Enbekshi QazaQ

Қоғам

Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі не үшін қажет? 09.09.2025
Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі не үшін қажетКөппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі — бұл үйдің барлық ортақ мүлкі элементтерін, олардың техникалық жағдайын, сипаттамаларын және тиесілілігін көрсететін ресми құжат. Мұндай тізімнің болуы үйді басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді, меншік иелерінің құқықтарын қорғайды және үйді күтіп-ұстау мен жөндеу процесін жеңілдетеді.Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі. Оны есепке алу және қорғау үшін инвентарлық тізім жасалады, ол ортақ мүліктің шекаралары мен құрамын айқындаудың негізі болып табылады.МИБ төрағалары және басқару субъектілері инвентарлық тізімді жылына кемінде бір рет немесе жабдықтарды ауыстыру мен күрделі жұмыстар жүргізу кезінде толтыруға міндетті.Ашықтық және тұрғындардың мүдделерін қорғауИнвентарлық тізім ортақ мүлікке жататын барлық элементтерді: қабырғалар, шатырлар, кіреберістер, инженерлік желілер, жертөлелер, шатыр асты орындары, лифт жабдықтары және аула аумағын тіркейді. Бұл меншік иелеріне қай объектілерді бірлесіп күтіп-ұстау қажеттігін нақты түсінуге мүмкіндік береді және ортақ үй-жайларды үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз иемденуден қорғайды. Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі болған жағдайда ай сайынғы тарифтің нысаналы жұмсалуын қадағалау оңайырақ болады.Жиналымдар мен сметаларды есептеу негізіИнвентарлық тізім үйді күтіп-ұстауға арналған сметаны жасау және меншік иелерінің ай сайынғы жиналымдарын есептеу үшін пайдаланылады. Тізім неғұрлым дәл жасалса, шығындар тұрғындар арасында соншалықты әділ бөлінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enc/press/news/details/1064775?lang=kk
2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы 09.09.2025
09.09.2025 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Жамбыл аудандық «Жамбыл жастары» мәдениет үйінде, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы семинарға 130 тындаушы қатысты.Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1064761?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ірі пәкістандық компаниялардың жетекшілерімен кездесулер өткізді 09.09.2025
Исламабад, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Пәкістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу экономиканың негізгі салаларындағы жетекші пәкістандық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.«Fauji Foundation» бас директоры Анвар Али Хайдермен өткен кездесу барысында қордың еншілес кәсіпорындары – «Fauji Fertilizer», «Mari Energies», «Askari Bank» және «Fauji Food» компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Ауыл шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар өндірісі, азық-түлік пен құрылыс материалдарын шығару салаларында ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістан арасындағы банк саласындағы байланысты нығайту мүмкіндіктері қарастырылды. Аталған жоспарларды іске асыру үшін «Fauji Foundation» қоры мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасындағы байланыстарды жандандыру, сондай-ақ қазіргі мүмкіндіктерді зерделеу және ынтымақтастықты кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын әзірлеу мақсатында өзара сапарлар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.Көлік-логистика саласындағы серіктестіктің перспективалары «National Logistics Corporation» бас директоры Фаррух Шахзадпен өткен кездесуде талқыланды. Тараптар логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған нақты шараларды айқындады. Қазақ делегациясы екі елдің ірі операторларының қатысуымен бірлескен Қазақстан-Пәкістан көлік-логистикалық консорциумын құру бастамасын ұсынды. Оны іске асыру қолданыстағы әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалану және өзара жеткізілімдерді кеңейту үшін күш жұмылдыруға мүмкіндік береді.«TCS Logistics» компаниясының төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесуде Қазақстанда жүзеге асырылудағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту стратегиялық басымдық ретінде айқындалғанын атап өтті. Негізгі бастамалардың қатарында Еуразия мен Орталық Азия нарықтарын Пәкістанмен байланыстырып, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Ауғанстан арқылы өтетін темір жол құрылысы бар екенін атап өткен жөн.Кездесулер қорытындысы бойынша қазақ тарапы сұхбаттастардың қызығушылығы үшін алғыс білдіріліп, талқыланған бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруға бағытталған конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1064989?lang=kk
ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек? 09.09.2025
ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек?Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді.Енді барлық басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып табылады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enc/press/news/details/1064770?lang=kk
