Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы мәслихаты қаланың жергілікті бюджетін нақтылауды қолдады 29.11.2024
Алматы қаласының бюджетін нақтылау бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен жүргізіледі. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.Оның айтуынша, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі 82,9 млрд теңгеге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен – 18,1 млрд теңгеге, сондай-ақ келесі жылға 57,9 млрд теңге көлемінде қаражат аудару есебінен азайтылатын болады.«2025 жылға қаражат аударудың негізгі себептері – мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу», - деп атап өтті Қанат Сухамбеков, жаңа бастамалар бойынша жұмыс қарқынының озып кетуіне байланысты қосымша 21,3 млрд теңге бөлінетінін, олар әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс – шараларды қосымша қаржыландыруға бағытталатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893573
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтергені үшін өтемақы ұзартылды 29.11.2024
Бүгін Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы 1 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуді 0,8 АЕК мөлшерінде ұзарту туралы шешімді бірауыздан қолдады.Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында 2023 жылдың шілдесінен бастап жыл ішінде 0,8 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем көрсетілді. Әлеуметтік көмектің бұл түрін ХӘОТ 9 санатының ішінен 140 мыңнан астам азамат алды.«Біз коммуналдық инфрақұрылымның жоғары тозуы аясында тарифті көтерудің үлкен қажеттілігі бар екенін түсінеміз, бірақ бұл ретте Алматы әкімдігі үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау әрқашан басымдыққа ие», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.Естеріңізге сала кетейік, ХӘОТ 9 санатына әлеуметтік төлем алу үшін (ҰОС ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдардың ардагерлері, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, құқық тәртібін қорғау кезінде жасына байланысты зейнеткерлер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) Алматыда тұрақты тіркелуі және тұрғылықты жері болуы, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беруі және сәйкестендіру үшін жеке куәлігін ұсынуы қажет.Көмектің осы түрін ресімдегендерге өтініш берудің қажеті жоқ, оларға әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893576
Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам бұзушылықты тіркеді 29.11.2024
Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайды.Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеді.Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды.Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен.Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам айыппұл өндірілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893577
Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді 29.11.2024
Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі «Электр желілерін дамыту жоспары» әзірленді. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай хабарлады. Құжат электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, энергия сапасын жақсартуға және қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.Электр желілерін дамыту жоспары энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу бағдарламасын қамтиды, ол 2030 жылға дейінгі кезеңді, ал болашақта 2040 жылға дейінгі даму перспективасын көздейді. Құжатты әзірлеу барысында қаланың энергия жүйесінің даму болжамы жасалды, бұл алдағы онжылдықта қажетті ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.Алматының энергетика саласын талдау шұғыл шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер мен ерекшеліктерді анықтады. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай мегаполистің тұтыну қуаты 468 МВт-қа (48%-ға) өсіп, 1450 МВт-ты құрайды деп күтілуде.Аталған деректерді ескере отырып, Жоспарда негізгі міндеттер қарастырылған: жаңа қосалқы станцияларды салу, электр желілерін қайта құру және жаңғырту, әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру, жаңа тарату пункттерін орнату және электр беру желілерін ауыстыру, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды қосу шектеулерін жою.Осы іс-шараларды іске асыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін айтарлықтай арттырып, тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасын жақсартады және жаңа нысандарды қосу мүмкіндіктерін жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893580
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қалада «Алматы жастары» бағдарламасын қаржыландыру жалғасады 29.11.2024
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.Алматы қаласының бюджетін нақтылау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар үшін әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылды: 585 млн теңге аудандық әкімдіктерге азаматтарға үйде әлеуметтік қолдау көрсетуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бөлінеді.Қанат Сухамбеков атап өткендей, «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру үшін бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді.Бұл, оның айтуынша, әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 80 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ішкі істер органдарының 2 510 қызметкеріне жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893585
