Enbekshi QazaQ

Қоғам

С1 санатындағы жұмыртқа бағасы және өңірдегі айырмашылық 27.11.2024
Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері бойынша, С1 санатындағы жұмыртқа бағасы соңғы аптада 0,1%-ға артты. Қазір осы санаттағы жұмыртқаның орташа бағасы сауда сөрелерінде 540 теңге құрайды.Жұмыртқалардың бағасы аймаққа байланысты әртүрлі болады. Елордада С1 санатындағы жұмыртқаның орташа бағасы 609 теңге болса, ең төменгі баға Петропавлда тіркелген — 462 теңге.Өзге өңірлердегі орташа баға: Алматы — 600 теңгеШымкент — 530 теңгеАқтау — 569 теңгеӨскемен — 584 теңгеТараз — 483 теңгеҚызылорда — 479 теңге Қостанай — 497 теңгеАқтөбе — 493 теңгеАтырау — 498 теңгеТүркістан — 498 теңгеЖезқазған — 547 теңге Көкшетау — 500 теңгеҚарағанды және Орал — 518 теңгеҚонаев — 574 теңгеПавлодар — 520 теңге Семей — 516 теңгеТалдықорған — 552 теңгеҰлттық статистика бюросы облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалалардағы базарларда, дүкендердегі және сауда желілеріндегі бірінші санаттағы жұмыртқа бағасына бағалау жүргізеді. Сауалнамада сатылымда бар жұмыртқалар ескеріледі және олардың бағасы жыл бойы қадағаланады.2024 жылы жұмыртқа бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін жұмыртқа өндірушілерінің қауымдастығы және құс өсірушілер одағымен меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум өндірушілердің қоймасында 1 дана жұмыртқаның ең жоғары көтерме бағасын 51,5 теңге деңгейінде белгілейді. Бұл ең жоғары баға бірінші санаттағы жұмыртқаларға, соның ішінде лотоктарда және дара сатылатын түрлеріне қатысты. Айта кету керек, коррекс қаптамасында сатылатын С1 санатындағы жұмыртқалар қаптама құны мен басқа да шығындар себебінен қымбатырақ сатылады. Меморандум шарттары коррекс қаптамасында сатылатын жұмыртқаларға қатысты қолданылмайды.Оператив мониторинг деректеріне сәйкес, сауда үстемесін қоса есептегенде еліміздегі базарлдар мен дүкендерде жұмыртқа 435 теңгеден (Ұлытау облысы, 30 данадан тұратын лоток) бастап 540-600 теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысы, 30 данадан тұратын лоток 2225 теңге) сатылуда. Мысалы, Астанадағы "Магнум" дүкенінде "Курочка Ряба" өндірушісінің С1 санатындағы жұмыртқасының 30 данадан тұратын лотогы 1590 теңгеге (10 дана 530 теңге) сатылса, "Луговое поле" брендімен сатылатын жұмыртқаның 30 данадан тұратын лотогы 1619 теңгеге (10 данасы 540 теңге) бағаланады. "Small" желісінде жұмыртқа 510 теңгеден сатылуда. Өнім бағасы көптеген факторларға, оның ішінде үй маңындағы дүкендерге жеткізілетін ұсақ көтерме саудагерлер мен құс фабрикаларынан нарықтарға жасалатын ірі көтерме жеткізілімдерге байланысты болады. Ірі сауда желілері өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті сауда заңнамасын сақтау бойынша бақылау жүргізеді. 2024 жылдың басынан бастап сауда заңнамасына қатысты 4398құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жұмыртқалардың негізсіз бағасының өсуіне қатысты 197 жағдай тіркелген. Осыған байланысты 3636 сауда субъектісіне ескерту жасалып, 762-сі айыппұлға тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/891347
ҚР АШМ жанынан етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болады 27.11.2024
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ІҚМ тұқымдары, сондай-ақ етті мал шаруашылығы бойынша республикалық палаталармен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты етті мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылау болды.Кездесу барысында қатысушылар етті мал шаруашылығының ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ саланы одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.«Мал шаруашылығы еліміздің АӨК негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40%-ы тиесілі. Сала тұрақты қарқынмен дамып келеді. Сонымен қатар, біз бүгін осы саладағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірлеуіміз қажет.Жалпы, ІҚМ басының тұрақты өсуі байқалады. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өсім 120,6% құрады. ІҚМ жалпы саны 8,2 млн басты құрайды, оның ішінде ет және ет – сүт бағыттары-4 млн.астам. 313,8 мың тонна сиыр еті өндірілді, өсім 106,2% құрады. Біз өз қажеттіліктерімізді 101%-ға қанағаттандырамыз», - деді Айдарбек Сапаров. Сонымен қатар, министр етті мал шаруашылығының дамуын тежейтін бірқатар мәселелер бар екенін, олар бойынша бизнестің пікірін тыңдау маңызды екенін атап өтті.Сала өкілдері жағдайды жақсарту бойынша шешімдер мен ұсыныстарды талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді айтты.Олардың қатарында айналым қаражатының жетіспеушілігі, ет экспортының логистикасы, салық салу мәселелері, цифрлық құралдарды дұрыс есепке алу және қолдану қажеттілігі, шаруашылықтарды экспорттаушылар тізіліміне енгізу және басқалары бар.Кездесу қорытындысы бойынша министр сала өкілдерінің арасынан мүдделі тараптарды қоса отырып, жұмыс тобын құруды тапсырды. Топтың негізгі мақсаты-етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша АШМ-мен жедел өзара іс-қимыл жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/891397