Өкілдік Басшысы Доминикананың Құрметті консулы қабылдады 09.09.2025
2025 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы Доминикан Республикасының Құрметті консулы, Серик Мажиденовпен, кездесу өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Құрметті консул екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1064771?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Пәкістанға ресми сапармен барды 09.09.2025
Исламабад, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Пәкістан тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Қазақ делегациясының құрамына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, сондай-ақ еліміздің өзге де мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарының өкілдері кірді.Сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дармен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге баса назар аударылды.Атап айтқанда, сыртқы саяси ведомстволарының басшылары алдағы жылдары тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін практикалық шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика және IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты. Көліктік өзара байланысқа және транзиттік логистиканың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.«Пәкістан – Оңтүстік Азиядағы уақыт сынынан өткен досымыз әрі маңызды серіктесіміз. Екі ел арасында жоғары деңгейдегі байланыстарды қоса алғанда, мазмұнды саяси диалог жолға қойылған», – деді М.Нұртілеу.Өз тарапынан Пәкістанның Сыртқы істер министрі Исламабадтың Астанамен практикалық байланысын кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.«Елдеріміз сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Біз халықтарымыздың тұрақты әрі гүлденген болашағы үшін бірлескен күш-жігерге жаңа серпін беру үшін жұмыс істеуге дайынбыз», – деді М.Дар.Сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібі, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ шеңберіндегі диалог, сондай-ақ екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді».Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары бөлек талқыланып, министрлер гуманитарлық алмасуларға, соның ішінде туризм, спорт және білім беру саласындағы кооперацияны нығайтуға жаңа серпін беруге өзара ниетін растады.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты жалғастыруға, басым секторлардағы бірлескен жобаларды жандандыруға және бейінді мемлекеттік органдар арасында тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге уағдаласты.Кездесу соңында Қазақстан мен Пәкістан сыртқы істер министрліктері арасында 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылып, бұл құжат қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті іске асырудың маңызды құралына айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1064962?lang=kk
Мемлекет басшысы Қазақстанның цифрлық болашағы туралы көзқарасын білдірді 09.09.2025
Астана, 2025 жылғы 8 қыркүйек - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жыл сайынғы халыққа Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы цифрлық трансформацияға, инвестицияны жаңғыртуға, жаһандық байланысқа және институционалдық жаңаруға бағытталған ауқымды реформалар бағдарламасын ұсынды.Жолдаудың өзегі – Қазақстанның жасанды интеллект дәуірінде көш бастауға деген жігері. Президент Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық даму саласындағы жаңа министрліктің құрылуын жариялады, оның басшылығы вице-премьер-министр деңгейіндегі жетекшіге жүктеледі. Жаңа орган Қазақстанды «толық цифрлық мемлекетке» айналдыру бағытын ұстанады деп сипатталған үш жылдың ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Президент жасанды интеллект, үлкен деректерді және платформалық экономиканы қамтитын кешенді цифрлық кодексті тез арада қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, үкіметке барлық секторларында жасанды интеллектті толық енгізу үшін қажетті шараларды жүзеге асыруды міндеттеді.“Жасанды интеллект енді абстрактілі ұғым емес”, - деді Тоқаев. “Бұл қазірдің өзінде адамдардың, әсіресе жастардың дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер етуде. Біз бұл шындыққа дайын болуымыз керек. Қазақстанның бұл трансформацияны қабылдаудан басқа жолы жоқ”. Ол сондай-ақ қаржылық инновацияларды атап өтті, стратегиялық крипто-резервті құру үшін Мемлекеттік цифрлық активтер қорының құрылғанын жариялады және финтехті ынталандыру және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту үшін жыл соңына дейін жаңа Банк туралы заң қабылдауға шақырды.