Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қорғаныс министрі жаңадан ашылған әскери-спорт колледжінің кадеттерімен кездесті 30.10.2025
Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов биыл ашылған Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің кадеттерімен кездесті.Қорғаныс ведомствосының басшысы оқу орнының инфрақұрылымын қарап, кадеттерге жасалған тұрмыстық жағдайлармен танысты.Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының төрағасы полковник Арман Әбеуов оқу-материалдық базаны таныстырып, жаңартылған оқу корпустарын, заманауи спорт және жаттығу залдарын, бассейнді, спорт секцияларындағы дайындық барысын көрсетті.Ол алдағы уақытта шахмат клубын ашу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ колледж тәрбиеленушілері әртүрлі спорт түрлерінен облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып жүргенін айтты.Кадеттермен әңгіме барысында Қорғаныс министрі колледждің ашылған күннен бастап жастар арасында үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.– Алғашқы қабылдау біз күткеннен де жоғары болды. Бір орынға шамамен 40 үміткерден келді. Бүгін мен үздіктердің үздігімен жүздесіп отырмын. Спортта зор жетістіктерге жетулеріңізді және армия саңлақтары Айдос Сұлтанғали, Алуа Балқыбекова және Марат Байқамұров сынды чемпиондардан үлгі алуларыңызға тілектеспін, – деді авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Министр, сондай-ақ, келесі жазда Астанада бесінші әлемдік кадет ойындары өтетінін еске салды. Бұл жарыстарға бокс, қазақ күресі, жеңіл атлетика, жүзу және шағын футбол кіреді.– Әскери-спорт колледжінің кадеттері осы ойындарда биік тұғырдан көрініп, әлемге қазақстандық армия спортының жоғары деңгейін көрсететініне сенімдімін, – деді Қорғаныс министрі өз сөзінің қорытындысында. Кездесу соңында министр кадеттермен асханада бейресми жағдайда сөйлесіп, олармен бірге түскі ас ішті.Қорғаныс министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі алғашқы қабылдауын 2025 жылғы 1 қыркүйекте өткізді. Оқу орны жалпы білім беруді, әскери және спорттық дайындықты біріктіреді.Оқу бағдарламасы кіші командирлер мен жауынгерлік және дене дайындығы бойынша нұсқаушыларды даярлауға, сондай-ақ «жаттықтырушы-нұсқаушы» мамандығын меңгеруге бағытталған. Бағдарламада жалпы білім беретін пәндермен қатар әскери-қолданбалы, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері, сондай-ақ арнайы факультативтер қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096257?lang=kk
Риддер қаласында семинар өтті: Жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері – 2026 30.10.2025
2025 жылғы 30 қазанда Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне арналған ауқымды семинар өткізді.Іс - шара Риддер қаласындағы Аграрлық-техникалық колледж алаңында өтті және жергілікті бизнес-қоғамдастық пен жұртшылық өкілдерін жинады.Семинарға қатысушыларға корпоративтік табыс салығы және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі бойынша жаңа ережелер жеткізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласына салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.ҚҚС бойынша есепке қою ережесі, сондай-ақ ҚҚС асып кеткен соманы қайтару тәртібі ұсынылған.Мемлекеттік кірістер департаментінің спикерлері жеке табыс салығына, әлеуметтік салыққа және «мүлік» салығына, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруге қатысты негізгі өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді: салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, жеңілдіктер оңтайландырылады, салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі. Қолданыстағы арнайы салық режимдері жетіден үшке дейін қысқартылды: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімі 882 – ден 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, бұл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін айтарлықтай жеңілдік болып табылады.Департаменттің басым міндеті салық төлеушілерді уақтылы және толық хабардар ету болып табылады. Жаңа Салық кодексінде әрбір кәсіпкер күшіне енгенге дейін түсінікті болуы тиіс бірқатар маңызды өзгерістер бар, - деп атап өтті Департамент өкілдері.Қорытындылай келе, мұндай семинарларды өткізу салық төлеушілерге жаңа Салық заңнамасы жағдайында жұмысқа алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Ашық диалог барысында семинарға қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша барлық сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096260?lang=kk
Әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталды 30.10.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, салтанатты қабылдау өткізді.Мерекелік жиында аудан басшысы сала мамандарына қоғам өміріндегі маңызды еңбектері үшін алғыс білдірді. Өз құттықтауында Жандос Еркінбек:«Сіздердің осындай адал еңбектеріңіз – адамдардың өміріне жылылық пен үміт сыйлайды. Әрбір көрсетілген көмек, әрбір шешілген мәселе – қоғамдағы сенім мен қамқорлықтың көрінісі. Сондықтан әлеуметтік қызметкер – бұл тек мамандық иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын мейірбан жан. Осы ретте әлеуметтің осал топтарына қол ұшын беруде уақытпен санаспай, әлеуметтік саланың дамуына қосқан ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді.Биыл ауданның әлеуметтік саласына тиісті қаржы бағытталып, нақты әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды.Іс-шара барысында сала үздіктеріне облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды.Құттықтау рәсімінен кейін сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева әлеуметтік сала қызметкерлеріне ізгі тілектерін жеткізді.Аудан басшысы мерейлі мереке иелерінің еңбегін жоғары бағалап, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1096269?lang=kk
Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті 30.10.2025
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың облыс тұрғындарымен кездесуі өтті.Кездесуге қоғамдық кеңестердің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басқосу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және жергілікті бастамаларды іске асырудың перспективалары секілді өзекті мәселелер талқыланды.Іссапар аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында үшінші сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтық белсенділік инфрақұрылымын дамыту және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды қолдау тетіктерін кеңейту мәселелері көтерілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096243?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2025 жылдың 9 айы бойынша қызметінің қорытындылары 30.10.2025
30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ведомствоның 2025 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындыларымен таныстырды.2025 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 336,3 млрд теңгені құрады.2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 192,3%, яғни 161,4 млрд теңгеге артқан.ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сайранқан Қабыштың айтуынша, ең көп түсімді қамтамасыз еткен келесі салалар:Өңдеу өнеркәсібі – 28,6% (96,3 млрд тг)Көтерме және бөлшек сауда – 15% (50,4 млрд тг)Тау-кен өнеркәсібі – 13,5% (45,3 млрд тг)Құрылыс – 8,4% (28,1 млрд тг)Спикер бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне де тоқталды.«2025 жылдың 18 маусымы мен 16 қыркүйегі аралығында туризм нысандарында кассалық аппараттардың немесе үш компонентті интеграцияланған жүйенің бар-жоғын, төлем карточкаларын қолдануға арналған құрылғылардың болуын, салық органдарында тіркеуден өтуін, сәйкестендіру және бақылау белгілерінің түпнұсқалығын, сондай-ақ лицензияның бар-жоғын анықтау мақсатында 110 рейдтік тексеріс жүргізілді.Нәтижесінде 148 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 104 жағдайда ескерту жасалып, 39 іс бойынша соттар 6,3 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Контрафакті өнімдері тәркіленді: темекі бұйымдары – 125,8 мың теңге, алкоголь өнімдері – 947,6 мың теңге», – деп атап өтті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.Сондай-ақ, спикер жеке тұлғалардың салықтық берешегімен жұмыс тақырыбына тоқталды.2025 жылғы 1 сәуірде көлік және мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1,09 млрд теңге көлемінде берешек қалыптасты.Бүгінгі күні 600,6 млн теңге өтеліп, 38 607 салық төлеушіде 490,4 млн теңге сомасында берешек қалып отыр.Әділет және полиция органдарымен жасалған Меморандум аясында 789 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 17,6 млн теңге берешек өтелді.Сонымен қатар, жұмыс істейтін борышкерлерден 7,5 млн теңге өндірілді.Қазан айының басынан бері мүлік салығы бойынша берешек 483,5 млн теңгеден 506 млн теңгеге дейін өскен.Борышкерлерге қатысты өндіріп алу туралы бұйрықтар жасалып, материалдар жеке сот орындаушыларына жолдануда.Қорытындылай келе, спикер азаматтарды салықтарды уақытылы төлеуге шақырды, бұл айыппұл санкциялары мен шектеу шараларынан сақтануға мүмкіндік береді.Салықтарды келесі жолдармен төлеуге болады:Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы жеке кабинет арқылы,Электрондық үкімет (eGov) порталы арқылы,Сондай-ақ e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk және екінші деңгейлі басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1096244?lang=kk
