Қоғам
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагері Леонид Подколзинді 99 жасқа келуімен құттықтады 19.08.2025
Ардагерді Наурызбай ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ қалалық филиалы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин құттықтап барды. Олар майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтауын тапсырып, қарияға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрі қарт майдангерге соғыс жылдарындағы шығармаларды орындап берді.Леонид Подколзин Новосібір облысының Тула селосында дүниеге келген. Беларусь майданында зеңбірекші болып соғысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Георгий Жуков және басқа да медальдармен марапатталған.Соғыстан соң сержант шенімен Кенигсбергке жіберіліп, әскерге шақырылушыларды артиллериялық іс бойынша оқытты. 1952 жылы Алматыға көшіп келіп, машинистің көмекшісі, жүргізуші болып жұмыс істеді, депо шеберханасын басқарды.Леонид Никитович соғыс туралы аз айтады. Көбіне өз ойлары мен сезімдерін проза не өлең тілінде қағазға түсіреді. Шығармаларында өмірдің мәні, адамгершілік және Отанға деген сүйіспеншілік туралы айтылады.Ардагердің қызы мен ұлы, үш немересі және төрт шөбересі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053226?lang=kk
Құрметті шекара қызметінің ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері! 19.08.2025
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Шекара қызметі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік шекараны қорғау — бұл жай ғана міндет емес, бұл елдің егемендігі мен азаматтарының тыныштығын қорғауға әрқашан дайын болуды талап ететін аса жауапты әрі құрметті қызмет.Шекара қызметінің ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз — сіздердің ерлікке толы қызметтеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен жарқын үлгілеріңіз жас буын шекарашылар үшін шабыт көзі болып қала береді.Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық, тыныш қызмет, бейбіт аспан және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1053196?lang=kk
ҚР Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеуде "Спасск мұнарасы" фестивалінде өнер көрсетеді 19.08.2025
XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы" әскери-музыкалық фестиваліне аттанып жатқан қатысушыларымен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев кездесті.– Сіздер ең танымал орындардың бірінде өнер көрсеткелі тұрсыздар. Әр нотамен, қимылмен және көзқараспен көрермендерге еліміздің біртұтастығын және оның ерекше мәдениетін жеткізулерің керек. Сіздерге шалқыған шабыт тілеймін және өнерлеріңді жарқын әрі үйлесімді көрсетеді деп сенемін, – деді вице-адмирал С. Борамбаев.Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы алғаш рет "Спасск мұнарасы" фестиваліне қатысуда. Әскери музыкалық өнер мерекесінде Беларусь, Буркина-Фасо, Италия, Моңғолия, БАӘ, Сербия, Эфиопия және өзге елдердің оркестрлері де өнер көрсетеді деп күтілуде.Қазақстандық делегация құрамында Орталық әскери оркестр, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы, би тобы және Орталық ансамбльдің фольклорлық-этнографиялық оркестрі де бар.Фестивальде әскери музыканттар қазақстандық композиторлардың туындыларын айтады. Олар Темірхан Қожабековтың "Торжественное шествие", Нұрғиса Тілендиевтің әуендерінен попурри, әйгілі "Әлия" және "Я шагаю по Москве" әндерін орындайды. Фольклорлық-этнографиялық оркестрдің бишілері "Ақсауыт" би композициясымен өнер көрсетеді.– Біз көрерменге классикалық, заманауи және ұлттық музыканың әсем әуезін көрсетіп, сол арқылы мәдениетіміз бен дәстүріміздің өзіндік ерекшелігін жеткізуге тырысамыз. Әрине, Отанымызға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті жеткізу бастысы, – деді ҚР Қарулы күштері әскери-оркестр басқармасының бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов.Естеріңізге сала кетсек, "Спасск мұнарасы" фестивалі биыл 22-31 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық делегацияның оған қатысуы халықаралық ауқымды мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті арттырудың символы болмақ. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әскери музыкалық мәдениетті ілгерілетуге ықпал ететін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053184?lang=kk
Бізде керемет жаңалық, мүгедектік арбамен қозғалатын тұлғалар үшін әлеуметтік жоба іске қосылды 19.08.2025
