Қоғам
«Іскерлік үзіліс» айдары аясында мекеменің бас директорының орынбасары Ербол Заурбекұлы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып береді 28.11.2024
«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның негізгі қызметі — республикалық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын пайдалану, күтіп ұстау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, мекеме суармалы сумен қамтамасыз ету іс-шараларын атқарады.«Іскерлік үзіліс» айдары аясында мекеменің бас директорының орынбасары Ербол Заурбекұлы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892139
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында инертті және жанар-жағармай материалдарын дайындап, бөгеттерді қалпына келтіру және каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуде 28.11.2024
Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында инертті және жанар-жағармай материалдарын дайындап, бөгеттерді қалпына келтіру және каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуде. 29 гидротехникалық нысан және 29 гидрометриялық бекет жөнделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892147
Астанада ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC – 2024» көрмесі ашылды 28.11.2024
Бүгін Астанада «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 65 жылдығына арналған ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC-2024» көрмесі басталды. Іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен келген 110-нан астам жол саласы кәсіпорындарының өкілдері қатысып жатыр. Шара аясында заманауи жол-құрылыс техникасы мен жол құрылысына арналған жаңа материалдар ұсынылды.Шараны Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ашты. Ол сөзінде жол саласында рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды екенін атап өтті:«2024 жылы рекордтық 12 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қолға алынған жұмыстың 8 мың шақырымы республикалық жолдарға тиесілі болса, қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Биыл халық игілігіне маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жоба берілді. Олардың қатарына Шақпақ баба асуы арқылы өтетін алғашқы тоннель, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір және Шамалған стансасындағы айналма жол жатады. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2 мың шақырымға жуық «Қарағанды–Алматы», «Талдықорған–Өскемен», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау–Астрахань» сияқты төрт ірі автожол жобасы аяқталуға жақын».Келесі жылдан бастап төрт жолақты «Қарағанды - Жезқазған» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобаларын бастау көзделген. Биыл «Қызылорда - Жезқазған», «Ақтөбе - Ұлғайсын» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Айта кетейік, сөз етілген жобалардың барлығы 4 жолақты болмақ.2029 жылға дейін жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын жаңа 12 автожол жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл елдің транзиттік әлеуетін нығайтатыны сөзсіз.«KAZTRAFFIC-2024» көрмесі екі күнге созылады. Көрме аясында «Болашақ жолдар» Орталық Азия Халықаралық конференциясы жұмысын бастайды. Онда өңірдің жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары талқыланбақ. Сондай-ақ аталған іс-шара шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында озық технологияларды пайдалануға арналған «Инновациялардың қозғаушы күші: Заманауи жол инфрақұрылымындағы зияткерлік көлік жүйелерінің әлеуеті» тақырыбында PIARC халықаралық семинары өтеді.«KAZTRAFFIC-2024» көрмесі тәжірибе алмасумен қатар инновациялық шешімдерді көрсету үшін, сондай-ақ жол саласын одан әрі дамыту стратегияларын әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/892226
Алматыда әскери-техникалық мектептің 150-ден астам тәрбиеленушісі Отанына адал болуға ант берді 28.11.2024
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде әскери ант беру рәсімі өтті.Іс-шараға Қарулы күштердің ардагерлері, қалалық жастар саясаты басқармасының өкілдері, әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, тәрбиеленушілердің туыстары мен жақындары қатысты.Құрметті қонақтар оларды ер адамның өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтады. Мектеп басшылығы әскери-есептік мамандығын түсінудегі еңбекқорлығымен және табандылығымен ерекшеленген тәрбиеленушілерді мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен атап өтті.– Біздің түлектер пулеметші, граната атқыш, ҰҰА операторы, автоэлектрик және азық-түлік қоймасының қоймашысы сияқты әскери мамандықтар бойынша оқуды аяқтады. Бұл, әрине, елдің жұмылдыру резервін нығайту үшін жұмыс істейтін болады, – деді әскери-техникалық мектеп филиалының директоры отставкадағы полковник Мирас Жылгелдин.Алматы әскери-техникалық мектебінің түлегі Виктор Крохмаль бұл рәсімді өмір бойы есте сақтайтынын және антқа адал болатынын айтып, әсерімен бөлісті.Жиналғандарға Алматы гарнизоны әскери полициясы кинологиялық қызметінің мамандары қызметтік иттермен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.Айта кетейік, жыл сайын әскери-техникалық мектептің Алматы филиалында 700-ге жуық адам білім алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/892242
