Қоғам
Жартыжылдық қорытындысы: Қонаев қаласында 86 жаңа тұрғын үй салынып жатыр 12.08.2025
Қонаев қаласында заманауи қала ортасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Бүгінде қаланың әртүрлі шағынаудандарында абаттандырылған аулалары, сауда нысандары және демалыс орындары бар 86 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Д. Қонаев даңғылында «MDI Construction» ЖШС «Маяк» тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жоба жеті төрт қабатты секциядан тұрады және 216 пәтерді қамтиды. Сондай-ақ, кешен аумағында жеке кафе, дүкен және спорт залы қарастырылған.19-шағынауданда «Хаммер Бау Девелопмент» ЖШС «Атамекен» тұрғын үй кешенін салуда. Жоба үш тоғыз қабатты кең пәтерлі үйден тұрады. Құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Ірі жобалардың бірі – «Али-Нұр транс» ЖШС-нің «NNS City» тұрғын үй кешені. Мұнда 21 бес қабатты үй салынып, шамамен 600 пәтер пайдалануға беріледі. Бірінші кезектің құрылысы 2026 жылдың қараша айында аяқталады.Қаланың орталығында, Д.А. Қонаев даңғылында Retail Construction компаниясы 50 пәтерден тұратын ықшам бес қабатты үй салып жатыр. Нысанды 2025 жылдың желтоқсан айында тапсыру көзделген.«R&M Construction» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Аристократ» тұрғын үй кешені 25 үйден тұрады. Қазіргі таңда кейбір үйлер пайдалануға берілген, ал жоба толықтай 2027 жылы аяқталады.«GS QURYLYS» ЖШС «Comfort» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде. Жоба төрт тұрғын блоктан, дүкендерден және автотұрақтан тұрады. Құрылысты 2026 жылдың басында аяқтау жоспарланған.10-шағынауданда Chinese Foreign Construction Company компаниясы «Феникс» тұрғын үй кешенінің құрылысын бастайды. Бірінші кезек 2026 жылы тапсырылады.Осы жылдың басынан бері қалада 14,213 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 65,2%-ын құрайды. Орындаған құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд теңгені құрады.Аталған жобаларды іске асыру қала тұрғындарын заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, абаттандыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым нысандарын көбейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1049612?lang=kk
Ұлттық ұлан Академиясында офицер-тәрбиешілердің жиыны басталды 12.08.2025
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясы базасында офицер-тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиыны өз жұмысын бастады. Іс-шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтың басшылығымен өтуде.Жиынға еліміздің барлық өңірлерінен келген 40-қа жуық офицер қатысуда. Олардың қатарында әскери бөлім командирлерінің орынбасарлары, Академия қолбасшылығы және «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері бар. Бағдарлама тәжірибе алмасу, тәрбие жұмысындағы жаңа тәсілдерді енгізу және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мәселелерін талқылауды қамтиды.Алғашқы күні қатысушылар елімізге белгілі психологтармен және қоғам қайраткерлерімен кездесті. Олардың арасында – Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Назипа Шанаи; «Рух» психология және тұлғалық даму орталығының директоры, клиникалық психолог Резида Баймұханова; жаттықтырушы-медиатор, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тажин; ҚХА Республикалық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай; Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнар Мукушева бар.Кеңейтілген отырыста генерал-майор Қайрат Үмбетов қатысушыларға Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың тәртіп пен тәрбие жұмысына қатысты тапсырмалары мен талаптарын жеткізді.Сондай-ақ психологиялық дәрістен кейін генерал-майор Қайрат Үмбетов биыл жазда Академияға қабылданған бірінші курс курсанттарымен кездесті. Ол курсанттарға жаңа оқу жылы қарсаңында ақ тілегін білдіріп, әскери қызметтің мәртебелі міндеттері туралы айтып, пайдалы кеңестер берді.Күн соңында әскери бөлімдер командалары арасында волейболдан спорттық жарыс өтті: 1-орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, 2-орынды – «Орталық», 3-орынды – «Оңтүстік» командасы иеленді. Айта кетейік, оқу-әдістемелік жиын 13 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде халықаралық деңгейде мойындалған тәрбие және психологиялық жұмыстың озық әдістемелері қарастырылатын болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1049620?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Сербиямен инвестициялық серіктестікті дамыту талқыланды 12.08.2025