Бізде керемет жаңалық, Қарағанды қаласында мүгедектік арбамен қозғалатын тұлғалар үшін әлеуметтік жоба іске қосылғанын хабарлаймыз!Тапсырыс бергіңіз келсе, +7 771 981 68 11 телефон нөміріне хабарласа аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1053129?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитетінің чат- ботында декларациялауға қатысты сұрақтарға жауаптар беріледі 19.08.2025
Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді. Осы бөлімге кіру үшін QR кодын пайдалануға болады.Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;- салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз! https://t.me/SalyqBot?start=help_declАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053139?lang=kk
Қостанайда алғаш рет шекарашылардың саптық байқауы өтті. 19.08.2025
16 тамызда Қостанай Жеңіс саябағында алғаш рет қала тұрғындарының алдында Шекара Қызметі әскери қызметшілерінің саптық байқауы мен жауынгерлік есебі өтті.Іс-шараға облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері қатысты. Олар шекарашыларды шекарашылар күнімен құттықтап, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1053142?lang=kk
Қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады 19.08.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады. Бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен - 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады.Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді. Атап айтқанда, Астанада тұтынушыларға 224,5 млн теңге, Алматыда - 74,2 млн теңге, Қарағанды облысында - 457,0 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 257,2 млн теңге, Маңғыстау облысында - 176,7 млн теңге, Қостанай облысында - 106,9 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында - 74,8 млн теңге, Ақмола облысында - 44,3 млн теңге, Павлодар облысында - 34,8 млн теңге, Қызылорда облысында - 23,9 млн теңге, Ақтөбе облысында - 24,1 млн теңге, Жамбыл облысында - 21,4 млн теңге, Абай облысында - 19,9 млн теңге, Атырау облысында - 11,0 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы - 3,4 млн теңге, Алматы облысында - 0,5 млн теңге, Түркістан облысында - 0,1 млн теңге, ал Жетісуда - 0,03 млн теңге қайтарылады.Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған.Айта кету керек, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілді, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.Осылайша, жүргізілген жұмыс бүкіл ел бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің ашықтығы мен есеп айырысудың әділдігін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіне алады:Астана - (7172) 79-58-97;Алматы - (727) 279-31-39;Шымкент - (7252) 32-15-07;Абай облысы - (7222) 52-17-91;Ақмола облысы - (7162) 50-43-63;Алматы облысы - (7273) 05-91-29;Атырау облысы - (7122) 21-10-38;Ақтөбе облысы - (7132) 55-73-38;Шығыс Қазақстан облысы - (7232) 61-04-88;Жамбыл облысы - (7262) 45-94-68;Батыс Қазақстан облысы-(7112) 24-01-76;Қарағанды облысы - (7212) 90-03-40;Қостанай облысы - (7142) 54-28-76;Қызылорда облысы - (7242) 26-22-93;Маңғыстау облысы - (7292) 42-16-20;Павлодар облысы - (7182) 32-12-02;Солтүстік Қазақстан облысы - (7152) 53-42-55;Түркістан облысы - (7253) 35-30-12;Ұлытау - (7102) 76-07-24;Жетісу - (7282) 24-28-05.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1053124?lang=kk
«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» тақырыбына семинар өткізілді. 19.08.2025
2025 ж.18.08. Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» тақырыбына Солтүстік Қазақстан облсысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушыларымен семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1053097?lang=kk
Е-salyq Azamat мобильді қосымша 19.08.2025
«E-salyq Azamat» – электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ақпараттандыру және оларды төлеу мүмкіндігін беру үшін әзірленген.Бұл мобильді қосымшасының арқасында, салық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салық берешектерін төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің филиалдары барудың қажеті жоқ, өйткені қазір мұны онлайн режимде жүзеге асыруға болады.Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің алдыңғы төлемдер үшін қолданбалы функциясы, алдағы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетеді және осылайша салық берешегінің алдын алады.Сондай-ақ, «е-салық Азамат» қосымшасында «Салық төлеушілерді іздеу» және «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу», тұлғаның салықтық тіркелуін тексеруге мүмкіндік береді.