Қоғам
«24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, «Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық» атты салтанатты кеші аталып өтті 30.10.2025
Салтанатты шараның ашылуында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, ел игілігі жолында ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, насихаттауға, сондай-ақ мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарды көпшілікке қолжетімді етуге аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде кітапханашылардың қоғамның мәдени және рухани дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін ерекше атап өтіп, олардың еңбегі арқылы жас ұрпақтың білімге, өнер мен әдебиетке деген қызығушылығы арта түсетінін тілге тиек етті.Биылғы жылы кітапханашы күніне орай кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - Қаратал аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Қалиева Бибігүл Абенқызы, Панфилов ауданы балалар кітапханасының меңгерушісі Құдайқұлова Шикер Құрманғазықызы иеленсе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі Усабаева Нұрқайрат Сағымбайқызы, Көксу ауданы Ақтекше ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахметова Марал Төлегенқызы, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Түстебаева Гүлмира Сауытбайқызы, Мәдениет және ақпарат министрінің «Алғыс хатымен» Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қашқынбаева Гүлдана Нұрғалиқызы, Сарқан ауданы Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Құрманғалиева Сәуле Тоқтасынқызы, Талдықорған қаласының 3 бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының кітапханашысы Жұмаділқызы Күміс, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық кітапханасының меңгерушісі Тостекбаева Жумакүль Жебегеновна, Талдықорған қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Мифтахова Ильнур Басимовна, Саябаева Жанар Зейнелқабденқызы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Курманбаева Жазира Айтжановна, Панфилов ауданы Шолақай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Джалғасбекова Бағдагул Абдулдажанқызы марапатталды.ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық кітапханалық одағынан облысымыздың 8 кітапханашына «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, 6 кітапханашыға «Құрмет грамотасы», 5 кітапханашыға Алғыс хаты табысталды.Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастаруымен кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденістерін арттыру, кітапхана жұмысын заманауи өзгерістерге бейімдеу, ілгерілету мақсатында өткізілген байқаулардың қорытындысы бойынша «Көшбасшы кітапхана - 2025» номинациясымен Талдықорған қаласынының В.Маяковский атындағы орталықтандырылған кітапханасы, «Үздік ардагер кітапханашы - 2025» номинациясымен Талдықорған қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Альбиланова Назгуль Досаевна, «Үздік жас кітапханашы - 2025» номинациясымен Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нүсіп Айжан Бекежанқызы, «Үздік жыл әдіскері» номинациясымен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар Чайхидановна, «Үздік библиограф - 2025» номинациясымен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нұрахметова Айым, «Үздік балаларға арналған жоба» номинациясымен Панфилов ауданы Ынталы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Даулетқазы Ақторғын Даулеткелдіқызы марапатталды. Мерекелік шараға Жетісу облысының зиялы қауым өкілдері, кітапханашылары, арнайы шақырылған Жетісулық ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.Салтанатты шара Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің мерекелік концертімен ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1095681?lang=kk
Ұландық спортшы пауэрлифтингтен Еуразия чемпионатында алтын алды 30.10.2025
Астанада пауэрлифтингтен өткен Еуразия чемпионатына 15 елден 150-ден астам үздік спортшы қатысты.Жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери қызметшісі, құпия ақпаратты техникалық қорғау орталығының қызмет бастығы, аға лейтенант Дінмұхамед Мұхтарханов лайықты өнер көрсетті.Ұландық офицер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "Жатып штанга көтерудің халықтық тәсілі" пәні бойынша 1 орын алып, дене шынықтыру мен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті.ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің жеңісі ұландықтардың қызметте ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі спортта да табысты екендіктерін көрсетті. Сондай-ақ, мақсатқа ұмтылыстың, асқақ рух пен қызметтік шеберліктің үлгісі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1095670?lang=kk
Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті 30.10.2025