Қаратал ауданында "Ашық есік күні" өтті 30.10.2025
Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1096188?lang=kk
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды 30.10.2025
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.Министр салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған, адамзаттың асыл мұраттарын насихаттаған ұлы тұлға екенін атап өтті. Оның шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. Сондықтан да Абай бейнесінің дәл Рим қаласында бой көтеруі – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі болары анық.«Кейінгі жылдары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Италияға ресми сапары мен Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Қазақстанға жасаған ресми сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.Ал қыркүйек айында Италия Президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», – деді Аида Балаева.Айта кетсек, қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі шетелде зор құрметке ие. Ақынға арналған ескерткіштер, бюстер мен монументтер әлемнің көптеген ірі қалалары мен астаналарында орнатылған. Олардың қатарында, Ташкент, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Анкара, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Ренн, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков, Баку және Рио-де-Жанейро қалалары бар.Аида Балаева мен Ерболат Сембаев Шыңғыс Айтматов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096199?lang=kk
Елордада XII Азаматтық форумның нәтижесі талқыланды 30.10.2025
Астанада «SARAP» сараптамалық клубының «ХІІ Азаматтық форум нәтижелері: азаматтық белсенділік – ел дамуының қайнар көзі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар форумның негізгі нәтижелерін, ұсынылған форматтың тиімділігін, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.Кездесу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова Форумның негізгі жетістіктерін атап өтті. Ол бұл іс-шара өзекті мәселелерді ашық талқылауға және азаматтық секторды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген тиімді диалог алаңы болғанын айтты.Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты және жүйелі әріптестіктің маңызы, сондай-ақ форум аясында әзірленген ұсынымдарды іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді.Отырыс барысында мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларға жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бұл жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді құралға айналғанын көрсетті. Сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуы үшін ҮЕҰ-ның кәсіби әлеуетін арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстар қаралды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096228?lang=kk
Қостанай қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде 30.10.2025
Қостанай қаласы Полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімі қызметкерлері тұрғындармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар мен буклеттер таратты.Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, үнсіз қалмаңыз!102 нөмірі бойынша полицияға, сондай-ақ 150 және 111 сенім телефондарына хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1096235?lang=kk
Қазақстанда сот-сараптама және IT-криминалистикаға маманданған жетекші үнді университетінің филиалы ашылады. 30.10.2025
Ішкі істер министрлігі Ұлттық қорғаныс министрлігімен бірлесіп Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының базасында Ұлттық сот сараптамасы университетінің (Үндістан, Гандинагар) филиалын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Білім ошағында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістанның Ұлттық сот сараптамасы университетінің атқарушы тіркеушісі Шри Джадеждің қатысуымен үшжақты кездесу өтті.
Қазақстанда Үндістанның сот сараптамасы және IT-криминалистика саласындағы топ-университетінің филиалы ашылады. 30.10.2025
Ішкі істер министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп, Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалын ІІМ Басқару академиясы базасында ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.Оқу орнының базасында үшжақты кездесу өтті. Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа қатысты.
Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге 30.10.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған және ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген табыстылығы 12,90% инфляция кезінде 14,11% болды. 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3,11 трлн теңгеге жетті.   Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 8,44% құрады. Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.   Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қазанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 1063,15% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 920,56%.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған таза инвестициялық кіріс – 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13,62 трлн теңге. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен 42,8% жетті, бұл азаматтардың жинақтау құрылымында инвестициялық қызметтің маңызды орын алатынын көрсетеді.  Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1109458?lang=kk
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында 30.10.2025
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ағаш отырғызу сенбілігіне қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1095884?lang=kk
«Менің Шағын Отаным» жас тарихшылар байқауының жеңімпазы 30.10.2025
2025 жылдың 22 қазанында Қарағанды ​​қаласында Ә.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті.«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы бойынша 3 орынды Осакаровка кентіндегі No9 гимназияның 10 сынып оқушысы ДОМИНОВА КАМИЛА иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1095895?lang=kk
Ұлттық ұланда цифрландыру жаңа деңгейге шықты: Әскери коммуникацияның болашағы талқыланды 30.10.2025
Құқықтық тәртіп әскерінде цифрландыру үдерісі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.  Осы ретте ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында цифрландыру дәуіріндегі ақпараттық қауіпсіздік пен коммуникацияның жаңа бағыттарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Бұл жиын Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center алаңында ұйымдастырылды. Конференцияға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, курсанттар мен студенттер қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – цифрлық трансформация кезеңінде әскери саладағы ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және коммуникация мәдениетін жаңа деңгейге көтеру болды.Қатысушылар әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізу мәселелерімен қатар әлеуметтік желілердегі манипуляция, фейк контенттің таралуы секілді тақырыптарды да талқылады.Конференцияда академияның әскери педагогика және психология кафедрасының оқытушылары полковник Болат Смағұлов, запастағы полковник Александр Митяев және подполковник Қазыбек Мұратаевтың электронды оқу құралы түріндегі ұжымдық еңбегі таныстырылды.Онда, Ұлттық ұланның стратегиялық коммуникацияларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар кешені, оның ішінде институционалдық, технологиялық және білім беру шаралары бірге қаралған. Оқу құралы HTML бағдарламасы тілінде орындалған және «Ақпараттық-психологиялық қарама-қайшылық», «Журналистика негіздері» пәндері бойынша курсанттарды даярлауға, сондай-ақ жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізуге арналған.Конференцияда Ұлттық ұлан академиясының екінші курс курсанты Ислам Ауесхан ерекше белсенділік танытып, жасанды интеллекттің медиа ортадағы адам санасына ықпалы туралы өзекті баяндама жасады.Ол медиа платформалардағы алгоритмдердің пайдаланушылардың мінез-құлқын болжау мүмкіндігіне тоқталып, бұл үрдістің ақпараттық қауіпсіздік пен жеке кеңістікке әсерін саралады.Ғылыми жиынға Қазақстан мен шет елдерден 65-тен астам ғылыми еңбек келіп түсті. Бұл цифрландыру тақырыбының әскери ғылымдағы өзектілігін және халықаралық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын көрсетті.Конференция қорытындысы бойынша сарапшылар Ұлттық ұлан академиясы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бағытындағы ғылыми зерттеулердің жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті.Мұндай бастамалар әскери педагогика мен психология салаларының дамуына, сондай-ақ ақпараттық мәдениеті жоғары, цифрлық ойлау қабілеті бар офицерлер буынын қалыптастыруға негіз қалайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1095902?lang=kk
Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы 30.10.2025
