Enbekshi QazaQ

Қоғам

Орталық Азияда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен күш-жігер 08.11.2025
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Holding Corp. егеменді экзафлопстық NVIDIA инфрақұрылымы және таланттарды дамыту бағдарламалары негізінде Қазақстан мен Орталық Азияның жасанды интеллект саласындағы көшбасшылығын нығайтуға қатысты жоспарларын жариялады.Бастамаға сәйкес жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Оның аясында Қазақстанның тәуелсіз ЖИ-хабы құрылады. Оны Freedom Holding Corp. басқарып, NVIDIA-ның озық есептеуіш технологияларымен жабдықталады. Министрлік өз тарапынан ауқымды AI-инфрақұрылымды орналастыру мен пайдалануға қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ инженерлер мен ғалымдарды даярлауға арналған ЖИ академиясы мен ғылыми-зерттеу зертханасын құру сынды бастамаларды қолдайды.Жобаға 2 миллиард доллар инвестиция тарту жоспарланып отыр. Ол  қуаттылығы 100 МВт болатын қолжетімді энергиямен Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Freedom Holding Corp. жобаның негізгі инвесторы және операторы болуды жоспарлап отыр.Серіктестік Қазақстан мен Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономикасы үшін қажетті ЖИ-экожүйесін дамытуға, инновацияларды ілгерілетуге және кадрларды даярлауға деген ортақ ұмтылысын көрсетеді.«NVIDIA компаниясымен ынтымақтастық - Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы ұлттық стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Біз тәуелсіз AI-экожүйесінің іргетасын қалыптастырып жатырмыз. Бұл экономикамызды нығайтып, бәсекеге қабілеттілікті арттырады, бүкіл өңір үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.«Қазақстанның әлемдік жасанды интеллект нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған осы ауқымды бастаманың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Біздің тәжірибемізді NVIDIA-ның озық технологияларымен және Министрліктің стратегиялық көзқарасымен біріктіре отырып, жасанды интеллект саласындағы инновациялардың дамуы мен саланы Орталық Азия өңірінде дамытуға атсалысамыз», - деп мәлімдеді Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1101399?lang=kk
Қызылорда инвестициялық әлеуетін Швейцарияда таныстырды 08.11.2025
Берн, Женева, 3-7 қараша - Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы делегациясы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жетекшілігімен Швейцариялық Конфедерацияға жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетін таныстыру, кантон басшылығы және швейцариялық бизнес өкілдерімен тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ өңіраралық және мәдени ынтымақтастықты дамыту.Сапар барысында делегация Берн және Женева кантондарының басшылығымен, Женевадағы сауда-саттық және өнеркәсіп палатасы (CCIG) директоры, сондай-ақ Harvest Group, INOKS Capital, Rey Group / Swiss Choice Holding, Laufen (Roca Group), GWF, RBL Group және Kanadevia Inova сияқты жетекші швейцариялық компаниялар мен кәсіпорындардың топ-менеджерлерімен кездесулер өткізді.Швейцариялық тарап ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік дамуды жетілдіру, санитарлық-техникалық өнімдер өндірісін локализациялау, су және энергетикалық ресурстарды есепке алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды энергияға айналдыру (Waste to Energy) технологияларын енгізу мүмкіндіктері қаралды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларацияның 35 жылдығы аясында Берн және Женева қалаларында Қызылорда облыстық филармониясының концерттері ұйымдастырылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға маңызды үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1101410?lang=kk
Сауд Арабиясы Корольдігінің ең ежелгі университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіруде 08.11.2025
Мекке, 2025 жылғы 6 қараша – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов киелі Мекке қаласына сапар жасап, Сауд Арабиясы Корольдігінің ең ежелгі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі – «Умм әл-Қура» университетінің ректоры, профессор, доктор Маади бен Мұхаммад әл-Мазһабпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар гуманитарлық, мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. М. әл-Мазһаб университеттің тарихы мен қазіргі қызметі туралы баяндап, шетелдік студенттердің санын арттыруға бағытталған, университетті одан әрі кеңейту жоспарларымен бөлісті.Университет басшылығының атап өтуінше, кәзіргі уақытта аталған оқу орнында шамамен 10 қазақстандық студент білім алып, жоғары үлгерімі мен үлгілі тәртібі арқылы өздерін жақсы жағынан көрсетіп жүр.