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады 27.11.2024
Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасында займ туралы келісім 2024 жылдың 23 тамызында жасалған болатын.АДБ жеңілдетілген үшжылдық кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 15 жыл болатын жеңілдетілген шартпен шамамен 52,3 млрд жапон йенасын займ түрінде ұсынып отыр.Тартылатын сома бойынша қызмет көрсету мен өтеуді келісімнің қаржылық шарттарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігі кезекті жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асыратын болады.Бұл қаражат көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беру мен басқа да басымдыққа ие бағыттарды қаржыландыруды қоса алғанда, Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/891373
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады 27.11.2024
Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында займ туралы келісім 2024 жылдың 21 тамызында жасалған болатын.АИИБ жеңілдетілген үшжылдық кезеңді есепке алғанда, өтеу мерзімі 15 жылды құрайтын жеңілдетілген шартпен шамамен 52,7 млрд жапон йенасын займ ретінде ұсынып отыр.Жапон валютасын таңдау аталған елдегі тарихи төмен базалық пайызды мөлшерлемелерге, сондай-ақ Қазақстанның теңгесі мен жапон йенасы арасындағы тығыз корреляцияға байланысты болып отыр.Тартылатын сома бойынша қызмет көрсету мен өтеуді келісімнің қаржылық шарттарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігі кезекті жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асыратын болады.Аталған ақша көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беру мен басқа да басымдыққа ие бағыттарды қаржыландыруды қоса алғанда, Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/891376
Уфада Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшыларының форумы өтті 27.11.2024
26-27 қараша күндері Башқұртстан астанасы Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің ХХ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.Шараның алғашқы күнінде «Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және серіктестік келешегі» атты жас көшбасшылар форумы өтті. Оған әр өңірден 3700-ден астам адам қатысты. Басқосуда екі елдің жас көшбасшылары тәжірибе алмасып, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.«Уфада өтіп жатқан өңіраралық форум аясындағы жастар форумына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30-ға жуық делегат болып келдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен іске асырылған әртүрлі бастамаларды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты аясындағы қолдау шараларын әріптестерімізге, жастарға түсіндіріп, тәжірибе алмастық», - деді Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов.Жалпы, екі күн бойы екі елдің өңіраралық байланыстары мен өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбында талқылаулар өтеді. Сондай-ақ, екі елдің экономикасына тиімді жобаларға қол қойылып, құжаттар бекітілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/891298
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА ЖАҢА СУ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАДЫ 27.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірленген Су кодексінің жаңартылған жобасын таныстырды. Құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады.Су кодексін әзірлеу барысында бес негізгі қағидат назарға алынды. Бұл суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен экономика дамуының негізі деп тану, мемлекеттің су ресурстарының экономикалық құндылығын мойындауы, жерүсті және жерасты суларын кешенді пайдалану, су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға негізделген су үнемдеу, су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешуге жұртшылықты тарту.Кодекстің жаңа нұсқасында алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол халық пен экономика салаларын су тапшылығынан және су нысандарын ластанудан қорғауды қамтиды. Су көздерінің сарқылуын болдырмау үшін өзен, көл және теңіздердің экожүйесін қолдау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған - «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі.Су нысандарын қорғау бойынша талаптар кеңейтілді. Ең алдымен – шағын өзендер мен көлдерді қорғауға назар аударылады. Атап айтқанда, шағын өзендерде су өткізбейтін бөгеттер салуға тыйым салынады.Жерүсті және жерасты суларын кешенді пайдалану, сондай-ақ Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру үшін уәкілетті және жергілікті атқарушы органдың жерасты су ресурстарын басқару бойынша функцияларын Су ресурстары және ирригация министрлігіне беру көзделген.Сондай-ақ, жаңа кодекс су ресурстарын басқарудың бас жоспарын және бассейндік жоспарларын әзірлеуді көздейді. Бұл құжаттар су ресурстары туралы болжамдарға сүйене отырып негізгі мақсат-міндеттерді, тәсілдерді және іс-шараларды анықтайды. Осы жоспарлардың қорытындылары мен ұсыныстары мемлекеттік жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс.Қолданыстағы редакцияда қарастырылмаған, су үнемдеуді ынталандыру тетіктері енгізілді. Мысалы, су пайдалануға рұқсат айналымдағы немесе қайта сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу жоспары болған кезде ғана беріледі. Жаңа жүйеге көшуге бес жыл беріледі. Ал, көшу жоспары жаңа Су кодексі күшіне енген күннен бастап екі жыл мерзімде әзірленуі керек.Жаңа кодекстің тағы бір ерекшелігі - гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселесіне жеке тарау арналған. Онда гидротехникалық құрылыстардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу, оларды пайдалану, сондай-ақ көп факторлы тексеріс жүргізу, қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу мәселелері жүйеленген. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік регламентін әзірлеу көзделген.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес бойынша түзетулер кешені әзірленді, сондай-ақ барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен өкілеттіктері айқындалды. Мысалы, жерүсті су нысандарын тазарту мен тереңдету және су тасқынынан қорғаудың инженерлік жүйелерін құруды қоса алғанда, судың зиянды әсерінің алдын алу бойынша нормалар енгізілді.Су ресурстары бойынша ақпараттың азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын Ұлттық ақпараттық есеп жарияланатын болады. Онда елдегі су ресурстарының жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы ақпарат болады.Су саласын цифрландыру үшін Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделген, оның жұмысын биыл құрылған Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы қамтамасыз етеді.Жаңа Су кодексінде су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауға айрықша көңіл бөлінеді. Мәселен, бассейндік инспекцияларға тергеу функциялары беріледі, бұл су ресурстарын қорғау жөніндегі талаптарды қатаңдатуға, оларды заңсыз пайдаланумен және судың «қара нарығымен» тиімді күресуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, құжат Экологиялық, Кәсіпкерлік, Азаматтық, Жер кодекстеріне және 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.«Заңнама жобасы бойынша белсенді әрі конструктивті тұрғыда жұмыс атқарған барлық депутаттарға алғысымызды білдіреміз.Биылғы су тасқыны және соңғы жылдардағы оқиғалар су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың аса маңызды екенін айқын көрсеті. Жаңа Су кодексінде халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды. Су ресурстарын сарқылу мен ластанудан қорғауға басты назар аударылып, содан кейін ғана экономикалық қажеттілікке маңыз берілген. Бұл - жаңа Су кодексінің қолданыстағы кодекстен негізгі ерекшеліктерінің бірі», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/891267
Қазақстан франчайзингті дамыту жолында: жаңа ережелер 27.11.2024
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде елдегі франчайзингті дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысып, Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (ОАФҚ) бастамасымен франчайзинг туралы заңнамаға енгізілген өзекті түзетулерді талқылап, осы маңызды салаға қолдау шараларын әзірледі. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жиынды аша отырып, франчайзингтің Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті: «Қазақстандағы франчайзинг саласы тауар айналымы тұрғысынан өте үлкен және маңызды. Біз осы саланы тұрақты дамыту үшін оның реттеу мәселелерін шешуіміз керек. Бұл сала шағын және орта бизнесті дамыту үшін негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Кәсіпкерлерге франшизаларын тиімді дамытып, инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауымыз қажет», – деді ол. Талқылау барысында қатысушылар қолданыстағы заңнаманы жаңғырту қажеттілігіне назар аударды. Қазіргі заңнама шеңберлік сипатқа ие болғандықтан, бүгінгі күннің талаптарына сай келмейтіні айтылды. Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығының төрайымы Гүлбану Майгарина: «Бүгінгі таңда франчайзерлер мен франчайзилердің құқықтарын қорғау саласында елеулі проблемаларға тап болудамыз. Барлық нарық қатысушыларының мүдделерін қорғайтын нақты ережелерді жасау қажет»,– деп қосты. Франчайзерлер мен франчайзилер кездесетін мәселелерді талқылай отырып, қатысушылар франчайзинг саласында өзін-өзі реттеу механизмдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.«Бизнес – бұл қарқынды дамып келе жатқан сала, және мемлекет бұл мәселеде әрдайым жеткілікті құзыретті бола алмайды. Біз нарықтың өз ережелері бойынша дамуына мүмкіндік беретін жағдай жасауымыз керек», – деп атап өтті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Бексұлтан Мұқатов. Сонымен қатар, франшиза құрастырушыларға лицензиялау жүйесін енгізу мәселесі қарастырылды.«Бүгінгі күні нарықта көптеген франшиза құрастырушылар бар, бірақ олардың барлығы адал әрекет ете бермейді. Біз олардың құзыреті мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды бекітуіміз керек», – деп атап өтті Мұқатов. Ол франшизаны рәсімдеуге арналған лицензияланған брокерлер институтын енгізуді және франшизаның қаржылық үлгісін ашатын міндетті регламенттерді әзірлеуді ұсынды. «Әлемде франчайзинг экономиканың қозғаушы күші болып отырғанын көріп отырмыз. Мысалы, АҚШ-та бұл ЖІӨ-нің 3%-ын құрайды. Біз де франчайзингтің Қазақстан үшін осындай маңызды салаға айналуы үшін жағдай жасауымыз керек», – деп қосты Мұқатов. Халықаралық тәжірибені Қазақстанда франчайзингті дамытуға тарту маңызды талқылау тақырыбы болды. Қатысушылар АҚШ және Еуропа елдерінде қолданылатын табысты тәжірибелерді Қазақстанда франчайзинг жүйесін тиімді құрудың негізі ретінде қолдану керектігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар, іскерлік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл заңнамаға егжей-тегжейлі түзетулерді кешенді түрде пысықтап, табысты франшизаларды қолдау шараларын әзірлеуге, соның ішінде олардың шетелге экспорттық үлгілерін дайындауға мүмкіндік береді. «Франчайзинг Қазақстан экономикасының драйверлерінің бірі болуы керек. Біз оны шағын және орта бизнеске арналған құрал ғана емес, дайын жобаларды сыртқы нарыққа шығаратын платформа ретінде де көріп отырмыз. Әрбір кәсіптің тұрақты және қауіпсіз өсуіне мүмкіндік беретін жағдай жасау маңызды», – деп қорытындылады бірінші вице-министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/891275
Ұлттық аккредитация орталығы мен ҚазАТЗУ ынтымақтастығын дамыту 27.11.2024
ҚазАТЗУ мен Ұлттық аккредитация орталығы (ҰАО) арасындағы ынтымақтастық жалғасуда. 2024 жылдың 21 қарашасында Дүниежүзілік сапа апталығының (14-21 қараша) аяқталуына орай, ҰАО сарапшы-аудиторы ҚазАТЗУ-дың Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасының студенттері үшін «Ауыл шаруашылығы практикасын реттеудегі әлемдік трендтер» тақырыбында дәріс оқылды.Бұл дәріс ҚазАТЗУ мен ҰАО арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады және бұл жұмыс үнемі жүргізіліп келеді. 2024 жылы ҚазАТЗУ мен ҰАО бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізді, соның ішінде аккредитация туралы дәрістер, 10 маусымда профильді кафедра студенттері үшін ҰАО-да Ашық есік күні және 1 қазан күні «Ұрпақтар кездесуі», онда студенттер Қазақстандағы аккредитацияның негізін қалаушыларымен және ардагерлерімен танысып, олармен әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды.Сапа апталығына орай өткізілген дәріске 4-курс студенттерінен 50-ден астам адам қатысты. Олар ауыл шаруашылығындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша озық әдістермен танысты: GlobalG.A.P., Organic, Халал және Smart Farm стандарттары мен практикалары. Бұл стандарттар мен тәжірибелер дамыған елдерде сәтті қолданылып келе жатқанымен, Қазақстанда да осы стандарттарды енгізу жұмыстары жалғасуда, бұл тұрғыда сауда және интеграция министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитеті мен ҰАО маңызды рөл атқаруда.