«е-salyq Azamat» қосымшасы арқылы келесі: активтер мен міндеттемелер бойынша (250,00), табыс пен мүлік бойынша (270,00), жеке табыс салығы бойынша (240,00), жер салығы және мүлік салығы бойынша (700,00) декларацияларын тапсыруға болады."Е-salyq Azamat" мобильді қосымшасын App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады, ал оған ЭЦҚ, sms-пароль (егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз) арқылы авторизациялауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053098?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аудармалар бойынша Telegram чат 19.08.2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Telegram» мессенджерінде «МКК Жалпыға бірдей декларациялау_мобильді аударымдар» чаты құрылғанын хабарлайды.Чат жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беру үшін құрылды.Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады.Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODkyСондай-ақ, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталықтар бар.Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі.Мемлекеттік кірістер басқармаларының мекенжайлары мен телефондары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында(https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/otvetstv_dgd_po_oblasti_dlya_razm.xlsx) және Telegram чатта орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053055?lang=kk
МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 19.08.2025
«Отандастар қоры» КЕАҚ Шетелдегі отандастарды ақпараттық қолдау орталығының WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі байланыс нөмірі ауысты. ЖАҢА НӨМІР: +7 708 903 8217Бұл нөмір арқылы сіз енді WhatsApp пен Telegram мессенджерлері арқылы байланыса аласыз.Сонымен қатар 1404 - барлық қазақстандық мобильді операторлар үшін тегін 8 800 080 1404 - Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін +7 (7172) 98 1404 - халықаралық қоңыраулар оператор тарифімен komek@oq.gov.kz - электрондық пошта арқылы да хабарласа аласыз Толық ақпарат: oq.gov.kz | erulik.kz Instagram: @otandastar_qoryАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1053004?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары гарнизондардағы цифрлық офицерлердің жұмысын тексерді 19.08.2025
Абай және Аягөз гарнизондарында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің нәтижелілігін зерделеді. 28738, 10810 әскери бөлімдерінде ол жауынгерлік дайындықты есепке алу мен талдауды ақылды жоспарлайтын «Бес қару» бағдарламалық модулін тәжірибелік пайдалану барысын тексерді.Жаңа модул іске қосылысымен барлық деңгейдегі қолбасшылық жекелеген әскери қызметшілердің де, бөлімшелердің де дайындық барысы туралы сенімді ақпарат ала алады. Жасанды интеллект таңдалған кезеңге терең талдау жүргізіп, атыс, физикалық немесе арнайы дайындық сияқты нақты көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсыныстар береді.Бағдарламалық модульді тестілеу Абай, Аягөз және Жетісу гарнизондарының әскери бөлімдерінде де өтуде. Оны енгізу жеке құрамның оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін болады.Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиев 36803 әскери бөлімінің әкімшілік аумағына бейнебақылау ұйымдастыруды тексеріп, оны өрістетуге бұйрық берді. Келесі қадам осы бөлімнің әскери техника паркінің аумағын бейнекамералармен жабдықтау болып отыр.Жергілікті әскери басқару органындағы цифрлық трансформациясының негізгі аспектілері туралы министрдің орынбасарына Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров баяндады. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қарулы күштердің қызметіне ақпараттық жүйелерді уақтылы және сапалы енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053010?lang=kk
Қазақстан Елшісі Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысымен кездесті 19.08.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 18 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Дүниежүзілік ислам лигасының (ДИЛ) Бас хатшысы шейх Мұхаммед Әбделкарим әл-Исамен кездесу өткізді.Кездесу барысында Бас хатшының елімізге алғашқы ресми сапары, сондай-ақ сапар аясында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысуы талқыланды.Сонымен қатар, Елші аталмыш сапардың Қазақстанның ДИЛ-мен тұрақты байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ дінаралық және өркениетаралық диалог бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.