Алматыда 2030 жылға дейін тұрғын үйді Реновациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды 29.11.2024
Алматы қаласының мәслихаты «Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін Реновациялау бағдарламасын» қабылдады, оның мақсаты қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту, қалалық ортаны жаңарту және апатты тұрғын үй қорының ұлғаюына жол бермеу болып табылады.Бағдарлама әкімшісі болып «Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (ӘКК), ал Уәкілетті ұйым болып «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС (КҚК) тағайындалды.Бағдарлама 1930-1980 жылдар аралығында салынған екі қабатқа дейінгі тозығы жеткен көппәтерлі үйлерді, сондай-ақ аумақ пен инфрақұрылымды жаңартуды талап ететін жеке тұрғын үйлерді, өнеркәсіптік, коммерциялық және өзге де объектілерді қамтиды. Оны іске асыру Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес, құрылыс салудың тығыздығын, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін, сондай-ақ қауіпсіздік пен эстетиканың заманауи талаптарын ескере отырып, тұрғын аумақтарды дамытуды көздейтін болады.Жаңа бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғау тетіктерін енгізу және тұрғындармен әрі жұртшылықпен өзара іс-қимылды жақсарту болды.Реновация бағдарламасы объектілерінің тізімі үш санатқа бөлінген:Инвестициялық тартымсыз (1-санат):Қызыл сызықтарда орналасқан немесе инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік немесе өзге де объектілерді салуға арналған объектілер. Мұндай ғимараттарды сатып алуды және бұзуды жер заңнамасының нормаларына сәйкес қала әкімдігі жүргізеді.Инвестициялық тартымсыз (2-санат): Қала үшін басым тұрғын, әлеуметтік және коммерциялық ғимараттар салуға арналған объектілер.Тұрғындарды көшіру және учаскелерді босату КҚК-ны қамтамасыз етеді, инвесторларға жерді нарықтық құны бойынша сату көзделеді.Инвестициялық тартымды (3-санат):Кешенді жаңартуды қажет ететін кварталдар, полиорталықтар немесе өнеркәсіптік аумақтар шегінде орналасқан объектілер.Тұрғындарды көшіру және осындай объектілерді бұзуды инвесторлар қаржыландырылатын болады.Ескі тұрғын үй иелері үшін өтемақының үш нұсқасы қарастырылған:Айырбастау шарты: тұрғындардың санына қарамастан, "бөлме үшін бөлме" қағидаты бойынша ескі тұрғын үйді жаңасына айырбастау.Меншікке беру шарты: баламалы тұрғын үй жаңа үй тапсырылғаннан кейін беріледі. Бұған дейін тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.Сатып алу-сату шарты: тәуелсіз бағалау компаниясы анықтаған нарықтық құны бойынша тұрғын үйді сатып алу.Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін бірінші қабаттарға немесе лифттермен, пандустармен және кедергісіз кірумен жабдықталған үйлерге көшу шарттары көзделген. Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады.2030 жылға дейін кем дегенде 676 ескі үйді жаңарту жоспарлануда, бұл 7500-ге жуық меншік иесін заманауи абаттандырылған пәтерлерге көшіруге мүмкіндік береді.Бағдарлама аясында сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардан бастап уәкілетті мемлекеттік ведомстволарға дейінгі барлық реновацияға қатысушылардың өзара іс – қимылын үйлестіретін Реновация офисі (жобалау тобы) құрылды.Реновация бағдарламасы-Алматы қаласын жайлы, тұрақты және инновациялық мегаполиске айналдыруға бағытталған стратегиялық даму жоспарының негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағдарламаны табысты іске асыру сапалы қалалық ортаны қалыптастыруды, қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуды және инвесторларды тарту үшін қолайлы климат құруды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893588
Ақтөбедегі ғылыми конференция: Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамытуға жаңаша көзқарас 29.11.2024
Ақтөбеде Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жылқы шаруашылығы институтын құру туралы тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Мәжіліс депутаттары, еліміздің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.«Мемлекет басшысы жылқының сапасы мен санын арттыру тапсырмасы аясында Ақтөбе облысындағы Тәжірибе станциясының негізінде Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты құрылды. Бұл институтты қаржыландыру және дамытуға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Енді жылқы шаруашылығын дамытудың жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеу қажет», - деді облыс әкімі Асхат Шахаров.ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жылқы шаруашылығы еліміз үшін дәстүрлі әрі ұлттық мал шаруашылығы саласының бірі екенін атап өтті. Табиғат жағдайлар, кең байтақ дала мен ата-баба тәжірибесі, сондай-ақ заманауи ғылыми әзірлемелер жылқы шаруашылығын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызары анық.Бүгінде еліміздегі жылқының жалпы саны — 4,1 млн, бұл саланы дамытуға мүмкіндік те көп. Бұл ретте асыл тұқымды жылқы саны 46 мың бас немесе жалпы жалқы санының бір пайызынан астамын ғана құрайды.