Ақмола облысында қуаты жылына 157 мың тонна құрама жем зауыты іске қосылады 28.11.2024
«ЧК Unicorn Holdings LTD» ЖШС Ақмола облысында құрама жем зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Өндірістік қуаттылығы жылына 157 мың тонна құрама жем болатын жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды.Өндіріс кезінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шикізаты пайдаланылатын болады.Қазіргі уақытта компания құрылыс-монтаждау жұмыстарын, аумақты абаттандыру және өрт дабылы жүйелерін қоса жабдықтарды орнату жұмыстарын белсенді жүргізуде.Зауыттың бірінші кезегі 2024 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/892231
Абай атындағы балет театры – әлемдік музыка және балет өнеріне үлес қосқан руханият ордасы 28.11.2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі айрықша. Театр ұжымы шығармашылық шеберлігі мен жоғары деңгейін дәлелдеп, халықаралық мәдениет кеңістігінде зор жетістіктерге жетті.Театрдың 90 жылдық мерейтойына орай өнер ұжымы екі ерекше бағдарлама ұсынды – «Абай» операсы және Симфониялық және вокалдық музыка кеші. Сонымен қатар, театр сахнасындағы іс-шаралар осы айтулы мерекеге арналды.Театр жетістіктерінің бірі – Түркістан қаласындағы гастрольдік сапарлардың сәтті өтуі. Бұл сапарда қазақ музыка мәдениетінің байлығын айшықтайтын «Қыз Жібек» операсы, сондай-ақ «Открывая Баха» және «Болеро» балеттері қойылды. Бұл туындылар театр әртістерінің орындаушылық шеберлігін және заманауи би өнеріндегі жетістіктерін айқын көрсетті.2024 жылғы айтулы іс-шаралардың бірі – 8 және 9 маусымда өткен «Сильфида» балетінің жаңа қойылымы. Заманауи интерпретацияда сахналанған бұл балет ұлттық және заманауи балет дәстүрлерін біріктірді. Сондай-ақ танымал әртістер – Мариин театрының прима-балеринасы Ульяна Лопаткина мен британдық хореограф Акрам Хан өткізген шеберлік сабақтары жас әртістер үшін үлкен мүмкіндік болды.Театрдың опера және балет әртістері халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, беделді марапаттарға ие болды. Мәскеуде өткен «Grand Prix Надежда» байқауында Богдан Вербовой бірінші орынды иеленсе, Ақыл Жуас үшінші орынды жеңіп алды. Бакуде өткен Бюль-Бюль атындағы IX халықаралық вокалистер байқауында Мақсат Саматов екінші орын алса, Мумбайда өткен «Опералия 2024 Пласидо Доминго» байқауында Нұрғалым Аманбай марапатталды. Сонымен бірге, Нұржамал Үсенбаева атындағы халықаралық вокалистер байқауында Балуан Беркенов екінші орын, ал Нұрғалым Аманбай үшінші орынға ие болды. Будапешт қаласында өткен «Budapest Ballet Grand Prix» байқауында театрдың әртістері халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Балет солисі Богдан Вербовой бірінші орынды иеленсе, Ариса Хасимото «Special recognition award» марапатталды.СССР Халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығы және Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Жұмбақ қыз» операсы сахналанып, композитордың ерекше музыкалық және драматургиялық стилі көрсетілді. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватовтың 75 жылдығына орай «Иоланта» операсы көрермен назарына ұсынылды.Сонымен қатар 29, 30 қараша және 1 желтоқсан күндері театрда «Хан Сұлтан» операсының әлемдік премьерасы өтпек. Бұл туынды ортағасырдағы ең ірі мемлекеттердің бірі – «Алтын Орда» кезеңін баяндайды. Операның басты кейіпкері – Алтын Орданың әйгілі билеушісі Хан Сұлтан.Осы жетістіктер Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жоғары деңгейдегі дайындығын және өнер ордасының әлемдік музыкалық, балет өнеріне қосқан үлесі зор екенін көрсетеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892107
ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы 28.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында сағат 10:00 бастап «КОREМ» АҚ сауда алаңында Маңғыстау энергия торабына қарай электр тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 358.8 МВт;ҚР БЭЖ Маңғыстау энергия торабына қарай электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 200 МВт.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз). Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 358.8 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша – 158.8 МВт және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 200 МВт. Сауда жүйесінде 5 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 169.66 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 651 МВт құрады.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің іске асырылмаған көлемі 292.2 МВт құрады.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/rus/itogitorgov/rynok_moshnosti/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892091