Өз кезегінде қазақстандық дипломат ректорды Қазақстанда орта және жоғары білімнің сапасын арттыру, жасанды интеллект технологияларын дамыту және енгізу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, бұл үдеріске елдің жас азаматтарының белсенді қатысатынын атап өтті.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы жоғары оқу орындары өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға дайындықтарын білдірді.Университет тарихы 1949 жылдан бастау алады, сол жылы Мекке қаласында Шариғат колледжі (ислам құқығы) құрылған болатын. Корольдік жарлығына сәйкес, университетке «Умм әл-Қура» атауы беріліп, 1981 жылы толыққанды жоғары оқу орны мәртебесіне ие болды. Бүгінде университет классикалық ислам ғылымдарынан (шариғат, араб тілі, даʿуа исламия) бастап инженерия, медицина, қолданбалы және әлеуметтік ғылымдарға дейінгі кең ауқымды бағдарламаларды ұсынады. Университеттің деректері бойынша, Меккедегі негізгі кампуста шамамен 30 мың студент білім алады. Белгілі түлектердің қатарында – Сауд әл-Шурайм, Меккедегі басты мешіт «әл-Масжид әл-Харамның» бұрынғы имамы әрі уағызшысы, ол «Умм әл-Қура» университетінде PhD дәрежесін алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1101412?lang=kk
Меккенің сәулеттік нышаны – «Сағат ғимараты мұражайы» – қазақстандық қажылардың қызығушылығын арттыруда 08.11.2025
Мекке, 2025 жылғы 6 қараша — Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Мекке қаласындағы сәулет пен инженерлік ойдың бірегей жетістігі болып табылатын, Сағат ғимаратының ішінде орналасқан «Сағат мұнарасы мұражайына» зиярат етіп, оның басшылығымен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат пен мұражайдың Бас директоры Наиф әл-Малики туризм, ғылым және мәдениет салаларында бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асырудың ықтимал бағыттары мен тетіктерін талқылады.Алғашқы қадам ретінде тараптар Қазақстан азаматтары үшін мұражайға кіруге арнайы жеңілдіктер қарастыру туралы келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстаннан келетін ресми делегациялар үшін ерекше шарттар енгізілмек және мұражайдың портативті аудиогид жүйесіне қазақ тілін қосу бойынша жұмыс басталатын болады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыс орнатып, қол жеткізілген уағдаластықтарды ресми түрде бекіту мақсатында тиісті құжаттарды дайындауға келісті.Меккедегі Сағат ғимараты мұражайы (The Clock Tower Museum in Makkah) — қасиетті әл-Харам мешітіне қарама-қарсы орналасқан Абраж әл-Байт мұнаралары кешенінің жоғарғы қабаттарында орналасқан. Мұражай Король Әбделазиз атындағы Ғылыми және астрономиялық зерттеулер институтының қамқорлығымен құрылған және уақыт, астрономия мен ислам күнтізбесі тақырыптарына арналған. Сағат мұнарасы бірнеше ерекше сипаттарына байланысты Гиннестің рекордтар кітабына енген:Әлемдегі ең үлкен сағат циферблаты – төрт жақтағы әр циферблаттың диаметрі мен биіктігі шамамен 43 метр.Жер шарындағы ең биік мұнаралардың бірі – шамамен 601 метр биіктіктегі бұл ғимарат әлемдегі үшінші ең биік құрылыс болып саналады (Дубайдағы Бурдж-Халифа мен Жапониядағы Tokyo Skytree мұнарасынан кейін, шпиль биіктігі бойынша).Әлемдегі ең биік ай таңбасы – мұнараның шыңында орнатылған алтын айдың биіктігі шамамен 23 метр, салмағы 35 тоннадан асады және ол 30 шақырым қашықтықтан көрінетін лазерлі прожекторлармен жарықтандырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1101414?lang=kk
Қазақстанның Белен қаласында өткен климат мәселелері жөніндегі Көшбасшылар саммитіне қатысуы 08.11.2025
Белен қ., 2025 жылғы 7 қараша – Бразилияның төрағалығымен өткен Көшбасшылар саммитінің (СОР30) екінші күні Бразилия басшылығы және шетелдік делегациялар жетекшілерінің қатысуымен «Энергетикалық ауысым» тақырыбындағы салалық сессия өтті.ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өз сөзінде еліміздің Үкіметі тарапынан таза энергетикаға көшу мен энергия тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндап, осы бағыттағы мақсаттарға қол жеткізудегі Қазақстанның берік ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, ол ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстан 2060 жылға қарай көміртексіз бейтараптыққа қол жеткізуді көздеп отырғанын атап өтті. Осы мақсатта еліміз «ақылды» желілерді дамытуға, жылу энергетикасын жаңғыртуға, ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге, сондай-ақ көлікті газдандыру мен электрлендіруді кеңейтуге күш салып келеді. Бұл қадамдар, тек шығарындыларды азайтып қана қоймай, энергетикалық жүйенің тиімділігін, сенімділігі мен орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силва өз кезегінде аталған тақырыптық сессияда сөйлеген сөзінде Бразилияның әлемдік қауымдастықпен бірлесе және жедел әрекет ете отырып, әртүрлі ұлттық жағдайлар мен бастапқы ұстанымдарға сәйкес, ғаламдық орнықты отын түрлерін кем дегенде 2035 жылға қарай 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда төрт есе пайдалануын өсіру тәрізді бірқатар негізгі мақсаттарға қол жеткізу ниетін растады.