Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ежемесячные пенсионные выплаты по установленному графику из ЕНПФ в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан осуществляются лицам, достигшим пенсионного возраста (мужчины – 63 года, женщины – 61 год), а также лицам с инвалидностью 1 или 2 группы, установленной бессрочно, имеющим пенсионные накопления в ЕНПФ, в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан. Для назначения пенсионных выплат из ЕНПФ за счет обязательных видов пенсионных взносов в связи с достижением пенсионного возраста, а также назначения базовой и солидарной пенсии из государственного бюджета получателям необходимо своевременно обращаться в Государственную корпорацию «Правительство для граждан» (ЦОН) по месту жительства. Сделать это можно за 10 дней до наступления пенсионного возраста. Все виды пенсионных выплат производятся со дня обращения. При этом днём обращения считается день регистрации заявления и необходимых документов в ЦОН при условии, если получатель достиг пенсионного возраста, если он обратился раньше - днем обращения считается день достижения пенсионного возраста. Необходимо помнить о том, что за пропущенный период выплаты пенсии из госбюджета, а также из ЕНПФ не назначаются. Также важно своевременно обратиться для оформления выплат пенсии из бюджета, потому что для их назначения требуется проверка трудового стажа по представленным получателем документам. Стоит отметить, что в целях оказания проактивной услуги по осуществлению пенсионных выплат из ЕНПФ лицам, достигшим пенсионного возраста, имеющим пенсионные накопления в ЕНПФ и не обратившимся за их выплатой, ЕНПФ проводит ежегодную сверку совместно с Государственной корпорацией на предмет наличия у данных граждан назначенных пенсионных выплат по возрасту и государственной базовой пенсионной выплаты за счет бюджетных средств. По результатам ежегодной сверки при выявлении лиц, у которых имеются назначенные пенсионные выплаты за счет бюджетных средств, ЕНПФ оказывает им проактивную услугу (беззаявительно) по осуществлению им пенсионных выплат в рамках соответствующего соглашения, заключенного с Государственной корпорацией, на банковские реквизиты, представленные получателями в ЦОН при назначении пенсионных выплат по возрасту. За выплатой пенсионных накоплений в связи с установлением инвалидности первой или второй группы бессрочно необходимо обращаться в подразделения ЕНПФ либо через личный кабинет на сайте (enpf.kz) или в мобильном приложении ЕНПФ с использованием электронной цифровой подписи. Обращаем внимание, что в ЕНПФ для лиц с инвалидностью первой или второй группы, установленной бессрочно, организовано выездное обслуживание. При этом осуществляется предварительная консультация, в том числе проверка на возможность получения услуг дистанционно, без выезда. Пенсионные выплаты за счет ДПВ можно начать получать до наступления общеустановленного пенсионного возраста – начиная с 50 лет. Кроме того, пенсионные выплаты за счет ДПВ предоставляются лицам с инвалидностью, независимо от группы и срока установленной инвалидности. Заявление на получение выплат за счет ДПВ по возрасту или в связи с инвалидностью можно подать в онлайн-формате в личном кабинете на сайте enpf.kz. При этом график получения выплат устанавливается вкладчиком самостоятельно. Следует отметить, что пенсионные выплаты из ЕНПФ осуществляются до исчерпания пенсионных накоплений. На сайте enpf.kz в разделе «Услуги – Пенсионные выплаты – Выплаты по графику» размещен перечень необходимых документов в зависимости от вида пенсионных выплат, способа их подачи, требования к их оформлению, бланки заявлений и образцы их заполнения, образец доверенности. Также в целях безопасности и предотвращения мошенничества в отношении вкладчиков АО «ЕНПФ» напоминает: • Оформление пенсионных выплат происходит без посредников и комиссий; • ЕНПФ не взимает плату при оказании услуг, а все выплаты осуществляются строго по закону; • Работники государственных органов, банков, правоохранительных структур, операторов связи и ЕНПФ никогда не запрашивают по телефону, электронной почте или через мессенджеры персональные данные, реквизиты банковских карт, SMS-коды и иную конфиденциальную информацию; • Если звонящие обращаются к Вам по имени и отчеству и знают ваш адрес проживания и место работы, это не означает, что эти люди являются официальными лицами. Все необходимые данные можно получить разными способами. ЕНПФ настоятельно рекомендует получать информацию из официальных источников и действовать исключительно в правовом поле. Ознакомьте своих близких, особенно пожилых родственников, с правилами информационной безопасности. Соблюдайте меры предосторожности и тем самым Вы обеспечите сохранность, безопасность и конфиденциальность своих персональных данных. Консультационные услуги ЕНПФ можно получить посредством мессенджеров (чат-бота в WhatsАpp и Viber по номеру +7 771 171 72 01), на корпоративном сайте enpf.kz, а также на официальных страницах ЕНПФ в социальных сетях Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники. ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz). 11.02.2026