Президент цифрлық трансформациямен қатар инвестиция мен экономиканы жаңғыртуға баса назар аударды. Ол Қазақстанның инвестиция тарту жүйесін жаңартуға шақырып, шамадан тыс бюрократия тиімділікке нұқсан келтіргенін атап өтті. “Инвестицияларды тарту – жаңа көзқарастарды қажет ететін басымдық”, - деді. Премьер-Министр бұл процесті қадағалауға тікелей жауапты екенін атап өтті. Тоқаев сондай-ақ Ұлттық қордың рөлін қайта қарастыруға шақыра отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды экономикалық көрсеткіштері үшін жауапкершілікке тарту үшін Өңірлік инвестициялық тартымдылық индексін енгізуді ұсынды. “Қордың ресурстарын нарықтық әлеуеті жоғары перспективалы жобаларды қаржыландыру үшін ұтымды пайдалану керек”, - деді.Көлік және логистика Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір рөлін нығайтуды жалғастыруда. Тоқаев “Шығыс-Батыс дәлізі үшін ерекше маңызға ие” жоба деп сипаттаған Достық-Мойынты қос жолды темір жолының жақын арада аяқталатынын хабарлады және басқа да негізгі теміржол желілерінде уақтылы ілгерілеуге уәде берді. Ол қазан айына дейін жеке операторларға кедендік және логистикалық инфрақұрылымға бірдей автоматтандырылған қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірыңғай Smart Cargo цифрлық кедендік-логистикалық платформасын іске қосу керек деп мәлімдеді. Әуе транспорты саласында Қазақстанның Еуразия кеңістігінде жетекші хаб болу ниетін қайта растады, мұны шет елдік серіктестермен бірге ұлттық жүк тасымалдаушыны құру және жаңа әуежайларды жаһандық логистикалық тізбектерге біріктіру ұсынысымен бекітті.Сыртқы саясатқа қатысты Президент Тоқаев тепе-теңдік пен сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның көпвекторлы көзқарасын қуаттады. Ол жақында өткен жоғары деңгейдегі саммиттердің нәтижелерін, соның ішінде Аляскадағы АҚШ-Ресей диалогын және Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік күш-жігерін құптап, Қазақстанның Қытаймен, Түркиямен, Орталық Азиямен, Еуропалық Одақпен және Америка Құрама Штаттарымен артып келе жатқан серіктестігін атап өтті. Болашаққа қарап, ол Біріккен Ұлттар Ұйымын, әсіресе оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігін атап өтті. “Біріккен Ұлттар Ұйымының әлі де балама жоқ”, - деді , - “бірақ оның негізгі органы - Қауіпсіздік Кеңесі реформалау кешіктірілді”. Ол Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Қазақстанның жаһандық реформаларға қатысты көзқарасын ұсынатынын айтты.Президент сондай-ақ ұзақ мерзімді саяси салдары болатын ірі институттық реформаны ұсынды. Ол бір палаталы Парламентке көшуді ұсынды, бұл мәселе 2027 жылы өтетін жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі. Тоқаев бұл процесс ашық әрі консультативтік сипатта болуы керектігін: “Осындай тағдыршешті мәселелер бойынша халықпен ашық диалог жүргізу қажет екеніне сенімдімін. Сонда ғана біз Әділ және Қуатты Қазақстан құру жолында ілгері басамыз”.Президент сонымен қатар кеңірек ұлттық басымдықтарды атап өтті. Оның ішінде Алатау қаласына жаңа инновациялық хаб ретінде ерекше мәртебе беру, жыл соңына дейін жаңа Құрылыс кодексін қабылдау, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын жасау, азық-түлік қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару бойынша ұзақ мерзімді стратегияларды жүзеге асыру кіреді. Аралды қалпына келтіруді жалғастыруға, Каспий теңізін сақтау бойынша бірлескен күш-жігерге, суды үнемдейтін озық технологияларды пайдалануды жеделдетуге шақырды. Әлеуметтік саясатта Тоқаев тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін зейнетақыны нығайту, денсаулық сақтау саласын кеңейту және қаржылық сауаттылықты арттыру шараларымен қатар Қазақстанның кең ауқымды жеңілдіктер жүйесін реформалауға шақырды. Одан әрі жас ұрпақты жасанды интеллект дәуіріне дайындаудағы білімнің рөліне тоқталып, жасанды интеллектіні мектеп бағдарламасына енгізу және ауыл оқушылары үшін цифрлық оқытуды кеңейту бағдарламаларын атап өтті.Қорытындай келе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жаһандық өзгерістер жолында жүріп жатқан кезде заңдылықтың, тәртіптің және патриотизмнің біріктіруші принциптеріне тоқталды. “Халқымыз ауызбіршілікте, ішкі жағдайымыз тұрақты болса, біз барлық қиындықтарды жеңіп, кез келген сынақты жеңеміз”, – деп түйіндеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1064737?lang=kk
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Төрағасы Акмалхужа Мавлоновтың екіжақты кездесуі 09.09.2025
        2025 жылғы 8 қыркүйекте Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кеден әкімшіліктері басшыларының 11-ші отырысы өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Төрағасы Акмалхужа Мавлоновтың екіжақты кездесуі ұйымдастырылды.       Келіссөздер барысында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын, сондай-ақ әріптестікті тереңдетудің алдағы қадамдарын талқылады.      Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында Кеден зертханаларының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға, сараптамалық әлеуетті дамытуға және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға бағытталған.     Сондай-ақ тараптар Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін қайта жаңғырту және жаңарту мәселелерін, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мен кедендік әкімшілендіруді цифрландыру шараларын талқылады.     Бұдан бөлек, шетелдік рұқсат бланкілерімен паритеттік алмасу және «Біртұтас транзит» пилоттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды.     Қол қойылған келісім мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға екіжақты мүдделілікті айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1064710?lang=kk