Сессия барысында Бразилия, Реттелетін көміртек нарықтары жөніндегі Ашық коалиция құру туралы декларацияны және «4Х» Белен міндеттемесін тұрақты отын түрлері бойынша екі бастаманы таныстырды. Екі бастама да халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу үдерісін жеделдетуге бағытталған.Аталған іс-шара аясында ҚР-дың делегациясын бастаған Ерлан Нысанбаев, шетелдік делегациялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізіп, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, Ерлан Нысанбаев Бразилияның Экология министрі Марина Силвамен кездесуі барысында конференцияға шақырғаны және оны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, бразилиялық әріптесін Астанада өтетін 2026 жылдың сәуірде өтетін Өңірлік климаттық саммитке шақырды.Көшбасшылар саммитінен кейін, 10-21 қараша аралығында осы Беленде БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 30-шы конференциясы (СОР30) тікелей өз жұмысын бастайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1101431?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қостанай облысындағы инвестиция тарту және жобаларды дамыту мәселелері талқыланды 07.11.2025
2025 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қостанай облысының әкімі Кумар Ақсақаловпен кездесіп, Премьер-Министрдің арнайы инвестициялық кеңесте берген тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ инвестиция тарту тетіктері, перспективалы жобаларды іске асыру және өңірлік инвестициялық экожүйені дамыту мәселелері талқыланды.Тараптар Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) аясында жүргізіліп жатқан жұмысты, соның ішінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен мониторинг жүргізу, инвесторлармен өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) және негізгі капиталға салынған инвестициялар (НКИ) көрсеткіштерін есептеу, олардың қалыптастыру және өңірлік деңгейде есепке алу әдістемесі бойынша мәселелер қаралды. Ерекше назар «инвестицияға тапсырыс» тетігін іске асыруға аударылды. Бұл құрал өңір экономикасының басым салаларында жаңа жобаларды қалыптастыру мен іске қосуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, қолданыстағы және әлеуетті инвесторларды сүйемелдеу, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау құралдарын кеңейту мәселелері қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестиция тарту жүйесінің барлық деңгейлерінде үйлестіруді күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қостанай облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жөніндегі келесі қадамдарды анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101378?lang=kk
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда 07.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 4-5 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сеулге жұмыс сапары барысында Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чон Ый Хие және Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен кездесулер өткізді.Чон Ый Хиемен өткен келіссөздер барысында сұхбаттастар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық және сенімділік негізінде қалыптасқан қатынастарды, сондай-ақ тараптардың екіжақты форматтағы ынтымақтастықты өзара күшейтуге талпыныстарын атап өтті.А.Бақаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, сенімділік негізінде қалыптасқан тұрақты саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанына назар аударды.Тараптар «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форматындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды табысты өткізу үшін келісілген күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен өткен келіссөздер көпжақты күн тәртібі мәселелеріне арналды.Келіссөздер барысында Астана мен Сеулдің халықаралық алаңдардағы, соның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимылыды нығайту перспективалары талқыланды.Сонымен бірге министрдің орынбасары «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ри Джонг Кукпен кездесті және Сеул киберуниверситетіне барып, оның қызметімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101371?lang=kk
ТАССАЙДА ТАҒЫ 1700 ҮЙГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛАДЫ 07.11.2025