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған адамдарға (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас), сондай-ақ мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.            Зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына дейін 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Егер алушы өтініш берген күні зейнет жасына толып қойған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-ға тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал азамат зейнетақы төлемін алуға зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса, зейнет жасына толған күн – өтініш берілген күн болып есептеледі. Өткізіп алған уақыт үшін мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі тағайындалмайтынын есте ұстаған жөн.            Сондай-ақ, бюджеттен зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін де уақытылы жүгіну маңызды, өйткені оларды тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.         Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлеміне өтініш бермеген тұлғалар бойынша Қор жыл сайын Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтардың жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді.  Жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған жағдайда, БЖЗҚ алушыларға мемлекеттік корпорациямен жасасқан тиісті келісім шеңберінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ХҚКО-ға ұсынған банктік деректемелері бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру проактивті (өтінішсіз) қызметін көрсетеді.                 Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz)  немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.         БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.                ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасы басталғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұған қоса, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері белгіленген мүгедектік тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдарға да беріледі.         Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады. Төлемдерді алу кестесін салымшы дербес белгілейді.         Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.         enpf.kz сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға байланысты құжаттардың тізбесі, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.                "БЖЗҚ" АҚ қауіпсіздік және салымшыларға қатысты алаяқтықтың алдын алу мақсатында төмендегілерді еске салады:Зейнетақы төлемдерін ресімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі;БЖЗҚ қызмет көрсету кезінде ақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң бойынша жүзеге асырылады;Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды;Егер қоңырау шалушылар Сіздің аты – жөніңізді атап, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, бұл олардың ресми тұлға екендіктерін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын әртүрлі тәсілдермен алуға болады. БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер. Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.  БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1158900?lang=kk
Қазақстандық батальонның тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл 11.02.2026
Биыл Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толды. Осыған орай Астана қаласындағы Ерлік саябағында еске алу іс-шарасы өтті. Жиылған жұрт Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальоны құрамында қызмет атқару кезінде қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Еске алу шарасына ардагер жауынгерлер, әскери қызметшілер мен қоғам өкілдері қатысты. Рәсім барысында тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.Іс-шарада Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов сөз сөйлеп, қазақстандық жауынгерлердің әскери борышты абыроймен орындағанын атап өтті.- Бұл күн – батальон жауынгерлерінің ерлігі мен Отанға адалдығының, әскери борышқа беріктігінің символы.  Осы ретте батальон ардагерлерін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы атынан тарихи датамен құттықтаймын, - деді генерал-майор Қайрат Үмбетов.Еске алу іс-шарасы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарламада Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің Ән-би ансамблі солистері патриоттық бағыттағы шығармаларын орындады.Тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған қазақстандық әскери қызметшілердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Айта кетейік, осыдан 25 жыл бұрын қазақстандық әскери қызметшілер Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік міндетін аяқтап, елге оралды. Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальоны 1993–2001 жылдар аралығында Пяндж өзені бойында мемлекеттік шекараны күзетті. Өкінішке қарай, қызмет барысында қазіргі Ұлттық ұланның, бұрынғы Ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тапқан еді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1158903?lang=kk
Аналар кеңесі 11.02.2026
Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аналар кеңесі "Салауатты сана" жобасы аясында "ата-аналардың заманауи сын-қатерлері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді 👨 👩 👧 👦Аналар кеңесінің төрағасы Д. Е. Нұрқасынова қатысушыларды қазіргі ата-ана болудың өзекті мәселелерімен және оларды шешудің мүмкін жолдарымен таныстырды.Кездесу жылы және ашық атмосферада өтті: қатысушылар балаларды тәрбиелеудегі тәжірибелерімен, пайдалы кеңестерімен және практикалық дағдыларымен белсенді бөлісті 🤍Мұндай іс-шаралар ата-аналарды біріктіруге, маңызды сұрақтарға жауап табуға және бір-бірін қолдауға көмектеседі 🙌Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1201824?lang=kk
26 желтоқсан күні инклюзивті балаларға арналған жаңа жылдық «Ғажайып шырша» ертегісі мен «Ойна!Ойла!» интерактивті ойындары өткізілді. 11.02.2026
26 желтоқсан күні инклюзивті балаларға арналған жаңа жылдық «Ғажайып шырша» ертегісі мен «Ойна!Ойла!» интерактивті ойындары өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1158872?lang=kk
