Қоғам
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді 28.11.2024
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еліміздің тұрғындарына әр өңірден бейне байланыс режимінде де өз сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Өтініштер негізінен мектепке дейінгі және орта білім беруден бастап техникалық және кәсіптік оқыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерін қамтыды. Министр тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер ведомство басшысының жеке бақылауына алынды. Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892077
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» АУМАҒЫНДА 8 ЗАУЫТ ПЕН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.Түркістан облысында алғаш рет «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда.– Әлемдегі экономикасы дамыған алпауыт мемлекеттердің тарихына қарасаңыз, өркениетке жету жолы өндірістен басталған. Егер біз де салаға серпін беретін заманауи кәсіпорындарды құра алсақ, экономикалық тәуелсіздікті де бекіте түсеміз. Ең бастысы сол зауыт пен фабрикада еңбек ететін елдің санасы өзгеріп, еңсесі тіктеліп, отандық тауар айналымының үлесі артады. Сондықтан біз облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасын ашқанымызды ерекше атап өткім келеді. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынады. 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі. Қазір 10 нысан салынып, 8 кәсіпорын ашылып, 712 жұмыс орны құрылып үлгерді, – деді Дархан Сатыбалды.Аталған аумақта жаңбырлатып суғару қондырғыларын шығаратын кәсіпорындар ашылды. Жиһаз, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар қолданысқа берілді. Бұрын тек шетелден әкелінетін су үнемдеу технологиялары бүгінде Түркістанда шығарылуда. Өндірістік паркте ашылған компаниялардың су үнемдеу технологиялары еліміздің өзге өңірлеріне де сатылып жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892036
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 10 АЙДА 888,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды атап өтті.Түркістан облысында Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облысқа жыл басынан 888,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. Ал жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Бұл туралы Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.– Облысқа инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай, Ресей, Аустралия, Өзбекстан, Қатар және Оңтүстік Корея елдеріне түркістандық кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, алпауыт компаниялармен маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде шетел капиталының қатысуымен жалпы құны 910 млн. АҚШ долларын құрайтын 6 инвестициялық жоба басталды. Бұдан бөлек, қазан айында Түркістан қаласына 127 шетелдік компанияны шақырып, 301 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды, – деді Дархан Сатыбалды.Осы келісім арқылы дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары басталды. Аймақта «Өнеркәсіптік жылы-жай кешені», «Алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт», «Өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығаратын зауыт», «Каустикалық сода, пвх, кальций карбиді, әк цемент шығаратын зауыт» жобалары жүзеге асуда. Сонымен бірге фосфорит кендерін өңдеу және мұнай өңдеу зауыттары салынуда. Алдағы уақытта түркістандық зауыттар өз елімізді және экспортты түрлі өніммен қамтамасыз ететін болады. Одан бөлек, алдағы уақытта индустриалды аймақтарда тұрмыстық техника, өсімдік майы, газ қондырғылары, лифт құрастыру, әскери палатка, санфаянс, сэндвич панелі және сусындар өндіретін зауыттар ашылады.Облыста энертегика, агроөнеркәсіптік кешен, өндіріс және қайта өңдеу, туризм салаларында маңызды 145 инвестициялық жобалар пулы дайындалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, кірістер қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғаяды. Бүгінгі күні, жалпы құны 86 млрд. теңге болатын 31 инвестцииялық жоба іске қосылып, 1300-ден астам жұмыс орны ашылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892039
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.– Біздің өңірдің басты ерекшілігі – халықтың 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – өңірдің маңызды саласы. Біз ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал мен өсімдік өнімін терең өңдеу бағытында жұмыс жүргізудеміз. Өздеріңізге белгілі, елімізде жыл сайын ағын су тапшылығы байқалады. Түркістан облысына қажетті судың 70 пайызы көрші мемлекеттен келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығында заманауи су үнемдеу технологиясын ендіріп, жаңа дақылдар мен сорттарды өсіруге басымдық береміз. Су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектарға енгізіп, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға жеткізу жоспарымыз бар. Биылдың өзінде бұл технология жалпы 50 мың гектарға дейін жеткізілді. Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағыттында жалпы құны 11,7 млрд. теңгені құрайтын 3 өндіріс орындарын аштық, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысында ауыл шаруашылығында өнім көлемі 958 млрд. теңгені құрап, өсім 105,8 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі бойынша облыс республикада жетекші орында тұр. Бұл бағытта нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2027 жылдарға жалпы 507 млрд теңге болатын 105 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8 мыңнан астам (8 346) жұмыс орны қалыптаспақ. Аймақта «BNK Group LTD» компаниясының құны 7 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты, құны 4,1 млрд. теңге болатын «14 мың гектар тамшылатып суару өндірісі», «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорнының құны 650 млн. теңгені құрайтын жылына 9 мың гектар тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісі толығымен іске қосылған. Оған қоса шетелдік инвестордың құны 2 млрд. теңге болатын 40 мың гектарға тамшылатып суару өндірісі келесі жылы жүзеге асырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892040
Jarqyn bolashaq: Астанада жастарға лудомания мен алаяқтықтан құтылуға қалай көмектеседі 28.11.2024
Астанада "Астана жастары" ЖРО бастамасымен жастар арасында лудомания мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған Jarqyn bolashaq жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Jarqyn bolashaq жобасы аясында университеттер мен колледждерде Komek Center тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының тәжірибелі психологтары мен аддиктологтары дәрістер өткізеді.Ұйымдастырушылар жастар үшін тренингтер, кездесулер және белсенді іс-шаралар өткізеді. Олардың арасында боулинг пен пейнтбол матчтары бар, олар жастарға құмар ойындарға қатысы жоқ демалыс пен көңіл көтерудің балама жолдарын табуға мүмкіндік береді.Алаяқтық тәуекелдеріне арналған дәрістерге қылмыскерлердің құрбаны болмау жолдарын түсіндіретін және қылмыстық схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабардар ететін қылмыстық полиция қызметкерлері қатысады.8-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін кездесулер ұйымдастырылады, онда жасөспірімдерде лудоманияны анықтау әдістері және осы мәселені шешу жолдары талқыланады.Жоба 15 пен 23 жас аралығындағы жастарға, соның ішінде мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне және университеттерге бағытталған. Соның аясында құмар ойындарының жарнамасына қарсы шаралар қабылдануда, оның ішінде сыртқы жарнамалар орналастырылады және көмек алуға болатын сенім телефондары туралы ақпарат беріледі."Jarqyn bolashaq жобасы қазіргі жастардың алдында тұрған тәуекелдердің алдын алуға елеулі үлес қосып жатыр. Біз осындай бастамаларды қолдаймыз, өйткені олар лудомания мен алаяқтық мәселелерін жеңілдетіп қана қоймай, салауатты өмір салтын және оң жеке қасиеттерді дамытуға ықпал ететін баламаларды ұсынады. Бұл саналы және жауапты жастар ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам әрі біз болашақты тәуелділіксіз және алдаусыз қамтамасыз ететін жобаларды қолдауға қуаныштымыз", - деп атап өтті “Астана жастары" ЖРО маманы Олжас Амангелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891918
Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын ұсынды 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1999 жылғы 18 қарашадағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтан өткізу жоспарлары бойынша қорытынды (келісім) беру және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей тарапы дипломатиялық арналар арқылы 2025 жылға арналған Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын тапсырды.2025 жылы ұшырылымдар келесідей болады:* Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі"мемлекеттік бағдарламасы; * халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары;* коммерциялық жобалар.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады.Ұсынылған жоспар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш саласындағы тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын, сондай-ақ халықаралық ашықтық нормалары мен қағидаттарының сақталуын көрсетеді. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/892032
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 4 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады. Биылғы 10 айда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн. теңгеден асты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 110%-ды құрады (ҚР-105,3%).– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде кіріс көздері ұлғайып, өндіріс орындары көбеюде, – деді Дархан Сатыбалды.Аймақта өнеркәсіп өнім көлемі 8,8%-ға артып, 960 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 463 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 113%-ға артты. Өсім негізінен тау-кен (105,2%), тамақ (103,5%), жеңіл өнеркәсіп (105,9%), машина жасау (106,7%) және жиһаз (1,6 есе) өндірістері есебінен орын алды.Өңірде өндірісті дамыту үшін энергетика тапшылығын шешу және индустриалды аймақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, Үкіметке электр энергия бағасын төмендету бойынша ұсыныс енгізіліп, қолдау тапқан. Сонымен бірге энергетика тапшылығын шешу мақсатында 1,9 трлн. теңгеге жалпы қуаты 2,7 ГВт болатын 7 ірі жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде Сайрамда қуаты 1000 МВт болатын станцияның құрылысы басталып кеткен.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892029
