Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы 17.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік операцияларды жүргізу кезінде жұмыс барысында басшылықа алу  үшін қосымшаға сәйкес тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде «Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің 2025 жылғы 05 желтоқсандағы № 527 бұйрығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1126831?lang=kk
«Заң мен тәртіп» қоғамның дамуының негізі 17.12.2025
Бүгін «Руханият» орталығында «Заң мен тәртіп – қоғамның дамуының негізі» тақырыбында аудандық форум өтті.Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған форумға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жастар қатысты.Жиынды ашқан Диас Молдабаев заң үстемдігін қамтамасыз ету қоғамның ортақ міндеті екенін айтып, ауданда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Бүгінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ауданда түрлі бағытта 138 шара өткізілді.Қазіргі таңда ауданда 14–35 жас аралығындағы жастар саны 15 мыңнан астам адамды құрайды. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына жолданғандардың 35,2 пайызы жастар. Бұдан бөлек «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру» жобасы аясында 99 грант беріліп, оның 25-ін жастар иеленген.Форум барысында аудан прокуратурасының аға прокуроры Еркін Мусаев заң үстемдігін қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының рөлі және аудандағы ахуал туралы баяндама жасаса, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Оспан Ешжанов құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.Форум соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126835?lang=kk
Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды 17.12.2025
Қармақшы ауданында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.Сайысқа шет мемлекеттерден Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ еліміздің әр қалаларынан келген 15 команда құрамындағы 300-ге жуық жас спортшы қатысуда.Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, турнирдің өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Нысанбаевтың ағасы Шаймерденов Зал, жарыстың ұйымдастырушылары атынан Ғалымжан Көшкінбайұлы сөз алып, турнирдің мақсаты мен маңызына тоқталды.Ерлан Нысанбаев жастайынан спортқа жақын болып, бокстан бірнеше мәрте аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Оның спорттағы қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншілігі бүгінгі жас буынға үлгі.Айта кету керек, бүгінде он бірінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс 20 желтоқсан күні қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126837?lang=kk
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті 17.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. «№4 сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы» бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев баяндады. Екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы» бекіту туралы мәселе қаралды.Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының қоғам өмірінің барлық саласында адалдық пен әділдікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар беріп, тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126839?lang=kk
Сырдария-татулық пен достықтың мекені 17.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өзге ұлт өкілдерімен аудандық форум өткізілді. Форумға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Бақытжан Камалов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, зиялы қауым өкілдері мен этнос өкілдері қатысты.Салтанатты іс-шарада аудан басшысы елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық екенін атап өтті.– Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Бұл дата – ел бірлігі мен татулығын басты құндылық ретінде ұстанған мемлекетіміздің тарихындағы маңызды белес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін атап өтті. Елімізде ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде экономикамыз өркендеп, ілгері басып келетінін жеткізді. «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дегендей, ауданда бүгінде этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, егемендікті баянды, Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуде. Этнос өкілдері аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді. Ауданда этносаралық қатынастарды үйлестіріп, ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған. Сіздердің ауданда өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда белсенді екендеріңізді көріп жүрміз. Облыстық іс-шараларда да аудан намысын қорғап, жақсы жетістіктерге жетіп келесіздер. Жақында ғана облыстық «Достық» үйінде өткен облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауында бас жүлдені жерлесіміз, славяне этносының белсендісі Лидия Мясцова жеңіп алды. Бұл баршамыз үшін қуаныш, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Мұнан соң облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Б.Камалов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев сөз сөйлеп, елдегі бейбітшілік пен татулық егемендіктің мызғымас кепілі екенін айтты.Форумда аудан басшысы татулық пен достықтың сақталуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерін «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Өз кезегінде этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде дархан пейіл танытып, қамқорлық көрсеткен қазақ халқына алғыстары зор екенін жеткізді. Айта кетейік, форум барысында этнос өкілдері ұлттық дәстүрлері мен ұлттық тағамдарынан көрме көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126862?lang=kk
Теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты 17.12.2025
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасын назарда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемеге нысанның құрылысын одан әрі жеделдету, мерзімінде аяқтау, аумақты абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдарды толық қамту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.Қазіргі таңда вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында қажетті техника мен жұмыс күші жеткілікті, құрылысшылар ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстарын аяқтауда. Аталған жоба аудан тұрғындары үшін маңызды болып табылады. Себебі аудан аумағынан өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың пайдалануға берілуі жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126817?lang=kk
Өскемен қаласында С, D, D1 және CE санаттары бойынша жүргізуші куәліктеріне практикалық емтихандар жаңа мекенжайда қабылданады 17.12.2025
Енді барлық санаттар бойынша практикалық емтихандар Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында өткізіледі.Бұған дейін С1, C, D, D1 және CE санаттары бойынша емтихандар Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайында қабылданатын.Емтихан алаңын көшіру практикалық емтихан қабылдау қызметінің қолайлылығын және сапасын арттыруға, сондай-ақ тестілеу рәсімінің қауіпсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Автодром тиісті санаттағы көлік құралдарымен және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін арнайы құрылғылармен жабдықталған.Айта кетейік, В және С1 санаттары бойынша практикалық емтиханға жұмыс күндері 08:00-ден 17:00-ге дейін, ал сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін кіруге болады. Ал С, D, D1 және CE санаттары бойынша емтиханды емтихан қабылдау комиссиясы жұма күні 09:00-ден 12:30-ға дейін өткізеді.Еске саламыз, практикалық емтиханнан өту үшін алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жазылу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1126821?lang=kk
Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы 17.12.2025
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршіктері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілді. Тыйым 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1129481?lang=kk
Атамекен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә. Кемежанов желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғындарын құттықтады. 17.12.2025
Атамекен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә. Кемежанов желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғындары Айша апай мен Жұманазаров Қуанышбектің үйлеріне арнайы барып, құттықтады. Кездесу барысында олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1126735?lang=kk
Жол сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда 17.12.2025
🛣️ Болашақ т.м. Шапағат көшесінде тегістеу жұмыстары жүргізілуде.Жол сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1126706?lang=kk
КММ «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметкерлеріне «Атқарушылық құжаттарды орындау» тақырыбында дәріс оқыды. 17.12.2025
2025 жылғы 15 желтоқсанда «№ 3 ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының басшысы КММ «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметкерлеріне «Атқарушылық құжаттарды орындау» тақырыбында дәріс оқыды.Сондай-ақ «Заң және тәртіп» нарративі аясында атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шаралары және оларды орындамау үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1126663?lang=kk
Развитие дорожной инфраструктуры: в Алматинской области за 9 месяцев отремонтировано 154 км дорог 17.12.2025
В Алматинской области планомерно и системно продолжается работа по развитию дорожно-транспортной инфраструктуры. По итогам девяти месяцев 2025 года в регионе реализован ряд масштабных проектов, направленных на ремонт автомобильных дорог областного значения, повышение безопасности дорожного движения и улучшение транспортной доступности для населения.В текущем году было запланировано проведение дорожных работ общей протяжённостью 185,3 километра, из которых на сегодняшний день завершено 154 километра, что составляет 83 процента от запланированного объёма. В частности, в рамках 9 проектов на 154 километрах дорог выполнен средний ремонт, из них 130,4 километра, или 85 процентов, уже завершены. Кроме того, в рамках 3 проектов был предусмотрен капитальный ремонт 31,3 километра дорог, из которых полностью завершены работы на 23,6 километра.