Екінші сынып оқушылары құтқарушылар кәсібімен танысты 28.11.2024
Өскемен қаласының № 17 мектеп оқушылары ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағында болды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқушыларға неліктен өрт болатынын, оның ішінде балалардың отты абайсыз пайдалану салдарынан болатынын да атап айтты.Балаларға қауіпсіздік шараларын және өрт туындаған кезде өздерін қалай ұстау керектігін түсіндірді, шұғыл қызмет телефон нөмірін естеріне салды. Өрт сөндіру депосы және өрт сөндіру-құтқару кәсібі туралы айтып, естен кетпес экскурсия өткізді. Балалар өрт сөндірушілердің киімдерін киіп көріп, өрт сөндіру автокөліктеріне де отырды.Балалар мен тәрбиешілер құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайтындықтарына уәде берді.«Оқушылармен өткізілетін осындай кездесулер – өрт профилактикасында нәтиже береді. Өскелең ұрпақ ережелерді тез есте сақтап, меңгереді, бұл олардың шұғыл жағдайда қобалжымауына мүмкіндік береді», - деп ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/892169
«Таза Қазақстан»: экологиялық қозғалыс қарқын алуда 28.11.2024
Тараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Қаржыгерлер» аллеясы қоқыстардан тазартылды.Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.- «Тазалық – саулық негізі» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қала тазалығын сақтау – барлық тұрғынның міндеті. Қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікпен қарау – экологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді, - деді сенбілікке қатысушы қала тұрғыны Марат Спатаев.Акция аясында аталған бағыттағы тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілді. Атап айтқанда, шара саябақтар мен скверлерде, демалушылар көп жиналатын орындарда жалғасты.Жамбыл ауданында жастармен алдын алу профилактикалық шарасы өткізілсе, Жуалы ауданында «Таза Қазақстан – таза әлем» экологиялық жастар акциясы ұйымдастырылды.Мойынқұм ауданында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен, Талас ауданында Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Ал Т. Рысқұлов ауданында «Ардагерлер саябағын» тазалау жұмыстары жүргізілсе, Шу ауданында Шу қаласының көшелері қажетсіз жарнама құралдарынан тазартылды.Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым канал мен арық жүйесі, 133,2 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.Бұл жұмыстарға жалпы 1078 бірлік техника тартылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/892057
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.– Түркістан облысы республикада мақта өсіретін жалғыз аймақ. Биыл 106 мың гектарға мақта егілді. Дегенмен, дәстүрлі әдісті қолданғандықтан оның өнімділігі де төмен болып отыр. Енді заманауи суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды. Яғни, мақта өсіруден бастап жіп, мата және киім сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейін қамтылады. Түркістан қаласында мақтаны терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталды. Жоба құны - 147 млрд. теңге. Зауытта 4 000-нан астам жұмыс орны ашылады, – деді Дархан Сатыбалды.Жалпы өңірде мақта кластерінде 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Толық іске қосылғанда 40 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 50 мың тоннаға жуық дайын өнім өндіріледі. Бюджетке миллиардтаған салық түседі. Мақта өнімділігі 3 есеге дейін артып, өнімділік көрсеткіші гектарына 70 центнерге жетеді деп межеленіп отыр. Аймақта мақта егуде су үнемдеу технологиялары қолданылуда.Мақталы аймақтарда егістікті әртараптандыру бағытында да жұмыс басталған. Аймақта жүгеріні терең өңдейтін «Крахмал-сірне» зауыты салынуда. Жоба құны – 36 млрд.теңге. Жоба толық іске қосылғанда жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеуге мүмкіндік береді. 550 жаңа жұмыс орны ашылып, жүгеріден 26 түрлі өнім шығарылады деп күтіліп отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892045