Әскерге шақыру науқаны – жүйелі жұмысқа арналған маңызды қадам 28.11.2024
Семейде күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша облыстық кеңес өтті. Кеңеске Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жетекшілік етіп, әскерге шақыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасалды.Бұдан бөлек, жиында облыстық қорғаныс департаментінің жаңа басшысы Руслан Омаров таныстырылды. Алдағы шақыру науқанын ұйымдастыруда тәжірибесі мол әскери маманнның біліктілігі қажет. Кеңесте шақырту науқанындағы олқылықтар мен жетістіктер талқыланып, аудан әкімдіктері мен мекемелерге бірнеше нақты тапсырмалар жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/892019
9 ЖЕЛТОҚСАНДА МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ 28.11.2024
9 ЖЕЛТОҚСАНДА МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ9 желтоқсанда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталады. Ол 13 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 10 мыңға жуық адам тапсырды. Олардың 32%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 71 балл, бейіндік бағыт бойынша 24 балл. Ең жоғары балл – 135.Тестілеу қорытындысы бойынша 38 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 25 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 12 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сондай-ақ тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 1 адамның балы жойылды. Бөгде тұлға анықталған жоқ.Республикалық апелляциялық комиссияға 5,5 мың өтініш, оның ішінде мазмұны бойынша 5,1 мың, техникалық себептерге байланысты 344 өтініш түсті. Апелляциялық комиссияның шешімімен 54 бірегей тест тапсырмасы қанағаттандырылды: мазмұны бойынша – 44, техникалық себептерге байланысты – 10 тапсырма.Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 9-13 желтоқсан аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты және шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда). 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсырады.Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.Магистратураға түсушілер 4 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.Магистратураға білім беру гранты иегерлерінің тізімі 25 желтоқсанға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 26 желтоқсан мен 2025 жылдың 10 қаңтары аралығында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/892016
Астанада ҰҚШҰ жарғылық органдарының іс-шаралары өтті 28.11.2024
Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы және ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы шеңберінде қаралды.Іс-шараларға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының басшылары, қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары және ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Ұйымның Біріккен штабының бастығы Андрей Сердюков қатысты.Тараптар өңірлердегі әскери-саяси ахуалдың аспектілерін, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты қорытындылады.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме жарияланып, бірлескен мерейтойлық іс-шаралар жоспарына қол қойылды.2025 жылы Қырғызстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтары туралы кездесуге қатысушыларды осы елдің Сыртқы істер министрі хабардар етті.Бірлескен отырыстардың қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/892009
Астанада ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті 28.11.2024
Астана, 2024 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов құрамындағы қазақ делегациясы қатысты.Кездесу барысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси ахуал және Ұйымның сессияаралық кезеңдегі қызметі талқыланды.халықаралық күн тәртібіне ерекше назар бөлінді, Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы ахуал бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне қол қоюға шығарылатын құжаттардың жобалары мақұлданды.Олардың ішінде – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына байланысты ҰҚК мәлімдемесі және іс-шаралар жоспары.Әскери және басқа да құралымдарды, жылжымалы мүлікті, әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы халықаралық шарттар және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің ҰҚШҰ одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту туралы шешімінің жобасы мақұлданды.Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға БҰҰ Бас Ассамблеясының жанында байқаушы мәртебесін берілгеніне 20-жылдығы туралы мәлімдемелерді қабылдады.Қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары ЖДҚК-ын дайындау және қолдану негіздерін, сондай-ақ ҰҚШҰ Әскерлерін медициналық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды бекітті.Бірлескен отырысқа қатысушылар 28 қарашаның екінші жартысында Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы күн тәртібінің жобасын келісті.ҰҚШҰ-дағы төрағалық Қырғыз Республикасына ауысатынына орай СІМК, ҚМК және ҚКХК кезекті отырыстары келесі жылдың бірінші жартысында Қырғызстанда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/892004