В целях комплексного развития инфраструктуры в области запланировано проведение капитального ремонта двух мостов, а также установка трёх автоматизированных станций весового контроля для мониторинга движения тяжёлых грузовых автомобилей. В Уйгурском районе на автомобильной дороге «Кокпек–Калжат–Кіші Дехан» завершены работы по капитальному ремонту водопропускных труб, объект введён в эксплуатацию. В Карасайском районе продолжается капитальный ремонт моста через реку Каскелен, завершение проекта запланировано на июль 2026 года.Для предотвращения преждевременного износа дорожного покрытия особое внимание уделяется усилению системы весового контроля. В 2025 году в Талгарском районе предусмотрена установка трёх автоматизированных станций, завершение работ планируется до конца ноября. Следует отметить, что в 2024 году на территории области уже были введены в эксплуатацию две аналогичные станции.В целях обеспечения безопасности дорожного движения на автомобильных дорогах областного значения установлено 980 дорожных знаков, размещено 20 информационных панно и 15 различных макетов. Кроме того, выполнен ямочный ремонт на площади 54 тысячи квадратных метров, нанесена дорожная разметка на 800 километрах дорог. Обновлены пешеходные переходы, установлены барьерные ограждения и искусственные неровности. Для обеспечения бесперебойной работы водоотводных систем очищено 720 водопропускных труб и 56 мостовых переходов.В настоящее время работы по ремонту улично-дорожной сети ведутся в 9 районах и 2 городах области. Всего запланировано 163 объекта общей протяжённостью 638,7 километра, из которых 377,4 километра, или 84 процента, выполнены в текущем году.Положительные изменения наблюдаются и в сфере пассажирских перевозок. На территории области функционируют 7 автостанций, а перевозку пассажиров и багажа осуществляют 24 автотранспортных предприятия. В настоящее время 526 автобусов обслуживают 141 маршрут. В результате общественным транспортом охвачены 223 из 266 населённых пунктов области, что составляет 83,8 процента.Обновление автобусного парка осуществляется поэтапно. В 2025 году в эксплуатацию введены 33 новых автобуса, большинство из которых произведены отечественными предприятиями. В целях поддержки 49 социально значимых маршрутов из государственного бюджета выделены соответствующие средства, что позволяет обеспечить населению доступное и стабильное транспортное сообщение.Кроме того, в целях контроля за соблюдением законодательства в сфере пассажирских и грузовых перевозок на постоянной основе проводятся рейдовые мероприятия. По итогам совместных проверок, проведённых в 2025 году, были выявлены ряд правонарушений, по которым приняты соответствующие административные меры.В целом реализуемые мероприятия направлены не только на модернизацию транспортной инфраструктуры Алматинской области, но и на стимулирование социально-экономического развития региона, а также на повышение качества жизни населения.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1126627?lang=kk
Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жас жауынгерлері әскери ант берді 17.12.2025
Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінде 40-қа жуық жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Әскери ант беру рәсімі қатаң әскери дәстүрлерге сай, салтанатты жағдайда өтті. Іс-шараға бөлім командирлері, қызметтестері, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Жас сарбаздар Отанға адал қызмет етуге және әскери борыштарын абыроймен атқаруға серт берді. Әскери анттың маңыздылығын өзінің құттықтау сөзінде 10216 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев та атап өтті.– Әскери ант беру – әрбір әскеридің өміріндегі маңызды рәсім. Отан сіздерге елдің оңтүстігіндегі әуе шебін қорғауды сеніп тапсырды. Осы антқа адал болып, өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, Отан қорғаушы атағына лайық болуларыңызды тілеймін, – деді ол.Айта кетерлік жайт, жас сарбаздар бір ай ішінде жас жауынгер курсын меңгеріп, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйреніп, саптық, атыс және күш-қуат дайындығынан өтті.– Бүгін ұлым әскери ант берді. Мен оған өте қуаныштымын. Бізге казарма, асхана және оқу сыныптарын көрсетті. Балаларымызға жасалған жағдай жақсы әсер қалдырды. Ұлым қызметін лайықты атқарып, аман-есен ораларына сенемін, – деді әскери ант берген сарбаздың анасы Ұлбике Жанарова.Ал жас сарбаз Иманғали Нұрғалиұлы әскери антқа дайындық барысында қатарластарымен және  достарымен жақсы қарым-қатынас орнатқанын, негізгі әскери дағдыларды меңгергенін және оқ атуды үйренгенін айтты.– Әскери антқа дайындық бір айға созылды. Командирлер бізбен көп жұмыс істеді. Көңілде аздап қобалжу болды. Бұл тек бастамасы ғана, алда әскери мамандықты меңгеру мен жауапты қызмет күтіп тұр, – деп атап өтті жас сарбаз.Салтанатты шара бөлім плацында жеке құрамның сап түзеп жүріп өтуімен аяқталды. Отан қорғаушылар қатарына қосылған жас сарбаздар еліміздің әуе шебін қорғауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126592?lang=kk
ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ АУМАҒЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 20 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ 17.12.2025
Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.Айта кетейік, Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын.Мегаполис басшысы отбасыларды қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі.Айта кетейік, Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ АУМАҒЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 20 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ 17.12.2025
Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.Айта кетейік, Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын.Мегаполис басшысы отбасыларды қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі.Айта кетейік, Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте «Жасыл сәуле» жаңғырту жобасы аясында 20 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. 17.12.2025
Шымкентте «Жасыл сәуле» ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жоспарлы түрде іске асыру жалғасуда. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрын Транспортная 5 және Нурлыбаева 2 көшелерінде тұрған жиырма отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Тұжырымдаманы іске асыру басталғаннан бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент қаласы және Тұран шағын аудандарында жайлы тұрғын үй алды. Толықтай салынған пәтерлер бұрын тұрған бөлмелер санына сәйкес келеді және толығымен орналасқан. Қала әкімі отбасыларды қоныс тойы және ұлттық мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларында табыс тіледі. «Зеленая Балка ауданын жаңғырту, ең алдымен, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Біз үнемі жайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасап, толыққанды тұрғын үймен қамтамасыз етіп келеміз», - деп атап өтті қала әкімі Ғабит Сыздықбеков. Тұжырымдама аясында қала тұрғындарын қоныстандыру және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өткен жөн. Қала әкімінің баспасөз қызметі
Дохада Қазақстан–Қатар стратегиялық серіктестігінің 2025 жылғы қорытындылары талқыланды 17.12.2025
Доха, 2025 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Хасан бен Абдулла Әл-Ғаниммен кездесу өткізіп, екіжақты қатынастардың маңызды бөлігі болып табылатын парламентаралық өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту мәселелерін қарастырды.Кездесуде Кеңес Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға оң баға берді. Оның айтуынша, кең ауқымды бетбұрыстар елдің орнықты дамуына және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал етуде.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Қатарға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша экономикалық, сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ саяси және парламентаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған тапсырмалары дәйекті түрде іс-жүзіне асырылып жатқанын тілге тиек етіп, 2025 жылы бірқатар ауқымды нәтижелерге қол жеткізілгенін ризашылықпен атап өтті.Осы орайда, Қатар Консультативтік Кеңесінің Төрағасы ағымдағы жылы екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқыны сақталғанын жеткізіп, Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жетінші отырысы мен Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың үшінші раундының ұйымдастырылғанына назар аударды. Спикердің айтуынша, аталған форматтар салалық ведомстволар арасындағы үйлестіруді тереңдетуге және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету жолдарына ерекше назар аударылды. Тараптар Қазақстанға қатарлық инвестиция көлемінің былтырғы 156,4 млн АҚШ долларлық көрсеткішінен 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1 млрд 167 млн АҚШ долларына дейін айтарлықтай өсуін оң бағалап, оның екі ел арасындағы өзара жоғары сенім мен ұзақмерзімді жобаларды дамытуға деген өзара қызығушылықтың айғағы екенін айтты. Сондай-ақ жыл ішінде екі елдің мемлекеттік органдары арасында бірқатар маңызды екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қойылғаны атап өтілді.Кездесуді қорытындылай келе, сұхбаттасушылар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екендерін растап, 2026 жылы парламенттік делегациялардың өзара сапарларының жоспарын қарастырды. Мұндай байланыстар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және Қазақстан мен Қатар арасындағы тұрақты саяси диалогты қолдауға ықпал ететіні атап өтілді.Анықтама: 2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохаға жасаған мемлекеттік сапары барысында Қатар Консультативтік Кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарын таныстырды. Сонымен қатар, 2025 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Доха қаласында өткен төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысып, пленарлық отырыста халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстанның көзқарасын баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1126551?lang=kk
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында отандық туристік компаниялар Бас консулдықтан алғыс хаттарымен марапатталды 17.12.2025