Мысалы, 2023 жылы ҰАО-да Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау бойынша алғашқы орган аккредитациядан өтті. Сондай-ақ, GlobalG.A.P. стандартында ауыл шаруашылығының тиісті тәжірибесі бойынша семинарға қатысушылардың бірі қазір осы стандарт бойынша аудитор және консультант болу үшін халықаралық емтиханға дайындалып жатыр. Бұдан басқа, ҰАО-ның төрт бағалаушысы GlobalG.A.P. стандарты бойынша емтиханды сәтті тапсырып, шекті баллдарды жинап, болашақта осы стандарт бойынша тіркелген тренер болуға мүмкіндік алды.ҰАО сонымен қатар органикалық өнім өндіруге қызығушылық танытқан отандық өндірушілермен кеңес беру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Осы мақсатта тек қазақстандық ингредиенттерді қолдана отырып, Organic тәжірибесін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда.Сонымен қатар, ҰАО болашақта жастар арасынан кадрлар резервін құруды жоспарлап отыр, бұл стандарттау, метрология және сертификаттау кафедраларының түлектеріне аккредитация саласында кәсіби өсу мен практикалық дағдыларды меңгеру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды, ал оқытушылар тарапынан ҰАО базасында дуалды оқыту формасында осындай дәрістерді өткізу туралы ұсыныс айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/891294
Автоклавталған газобетон блоктарын өндіру және оның ел экономикасына әсері 27.11.2024
Елдегі құрылыс қажеттілігі мен көлемінің артуына, әсіресе Маңғыстау өңірінде, сондай-ақ газобетон блоктарын көршілес елдер мен қалалардан тасымалдаудағы қиындықтар мен шығындарды ескере отырып, жергілікті құрылыс компаниялары мен жеке тұтынушылардың құрылыс үдерісін жеңілдету үшін автоклавталған газобетон блоктарын өндіретін зауыт пайдалануға берілді.Бұл материал экологиялық таза шикізаттан жасалған: кварц құмы, әк, цемент, су және алюминий пастасы. Осы компоненттер арасындағы химиялық реакция нәтижесінде сутегі бөлініп шығады, ол сфералық ауа қуыстарын түзеді. Дайын автоклавталған газобетон блоктары арнайы жабдықталған автоклав деп аталатын пештерде термоөңдеу нәтижесінде алынады. Ішінде материалға 12 атмосфераға дейінгі қысым және шамамен 190 °C температура әсер етеді. Мұндай өңдеу нәтижесінде газоблок тезірек қатайып, автоклавталмаған блокқа қарағанда берік болады.«ARTEX Machinery» компаниясы 2020 жылы құрылған. Өндірістік цехтың алаңы 7500 м²-ден асады, ал қойма 2500 м²-ді алады, бұл 5000 м³-ге дейінгі тауарды сақтауға мүмкіндік береді.Заводтың тәуліктік өндірістік қуаты 200-350 м³ құрайды. Өндіріс процесіне 120 жұмыс күші қатысады, оның ішінде осал топтардың өкілдері де бар. Бұл өндірістік қуаттың артуымен біз қосымша жұмыс орындарын құруға дайын екендігімізді білдіреді.Компания шығарылатын өнімнің сапасына үлкен назар аударады, бұл сәйкестік сертификаттары мен сынақтармен расталады. Сондай-ақ, тауардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» формалы сертификат бар, ол тауардың шығу тегі Қазақстан Республикасы екенін және өндіріс түрік технологиясына негізделгенін растайды.Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында жұмыс істейтін ірі құрылысшылар Ираннан импортталатын газобетон блоктарын сатып алуда, бұл құрылыс материалдарын сатып алудағы ішкі құн үлесін төмендетеді. Осы орайда, 2024 жылдан бастап Ақтау қ. автоклавтық қатайтылған газобетон блоктарын өндіруге арналған автоматтандырылған технологиялық желі пайдалануға берілді. Шығарылатын өнім жоғары сапамен ерекшеленеді, бұл өңірдің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда ТОО «ARTEX Machinery» зауыты өндірістік қуаттарын арттыруға дайын.Құрылыс көлемінің артуы нарықтың дамуына ықпал ететінін атап өткен жөн. Тұрғын, коммерциялық және өндірістік нысандардың құрылыс көлемінің артуы отандық құрылыс материалдарын өндіруді арттыруды талап етеді.Қазақстаннан өндірілетін газобетон блоктарының Ираннан импортталатын блоктарға қарағанда артықшылықтары арасында – қосымша жұмыс орындарын құру, отандық шикізатты пайдалану, салық түсімдері, логистикалық шығындарды азайту, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету және техникалық қолдау, сертификаттармен және сынақ хаттамаларымен расталған жоғары сапа бар. Алынған қаражат ел ішінде қалып, өнеркәсіптік өндірісті дамытуға және кеңейтуге инвестицияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/891254
Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерін дамытудың басым бағыттарын белгіледі 27.11.2024
