Enbekshi QazaQ

Қоғам

Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келедій 07.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 23 қазан – Сеул қаласында өткен Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы Хатшылығының 16-шы Атқарушы комитетінің отырысы аясында өңір елдері мен Корея Республикасы арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.Іс-шараға Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Форум Хатшылығының және Орталық Азия елдері Елшіліктерінің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 2025 жылғы Хатшылық жұмысының қорытындылары және 2026 жылға арналған негізгі басым бағыттар, соның ішінде Орталық Азия – Корея Республикасы бірінші Саммитіне дайындық мәселелері қамтылды.Форум хатшылығының Атқарушы директоры Ли Джон Гук өз есебінде Сеул мен Кванджуда өткен Орталық Азия мәдениеті күндері сияқты мәдени-гуманитарлық бастамалардың сәтті іске асқанын, сондай-ақ туризм мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларындағы бірлескен жобалардың дамып келе жатқанын атап өтті. Ол 2026 жылы өңірлік серіктестікті тереңдетуге бағытталған нақты бастамаларға басымдық берілетінін айтты.Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Форумның өзара сенімді нығайту және практикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы 2026 жылғы Саммит серіктестікті дамытудың маңызды кезеңі болып, Орталық Азия – Корея  өзара іс-қимылына тың серпін береді.Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері жөніндегі департаменті Бас директорының орынбасары Нам Джин өңір елдерімен сындарлы және тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалады.Жалпы алғанда, қатысушылар Хатшылықтың қоғамдық дипломатияны ілгерілетудегі және көлік пен логистика, энергетика, өнеркәсіпті жаңғырту мен әртараптандыру, климаттың өзгеруі мен экология, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытудағы үлесін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1101067?lang=kk
Пан Ги Мунға Астанада өтетін Өңірлік климат саммитіне шақыру табысталды 07.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов 2025 жылғы «Global Green Growth Week» апталығы аясында БҰҰ-ның 8-Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсім институтының (GGGI) Төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті.Сұхбат барысында тараптар жасыл даму саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Елші Арыстанов Пан Ги Мунға екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде Қазақстанда өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысу арқылы қосқан маңызды үлесі үшін ризашылығын білдірді.Осыған орай дипломат Пан Ги Мунға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 2026 жылғы сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен өтетін Өңірлік климат саммитіне қатысуға ресми шақыруды табыс етті.Пан Ги Мун Қазақстанның Мемлекет басшысы жүзеге асырып отырған белсенді халықаралық қызметін жоғары бағалады.Тараптар ынтымақтастықты, соның ішінде GGGI аясындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты. Қазақстан 2022 жылғы желтоқсаннан бастап GGGI ұйымының мүшесі болып табылатынын атап өткен жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1101073?lang=kk
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Groq (АҚШ) есептеу инфрақұрылымын енгізу және ЖИ-шешімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 07.11.2025
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен АҚШ-тың Groq, Inc. компаниясы озық есептеу жүйелері мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Құжат Қазақстанда Groq инфрақұрылымын орналастыруды, Alem.AI және Astana Hub базасында пилоттық жобаларды іске қосуды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер (HPC),  жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық және өңірлік бағдарламаларды қолдау үшін «бұлтты» деректер орталықтарын құруды көздейді.Сонымен қатар, Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1101060?lang=kk