Жидда, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бас консул Руслан Қоспанов «Хикмет Тревел», «Атлас Туризм» және «Ниет» туристік компанияларының өкілдерін қабылдады. Аталған компаниялар Қазақстандық қажыларға сапалы және адал қызмет көрсетіп, «Хадж-2025» маусымында қажыларғы жоғары деңгейлі қызметпен қамтамасыз етті.Іс-шараны ашу барысында Бас консул Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің бүкіл халықы үшін және ел тарихындағы ерекше орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, отандық туроператорлардың көрсеткен жоғары деңгейдегі сапалы қызметтері Қазақстанның халықаралық аренадағы жағымды имиджін нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.Жиналған тәжірибе мен тұрақты жұмысы арқасында аталған компаниялар тек қана ішкі нарықта емес, сонымен қатар, ТМД елдері мен Сауд Арабиясында да туристік саладағы жетекші фирмалар ретінде өздерін танытты.Олардың белсенді қызметін бағалау және алғыс білдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына және Бас консулдыққа көрсеткен көмегі мен қолдауын ескере отырып, компаниялардың өкілдері салтанатты түрде алғыс хаттармен марапатталды.Әңгіме жүргізу барысында діни туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, отандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға басымдық берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1126556?lang=kk
Абу Дабиде қазақ тыңдаушыларына куәлік табыстаудың салтанатты рәсімі өтті 16.12.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Біріккен Араб Әмірліктерінің Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академиясында ү.ж. 8-11 желтоқсан кезеңінде Орталық Азия елдерінің дипломаттары үшін ұйымдастырылған «Global Connections» бағдарламасының түлектеріне арналған салтанатты рәсім өтті.Аталған бағдарламаға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жас буынды тыңдаушылар – А.Болатов, Б.Мүташ, Е.Шахай мен Д.Қасенова қатысты.Академияның шақыруымен салтанатты іс-шараға Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек қатысып, түлектерге сертификаттар табыстап, оларды тиісті курсты табысты аяқтауларымен құттықтады.Бұдан бөлек, Елші Дипломатиялық академия Бас директорының орынбасары Мұхаммед Ибрахим Әл-Дахеримен кездесу өткізіп, дипломатиялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, оның ішінде Астанада қазақстандық дипломаттар үшін араб тілі курстарын, сондай-ақ түрлі тақырыптық бағыттар бойынша қысқамерзімді дипломатиялық бағдарламаларды бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндіктері талқылады.Тараптар екіжақты дипломатиялық білім саласындағы  практикалық іс-қимылды және тәжірибе алмасуды одан әрі кеңейтуге қолғабыс көрсету жөнінде уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1126535?lang=kk
Қарағандыда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады 16.12.2025
"Астана" өңірлік қолбасшылығы мен Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері және Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.Ардагерге қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаты табысталды. Әскери қызметшілер соғыс жылдарындағы әндерді орындап, ардагер оларға қосылып бірге шырқады.Қарт майдангер жас кезіндегі майдан естеліктерін еске алды.— Мұндай тосынсый үшін рахмет. Мен осы әндерді әлі күнге ұмытқан емеспін. Сіздерге жақсы қызмет, әрине, ашық аспан тілеймін, — деп алғысын білдірді Виктор Андреевич қонақтарға.Бұл кездесуге әскери колледждің тәрбиеленушілері ерекше қызығушылық танытты. Олар ардагердің майдандық фотосуреттерін мұқият қарап, оның ұлы Сергей Викторовичтің әкесінің соғыс жылдарындағы және кейінгі өмірі туралы әңгімелерін тыңдады. Сол қиын кезеңдегі әскери қызметі туралы сұрақтар қойды.Қазіргі таңда Виктор Андреевичтің үлкен және тату отбасасы бар. Ұлы мен қызы, төрт немересі, тоғыз шөбересі және бір шөпшегі — өмірінің жарқын жалғасы.Виктор Андреевич Шелудяков 1925 жылы 16 желтоқсанда Саратов облысының Ершов ауданындағы Перекопное ауылында дүниеге келген. 1931 жылдан бері Қарағанды қаласында тұрады. 1943 жылы майданға шақырылды. 1944 жылдың мамырынан 1945 жылдың наурызына дейін ұрыс қимылдарына қатысып, 4-ші Украина, 1-ші Балтық және 2-ші Белоруссия майдандарында радиобайланыс бөлімшесінің командирі болды. 1945 жылы Кенигсберг қаласы маңындағы ұрыстарда ауыр жарақат алып, қыркүйек айына дейін емделді.Ерлігі үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергты алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Беларусьті азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарымен және мерейтойлық наградалармен марапатталған. 1945 жылы жарақат алып, әскерден босатылды.Виктор Андреевичтің бейбіт еңбек қызметі 1949 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағандыдағы кәсіпорнында әр түрлі лауазымдарда өтті. Адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.Осындай кездесулер — бұл жеңіс ұрпағына деген терең құрметтің белгісі ғана емес, жастар үшін патриотизмнің маңызды сабағы, бейбіт өмірдің құнын және Отанға қызмет етудің мәнін еске салатын маңызды оқиға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1126523?lang=kk