Қоғам
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары елордадағы спорт нысандарын аралады 16.11.2024
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері елордадағы спорт нысандарын аралады. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев депутаттарды нысандардың жұмысымен таныстырды.Сенаторлар ең алдымен Астана қаласы әкімдігінің «№5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мектептің спортшыларды даярлау жағдайымен танысты. Білім ордасында балалармен жасөспірімдер гандбол, волейбол және баскетбол сияқты олимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттығады. Қазіргі таңда мұнда 600-ге жуық бала білім алып жатыр. Оларды 30 жаттықтырушы жаттықтырады.Сонымен қатар Сенат депутаттары мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығын аралады. Мұнда бір күнде 300-ге жуық параспортшы жаттыға алады. Сондай-ақ ғимаратта көп салалы жүгіру жолағы, 150 адамға арналған киім ауыстыратын және дәрігерлер бөлмесі бар. Орталық Паралимпиадаға қатысатын спортшыларға үлкен қолдау көрсетеді. Кездесу барысында спортшылар сенаторларға ұсыныстарын жеткізді.Одан әрі депутаттар елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүріп жатыр. Бұл кезеңде университет ғимараты, атап айтқанда, конференц-зал, әкімшілік блок, дәріс залдары, ғылыми-зерттеу орталығы бар кітапхана, асхана салынады. Сонымен қатар студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушыларға арналған тұрғын үй және медициналық-оңалту орталығы бой көтереді.Сенат депутаттары еліміздегі спорттық инфрақұрылымды жақсартуға қатысты пікірлерімен ұсыныстарын ортаға салды.Атап айтқанда, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, оқу-жаттығу жүйесін жақсарту, сондай-ақ спорттық кадрлар даярлау мен оларды халықаралық деңгейге шығару мәселелері сөз болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882819
БҮГІН АРДАГЕРЛЕР ГОСПИТАЛІ МЕН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Бүгін Денсаулық сақтау министрі пациенттерді емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, клиникалық бөлімшелердің жұмысын бағалау шарттарымен танысу мақсатында Астанадағы Отан соғысы ардагерлерінің орталық госпиталіне барды.Сапар барысында ол медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың, ардагерлердің, қарттардың әл-ауқаты туралы сұрады.«Біз құрметті ардагерлерімізге лайықты медициналық көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және бұл біздің денсаулық сақтау жүйесі үшін әрқашан басымдыққа ие болады. Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, азаматтардың осы санатын оңалту және әлеуметтік бейімдеу туралықамқорлық жасау маңызды», — деп атап өтті министр.Мұнда пациенттерді сәйкестендіру, дәрілік заттарды дербестендіру бойынша жұмыстар көрсетілді, сондай-ақ емдеуге жатқызу шеңберінде жүргізілетін оңалту және қалпына келтіру рәсімдерімен таныстырылды.Екінші келу нысаны №2 қалалық емхана болды, онда министр ҰҒДСДО басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаевамен бірлесіп мейіргер қызметінің жұмысымен, диспансерлік науқастарға қызмет көрсетумен, пациенттерді қабылдау және жолдама беру процесімен танысты.Сапар барысында емхана жұмысында жақында енгізілген жаңалықтар талқыланды. Атап айтқанда, бұл пациенттерді емдеуге жатқызар алдында талдаулардың тізбесін қысқарту туралы болды, бұл арнайы мамандардың көп науқастарды қабылдауға уақытын босатуға мүмкіндік берді.Министр сондай-ақ пациенттермен әңгімелесті, көрсетілген медициналық қызметтердің қанағаттанушылығын сұрады, емхананың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын назарға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882835
Таразда мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген пилоттық жобалар жүзеге асуда 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін жүйелер енгізілген Тараз қаласындағы білім ошақтарын аралап, пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.Алдымен облыс әкімі «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы №64 орта мектепке барды. Бұл білім беру нысанына «Отан Мектеп» ақпараттық-бағдарламалық кешені орнатылған.1200 балаға шақталған ғимарат өткен жылы бой көтерген. Бүгінде екі ауысымда 2 285 оқушы білім алуда. Мектепте 132 педагог қызмет етеді. Білім беру нысанында 56 оқу бөлмесі, 6 компьютер, 2 лингафон, 1 мұғалімдер кабинеті бар, сондай-ақ 1 мәжіліс залы, 2 спортзал, асхана, кітапхана, 4 шеберхана мен 3 зертхана қарастырылған.Бұдан соң облыс әкімі Арай алқабында орналасқан 600 орындық №63 орта мектептің жұмысымен танысты. Аталған білім ошағына «Алақан» жобасы пилоттық режимде іске қосылған.Айта кетейік, бұл пилоттық жобалар аясында ата-аналар баласының мектепке кіріп-шыққанын, асханаға қай уақытта барып, қанша қаражат жұмсағанын ұялы телефоны арқылы бақылай алады. Бұдан бөлек, білім ұясындағы барлық кітаптар жүйеге енгізіледі әрі оқулықтарды пайдалануға алған оқушыны анықтау оңайға соғады.Мектеп директоры Медет Жантелиевтің айтуынша, қазір 38 педагог 481 балаға білім беруде. Нысанда 26 оқу бөлмесі, 4 компьютер, 3 модификация кабинеті, 4 шеберхана, мәжіліс залы, спортзал мен асхана бар.Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұрғанын атап өтіп, жауаптыларға пилоттық жобалардың тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.Ұтымды жобаның тәжірибесі өңірдегі басқа да мектептерге таратылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/882820