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Арнайы операциялар күштерін дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы полковник Айдос Мырзахметовтың есебін тыңдап, одан әрі дамудың басым бағыттарын белгіледі. – Арнайы операциялар күштері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру үшін құрылған. Онда үздік мамандар қызмет атқарады, бөлімшелер техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен жабдықталған. Біз оқу-материалдық базаны нығайту үшін үнемі шаралар қабылдаймыз. Сіздердің жүктелген тапсырмаларды жоғары тиімділік коэффициентімен орындай алатындарыңызға сенімдімін, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Қорғаныс министрі жауынгерлік әлеуетті одан әрі арттыру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру, әскери тәртіп пен әскери қызмет қауіпсіздігін нығайту және оқу орталықтары мен әскери бөлімдердің инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды. Қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік және арнайы дайындық нәтижелеріне де назар аударды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылдың қаңтарында құрылған болатын. Өткен екі жылда Арнайы операциялар күштері бөлімшелері өз шеберліктерін шыңдай отырып, бірнеше рет ауқымды республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысты. 2023 жылдың қыркүйегінде «Батыл тойтарыс» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығына Жауынгерлік ту табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891215
Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді 27.11.2024
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша «CMA Trophee Mondial» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.Байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек –республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты.Жас талантты лайықты жеңісімен құттықтай отырып, мәдениет пен шығармашылық саласында жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз! ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891256
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған көрме ашылды 27.11.2024
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті.Экспозицияда Ұлттық кітапхана қорында сақталған екі мыңнан аса құнды деректер ұсынылды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталық материалдар, компьютерлік дискілер мен күйтабақтар бар. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қорының қолжазбалары мен ноталық басылымдары ерекше назар аудартты.Көрмеде Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалдық үйінен әкелінген наградалар мен медальдар, Ахмет Жұбановтың қолданған домбырасы, киген киімдері және тарихи фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Құддыс Қожамияровтың сахналық киімі ұсынылды.Сондай-ақ, іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерінің тұсаукесері өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891301
Аялдамаға темір лақтырып, көліктің әйнегін ұрды: Астанада кезекті вандалдар жазасын алды 27.11.2024
Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Басқа біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Сонымен, 22 қараша таңғы сағат тоғызда 30 жастағы ер адам басқа біреудің көлігінің артқы есігін зақымдады. Сол күні кешке 34 жастағы мас адам төбелес кезінде көлік есігінің әйнегін сындырды. 26 қараша түнде 22 жастағы азаматтың темірді әдейі лақтырып жіберуі салдарынан аялдаманың әйнегі сынып қалған.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушы табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 300-ге жуық адамды жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891170
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару кезеңінде 13,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті 27.11.2024
2024 жылғы суару кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 13,5 мың гектар егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді. Филиал өңірдің 364 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарт жасасты. Берілген судың жалпы көлемі 51,8 млн текше метр.Су тасқыны маусымына дайындық аясында филиал су қоймаларынан су жіберіп, су шаруашылығы нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 9 бірлік арнайы техника сатып алынды. Ұзындығы 36 шақырым каналда іріктемелі механикалық тазарту және 7 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 9 ГТҚ су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.🗣️«Абай облысында вегетациялық кезең сәтті өтті, бұл жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. Қазір біз су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Шар су қоймасына көп факторлы тексеріс жүргізілді. Су қоймасын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр»,-деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/891219