ТАССАЙДА ТАҒЫ 1700 ҮЙГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛАДЫШымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тассай шағынауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды қосу рәсіміне қатысты. Бұл – газдандырудың екінші кезеңі аясында жүзеге асқан маңызды оқиға. Нәтижесінде 1700 абонентке көгілдір отынға қосылу мүмкіндігі берілді. Бұған дейін бірінші кезеңде 800 абонент газ жүйесіне қосылған болатын. Жыл соңына дейін қалған тұрғын үйлерді қосу жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы жоба толық жүзеге асқанда 3345 абонент табиғи газбен қамтылып, тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 68 шақырымнан асады. Газдың қосылуы – тұрғындар үшін маңызды сәт, ол өмір сүру сапасын арттыруға және шағынауданның инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қадам. Осы қуанышты оқиғамен тұрғындарды құттықтап, құрылыс жұмыстарын уақытылы орындаған мердігер ұйымға алғысын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1101363?lang=kk
Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлер қысқы кезеңге дайындық үстінде 07.11.2025
«Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында Астанада қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындықты тексеруге арналған «Қыс–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.Іс-шараға «Волонтёры Астаны LIDER.KZ» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері қатысты. Олар өз қызметін Ұлттық волонтерлік желі аясындағы шағын грант шеңберінде жүзеге асырады.Жаттығу барысында волонтерлер кәсіби құтқарушылармен бірлесіп, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтап, халыққа көмек көрсету және коммуналдық әрі жедел қызметтермен өзара байланыс тәсілдерін меңгерді. Іс-шараның практикалық бөлігі Индустриялық парк аумағында өтіп, қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда қолданды.Волонтерлер мен сала мамандарының төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Мұндай өзара байланыс азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтып, қоғамның төзімін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы саладағы волонтерлер адал қызметі мен жауапкершілігі арқылы мемлекет үшін сенімді серіктеске айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1101360?lang=kk
Бүгін Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының инспекторы мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері келіп, қалалық ақпараттық жүйелердің жұмысы мен бірқатар цифрлық жобалармен танысты. 07.11.2025
Бүгін Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының инспекторы мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері келіп, қалалық ақпараттық жүйелердің жұмысы мен бірқатар цифрлық жобалармен танысты.Іссапар аясында алдымен Shymkent Hub технологиялық паркінің қызметімен, ондағы резиденттер мен стартап-жобалардың жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ Hard Zone аймағында орналасқан Robopark-та балалар әзірлеген роботтық жобалар ұсынылды.Одан кейін №2 қалалық ауруханада Cerebra AI жобасы таныстырылып, жасанды интеллект технологияларының денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері атап өтілді. Сонымен қатар №8 қалалық емханада PULS AI жобасының іске асырылу барысы қаралып, оны пайдаланушы дәрігерлерден кері байланыс алынды.Кездесу қорытындысында инспектор Шымкент қаласының цифрландыру деңгейіне оң баға беріп, жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1101295?lang=kk
Астанада әскери журналистерге құрмет көрсетілді 07.11.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Әскери журналист күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Бұл кәсіби мереке әскер өмірін насихаттап, қоғамның Қарулы күштерге деген сенімі мен құрметін қалыптастырып жүрген журналистерді бір арнаға тоғыстырды.Қорғаныс ведомствосы басшысының атынан құттықтау сөз сөйлеген министрдің орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев әскери журналистердің армияның беделін арттырудағы, объективті ақпарат таратып, қоғамда отансүйгіштік сезімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Ол сондай-ақ ҚР Ұлттық ұланы мен ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің өкілдерін, Медиа-контент орталығы мен «Сарбаз» газетінің редакциясын кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты жиынға республикалық телеарналар мен басылымдардың журналистері, танымал блогерлер және Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мен «Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана» газетінің қалыптасуына атсалысқан әскери журналистиканың ардагерлері қатысты.Кездесу соңында вице-адмирал Серік Борамбаев қатысушыларға кәсібилігі, адалдығы және отандық әскери журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.Бұл іс-шара Отан қорғаушылардың өмірі мен қызметі туралы алғашқы болып хабар тарататын адамдарға деген құрмет пен ризашылықтың жарқын дәстүріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1101322?lang=kk