Астанада АИТВ мен ЖИТС-тің алдын алу айлығы басталды 16.11.2024
Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемде ЖИТС-пен күрес күні өткізіледі. Бұл күндері денсаулық сақтау, азаматтық қоғам, түрлі ведомстволар АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша тиімді іс-қимыл жасау үшін бірігеді. Осы жұмыс аясында елордада аталмыш дерт түрлерінің алдын алу бойынша «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» айлығы басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Осы жылдың тоғыз айында елордада АИТВ-инфекциясының 327 жаңа жағдайы анықталды. Олар: 75,2 пайызы – ерлер, 24,8 пайызы – әйелдер, 62,4 пайызы – 20-39 жас аралығында.Дүниежүзілік науқан аясында 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Астанада бірқатар іс-шара өткізіледі.Осылайша, бір ай ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы хабардарлықты арттыру бойынша түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.Адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ өзге өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша мамандардың консультацияларымен АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізілетін акциялар өтеді.Елордада халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылданып жатыр.сылайша, медициналық ұйымдарда қызмет көрсетумен қатар, халық инвазивті емес экспресс-тестерді қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеуден өтіп, ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарда кеңес ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/882760
Елордада ақ ұлпа қар: Астанадан 26 мың текше метрден аса қар шығарылды 16.11.2024
Елордада жауын-шашынның көп болуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.13 қараша күні Астанадан 26 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,1 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 14,3 мың рейс, яғни 181 мың текше метрден астам қар шығарылды.Ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін ең алдымен өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 14 қараша күндізгі уақытта Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/882778
Бурабай ауданында жылумен жабдықтау бойынша алты жоба іске асырылуда 16.11.2024
2024 жылы Бурабай ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда. Щучинск қаласында және Бурабай, Зеленый Бор, Оқжетпес кенттерінде жылумен жабдықтау бойынша 6 жоба іске асырылды.Жаңа блоктық-модульдік қазандық осы жылдың көктемінде Оқжетпес ауылында пайдалануға берілді. Қазандықтың белгіленген қуаты сағатына 12,0 Гкал 442 абонентті жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бурабай және Зеленый бор кенттерінің қазандықтарында қазандықтардың конвективтік бөліктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, қосалқы тартқыш, сорғы жабдықтары мен электр бөлігіне престеу және жөндеу жүргізілді.Щучинск қаласының бес жылумен жабдықтау объектілерінде құбыр жүйелеріне жөндеу және тазалау жүргізілді, қазандық агрегаттарына гидравликалық сынақтар жүргізілді. 6 қазандық заманауи қазандықтарға ауыстырылды.Ремзавод және гоный аудан орталықтарының шағын аудандарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында екі сорғы станциясы салынды.Щучинск қаласында жылу магистралін салу бойынша үш жоба іске асырылды, соның арқасында ағымдағы жылы 20 жылдан астам уақыт бойы үй пештерімен жылытылған 18 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға сәтті қосылды.«Барлық коммуналдық қызметтердің жұмысы тұрақты бақылауда, халықтың өмірін жақсартуға бағытталған ауданның барлық объектілерін кезең - кезеңімен жаңғырту жүргізілуде», - деді Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/882808
Инвестициялық перспективалар: ақтөбелік делегация Алматыда бірнеше кездесу өткізді 16.11.2024