Ақтауда 9 мыңнан астам тұрғын көлік салығын төлемеген 07.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қала әкімдігі және полиция басқармасымен бірлесіп көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарға қатысты рейдтік іс-шара өткізгенін хабарлайды.Шара барысында көлік құралдарына қойылған шектеулер тексеріліп, салықтық берешегі бар автокөліктер айыппұл тұрағына жеткізілді. Заң талаптарына сәйкес, салық міндеттемелерін орындамаған көлік иелеріне қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылып жатыр.Аталған жұмыстардың басты мақсаты – азаматтардың салық төлеу мәдениетін арттырып, мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру.Бүгінгі таңда  Ақтау қаласында 9606 тұрғынның жалпы сомасы шамамен 700 миллион теңгені құрайтын көлік салығы бойынша берешегі бар. Бұл тұлғаларға қатысты салық берешегін өндіру туралы қаулылар шығарылып, материалдар жеке сот орындаушыларына жолданған.Рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1101036?lang=kk
№21 жалпы білім беретін мектепте «Контрафактілік тауарлар неден жаман» тақырыбында дәріс өткізілді. 07.11.2025
Балалар мен мұғалімдерге тұтынушылар мен қоғам үшін жалған өнімнің зияны түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесуге Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері қатысып, балаларға дроперлік туралы айтып берді.Мұндай кездесулердің мақсаты-өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1100994?lang=kk
Сауда саласындағы цифрландыру қарқынын зерттейтін CART.IS нәтижесі жарияланды 07.11.2025
Зерттеу нәтижелерімен Астанада Сауда және интеграция министрлігі, QazTrade, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйым өкілдері танысты. Бұл жұмыс Қазақстанның сауда саласындағы цифрландыру қарқынын бағалап, жеделдетуді қажет ететін бағыттарды көрсетеді. Жоба Еуропалық одақ пен Халықаралық сауда орталығының қолдауымен жүзеге асуда. Зерттеу жұмысы сыртқы экономикалық қызметке қатысы бар 27 негізгі қызметті қамтыды. Олардың 81 %-ы электронды форматта көрсетілсе, 19 %-ы әлі де қағаз түрінде қалып отыр. Сондай-ақ 15 мемлекеттік IT-жүйе өзара байланыссыз жұмыс істейтіні анықталды, олардың тек 11-і ғана ведомствоаралық электронды жүйеге қосылған, ал 14 жүйе интеграцияны қажет етеді. CART.IS деректері көрсеткендей, трансшекаралық рәсімдердің 60 %-ы басқа елдердің жүйелерімен, ең алдымен Ресей, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанмен цифрлық байланысты қажет етеді. Мұндай байланыс болмаса құжат рәсімдеу қайталанып, бизнес өкілдері қосымша шығынға ұшырайды. Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков сауда рәсімдерін оңайлату тек цифрландырумен шектелмей, мемлекеттік жүйелердің үйлесімді архитектурасын қажет ететінін айтты. «CART.IS жай зерттеу емес. Бұл – сыртқы сауданы жылдам, ашық және болжамды етуге бағытталған нақты құрал», – деді ол. Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич өз сөзінде Қазақстан Орта Азияда цифрлық трансформация саласындағы көшбасшы екенін атап өтті. «Қазақстан цифрлық үкімет пен қағазсыз сауданы дамытуда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – Еуропамен экономикалық байланыстарды кеңейтуге берік негіз», – деді дипломат. Зерттеу барысында 12 мемлекеттік мекеменің тек бесеуінде ғана цифрландырумен айналысатын жеке департаменттер бар екені анықталды. QazTrade басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуынша, сауданы толық қағазсыз форматқа көшіру Қазақстанның жыл сайынғы сауда айналымын 10–15 %-ға арттыра алады. «Бұл бизнес шығындарын азайтып, экспорттық әлеуетті еселей түседі», – деді ол. CART.IS талдауы «Ready4Trade: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеуге жол» жобасы аясында жүргізілді. Жоба Еуропалық одақтың қаржыландыруымен және Халықаралық сауда орталығының жүзеге асыруымен іске асуда. Оның мақсаты – сауда рәсімдерін жаңғырту, өңірлік байланыстарды нығайту және Орталық Азия елдеріндегі шағын және орта бизнесті қолдау. Халықаралық сауда орталығы – Дүниежүзілік сауда ұйымы мен БҰҰ-ның бірлескен агенттігі, ол дамушы елдердің кәсіпорындарын жаһандық нарықтарға шығуға жәрдемдеседі. Ал Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіріп, тұрақты даму, демократия және еркін сауда қағидаттарын ілгерілетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100974?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі әдеп мәселелері бойынша семинар 07.11.2025
