Қоғам
Жаңа жыл қарсаңында – игі іс 29.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында – игі ісЖаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің ұжымы атынан ауылымыздағы бір отбасыға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – көмек қажет ететін жандарға қолдау көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлау.Ұжым мүшелері бірлесе атсалысып, қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осындай ізгі істер арқылы мейірімділік, адамгершілік құндылықтары дәріптеліп, жақсылық жасау дәстүрі жалғасын табуда.Жаңа жыл әр отбасыға шаттық, береке мен үміт әкелсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-shaken/press/news/details/1134453?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары кезекті сессияда жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, оларға өзгерістер енгізді. 29.12.2025
Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары кезекті сессияда жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, оларға өзгерістер енгізді.Атап айтқанда, қала тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету бөлігінде өзгерістер енгізілді. Азаматтардың осал санаттарын әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында қаланың әлеуметтік осал тұрғындарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде көрсетілетін көмекті есептеуде өзгерістер және тұрғын үй көмегін көрсету бойынша құжаттарды қарау мерзімдерін 8-ден 6 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделеді.Бұдан басқа, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй сертификаттарын беру туралы шешім жобасы қаралды. Тұрғын үй сертификатының бірыңғай мөлшері 1 500 000 теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарнаны ішінара жабуға мүмкіндік береді және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін елеулі қолдау болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1134367?lang=kk
Агенттік екінші деңгейдегі банктің келесі басшы қызметкерін келісіп бекітті 29.12.2025
Баталов Жалғас Қуандықұлы «КАЗАХСТАН-ЗИРААТ ИНТЕРНЕШНЛ БАНК» ЕБ АҚ атқарушы орган басшысының орынбасары лауазымына келісіп бекітілді (26.12.2025ж. №101/БВУ/П хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1134371?lang=kk
Қазақстан Грузияда инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстырды 29.12.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 26 желтоқсан - Елшілік Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктеріне арналған конференция өткізді.Іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі іскер топтарының мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірді.Конференция барысында қатысушылар Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі бағыттары, елдің инвестициялық климаты және мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Астана халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, IT-технологиялар сияқты салалардағы 120-дан астам қазақстандық өнім түрлері ұсынылды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана грузиялық бизнес-сектор Қазақстан экономикасына 130 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Бұл грузиялық инвесторлардың жоғары деңгейдегі сенімі мен қазақстандық нарыққа тұрақты қызығушылығын айғақтайды.Сонымен қатар, Грузия Ұлттық статистика қызметіне сәйкес, 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша екі мемлекет арасындағы өзара сауда көлемі 925,6 млн, АҚШ долларына жетті. Аталған көрсеткіш берік сауда-экономикалық байланыстар туралы куәландырады және Қазақстанның Грузияның негізгі және сенімді сыртқы сауда серіктестерінің бірі ретіндегі мәртебесін растайды.Конференция пікір алмасудың, жаңа іскерлік байланыстар орнатудың және экономикалық серіктестікті кеңейтуді талқылаудың тиімді алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1134374?lang=kk
Шаттық пен қуанышқа толы жаңа жылдық кеш 29.12.2025
Бүгін аудан әкімінің ұйымдастыруымен білім саласында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.Мерекелік кешке аудан әкімі қатысып, балаларды Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде балақайлардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың білімді, зерек, өнерлі болып өсуіне әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.– «Қашанда адамзат үшін бала бақыты бәрінен қымбат саналған. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің саналы жас ұрпағына жағдай жасау мақсатында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Мен өздеріңе осы мерекеде бақытты балалық шақ тілеймін. Алдағы жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Әрбір баланың болашағы жарқын, жолы ашық болғай», – деді аудан әкімі.Биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен 216,9 млн. теңгеге білім саласында 3 орта мектеп, 1 бөбекжай-бақшада және5 мектеп жанындағы спорт алаңдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Бұл ел келешегі балаларымыз үшін жасалған үлкен қамқорлық, айрықша қолдау.Салтанатты шара Аяз ата мен Ақшақардың келуімен жалғасып, бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.Сондай-ақ шарада аудан әкімінің атынан барлық балақайларға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, мереке ерекше көңіл-күймен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1134307?lang=kk