Өңір басшысының тапсырмасымен Алматы қаласына іссапармен барған облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды дамыту перспективалары бағытында бірнеше кездесу өткізді.Екінші күні ақтөбелік делегация Кореяның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігінің (KOTRA), кеңсесінде болды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарының, соның ішінде «Almaty Business Development Company» АҚ қызметімен танысты.KOTRA басшылығымен кездесу барысында Ақтөбе қаласында құрылып жатқан арнайы экономикалық аймақты тиімді дамыту және басқару үшін жетекші корей компанияларын тарту, өзара тиімді ынтымақтастық орнату, сонымен бірге инвестициялар тарту және сыртқы сауданы кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.Ал «Инвестициялар үйінде» ақтөбелік делегацияға инвестициялық ахуалды жақсарту, бизнесті қолдау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге бағытталған бағдарламалар туралы ақпарат берілді.Сапар аясында нарықта қарқынды дамып келе жатқан жергілікті «ЭНКО» компаниясы да өз жұмыстарын таныстырып, Ақтөбе облысының аумағында қызметін кеңейту перспективаларын талқылады.Абзал Әбдікәрімов өңірлер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту аса маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882766
«PolyTech Astana» зауытында экскурсия өтті 16.11.2024
Бүгін, 13-ші қарашада Астана қ. «PolyTech Astana» ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырды. Бұл полиэтилен (ПЭ), поливинилхлорид (ПВХ) және ПВХ-O құбырларын өндіретін жетекші қазақстандық кәсіпорын.Бұл шараға бизнес өкілдері, салалық мамандар, журналистер және заманауи өндірістік технологияларына қызығушылық танытатын қонақтар қатысты.Қатысушыларға зауыттың 5000 м2 аумағында орналасқан инновациялық өндірістік процестерімен танысуға мүмкіндік берілді. Экскурсия барысында шикізатты бастапқы өңдеуден бастап, дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық негізгі өндіріс кезеңдері көрсетілді. Қонақтарға кабельдік желілерге, сумен жабдықтауға, су бұруға, газбен жабдықтауға және кәріз жүйелеріне арналған жоғары сапалы құбырларды шығаратын, еуропалық озық технологиялар бойынша жұмыс істейтін сегіз заманауи өндірістік желі таныстырылды.ТОО «PolyTech Astana» өкілдері зауыттың 1,67 м3 су және 5 МВт электр энергиясымен жабдықтау қуатына ие екенін айтып, осының арқасында компанияның өндіріс көлемін тиімді орындап, Қазақстан мен халықаралық нарықтың жоғары талаптарына жауап бере алатынын жеткізді. Қонақтар зауыттың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, аймақтың инфрақұрылымдық қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.Экскурсия сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қонақтар өндіріс процестері, инновациялар және компанияның даму жоспарлары туралы сұрақтар қоя алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/882764
Қарағанды облысының өзекті инвестициялық мәселелері талқыланды 16.11.2024
Қарағанды, 2024 жылғы 12 қараша – Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов бірқатар ірі өңірлік кәсіпорындарға, соның ішінде «Сарыарқа» АЭА нысандарына барып, өзекті инвестициялық мәселелерді талқылады.Осылайша, «Линде Газ Казахстан» ЖШС инвестициялық жобасының алаңында делегация техникалық газдар шығаратын ауа бөлетін қондырғылардың өндірістік циклімен танысып, компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейту әлеуетін талқылады. 2009 жылы құрылған кәсіпорын оттегі мен азот сияқты өнеркәсіптік газдарды өндіруге маманданған. Бұрын іске асырылған жобалардың сомасы шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды.Бұдан әрі делегация «Qarmet» АҚ қазақстандық ірі болат және тау-кен өндіру компаниясының металлургиялық комбинатына барды, онда домна пешінің жұмысы, сондай-ақ ыстық мырыштау және алюминий цехының жұмыс істеуі көрсетілді. «Qarmet» АҚ негізгі қызметінен басқа, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды іске асырды, атап айтқанда, Теміртау қаласында саябақ салынды, сондай-ақ трамвай инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Компанияның бас директоры Вадим Басинмен кездесу барысында тараптар компанияның өндіріс пен өндірістік қуаттылықты ұлғайту, логистикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жоспарларын талқылады.Сапар барысында Ә. Қуантыров диірмендерге арналған футерлерді өндіруге маманданған «Polymet Solutions Corporation» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты. Зауыт 2020 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта оның өнімдері көрші нарықтарға белсенді түрде экспортталуда. Бұған дейін 2024 жылы кәсіпорын алаңында «OKUMA» жоғары дәлдіктегі фрезерлік өңдеу орталығы пайдалануға берілген болатын. Нысан басшылығымен кездесуде өндірісті дамыту жоспарлары, оның ішінде құю зауытын салу жобасы талқыланды.Министрдің орынбасары сондай-ақ 2021 жылы іске қосылған және Ресей мен Қырғызстанға өнімді экспорттайтын «Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС геомембрана өндіру зауытының қызметімен, сондай-ақ «Qaragandy Power Silicon» ЖШС ферросиликоалюминий өндіру зауытының құрылыс алаңымен танысты.