Алматы облысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен аймақтық бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысты.Кездесудің басты мақсаты — бизнес пен билік арасында тікелей диалог орнату. Мұндай формат Президенттің бизнес құқығын қорғауды күшейту және іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмаларына сай жүзеге асырылуда.Талқылау барысында жер телімдерін беру, инвестициялық жобаларды іске асыру, жекеменшік білім беру саласын реттеу, экологиялық талаптарды сақтау және құқық қорғау органдарының кәсіпорын қызметіне араласуы сынды өзекті мәселелер көтерілді. Әр бағыт бойынша тиісті мемлекеттік органдар түсініктеме беріп, нақты шешу жолдарын ұсынды.Аймақта бүгінде 56 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, онда шамамен 15 мың бала білім алады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап олардың 39-ы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істей бастады. Бұл қадам өңірдегі мектептердегі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары Қарасай және Іле аудандарында жалпы сыйымдылығы 3,5 мың оқушыға арналған екі заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге оң әсер етті.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған шараларға тоқталды.«Бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының арқасында облыс экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индекс 110,2%-ды құрады. Ең жоғары өсім құрылыс, өнеркәсіп, сауда және инвестиция тарту салаларында байқалады. Кәсіпкерлікті қолдау – басым бағыттардың бірі. Бұл мақсатқа 27,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 156 мыңнан асты, ал сектордағы жұмыспен қамту 10,5%-ға өсті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз өңірдің тұрақты дамуын және халықтың өмір сапасын арттыра аламыз», — деді өңір басшысы.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың ашық әрі болжамды болу қажеттігін атап өтті.«Мен кездесу нәтижесіне өте ризамын. Барлық мәселе сол жерде талқыланып, нақты жауаптар берілді. Ал республикалық деңгейдегі сұрақтарды жеке бақылауыма алдым», — деді Қанат Нұров.Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру және бизнес мәселелері бойынша тұрақты пікір алмасу жөнінде уағдаласты. Мұндай өзара әрекеттестік кәсіпкерлікті дамытуға кедергілерді жедел жоюға және бизнес ортасын жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1095662?lang=kk
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ 30.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы бұл сала ел экономикасының берік негізі екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет екенін баса айтты.Қазіргі таңда еліміздің бірқатар өңірінде өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істейді. Олар жерді ұтымды пайдалану, өнімді өңдеу және өткізу тізбегін тиімді ұйымдастыру бағытында озық тәжірибе көрсетіп отыр. Президент атап өткендей, мұндай кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен қолданып, өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттыруда.Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерудің басты тетігі – инновация мен технологияны енгізу. Дәлме-дәл егіншілік, смарт фермалар, автоматтандырылған суару жүйелері және агродрондар – бүгінде әлемдік агроиндустрияның негізгі бағыттарына айналды. Қазақстан да осы үрдістен қалыс қалмауы тиіс.Сонымен қатар ауыл еңбеккерлерін қолдау, фермерлерге жеңілдетілген несие мен инфрақұрылымдық жағдай жасау – агросектордың тұрақты дамуының кепілі. Ауыл шаруашылығын дамытпай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар нақты нәтижеге бағытталуы тиіс.Президент ұсынған бастамалар ауыл аймақтарының әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті өнімдердің сапасын жақсартуға және экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығын дамыту – бұл ауылдың ғана емес, бүкіл елдің өркендеу жолы. Заманауи технология мен білімді еңбеккерлердің күшімен Қазақстан агросаласында жаңа белестерді бағындыра алады.#АуылШаруашылығы #Жолдау2025 #ПрезидентТокаев #Агроөнеркәсіп #Цифрландыру #Инновация #ФермерлерҚолдауы #ЭкономикалықӨсу #СмартФерма #АзықТүлікҚауіпсіздігі
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 30.10.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2025ж. мен 30.09.2025ж. аралығында халыққа шамамен 33,7 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20 млн-ы электрондық форматта, 12,6 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 724,4 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 708,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,2 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 18,3 млн-ы – электрондық, ал 2,9 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 56,4 мың өтініш қабылданып, оның 53,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған. 2025 жылдың басынан бастап 9 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 104,2 мың өтініш қабылданды. Оның 98,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 38,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 781,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 32,1 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 395,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1104394?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын сақтау мәселесі талқыланды 30.10.2025
