«Қазақстан Республикасының Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойылды.

«Қазақстан Республикасының Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойылды.

13.07.2026 14:25:43 200

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға рақымшылық жасау басталды.

Заңда белгіленген ӘҚБтК-нің баптарының тізбесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар, осы Заңның 8-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, ӘҚБтК-нің Заңда аталған баптары бойынша ғана әкімшілік жазадан босатуға құқылы.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері (Қазақстан Республикасында дара кәсiпкер ретiнде тiркелген), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, заң консультанттары осы Заң күшiне енген күннен бастап әкiмшiлiк айыппұл түрiндегi әкiмшiлiк жазадан, не оның орындалмаған бөлiгiнен босатылады. Атқарушылық іс жүргізу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес тоқтатылады.

Айыппұл салу туралы қаулылардың орындалуын, егер мұндай істерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік кірістер органдары қараған болса (осы Заңның 8-бабында көрсетілгендерді қоспағанда) мемлекеттік кірістер органдары тоқтатады.

 

Заң басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1251959?lang=ru