Өз кезегінде Бас хатшы Дүниежүзілік ислам лигасы мен Съезд Хатшылығы арасында орнаған өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ДИЛ өкілдері Съезд жұмысына тұрақты түрде қатысатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1052994?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 19.08.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 18 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Елшілікте Корольдіктің БАҚ өкілдерін қабылдады.Кездесуге «Сахм ньюс» электронды газетінің Бас редакторы Ахмед Өзайр мен «әл-Йаум ньюс» газетінің жетекшісі Мұхаммед әл-Жума қатысты.Тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы ақпаратты БАҚ арқылы кеңінен жариялаудың маңыздылығын талқылады. Елші еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері, мәдени және гуманитарлық бастамалары, сондай-ақ туристік әлеуеті жөнінде ақпараттарды тарату өзекті екенін атап өтті. Сонымен қатар, қыркүйек айында Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі туралы ақпаратты Корольдікте жариялау мақсатында пресс-тур ұйымдастырылатынын жеткізді.БАҚ өкілдері Қазақстан туралы сапалы әрі теңгерімді ақпарат таратуға өзара қызығушылық танытып, бірлескен бастамалар мен ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1052995?lang=kk
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы 19.08.2025
2025 жылғы 14-15 тамыз аралығында Қамысты, Денисов, Жітіқара аудандары мен Лисаков қаласы кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін бекітілген кесте шеңберінде Департамент басшысының орынбасары Б. Қашырбеков, сондай-ақ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» ТОП және Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалының өкілдері әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ еңбек тәуекелдерінің карталарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1052996?lang=kk
Қазақстан мен Гренада визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды 19.08.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 18 тамыз – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров және Гренаданың БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Ингрид Джексон Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.Халықаралық шарт екі елдің ресми тұлғалары мен дипломаттары үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіруді көздейді. Бұл қадам Қазақстан мен Гренада арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға және достық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған.Келісім белгіленбеген мерзімге жасалды және Тараптар тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдегі мекемелерімен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтарын визалық талаптардан босататын мемлекеттердің географиясын кеңейту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.Анықтама: Қазақстан мен Гренада арасындағы дипломатиялық қатынастар 2012 жылғы қарашада орнатылды. Гренада – Кариб теңізінің оңтүстік-шығысында аттас аралда және Кіші Антиль архипелагындағы алты іргелес шағын аралдарда орналасқан арал мемлекеті. Гренада экономикасының ең дамыған саласы – туризм. 2023 жылы елге 500 мыңнан астам турист келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1052999?lang=kk
2025 жылғы 18 тамыздан бастап жеке сектор мен жатын аудандарының тұтынушыларын ажырату 18.08.2025
ТП-264(ӘЖ-дегі жұмыстар)2025жылғы18-23тамызаралығында сағат 10:00-ден18:00-ге дейін Жекесектор:Хакімжанова көшесі 19-23,64-88,64/1-64/21, Кооперативнаякөшесі 66-86,78/1-78/9,86/2-86/8,68/1-68/6,Комаров көшесі 12-46,19/1-19/20,40/1-40/11,5Желтоқсан көшесі 72-90,82/2-82/12,64/12-64/18,62/1-62/10. ТП-37(ӘЖ-дегі жұмыстар)2025жылғы18тамызда сағат 10:00-ден13:00-ге дейін ЖКМизанбаева,"Аладдин"дүкені,"Контактцентр" ЖШС,Қайырбековкөшесі 75/1 бойынша БанкХоумКредит.Жатынсекторы: Әл-Фарабидаңғылы32,36аТП-572(ӘЖ-дегі жұмыстар)2025жылғы18-22тамызаралығында сағат 10:00-ден18:00-ге дейін "Аргали"дүкені,"Гламур"сұлулықсалоныЖекесектор:Наримановскаякөшесі 84-120, Кооперативная көшесі 1-39,11/1-11/14,Баймағамбетовкөшесі124-148, 134/1-134/12,148/2-148/12,Фроловкөшесі 74-134, 5Желтоқсан көшесі 3-27,Алтынсарин көшесі 59-93,59/1-59/14,Островский көшесі 16-26.КТП-712(Амангелдіт/ж)(ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025жылғы18-23тамызаралығында сағат 10:00-ден18:00-ге дейін Абайкөшесіндегі"Радуга"балабақшасы11/11.Жекесектор:Северная көшесі 1-23,Школьная көшесі 1-27,Абай көшесі 1-11/11,2/1,32/1,Энергетиктер көшесі 11-32.ТП-055(ӘЖ-дегі жұмыстар)2025жылғы18тамызда сағат 10:00-ден18:00-ге дейін Қайырбековкөшесіндегі"Солнечный"дүкені379.