Қонай шағын ауданында жаңа саябақтың алғашқы кезеңі аяқталды 07.11.2025
Қостанай қаласында «Қонай» шағын ауданындағы аумағы 1,5 гектар жаңа саябақты абаттандырудың бірінші кезеңі аяқталды. Бүгін нысандағы жұмыстардың барысы тексерілді.Биылғы маусымда саябақ аумағында ағаштар мен тірі қоршаулар отырғызылып, тартан жабындысымен қапталған жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Сондай-ақ орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, жарықтандыру шамдары орнатылып, жыра-сай арқылы екі көпір салынды.Келесі жылы саябақта кәсіби спорт алаңы мен заманауи балалар аймағын орналастыру жоспарланып отыр.Мұндай демалыс аймақтары жаңа шағын аудандар үшін аса маңызды — тұрғындар мұнда балаларымен серуендеп, спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.Бүгінде Қостанай қаласында барлығы 15 жасыл аймақ бар. Оның ішінде 5 саябақ — Орталық, Жеңіс, «Ұлы Дала», Триатлон-парк және Қостанай өңірлік университеті аумағындағы жаңа саябақ, сондай-ақ 10 абаттандырылған сквер мен бульвар — Керуен, Жастар бульвары, Әбілсай, Арыстанбеков және Темірбаев көшелеріндегі скверлер, «Шағала» жағалауы және басқа да аумақтар кіреді.Келесі жылы қалада жаңа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1101261?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қарағанды облысында әскерге дейінгі жастармен кездесті 07.11.2025
«Біртұтас ел – біртұтас жер» республикалық акциясы аясында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы жастардың патриоттық рухын көтеріп, Отан алдындағы борышын өтеуге деген ынтасын арттыру мақсатымен Қарағанды облысына келді. Қарағанды қаласында Қорғаныс министрлігінің офицерлері Бауыржан Момышұлы және Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кездесті. Министрлік өкілдері оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен танысып, Жауынгерлік даңқ мұражайы мен балалар әскери істің алғашқы қырларын меңгеріп, Қазақстан армиясының тарихымен танысатын «Жас сарбаз» сыныптарын аралады. Отан қорғаушылар жасөспірімдерге әскердегі қызметтің маңызы, кәсіби өсу мүмкіндіктері, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы айтты.– Мектеп оқушылары және студенттермен кездесулерде біз оларға әскер қатарында қызмет етудің артықшылықтарын түсіндіріп, сұрақтарына жауап береміз. Сондай-ақ ардагерлеріміз де ұмыт қалмайды. Олардың өмір жолы жас ұрпақ үшін тәрбие мектебі, – деді Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі полковник Дәулет Бейсеков.Ақпараттық топ құрамында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің қызметкерлері, Орталық ансамблінің әртістері мен Орталық әскери оркестрінің музыканттары бар. Олар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме мен концерт ұйымдастырды.Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Шелудяковқа бару бағдарламаның ерекше бөлімі болды. Биыл ардагер 100 жасқа толмақ. Қорғаныс министрлігінің өкілдері қарт майдангерге елге сіңірген еңбегі мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Әскерге шақыру пунктінде министрлік өкілдері жақын күндері Қарулы күштер қатарына аттанатын болашақ сарбаздармен де жүздесті. Олар жігіттерге табандылық, төзімділік пен сәттілік тіледі. Сондай-ақ, әскердегі қызмет – тек абыройлы міндет қана емес, әр азаматтың тұлға және ел азаматы ретінде қалыптасуындағы маңызды кезең екенін атап өтті.Алдағы күндері ақпараттық-түсіндіру тобы Қарқаралы ауданында жұмысын жалғастырып, Шахтинск және Теміртау қалаларына баруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1101268?lang=kk
Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары Брюссельде тағылымдамадан өтуде 07.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 6 қараша — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының екі апталық білім беру бағдарламасы аясында Брюссельге келген тыңдаушылары Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды.Тағылымдама Мемлекеттік басқару академиясы мен Брюссель еркін университетінің құрамындағы Брюссель дипломатия академиясы (Brussels Diplomatic Academy, VUB) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.Сапар барысында тыңдаушылар Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенкомен кездесті. Дипломатиялық миссияның басшысы мемлекеттік қызметтің жаңа буынын даярлауда мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, олардың заманауи дипломатия, келіссөздер жүргізу және цифрлық мемлекеттік басқару құралдарын меңгеруіне ықпал ететінін айтты.