Астана смартфонда: Smart Astana қосымшасы қала өмірін қалай жеңілдетеді 27.11.2024
Smart Astana қосымшасы көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және коммуналдық қызметтерді қамтитын 70-тен астам қалалық сервисті біріктіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қосымша көмегімен пайдаланушылар нақты уақыт режимінде қоғамдық көліктердің қозғалысын, халықаралық және ішкі рейстердің ұшу жағдайын бақылай алады, сонымен қатар пойыздардың және қалааралық автобустардың кестесімен таныса алады.Елорданың автокөлік иелеріне арналған қосымшада ақылы автотұрақтарды іздеу және ыңғайлы форматта тұрақ орындарына ақы төлеу функциялары қарастырылған.Сондай-ақ қосымша медициналық қызметтерге қол жеткізу қызметтерін ұсынады, мысалы, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу, дәрігерді үйге шақыру және байланыс деректері мен мекенжайлары бар қаланың медициналық мекемелері туралы ақпарат алу мүмкіндігі. Бұл халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасында қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы тез және жасырын хабарлауға мүмкіндік беретін "Stop сыбайлас жемқорлық" сервисі жұмыс істейді. Осы құралдың көмегімен пайдаланушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне бұзушылықтар туралы ақпаратты тиімді және қауіпсіз бере алады.Сонымен қатар қосымшада есірткіні жарнамалауға және таратуға қарсы бағытталған "Есірткіге жол жоқ" сервисі іске қосылды. Жаңа функционал қала тұрғындарына есірткіге байланысты бұзушылықтар туралы тез хабарлауға мүмкіндік береді және оларды жедел жоюға ықпал етеді."Есірткіге жол жоқ" қызметін пайдалану үшін пайдаланушы қосымшаны ұялы телефонына орнатып, тіркеуден өтуі керек. Содан кейін Басты бетте сіз "танымал" бөліміне өтіп, "есірткіге жолдама жіберу" бөлімін таңдауыңыз керек. Пайдаланушылар өтініш нысанын тегі, аты және әкесінің аты, телефон нөмірі, мекенжайы және хабарлама мәтіні арқылы толтырады. Сондай-ақ тіркелген құқық бұзушылықпен фотосуретті немесе бейнені тіркеу мүмкіндігі бар. Барлық өтініш жедел өңделеді және әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.Smart Astana-ның барлық мүмкіндігін пайдалануды бастау үшін App Store немесе Google Play арқылы қосымшаны жүктеу жеткілікті. Тіркелу үшін телефон нөмірін көрсетіп, растау кодын алу керек. Барлық қызмет авторизациядан кейін бірден қолжетімді болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891153
Жастар экологиялық акцияны қолдады: Астанада 25 метрлік «Таза Қазақстан» туы орнатылды 27.11.2024
Maqsut Narikbayev University студенттері 1 курс студенттерін қабылдау кеші аясында сахнада 25 метрлік "Таза Қазақстан" туын желбіретіп, ерекше акция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шараға 5000-нан астам қатысушы жиналды."Экология - бұл жай ғана сән тренді емес, бұл - біздің бүгініміз және болашағымыз. Экологиялық бастамаларды қолдай отырып, біз әрекет етуге дайын екенімізді көрсетеміз. Біз қарапайым дағдыдан бастай аламыз: қоқыс тастамау, сенбіліктерге қатысу, достарыңыз бен жақындарыңыз арасында экологиялық хабардарлықты насихаттау", - деп атап өтті акцияға қатысушылардың бірі, бірінші курс студенті.Астанада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы жалғасуда.Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891168
Отын өндірісінің қалдықтарын кені алынған кеңістікті тотыруға кәдеге жарату 27.11.2024
Қазырғы ауқытта Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС қуаты 210 МВт қазандықтың құрылысын аяқтайды, онда жыл сайын шамамен 140 мың тонна көмір жағылады. ҚР Экологиялық кодексімен елді мекендер шегінде күл-қож қалдықтары полигондарын орналастыруға тыйым салынғандықтан, қазіргі таңда оларды 80 мың тоннаға дейін кәдеге жарату мәселесі туындап тұр.«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалының геотехнологиялық процестер зертханасының ғылыми қызметкерлері Шығыс Қазақстан ТКБК Риддер-Сокол кенішінде кені алынған кеңістіктерді толтыру үшін жылына 80 мың тонна көлемінде Риддер қазандығының күл-қож қалдықтарын кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіз технологиясын әзірледі. Бетон-толтыру кешенін қайта құру жобасына регламент әзірленді.Қазандық қалдықтарын шахтаның кені алынған кеңістігіне кәдеге жаратудың әзірленген технологиясы оларды экологиялық қауіпсіз кәдеге жаратуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Риддер-Сокол кенішінде толтыру жұмыстарын жүргізу кезінде инертті толтырғыштың тапшылығын толтырады, цемент шығынын азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/891167