31 тамыздан бастап азаматтардың банкроттығы туралы заңына өзгерістер күшіне енді 09.09.2025
2025 жылғы 30 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Бұл заңның шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) түзетулер енгізілді. Негізгі түзетулер 2025 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енді және келесілерді қамтиды: 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша борышты реттеуді жүргізу туралы талап (Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 6-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы) алып тасталды;Борышкерге себебін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы берілді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы);Уәкілетті орган бұрын тоқтатқаннан кейін соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға қайта жүгіну үшін 6 айлық мерзім белгіленді (Заңның 18-бабының жаңа 4-тармағы);Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген кредиторлар алдындағы, оның ішінде кепілдік етушілерден, кепілгерлерден және (немесе) кепіл берушілерден басқа кредиттік бюролардың дерекқорларында көрсетілмеген барлық міндеттемелері тоқтатылуға жататыны айқындалды (Заңның 19-бабының 2-тармағы);Қаржы басқарушысының сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері нақтыланды (Заңның 23-бабының жаңа 1-1-тармағы);Уәкілетті органның функциялары қаржы басқарушысына бюджет қаражаты есебінен сыйақы төлеу қағидаларын және сот арқылы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпарат нысандарын бекітумен толықтырылды (Заңның 44-бабының 2-тармағы және 23-бабының жаңа 1-1-тармағының 8) тармақшасы). Павлодар облысы бойынша МКДдәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1064718?lang=kk
Кіріс туралы декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 6 күн қалды! 09.09.2025
Құрметті павлодарлықтар! Кірістер туралы декларацияны (250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларация және 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация) ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 6 күн қалды! Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ "e-Salyq Azamat", "eGov mobile" мобильді қосымшалары, moldir.qoldau.kz, "Halyk Bank", "Kaspi Bank", "ЦентрКредит" банктерінің қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.Декларацияны тапсыру мерзімі – 15 қыркүйек. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемесін уақтылы орындамау үшін декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауды сұрайды! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1064728?lang=kk
Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс» 09.09.2025
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Мұны барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкер дәл осы мәселе бойынша көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп жатыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы керек».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1067009?lang=kk
Халықаралық көрме 09.09.2025
ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ2025 жылғы 21–23 қазан аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында энергетика саласының екі ірі шарасы өтеді:23-ші Қазақстан халықаралық  «Энергетика, Электртехника және Энергетикалық машина жасау» — Powerexpo Almaty 2025 көрмесі8-ші Қазақстан халықаралық  «Атом энергетикасы және өнеркәсіп» — Kazatomexpo 2025 көрмесіКөрмелер дәстүрлі түрде жабдық өндірушілерді, технология жеткізушілерді, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын біріктіріп, инновациялық шешімдерді таныстыруға және саланы дамытудағы стратегиялық міндеттерді талқылауға арналған бірегей алаң ұсынады.2025 жылғы экспоненттер қатарында Австрия, Алжир, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Словакия, Түркия, Өзбекстан және Чехиядан келген 14 елдің 190-нан астам компаниясы бар.Көрмелер аясында мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығын тоғыстыратын мазмұнды іскерлік бағдарлама өтеді.21 қазан күні Энергетиктер форумы пленарлық сессиямен ашылады. Онда Қазақстанның электроэнергетикасын жаңғырту, жабдықтардың тозуы, қуат тапшылығы, тарифтік саясат және инвестициялық климат мәселелері талқыланады. Одан кейін тарифтік қалыптастыру реформасы және жаһандық энергетикалық желінің келешегі бойынша стратегиялық панельдер өтеді.22 қазан атом энергетикасының болашағына арналады. АЭС құрылысы, халықаралық ынтымақтастық және технологиялық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Сол күні энергетикалық жүйелердің тұрақтылығы туралы сессия және қорытынды жасалатын Expert Talks форматы ұйымдастырылады.23 қазан күні «КазЭнергоӨТП-2025» форумы өтеді. Ол өндірісті жергіліктендіруге, отандық өндірушілерді қолдауға, экспорттық әлеуетті дамытуға және бірлескен кәсіпорындар құруға арналады.