Елші бұл бағдарламаның 2022 жылы Мемлекеттік басқару академиясы мен Brussels Diplomatic Academy арасында қол қойылған келісімнің практикалық жалғасы екенін және оның Қазақстан мен Бельгия арасындағы басқарушылық кадрларды даярлау саласындағы академиялық және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.Бағдарлама 2025 жылғы 3–14 қараша аралығында өтуде. Оған Қазақстанның түрлі мемлекеттік органдарынан Мемлекеттік басқару академиясының 14 магистранты қатысуда. Оқу курсы жетекші сарапшылардың дәрістері мен тәжірибелік тренингтерін, сондай-ақ Еуропалық одақтың негізгі институттарына — Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі (EEAS), Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент және Брюссельдің жетекші зерттеу орталықтарына баруды қамтиды.Курс халықаралық қатынастар, экономикалық дипломатия, дағдарыстық коммуникациялар, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және жасанды интеллектіні мемлекеттік құрылымдардың қызметінде қолдану сияқты тақырыптардың кең аясын қамтиды.Бағдарлама тыңдаушылары тағылымдамадан алған әсерлерімен бөлісіп, Елшілік дипломаттарымен Қазақстанның халықаралық күн тәртібін ілгерілетудегі және Еуропалық одақпен ынтымақтастықты дамытудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1101208?lang=kk
Жаңа Салық Кодексі тақырыбындағы Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында семинар өтті 07.11.2025
Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өтті.Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, салықтық жеңілдіктер және басқа да тақырыптар.Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1101219?lang=kk
Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі мен Palo Alto Networks киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 07.11.2025
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық көшбасшы Palo Alto Networks компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Вашингтонда өткен C5+1 бизнес-конференциясының аясында рәсімделді. Стратегиялық әріптестікті орнатудағы маңызды қадам цифрлық инфрақұрылымды қорғау, жасанды интеллект технологияларын дамыту және киберқауіпсіздік саласы үшін кадрлар даярлау бойынша бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін ашады.Меморандумның негізгі мақсаты – ақпаратты қорғауға қатысты жаһандық сын-қатерлер жағдайында киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту. Келісім аясында Министрлік пен Palo Alto Networks озық технологиялармен, ең үздік тәжірибелермен және сараптамалық біліммен алмасып, Қазақстанның аса маңызды цифрлық активтерін қорғауды күшейтеді.«Palo Alto Networks компаниясымен меморандумға қол қою Қазақстанға киберқауіпсіздіктің заманауи технологияларына, соның ішінде қауіптерді бақылау мен жедел әрекет етуге арналған жасанды интеллект құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Келісім мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын енгізуге, бірлескен жобаларды дамытуға және елдің маңызды цифрлық инфрақұрылымын нығайтуға жағдай жасайды», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев.«Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігімен осы меморандумға қол қою елдің цифрлық қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам. Біз Қазақстанның маңызды цифрлық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Министрліктің күш-жігерін қолдауға дайынбыз», – деді Palo Alto Networks компаниясының мемлекеттік саясат және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу жөніндегі вице-президенті Даниэль Кроузе.Palo Alto Networks компаниясы туралыPalo Alto Networks (NASDAQ: PANW) – цифрлық ортаны үздіксіз инновациялар арқылы қорғауға бағытталған жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания әлемнің 70 000-нан астам ұйымының сеніміне ие және желілік инфрақұрылымды, «бұлтты» орта мен қауіпсіздік жүйелерін қорғау, сондай-ақ АҚ-операцияларын қолдау үшін жасанды интеллектіге негізделген кешенді шешімдерді ұсынады. Бұл мүмкіндіктер Unit 42® сараптамасы мен қауіптер туралы барлау деректерімен күшейтілген.Платформалық тәсіл компанияларға қауіпсіздік жүйелерін кеңейтуге және инновацияларға кедергі келтірмей, қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Толық ақпарат: www.paloaltonetworks.com сайтында. ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1101204?lang=kk