Мемлекеттік қызмет жүйесінде мәдениетті нығайту және адам құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, бүгін Қармақшы ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.Кездесуге Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев қатысты.Семинарды аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде:«Адам құқықтары мен іргелі құқықтар — қазіргі замандағы кез келген қоғамның демократиялық және құқықтық негізін айқындайтын маңызды ұғымдар. Бұл құқықтар адамның тұлғалық қадір-қасиетін, еркіндігін және теңдігін қорғауға бағытталған. Әрбір мемлекет, соның ішінде Қазақстан Республикасы да, адам құқықтарын сақтау мен қорғауды өзінің ең басты міндеті», – деп атап өтті.Жиын барысында Бағдат Нажмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік мінез-құлық мәдениетін жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларға тоқталды.Берікбол Ұзақұлы өз кезегінде адам құқықтарының негізгі қағидаттары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың қоғам тұрақтылығына әсері жайында баяндады.Кездесу мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын қорғау саласындағы білімін арттыруға бағытталған маңызды жиын болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1095556?lang=kk
Аудан әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады 30.10.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.Алдымен аудан басшысы аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Қазіргі таңда 300 көрермен орындықтары жаңартылып, үлкен спорт залының ішкі жарықтандыру жүйесі толық ауыстырылуда. Сонымен қатар, таеквондо және тренажер залдарына жаңа жабдықтар орнату, резеңке негізді спорттық жабынды төсеу, пластикалық отырғыштар жұмыстары жүргізілуде. Кешеннің ішкі есіктерін орнату жұмыстары да аяқталуға жақын.Аудан әкімі одан кейін Тәуелсіздік ықшам ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысының сапасын бақылады. Бұл нысандарда екі мердігер жұмыс атқаруда. Инженерлік-коммуникациялық жүйелер бойынша екі нысанда да электр және су жүйелері толық қосылған. Газ жүйесін қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Жылу жүйесі және төбе жабынын орнату жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Сыртқы абаттандыру, қоршау, тас төсегіш (брусчатка) төсеу жұмыстары кезеңімен орындалуда.Аудан әкімі бұдан соң «Қазавтожол сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №56 «Қармақшы жол пайдалану бөлімшесіне» барып, қыс мезгілінде автожолдарды күтіп ұстауға дайындық жұмыстарымен танысты. Мұнда қысқы маусымға арналған арнайы техникалар мен материалдардың дайындық деңгейі, жол қызметкерлерінің жұмыс жоспары қамтамасыз етілуі қаралды.Жалпы, аудан әкімі аталған нысандардың барысын тұрақты түрде бақылауда ұстап келеді. Әрбір нысанның уақытылы аяқталуы, сапалы орындалуы және тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілуі – аудан басшысының үнемі қадағалауындағы басты міндеттердің бірі. Осыған орай, Жандос Еркінбек жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде аяқталуының маңыздылығына назар аударып, тиісті сала басшылары мен мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1095574?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 30.10.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2025ж. мен 30.09.2025ж. аралығында халыққа шамамен 33,7 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20 млн-ы электрондық форматта, 12,6 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 724,4 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 708,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,2 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 18,3 млн-ы – электрондық, ал 2,9 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 56,4 мың өтініш қабылданып, оның 53,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған. 2025 жылдың басынан бастап 9 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 104,2 мың өтініш қабылданды. Оның 98,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 38,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 781,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 32,1 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 395,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1102995?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,73 трлн теңгеден асты 30.10.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.2025 жылдың 1 қазанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қазанына 596,18 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына 2,37 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 356,75 млрд теңгеге артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейін 1 937,66 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд теңге (өсім – 19,1%), ЕЗЖ – 1,82 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 9 айында ЖМЗЖ 326,02 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 368,27 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 823,82 млрд теңге.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 23,43% ұлғайып, 01.10.2025ж. 181,81 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге. Жыл басынан бері 01.10.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 50,49 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 32,60 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд теңге, жерлеуге – 8,03 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд теңге аударылды. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,97 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,17 млн бірлік немесе 7,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қазанына 12,66 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,25 млн - МЗЖ бойынша, 752,27 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,13 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 9 айында МЗЖ 6,91 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл осы жарналар енгізілуі мүмкін 10,04 млн ЖЗШ-ның 68,8% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,32 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1109459?lang=kk
Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Испанияның Ұлттық аудиенциясының төрағасымен кездесті 30.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Мадрид қаласында өткен Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресіне қатысу аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Испания Корольдігінің Ұлттық аудиенциясының төрағасы Хуан Мануэль Фернандес Мартинеспен кездесті.Кездесу барысында Эльвира Азимова Қазақстандағы құқықтық реформалар және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында конституциялық бақылау органы қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Сондай-ақ ол қазақстандық соттардың Конституциялық Соттың шешімдерін орындау тәжірибесі мен құқықтық базасы жөнінде ақпарат берді.Аталған кездесу және испандық тараптармен екіжақты форматтағы кездесулері Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы құқықтық ынтымақтастықты орнатудың бастамасы болды. Ұлттық сот аудиенциясы Испанияның ең жоғарғы сот органдарының бірі болып табылады және терроризм, ұйымдасқан қылмыс, экономикалық қылмыстар сияқты аса күрделі әрі жалпыұлттық істерді қарауға маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1095555?lang=kk
Алматы облысының медициналық ұйымдары басшылары арасындағы мини-футбол турнирінің қорытындылары 30.10.2025
2025 жылғы 25 қазан күні Алматы облысының медициналық ұйымдары басшылары арасында Қазақстан Республикасының күніне арналған мини-футбол турнирі өтті.Іс-шара достық әрі спорттық рухта өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің кәсіби ынтымағын, командалық бірлігін және тамаша спорттық дайындықтарын көрсетті.Жүлдегер командалар:1. 1-орын — «Алатау» командасы2. 2-орын — «Іле» командасы3. 3-орын — «Жетісу» командасыЖеке номинациялар:• «Алтын доп» иегері — Батиев Диас, Талғар орталық аудандық ауруханасының (ОАА) қызметкері.• Үздік қорғаушы — Телеубеков Жансерік Әлімханович, Алматы облыстық Қан орталығының қызметкері.• Үздік қақпашы — Қабылжан Еркебұлан Аманұлы, Алматы облысы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының (ННЦРЗ) ақпараттандыру бөлімінің бастығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1095504?lang=kk
Алматы облысында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау жұмыстары күшейтілді 30.10.2025
Қазан айы – сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айы аясында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау шараларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының өңірлердегі онкологиялық қызметтің жай-күйін реттеу жөніндегі ахуалдық орталықтың меңгерушісі Бақытжан Есіркеп пен клиниканың онколог-маммолог хирургі Даулет Айдаров қатысты. Спикер Бақытжан Есіркептің айтуынша, облыс тұрғындарына, әсіресе шалғай ауылдардағы әйелдерге онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы айтарлықтай жанданды. 2025 жылдың 3 ақпанынан 30 қыркүйегіне дейін жылжымалы кешендер арқылы 9 871 адам медициналық тексеруден өткен. Оның ішінде 3 179 әйелге маммографиялық тексеру жүргізілген, олардың 557-сі медициналық сақтандырусыз азаматтар. Сонымен қатар 4 237 адам ультрадыбыстық зерттеуден, 2 455 пациент компьютерлік томографиядан өткен. «Бұл кешендер заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Осындай жылжымалы тексерулердің арқасында биылғы тоғыз айда 18 адамнан қатерлі ісік анықталды, ал 162 тұрғыннан қатерлі жаңа түзілімге күдік туындап отыр. 231 адамнан обырға дейінгі жағдайлар тіркелді», – деді Бақытжан Есіркеп. Сүт безі қатерлі ісігі Қазақстанда әйелдер арасында онкологиялық сырқаттардың құрылымында бірінші орында тұр. «Ерте кезеңде анықталған жағдайда сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдердің 95 пайызы толық сауығып кетеді. Сондықтан өз-өзін тексеру, маммологқа уақтылы қаралу және скринингке қатысу – өмірді сақтап қалудың басты кепілі», – деді Даулет Айдаров.Алматы облысында қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 2024 жылғы 47,9%-дан 2025 жылы 36,6%-ға дейін төмендеген. Бұл – өңірдегі ерте диагностикалау мен профилактикалық шаралардың нәтижесі. Қатерлі ісіктің алдын алу кешенді тәсілді қажет етеді. Оған салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене салмағын бақылау және гормоналды факторларды реттеу кіреді. Сонымен қатар 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет тегін маммографиялық тексеруден өтуі тиіс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1095507?lang=kk
31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады! 30.10.2025