«Мемлекет басшысы атап өткендей, асылтұқымды жылқыларды іріктеу мен өсіруге баса назар аударып, сол арқылы асылтұқымды мал басының үлесін арттыру қажет. Жалпы, соңғы бес жылда саланы субсидиялауға 4,9 млрд теңге бөлінген. Биыл салт атты және шабандоз жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және көбейту туралы арнайы заң қабылданды. Үкімет заңды орындауға кірісіп те кетті. Осылайша, қазіргі мемлекеттік қолдау ережелеріне Қостанай жылқы тұқымының популяциясын жаңғырту және қалпына келтірудің жаңа бағыттары енгізілді. Оларды жүзеге асыру бұл тұқымның санын 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік береді», - деді Аманғали Бердалин. Асылтұқымды жылқы басын көбейту — Қазақстандағы жылқы шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі және мұны сапалы және кең ғылыми қолдаусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл бағыттағы маңызды қадам Адай жылқысының дербес тұқым ретінде танылуы болды.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын жүзеге асыру нәтижесінде 2023 жылдың желтоқсан айында Адай жылқысы ресми түрде танылып, еліміздің селекциялық жетістіктер тізіміне енгізілген еді.Сондай-ақ іс-шара барысында 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Адай және Қостанай жылқыларын жақсарту, сондай-ақ, Жабы, Көшім және Мұғалжар жылқыларының санын көбейтуге бағытталған екі ғылыми-зерттеу бағдарламасы қолға алынғаны айтылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.Жаңадан құрылған жылқы шаруашылығы және жем-шөп өндірісі институтының негізгі міндеті – жылқылардың асылтұқымдық қасиеттерін жақсарту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және отандық тұқымдарды халықаралық нарыққа белсенді түрде шығару. Институт алдағы бес жылда асылтұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыруды міндет етіп отыр. Сондай-ақ, еліміздің аграрлық жоғары оқу орындарында жылқы шаруашылығын тереңдетіп оқыту жоспарлануда.Дөңгелек үстелге қатысушылар кадр тапшылығы мәселесін талқылап, пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ өңірлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін тұрақты комиссия құру, жоғары оқу орындарында жоғары білікті кадрлар даярлау жұмысын күшейту, жылқы шаруашылығымен айналысатын ғалымдар ұрпақтары арасындағы сабақтастықты жолға қою сияқты бірқатар ұсыныс айтылды.Сонымен қатар, қатысушылар ғылыми-зерттеу институтын құру Қазақстандағы жылқы шаруашылығын тұрақты дамытудың сенімді іргетасына айналатынына сенім білдірді. Мемлекет тарапынан қолдау, сондай-ақ халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, отандық жылқы шаруашылығын әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті етіп, жаңа деңгейге көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/893400
Семей әуежайы жолаушыларды жаңа автобуспен тасымалдайды 29.11.2024
Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Жуырда әуежай 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа ие болды.«Автобуста мүмкіндігі шектеулі жандардың жайы да ескерілген. Осы арқылы біз олардың кедергісіз қатынауына мүмкіндік жасамақпыз,» - дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.Жаңа көлік облыс әкімдігінің қолдауымен сатып алынды. Енді жолаушыларды терминалдан ұшаққа және кері жедел тасымалдауға мүмкіндік туып отыр.«Әуежай - алыс жақыннан келетін қонақтар үшін қақпа іспеттес. Әуежайымыз барлық талаптарға әсіресе жолаушылар сұранысын қанағаттандыратын деңгейде болуы керек. Біз жерлестеріміз бен жолаушылар үшін қолайлы орта жасау үшін өз міндеттемелерімізді орындауымыз қажет», - деді аймақ басшысы.Сондай-ақ, әуежайда ағымдағы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың ыңғайлы әрі қауіпсіз көтерілуі мен түсуін қамтамасыз ететін амбу-лифтті пайдалануға беру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/892649
Абай облысында жергілікті бюджет түсімдерінің көлемі артты 29.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен жергілікті бюджет жоспарын орындау, уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл және салықтық әкімшілендіру міндеттерін шешу мәселелеріне арналған отырыс өтті.Жиында Абай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2024 жылдың 11 айында жергілікті бюджетке 102,1 млрд теңге мөлшерінде белгіленген түсімдер жоспары 6,5 млрд теңгеге асыра орындалғанын атап өтті. Күтілетін түсімдер 108,6 млрд теңгені құрап, орындалудың 106% - на сәйкес келеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 млрд теңгеге артық, бұл 125% өсімді көрсетеді.114,3 млрд теңге деңгейінде бекітілген жылдық жоспар жыл ішінде 127,4% - ға дейін ұлғайтылды. Өңірде жалпыға бірдей декларациялау белсенді енгізілуде. Бұл кірістердің ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы күресте ықпал етеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады, олардың арасында тұрғын үйді жалға алу, жолаушылар тасымалы, іс-шараларды ұйымдастыру және блогер ретінде жұмыс істеу сияқты ең танымал қызмет түрлері бар. Алайда, бұл азаматтардың едәуір бөлігі әлі күнге дейін салық төлеуден тыс қалады. Бұл бюджетті толықтыру мүмкіндігін шектейді.Алакөл жағалауында 223 демалыс базасы мен түрлі бизнес нысандары жұмыс істейді. 2023 жылы осы субъектілерден түскен түсімдер 160,5 млн теңгені құрады, оның 89,3 млн теңгесі демалыс базаларына тиесілі. 2024 жылы бұл соманы 210 млн теңгеге дейін ұлғайту күтілуде. Туристерге қызмет көрсетуді жақсарту үшін ағымдағы жылдың жазында нысандар тексерілді. БКМ және POS-терминалдарды пайдалану ережелері түсіндірілді. Тамыз айында басталған «Salyq кэшбэк» жобасы аясында есепке алынған чектер саны 257%-ға ұлғайды. Бұл 1 млрд теңге мөлшерінде қосымша түсімдерді қамтамасыз етті.Отырысты қорытындылай келе аймақ басшысы өңірдегі салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін жол картасын әзірлеуді тапсырды. Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлік қызметті бақылауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ құрамына атқарушы органдардың, салық құрылымдарының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіретін жұмыс тобын құру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/892652