Қамқорлық пен мейірімге толы жаңа жыл мерекесі 29.12.2025
Бүгін аудан әкімінің бастамасымен ауданымыздың ерекше балаларына арналған Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Шара балақайларға шаттық пен қуаныш сыйлап, жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алуға мүмкіндік берді.Аудан әкімі бүлдіршіндерді мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді:-Енді санаулы күндерден кейін Тәуелсіз елімізге толайым табыстар әкелген жылан жылымен қоштасып, жаңа 2026 жылқы жылын қарсы аламыз. Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар күтеміз. Алдағы жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін.Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен табыс тілеймін,- деді Жандос Еркінбек.Шарада бүлдіршіндерге аудан әкімінің атынан мерекелік сыйлықтар да табыс етіліп, жас өрендердің жан-жақты дамуы жолында әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.Мерекелік кеште ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар көрсетіліп, Аяз ата мен Ақшақар балаларды ойын-күлкіге бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1134308?lang=kk
Төретамда ерекше балаларға жаңа жылдық шырша өтті 29.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында Төретам кентінде ерекше балалар үшін арнайы мерекелік шырша ұйымдастырылды.Бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлаған мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, ізгі тілегін білдірді.-Ата-ананың ең үлкен мерейі – баласының жақсы азамат болып өсуі десек, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты-білімді де, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Алдағы жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Әрбір баланың болашағы жарқын, жолы ашық болсын,- деп мерейлі мерекемен құттықтады.Сондай-ақ кемел келешекке бастар балаларға естелік сыйлықтар да табысталып, мерекеге ерекше жылулық сыйлады.Шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен қызықты ойындар өтті. Ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1134311?lang=kk
Болгарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 29.12.2025
Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Болгария Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Георги Воденскиден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-болгар серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективаларын талқылады.Сұхбаттастар Болгария Республикасының Президенті Румен Радевтің Астанаға өткен ресми сапары (2025 жылғы 8-9 маусым) және Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы (София қ., 2025 жылғы 19-20 мамыр) аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударды.Сонымен қатар дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында Ә.Бақаев Елшіге Қазақстандағы дипломатиялық миссиясына табыс тіледі. Өз кезегінде Болгария Елшісі көрсетілген ізетке алғысын білдіріп, Астана мен София арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1134301?lang=kk
Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті 29.12.2025
Жаңа 2026 жыл – Жылқы жылы мерекесі қарсаңында «Руханият» орталығында ауданда дәстүрге айналған аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті.Салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жас өрендерді Жаңа жылмен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы жетістіктеріне ризашылығын білдірді.-Біз «Бала - болашағымыз» - деп, әр баланың бақытты болуы үшін барлық игілікті қадамдарды іске асыруға дайынбыз. Сондықтан бүгінгі мерекелік шара, естелік сыйлықтар бәрі де сіздер үшін! Ұлағатты ұрпағымыздың лайықты өмір сүруіне, жақсы білім алуына жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз.Қорқыт атадан бастау алған киелі Қармақшы топырағында дүниеге келу бәрімізге үлкен мақтаныш! Сондықтан сіздердің білімді де білікті азамат болып өсіп, ауданымызды әлемге танытып, өркендеуіне үлес қосатындарыңызға сенемін.Алға қарай ұмтылып, асуларды талмай бағындыра беріңіздер,- деді аудан басшысы.Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған қызықты ойындар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар, көңілді ән-күй мен би өнерлері ұйымдастырылды. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шара соңында әрбір балаға аудан әкімінің атынан арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1134303?lang=kk