Игенов Азат Есетович - заместитель директора по учебной части КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) №12" отдела образования Осакаровского района управления образования Карагандинской области. Игенов А.Е.: "Я стал лидером перемен! Я сделал это! И теперь могу с уверенностью сказать: это был настоящий прорыв.Я успешно завершил обучение по программе «1000 лидеров изменений в образовании», организованной ЦПМ! Этот опыт полностью изменил мое понимание управленческих задач и подходов к инновациям в сфере образования. Это не просто курсы, а мощный толчок к стратегической трансформации.Я перестал ждать перемен и научился создавать их сам.Что мне дала программа? Смена парадигмы: Освоил современные подходы к стратегическому планированию, цифровизации и работе с талантами. Мощное окружение: Вступил в закрытое сообщество профессионалов, которые реально меняют школы. Реальный результат: Разработал и уже внедряю собственный проект изменений, который приносит видимые результаты!Если вы чувствуете, что готовы развивать и трансформировать казахстанское образование, если вы хотите перестать быть просто исполнителем и стать архитектором будущего, то ваш путь начинается здесь!"  Не откладывайте свое развитие! Регистрируйтесь на следующий поток и станьте частью команды лидеров!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1095872?lang=kk
2025 жылғы 28-29 қазанда Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті. 30.10.2025
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, жазушы және «Ситуативный казахский» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ҚХА жастар қанаты қатысты.Форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту, оны үйренудің үздік тәжірибелерін насихаттау және елдің біртұтас мәдени-тілдік кеңістігін дамыту.28 қазан күні қатысушылар өңірдің тарихи-мәдени және өндірістік нысандарын аралады: Ы.Алтынсарин кесенесі, М.Дулатұлы, А.Байтұрсұлының ескерткіштері, Ы.Алтынсарин атындағы мұражайына барып, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» қойылымын тамашалады.29 қазанда форумның салтанатты ашылуы және пленарлық отырысы өтті. Модераторы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Усанова.Пленарлық отырыста Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, сенатор Геннадий Шиповских, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова және «Мәміле» клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков баяндама жасады.«Табыстың тарихы» сессиясында ҚХА амбассадорлары қазақ тілін меңгеру тәжірибелерімен, кәсіби жетістіктерімен және жастарға арналған кеңестерімен бөлісті. Олардың қатарында – Тимур Онянов (Павлодар), Әнел Пимичева (Астана), Денис Романов (Астана), Марина Богомолова (БҚО), Милана Әшімбек (Ақмола облысы), Евгений Кравчук (Жамбыл облысы), Карина Роот (Көкшетау) және Алёна Малькова-Солопова (Ақмола облысы) бар.Күннің екінші жартысында «Мемлекеттік тілді меңгерудің үздік тәжірибелері» атты үш параллельді шеберлік сағаттары өтті. Қостанай өңірінің жоғары оқу орындарының студенттері қазақ тілін үйренудің цифрлық, коммуникативтік және шығармашылық әдіс-тәсілдерімен танысты.Форум достық, өзара құрмет және ортақ тіл идеясы төңірегінде түрлі этнос өкілдерін біріктірген ашық диалог алаңына айналды. Іс-шара қоғамның қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және сөз мәдениеті арқылы бірлікті нығайтуға бағытталды.#ҚХА30жыл #30летАНК #APK30yearsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1095821?lang=kk
Отандық стартаптар Кремний алқабында 30.10.2025
Сан-Франциско, 2025 жылғы 29 қазан – TechCrunch Disrupt халықаралық конференциясы аясында Қазақстаннан келген 80ге жуық стартап негізін қалаушылар Кремний алқабында бас қосты. Cан Франциско қаласында өтіп жатқан бұл шараға 40 елден 10 мыңнан астам қатысушылар технологиялардың болашағына жаңа бағыт беру үшін жиналған.Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы осы орайда отандық стартап қалаушыларына қолдау ретінде Kazakhstan Startup Night атты кеш ұйымдастырды. Оның басты мақсаты -  тәжірибелі инвесторлар мен табысты стартапшылардың білімін, тәжірибесін жас кәсіпкерлермен бөлісіп, оларға шабыт пен бағыт беру.Сондай-ақ, кеште Кремний алқабының венчурлік инвесторларымен ашық панельдік талқылаумен қатар қатысушыларға “Voice of founders” атты бейнабаян көрсетілді. Шара аясында қатысушылар нетворкинг сессиясында өз идеяларын таныстырып, жаңа таныстар мен кәсіби байланыстар орнатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-san-francisko/press/news/details/1095800?lang=kk