Коньки спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр 11.02.2026
 Белгілі қазақстандық конькиші, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және ел чемпионы Құдайберген Теміржанов бүгінде Алматы гарнизонындағы 78460 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жүр.Спортшы Қарулы күштер сапындағы қызметін спорттық мансабымен қатар ойдағыдай үйлестіріп келеді. Ол әскери қызметшілерге кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға, шет тілдерін үйренуге және жоғары дене дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін «Сарбаз+» жобасы аясында қызмет етеді.Қатардағы жауынгер Теміржановтың айтуынша, бұл жоба оған ағылшын тілін меңгеруге, IT бағыттарын және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқаруды үйренуге, сонымен қоса әскери бөлімнің спорт залында ұдайы жаттығуға мүмкіндік береді.Таңертең ерте тұру, саптық және атыс дайындығы, далалық жорықтар секілді қарқынды әскери тәртіпке қарамастан, әскери қызметші ортаға тез бейімделіп, пікірлес достар тапқан. Спорттағы тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп отыратын ол әскердегі тәртіп кәсіби спорттағы талаптарға қатты ұқсайтынын айтады.Құдайберген Теміржановтың спорттық жетістіктері қатарында коньки спортынан спорт шебері атағы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі, нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделі орындар, бұдан бөлек 2024–2025 жылдары Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында бірнеше мәрте жеңістер мен жүлделі орындар бар.Қорғаныс министрлігі мұндай әскери қызметшілердің армияда борышын өтеуі кәсіби спорт, патриотизм және әскери борыштың үйлесімді ұштасуын айқын көрсетіп, жастарға үлгі болатынын әрі Қарулы күштердің беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1158847?lang=kk
Нидерланд–Қазақстан: жаңа инвестициялық цикл және бизнес үшін стратегиялық мүмкіндіктер 11.02.2026
2026 ж. 6 ақпанда Гаага қ. Нидерланд кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (RVO) бас кеңсесінде «Kazakhstan–Netherlands: New Investment Cycle & Strategic Opportunities» тақырыбында Нидерланд–Қазақстан бизнес қауымдастығының (NKBA) отырысы өтті. Іс-шара екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері және сарапшылар қауымдастығын біріктірді.Аталған кездесу жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді, Қазақстанның стратегиялық басымдықтарын және басталған жаңа инвестициялық цикл жағдайында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаң болды.Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Құрметті консулы, NKBA төрағасы Хенк Нибур, RVO халықаралық сауда жөніндегі директоры Аннемике Брустерхаузен, сондай-ақ Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Ақан Рахметуллин және Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Нико Схермерс болды.Іс-шараның жалпы тұжырымдамасы, соның ішінде презентациялар мен спикерлердің баяндамалары Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген сұхбатындағы және V Ұлттық құрылтайдағы сөзіндегі негізгі ережелерді түсіндіруге бағытталғаны ерекше атап өтілді. Аталған стратегиялық құжаттар қазіргі таңда елді жаңғыртудың жаңа кезеңінің негізін қалыптастырып, инвесторлар мен халықаралық әріптестер үшін ұзақмерзімді бағдарларды айқындайды.Баяндамалар барысында Қазақстан экономикасын жаңғыртудың жаңа кезеңіне және әртараптандыруға, технологиялық дамуға әрі жоғары қосылған құн қалыптастыруға бағытталған қолайлы инвестициялық ортаны құруға кіріскені атап өтілді. Ел басшылығы жариялаған жаңа инвестициялық цикл шикізаттық модельден білім экономикасына, терең өңдеуге және индустриялық өсімге көшуді көздейді.2025 ж. қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрап, экономика көлемі 300 млрд АҚШ долларынан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жетіп, бұл экономиканың дәйекті әртараптандырылып, кәсіпкерлік сектордың нығайып келе жатқанын көрсетеді.Қазақстан экономикасындағы негізгі экономикалық серіктес ретінде Нидерландтың рөліне ерекше назар аударылды. Нидерланд Қазақстан экономикасына шамамен 126 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияларымен ірі шетелдік инвестор мәртебесін сақтап отыр және Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады.Іс-шара аясында Мемлекет басшысы айқындаған экономикалық дамудың бес басым бағыты ұсынылды:өнеркәсіпті әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту;көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанды Еуразиядағы құн қалыптастыру платформасы ретінде орнықтыру;агроөнеркәсіптік сектор және азық-түлік қауіпсіздігі;цифрландыру және жасанды интеллект енгізу;энергетикалық, су және инфрақұрылымдық тұрақтылық.Қазақстан мен Нидерланд экономикаларының өзара толықтырушы сипаты атап өтілді: Қазақстан ауқымды нарық, ресурстар мен өсіп келе жатқан сұранысты ұсынса, нидерландтық компаниялар озық технологиялар, инженерлік шешімдер мен басқарушылық құзыреттерге ие. Бұл үйлесім ұзақмерзімді бірлескен жобалар мен индустриялық әріптестіктер үшін берік негіз қалыптастырады.Кездесуге қатысушылар NKBA платформасына бизнес қызығушылығының тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Егер қауымдастықтың алғашқы кездесулеріне шамамен 30 қатысушы жиналса, қазіргі кездесу 80-ге жуық бизнес өкілін біріктірді. Бұл екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың серпіні мен өзара сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға және экономиканың негізгі секторларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін растады. Өнеркәсіп, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, цифрлық технологиялар және тұрақты инфрақұрылым салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылады. Бұл бағыттар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңінің негізін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1158806?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 11.02.2026