2025 жылдың 5 қарашасында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов Қостанай облысы әкімдігінің аппараты мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметтегі этика мәселелеріне арналған өңірлік семинарға қатысты.Іс-шара этика жөніндегі уәкілдердің құзыреттерін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениеті мен қызметтік мінез-құлқын дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі кемсітушіліктің және теңдік қағидаттарының бұзылуының алдын алуға арналды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1100964?lang=kk
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд доллар сомасына келісімдерге қол қойды 07.11.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 6 қараша – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды. Құжаттар өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, білім беру және инновациялар сияқты негізгі салаларды қамтиды. Бұл келісімдер Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, өзара сенімді нығайтуға бағытталды.Сапардың басты нәтижелерінің бірі – ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Eurasia Group AG» және «John Deere» компаниясы арасында жалпы құны 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын стратегиялық келісімге қол қойылуы болды. Құжатқа сәйкес Қостанай және Түркістан қалаларында «John Deere» маркалы 3000-ға дейін ауыл шаруашылығы техникасын шығару, үш сервис орталығын салу, кадрларды даярлау жүйесін дамыту және Қазақстанды ТМД елдеріне арналған қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін өңірлік хаб ретінде қалыптастыру көзделген.Тау-кен өнеркәсібі саласында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен «Cove Capital» компаниясы жалпы құны 1,1 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды. Жоба Қарағанды облысындағы әлемдегі ең ірі Солтүстік Катпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеруді көздейді. Бұл бастама терең өңдеу қуаттарын құрып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді.Авиация саласында «Air Astana» АҚ және «Boeing» корпорациясы 18 жаңа кең фюзеляжды «Boeing 787-9 Dreamliner» ұшағын жеткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. Бұл компанияға негізгі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдау әлеуетін арттыруға және маршруттық желіні икемді дамытуға мүмкіндік беріп, 2026 жылдан бастап Қазақстанды Еуропа, Азия, АҚШ және Таяу Шығыстың ірі іскерлік және туристік орталықтарымен байланыстыруға жол ашады.Сонымен қатар ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Beeline Қазақстан» және «Starlink» компанияларының қатысуымен үшжақты кездесу өтті. Кездесу барысында «Direct-to-Cell» технологиясын енгізуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жерүсті байланысы жоқ шалғай өңірлерде де қолжетімді спутниктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Зияткерлік мобильділік және экологиялық таза технологиялар саласында Қазақстан «BETA Technologies» және «Joby Aero Inc.» компанияларымен жалпы құны шамамен 300 млн АҚШ долларын құрайтын меморандумдарға қол қойды. Жобалар электр авиациясын, аэротакси және интеллектуалды көлік жүйелерін дамытуға бағытталған.Қаржы және инвестиция саласында Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы (NIC NBK) әлемнің жетекші инвестициялық қорларымен – «Brookfield Asset Management», «Cerberus Capital Management» және «Ashmore Investment Advisors Corporation» – шамамен 1 млрд АҚШ долларына тең үш келісім жасасты. Бұл жобалар инфрақұрылымды, жеке капитал мен қарыз нарығын дамытуға бағытталған. Сонымен бірге Ұлттық банк пен «Visa» компаниясы цифрлық төлемдер, киберқауіпсіздік және шағын және орта бизнесті қолдау салаларында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Ұлттық төлем карталары» АҚ базасында Құзыреттер орталығын құруды көздейді.Білім және ғылым саласында «Arizona State University», «Colorado School of Mines», «Coursera, OpenAI», «Freedom Group Inc.» және басқа серіктестермен жалпы құны шамамен 50 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды. Бұл бастамалар Жезқазғанда Ұлытау техникалық университетін құруды, қос дипломдық бағдарламаларды дамытуды, оқу үдерісін цифрландыруды және «ChatGPT Education» негізінде инновациялық шешімдерді енгізуді қамтиды.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен АҚШ-тың «Educational Testing Service» (ETS) халықаралық ұйымы ұлттық тестілеу жүйесін жасанды интеллект пен адаптивті оқыту технологияларын қолдану арқылы жаңғыртуға бағытталған жол картасына қол қойды.Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Citibank» арасында ҚТЖ локомотив паркын жаңартуға 10 жыл мерзімге 1,6 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы тарту жөнінде маңызды мандаттық келісімге қол қойылды. Wabtec компаниясының локомотивтерін жеткізу ұзақ мерзімге – 2038 жылға дейін жоспарланған.Локомотивтер Қазақстан аумағында – Астанадағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да өндіріледі. Бұл зауыт «Wabtec Transportation Engines Holding B.V.» компаниясының еншілес кәсіпорны.Сонымен қатар ҚТЖ мен «Wabtec» корпорациясы кадрлардың біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2027 жылы «Wabtec» компаниясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерін АҚШ-тағы өз өндірістік алаңдарында оқытуды ұйымдастырады. Бағдарлама ТЭ33АT сериялы локомотивтерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласындағы мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Оқыту барысында «HPCR EVO» үлгісіндегі дизельді қозғалтқыштың ерекшеліктері де қамтылады.Бұған қоса, «Wabtec» корпорациясы шетелде кадрлар даярлаудың мемлекеттік бағдарламасы – «Болашақ» аясында іріктелген қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне арналған тағылымдамалар мен практикалық оқыту ұйымдастыруға қолдау көрсетуді жалғастырады.Өнеркәсіп және медицина салаларында «Самұрық-Қазына» АҚ және «Ashmore Investment Advisors» компаниясы жалпы құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыратынын хабарлады. Бұл жоба Қазақстандағы алғашқы халықаралық брендті көпсалалы клиниканы құруды көздейді, ол өңірлік заманауи медицина хабына айналмақ.Сонымен қатар «1Thirty Holding» (AsiaColor) және «Business Council for International Understanding» (BCIU) арасында 130 млн АҚШ долларына тең меморандумға қол қойылды. Жоба АҚШ-та ұнтақ жабындары мен полиэфирлі шайырлар өндіретін вертикалды интеграцияланған химия кешенін салуды көздейді. Бұл – Қазақстанның АҚШ-тағы алғашқы өнеркәсіптік инвестициялық жобасы.Жалпы, сапар аясында қол қойылған құжаттар Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары деңгейдегі сенімді және стратегиялық серіктестіктің инновациялар, инвестициялар және орнықты даму бағытындағы тереңдеуін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1101745?lang=kk
«Қостанай облысы Әділет департаменті органдарының қызметіндегі жаңашылдықтар туралы» тақырыбында пресс-конференция 07.11.2025
2025 жылдың 6 қарашасында Қостанай өңірлік коммуникациялар қызметінде “Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалының бөлім басшысы - аға сот орындаушысы Райхан Тлеубаева және “Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалының сот орындаушысы Самат Токбаевтың қатысуымен «Қостанай облысы Әділет департаменті органдарының қызметіндегі жаңашылдықтар туралы»тақырыбында брифинг өткізілді. https://www.youtube.com/live/IdYbpGSxZzs?si=4bJWY1lbjFJlbFZf Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1100967?lang=kk
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 07.11.2025
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және «бұлтты» технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Қол қою рәсімі Вашингтонда  АҚШ - Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық және технологиялық дамуды қолдауға бағытталған C5+1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті.Меморандум аясында тараптар Қазақстанда Oracle компаниясының пилоттық ЖИ-инфрақұрылымын орналастыру мүмкіндігін бағалауға және тиісті тестілеулер жүргізуге қолдау көрсету, бұлтты деректер орталықтарын кезең-кезеңімен дамыту әлеуетін зерттеу, сондай-ақ қолданбалы жасанды интеллект бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.Сондай-ақ ынтымақтастық аясында кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған арнайы оқу және сертификаттау бағдарламалары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, Қазақстанда Oracle құзыреттер орталығын құру мәселелері қарастырылуы мүмкін. Тараптар жасанды интеллектіні дамытудағы реттеу және этикалық мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:«Oracle компаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және цифрлық экожүйесін дамытуға ықпал етеді. Бұл еліміздің цифрлық экономикасын қалыптастыру үшін берік негіз құру және технологиялық инновацияларды ілгерілету жөніндегі біздің ұстанымымызды көрсетеді». Эллисон О’Брайен, Oracle компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры: «Oracle Қазақстанның жасанды интеллектіге қатысты ұлттық стратегиясын іске асыруды қолдауға дайын. Біздің технологиялар мен сараптамалық тәжірибеміз цифрлық трансформацияны жеделдетуге және әртүрлі салаларда инновацияларды ынталандыруға көмектеседі».  ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1100951?lang=kk