Осылайша, бағдарлама энергетика саласындағы барлық өзекті мәселелерді қамтиды — желілерді жаңғыртудан және тарифтік реформадан бастап, атом энергетикасын дамыту мен ұлттық өнеркәсіптік базаны қолдауға дейін.Көрмеге және іскерлік бағдарламаға қатысу үшін powerexpo.kz сайтында PWR2025EOT промокодымен тіркеліңіз. САНДАР МЕН ДЕРЕКТЕРӨткізу мерзімі: 2025 жылғы 21–23 қазан Өткізу орны: Алматы қ., КЦДС «Атакент» Көрме алғаш өткізілген жыл: 2001 Сайт: powerexpo.kz КӨРМЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ:Электртехникалық жабдықтарКабельдік-өткізгіш өнімдерЕсепке алу, бақылау және өлшеу құралдарыӨнеркәсіптік автоматтандыру және диспетчерлеуАЭС жобалау және салуЖасыл энергетикаЭнергия тиімділігі және энергия үнемдеуӨнеркәсіптік, қалалық, көлік жарықтандыруыЭлектромонтаждық бұйымдар мен құралдарАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-saran/press/news/details/1064700?lang=kk
КЕРІ БАЙЛАНЫС 09.09.2025
Кедендік мәселелер бойынша кері байланысҚұрметті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Егер сізде кеден заңнамасына қатысты сұрақтар туындаса, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары әрқашан көмектесуге дайын.Кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласа аласыз:53-74-0953-63-48Сонымен қатар 1414 Байланыс орталығы арқылы да қолдау көрсетіледі.Біз әрқашан кері байланысқа ашықпыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1064701?lang=kk
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 09.09.2025
Анкара, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Елші Еркебұлан Сәпиев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшысы («TIKA») Абдулла Еренмен кездесті.Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту бойынша нақты қадамдар белгіленді.А.Ерен «TIKA»-ның атқарып жатқан қызметтері, оның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, «TIKA»-ның «KazAid» халықаралық даму агенттігімен ортақ жобалар жүзеге асыруға ниетін білдірді.Өз кезегінде, Елші Е.Сәпиев «TIKA»-ның еліміздегі белсенді қызметін атап өтіп, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия үшінші елдерде бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндіктеріне назар аударды.Тараптар талқыланған бағыттар бойынша ортақтасқан жұмысты жүйелі негізде жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1064622?lang=kk
ҚР жаңа Салық кодексі 09.09.2025
9 қыркүйек 2025 жылы Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Клейн И.Г. кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған семинар өткізді. Іс-шара Риддер қаласы кәсіпкерлер палатасының «ATAMEKEN» алаңында «Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа Салық кодексі» тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қойылған әрбір сұраққа түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1064566?lang=kk
«Мен – болашақ сайлаушымын: менің құқықтарым мен міндеттерім» 09.09.2025
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Абай облысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің жас сайлаушылары үшін «Мен – болашақ сайлаушымын: менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында дәріс өткізді.Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру және сайлау процесіне саналы қатысу маңыздылығын түсіндіру.Дәріс барысында оқушылар Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің негіздерімен, Конституцияның рөлімен және азаматтардың сайлау құқығымен танысты. Сонымен қатар, жас буынның ел болашағын қалыптастырудағы маңыздылығы мен сайлауға қатысудың жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1064539?lang=kk
Автомобильдерді сынау кезінде заң бұзған зертханаға 1,5 миллион теңге айыппұл салынды. 09.09.2025
Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «PLANK» ЖШС-не 1 533 480 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот шешімімен зертхананы аккредиттеу аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарын бұза отырып, көлік құралдарына сынақтар жүргізу бойынша жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері негіз болды. Атап айтқанда, сынақтарды жүргізудегі бұзушылықтар. Зертхана шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларына нақты сынақ жүргізген жоқ. Сондай-ақ, белгілі бір көлік құралын сынау үшін қолданылмайтын тежегіш стендті қолдану дәлелденді. Зертхана Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде әрекет етуге және оның сәйкестігіне аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті. Оның қызметі белгіленген аккредиттеу саласымен қатаң шектелуі керек. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ҚР СжИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғап, сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берді. Бүгінгі күні зертхана аталған нұсқамаларды толық көлемде орындады, заңбұзушылықпен берілген көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердің күші жойылды, қызметкерлерге заңнаманы сақтау бойынша техникалық оқу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1064486?lang=kk