Қазақстан Ядролық ғылым, технологиялар және оларды қолдану мәселелері бойынша АЭХА министрлерінің конференциясына қатысты 28.11.2024
2024 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Венада азық-түлік қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі, денсаулық және суды басқару мәселелеріне арналған Ядролық ғылым, технологиялар және қолданбалы бағдарламалар бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) министрлер конференциясы өтті.Сонымен қатар, конференцияда ядролық технологияларды дамытуға және олардың әртүрлі салалардағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған техникалық ынтымақтастық бағдарламалары, сондай-ақ осы жаһандық мәселелерді шешудегі ядролық технологиялардың рөлі талқыланып, осы салаларда одан әрі ынтымақтастық пен білім алмасудың маңыздылығы атап өтілді.Қазақстан Республикасынан конференцияға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.Конференцияда сөйлеген сөзінде Ғұмар Серғазин: «Қазақстан ұлттық әлеуетті нығайтуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және озық әлемдік тәжірибені таратуға бірегей мүмкіндіктер беретін АЭХА-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасын жоғары бағалайды және толығымен қолдайды», - деп атап өтті.Ғұмар Серғазин атап өткендей, АЭХА-ның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде және атом энергетикасы саласындағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.Конференция жаһандық сын-қатерлерді шешу және жер шарындағы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін елдердің бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын көрсетті. Қазақстан атом энергетикасы саласындағы халықаралық міндеттемелерге бейілді болып қала береді және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін АЭХА-мен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/891992
Оқу-ағарту министрлігі «Хабар» агенттігімен бірлесіп оқушылар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын қайта жаңғыртты 28.11.2024
«Хабар» агенттігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 11(12) сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын қайта жаңғыртты.Биылғы жылдың қараша айында еліміздің барлық өңірінде басталған іріктеу кезеңі 2025 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Өңірлік кезеңнің нәтижесі бойынша әрбір облыстан 5 үздік оқушы республикалық кезеңге жолдама алады. Ол 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.Зияткерлік сайысының тапсырмалары жалпы білім, логика, музыка, өнер, спорт секілді түрлі салаларды қамтиды. Аудандық кезеңде қатысушылар 45 минут ішінде 30 сұраққа жауап берулері керек болса, облыстық кезеңде 60 сұрақтың шешімін табуға 75 минут уақыт беріледі.«Бұл телеойынның оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға айтарлықтай үлес қосатынына және олардың білімге, өз өзін жетілдіруге ұмтылуына серпін беретініне сенімдіміз. Жоба ең талантты, дарынды көшбасшыларды тануға, таңдауға септігін тигізеді», - дейді «Дарын» РҒПО-ның директоры Ғаждембек Тұрсынов.Естеріңізге сала кетейік, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телеойыны «Хабар» республикалық телеарнасында алғаш рет 1999 жылы жарыққа шықты. 25 жыл ішінде ол бірнеше рет жаңарып, жоғарғы және кіші топтар форматында да ұсынылды. Оқушылардың білімі мен интеллектуалды дамуын арттыруға, сондай-ақ еліміздің болашақ зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған тележоба енді Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қайтадан өз көрерменімен қауышады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892030
Таразда жастар форумы өтті 28.11.2024