Рияд, 2026 жылғы 10 ақпан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Көлік және логистикалық қызметтер министрі Салех Әл-Жасермен кездесу өткізді.Сұхбат аясында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Жаңа логистикалық бағыттарды ілгерілету, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және халықаралық көлік дәліздерінің әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар көлік-логистика саласындағы диалогты жандандыру мен практикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ-сауд әріптестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1158818?lang=kk
Шетел азаматтарына арналған «QazETA» цифрлық платформа 11.02.2026
QazETA – шетел азаматтарының негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.Жоба шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылының заманауи әрі қолайлы моделін қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.QazETA платформасы келесі мақсаттарға бағдарланған:Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі мен болу рәсімдерін оңайлату;елге кіруден бастап күнделікті сервистерге дейін мемлекеттік қызметтермен бірізді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін қалыптастыру;үдерістердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильдік форматқа көшіру.Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, платформаны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы кезеңде төмендегі қызметтер қолжетімді:электрондық визаларды (e-Visa) беру;электрондық кіру рұқсатын (ETA) рәсімдеу;Қазақстан Республикасының электрондық резиденті мәртебесін (e-Residency) алу;шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру (оның ішінде мобильдік құрылғылардың IMEI-ін верификациялау мақсатында). Платформаның негізгі сервистері  Электрондық виза (e-Visa)Электрондық виза – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға визаларды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.104 елдің азаматтары (тізімі қоса беріледі) келесі санаттар бойынша бір мәртелік электрондық визаны рәсімдей алады: «A3» (қызметтік), «A5» (инвесторлық), «B1», «B2», «B3» (іскерлік), «B9-1» (Digital Nomad Visa), «B10» (жеке), «B12» (туристік), «C12» (емделу мақсатында).Электрондық виза электрондық форматта рәсімделген шақыру негізінде беріледі (шақыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық полиция органдарында рәсімделеді) және тек виза иесіне ғана қолданылады, ілесіп жүретін тұлғаларға таралмайды. Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайта рәсімдеу қажет.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына кіріп-шығуды жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Электрондық кіру рұқсаты (Electronic Travel Authorization, ETA)ETA Қазақстан Республикасының визасыз режимі қолданылатын елдердің азаматтарына арналған. Рұқсат электрондық форматта рәсімделеді.Қазақстанға сапар жоспарлаған шетел азаматтары ETA алуға өтінімді мобильдік қосымша арқылы сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын береді.ETA-ның жарамдылық мерзімі – 180 күн.Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы нақты болу мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.Сонымен бірге, берілген ETA Қазақстан Республикасының аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге кіру туралы түпкілікті шешім шекаралық бақылаудан өту кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы тарапынан қабылданады.ETA алудан босатылатындар:дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;ресми делегация мүшелері;Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері.Пилоттық кезеңде визасыз режим қолданылатын елдер азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатта болады. Осы кезең аяқталғаннан кейін аталған санаттағы азаматтар үшін ETA алуды міндетті ету кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.  Электрондық резиденттік (e-Residency)e-Residency – Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Астана халықаралық қаржы орталығының (МФЦА) юрисдикциясы шеңберінде цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін инновациялық құрал.Электрондық резиденттік МФЦА юрисдикциясында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) қашықтан алу;банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;eSIM рәсімдеу;компанияларды қашықтан тіркеу және бизнесті жүргізу. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру(оның ішінде мобильдік құрылғылардың IMEI-ін верификациялау мақсатында).Алдағы уақытта функционалды кеңейту жоспарлануда, соның ішінде: медициналық сақтандыруды рәсімдеу, ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жеделдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі, сервистік алымды төлеу және өзге де цифрлық сервистер.QazETA мобильдік қосымшасы Play Market және App Store платформаларында жүктеу үшін қолжетімді.Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1158826?lang=kk
