациясы қатысқан әлемдегі ең ірі кітап көрмесі – Frankfurter Buchmesse-де алғаш рет көрсетілді.Ел тарихы мен мәдениетін дәріптеуде маңызды жоба – сегіз тілде, соның ішінде халықаралық тілдерде, ақпараттық-ағартушылық «Qazaq Culture» платформасы іске қосылды.Сондай-ақ, Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты жарқын мәдени-көпшілік оқиға болды.Министрлік биыл заң шығару саласында ауқымды жұмыс атқарды.Атап айтқанда, 2024 жылы Қазақстанда журналист мәртебесін арттыруға бағытталған жаңа БАҚ туралы заң қабылданды. Сонымен қатар «EURONEWS» телекомпаниясының аймақтық кеңсесі ашылды. Ал, «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамаға өзгерістер Парламентте талқылануда.Сондай-ақ, министрлік қайырымдылық, креативті индустриялар саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.Еріктілер қозғалысын дамыту да министрліктің басты бағыттарының бірі болып отыр. 2022 жылмен салыстырғанда белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін өсті. Жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберілді.Креативті индустрияларды қолдау шаралары әзірленді: Креативті индустриялар қоры құрылды, «Сәтті Жұлдыз» түсімінен 3% бөлінеді, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтілді, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Креативті индустрия субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елде 10 креативті орталық пен хаб ашылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893100
2024 жыл қорытындысы: Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері 29.11.2024
Биыл Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласында айтарлықтай табысты еңбек етті. Бұл жыл ел үшін маңызды кезеңге айналып, қазақтың мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін айқындайтын көптеген ірі іс-шаралармен есте қалды.Ұйымдастырылған көрмелер, фестивальдер мен гастрольдер ел ішіндегі мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, қазақ мәдениетін шетелде белсенді түрде насихаттауға ықпал етті. Министрлік 2024 жылғы жұмысын қорытындылады. Қазақ мәдениеті шетелде: жетістіктер мен табыстарБиыл қазақ өнері алғаш рет әлемге әйгілі өнер алаңдарында: Венеция биенналесі мен Гиме – Азия өнер музейінде ұсынылды. Бұл көрмелерді шамамен екі жүз мың адам тамашалады.Сонымен қатар, Қазақстанның баспа өнімдері алғаш рет әлемнің басты кітап көрмесі – Frankfurter Buchmesse-де көрсетілді. Бұл шараға әлемнің 153 елінен делегация қатысты.Мәдениет бағыты бойынша білім алған 255 студент Қытай, Италия, Ұлыбритания, Австрия, АҚШ, Түркия, Чехия, Испания және басқа да елдерде өткен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды.Бұдан бөлек, биыл Қазақстанның шығармашылық ұжымдары 14 елге гастрольдік сапармен барды. Оның ішінде Франция, Вьетнам, Түркия және АҚШ елдерінде сәтті өнер көрсетті. Бұл іс-шаралар халықаралық байланыстарды нығайтып, қазақ мәдениетін шетелде танытуға ықпал етті.Тяньцзинь музейіндегі «Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі де маңызды оқиғалардың бірі болды. Көрме ашылған сәттен бастап 400 мың адам тамашалады.Мәдени дипломатияның маңызды бөлігі ретінде Тәжікстан мен Түрікменстанда Қазақстанның Мәдениет күндері де табысты өтті.Айта кететін жетістіктердің бірі – «Qazaq Culture» ақпараттық-ағартушылық платформасының іске қосылуы. Бұл платформа сегіз тілде, соның ішінде БҰҰ-ның алты ресми тілі, қазақ және түрік тілдерінде ақпарат таратады. Аталған бастама Қазақстанның бай мәдени мұрасын әлемге танытуға бағытталған.2024 жылы қазақ қайраткерлерінің есімдері де ұлықталды. Құрманғазы, Абай сынды тұлғалардың ескерткіштері Түрікменстан, Тәжікстан және Татарстанда орнатылды. Бұл жетістіктер қазақ мәдениетінің халықаралық аренадағы беделін арттыру және оны әрі қарай дамыту бағытында министрліктің белсенді жұмыс атқарып жатқанын көрсетеді.Елдің мәдени келбеті2024 жылы Қазақстанда мәдени мұрасы мен байлығын көрсететін көптеген маңызды мәдени іс-шаралар өтті.Айтулы оқиғалардың бірі – 17 мыңнан астам көрермен жинаған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты. Ойындардың жабылу рәсімінде әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің керемет концерті ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» атты картинасының көрмесі өтті. Бұл көрмені 37,7 мыңнан астам көрермен тамашалады.Қараша айының соңында ХVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Фестиваль аясында халықаралық байқау және Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің фильмдері бойынша байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Ресей, Тәжікстан, Татарстан, Түркия, Өзбекстан, Филиппин және Франция сынды елдерден 50-ге жуық фильм ұсынылды, бұл кино өнерінің сан түрлі қырын айшықтай түсті.Жыл бойы өткен көптеген концерттердің ішінен 30 қазанда Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Бисенғалиевтің қатысуымен өткен симфониялық концертті ерекше атап өтуге болады.16 қазанда Мәскеудегі Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда «Астана Опера» театрының гастрольдері өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның мәдени дипломатиясын дамытуда маңызды қадамға айналды.Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмібай Сариевтің шығармашылығына арналған концерттер өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанның белгілі тұлғалары мен тарихи даталарына арналған мерейтойлық іс-шараларБиыл Қазақстанда елдің ұлы тұлғалары мен тарихи даталарына арналған ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтуде. Бұл іс-шаралар тек ұлы қайраткерлердің есімін ұлықтаумен шектелмей, сонымен қатар, елдің мәдени мұрасын дамытуға үлес қосуда.Маңызды мерейтойлар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің 90 жылдығы, Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығы, Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы, Герольд Бельгердің 90 жылдығы, Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығы, Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы.Бұл іс-шаралар қазақ мәдениетінің маңызы мен оның халықаралық аренадағы рөлін ерекше көрсетеді. Мысалы, қараша айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің француз тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымы өтті.Аталған мерейтойлар қазақ халқының рухани мұрасын жаңа деңгейге көтеріп, оның әлемдік мәдениеттегі орнын айшықтай түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893401
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жыл қорытындысы: креаторларды қолдау және азаматтық қоғамды дамыту 29.11.2024
Мемлекет басшысының белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қоғамның өзекті мәселелерін шешуге азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасалуда. Волонтерлер қозғалысы қарқын алуда. Министрлік 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысын ұсынды. Креативті индустрияларМемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында креативті индустрияларды қолдау бойынша шаралар кешені әзірленді. Креативті индустриялар субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Республика бойынша 10 креативті орталық пен хаб ашылды. Волонтерлер қозғалысын қолдауВолонтерлер қозғалысының дамуында оң динамика қалыптасты. Белсенді волонтерлер саны 200 мыңнан (2022) 240 мыңға (2024) дейін өсті. Волонтерлік қызметті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 3-4 қазанда АӨСШК Жастар кеңесінің қамқорлығымен АӨСШК-ге мүше 14 мемлекеттен 450 адам қатысқан Волонтерлер слеті өтті.Жыл сайын волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға 50-ден астам волонтерлік жобалар жүзеге асырылып, 240 шағын гранттар. 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберілді. 2021-2023 жылдар аралығында 9 волонтер жіберілді. Қоғамдық кеңестер құрамындағы жастарҚоғамдық кеңестердегі жастардың үлесі 2022 жылғы 4,1%-дан 2024 жылы 12%-ға дейін өсті.Қазақстанда 262 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (оның 36-сы орталық, 226-сы жергілікті деңгейде). Қоғамдық кеңестерде барлығы 4 мыңға жуық адам болса, оның 86%-ы азаматтық қоғам өкілдері. 63 қоғамдық кеңес 100% азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады. Қайырымдылықты дамытуЗаңнамаларды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың, қайырымдылық ұйымдарының, квазимемлекеттік және бизнес секторларының өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.Ұсынылып отырған шаралар жеке тұлғалардың тек өздерінің немесе жақын туыстарының пайдасына қайырымдылық жинақтарын реттеуге, қайырымдылық ұйымдарының міндетті есептілігін енгізуге және бірыңғай цифрлық қайырымдылық платформасын құруға бағытталады. Жастар еңбек жасақтары қызметін трансформациялауЖастарды маусымдық жұмыспен қамтудың жаңа бағыттарын құру арқылы (инженерлік, ауылшаруашылық, педагогикалық, құрылыс және т.б.) жыл сайын кемінде 30 мың адам қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893609
Алматыда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті 29.11.2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің туындысы — «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті.Жаңа ұлттық опера Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген.Қойылымды сахналауға әйгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылды.Театрдың жетекші әртістерінің, симфониялық оркестр мен хордың қатысуымен тарихи дәуір шынайы сахналанды.Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер өткізіліп, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынады.Үш күн бойы көрермендер ортағасырлық ең ірі мемлекет — Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасап, маңызды тарихи сәттер мен ұмытылмас эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893625
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша қорытындылар 29.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында сағат 16:00 бастап «КОREМ» АҚ сауда алаңында Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 441.9 МВт;ҚР БЭЖ Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 180 МВт.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз).Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 3 энергия өндіруші ұйым қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 412 МВт құрады. Сауда жүйесінде 3 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 412 МВт құрады.ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында сатып алынған электр қуатының іске асырылмаған көлемі 29.9 МВт құрады.Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтің іске асырылмаған көлемі 123.2 МВт құрады.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/rus/itogitorgov/rynok_moshnosti/.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892734
Сұңғат Есімханов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті 29.11.2024