Таразда «Жігерлі жастар – ел болашығы» атты облыстық жастар форумы өтті.Басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілер, Президенттік және өңірлік кадр резервінің мүшелері мен өңір студенттері қатысты.Форум мемлекеттік қызметтің мәртебесін одан әрі көтеруді, жас түлектерді мемлекеттік қызметке тартуды, жастарға қолдау көрсету мен олардың әлеуетін арттыруды көздейді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті ұйытқы болды.- Еліміздің өсіп-өркендеуі, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумындағы сөзінде «Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары» деп атап өткен болатын.Өздеріңізге мәлім, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белсенді жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту мәселесіне ерекше ден қойып отыр. Осында отырған әрбір жас буынның ел басқару ісіне араласатын уақыты алыс емес.Еліміздің өркениетті даму жолында болашақ жастардан, яғни өздеріңізден күтер үмітіміз зор, — деді Ербол Қарашөкеев.Сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Мұхтар Байжұманов, Ш. Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, жастарға ағалық ақылдарын айтты.Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға берілген бірегей мүмкіндік.Өңірде аталған резервтің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалып, жемісті еңбек етуде. Оның бірі, форумда сөз алған «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Берік Манасов. Ол еңбек жолына тоқталып, тәжірибесімен бөлісті.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл өңірлік жастар кадр резерві құрылды. Оған 26 дарынды жамбылдық жас іріктелініп алынды. Бүгінде резевр мүшелері Балаби Түменбаев (Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы) пен Жандос Рүстембаев (Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы) конкурссыз негізде қызметке тағайындалды. Резервшілерді жауапты қызметке тағайындау жалғасады.- Киелі Әулиеата өңірінің аядай ғана ауылында дүниеге келіп, өзім туып-өскен ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, бүгінде үлкен жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметте тер төгіп жүргенімді мақтан етемін, — дейді Өңірлік жастар кадр резервінің мүшесі Балаби Түменбаев.Елімізде жас мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын жақсы нәтижемен аяқтаған студенттер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданады. Өңірде осы мүмкіндікті оқуын сәтті аяқтаған 32 жас түлек пайдаланып, мемлекеттік қызметке орналасты.Форумның мінберінде мемлекеттік қызметке конкурссыз өткен Байзақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Шохрух Гафуров, Мойынқұм ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Айханым Серікова сөз сөйлеп, замандастарын оқуда озат болуға, өңірді өркендетуге үлес қосуға шақырды.Басқосудың қорытынды бөлігінде жастар өзара пікір алмасып, тағлымды ой түйіп тарқасты.Айта кетейік, Жамбыл облысында 35 жасқа дейінгі 1400-ден аса жас мемлекеттік қызметші бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/891962
Ақтөбе облысының әкімдігі мен Башқұртстан Үкіметі арасында меморандум бекітілді 28.11.2024
Екіжақты келісім өзара тиімді ынтымақтастыққа жол ашпақ. 26-27 қараша күндері Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті. Ауқымды шара аясында ұйымдастырылған пленарлық отырысқа Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, екі елдің, соның ішінде Ақтөбе өңірі мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар жөнінде баяндама жасады. Аймақ басшысы өз сөзінде Ресей өңірлерімен әріптестікті жандандыруға және мұндағы ірі логистикалық компанияларды инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыруға шақырды. Ол екі елдің стратегиялық әріптестігі ғасырларға жалғасқан тарихи және экономикалық байланыстарға негізделгенін атап өтті.«Ақтөбе облысы ынтымақтастыққа әрқашан ашық және түрлі салаларда бірлескен жобаларды дамытуға әзір. Біздің серіктестігіміз екі тарап үшін де айтарлықтай тиімді болатынына сенімдіміз және жаңа жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдауды ұсынуға дайынбыз», - деп сендірді әкім.Асхат Шахаров Ақтөбе облысы Қазақстанның ірі аграрлық-индустриялық өңірі екенін, Ресеймен саудада тұрақты өсім көрсетіп отырғанын алға тартты. Биылғы жылдың тоғыз айында ғана біздің тауар айналымы 23%-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларына жетті.Облыс Ресейдің 47 өңірімен белсенді ынтымақтастықта. Негізгі серіктестер - Свердловск, Челябі, Орынбор облыстары, Мәскеу және Башқұртстан. 700-ден астам ресейлік компания Ақтөбе облысында жұмыс істейді.Соңғы бес жылда Ақтөбе өңірінің экономикасына 12 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Новотроицкий хром қосылыстары зауыты, Тихвин ферроқорытпа зауыты және Ключев ферроқорытпа зауытымен қолға алынған жобалар - табысты ынтымақтастықтың үлгісі. Облыс жаңа ірі логистикалық және өнеркәсіптік жобаларға барынша мемлекеттік қолдау көрсетуге дайын. «Ақтөбе облысы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты маңызды магистраль өтеді. Өткізу пункттерін, атап айтқанда, «Жайсаң-Сағаршын» және «Жиренқопа-Первомайское» жаңғырту жүргізілуде. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы аймақтың транзиттік әлеуетін нығайтады. Сонымен қатар, өңірдегі Хромтау қаласында 150 га аумақта индустриялық аймақ және әуежай ауданында 858 га аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылуда, ол мультимодальді көлік-логистикалық хабқа айналады. Ақтөбе әуежайы жыл сайын айналымы 10 мың тонна жүк тасымалы бойынша Қазақстанда екінші орында тұр және жаңа бағыттармен әуе қатынасын дамытуды жалғастыруда», - деді өңірдің инвестициялық тартымдылығын атап өткен әкім. Өңір басшысы атап өткендей, Ақтөбе облысы экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды дамытуға ашық болып қала бермек.Форум соңында Ақтөбе облысының әкімдігі мен Башқұртстан Республикасының Үкіметі (Ресей Федерациясы) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған құжат тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/891888