Алматыда ауыл әкімдерінің рөлін күшейту бойынша жаңа бастамалар талқыланды 07.11.2025
2025 жылғы 7 қарашада Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өткізіліп, оған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты.Талқылаудың негізгі тақырыбы — Мәжіліс депутаттарының бастамасымен "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы.Вице-министр өз сөзінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, заң жобасының негізгі ережелеріне тоқталды.Жергілікті өзін-өзі басқару, деп атап өтті ол, азаматтық белсенділіктің институционалдық негізін, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды тетігі.Сайлау институтын дамытуВице-министр 2021 жылы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау енгізілгенін еске салды. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 863 ауыл әкімі сайланса, реформа басталғаннан бері 3,5 мыңға жуық сайлау өткізілген.Келесі кезеңде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы енгізілді. 2022 жылы тиісті заң қабылданып, 2023 жылы пилоттық сайлау өткізілді. Ал ағымдағы жылы тұрақты сайлау басталды. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар 48 аудандық және 4 қалалық әкім сайланды.. Ағымдағы жылы сайлау еліміздің жеті өңірінде, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында өтті.Заңнаманы жетілдіруАғымдағы жылғы 30 маусымда Мәжіліске сайлау процестерін одан әрі дамытуға бағытталған заң жобалары енгізілді. Олар кандидаттардың сайлау қорын құруын, осы қордан тыс қаржыландыруға тыйым салуды және басқа да түзетулерді көздейді.Негізгі міндеттің бірі сайлау алдындағы уәделерді орындау жауапкершілігін арттыру болып қала береді.Қаржылық тәуелсіздік және жаңа кіріс көздеріҚаржылық тәуелсіздік дегеніміз сайланған әкімдердің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шартының бірі.IV деңгейдегі бюджет енгізілген сәттен бастап (2018 жылдан бастап) ауылдық бюджеттерге жеке түсімдер 3,5 есеге - 2024 жылы 32,2 млрд теңгеден 112,2 млрд теңгеге дейін өскен.Қаржы базасын одан әрі нығайту үшін су ресурсын пайдаланғаны үшін төлемді, кейбір қызмет түріне лицензияны және басқа да төлемді қосқанда, салық пен алымды қайта бөлу арқылы кіріс көзін кеңейту ұсынылады.Оқыту және цифрландыру2025 жылы басқарушылық құзыреттер мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауылдық округ әкімдерін қайта даярлау бағдарламасы іске қосылды. Оқытудың бірінші кезеңінде 1 784 әкім қамтылса, екіншісі қыркүйекте басталды. 428 қатысушы оқытылуда.Бұдан басқа, пилоттық режимде мемлекеттік деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін "Әкімнің цифрлық жұмыс орны" жобасы іске асырылуда.Ол еліміздегі 17 өңірдегі 34 ауылды қамтиды. Жыл соңына дейін жобаны барлық ауылдық округте енгізу жоспарлануда.Бауыржан Омарбеков ұсынылған шаралар жергілікті билік органдарының қаржылық және институционалдық дербестігін нығайтуға, жергілікті жердегі басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1100917?lang=kk
Алматы облысы: ВИЧ жұқпасының жаңа жағдайлары азайып, тестілеу мен жауапкершілік артып келеді 07.11.2025
2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған ақпараттық науқан өткізіледі.2025 жылдың тақырыбы – «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге». Бұл ұран қоғамның күш-жігерін біріктіруге, жаңа тәсілдерді дамытуға және АИТВ-ның алдын алу мен осы инфекциямен өмір сүретін адамдарды қолдау ісінде жауапкершілікті арттыруға бағытталған.Алматы облысында аталған науқан аясында жастар денсаулық орталықтарының мамандары, білім беру ұйымдары, жастар өкілдері, әскери қызметшілер, бизнес құрылымдар және негізгі топтар қатысатын ақпараттық-ағартушылық және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады. Науқан шеңберінде конференциялар, телеарна мен радио арқылы тақырыптық эфирлер, сондай-ақ облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында және аудандық ауруханаларда ашық есік күндері өткізіледі. Онда кез келген азамат мамандардың кеңесін алып, АИТВ-ға тегін және құпия түрде тест тапсыра алады.