Әкім орынбасары Аягөз ауданындағы құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды 29.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Аягөз ауданында болды. Сапар барысында аудандағы негізгі әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.Солардың бірі – «Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКМ-де халықтың әртүрлі санаттарына көмек көрсетіледі. Орталық 1995 жылы құрылған. 1970 жылы салынған ғимарат заманауи кабинеттермен және әлеуметтік қызметтің сегіз түрін көрсетуге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған. Орталықта 50 қызмет алушыға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетілсе, тағы 243 адамға үй жағдайында көмек көрсетіледі.«Біз үшін көмекке мұқтаж әрбір адамның негізгі қолдауды ғана емес, сонымен бірге ортаға бейімделуі мен өсу мүмкіндігін алуы маңызды. Сондықтан мұндай мекемелер облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі буындары», - деп атап өтті Жасұлан Сәрсебаев.Әкім орынбасары орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуды, қажеттіліктерді сараптап, мүмкіндігі шектеулі жандарға мамандандырылған қызметтерді дамыту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.Сондай-ақ 2014 жылдан бері психоневрологиялық сырқаты бар 1 және 2 топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келе жатқан «Аягөз мүгедектер бірлестігі» ҚБ қызметіне де назар аударылды. Бүгінде бірлестік ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Жасұлан Сәрсебаев ғимаратты жөндеуге рұқсат беруді жеделдету, қосымша қаржыландыру мүмкіндіктерін пысықтау және еңбек шеберханаларында жұмыс орындарын кеңейту нұсқаларын қарастыру жөнінде тапсырмалар берді.Әкім орынбасары аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде де болды. Мектепте жеті спорт нысаны бар, оның ішіне заманауи спорт залы мен мәдениет үйі кіреді. Балалар мен жастарды спортқа тарту жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ спорт нысандарының қуатын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Осылайша денешықтыру-сауықтыру кешені мен бассейн салу мәселесі көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/892654
11 мұғалімге сертификат табысталды 29.11.2024
Жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеуге және оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының екінші легі қорытындыланды. Абай облысынан биыл 11 мұғалім сертификат алды.Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.Бес кезеңінің қорытындысы бойынша елімізден 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді. Жаңа буынның менеджерлері кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады. Сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқарады деп күтілуде.Өткен жылы кадрлық резервке Абай облысының 15 педагогі енген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/892670
Жарма техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылуда 29.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына жасаған жұмыс сапарында техникалық колледждің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 2023 жылы аталған оқу орнының инфрақұрылымын жақсарту мен жаңғырту бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді.Атқарылған істер қатарында қазандықпен оқу ғимараты арасындағы жылу трассасын ауыстыру, жылу және су инженерлік желілерін жөндеу, жаңа жылу қазандықтарын орнату сияқты жұмыстар бар. Бұдан бөлек, ұлдар және қыздар жатақханасы, шеберханалар мен қоғамдық-тұрмыстық корпусы жөнделді. «БГП» ЖШС - мен қайырымдылық келісімшарт негізінде оқу процесіне қажет жаңа экскаватор және БелАЗ жаттықтырушыларын алу маңызды қадам болды.Ағымдағы жылдың мамыр айында аталған серіктестікпен арадағы келісімге сәйкес Пайдалы қазбалардың орнын ашық өңдеу» мамандығы үшін 2 симулятор алынды. Бұл студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға көмектеседі.Колледж ғимаратында 28 оқу кабинеті, 150 орынға арналған асхана, спорт, конференц залдары, кітапхана, 60 студентке арналған 2 жатақхана бар.«Жарма техникалық колледжі өңірде білікті мамандарды әзірлеуде негізгі рөл атқарады. Біз колледждің инфрақұрылымын жаңғырту мен оқу сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастырамыз. Бастысы студенттеріміздің талапқа сай білім алып, еңбек нарығына дайын болуы керек», — деді аймақ басшысы.2024 жылы колледж аумағы мен шеберхана, гараждарға ағымдағы жөндеу, жаңғырту жалғасуда. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту мен оқу, жатақхана ғимараттарын ары қарай жаңғырту үшін жөндеу жұмыстары жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893103
Абай облысы әкімі Жарма ауданының тұрғындарымен кездесті 29.11.2024