ЕТ ЭКСПОРТЫНАН БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АУСТРАЛИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ДАМЫТПАҚ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.– Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде көшбасшы саналады. Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, яғни, 6,9 мың тоннасы, қой етінің 75%-ы өңірімізге тиесілі. 4,7 мың тонна қой еті экспортталды. Аустралия елінің тәжірибесін қолданып, ет кластерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Заманауи мал биржасы, бордақылау кешені, ет өнімдерін терең және қайта өңдеу бағытында 5 жобаны іске асыру көзделуде. Бұл бағытта 55 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынып, 600 жұмыс орны құрылды. 35 мың тонна өнім шығарылады, – деді Дархан Сатыбалды.Аймақта сүт өндірісін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша 2 ірі тауарлы сүт фермасы жобасы жүзеге асырылды (12,6 мың сүт ). Жобалардың құны – 7,8 млрд. теңге.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892049
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 28.11.2024
Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 млрд. теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешілмек. Сонымен бірге әлеуметтік нысандар жұмысы қарқынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.– Облыста демографиялық өсім жоғары. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде, – деді Дархан Сатыбалды.Мектептердің 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Нәтижесінде мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмек. Биыл алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектептерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 193 мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 107 мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылды. 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатқа бюджетті үнемдей отырып, 12 млрд. теңгеден астам қаражатты бағытталған. 330 мектеп жоғары жылдамдықты «Starlink» спутниктік интернет технологиясымен қамтылды.Өңірімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 49 нысан соғылуда. Бұдан бөлек 4 ауруханаға күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен бірге мәдениет, спорт және өзге де әлеуметтік нысандар салынуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892054
Мұнайлы ауданында биыл екі мектеп пен 7 балабақша ашылды 28.11.2024
Мұнайлы ауданында жыл басынан бері бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.Білім саласында үш ауысымды оқытуды жою үшін ауданда 5 мектептің құрылысы жүргізілді. Биыл оның екеуінің құрылысы аяқталып, оқушылар игілігіне берілді. Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округітерінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп ашылып, Басқұдық ауылының №9 мектебіндегі және Қызылтөбе ауылының №6 мектебіндегі орын тапшылығы шешілді.«Жайлы мектеп» жобасы бойынша Батыр ауылында 1200 орындық 2 мектептің және Маңғыстау ауылында 900 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мектептер 2025 жылы қолданысқа берілмек.Мектепке дейінгі білім сапасын арттыру мақсатында осы жылы 600 орындықты 7 балабақша іске қосылды. Ал, қолданыстағы 6 балабақша 162 орынға кеңейтілді.Сондай-ақ, ауданға қарасты Маңғыстау ауылынан 150 кереуеттік орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аурухана құрылысы аяқталғаннан кейін медицина саласының 320 маманы тұрақты жұмыспен қамтылмақ.«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Дәулет ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысы аяқталуда.Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 4 мәдениет үйі мен мемлекеттік 3 балалар және жасөспірімдер сапорт мектебі және 1 спорт кешені жұмыс істейді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892044
Мұнайлы ауданының тұрғындарына қызмет көрсету сапасы артуда 28.11.2024
Мұнайлы ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.Ауданда жалпы ұзындығы 695,6 шақырым тас жол бар. Оның ішінде, аудандық маңызы бар 95,3 шақырым жол 100% асфальт жабындысымен қамтамасыз етілген. Биыл ауылішілік жолдарды жақсарту аясында 70,6 шақырымды құрайтын 11 автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 50,8 шақырым болатын 6 автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары орындалуда.Жолаушылар тасымалын жақсарту және тұрғындардың қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытында аудан орталығын облыс орталығымен байланыстыратын №107 автобус маршруты кеңейтілді. Тұрғындардың сұранысы бойынша Қызылтөбе, Баянды, Атамекен және Батыр ауылдарын аудан орталығымен байланыстыратын ауданішілік 4 жолсапар іске қосылды. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жандардың еркін қозғалысы үшін инвотакси қызметі енгізілді.Коммуналдық қызметтерді жақсарту мақсатында 2 жүксалғыш тіркемесі бар трактор, 3 «Нива» жеңіл автокөлігі, ассенизатор және су сорғыш құрылғылармен қамтылды.Сондай-ақ, биыл халықты баспанамен қамту үшін 191 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін кезең-кезеңімен табыстау жоспарланып отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892046
Мұнайлы ауданында 2025-2028 жылдары ірі 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылады 28.11.2024