Астаналықтардың 99,7% тұмауға қарсы вакцинациямен қамтылды 27.11.2024
Астанада өткен аптада ЖРВИ ауруының 7 мыңнан астам жағдайы анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аздап көп. Астана қаласының мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі эпидемиялық маусымда зертханалық талдаулардың нәтижелері бойынша 46 аптада ЖРВИ және тұмаумен ауыратындар арасында бір науқаста А типті тұмау вирусы (H1N1) pdm09 анықталды, қазіргі уақытта парагрипп, риновирус, аденовирус, бокавирус, коронавирус, МС-вирус, микствирус-9 және басқалары сияқты тұмаусыз вирустардың айналымы анықталды.«Астана қаласы бойынша вакцинациямен 99,7% қамтылды, яғни 160 000 адамның 159 539-ы екпе алды», - деді спикер.Ол қала тұрғындарына уақытылы вакцинациялау тұмаудың ауыр асқынуларының алдын алудың немесе азайтудың ең тиімді әдісі екенін еске салды.Вакцинация арқылы алынған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинацияларды жүргізу барлық жас топтарында аурушаңдық пен өлімді айтарлықтай төмендетеді. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша) вакцинамен алу керек.«Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен соң қалыптасады және маусым бойы 1 жылға дейін сақталады. Вакцинациядан басқа, ылғи да жеке қорғаныс шараларын қолдану керек», - деді Айгүл Шағалтаева.Мұндай шаралардың қатарына мыналар жатады:- қолды үнемі жуу;- тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау (жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу);- ЖРВИ-ге ұқсас белгілер пайда болған кезде (температура, әлсіздік, безгек және т.б.) науқас вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін өзгелерден оқшаулануы керек;- ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз;Сондай-ақ, спецификалық емес алдын алу шаралары қоғамдық орындарда ( емханаларда, стационарларда және т.б. орындарда) бетперде тағу болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891128
Алматыда шалғай аудандардан оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 мектеп автобусы іске қосылады 27.11.2024
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Мектеп автобусы» жобасы аясында оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 автобус сатып алынды. Жаңа мектеп автобустарын ескере отырып, 14 мың баланы тасымалдау қамтамасыз етіледі деп күтілуде.Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түсетін өтінімдерге қарай жаңа бағыттарға. Бұл басымдықтардың бірі, себебі соған сай мектеп автобустары бөлінеді. Әрбір мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленген.Қалалық мобильділік басқармасы отандық Yutong маркалы автобустарды сатып алды. Автобустар қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, апаттық жағдайда шығуға арналған есіктермен жабдықталған және ыңғайлы креслолармен, рюкзактарға арналған бөлімшелермен, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған пандуспен жабдықталған. Көлік құралы 21 орынға есептелген.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда алғаш рет мектеп жасындағы балаларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау үшін мектеп автобустарын ұсыну бойынша ауқымды жоба енгізілді. Сол кезде қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 6 мыңнан астам баланы қамтитын 100 автобус іске қосылды. Алматыда шалғай аудандардан оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 мектеп автобусы іске қосылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/891137
Ақтөбеде «Өрт қауіпсіздігі» акциясы ұйымдастырылды 27.11.2024
Акция аясында тұрғын үй секторындағы үйлерге рейд жүргізілді.Рейд барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ЖАО, облыстық және қалалық депутаттар, волонтерлік ұйым, тұрғын үй инспекциясы, полиция қызметкерлері, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АО және қоғам белсенділерімен бірлесіп, тұрғын үй секторында 800 жеке үйді, 5 бау-бақша ұжымын, 80 барак үй мен жатақхананы аралап, 50 көпбалалы отбасының үйіне барды.Сондай-ақ, 1100 QR коды бар жадынама таратылып, 20 алғашқы өрт сөндіргіш пен 200 автономды датчиктер тегін таратылды. Сонымен қатар, 60 үйдің мұржасы мен айналасындағы қоқыс тазартылды.Тақырыптық күннің мақсаты – тұрғындардың өрттің пайда болу себептері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, өрт кезіндегі тәртіп ережелерін бекіту.Төтенше жағдайлар департаменті өрт кезінде 101, 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/891118