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданы тұрғындары алдында есеп берді. Есеп беру барысында 10 айда атқарылған жұмысты қорытындылаған әкім экономика мен әлеуметтік саладағы маңызды жобаларға тоқталды. Сонымен бірге азаматтардың өтініштерін тыңдады.«Мұндай кездесулердің басты мақсаты – өзекті мәселелерді жедел шешу әрі кері байланыс орнату. Бұл біз үшін өте маңызды. Аудан тұрғындарымен өткен алдыңғы кездесуімде 30-дан аса сұрақ қойылған. Олардың кейбіріне тікелей жауап берілсе, қалғандары бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берілді. Әр тапсырманың орындалуы менің жеке бақылауымда», - деді облыс әкімі.Өңірде Жарық-Жаңғызтөбе және Әуезов-Шар бағытындағы жолдарға жөндеу жұмысы жалғасуда. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Жаңғызтөбе-Қалбатау-Семей бағытында автобус маршруты мәселесі шешілуде. Жыл соңына дейін Әуезов кентінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржыландырған, 170 миллион теңге бөлінген спорт модулін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.«Шар қаласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қаланы дамытудың 2028 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Биыл үлкен басымдыққа ие міндеттерді жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Негізгі қаражат қала ішіндегі жол жамылғыларына орташа жөндеу жұмысын жүргізуге, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 18 жалдамалы пәтер сатып алуға, қала инфрақұрылымын жақсартуға, Семей-Шар бағыты бойынша теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, әлеуметтік инфрақұрылымның бес нысанын жөндеуге бағытталған. Шар – облыс үшін маңызды қала. Оның дамуы қарқынды әрі жүйелі түрде жүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», – деді аймақ басшысы.Жарма аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 395,7 млн.теңге бөлінді. Мекемеге 350 миллион теңгеге компьютерлік томограф сатып алынды. Келер жылы Шар қаласында жүзу бассейнінің құрылысы басталып, Қалбатау ауылында жаңа стадион пайда болады.Есептік кездесуден облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелермен қабылдады. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893153
ҚР ҰБ пен ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 1 қарашасындағы инвестициялық портфельдері 29.11.2024
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 21 564,51 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] 21 309,33 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 194,23 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 60,95 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі2024 жылғы 1 қарашада МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,10%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,46%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 2,52%, ҚРҰБ депозиттері - 1,87%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,80%, МҚҰ - 1,65%. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 60,33%, АҚШ долларымен – 39,66%, өзге валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 299,53 млрд теңге болды. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 70,69 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 286,65 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 734,41 млрд теңге. Басқа шығындар – 3,51 млрд теңге. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың басынан бері 1 қарашаға есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 2,39 трлн теңге болды. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 01.11.2024ж. 12,67% көрсетті.2024 жылғы 1 қарашадағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,98%, ҚРҰБ депозиттері – 4,58%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,44%,ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарын қамтиды.2024 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кіріс – 12,80 млрд теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік – 11,00%.Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 60,95 млрд теңгеден асады.01.11.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 9,98 млрд теңге болды.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 30,74%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,71%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,79%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,35%, РЕПО – портфельдің 3,85%. Атап кетейік, портфельдің 68,93% теңгемен, 29,63% АҚШ долларымен, 1,44% басқа валютада ұсынылған. Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 10 айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,09 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,72%."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.11.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,48 млрд теңге.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 20,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,52%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,45%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 12,99%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 12,25%,"кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 8,52%, шетелдік эмитенттердің үлестік облигациялары (ETF пайлары) – 7,38%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,51%, АҚШ долларымен 26,49% тең.Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастапбастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 479,06 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 11,62%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.11.