Астана, 2025 жылғы 11 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айбол Арғынғазинов Сербия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен кездесу өткізді.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және агробизнес салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын талқылады. Сұхбат барысында сербиялық инвесторларды Қазақстан экономикасының басым секторларына тарту және қазақстандық компаниялардың серб нарығындағы қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл өзара сауданы өсіру мен әртараптандыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ғ.Оспанқұлов Сербияның Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды серіктес екенін атап өтті: «Біз өнеркәсіптік кооперация, аграрлық сектор, логистика және құрылыс салаларында ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуетті көріп отырмыз. Қазақстан сербиялық серіктестерге арнайы экономикалық аймақтарымыздың мүмкіндіктерін және еліміздің қолайлы географиялық орналасуын пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар ұсына алады. Сонымен қатар біз қазақстандық компаниялардың серб нарығына сапалы өнімдер мен шешімдер ұсынып, өзара экономикалық дамуды күшейте алатынына сенімдіміз».Кездесу соңында тараптар өзара сауда айналымын нығайту және инвестициялық серіктестікті дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1051815?lang=kk
Алматы облысында Жастар күні: марапаттар мен үлкен Open Air мерекесі 12.08.2025
Алматы облысында 35 жасқа дейінгі шамамен 430 мың жас тұрады, олардың 80%-дан астамы – ауылдық жерде, 136 ауылдық округте. Ауылдарда жастармен жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар жұмыс істейді – олар мемлекеттік саясатты ауыл деңгейінде жүзеге асыратын негізгі буын.Өңірде алғаш рет осы саладағы үздік мамандарды анықтап, ынталандыруға бағытталған «Umtylys» байқауы өтті. Іріктеу кезеңінен кейін 44 қатысушы финалға жолдама алды, олардың арасынан комиссия 8 жеңімпазды анықтады. Меценаттардың қолдауына ие болған олардың жобалары жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Бүгін жеңімпаздарға салтанатты жағдайда қаржылай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев белсенді жастардың өңірдегі жастар ортасын дамытуға және әлеуметтік капиталды нығайтуға қосып жатқан үлесін атап өтті.Қуат Байғоджаев айтуынша, облыста бірқатар маңызды бағдарламалар сәтті іске асырылып жатыр: жас мамандарға арналған «Алатау жастары» жеңілдетілген ипотекасы, ғылым, мәдениет және инновация саласындағы жобаларға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Заңғар» гранттары, сондай-ақ ауыл жастарына төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы.Жастар инфрақұрылымы да дамып келеді: Қонаев қаласында, Кеген, Райымбек және Балқаш аудандарында жаңа жастар ресурстық орталықтары ашылды, жыл соңына дейін мұндай орталық Қарасай ауданында да іске қосылады. Бұл алаңдар белсенді жастар үшін оқуға, дамуға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орталыққа айналды.Өңірде Жастар күні 10 тамызда – Абай күні басталды. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай шығармашылық кештер, зияткерлік ойындар мен челлендждер, сондай-ақ «Ізгі істер марафоны» және «Таза Қазақстан» аясында қайырымдылық және экологиялық акциялар өтті. Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында белсенділерді марапаттау рәсімімен өтетін фестивальдар ұйымдастырылады.Мерекенің шарықтау шегі – танымал қазақстандық орындаушылар қатысатын «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерті болмақ. Жастар күні аясында өңірде 50-ден астам іс-шара – спорттық турнирлерден бастап, тренингтер мен қайырымдылық акцияларына дейін өтеді. Оларға 50 мыңнан астам қатысушы жиналады. Мақсат – талантты әрі бастамашыл жастарды қолдау, көшбасшылық пен волонтерлікті дамыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1049571?lang=kk
Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойлануда 12.08.2025
Абайдың мұрасы – халқымыздың сарқылмас рухани байлығы, адамгершілікке, білімге, әділдік пен парасаттылыққа үндейтін мәңгілік құндылық. Оның ой-толғамдары бүгін де өзектілігін жоймай, ұрпақтарды бірлікке шақырып, игі істерге жетелейді.Қазақстандық дипломаттар Абай шығармашылығын бүкіл адамзатқа ортақ мұра ретінде кеңінен насихаттап, оның өнегелі жолын халықаралық аренада танытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1049472?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ! 12.08.2025
Тарих толқынында халқымыз талай зобалаңды, талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ қандай қиындық болса да, ғасырлар көшінде жасампаздықпен алға қадам басып, гүлдену жолынан айныған емес. Сол күрес пен төзімнің, елдік пен парасаттың арқасында қазақ халқы тәуелсіздігін алып, бейбіт өмірдің тәтті дәмін татты. Ал осы жетістіктің түп-тамыры – ел ішіндегі бірлік, татулық және тұтастықта жатыр.Бүгінде қазақ жерінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Олардың жүрегін бір арман, бір мақсат, бір сенім байланыстырады – ол сенімнің аты Қазақстан. Егер бір арманы мен ортақ мақсаты бар, келешекке бір көзқараспен қарайтын, ынтымағы жарасқан халық болмаса, еліміз бүгінгі деңгейге жете алмас еді. Бүгінгі таңда әлем көз тіккен Қазақстан көк аспан астында бейбіт өмірдің тұғырын биік ұстап келеді. Өйткені, бұл елде – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жігерлі ұлдар, ибалы қыздар және ақылман қарттар бар.Жыл сайын дүркіретіп атап өтетін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні осының айқын дәлелі. Бұл – түрлі ұлт өкілдерінің достық мерекесі ғана емес, халқымыздың берік бірлігінің символы.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Мемлекеттік сатып алу порталы - ашықтық пен тиімділіктің кепілі 12.08.2025
Биыл қаңтардан бастап елімізде мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, сатыпалым рәсімдерін жеңілдету мен одан әрі автоматтандыруға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген болатын.Аталған заңның ережелерін іске асырудағы маңызды құралдардың бірі сатыпалым процесінің барлық қатысушысына арналған (мемлекеттік сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізуге септесетін) мемлекеттік сатып алу веб-порталы болып саналады.Рәсімдерді толық цифрландыру арқылы (жоспарлаудан бастап келісішарттағы міндеттемелерді орындауға дейін рәсімдер автоматтандырылған) веб-портал барлық мүдделі тарап үшін ашықтықтың, есептіліктің және ақпарат қолжетімділігінің кепіліне айналды.Айталық, 2025 жылы осы реформаға сәйкес веб-порталда:- конкурс өткізу мерзімі (конкурс құжаттарын талқылау 5 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау 10 3 жұмыс күніне дейін) азайтылды;- сатып алу қорытындыларына шағымданудың жаңа тәртібі жолға қойылды. Сатыпалымды жедел жүргізу мен тиісті рәсімнің ұзаққа созылуын болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушылардың өздері қарайды;- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында осы субъектілерден құны 50 000 АЕК аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға басымдық берілді;-ішкі нарықты қолдау үшін ұлттық режімнен алып қоюды белгілеу жолымен веб-порталда отандық өндірушілерден тауарларды сатып алуға басымдық беру жалғасып келеді;- бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері болып саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған кезде веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.Бұдан басқа, бірыңғай оператордың базасында мемлекеттік, ұлттық компаниялардың және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысуға бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін (қолданыстағы goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz сатып алу алаңдарымен интеграциялау арқылы) бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды.Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы порталда:- тіркелген пайдаланушылар саны - 18 мыңнан астам тапсырыс беруші, 102 мың қызмет көрсетуші;- жасалған келісімшарттардың сомасы екі есе өсті 3,4 трлн теңгеден (2024 ж.) 7,2 трлн теңгеге дейін (2025 ж.);- жасалған келісімшарттар саны 23%, яғни 870 мыңнан (2024 ж.) 1 072 мыңға (2025 ж.) дейін ұлғайды;- берілген шағымдар саны 25%, атап айтқанда 22 мыңнан (2024 ж.) 16 мыңға (2025 ж.) дейін азайды;- отандық тауар өндірушілермен жасалатын келісімшарттардың сомасы 137%, яғни 150,8 млрд теңгеден (2024 ж.) 357,0 млрд теңгеге (2025 ж.) дейін ұлғайды.Толық цифрландырудың арқылы сатып алу процесіндегі әрбір қадам электронды жүйеде тіркеледі және порталда автоматты түрде сақталады. Аталған жүйе бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Мұнда барлық қызмет ұсынушыға тең мүмкін берілген. Бұл нарықтың жаңа қатысушыларына жол ашып, мемлекеттік сатыпалымның сапасы мен өсімін арттырады.Сонымен қатар кез келген адам сатыпалым туралы хабарландыруларды, сауда-саттық нәтижелерін, жасалған келісімшарттар мен тапсырыс берушілердің әрекеттерін бақылай алады. Бұл қоғамдық бақылауды күшейтіп, барлық процестің ашықтығын нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1049405?lang=kk
БАЯНДЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА❗️ 12.08.2025
Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Табынбаев Сәндібек Таңғалиұлы ауыл тұрғындарын қабылдайды.📍Өтетін орыны: Баянды ауылы әкімі аппаратының ғимараты.🗓️Күні: 10.07.2025ж⏱️Сағат: 10:00-12:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1049378?lang=kk
Байшуақ ауылында облыс әкімінің тапсырмасы аясында ауылдан «Green Terra» компаниясының көкөніс қоймасына дейін ұзындығы 0,8 км жолдың құрылысы жүргізілуде. 12.08.2025
Байшуақ ауылында облыс әкімінің тапсырмасы аясында ауылдан «Green Terra» компаниясының көкөніс қоймасына дейін ұзындығы 0,8 км жолдың құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар «Taza Qazaqstan» абаттандыру бағдарламасы аясында да атқарылуда.Жаңа жол нысанға ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етіп, өнімді тасымалдауды жеделдетеді, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасайды.Бұл — ауыл инфрақұрылымын дамыту мен жергілікті өндірушілерді қолдаудағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1049382?lang=kk
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 12.08.2025
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретін және экономикаға зиянын тигізетін қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Салық саласы ашықтықты, әділдікті және бақылауды қамтамасыз ету ерекше маңызды салалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында салық жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалық, ұйымдастырушылық және технологиялық деңгейде жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының Салық кодексі мынадай принциптерге негізделеді:• Заңдылық және теңдік – әрбір салық төлеуші тең жағдайда;• Салық рәсімдерінің ашықтығы – салық төлеуші мен салық органының құқықтары мен міндеттері нақты анықталған;• Процестерді автоматтандыру – азаматтар мен лауазымды тұлғалар арасындағы байланысты барынша азайту;• «Бір терезе» қағидаты және цифрлық қызметтер – eGov.kz порталы және Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) сайтындағы Салық төлеушілер кабинеті арқылы қол жеткізу.Бұл қағидаттар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған.Кез келген салық төлеуші, мейлі азамат болсын, мейлі ұйым болсын, сыбайлас жемқорлықпен күреске:• Ашық бизнес жүргізу және «сұр» схемалардан аулақ болу;• Салық төлеу және қызметтерді алу үшін ресми цифрлық арналарды пайдалану;• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1424» арнасы арқылы, anticorruption.gov.kz сайтында немесе құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау;• Жұмыс күшінде салықтық жауапкершілік мәдениетін және құқықтық сауаттылықты сақтау.• Күнделікті жағдайларда да пара бермеңіз немесе алмаңыз.• Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тиісті органдарға хабарлау.• Адал мамандарды қолдау және ашықтықты талап ету.Сыбайлас жемқорлық туралы айтқанда мынаны есте ұстаған жөн: алушы ғана емес, беруші де кінәлі. Қоғамның «ұсақ» бұзушылықтарға төзімділігі заң үстемдігінің негіздерін бұзады. Азаматтық қарсылықсыз сыбайлас жемқорлық жазасыз сезінеді.Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қаржылық қатынастарды реттеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл ретінде де қызмет етеді. Цифрлық шешімдердің, заңнамалық қатаңдық пен қоғамның қатысуының арқасында Қазақстан ашық, әділ және заманауи салық жүйесіне қадам жасауда.Сыбайлас жемқорлық біреудің мәселесі емес, ол біздің ортақ міндетіміз. Ал біз бірге ғана жағдайды өзгерте аламыз.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы белгілі болған жағдайда Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 8-714-43-2-45-80 сенім телефоны арқылы хабарлауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1049362?lang=kk