Алматы облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының деректері бойынша, 2025 жылдың 9 айының қорытындысында аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 13,3-ті құрады (2024 жылы – 15,8), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа жағдайлардың 38-ге азайғанын көрсетеді.Сонымен бірге, халықты АИТВ-ға тестілеу көрсеткіші өсуде. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша скрининг халықтың жалпы санының 13,5%-ын қамтыды. 2024 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 10,5%-ды құраған. Бұл тестілеудің қолжетімділігі артқанын және тұрғындардың профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысып жатқанын дәлелдейді.Қазіргі таңда АИТВ жұқтыру қаупі жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, материалдық жағдайына немесе дініне қарамастан кез келген адам үшін өзекті болуы мүмкін. Вирус ең жиі жыныстық жолмен беріледі.Дегенмен, АИТВ инфекциясының алдын алуға болады. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қоғамға ақпараттанудың, жауапкершілік танытудың және уақытылы тестілеуден өтудің маңыздылығын еске салуға мүмкіндік береді.Әрбір азамат АИТВ-ға тегін және құпия түрде тест тапсыра алады. Тестілеу тұрғылықты жері бойынша барлық медициналық ұйымдарда, сондай-ақ Алматы облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1100941?lang=kk
Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады 07.11.2025
Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді. АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қозғаушы күші саналады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард доллар межесіне жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасқанын айтты.Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады.Президент америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды. Тіпті, оларға өзі қолдау көрсетінін жеткізді.
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты 07.11.2025
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты 2025 жылғы 07 қарашаВашингтон қаласы, АҚШҚасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды.Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы рөліне айрықша тоқталып, оны көрнекті мемлекет қайраткері деп бағалады.– Сіз жүргізіп отырған парасатты және батыл саясатты бүкіл әлем қолдауға лайық деп санаймын. Мен де Сіздің ұстанымдарыңызды қуаттаймын. Сіздің жетекшілігіңізбен Америка алтын дәуірге қадам басты. Біз «Американы қайтадан ұлы елге айналдыру» (Making America Great Again) деп аталатын көреген тұжырымдамаңызды жоғары бағалаймыз. Бұл мақсат «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті, Қуатты Қазақстан құруды көздейтін ауқымды стратегиямызбен үндеседі. Бітімгер Президент ретінде сегіз айдың ішінде сегіз соғыстың тоқтауына ықпал еттіңіз. Осылайша, Американың халықаралық тұрақтылыққа тірек болған рөлін айтарлықтай күшейте түстіңіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді. АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қозғаушы күші саналады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард доллар межесіне жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасқанын айтты.Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады.Президент америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды. Тіпті, оларға өзі қолдау көрсетінін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1103259?lang=kk
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті 07.11.2025
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестіҚазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды.Мемлекет басшысы Президент Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарттар жасап, көпшілік күмәнмен қараса да, елеулі нәтижелерге қол жеткізгеніне назар аударды.Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады.Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі.АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті.– Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық орнатуда айтарлықтай алға ілгерілеу. Бүгінде көптеген ел Ибраһим келісімдері арқылы бейбітшілік пен өркендеу жолын таңдап отыр, – деді Дональд Трамп.
Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері 07.11.2025
Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелеріАқ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды.Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Физика, математика және информатика мұғалімдерінің ашық республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындылары 07.11.2025
30 қазан күні физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.Осакаров ауданының атынан байқауға келесі педагогтер қатысты:Алябьева Вера Ивановна – «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәні мұғалімі;Сушкова Ольга Викторовна – «№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ физика пәні мұғалімі;Федоров Юрий Владимирович – «№9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ информатика пәні мұғалімі.Байқау қорытындысы бойынша:🏆 Гран-при – Федоров Юрий Владимирович🥉 III орын – Сушкова Ольга ВикторовнаЖеңімпаздарымызды құттықтаймыз!Шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1100905?lang=kk
Кеденді цифрлық түрлендіру: ҚР ҚМ МКК мен Халықаралық сауда орталығы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады 07.11.2025
      2025 жылғы 5 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) мен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) арасында Ready4Trade Central Asia жобасы аясында сараптамалық кездесу өтті.      Негізгі тақырып – ХСО мен МКК бірлесіп әзірлеген кедендік әкімшілендіруді жаңғыртуды қолдау тұжырымдамасын іске асырудың нақты қадамдарын айқындау болды.      МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов Тұжырымдама Қазақстандағы кедендік әкімшілендіруді жүйелі дамытуға арналған практикалық құралға айналатынын және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен ХСО өкілдерінің келісілген іс-қимылдарының негізі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, жоспардың іске асырылуы «тосқауылсыз» транзиттік дәліздерді дамытуға, жасанды интеллект енгізуге және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.      Ready4Trade Central Asia жобасының сауда рәсімдерін оңайлату компонентінің жетекшісі Аделина Харунжен Қазақстанның тұрақты ілгерілеуін атап өтіп, елдің кедендік цифрландыру саласында өңір үшін үлгі бола алатынын жеткізді.     Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады:«Жіксіз» транзиттік дәліздерді дамыту және цифрлық үйлесімділікті арттыру;Жасанды интеллектті жүк ағындарын талдау мен бақылауға енгізу;Тәуекелдерді басқару және деректер аналитикасын жетілдіру;Өкілетті экономикалық операторлар (ӨЭО) бағдарламасын дамыту және өзара мойындау.     Тараптар Тұжырымдаманы іске асырудың бірыңғай жоспарын әзірлеу туралы уағдаласты. Бұл жоспар кедендік реформалардың жол картасына айналып, ашық, жедел және интеллектуалды әкімшілендіру моделіне көшуге мүмкіндік береді.      Бұл қадам Қазақстанның инновациялар мен логистикалық интеграцияның өңірлік орталығы ретіндегі позициясын нығайтып, ашық және қауіпсіз сауданың цифрлық негізін қалайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1100874?lang=kk
Қателіктің бағасы — әкімшілік айыппұл: департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғады 07.11.2025
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етіп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат А.алтыннан жасалған зергерлік бұйымды интернет-дүкен арқылы сатып алу кезінде құқықтарының бұзылғаны жөнінде өтінішпен жүгінген. Тауарды алғаннан кейін тұтынушы бұйымнан ақау анықтап, оны ауыстыруды немесе ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда сатушы заңды талапты орындаудан бас тартқан. Тұтынушы Департаментке жазбаша өтініш жолдап, оған фото және бейнематериалдарды, бақылау-касса машинасының чегін және талап хаттың көшірмесін қоса тіркеген. Аталған өтініш негізінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында сатушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды және шағымды қарау мерзімдерін бұзғаны анықталды. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысы бойынша сатушы өз кінәсін мойындап, тұтынушыға 95 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды. Осындай ұқсас жағдай Шымкент қаласындағы ірі сауда желісінің бір филиалында да тіркелген. Сатып алушы витринада көрсетілген баға мен кассалық чекте көрсетілген сома арасында айырмашылық бар екенін анықтаған — 1990 теңге орнына 2990 теңге. Азаматтың өтініші негізінде Департамент тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамажасалды. Мұндай мысалдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет тарапынан жүйелі бақылау мен нақты қолдау көрсетіліп отырғанының айқын дәлелі болып табылады. Азаматтар өз құқықтарының бұзылған жағдайында тиімді қолдау мен объективті қарауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мүдделерінің қорғалуына сене алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100863?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді 07.11.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездесті.Көшбасшылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылап, сапар аясында қол қойылған 17 миллиард АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерді құптады.Президент Тоқаев сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен өркендеуді ілгерілетуге бағытталған «Trump Route for International Peace and Prosperity (TRIPP)» бастамасына қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1100852?lang=kk