РП-4(ТП-дағы жұмыстар)2025жылғы19тамызда сағат 09:00-ден18:00-ге дейін №4мектеп, "Ахчин г"дүкені, Жатынсектор:Кубеевкөшесі 4,6,8,10,12,Киевская көшесі 7,11,Қайырбеков көшесі 353/3, Қобландыбатыр даңғылы 22,24а.ТП-Родник(ТП-дағы жұмыстар)2025жылғы19тамызда сағат 09:00-ден14:00-ге дейін Әл-Фарабидаңғылы111 бойындағы "Бүркіт"базарыТП-567 (ТП-дағы жұмыстар) 2025 жылғы 21 тамызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін "Виитор" ЖШС, ЖК Елемисов, ЖК Абаев, "Содружество" ЖШС, "Торгсервис КЗ" ЖШС, "Фермер ЛТД"ЖШС. Жатын секторы: Қарбышев көшесі, 47. ТП-638 (ТП-дағы жұмыстар) 2025 жылғы 22 тамызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін "Маленькая страна" балабақшасы, ЖҚС "Nº 5 эталоны", ЖК Рента, дүкені "Перекресток", "Запчасти", "Әлия", "Росток", "Достық"қонақ үйі, "Сливки" сұлулық салоны. Жатын секторы: 6 ш / а-д. 1,2,3 а. Бағдаршам: Арыстанбеков көшесі-көшесі Волынова Жеке сектор: 6 шағын аудан. 19-108 үй.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1052971?lang=kk
АҢДАТПА! «Арнайы салық режимдері бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді 18.08.2025
2025 жылғы 19 тамызда сағат 16:00-де mkd_aqmol Instagram парақшасында «Арнайы салық режимдері бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы " тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Айгүл Төлегенова өңдірістік емес төлемдер басқармасы бөлімінің басшысыМодератор – Айнұр Елікбаева түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1052900?lang=kk
Қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдердің негізгі принциптері 18.08.2025
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың халықаралық салық салу саласындағы құзыреттерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының Өңірлік салық орталығы BRITACEG кенсесінің қолдауымен 2025 жылдың 12-13 тамызында «Қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдердің негізгі принциптері» тақырыбында екі күндік вебинар өткізді. Вебинардың дәріскері ретінде – Бикокка университетінің (Милан, Италия) халықаралық салық құқығының профессоры, Deloitte халықаралық салық салу серіктесі доктор Стефано Грилли сөз сөйледі. Резиденттік қағидаты мен табыс көзі бойынша салықтық юрисдикцияның айырмашылығына, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы салықтық қақтығыстарды жоюдағы келісімдердің рөліне ерекше назар аударылды. Профессор Грилли заманауи халықаралық салық келісімдері қосарланған салық салу жағдайларының алдын алып қана қоймай, сонымен қатар келісім-шарттық шопинг схемаларын қоса алғанда, салық төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Ол DTT ережелерін дұрыс қолдану болжамды және қолайлы салық ортасын қалыптастыруға ықпал ететінін, халықаралық сауда мен инвестицияларды ынталандыратынын және мемлекеттер мен салық төлеушілер арасындағы салық дауларының қаупін азайтатынын атап өтті. Дәріс қатысушыларға салық салу саласындағы ұлттық және халықаралық нормалардың өзара іс-қимыл тетіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін ЭЫДҰ мен БҰҰ Модельдік конвенциясының практикалық мысалдары мен түсіндірмелерін талдаумен сүйемелденді. Іс-шараға 188 МКК орталық және аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ Армения, Индонезия, Малайзия, Нигерия, Ресей елдерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар ұсынылған материалдардың жоғары практикалық маңыздылығын, тақырыптың өзектілігін және халықаралық тәжірибеден келтірілген мысалдардың пайдасын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1052912?lang=kk
СҚО-да жыл сайынғы жазғы спартакиаданың жабылу салтанаты өтті 18.08.2025
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №48 мекемеде 120-дан астам сотталғанды біріктірген дәстүрлі жазғы спартакиаданың жабылу рәсімі ұйымдастырылды.Қатысушыларға құттықтау сөзін мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Көпжасаров арнап, спорттық іс-шаралардың сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, тәртіп пен командалық рухты қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Спартакиада аясында сотталғандар футбол, волейбол, күрес және басқа да он спорт түрінен бақ сынасты. Нәтижесінде мекеме тарихында 30 жаңа рекорд орнатылды.Ең ерекше қатысушылардың бірі – жасы 56-дағы сотталған болды. Ол турникке тартылудан үздік нәтиже көрсетіп, спорттың жас шектеуін білмейтінін дәлелдеді.Салтанат соңында жеңімпаздар ағаштан жасалған ерекше медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1052915?lang=kk