Қауіпсіз демалыс! 28.11.2024
2024 жылғы 27 қарашада, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен туризм саласының басшылары үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы қызметтерді жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/891963
Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті: Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтарға түсініктеме 28.11.2024
Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсініп, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан.🔴 Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарады және түсіндіреді:🔹 «Ойын бизнесі туралы» Заңның талаптары:Заңның 15-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған.🔹 Жауапкершілік және бақылау:Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды.🔹 ББТ-дағы азаматтарға үндеу:Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.🔹 Қаражатты қайтару мәселелері:Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға:🔺 Сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну.🔺 Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады.🔹 Лицензияланған букмекерлерді таңдау:Азаматтарға тек лицензияланған букмекерлік кеңселердің ресми сайттарында тіркелуге кеңес беріледі. Лицензияланған кеңселердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.https://www.gov.kz/memleket/entities/olr/documents/details/736429?lang=kk ‼️ Комитет барлық азаматтарды ақпаратқа мұқият болуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891908
Қазақстан мен Ресей 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық бағдарламаны бекітті 28.11.2024
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қол қою рәсімі РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.Құжат Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы достық және серіктестік қатынастарды кеңейту әрі нығайту, кооперациялық, сауда-экономикалық, гуманитарлық, мәдени, ғылыми байланыстарды дамыту, трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу есебінен екі елдің өңірлері халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін әзірленген.Іс-шаралар жоспарында ынтымақтастықтың мынадай басым салалары көзделген: сауда-экономикалық сала, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, сәулет, тұрғын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат, ақпараттық технологиялар мен байланыс, ғылым мен білім, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, спорт және жастар саясаты.Іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен РФ Экономикалық даму министрлігі мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/891960
Пусан қаласының қалдықтарды басқару жүйесімен танысу 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Пусандағы (Оңтүстік Корея) Бас консулдығының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев Пусан қаласының қалдықтарды басқару жүйесімен танысу мақсатында қалалық ТҚҚ полигонына және қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарына барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/891941
СҚО әкімі Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумына қатысты 28.11.2024
Ресейдің Уфа қаласында бейнебайланыс бойынша екі елдің басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Пленарлық отырыста СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, аймақаралық ынтымақтастықтың маңызды тұстарын атап өтті.ҚР Премьер — Министрінің орынбасары — Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және облыс әкімдері Башқұртстан Республикасын басқару орталығы мен ұлттық білім орталығының жұмысымен танысты.Форум алаңында Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. СҚО әкімдігі мен Омбы облысы үкіметі арасында меморандумға қол қойылды. Құжат сауда — экономикалық, ғылыми — техникалық, әлеуметтік, мәдени салалардағы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бұл шекаралас өңірлер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтып, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.СҚО әкімі Уфа қаласындағы «Алға» арнайы экономикалық аймағындағы «Ultra Decor» зауытында болды. Бүгінгі таңда ағашты терең өңдеу зауыты жылына 1.6 млн. текше метр өнім өндіретін ОСБ және ДСП панельдерін өндіру бойынша Ресейдегі ең үлкен зауыт болып табылады. 200 гектар аумақты алып жатыр. Зауытта 300 адам жұмыс істейді. Австриялық компания біздің облыста бағдарланған тақталар шығаратын дәл осындай кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы инвестормен перспективалық жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/891713