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданына барған жұмыс сапары барысында ауданда іске асатын инвестициялық жобалармен танысты.Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығына инвестиция тарту саласындағы негізі мақсат бойынша ауданның экономикалық белсенділігін арттыруға, оның ішінде бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыруға ықпал ететін инвестициялық жобаларды көрсетті.Ауданда 2028 жылға дейін жалпы құны 30 млрд. теңгеден асатын 17 жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.Инвестициялық жобалар ауылшаруашылық, экология, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, логистика, металл ұнтағын өндіру, агроөнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық химия өнімдерін шығару мен тұрғын-үй секілді салаларды қамтиды.Бүгінде ауданда АӨК саласы бойынша жүзеге асырылатын жобаның бірі Баянды ауылындағы «Ізден Өсерхан» мал шаруашылығы. Қазіргі таңда шаруа қожалықтардың инфрақұрылымы толық қамтылды. Мал ұстау қораларында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаға Солтүстік Қазақстан облысындағы бағдарлама негізінде 2,5% мөлшерлемесіндегі несие бөлу қарастырылуда.Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша «Global KZ Company» ЖШС қазіргі кезде пилоттық режимде пластикалық бөтелкелерді сұрыптау жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта айына 80 тонна өнімді сұрыптауды мақсат тұтуда.Сол секілді, «ВЕСТ Рециклинг Компания» ЖШС («West recycling company») 100% инновациялық автоматтандырылған жүйелерді (сигнализация, датчик т.б.) қондыру арқылы жылына 150 000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму жұмыстарымен айналысады.«Kaz-Ling» ЖШС «Tazalike» тауарлық маркасы арқылы айына 10 тонна сұйық сабын, универсалды тазартқыш өнімдері секілді тұрмыстық химия өнімдерін шығаруда. Алдағы жобаларға сәйкес, өнім көлемін жылына 250 тоннаға арттырмақ ниетте.Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру мақсатында Дәулет ауылындағы «Ақатай» шаруа қожалығы «Нұр Капитал» бағдарлама аясында 20 млн. теңге несие алып, қазіргі кезде 250-300 ірі қара мал басы және 300 бас қойды бордақылауда. Алдағы жоспары жылына 600-800 тонна көлемінде етпен ет өнімдерін дайындау.Басқұдық ауылындағы «BAKYT KUS» құс шаруашылығы Бөдене өсірумен айналысады. Бөдене еті мен жұмыртқасын сатып, кәсіптің нәсібін табуда. Шаруашылық алдағы уақытқа тек етті шикізат ретінде емес, олардан бұқтырылған құс етін шығарып, дайын өнім ретінде шығаруды көздейді. Қазіргі кезде 1 айда 1 тонна ет пен 5 мың дана бұқтырылған құс етін дайындайтын қуаттылығы бар цех ашуды көздеп отыр.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын аттыруға бағытталған жобаларды мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892047
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының тұрғындарымен кездесті 28.11.2024
Бүгін, 27 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының халқымен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарына жеке қабылдауда жауап берді. Өңір басшысына аудандағы түйіткілді мәселелерді жеткізуге 600-ге жуық тұрғын жиналды.Алдымен Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Биыл Маңғыстау ауылында «Алтын Көпір» әртараптандырылған сауда орталығы ашылды. Құрылысы аяқталған бұл нысан қыркүйек айында салтанатты түрде іске қосылды. Сол сияқты, Басқұдық ауылдық округінде «Әбен» сауда орталығы пайдалануға берілді.Өндіріс саласында Қызылтөбе ауылдық округінде металл ұнтағын өндіретін зауыттың құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылмақ. Кәсіпорынның жылдық қуаты 3500 тонна болып, 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.Сонымен бірге, ауданда ауыл шаруашылығы саласында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Жалпы аудан бойынша 374,5 гектар аумаққа егін егілсе, Қызылқұм жерінде 40 шаруашылық көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде. Сондай-ақ, ауданда жалпы аумағы 12,7 гектарды құрайтын 23 жылыжай бар.2025-2028 жылдары Мұнайлы ауданында жеңіл өнеркәсіп, өңдеу өндірісі және мал шаруашылығы бағытында тағы 10 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.Сонымен қатар, халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында жыл басынан бері 23 мың азаматқа 935,4 млн теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетілген.Ал мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету үшін инватакси қызметі ұсынылуда. Қазіргі таңда бұл қызметті 3 автокөлік атқарады. 2024 жылы олардың саны артып, 1 жаңа автокөлік сатып алынды.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар кәріз жүйесі, жер алу кезегі, жол құрылысы, аялдама салу, қоқыс шығару, ауыз су мәселелері сияқты көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген аудан азаматтарын қабылдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892052