Сонымен қатар «Сарыарқа» АЭА аумағында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысовпен және басқарушы компаниямен бірлесіп АЭА қажетті инфрақұрылыммен және электрмен жабдықтау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ рұқсат құжаттарын алу бөлігінде өндірістердің ағымдағы проблемалық мәселелері, инфрақұрылымдық мәселелер және өткізу нарығына байланысты мәселелер талқыланды. Инвестициялық штабқа одан әрі шығара отырып, бірқатар мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды.Сапар қорытындысы бойынша делегация Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өңірдегі өнеркәсіпті одан әрі дамыту және инвестициялар тарту үшін қажетті шараларды талқылау үшін кездесті.Анықтама: Қарағанды облысы өңірдің экономикасын нығайтуға, салаларды әртараптандыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және халықаралық инвесторларды тарта отырып, белсенді дамуын жалғастыруда. Осылайша, инвестициялық жобалардың ұлттық пулы аясында 2023 жылы жалпы құны 141,5 млрд теңге болатын 2000-нан астам жұмыс орнын құрумен 24 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. 2024 жылы 2400-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 214,2 млрд теңге сомасына 10 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылы тамақ өнеркәсібі, энергетика, металлургия, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында 8 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Қарағанды облысының инвестициялық жобалар пулының жалпы көлемі шамамен 1,3 триллион теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/882774
Қазақстан 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды 16.11.2024
Бүгін Бакуда БҰҰ-ның COP29 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов атом энергиясын пайдалануды үш есе арттыру бойынша күш-жігерді ілгерілету жөніндегі халықаралық іс-шараға қатысты.Вице-министр өз сөзінде Париж келісімінің мақсаттарын орындау үшін әлемдік экономиканы декарбонизациялауды жеделдетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту жөніндегі декларацияға Қазақстанның қосылатынын жариялады.«Қазақстанның 2050 жылға қарай атом энергиясын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қосылуы – тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадамымыз. Біз энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, ортақ мақсатқа жету үшін әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтаса отырып, көміртегі шығарындыларының жаһандық төмендеуіне елеулі үлес қосуға тырысамыз», - деп атап өтті Энергетика вице-министрі.Париж келісімінің алғашқы жаһандық шолуы аясында атом энергетикасы температураның 1,5 °С өсуін шектеу мақсатына жетудің негізгі шешімдерінің бірі ретінде танылды.Қазіргі уақытта декларацияға 26 мемлекет қосылды: Армения, Болгария, Канада, Хорватия, Чехия, Финляндия, Франция, Гана, Мажарстан, Ямайка, Оңтүстік Корея, Молдова, Моңғолия, Марокко, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Швеция, Украина, БАӘ, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және оның ішінде Қазақстан.Қазақстанның атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қосылуы елдің орнықты даму мақсаттарына бейілділігін және климаттың өзгеруіне қарсы күреске елеулі үлес қосуға дайын екендігін білдіреді. Қазақстан атом энергетикасын 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге, таза энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзінің болашақ энергия теңгерімінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастырады.Қазақстан бейбіт атомды дамыту жөніндегі халықаралық бастамаларға белсенді қатысуға және осы саладағы жетекші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/882798
Үгіт-насихат профилактикалық іс-шаралар 16.11.2024
13 қарашада Қарағанды облысының аумағында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері автогаз құю станциялары мен газ толтыру станцияларында рейдтік үгіт-профилактикалық іс-шаралар өткізді.Осы іс-шараны өткізу барысында қызметкерлер тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелерін жеткізді, ұсынымдар берді.«Есіңізде болсын, осы ережелерді мұқият орындау ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпов атап өтті.ТЖМ тұрғындарға екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынатыны туралы еске салады. Газ баллондарының жарамдылығына ерекше назар аударған жөн, яғни оларды жылыту аспаптары мен пештердің жанында орналастыруға, сондай-ақ автогаз құю станцияларында баллондарға жанармай құюға тыйым салынады. Газ баллондары тек мамандандырылған газ толтыру станцияларында жанармай толтырылу қажет, ал суық жерден әкелінген кезде – пайдалану үшін қауіпсіз жерлерде сақталуы тиіс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/882776
Мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасы әзірленді 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін және спорттық жарыстарға қатысу шарттарын ұлғайтуға бағытталған. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқа қатысуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.«Мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайы көмек көрсету жүйесін енгізу – бұл еліміздегі спортты барынша инклюзивті ету жолындағы маңызды қадам. Біз барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастырамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжаттың қабылдануы спорт саласындағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми сайты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/882744
ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАБЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ 16.11.2024
Шымкентте халықты табиғи газбен қамту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты. Мегаполис басшысы азаматтармен кездесу кезінде әрбір елдімекеннің газдандырылуы экологиялық тұрақты орта құру және қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, газды пайдалануда сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Бұған дейін халық тұрмыста сұйытылған газ, көмір және отын пайдаланып келді. Бұл халық үшін едәуір қиындық туғызған әрі адам өмірі үшін де қауіпті. Енді көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың жылыту шығындары да азаяды. Айта кетейік, газдандыру жұмысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Қазіргі таңда 62 абонент газға қосылды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/882658
ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 189 АРНАЙЫ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ 16.11.2024
Шымкентте қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34-ке артық. 2023 жылы қар тазалау жұмыстарына 155 техника тартылған болатын. Сонымен қатар, орталық көшелерді тазалауға мердігер ұйымдардың 2000-ға жуық қызметкерлері атсалысады. Қазіргі таңда мегаполисте жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральдық көше бар. Бұл көшелердің санитарлық және механикалық тазалығын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бес мердігер ұйым қамтамасыз етеді. Алдағы қысқы маусымда Шымкенттің бес ауданында көшелерді қардан тазалау бірнеше ауысымда жүргізіледі. Мысалы, Абай ауданында тазалау жұмыстары сегіз бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жалпы ұзындығы 357,2 шақырымды құрайтын 80 магистральдық көшені тазалау үшін 37 арнайы техника жұмылдырылады. Әл-Фараби ауданында тазалау жұмыстары бес бағытта жүзеге асырылып, жалпы ұзындығы 147,4 шақырым 109 магистральдық көшені тазалауға 39 арнайы техника тартылады. Сондай-ақ, Еңбекші ауданында қар тазалау бес бағыт бойынша жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 221,6 шақырымдық 83 магистральдық көшені тазарту үшін 38 арнайы техника тартылмақ. Тұран ауданында жұмыс алты бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жалпы ұзындығы 203,3 шақырымдық 111 магистральдық көшені тазалауға 36 арнайы техника тарту жоспарланған. Ал Қаратау ауданында ұзындығы 181,1 шақырымды құрайтын 83 көшені тазалау бес бағытта жүргізіліп, 39 арнайы техника жұмылдырылады. Сонымен қатар, қыс мезгілінде қарды шығару орындары аудан әкімдіктерімен келісіліп, арнайы бос жер телімдері белгіленеді. Жол мен тротуарлардың тайғақ болмауын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер инертті материалдардың қомақты қорын әзірледі. Атап айтқанда, шамамен 24 800 текше метр құм және 13 200 тонна тұз дайындалды. Биыл инертті материалдар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қосымша келісімшарт негізінде сатып алынды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/882707
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАРДЫ САЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ 16.11.2024
Сауран ауданында шағын кәсіпорындар саны артып келеді. Ол үшін жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр. Өнеркәсіптік аймақтарды салу және дамыту бағытында басымдық берілуде. Ауданда 2024-2026 жылдар аралығында өндірістік аймақтар құрылмақ. Нақтырақ айтқанда, І кезеңде Шаға, Қарашық, Иассы, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен, ІІ кезеңде 2026 жылдан бастап қалған 7 ауыл округінде өндірістік алаңдар салу жұмыстары қолға алынды.Қазіргі уақытта Шаға ауылдық округінде орналасқан «Өндірістік парк» жобасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 30 гектар жерге 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде парк аумағында 10 браунфилдтің құрылысы аяқталды. Индустриалды аймақ құру үшін қосымша 70 гектар жер бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, Қарашық ауылынан шағын өндірістік алаңын құру үшін 10 гектар жер бөлініп, 21 кәсіпкермен меморандум түзілді. Атап айтқанда, жиһаз жасайтын 9 цех, құрылысқа қажетті материалдар өндіретін 10 цех, 1 тігін цехы және 1 қолөнер бұйымдарын өндіретін цех ашылмақ. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер цех құрылыстарын бастап кетті. Өндіріс алаңына қажетті электр желісі тартылып, жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілді.Еңбекші Дихан ауылынан «Иассы» өндірістік алаңына 9 гектар жер учаскесі бөлініп, 18 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 9 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 2 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады. Мұнда жиһаз жасайтын, құрылысқа және тамақ өнімдеріне қажетті материалдар өндіретін цехтар ашылады.Одан бөлек, Шорнақ ауылынан 8 гектар жерге өндірістік алаң құрылып, 1 гектар аумаққа жиһаз жасау цехының құрылысы басталды. Бұл аймақта 10 браунфилд салынады. Жобаны жүзеге асыру 2024-2030 жылдар аралығына жоспарланған.Аудандағы Теке ауылынан «Үшқайық» өндірістік алаңы жобасының құрылысын жүргізуге 18 гектар жер бөлінді. Мұнда 2025-2030 жылдар аралығында 37 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда өндіріс алаңында құрылысқа қажетті материалдар өндіретін, сүт өңдейтін және тігін цехтарын салу үшін меморандум түзілді. Өндірістік алаңына басқа да жобаларды орналастыру үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізу жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882735
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ 16.11.2024
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Эндокринологиялық орталығы 14 қараша күні ашық есік күнін өткізеді. Шараға келген барлық азаматтар қандағы қант деңгейін анықтай отырып, арнайы маманнан кеңес ала алады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша штаттан тыс бас эндокринолог Ғалия Батырханова мәлімдеді.– 14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Қант диабеті - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда елімізде қант диабетіне шалдыққан 500 мыңға жуық азамат тіркелген. Жыл сайын 30 мың адам қант диабетіне шалдығады. Қант диабетін ерте анықтау - оның асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді,-деді спикер.Сонымен қатар баспасөз мәслихатында балалар дәрігері-эндокринолог Арай Жайлаубаева облыстағы қант диабетіне қарсы күрес жұмыстарының барысы туралы баяндады.– Қазіргі таңда облыс бойынша ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 37 мың адам осы ауру бойынша тіркелген. Сырқаттың алдын алу мақсатында өңірдегі барша эндокринолог-дәрігерлерге қант диабетін емдеу бойынша қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа тәсілдерді, жаңа дәрі-дәрмектерді түсіндіру мақсатында тұрақты түрде конференциялар өткізіп келеміз,-деді спикер.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882737
САУРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 42 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 16.11.2024
Сауран ауданында 2024 жылдың 9 айында 42,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 21 жоба іске қосылған. Оның 12-і өңдеу өнеркәсібі бағытында болса, 9 жоба әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 2030 жылға дейін жалпы құны 209,3 млрд. теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асырып, 4 162 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Ауыл шаруашылық саласына инвестициялық құны 116,1 млрд теңге құрайтын 68 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Ал, өнеркәсіп саласында 53,1 млрд теңгені құрайтын, 85 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,6%-ға артқан. Өңірлік өнімнің 75%-ы - ауыл шаруашылығы, 11,6%-ы - өнеркәсіп, 10,3%-ы - құрылыс және 3,1%-ы сауда саласының үлесінде» – деді аудан басшысы.Сондай-ақ, Мақсат Асылбекұлы аудан көлемінде өндірістік алаңдар құрылатынын жеткізді. 2024-2026 жылдары ауданға қарасты Шаға, Қарашық, Иассы, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен, ал 2026 жылдан бастап қалған 7 ауылдық округте өндірістік алаңдар құрылмақ. Олардың қатарында 13 жиһаз жасау цехы, 19 құрылысқа қажетті материалдар өндіретін цех, 2 тамақ өнімдеріне қажетті материалдар, 1 қолөнер бұйымдарын өндіретін және 1 тігін цехы бар.Сонымен қатар, ауданда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 3 қабатты 24 пәтерлі жалпы саны 16 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін 48 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Коммуналдық сала бойынша, жыл басынан бері ауданда 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, газбен қамту үлесі 43,3%-ды құраған. Биыл Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 31 ішкі көшеге, яғни 39,4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғанда елді мекен жолдарының жақсы және қанағатты жағдайы70%-ға жетпек.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882739
Бірқатар маңғыстаулық азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды 16.11.2024