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау аясында аудан аумағында сібір жарасы көмілу орындарын бақылау жұмыстары жүргізілуде. 12.08.2025
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау аясында аудан аумағында сібір жарасы көмілу орындарын бақылау жұмыстары жүргізілуде.Барлық көму орындары ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келеді.✅ Оларды күтіп ұстау мен мониторинг жұмыстары тұрақты бақылауда.#Қауіпсіздік #ВетеринариялықБақылау #БейімбетМайлинАуданы #ТапсырманыОрындауАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1049363?lang=kk
Алматы облысында мобильдік медициналық топ жұмысын бастады 12.08.2025
Алматы облысында мобильдік медициналық топ жұмысын бастады«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы негізінде білікті мамандар, Алматы облысының шалғай елді мекендеріне арнайы барып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында аймақтың бас дәрігері Ержан Сүлейменов мәлімдеді.Бірегей іс-шара тамыз айының 11-ші жұлдызынан бастау алды. Облыстағы үздік 25 маман, алыс жатқан аудандарға барып, тоғыз түрлі бағытта тұрғындарға көмек көрсететін болады.«Бұл шара бір айға жалғасады. Осы уақыт аралығында Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандары қамтылады. Біздің дәрігерлер тек кеңес беріп ғана қоймай, тиіс деп танылса, ота да жасайды. Осылайша, ауылдық медицинаның жетілуіне серпін бермекпіз»,- деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасыныың басшысы Ержан Сүлейменов. Науқан бір реттік емес. Әр үш ай сайын қайталанып отырады. Сәйкесінше, облыстауғы барлық аудан қамтылмақ.Айта кетейік, мобильдік топтың құрамына кірген ақ халаттылар биылғы жылдың маусым-шілде айларында біліктіліктерін арттыру үшін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының клиникалық базаларында оқудан өтіп келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1049366?lang=kk
Ауылда жаңа автобус аялдамасы қолданысқа берілді 12.08.2025
3 шілде күні ауыл тұрғындарының игілігіне арналған жаңа автобус аялдамасы ресми түрде қолданысқа берілді. Аталған нысан ауыл инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдету мақсатында орнатылды.Аялдаманы қабылдап алу үшін ауыл қоғамдастығының белсенді мүшелері және ауыл әкімінің орынбасары С.Балбай қатысып, нысанның тұрғындарға қызмет көрсетуге дайын екенін атап өтті.— Бұл аялдама ауыл халқы үшін өте маңызды. Алдағы уақытта да осындай әлеуметтік жобалар жалғасын табадыЖаңа аялдама заманауи талаптарға сай жабдықталған және тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы ескерілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1049331?lang=kk
Жергілікті қоғамдастық отырысы өткізілді 12.08.2025
2025 жылдың 30-маусым күні жергілікті қоғамдастық мүшелерінің отырысы өткізілді.Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.Атап айтқанда, Баянды-2 т.ү.м көшелерінің біріне соғыс ардагері Утаев Абдулла есімін беру туралы ұсыныс қаралып, қоғамдастық мүшелері бұл бастаманы бірауыздан қолдады.Қазіргі таңда көше атауын рәсімдеу үшін тиісті құжаттар жасақталып, уәкілетті органдарға жолдануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1049293?lang=kk
2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды 12.08.2025