Достық форумының отырысы «Қазақстан-Бразилия» және БАҚ үшін брифингі өтті 11.02.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 10 ақпан - Елші Болат Нүсіпов пен Ұлттық Конгресстің экс-Сенаторы Улиссис Ридельдің тең төрағалығымен Қазақстан Елшілігінде гибридті форматта «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының жыл сайынғы отырысы мен БАҚ-қа арналған брифинг өткізілді.Кездесу барысында Қазақстандағы Конституциялық реформаның негізгі аспектілеріне, алдағы Өңірлік экологиялық саммиттің күн тәртібіне, сондай-ақ 2025 ж. қыркүйекте Астанада өткен VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің қорытындыларына басты назар аударылды.Бразилиялық тараптан «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының Президенті және Вице-президенті Улиссес Ридельмен Кассиано Перейра Виана, Форумның Атқарушы директоры профессор Эдельсио Америкомен Бразилияның халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы журналистер мен коммуникаторлар қауымдастығының Президенті Фабиана Сейхан алғысөздерімен баяндама жасады.Қазақстан Eлшісі өз сөзінде қонақтарды ел басшылығы жүргізіп жатқан реформалардың барысымен, оның ішінде негізгі Заңның түйінді тұстарына түсініктеме бере отырып, жаңа Конституция жобасымен таныстырды. 2026 жылғы Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын дамытудың негізгі бағыттары мен жоспарлары жеке ұсынылды.Оңтүстік Америка елдері атынан VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің жұмысына қатысқан Теософиялық қоғамдастықтың мүшесі, жазушы Освальдо Конде (Бразилия) мен Аргентинадағы Ахмадия мұсылман қауымының Президенті, Америка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Комиссары, имам Марван Гилл (Аргентина) тақырыптық баяндамалар жасады.Кездесу соңында форумның Бразилиялық қатысушылары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы достық және әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1158827?lang=kk
Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Парламентінің Қазақстан Республикасымен Достық тобының Төрағасымен кездесті 11.02.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 10 ақпан – ҚР Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Парламентінің депутаты, ҚР Достық тобының Төрағасы Илье Ионашпен, сондай-ақ бірқатар парламент депутаттарымен кездесу өткізді.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны аталған лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қатынастардың достық сипатын атап өтті.А.Айдарбеков мемлекеттер арасындағы саяси диалогты нығайтудың, өзара түсіністік пен сенімді арттырудың маңызды құралдарының бірі ретінде парламентаралық байланыстардың маңыздылығына назар аударды.Сондай-ақ, Қазақстандағы негізгі экономикалық және саяси қайта құрулар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта негізгі заңға түзетулер дайындау мақсатында Конституциялық комиссия құрылғаны атап өтілді. Ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттің дамуының қазіргі кезеңінің талаптарына, қоғамдық сұраныстарға және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың ұзақ мерзімді міндеттеріне сәйкес келетін заманауи конституциялық үлгіні қалыптастыруға бағытталған.Өз кезегінде, И.Ионаш пікір алмасудың конструктивті сипаты үшін алғыс білдіріп, Молдова тарапының парламентаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға мүдделілігін растады. Сондай-ақ, барлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге ашық екендігін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1158829?lang=kk
Шымкентте жылыту маусымындағы өрт пен газ қауіпсіздігін күшейту жұмыстарының қорытындысы шығарылды 10.02.2026
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларының қорытындысына арналған брифинг өтті. Жиында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Ордабек Рауан Нұрлыбекұлы және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абдинұров Мәлік Құттымбетұлы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталды.Брифинг барысында мәлім болғандай, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында Шымкент қаласында өрт пен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Қала аумағында 62 589 тұрғын үй араланып, 148 385 тұрғынға өрт қауіпсіздігі мен газдан сақтану талаптары түсіндірілді. Оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы 1 073 отбасы қамтылды.Аудан әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтардың нақты тізімі жасақталып, олармен мақсатты жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 123 газдануды анықтайтын құрылғы орнатылып, 55 тұрғын үйдің мұржасы тазартылды.Халықты ақпараттандыруға да ерекше мән берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 293 материал жарияланып, шағын аудандарда дауыс зорайтқыштар арқылы 370 рет үгіт-насихат жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде 130 ақпараттық материал таратылды. Білім беру ұйымдарында 4 980 оқушыны қамтыған 103 интерактивті және ашық сабақ өткізілсе, өрт сөндіру бөлімдерінде 819 оқушы қатысқан 37 экскурсия ұйымдастырылды. Қала бойынша 6 232 тұрғынды қамтыған 190 жиын мен 84 нұсқаулық өткізілді. Сондай-ақ, 2025 жылғы 2 желтоқсанда Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбындағы қойылым көрсетіліп, оған 200-ге жуық бала қатысты. Қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында түсірілген 12 танымдық бейнеролик WhatsApp желісіндегі ата-аналар чаттары арқылы таратылды.Қабылданған шаралар өз нәтижесін берді. Өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға азайып, 81 жағдайдан 49-ға дейін төмендеді. Өрт салдарынан қаза тапқандар саны екі есеге, ал жарақат алғандар саны төрт есеге қысқарды.Алайда жылыту маусымында табиғи және улы газбен улану жағдайларының артуы алаңдаушылық тудырып отыр. 2025 жылғы 1 қазаннан бастап «112» қызметіне газбен улану бойынша 99 хабарлама түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Газдан улану салдарынан қаза тапқандар саны үш есеге артқан, ал жеңіл дәрежеде уланғандар саны 28 пайызға өскен.Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлардың негізгі себептері – газ су жылытқыштары мен қазандықтардың ақаулығы, дұрыс орнатылмауы, тартылыстың болмауы және газ жабдықтарына уақтылы техникалық қызмет көрсетілмеуі.