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының жүзге жуық тұрғынын қабылдады 28.11.2024
27 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының халқымен кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі ерекше балаларды қоғамға бейімдеу және дамыту мақсатында арнайы орталық ашу үшін ғимарат бөлуді сұрады. Облыс әкімі бұл маңызды ұсынысты қолдап, аудан басшысына заң аясында бар мүмкіндікті қарастырып, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.Сондай-ақ, облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының директоры Гүлзира Ақжігітова гимнастшыларға арналған арнайы жаттығу залының құрылысын салу мәселесін көтеріп, тиімді несие алу үшін көмек сұрады. Облыс басшысы бұл мәселені шешу үшін жауапты тұлғаларға несие алудың тиімді жолдарын қарастырып, көмектесуді тапсырды.Қабылдау барысында тұрғындар ауданның инфрақұрылымдық мәселелерін де көтерді. Маңғыстау ауылының тұрғындары көшелерге жарық орнатылғанымен, шамдардың жиі істен шығып жатқанын айтып, жарықтандыру жүйесін жақсартуды өтінді. Ал Баянды ауылының тұрғындары ауыз судың жетіспеушілігіне шағымданып, оның көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, Батыр ауылының тұрғындары ауылға Каспий банктің терминалын орнату туралы өтініш білдірді. Бұл мәселе бойынша банктың бас кеңсесіне хат жолданып, ұсыныс берілді.Жалпы қабылдауға келген 100-ден астам азамат тұрғын үй жағдайын жақсарту, жұмыссыздық пен қоғамдық көлік қажеттілігін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, балалар ойын алаңдарын салу, ауыл шаруашылығын қолдау және туризм мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелер көтерді.Нұрдәулет Қилыбай әрбір өтінішті тыңдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892055
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық форумында талқыланды 28.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 26-27 қараша күндері Башқұртстан астанасында өткен Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық форумына қатысты. Форум екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін негізгі алаңға айналды.Жиында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін іске асыру, өңіраралық байланыстар мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Пленарлық отырыстар мен панельдік сессияларға Қазақстан мен Ресейдің жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Бұл форумның халықаралық аренада маңыздылығын айқындай түседі.«Бүгін біз жаһандық сын-қатерлер жағдайында кооперацияны дамытудың қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Бизнесті қолдауға, инвестициялар үшін жағдай жасау мен экономикамыздың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударған жөн», - деп атап өтті аймақ басшысы.B2B-кездесулер алаңы форум қатысушыларының назарын аударып, тәжірибе алмасуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/892066
ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары 28.11.2024
2024 жылдың 27 қарашасында «КОREМ» АҚ сауда алаңында «Солтүстік-Оңтүстік» өткізу мүмкіндігі ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 6 113.1 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша– 4 480.2 МВт, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 632.9 МВт;ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын қосатын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 1100 МВт.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз).Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 21 энергия өндіруші ұйым қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 6 113.1 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 480.2 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 632.9 МВт. Сауда жүйесінде 21 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 160 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 7 926 МВт құрады.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің іске асырылмаған көлемі 1 812.9 МВт құрады.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/kaz/itogitorgov/rynok_moshnosti/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892085
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді 28.11.2024
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еліміздің тұрғындарына әр өңірден бейне байланыс режимінде де өз сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Өтініштер негізінен мектепке дейінгі және орта білім беруден бастап техникалық және кәсіптік оқыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерін қамтыды. Министр тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер ведомство басшысының жеке бақылауына алынды. Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892077