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен.Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызметтер 5,2%-ға (бұл ретте ең қарқынды сегмент көлік пен сауда болып отыр), өнеркәсіп 6,9%-ға артты.ЖІӨ-нің өсуіне ең көп үлес қосқан салалар: көлік және қойма – 22,5%, құрылыс – 18,5%, көтерме және бөлшек сауда – 8,6%, тау-кен өнеркәсібі – 8,5%, өңдеу өнеркәсібі – 6,1%.Көлік және қойма саласындағы қызмет көлемі теміржол, құбыр желілері және автомобиль көлігімен жүк тасымалы көлемінің жоғары болуына байланысты 22,5%-ға өсті.Құрылыс саласында жұмыс көлемі 18,5%-ға артты (2025 жылдың қаңтар–маусымындағы 18,4%-бен салыстырғанда). Түркістан облысында (+34,6%) мектептер, теміржол желілері және автожолдар құрылысы, Ақтөбе облысында (+25,6%) жайлы мектептер құрылысы мен жолдарды реконструкциялау, Жамбыл облысында (+13,1%) және Шығыс Қазақстан облысында (+5,9%) тұрғын үйлер, медициналық нысандар және электр желілерін салу жобаларын жүзеге асыруға байланысты жоғары өсім тіркеліп отыр.Сауда 8,6%-ға өсті (2025 жылдың қаңтар–маусымында 8,4%). Есепті кезеңде көтерме сауда 9,5%-ға өсіп, жалпы өсімнің 66%-дан астамын қамтыды, бөлшек сауда 6,6%-ға артты. Айтарлықтай динамика Қостанай облысында (+17,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (+12%) және Астанада (+9,2%) байқалды, мұнда астық, агрохимия, азық-түлік, отын, фармацевтика өнімдерін және техника сату көрсеткіштері қарқынды түрде өсіп келеді.Өнеркәсіп өндірісіндегі өсім – 6,9%. Еліміздің барлық өңірінде өсім байқалды, бірақ динамика бойынша көшбасшылар – Жамбыл облысы (+18,2%), Солтүстік Қазақстан облысы (+14,9%), Шымкент (+15,8%) және Алматы (+13,5%), сондай-ақ Түркістан облысы (+12,3%). Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді (6,1%) машина жасау (+14%), азық-түлік (+9,2%), мұнай өнімдері (+8,6%), химия өнеркәсібі (+6%) және металлургия (+1,3%) көрсетіп отыр.Ауыл, орман және балық шаруашылықтарындағы өндіріс көлемі 3,7% деңгейінде сақталды. Мал шаруашылығындағы өсім сүт (+6,1%), мал, құс бордақылау (+2,1%) және жұмыртқа (+0,9%) есебінен 3,4%-ға жетті.Үкімет экономикадағы негізгі салаларды қолдауға, оны әртараптандыруға және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға ерекше назар аудара отырып, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру барысын бақылауда ұстап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1049258?lang=kk
Ақтауда Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды 12.08.2025
Маңғыстау облысында армия авиациясының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.Оқу-жаттығудың мақсаты - барлық дәрежелі басқару органдары мен командалық құрамның дайындық деңгейін тексеру, сондай-ақ теңіз акваториясында жауынгерлік операцияларды ұйымдастыру және оны іске асыру бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау болды.Іс-шара барысында жеке құрам бірқатар оқу-жауынгерлік эпизодтарды: миналарды барлап іздестіруді іске асыру, теңіз экономикалық қызмет объектілерін күзету және қорғау, шартты қарсыластың әуе шабуылы құралдарының ұрысын тойтару, сондай-ақ авариялық жағдайдағы корабльді іздеу және оны құтқару жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады.Шартты қарсыластың кеме тобына бірлескен соққы беру эпизодына ерекше назар аударылды. Бұл іс-қимылды іске асыруға әскери корабльдер мен армия авиациясы, соның ішінде Ми-8 және Ми-35 тікұшақтары қатысты.Әскери-теңіз күштері дабыл бойынша көтеріліп, нақты ұрысқа жақын жағдайда бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін толық тексеруге мүмкіндік берді.– Оқу-жаттығу шеңберінде бөлімшелерді басқарудағы командалық, офицерлер мен лауазымды тұлғалардың практикалық дағдылары жетілдірілді, – деп атап өтті бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы 1-дәрежелі капитан Данияр Хайрушев.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам жедел және тактикалық даярлық деңгейін арттырып, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындау қабілеті бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1049260?lang=kk
Қазақстан мен Швеция елдерінің Елшілері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасты 12.08.2025
2025 ж. 11 тамыз, Стокгольм - Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшілігінде Қазақстанның Елшісі О.Сүлейменов пен Қазақстандағы тағайындалған Швеция Елшісі С.Эрикссонның кездесуі өтті. Кездесу швед дипломатының өзінің дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға аттануына орай ұйымдастырылды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасып, бірқатар бірлескен бастамалар жөнінде «сағаттарын салыстырды».Қазақстан Елшісі С.Эрикссон Елшіге жауапты дипломатиялық қызметінде табыс тілеп, Қазақстан мен Швеция арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1049233?lang=kk