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,22 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 27,10%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,14%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,07%, РЕПО – 11,20%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,92%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,90%, пайлар (ETF индекстеріне) – 5,25%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,04%, АҚШ долларымен 16,96% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 10 айына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 547,76 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 11,68%."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.11.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,70 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,31%, РЕПО – 19,57%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,66%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 11,72%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 10,24%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,18%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,69% инвестицияланды.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,19%, АҚШ долларында – 21,31%, канадалық долларда - 1,50% инвестицияланды.Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 166,74 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,82%."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері - шамамен 39,57 млрд теңге.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,73%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 12,19%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,06%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,80%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 9,99%, шетелдікэмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,50%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,93%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 4,66%,.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,10%, АҚШ долларында – 34,90% инвестицияланды.Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3 946,37 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,28%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893166
"БЖЗҚ" АҚ көрсеткен қызметтердің саны 2024 жылдың 10 айында 36,5 миллионнан асты 29.11.2024
01.01.2024ж. бастап 31.10.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 36,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 18,4 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 16,5 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың жалпы санының 97,3% тең болды. Күндізгі форматта 957 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 924 мың қызмет ұсынылды.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетсек, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.2024 жылдың есепті кезеңінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны барлық формат бойынша 5,1 млн асты.Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу - әлі де ең танымал қызмет қатарында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,0 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 16,7 млн астам үзінді көшірме электронды түрде және 3,7 млн астамы автоматты режимде рәсімделген.БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2024 жылғы қаңтар-қазан айларында деректемелерді өзгертуге 171,4 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 156,4 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 35,3 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 740,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 35,0 мың материал жарияланды.Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 528,5 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893257
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын бақылау бойынша тапсырмалар берілді 29.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен облыс бюджетінің игерілуінің ағымдағы жылдың 11 айлық қорытындысы, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, кредиттік шарттар жасасу бойынша облыс басқармалары, департамент басшыларының және қала, аудан әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104 бабына сәйкес облыстық бюджет қаражатын тиімді, толық және сапалы игеру, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын бақылауға алу және кредиттік шарттар жасасу бойынша тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893620
Ақсуат ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейі жоғары 29.11.2024
Ақсуат ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев негізгі әлеуметтік-мәдени нысандардың жағдайын бағамдап, алдағы даму жоспарларын талқылады.Соның ішінде Екпін ауылындағы Мәдениет үйіне ерекше көңіл бөлінді. Ғимараттың жалпы ауданы 594,1 шаршы метр, құрылыс көлемі 3158,5 текше метрді құрайды. Бұл халық шығармашылығын дамытудың маңызды алаңы. Мұнда ұлттық және мемлекеттік мерекелер аясында іс-шаралар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясаты жүзеге асырылады. Жас таланттарға қолдау көрсетіледі. Ақсуат мәдениет үйі жас таланттарды қолдап, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.Әкім орынбасары Ы. Кабеков атындағы орта мектепке де барды. 572 орынға есептелген білім ордасы бүгінде 1-11 сыныптарда 354 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 25 балаға білім мен тәрбие беріп отыр. Мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталды. Мектептегі қауіпсіздік пен оқу сапасын арттыру мақсатында тиісті шешімдер қабылдау жоспарлануда.