2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі 09.09.2025
2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі.🔹15 қыркүйек Салық есептілігі:- 400.00 нысаны – Акциз бойынша декларация + СЕН 421.00 Құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі;- 250.00 нысаны – Активтер мен міндеттемелер туралы декларация;- 270.00 нысаны – Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы екларация. 🔹22 қыркүйек - 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш🔹Төлемдер: 5 қыркүйек - Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның ЖТС (ИПН);🔹22 қыркүйек - Акциз + құрылымдық бөлімше үшін акциз;- ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомасы;🔹25 қыркүйек- Төлем көзінен ұсталған ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;- КТС (КПН) бойынша аванстық төлемдер;- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға төлем;- Төлем көзінен ұсталған КТС (КПН);- Арнайы салық режимі аясында мобильді қосымшаны қолдану арқылы ЖТС және әлеуметтік төлемдер;- Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;- Еңбекақыдан ұсталатын бірыңғай салық төлем;- ОПВР – Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1064487?lang=kk
Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 16,51 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 09.09.2025
          2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 16,51 млн АҚШ долларына 126 468 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 10,56 млн АҚШ долларына 78 862 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,95 млн АҚШ долларына 47 606 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (10,32 млн АҚШ долларына 76 954 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 77,82 мың АҚШ долларына 619 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 57,02 мың АҚШ долларына 478 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,29 млн АҚШ долларына 41 870 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (475,14 мың АҚШ долларына 4 163 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (151,67 мың АҚШ долларына 1 284 өтініш орындалды).  Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Нысаналы жинақтар төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті "Отбасы банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе   мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Айта кетейік, 01.08.2025ж. бастап аталған тізім "Банк ЦентрКредит"АҚ жаңа уәкілетті операторымен толықтырылды.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1064503?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған жаңа Салық кодексі бойынша семинар 09.09.2025
Бүгін Қостанай облысы бойынша «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында салық төлеушілерге арналған түсіндіру семинары өтті.Спикер – Жұмабай Шынар, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы – қатысушыларға енгізілетін өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп берді.Қымбат мүлікті салық салу («байлық салығы» деп аталатын өзгерістер)Жаңа Кодексте жеке «байлық салығы» енгізілмейді. Дегенмен, мүлік салығы мен көлік салығы аясында қосымша мөлшерлемелер қарастырылған:белгілі бір шектен жоғары кадастрлық құны бар тұрғын үйлер, пәтерлер және өзге де жылжымайтын мүлік;үлкен қозғалтқыш көлемі бар және құны белгіленген деңгейден асатын жеңіл автокөліктер.Яғни, «байлық салығы» деп аталатын түсінік – бұл қолданыстағы салықтар құрамындағы қосымша элементтер, салықтық жүктемені әділ бөлуге бағытталған.Мүлік салығыСтавкалар кадастрлық құнға байланысты нақтыланды. Мүлік құны қаншалықты жоғары болса, салық мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады. Әлеуметтік осал топтарға жеңілдіктер қарастырылған.Жер салығыЖердің кадастрлық бағалауының рөлі күшейтілді. Ставкалар жер телімінің нысаналы мақсаты мен пайдалануына байланысты айқындалады. Пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне – оларды айналымға енгізуді ынталандыратын жоғарылатылған коэффициенттер қолданылады.Көлік салығыҚозғалтқыш көлемі үлкен әрі құны жоғары автокөліктер үшін салық мөлшерлемелері арттырылды. Сонымен қатар, экологиялық таза көліктерге (электромобильдер мен гибридтерге) жеңілдіктер көзделген.Семинар ашық диалог форматында өтті: салық төлеушілер сұрақтарын қойып, жаңа ережелерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алды.Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексінің нормалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1064444?lang=kk