Мемлекет микро және шағын бизнеске жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді 29.12.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдерге қатысты салық міндеттемелерін жеңілдету енгізіледі.Не өзгереді:1️. Өткен жылдар бойынша тексерулер азаяды• камеральды тексерулер (есептілікті автоматты бақылау) жүргізілмейді;• сол кезеңдерге салықтық тексерулер тағайындалмайды.Шектеулер:Шаралар келесі жағдайларға қолданылмайды:• 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған есептілік (соның ішінде 4-тоқсан және 2025 жылдың II жартыжылдық есептері);• бейрезиденттермен байланысты міндеттемелер;• қылмыстық істер және прокуратура талаптары;• кәсіпкерлердің өз арыздары бойынша тексерулер.2️. Сотқа жүгіну тоқтатылады• 2026 жылға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді;• 2026 жылға дейін жүргізілген бизнес тіркелімін немесе қайта тіркелімін жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді.3️. Қарапайым тәртіппен тарату2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша қызметті тоқтату камеральды бақылаусыз жүргізіледі.4️. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар;- бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.5️. Әкімшілік жауапкершілікМикро және шағын бизнес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі айналымдар бойынша міндетті ҚҚС тіркеу талаптарын орындамағаны үшін;• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдер бойынша салық есептілігін тапсырмағаны үшін.https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1134101?lang=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1134255?lang=kk
Микро және шағын бизнеске салықтық жүктемені азайту. 2026 жылы — «таза парақтан» 29.12.2025
Жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені төмендету мақсатында микро және шағын бизнес үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылданды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы санаттағы бизнеске 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық әкімшілендірудің жекелеген мәселелері бойынша жеңілдіктер енгізіледі.Енгізілетін қолдау шаралары:Өткен жылдардағы салықтар бойынша салықтық тексерулер саны азаяды:- камеральдық тексерулер (есептілікті автоматты түрде тексеру) жүргізілмейді; - аталған кезеңдер бойынша салықтық тексерулер тағайындалмайды. Бұл шаралар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін ұсынылған салықтық есептілікке (яғни қосымша есептіліктерге, 2025 жылдың IV тоқсаны мен II жартыжылдығы үшін тапсырылатын кезекті есептіліктерге), бейрезиденттерге қатысты міндеттемелерге, қылмыстық істер мен прокуратура органдарының талаптары болған жағдайда, сондай-ақ кәсіпкердің өзінің шағымы негізінде жүргізілетін тексерулерге қолданылмайтынын білу маңызды.Сотқа: - 2026 жылға дейін микро және шағын бизнес арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша; - 2026 жылға дейін жүргізілген бизнесті тіркеу немесе қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша жүгіну тоқтатылады.Оңайлатылған тарату.Салық төлеушілер үшін қызметті жеңілдетілген тәртіппен тоқтату (2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер бойынша) камеральдық бақылаусыз жүзеге асырылады.Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар; - бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.Әкімшілік жауапкершілік.Микро және шағын бизнес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар үшін міндетті түрде ҚҚС бойынша есепке қоймағаны үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.Кәсіпкерлер өткен кезеңдер үшін тексерулерсіз бизнесті алаңсыз жүргізе алады, себебі әкімшілік және қаржылық жүктеме төмендейді, нәтижесінде аталған санаттағылар салықтық дауларға емес, бизнесті дамытуға және жаңа кезеңді «таза парақтан» бастап ағымдағы процестерді түзей алады. Қазіргі уақытта «Камеральды бақылаусыз ликвидация және қызметті тоқтату, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды кешіру» ережелері әзірленіп жатыр және ашық НҚА порталында жарияланатын болады.Осы шаралардың негізгі мақсаты — микро және шағын бизнесті қолдау, жүргізіліп жатқан реформаларға бейімделу кезеңінде көмек көрсету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1160529?lang=kk
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! 29.12.2025
Өтіп бара жатқан жыл ел дамуы мен қоғам игілігі жолында маңызды жетістіктерге толы болды. Алдағы жыл әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ пен тұрақтылық, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктер әкелсін.Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Жаңа жыл игі бастамалар мен асқақ мақсаттардың жүзеге асатын жылы болсын!Жаңа жыл құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1134274?lang=kk
Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралды 29.12.2025
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ЖІӨ өсу параметрлері талқыланды. Алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда салалары, өнімдер мен сусындар өндірісі экономикалық өсуге негізгі үлес қосуы тиіс.Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы қорытынды бойынша нақты көлем индексі (НКИ) 6% деңгейінде өсуі мүмкін. 2026 жылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде болады деп белгіленді.Өңдеу саласының негізгі драйвері саналатын металлургияда өндірістің өсуі 2026 жылы 3% деңгейінде жоспарланып отыр. Өнім көлемі, ең алдымен, биыл және былтырлары іске қосылған Kyzyl Aray Copper, EkibastuzFerroAlloyse, Kazferrolimited, Shagala Mining және тағы да басқа зауыттардың жобалық қуатының артуы есебінен ұлғаяды. Қара металлургияда ферроқорытпа, болат, жалпақтап жаймаланған темір мен шойын өндірісін, түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий, мырыш өндірісін ұлғайту жоспарлануда.Машина жасауда 2026 жылғы жоспарлы өсу көрсеткіші 13,4% деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткішке биыл іске қосылған «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС және «KIA Qazaqstan» ЖШС арқылы жеңіл автомобиль өндіру көлемін 17%-ға ұлғайту есебінен қол жеткізілмек. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы техникасын шығару 5%-ға өседі деп жоспарланған.Бір айта кететіні, 2025 жылдың қорытындысында 436,5 мың бірлік тұрмыстық техника шығарылмақ. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Теледидар, кір жуғыш машина, плита пеш және тағыда басқа тұрмыстық техниканы Қазақстанда ««SILK ROAD ELECTRONICS» ЖШС, «АЛМАТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫ» ЖШС және «DS Multimedia CA» ЖШС шығарады. 2026 жылы тұрмыстық техниканы 2025 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өндіру жоспарлануда.2026 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде. Ол күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны секілді жаңа қуаттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады.Құрылыс материалын өндіруде биыл отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-ға жетті. 2026 жылы бұл секторда НКИ 6%-ға өсуі ықтимал. Портландцемент, керамикалық тақтайша, темірбетон мен тауарлық бетон өндірісі драйверге айналады. Резервтер арасында Шымкенттегі керамикалық тақтайша шығаратын жаңа зауыт пен цемент зауыты бар. 2025 жылы цемент өндірісі рекордтық көлемде өседі. 2026 жылы кәсіпорындар жобалық қуатына шыққан сайын өсу де жалғасады.Сауда саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы номиналдық мәнде 108,9%-ға дейін өспек. Бұл шамамен 80,3 трлн теңге (+14,6%). 2026 жылғы нысаналы көрсеткіш 106,5% өсіммен 92,4 трлн теңгені құрайды.Өсім мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін сақтау, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеудің ауқымды бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағдарланған төрт ірі B2B алаңының жұмысын толықтай бастау арқылы жүзеге асырылады.Ауыл шаруашылығында 2026 жылы азық-түлік және сусын өндірісінде жоғары өсім болуы мүмкін. Ол тиісінше 109% және 109,3%-ды құрамақ.Кеңес соңында вице-премьер орталық мемлекеттік органдарға өнеркәсіптік өсудің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізіп, негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін, қосымша резервтерді пысықтап, ауыл шаруашылығында, сауда мен көлікте тұрақты өсу серпінін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, салаларды дамытудың жол картасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1134250?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1134945?lang=kk
2025 жылдың 25 желтоқсанында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. 29.12.2025
Отырыста 2026 - 2028 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы, сондай - ақ «Мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыру туралы» Меңдіқара ауданы білім бөлімінің есебі қарастырылды.Бюджеттің жобасын Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашова ұсынды. Толық айтқанда 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптары сақталды. Бюджет әлеуметтік бағытқа ие. Басым бағыттары сақталды, олар: жолдарды жөндеу, абаттандыру, елді мекендерді жарықтандыру және тағы басқалар. Қоғамдық кеңестің мүшелері барлық қойылған сұрақтар бойынша нақты есептер алынды. Ауданның Қоғамдық кеңесі бюджеттің жобасы бойынша ескертулері, ұсыныстары мен өзгерістері жоқ. Бюджет аудандық мәслихаттың сессиясында қарастыру үшін ұсынылған.Мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыру туралы аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі әдіскері А.