Қожагелді батыр атындағы орта мектепте де тексеру жүргізілді. 437 орындық мектепте мектеп жасына дейінгі 91 бүлдіршінді қосқанда 849 оқып, тәрбиеленуде. Оқу процесін жақсарту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар қарастырылды. Сондай-ақ сапар барысында Ақсуат колледжінің инфрақұрылымы мен оқу-өндірістік базасына ерекше назар аударылды. Қазір мұнда оқу шеберханасы құрылуда.«Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін оқу үдерісін оңтайландыру және қосымша оқу ғимараттарын салу мәселесін пысықтау қажет», - деп тапсырды Жасұлан Сәрсебаев.Марат Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кешенінде жүзу бассейні, спорт және бокс залы бар. Онда 10 жаттықтырушының жетекшілігімен 204 спортшы жаттығады. Кешенде барлығы 24 педагог жұмыс істейді. Ауданда жалпы ауданы 210 шаршы метрді құрайтын Еңбек мобильділігі орталығының филиалы және Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы орналасқан. Мекемеде заңгер, кеңесші және бағдарламашыдан құралған 23 адам бар.Жұмыспен қамту шаралары қызу талқыланды. Қазір 402 жұмыссыз тіркелген, оның 227-сі жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Бос жұмыс орындары арқылы 580 адам жұмысқа орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893623
«Қолданыстағы Су кодексіне 20 жылда 272 түзету енгізілді»,- сарапшы жаңа Су кодексін қабылдаудың маңызы жайында айтып берді 29.11.2024
2003 жылы қабылданған Су кодексіне 20 жылда 272 өзгеріс енгізілді. Су саласының сарапшысы Әмірхан Кеншімов жаңа Су кодексі жобасына қатысты пікір білдірді. Оның сөзіңше, қолданыстағы кодексте көптеген нормалар декларативті, кей нормалар қайталанады және логикалық тұрғыда сәйкес келмейтін тұстары бар.«2003 жылы қабылданған Су кодексі сол кездегі су саясаты мен экономикалық жағдайды назарға ала отырып жасалды. Сол себепті климаттық өзгерістер орын алып жатқан қазіргі заман сұранысына сай емес. Жаңа редакцияда кодекс нормалары жүйеленіп, су ресурстарын үнемдеуге және оны қорғауға басымдық беріледі. Мәселен, бассейндік инспекцияларға мемлекеттік бақылау функцияларымен қатар тергеу функциялары да беріліп отыр. Бұл суды заңсыз пайдаланушылармен күресті күшейтуге мүмкіндік береді»,-деді инженер-гидротехник Әмірхан Кеншімов.Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.Құжат климаттың өзгеруіне бейімделуге және су үнемдеу принциптерін енгізуге айрықша назар аударады. Алғаш рет су нысандарын сарқылудан және басқа да жағымсыз салдардан қорғайтын «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі. Сондай-ақ, шағын көлдерді, өзендер мен тоғандарды, мұздықтар мен сулы-батпақты аймақтарды қорғау жөнінде нормалар енгізілді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кодекс жобасына елді мекендер мен нысандарды тасқын және еріген қар суынан қоғау және алдын алу іс-шаралары енгізілді. Су ресурстарын басқарудағы үйлестіруді жақсарту үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттері айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892855
Сурдоспорт: Қазақстанның инклюзия мен спорт саласындағы жетістіктері 29.11.2024
Қазақстанда сурдлимпиадалық спорт тәуелсіздік жылдарында қарқынды дамып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуетін ашуға бағытталған маңызды салаға айналды. Мемлекет бұл бағытта үлкен қолдау көрсетіп, инклюзивті қоғам құруға ықпал етуде. Сурдоспорттың дамуы спортшылардың жетістіктері, мемлекеттік қолдау және қоғамның инклюзивтілікке ұмтылуымен тығыз байланысты.ТарихыСурдоспорт Қазақстанда 1992 жылы «Спорттық одақтың» құрылуымен бастау алды. Бұл ұйымның басты мақсаты – есту қабілеті зақымданған азаматтардың спорттық әлеуетін ашып, олардың құқықтарын қорғау болатын. Осы бастаманың арқасында елде сурдоспорттың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды.1996 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты ойындарында отандық спортшылар алғаш рет өнер көрсетіп, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның әлемдік аренаға жол ашқан алғашқы жеңісі еді.1997 жылы тәуелсіз ел ретінде еліміздің ұлттық құрамасы Данияның Копенгаген қаласында өткен 18-ші Сурдлимпиада ойындарына қатысты. Сол жарыста жеңіл атлетика мен күрестен жеңіп алған алғашқы медальдарымыз сурдоспорттың жаңа дәуірін бастады.2011 жылы Қазақстанда «Ұлттық сурдлимпиялық федерациия» құрылып, 2014 жылы «Дефлимпикс Қазақстан» қауымдастығы халықаралық деңгейде мойындалды.2014 жылы елімізде есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында тұңғыш Спартакиада ойындары өтті. Спорттың 5 түрінен басталған бұл шара 2022 жылғы 3-ші Спартакиадада қатысушылар саны 1000 адамға дейін жетіп, жарыстар 11 спорт түрін қамтыды.Қазақстандық сурдоспортшылардың ең ірі жетістігі – 2022 жылы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында тіркелді. Бұл жарыста ұлттық құрама 4 алтын, 7 күміс және 18 қола медаль жеңіп, ел тарихындағы рекордтық нәтижеге қол жеткізді.2024 жыл Қазақстан үшін ерекше маңызды оқиғалармен есте қалады. Елімізде алғаш рет сурдлимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өтті: Астанада 10 мемлекеттін қатысуымен сурдо футзалдан, ал Түркістанда 21 мемлекеттен келген 200-ге жуық спортшының қатысуымен сурдо дзюдодан әлем біріншіліктері ұйымдастырылып, еліміздің спорттық деңгейін биікке көтерді. Сурдоспорттың бүгінгі ахуалы2023 жылғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда мүгедектігі бар 700 000-наң астам адам өмір сүреді, олардың ішінде 56 822 адам спортпен шұғылданады. Есту қабілеті зақымдалған спортшылар саны 6 180 адамды құрайды.