Осыған байланысты қалада газ қауіпсіздігін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан қауіпті аймақтар анықталып, «қызыл аймақ» және «тәуекел аймақтар» белгіленді. Қызыл аймаққа «Самал-3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 шағын аудан» кірсе, тәуекел аймақтар қатарында «Самал-1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5 шағын аудан», «Қарасу» бар. Аталған аумақтарда газ қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше бақылау қойылған.2025 жылы қала бойынша 231 014 тұрғын үйде, оның ішінде 105 533 көпқабатты және 125 481 жеке тұрғын үйде, сондай-ақ 3 185 кәсіпкерлік нысанда профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде газ қауіпсіздігі бойынша 231 мың дана жадынама таратылды. Ал 2026 жылы 39 372 тұрғын үй мен 159 кәсіпкерлік нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 32 мың дана жадынама таратылды.Сонымен қатар, газ тұтыну және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда. 2025 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабы бойынша 117 адам, 305-бабы бойынша 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 2 миллион теңгеден асты. Ал 2026 жылы осы баптар бойынша 36 тұлға жауапкершілікке тартылды.Мамандар тұрғындарды газ және жылыту жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ақаулар анықталған жағдайда тиісті қызметтерге жедел хабарлауға шақырады.
Қазақстан мен Испания энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады 10.02.2026
Мадрид, 2026 ж. 9 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Энергетика жөніндегі мемлекеттік хатшысы Жоан Гроисардпен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саланың орнықты дамуы, энергияға көшу, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.Елші испан тарапына энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық теңгерімді нығайту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы ақпарат берді.Мемлекеттік хатшы өз кезегінде өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдіріп, «жасыл» энергетиканы дамыту, энергетикалық жүйелерді заманауи сын-қатерлерге бейімдеу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы Испанияның тәжірибесімен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтау және диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1158782?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановтың кездесуі 10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановтың кездесуі өтті.Аталған кездесу 2026 жылғы қаңтар айында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Саидовпен өткен келіссөздердің жалғасы болып, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін неғұрлым егжей-тегжейлі талқылауға арналды.Тараптар ағымдағы жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен ірі халықаралық оқиғалардың кестесін, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктері аясындағы алдағы отырыстарды қарастырды.Елші Б. Атамқұлов өзбек тарапын Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар және елде өткізілетін алдағы референдум туралы хабардар етті.Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы, оның ішінде экология, орнықты даму және білім беру салаларындағы көптеген іс-шараларды өткізу жоспарлары туралы мәлімет берді. Осы орайда Елші Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен және оны іске асыруға қатысты ұсыныстарымен таныстырды.Өз кезегінде Б. Усманов Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларға өзбек тарапының зор қызығушылығын атап өтіп, алдағы референдумға шынайы қолдау білдірді.Сонымен қатар Сыртқы істер министрінің орынбасары жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін растады және Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде ұсынған бастамаларын жоғары бағалады.Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, көпжақты құрылымдар, соның ішінде ИЫҰ және БҰҰ ЭСКАТО аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1158774?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынына аман-есен үйіне қайтуға көмектест 10.02.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынына аман-есен үйіне қайтуға көмектестіАбай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер колониясының қызметкерлері ұзақ мерзімді кездесуден кейін қар құрсауында қалған Павлодар қаласының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлына көмек көрсетті.Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олардың автокөлігі толығымен қар астында қалып, отбасы өз бетімен жолды жалғастыра алмады.52 жастағы ер адам 15 жастағы ұлымен бірге жазасын өтеп жатқан жұбайымен кездесуге келген. Олар ұзақ мерзімді кездесуде болған уақытта Шуақ ауылында ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел соғып, мол қар жауған. Соның салдарынан отбасының көлігі қалың қарға батып, қозғала алмай қалған.Үйден алыс жерде қиын жағдайға тап болған әке мен бала үлкен қиындық көрді. Сол сәтте кезекшілікте жүрген мекеме қызметкерлері жағдайды байқап, дереу көмекке келген. Олар өз күштерімен және қызметтік техниканың көмегімен қарды тазалап, көлікті қар құрсауынан шығарып, қауіпсіз түрде жолды жалғастыруға мүмкіндік жасады.Колония қызметкерлерінің ұйымшыл әрі жедел әрекетінің арқасында отбасы аман-есен Павлодарға қайтып аттанды.– Ұлым екеуміз өте қиын жағдайға тап болдық – көлігімізді толығымен қар басып қалған, айналада боран, жол көрінбейді. Шынымды айтсам, қатты абдырап қалдым. Сол сәтте колония қызметкерлері көмекке келді. Олар тек қызметтік міндетін орындап қана қоймай, шынайы адамгершілік танытты. Қиын сәтте жанымда бейжай қарамайтын адамдардың болғаны мен үшін өте маңызды болды. Бізге көмектесіп, аман-есен үйге жетуімізге жағдай жасаған әрқайсысына шын жүректен алғыс айтамын, – деді Павлодар тұрғыны.– Біздің қызметкерлер қандай жағдай болмасын адамдарға көмектесуге әрдайым дайын. Бұл жағдайда тек қызметтік міндет емес, адамгершілік жауапкершілік, қамқорлық пен қолдау көрсетілді. Ұжымымыздың жеделдік, бірлік танытып, адамдарды қиын жағдайда қалдырмағанына біз мақтанамыз, – деп атап өтті мекеме бастығы Уәлихан Жұмашев.Мұндай жағдайлар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тек тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайларда азаматтарға көмек көрсететін жоғары моральдық қасиеттерге ие екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1158760?lang=kk