М. Ғалиева баяндады. Кеңес мүшелері ауданда мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыруда оң теңденциясы байқалатынын атап өтті. Балабақшалармен қатар барлық мектептер жанында шағын орталықтар жұмыс істейді, толық күнге келумен, сондай - ақ толық емес келумен де бар. Білім бөлімінің деректері бойынша мектепке дейінгі білім берумен 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың қамтуы 100 пайыздық қамтылған. Тәрбиелеумен тәжірибелі педагогтар - тәрбиешілер айналысады. Тәрбиелік процессті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Қарастырылатын сұрақты талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері аудандық білім бөліміне мектепте балаларды дайындау сапасын көтеруге, мектепке дейінгі мекемелерде температуралық режимді сақтауға назар аударды, шалғай елді мекендерінен шағын орталықтарға балаларды тасымалдауды ерекше бақылауда ұстау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1134253?lang=kk
2025 жылы eLicense.kz порталы арқылы қазақстандықтарға 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді 29.12.2025
«Е-лицензиялау» платформасы 2025 жылы азаматтар мен бизнес үшін өз мүмкіндіктерін дамытуын жалғастырды. Жыл басынан бастап пайдаланушылар 3 миллионнан астам лицензия мен рұқсат алды, ал порталдың күнделікті аудиториясы 30 мыңнан асты. Бұл цифрлық қызметтерге деген қызығушылықтың жоғары екенін және лицензиялау саласында олардың сұранысқа ие екенін көрсетеді.«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Жүйе лицензиялар мен рұқсат құжаттарының толық өмірлік циклін қамтиді, өтінім беру сәтінен бастап нәтижені алу кезеңіне дейін. Сонымен қатар жүйе процедуралардың ашықтығын, өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқартуды және әкімшілік жүктемені азайтуды қамтамасыз етеді.«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейту жұмысы тұрақты жүргізіліп келеді. 2025 жылы платформаға 8 жаңа мемлекеттік қызмет қосылды. Білім беру қызметін лицензиялау рәсімдері барлық деңгейде – бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру – цифрлық форматқа көшірілді. Сонымен қатар, балаларға арналған қосымша білім беру саласында қызметті бастау және тоқтату туралы хабарландыру сервисі іске асырылды.Қызметтер тізімін кеңейту басқа салаларды да қамтыды. Жыл ішінде пайдаланушылар отандық шикізат өнімдерін экспорттауды лицензиялау және техникалық бақылау операторларының қызметіне рұқсат алу бойынша онлайн қызметтерге қол жеткізді. Сонымен қатар, платформада SMS-хабарламалар сервисі іске қосылды, ол пайдаланушыларға лицензиялар мен рұқсат құжаттарының мерзімі жақындағанын алдын ала хабарлауға мүмкіндік береді, бұл жүйемен өзара әрекетті әлдеқайда ыңғайлы етеді.eLicense.kz платформасында ең көп қолданылатын қызметтер:Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама – 684 689 рет көрсетілген;Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру – 360 169 рет;Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру – 306 228 рет.Сонымен қатар, 2025 жылы порталда бес мемлекеттік қызмет проактивті форматқа көшірілді. Бұл форматта құжаттарды қайта рәсімдеу мемлекеттік органдар мен өтініш берушілердің қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі. Мұндай тәсіл нәтиже алуды жылдам әрі ыңғайлы етеді.Порталда 12 мемлекеттік қызмет үшін автоматты түрде қол қою режимі де іске қосылды. Бұл режим сыртқы экономикалық қызмет, тауар биржаларын лицензиялау, құрылыс және техникалық қадағалау саласындағы заңды тұлғалар мен ұйымдарды аккредиттеу, жобаларды басқару, спорт және дене шынықтыру саласындағы қызмет, табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылық нысандарын реттеу сияқты салаларды қамтиды. Автоматты түрде қол қою арқылы өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған соң, мемлекеттік органдардың қатысуынсыз қызмет нәтижесін бірден алады.Қызметтер тізімін белсенді кеңейту пайдаланушылар белсенділігінің тұрақты өсуімен қатар жүрді: 2025 жылдың соңына қарай eLicense.kz жүйесінде 4,2 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы болды, оның 4 миллионы жеке тұлғалар, 250 мыңы заңды тұлғалар. Жыл ішінде платформаға 420 мың жаңа пайдаланушы қосылды, ал портал арқылы жалпы 3,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Орта есеппен күн сайын платформаның қызметтерін шамамен 30 мың адам пайдаланады, бұл цифрлық қызметтердің мемлекеттік қызмет алуда жоғары сұранысқа ие екенін растайды.eLicense.kz платформасы пайдаланушылардың қажеттіліктері мен мемлекеттік реттеу міндеттерін ескере отырып, дамуын жалғастыруда. Функционалды кеңейту және пайдаланушы сценарийлерін жеңілдету лицензиялар мен рұқсаттарды алу процесін мүмкіндігінше жылдам әрі ыңғайлы етіп, толықтай цифрлық форматқа көшіреді. © Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-usttalovka/press/news/details/1141092?lang=kk
Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті 29.12.2025
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 01.01.2025ж. мен 30.11.2025ж. аралығында халыққа шамамен 39,5 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,4 млн-ы электрондық форматта, 13,8 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,8%-ын құрады. Салымшыларға 858,1 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 835,6 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,4 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 26,5 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 3,5 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 75,4 мың өтініш қабылданып, оның 72,7 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған. 2025 жылдың басынан бастап 11 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 123,1 мың өтініш қабылданды. Оның 115,2 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 47,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 983,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 39,3 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 473,6 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1134283?lang=kk
Астанада ХҚКО филиалдарының директорлары мен жүйе ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті 29.12.2025
Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген Халыққа қызмет көрсету орталықтары филиалдарының директорларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметтер жүйесіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, сала өкілдерінің еңбегін бағалауға арналды. Салтанатты рәсім барысында ХҚКО филиалдарының директорлары жоғары кәсібилігі, тиімді басқаруы және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін грамоталармен және медальдармен марапатталды.Сонымен қатар, ХҚКО жүйесінің ардагерлері де назардан тыс қалмады. Жүйенің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагер қызметкерлердің көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын енгізуге қосқан үлесі жоғары бағаланды.Аталған іс-шара мемлекеттік қызметтер саласында еңбек етіп жүрген барлық мамандарға құрмет көрсетудің және тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1134181?lang=kk
Жамбыл облысында Қорғаныс министрі Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақтаны ашты 29.12.2025
Салтанатты іс-шара Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Бұл жерде Тараз гарнизонының тау қорықшылары жеке полкі орналасқан.Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған салтанатты жиында Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов мемориалдық тақтаны ашты.Іс-шараға полк басшылығы, жеке құрамы, шақырылған қонақтар және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Қорғаныс министрі Жамбыл облысы Әлішер Қырықбайұлы, Әуесбай Көмекбайұлы, Әмір Жаңабайұлы, Мақсат Тұрарұлы, Мұхит Балмағамбетұлы, Тілеужан Қуатжанұлы және Мақсат Құрманғазыұлы сынды батырларымен мақтана алатынын атап өтті.Оның айтуынша, бұл батырлар – өз халқына адал қызмет еткен, Отан қорғаған нағыз патриоттар. Қазақстандықтар ержүрек жауынгерлер мен Бауыржан Момышұлының ерлігін ұмытпайды. Оған Халық қаһарманы атағының берілуі – халықтың батырдың ерлігіне деген зор құрметінің айқын көрінісі.Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін) Халық қаһарманы атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1134020?lang=kk
"Самар ауданы әкімінің округ тұрғындарымен кездесуі" 29.12.2025
Желтоқсан айында Самар ауданы әкімінің Миролюбовка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті, Ашық диалог барысында халықты толғандыратын мәселелер, инфрақұрылымды дамыту және аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды. Тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1133993?lang=kk
eLicense.kz порталындағы SMS-хабарламалар қазақстандықтарға рұқсат құжаттары мен лицензияларды уақытында ұзартуға көмектеседі 29.12.2025
eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді.Бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді.SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі.Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз».МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушылардың назарына: SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландыруы болып табылады.Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады.SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады:Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі;Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы;II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару.Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1133999?lang=kk