«Тауарларға декларация» модулін тестілеу туралы 07.11.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 75 «Тауарларға декларация мен тауарларға декларацияны түзетудің құрылымы мен форматы туралы және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға декларацияның жаңа форматы енгізілді.Аталған өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және оңайлатуды, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Атап айтқанда, декларантқа жолданатын барлық сұрау түрлері, ДТ-ға өзгерістер енгізу туралы Талап/Шешім нысаны, КДТ нысаны және басқа да процестер автоматтандырылды.Осыған байланысты, 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің «Тауарларға декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша тестілеу басталады. Тестілеу онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалар тестілеуге қатыса алады.Өтінімдерді беру тәртібі және тестілеу кестесі «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің тесттік порталында жарияланған – https://test-keden.kgd.gov.kz. Сондай-ақ порталдан тестілеу тәртібі жөніндегі ақпаратты, бейнесабақтарды, пайдаланушы нұсқаулығын, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды, байланыс деректерін және «Тауарларға декларация» модулі бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жолдау мүмкіндігін табуға болады.«Тауарларға декларация» модулін іске қосудың жобалық мерзімі 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігіне жоспарланған. Сонымен қатар модуль іске қосу нәтижелері ұсынылған ұсыныстар мен ескертулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тестілеуге белсенді қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1101190?lang=kk
Абайлаңыздар! Алкоголь лицензиясына қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті 07.11.2025
Құрметті салық төлеушілер! Соңғы кездері алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияларды қайта ресімдеуге/алуға/тоқтатуға байланысты алаяқтық схемаларына тап болған азаматтар мен кәсіпкерлердің жүгінуі жиеленді. Лицензияны қайта ресімдеу, беру және тоқтатудың барлық рәсімдері тек www.egov.kz – elicense.kz мемлекеттік портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері салық төлеушілерге телефон соғып, код немесе басқа персоналдық мәліметтерді сұрамайды. Сақ болыңыздар және бейтаныс адамдарға құпия ақпаратты бермеңіздер! Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы бойынша МКД-ның акциздерді әкімшілендіру бөліміне 8 (7182) 32-58-82 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1101193?lang=kk
Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексіне арналған Ашық есік күні өтті 07.11.2025
2025 жылғы 07 қарашада Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (МКБ) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексімен енгізілетін негізгі ережелер мен өзгерістерді түсіндіру мақсатында кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.Қатысушылар жаңа Кодексті практикалық қолдану бойынша нақты сұрақтар қоюға және МКБ басшылығы мен жетекші мамандарынан толық та жан-жақты жауаптар алуға мүмкіндік алды.Ашық есік күні барысында МКБ қызметкерлері шағын және орта бизнеске арналған арнаулы салық режимдеріне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.Мамандар салықтық бақылаудың жаңа тәсілдерін айқындап берді. Бақылау шаралары енді тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделетін болады, бұл адал салық төлеушілерге жүктемені азайтуға және бақылауды тек тәуекелі жоғары аймақтарға шоғырландыруға мүмкіндік береді.Өткізілген «Ашық есік күні» салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытынан бұрын дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1101172?lang=kk
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен BETA Technologies компаниясы Көлік саласындағы озық технологиялар жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 07.11.2025
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы ақпараттық технологиялар және электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Келісім пилоттық жобаларды іске асыру және электрлік ұшақтар, озық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейді.«Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда. BETA Technologies компаниясымен ынтымақтастық өңірдегі көшбасшылығымызды нығайтып, «ақылды» және экологиялық таза көлік шешімдерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдеміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.Меморандумға қол қою рәсімі Вашингтонда, C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Іс-шара Орталық Азия елдері - АҚШ арасындағы технология және орнықты даму саласындағы серіктестік мәселелерін талқылауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1101130?lang=kk