Қызметтік этика: әрбір мемлекеттік қызметші нені білуі тиіс 10.02.2026
Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында қызметтік этика нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған.Қызметтік этиканың негізгі қағидаттарыӘдеп кодексінде мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде мыналарға міндетті екендігі белгіленген:• заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын сақтауға;• азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға;• мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;• азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті және тактілі болуға.Қызметтен тыс мінез-құлық және беделӘдеп кодексі тек қызметтік уақытқа ғана емес қолданылады. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігі де мемлекеттік қызметтің беделіне әсер ететінін есте сақтауға міндетті.Кодексте мемлекеттік қызметшілер:• қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынуға;• дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуге;• жалпыға ортақ мораль мен іскерлік этика нормаларын сақтауға тиіс екендігі көрсетілген.Этика нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікӘдеп кодексі талаптарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл институтының негізгі міндеті – бұзушылықтардың алдын алу, адал және құрметті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, жазалау шаралары емес.Қорытындылай келе, қызметтік этика – бұл формалдылық емес, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау, іскерлік қатынас нормаларын сақтау және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1158764?lang=kk
Алматыда Италиямен мәдениеттік ынтымақтастық талқыланды 10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Италия мәдениет институтының директоры - Италияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Кризафулли Эдоардомен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы мәдениеттік байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Э.Кризафулли алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1158750?lang=kk
Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады 10.02.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Премьер-министр Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі тапсырмаларына және Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған бірқатар шаралар қабылдағанын атап өтті.Салық, тариф және бюджет саясаты, цифрландыру және құрылыс салалары, сондай-ақ әлеуметтік бағыт бойынша қабылданған шешімдер экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған құрылымдық теңгерімсіздіктерді кезең-кезеңімен жоюға бағытталған.Салық және бюджет реформасының нәтижесінде Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді тартпай-ақ, елдің үш жылдық бюджетін қалыптастыру мүмкін болды. Бұл 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді.Жүргізілген реформалар аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімі сақталды. Ақшалай мәнде жалпы ішкі өнімнің өсімі 20,1 млрд АҚШ долларын құрады.Жалпы алғанда, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% деңгейінде қалыптасты. Экономикалық өсім негізгі салалардың жедел дамуымен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, көлік саласы 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1158714?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан саяси диалогты тереңдетуге және консулдық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі 10.02.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 10 ақпан - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрлік департаменттің Бас директоры доктор Биной Джорджпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және сыртқы саяси ведомстволар арасындағы диалогты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесулер барысында қазақ дипломаты Үндістан тарапын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Әсіресе конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, Президент өкілеттіктерін шектеу, Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейту, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін институционалдық тұрғыдан бекіту мәселелері атап өтілді.Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тақырыптары бойынша пікір алмасты. Үндістан тарапы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, алдағы уақытта консулдық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.Кездесулер сындарлы әрі достық жағдайда өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікті нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады. Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1158580?lang=kk
Жаңа Конституция – ел болашағына бастар құқықтық бағдар 10.02.2026
Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы Политехникалық колледж ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам дамуына ықпалы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.Іс-шарада Конституцияның ұлттық құндылықтармен өзара сабақтастығына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата Заңның тек мемлекеттік құқықтық құжат қана емес, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, оның әрбір нормасы елдің тарихи тәжірибесі мен стратегиялық даму бағдарын қамтуы тиіс екенін айтты.Дөңгелек үстелде Қазақстан Халық кеңесінің рөлі де жан-жақты түсіндірілді. Кеңес құрамындағы 126 мүшенің 42-сінің өзге этнос өкілдерінен сайлануы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты жүзеге асып жатқанын көрсететіні айтылды.Сонымен қатар, Конституцияның 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарына тоқтала келе, ғылым мен білімді дамыту әрдайым мемлекеттің басым бағыты болғаны, ал жаңа Конституцияда бұл салалардың стратегиялық маңызы нақты айқындалғаны айтылды. Адами капиталды дамыту, білім, ғылым және инновацияны қолдау, зияткерлік меншік құқығын қорғау еліміздің ұзақ мерзімді дамуының басты тіректерінің бірі ретінде белгіленген.Жиын барысында спикерлердің бірі, «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айдар Құлжанов конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып:– Конституция бүгін өзгеріп, ертең өмір бірден өзгеріп кетпейді. Алайда жүйелі реформалар уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Бұл өзгерістер ғасырдың ортасына қарай тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады, – деді.Ал Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының арнайы пәндер циклының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі Айболат Маймақов жаңа Конституция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» басқару моделін іске асыруға берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жүйе билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Іс-шара қорытындысында жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі айқын екені айтылды. Онда адам және оның құқықтары, заң мен тәртіп, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық, бірлік пен келісім, білім мен ғылым, инновация және табиғатқа жауапкершілік сияқты басты құндылықтар қамтылған. Ең маңыздысы – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен әділетті қоғам құндылықтарының нақты бекітілуі екені атап өтілді.Сондай-ақ, Айдар Құлжанов алдағы референдумның маңызына тоқталып, бұл халықтың ел тағдырына қатысты тарихи шешімді бірге қабылдайтын маңызды кезең екенін айтты.– Жаңа Конституция жобасын талқылау – жай ғана мәтінді қарау емес. Бұл елдің болашаққа қандай құндылықтармен қадам басатынын айқындау. Сондықтан бұл үдерістен шет қалмауымыз қажет, – деді ол.Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық санасын арттырып, қоғамның ел дамуына белсенді қатысуына ықпал ететінін атап өтіп, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді 10.02.2026
Шымкент қаласында медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Маңызды басқосуға басқарма басшысы Қайрат Қалибеков, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары қатысты.Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы медицина саласының өкілдеріне кеңінен таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құжаттың ел дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленгенін атап өтті.Жиынға қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына негізделген, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар медицина қызметкерлерінің ерекше назарын аударды.Талқылау барысында Конституция жобасының 32-бабына, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы мен оны іске асыру тетіктеріне айрықша мән берілді. Жобаға сәйкес, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары екі негізгі бағытта қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек алу құқығы сақталып, сондай-ақ заңнамада көзделген тәртіппен ақылы медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.Қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің әлеуметтік маңызына тоқталып, медицина қызметкерлерін жобаны қолдауға шақырды.– Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы бұрынғыдай заңда белгіленген көлемде сақталады. Ұсынылған өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді нақтылап, оларды құқықтық тұрғыдан нығайтуға бағытталған. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына оң серпін береді, – деді ол.Сонымен қатар, жиында жаңа Конституция жобасының адамға бағдарланған құжат екені ерекше атап өтілді. Онда адам құқықтары мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалған. Денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларына ерекше мән берілуі де осы бағыттың нақты көрінісі екені айтылды.Қорытынды сөз сөйлеген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе жан-жақты зерделенгенін атап өтті.– Көптеген мемлекеттерде азаматтардың медициналық көмекке құқығы конституциялық кепілдіктер мен салалық заңнаманың үйлесімі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан да осы озық тәжірибені негізге алып отыр. Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – денсаулық сақтау саласының құқықтық негізін күшейту, қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерді сақтау және медициналық көмектің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау мемлекеттің азамат алдындағы негізгі жауапкершіліктерінің бірі ретінде айқын бекітіліп отыр, – деді ол.Жиын қорытындысында медицина саласының өкілдері жаңа Конституция жобасы азаматтардың денсаулық сақтау құқығын қорғауға, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға оң ықпал ететініндігін атап өтіп, жаңа Ата заң жобасына қолдау білдірді.