Кәсіби деңгейде мыңға жуық спортшы сурдоспорттың 15 түрімен шұғылданады:АрмрестлингТаеквондоЕркін күресГрек-рим күресіЖеңіл атлетикаФутзалШаңғы жарысыЖүзуҮстел теннисіДзюдоШахматДойбыКёрлингФутболБадминтонБұл спорт түрлері бойынша елімізде жыл сайын чемпионаттар мен кубоктар өткізіледі. Осындай жарыстардың қорытындысында ең үздік спортшылар ұлттық құрама сапына еніп, Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайды. Қазіргі таңда ұлттық құрамаға 731 спортшы кіреді.Жарыстар мен алдағы жоспарларСурдоспортшылардың басты асқары – Сурдлимпиада ойындары. Қазақстан алғаш рет 1997 жылы бұл ауқымды жарысқа тәуелсіз мемлекет ретінде қатысып, бүгінгі күнге дейін 5 жазғы және 3 қысқы Сурдлимпиада ойындарында 8 алтын, 8 күміс және 26 қола медаль жеңіп алды.Сонымен қатар, Қазақстан спортшылары Азия-Тынық мұхиты ойындарында да жоғары нәтижелерге жетуде. 1996 жылдан бері бұл жарыста ел құрамасы 27 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 9 күміс және 16 қола медаль. Биылғы жылдың 1-8 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтетін 10-шы Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұлттық құрама сапындағы 80 спортшы 8 спорт түрінен ел намысын қорғауға дайын. Бұл жарыстар 2025 жылы Токиода өтетін Сурдлимпиадаға дайындықтың маңызды кезеңі болмақ. Сурдоспорттың Қазақстан үшін маңызыСурдоспорт – бұл тек медальдар мен жеңістер ғана емес, қоғамдағы теңдік пен инклюзияны іске асырудың нақты мысалы. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсету аясын кеңейтіп, олардың қоғамдағы орнын айқындайтын тиімді экожүйе қалыптастыруды көздейді.Экожүйе тек физикалық қолдаумен шектелмейді, ол азаматтардың әлеуметтік бейімделуі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған жан-жақты шараларды қамтиды. Осы салада Туризм және спорт министрлігі маңызды рөл атқарып, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың спорт арқылы өмірден өз орнын табуына және қоғамға толыққанды араласуына жағдай жасауда.Осының арқасында Қазақстанның сурдоспортшылары халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыруда. Олардың табыстары – еңбек пен ерік-жігердің жарқын дәлелі, әрі жас ұрпаққа үлгі. Бұл жетістіктер еліміздегі спорттық мәдениетті нығайтып, жас буынның спортқа деген ынтасын арттырып келеді.Биылғы Азия-Тынық мұхиты ойындары мен алдағы Сурдлимпиада Қазақстанның жаңа биіктерді бағындыруына жол ашпақ. Бұл жарыстар тек спорттық қана емес, елдің әлеуметтік саясатының нәтижесін көрсететін маңызды алаң.Сурдоспортшыларымыздың жеңістері Қазақстанның инклюзия қағидаттарын іске асырудағы нақты қадамдарын айқындайды. Бұл жетістіктер еліміздің халықаралық беделін нығайтып, инклюзия мен теңдікті қолдайтын прогрессивті мемлекет ретінде танылуына ықпал етуде. Алдағы уақытта сурдоспорт еліміздегі барлық азаматтардың әлеуетін ашып, қоғамның барлық саласына оң әсерін тигізетініне сенім зор.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/892690
Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады 29.11.2024
Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. 11 желтоқсанға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесінде ерлер – 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі.Әуелгі жоспар бойынша биылғы Азия біріншілігі осыдан екі жыл бұрын аталған доданы қабылдаған Иордания астанасы – Амманда өткізілуі тиіс еді. Алайда өңірдегі қауіпсіздік мәселесі ескеріліп, чемпионат Иорданиядан Таиландқа ауыстырылды. Осылайша, Таиланд Корольдігі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бокстан Азия чемпионатын өз тарихында 9-мәрте қабылдап отыр.Биылғы Азия чемпионатының ерекшелігі, сары құрлық додасына алғаш рет Украина боксшылары да қатыспақ. Бұл Азия чемпионатында тіркелген алғашқы жайт болса да, Еуропа чемпионатында өзге құрлықтан, яғни, Израиль, Мысыр сияқты елдердің де боксшылары қатысқан кездер болған.Қазақстан ерлер құрамасынан Азия чемпионатына қатысатын 13 боксшының екеуі, яғни, Санжар Тәшкенбай (48 кг, 2022 жыл) мен Айбек Оралбай (92 кг, 2022 жыл) бұған дейін Азия біріншілігінде топ жарған. Сондай-ақ Таиландта төрт әлем чемпионы жұдырықтасады. Олар: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг). Ал Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Азия чемпионатына алғаш рет қатысады.Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:48 келі: Санжар Тәшкенбай51 келі: Сәкен Бибосынов54 келі: Махмұд Сабырхан57 келі: Оразбек Асылқұлов60 келі: Бейбарыс Жексен63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы67 келі: Дулат Бекбауов71 келі: Абылайхан Жүсіпов75 келі: Диас Молжігітов80 келі: Ерасыл Жақпеков86 келі: Бекзат Нұрдәулетов92 келі: Сағындық Тоғамбай+92 келі: Айбек ОралбайҚазақстан әйелдер құрамасының тізімі:48 келі: Әйгерім Сәттібаева50 келі: Алуа Балқыбекова52 келі: Жазира Орақбаева54 келі: Сымбат Әлиасқар57 келі: Ұлжан Сәрсенбек60 келі: Виктория Графеева63 келі: Аида Әбікеева66 келі: Милана Сафронова70 келі: Наталья Богданова75 келі: Диана Мағауияева81 келі: Гүлсая Ержан+81 келі: Елдана ТалиповаАйта кетейік, сары құрлық чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/893615