Жасанды интеллект саласындағы қазақ-әмірліктер ынтымақтастығына жаңа серпін 30.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 29 қазан – Мухаммед бен Заид атындағы жасанды интеллект университетінде (MBZUAI) Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек пен Университеттің проректоры, профессор Тимоти Болдуиннің кездесуі өткізілді.Кездесу барысында тараптар білім, ғылым және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Қазақ дипломаты MBZUAI университетінің жасанды интеллект, машиналық оқыту және табиғи тілді өңдеу бағыттарындағы әлемдік жетекші ғылыми орталықтардың бірі ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.Өз кезегінде профессор Т.Болдуин Қазақстанның жоғары білім жүйесін жаңғырту, ғылыми зерттеулерді дамыту және жасанды интеллектті өркендету мәселелеріне Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық назарын жоғары бағалады.Осыған байланысты, Мемлекет басшысының ү.ж. 13–15 қаңтарда БАӘ-ге жасаған ресми сапары және оның жасанды интеллект саласындағы жетекші мекемелер мен компаниялардың өкілдерімен кездесуі инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы қазақ-әмірліктер ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін бергені атап өтілді.Аталған сапар барысында Президент Қ.Тоқаев экономиканы жаңғырту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жасанды интеллектінің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын айтты.Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, академиялық алмасулар ұйымдастыру, сондай-ақ жасанды интеллект этикасы әрі басқару салаларында ортақ зертханалар мен бастамаларды құру арқылы әріптестік байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі практикалық қадамдарды талқылау мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен келіссөздер өткізу жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1095677?lang=kk
«24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, «Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық» атты салтанатты кеші аталып өтті 30.10.2025
Салтанатты шараның ашылуында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, ел игілігі жолында ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, насихаттауға, сондай-ақ мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарды көпшілікке қолжетімді етуге аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде кітапханашылардың қоғамның мәдени және рухани дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін ерекше атап өтіп, олардың еңбегі арқылы жас ұрпақтың білімге, өнер мен әдебиетке деген қызығушылығы арта түсетінін тілге тиек етті.Биылғы жылы  кітапханашы күніне орай кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - Қаратал аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Қалиева Бибігүл Абенқызы, Панфилов ауданы балалар кітапханасының меңгерушісі  Құдайқұлова Шикер Құрманғазықызы  иеленсе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі Усабаева Нұрқайрат Сағымбайқызы, Көксу ауданы Ақтекше ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахметова Марал Төлегенқызы, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Түстебаева Гүлмира Сауытбайқызы, Мәдениет және ақпарат министрінің «Алғыс хатымен» Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қашқынбаева Гүлдана Нұрғалиқызы, Сарқан ауданы Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Құрманғалиева Сәуле Тоқтасынқызы, Талдықорған қаласының 3 бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының кітапханашысы  Жұмаділқызы Күміс, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық кітапханасының меңгерушісі Тостекбаева Жумакүль Жебегеновна, Талдықорған қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Мифтахова Ильнур Басимовна, Саябаева Жанар Зейнелқабденқызы  Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Курманбаева Жазира Айтжановна, Панфилов ауданы Шолақай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Джалғасбекова Бағдагул Абдулдажанқызы марапатталды.ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық кітапханалық одағынан облысымыздың 8 кітапханашына «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, 6 кітапханашыға «Құрмет грамотасы», 5 кітапханашыға Алғыс хаты табысталды.Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастаруымен кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденістерін арттыру, кітапхана жұмысын заманауи өзгерістерге бейімдеу, ілгерілету мақсатында өткізілген байқаулардың қорытындысы бойынша «Көшбасшы кітапхана - 2025» номинациясымен Талдықорған қаласынының В.Маяковский атындағы орталықтандырылған кітапханасы, «Үздік ардагер кітапханашы - 2025» номинациясымен Талдықорған қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Альбиланова Назгуль Досаевна, «Үздік жас кітапханашы - 2025» номинациясымен Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нүсіп Айжан Бекежанқызы, «Үздік жыл әдіскері» номинациясымен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар Чайхидановна,  «Үздік библиограф - 2025» номинациясымен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нұрахметова Айым, «Үздік балаларға арналған жоба» номинациясымен Панфилов ауданы Ынталы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Даулетқазы Ақторғын Даулеткелдіқызы марапатталды. Мерекелік шараға Жетісу облысының зиялы қауым өкілдері, кітапханашылары, арнайы шақырылған Жетісулық ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.Салтанатты шара Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің мерекелік концертімен ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1095681?lang=kk