13 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттады.«Парасат» орденімен еңбек ардагеріБектұр Төлеуғалиев, «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Қосай Жұбаниязов, жеке кәсіпкер Гүлмира Қуаншалиева марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі «Бұрғылау» ЖШС еңбек және жалақы бөлімінің басшысы Тұрған Ахметоваға,«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахмановқа, «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры» МКҚК әртісі Майра Бақбердиеваға, еңбек ардагері Өрендік Нұрбердіхановқа табысталды.«Шапағат» медалімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшысының орынбасары Жолдасбек Есжанов марапатталды.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай марапат иелерін құттықтап, азаматтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.- Егемен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл марапат — сіздердің көп жылғы еңбектеріңіздің, елге деген адал қызметтеріңіздің нәтижесі. Сіздердің табыстарыңыз баршамызға үлгі. Марапаттарыңыз құтты болсын, әрі қарай да жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, 25 қазан - Республика күніне орай өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 42 маңғыстаулық ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/882683
Астанада қандай инвестжобалар жүзеге асырылып жатыр 16.11.2024
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Қаланың дамуына жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Инвест штабтың отырысын өткізіп, инвесторлардың бірқатар ұсынысын қарадық.Мәселен, олар – құрама темірбетон конструкциялары, мамандандырылған жұмыс аяқ киімдері, толық циклді санитарлық-гигиеналық қағаздар шығаратын зауыттар салу бойынша жобалар.Сол сияқты Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған этно-демалыс базасы мен ат спорты кешенін, шахмат академиясын, балмұздақ пен өзге де азық-түлік өнімдерін өндіру, тарату және сақтау үшін логистикалық кешенді және т.б. салу бойынша жобаларды қарастырдық.Бұл жобалар қалаға 16 млрд теңге жеке инвестиция тартуға, 700-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Өңірлік инвест штаб отырыстарын тұрақты негізде өткізіп тұрамыз. Біз әр жобаны жеке қарастырамыз әрі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», - деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/882713
«Ауыл – ел бесігі»: Облыстағы қала, аудан әкімдері ауылды жаңғырту мәселелерін талқылады 16.11.2024
Семейде «AMANAT» партиясынан Абай облысы бойынша сайланған әкімдердің І облыстық форумы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қала мен аудан әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, аумақтық филиалдың төрағалары мен атқарушы хатшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, аумақтық әйелдер қанатының кеңесшілері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Форум еліміздің бес аймағында «AMANAT» партиясы алғаш рет өткізіп отырған осындай жиындардың жалғасы деуге болады. Мұндай шараларды өткізу идеясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан саяси реформалармен байланысты. Сол кезде Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін тікелей сайлау қажеттігін жариялап, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы маңызына тоқталған еді. Бүгінде бұл ауылдарға жаңа мүмкіндіктер ашты.Форумның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев ауылды жаңғыртып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудың маңызы зор екенін атап өтті.«Ауыл – әр азаматқа қымбат киелі мекен, алтын бесік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл – ел бесігі. Ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» екенін атап өтіп, ауылды дамыту мәселесі туралы тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Өткен жылы Үкіметтің қаулысымен ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, нәтижелі іске асырылып келеді. Абай облысы да ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған бірқатар жобалар қолға алынды. Инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау мәселелерінде жүйелі шаралар қабылдануда», — деді аймақ басшысы.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Нұржан Толыбеков, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Әсет Абжақов, Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақсұт Өмірханов және «018.kz» ақпараттық порталдың бас редакторы Думан Кенжеғазин форум аясында сөз сөйледі.Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин, сондай-ақ Курчатов қаласы мен бірнеше ауылдық округ әкімдері баяндамаларында өңірді дамытудың маңызды тұстарына тоқталды.Бүгінде облыста «AMANAT» партиясынан 133 әкім сайланды. Жыл басынан бері 31 ауылдық округ әкімдеріне сайлау өтті. Жыл соңына дейін тағы төрт ауданда сайлау болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/882700