Қазақстан мен Сербия саяси ынтымақтастықты тереңдетуде 11.08.2025
Астана, 2025 жылғы 11 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Сербияның сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың үшінші раунды өтті.Іс-шара барысында екі елдің дипломаттары саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстар, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Келесі жылдарға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесін қарастырды.Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстанның Сербияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.Сербия делегациясының басшысы, Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йович Қазақстанды Сербияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде және жақында Алматыда өткен Үкіметаралық комиссиясы отырысының (ҮАК) оң нәтижелерін ерекше атап өтті.Сонымен қатар екі елдің дипломаттары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділік білдірді.Тараптар сыртқы істер министрліктері арасында белсенді және нәтижелі диалогты жалғастыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісіп, ҮАК пен Іскерлік кеңестің кезекті отырыстарын өткізудің, сондай-ақ екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамытудың маңыздылығын назарға алды.ҚР мен СР арасындағы тауар айналымы 2025 ж. қаңтар-маусымда 45,8 млн АҚШ долларын (+3,85%) құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт – 10,3 млн (+28%), Сербиядан импорт – 35,5 млн (-1,3%). 2024 жылы екіжақты сауда көлемі 100 млн долларды (+9,7%) құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт – 15,9 млн (+39,4%), Сербиядан импорт – 84,1 млн (+5,39%).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1049525?lang=kk
Эфиопияда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық талқыланды 11.08.2025
Аддис-Абеба, 2025 ж. 11 тамыз — Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопияның Дінаралық кеңесінің Бас директоры Лике Тигухан Тагай Таделемен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы діни, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.Елші Ж.Әділбаев 2025 ж. 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық барысы туралы айтып, Съезд дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға, халықтар арасындағы толеранттылық пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуге ықпал ететін бірегей халықаралық алаң екенін атап өтті.Л.Таделе алдағы Съезге қатысатынын растап, әртүрлі конфессия өкілдерінің диалогы арқылы өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдарын іздеу мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап көрсетті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Эфиопияның дінаралық келісімді ілгерілету және мәдени байланыстарды нығайту саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға келісті.Анықтама: Эфиопия – әлемдегі ең көне елдердің бірі, бай мәдени және діни мұраға ие (христиан діні IV ғасырдан, ислам VII ғасырдан бері ұстанылады). Бүгінде ел халқы 125 миллионнан асады, оның 44%-ы христиандар (негізінен Эфиопия православие шіркеуінің өкілдері), 34%-ы мұсылмандар және 23%-ы евангелистер.Негізгі діни топтарды біріктіру мақсатында 2010 жылы Эфиопияның дінаралық кеңесі (IRCE) құрылды – діни бостандықты, үйлесімділікті және өркендеуді қолдау мақсатында елдің негізгі діни қауымдастықтарын біріктіретін ұйым. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1049208?lang=kk
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара 11.08.2025
2025 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі Басшысының орынбасары Рашид Еришев Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ Достық үйінде ұйымдастырды.Өз сөзінде Р. Еришев Қазақстанның СІМ Абай мұрасын әлемдік қауымдастықта дәріптеу мен мәңгі есте қалдыруға бейілділігін атап өтті.Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, білім беру мекемелері мен БАҚ қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1049168?lang=kk