Бүгін вице-министр Сұңғат ЕсімхановҚарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.Өз сөзінде вице-министра өңірді газдандыру бойынша жоспарларға ерекше тоқталып өтті.Бүгінгі таңда Қарағанды облысын газдандыру 80 млрд теңге сомасын құрайтын 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздеп отыр, оның ішінде: Қарағанды қаласында 29 528 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 16 іске қосу кешені және Теміртау қаласындағы 6 357 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 8 іске қосу кешені. Сонымен қатар 2457 абонентке техникалық шарттар берілді (Қарағанды қ. – 1 742, Теміртау қ. – 715), 1823 абонент газға қосылды (Қарағанды қ. – 1 167, Теміртау қ. – 656).Бұған қоса газ желілерін салу бойынша 2024 жылға 11,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде Қарағанды қаласының АГТС-«Қарағанды «САРЫ-Арқа» МГ газ тарату желілерін, Теміртау қаласының АГТС Теміртау МГ «САРЫ-Арқа» газ тарату желілерін салу және Қарағанды облысы Шахтинск қаласын газбен жабдықтаудың тарату желілері бар Шахтинск» АГТС және газ бұру құбырын салу.Өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жылумен қамтамасыз ету бойынша Сұңғат Есімханов бүгінгі таңда облыстың электр станцияларының белгіленген жылу қуаты 4416,3 Гкал / сағ. қолда бар жылу қуаты – 3220,2 Гкал/сағатты құрайды.Облыстың жылумен жабдықтаудың ірі көздері ЖЭО-3 және ЖЭО-2 болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2400 Гкал/сағ-тан асады, ал қолда бар қуаты 1800 Гкал/сағ-тан асады және ЖЭО-3 орташа тозуы 69 %, ал ЖЭО-2 72 %-ды құрайдыОсыған орай 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қарағанды облысы бойынша 2025 жылға арналған 4 жобаны іске асыруға 8,6 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған.Атап айтсақ, Теміртау қаласындағы (Республика даңғылынан Ушинский көшесіндегі сорғы станциясына дейін Құрылысшылар даңғылы бойынша және Құрылысшылар даңғылынан ТК18-ге дейін (Мир даңғылы- Металлургтер даңғылы) Ушинский көшесі мен Мир даңғылындағы) жылу желілерін реконструкциялау және Қарағанды қаласының Октябрь ауданының БТ3-тен ТП1-ге дейінгі «Соединительная» жылу магистралін реконструкциялау, ЖЭО-3-тен Орталық жылу бөлу орталығы-1-ге дейінгі 1-кезектегі жылу магистралін реконструкциялау.Сондай-ақ, вице-министр Қарағанды облысында жалпы қуаты 272,5 МВт 8 ЖЭК объектісі бар,оның ішінде қуаты 270,8 МВт 6 күн электр станциясы, қуаты 1,1 МВт 1 электр станциясы және қуаты 0,6 МВт су электр станцияларының жұмысын және энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 500 МВт ЖЭС ауқымды жобасын іске асыру жоспарын атап өтті.Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893224
Сұйытылған мұнай газы тауарына ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу жөнінде 29.11.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №619 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сұйытылған мұнай газына қатысты ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндетті болып табылатын бұйрығы күшіне енетінін хабарлайды, бұл газды өндіру мен айналымы Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңымен реттеледі.Бұл бұйрық елдің ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893481
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды 29.11.2024
HR Enbek еңбек ресурстары порталында пікірлерді орналастыру бойынша жаңа функционал пайда болды. Онда жұмыскерлер – қазіргі және бұрынғы жұмыс орындары туралы, ал жұмыс берушілер – жұмыс жасайтын және жұмыстан шыққан жұмыскерлері туралы пікір қалдыра алады.Пікірлер бес жұлдызды бағалау (өте нашардан өте жақсыға дейін) мен мәтіндік сипаттаманы қамтиды. Функционалдылық жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара әрекеттесуінің оң немесе теріс тәжірибесін бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл міндетті емес.Пікір қалдырып, оның түпнұсқалығына кепілдік беру үшін оған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек. Сіз өзіңіздің жазбаларыңызды «Менің пікірлерім» (пайдаланушы қалдырған) және «Мен туралы пікірлер» (пайдаланушы алған) салымдарындағы тиісті бөлімде көре аласыз. Жасалған және алынған пікірлер туралы барлық деректерді құжат форматында жүктеуге болады.Сондай-ақ, қызметкер мен жұмыс беруші бір пікір қалдыра алады, бұл ынтымақтастық туралы ақпаратты толықтыруға немесе нақтылауға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға үміткерлерді іріктеу кезінде «Жұмыскерлер» бөлімінде олар бойынша бұрынғы жұмыс орындарынан кері байланыс сұрай алады. Бұл ретте кандидатқа 1414 нөмірінен SMS арқылы немесе порталдағы жеке кабинетке, сондай-ақ HR Enbek мобильдік қосымшасында келісуге сұрау салу жіберіледі. Жұмыс беруші ақпаратқа келісім алғаннан кейін ғана қол жеткізе алады.Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер туралы пікірлерді көру мүмкіндігі барлық ізденушілер үшін 2025 жылы қолжетімді болады.Бұл функционал жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынастардың ашықтығын арттыруға, жұмыс іздеу және қызметкерлерді жұмысқа алу процесін жеңілдетуге бағытталған.Пайдаланушы берілген ақпарат үшін толық жауап беретінін ескеру маңызды. Осы онлайн-платформаларда дәйексіз ақпарат қалдырған жағдайда заңдық тұрғыдан жауапкершілік қарастырылған. Жалған ақпаратты тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/892779