Көмектесу үшін бірігеміз!🕘 31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.💼 Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. 📍 Акцияның өтетін орнын білу, өз қалаңдағы акция сарапшылары туралы ақпарат алу: 👉Город/район Место проведения Адрес г.Усть-КаменогорскТРЦ «Maxi mall»г.Усть-Каменогорскул. Сатпаева, 51г.Усть-КаменогорскТРЦ «ADK Piver» г.Усть-Каменогорскул. Казахстан, 62г.Риддер Дворец культурыг.Риддерпр.Независимости, 14Район Алтай Дом культуры «Горняк» г.Алтайул. Садовая, 1Глубоковский район, Дом культуры имени Абая с. Глубокое ул. Поповича, 41Тарбагатайский район Дом культуры района с. Акжар ул.Жамбыла, 17Район Самарздание Универмага село Самарское ул. Самарға 100 жыл, 176 Район МарқакөлЗдания районного акимата село Марқакөл ул.Крахмаля, 67Катон-Каргайский район КГКП «Катон-Карагайский центр культуры и досуга населения»с. Катон-Карагайул. Абая, 80Район Үлкен Нарын Дом культуры района с. Үлкен Нарын ул.Абылай Хана, 1Зайсанский районДом культуры районаг.Зайсан ул.Шаймардан, 14Шемонаихинский районДом культуры районаг.Шемонаиха ул. Астафьева 58Курчумский районДом культуры им. Турарова с. Курчумул. Абылайхана, 86Уланский район Торговый дом «Ұлан» п. Касыма Кайсеновапл. Абая, 11 🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1095518?lang=kk
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері қысқы кезеңге дайын 30.10.2025
Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін алдағы қысқы кезеңге жоспарлы дайындау аяқталуға жақын. Күн суытқанда жүзу қысқы отынды пайдаланумен қоса, қысқы жұмыс режиміне көшуді талап етеді. Жанар-жағармай материалдарының қоры да әзірленген.Дайындық шеңберінде корабльдердің қысқы жағдайда сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені өткізілді. Кемелердің сырты, иллюминаторлар мен люктердің герметикалығы тексерілді, палубалық механизмдер тазаланып, майланды. Артиллериялық жүйелер мен шағын калибрлі қару-жарақ қондырғыларын тазарту және консервациялау жүргізілді.Әскери-теңіз күштерінің барлық түрлері – зымыранды-артиллериялық корабльдер, патрульдік және десанттық қайықтар, сондай-ақ гидрографиялық кемелер қысқа дайындалуда. Сонымен қатар, арқанмен байлау, зәкір және палуба құрылғыларын тексеру, одан басқа мұзды ұруға арналған құрылғыларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жеке құрамды дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Кемелер экипаждары қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, жылы киімдер мен костюмдердің жаңа үлгілері сыналды.Қысқы кезеңде теңізге шығу санының қысқаруына қарамастан, Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайлы жедел жағдайды қолдау жөніндегі өзінің негізгі міндеттерін толық көлемде орындауды жалғастырады. «Қысқы дайындық – жәй техникалық қызмет көрсету ғана емес, теңіз техникасының жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігі. Біз корабльдердің сенімділігін, экипаждардың қауіпсіздігін және кез келген ауа райы жағдайында тапсырмаларды орындау қабілетін қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті 3 дәрежелі капитан Ермек Оспанов.Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі қару-жарақ пен әскери техника санының 100-ден астамы қысқы кезеңде пайдалануға ауыстырылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1095491?lang=kk
«Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеу жүргізу туралы 30.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 75 «Тауарларға арналған декларация мен тауарларға арналған декларацияны түзету құрылымы мен форматы туралы және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларация форматы іске асырылды.Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және оңайлатуды, сондай-ақ қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Атап айтқанда, декларантқа жолданатын барлық сұрау түрлері, ТД-ға өзгерістер енгізу туралы Талап/Шешім нысаны, ТД-ға өзгерістер нысаны және басқа да құжаттар автоматтандырылды.Осыған байланысты 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша сынақтан өткізу басталады.Сынақ онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Кез келген тұлғалар сынаққа қатыса алады.Өтінімдерді беру тәртібі мен сынақ өткізілетін кесте «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің тесттік порталында жарияланған – https://test-keden.kgd.gov.kz. Сол жерде сынақты өткізу тәртібі, бейнесабақтар, пайдаланушы нұсқаулығы, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, байланыс деректері, сондай-ақ «Тауарларға арналған декларация» модуліне қатысты ескертулер мен ұсыныстарды жіберу функциясы туралы ақпарат орналастырылған. «Тауарларға арналған декларация» модулін іске қосу жобалық мерзімі 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігіне жоспарланған. Сонымен қатар, модульді іске қосу ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.Құрметті сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары! Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сынаққа белсенді қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1097498?lang=kk
ҚР Премьер-министрі АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті 30.10.2025
Астана қ., 2025 жылғы 29 қазан – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесу өткізді.Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтіп, бұл кездесу екіжақты қатынастардың сауда-экономикалық әлеуетін одан әрі аша түсу үшін маңызды қадам болатынын айтты.Қазақстан Үкіметі шетелдік, соның ішінде америкалық бизнес үшін де қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асырып келеді.ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 1993 жылдан бері АҚШ-тан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны шамамен $61,2 млрд-ты құрады, бұл Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы көлемінің 13%-ынан асады. Соңғы бес жылда өзара сауда көлемі екі есеге артып, $4,2 млрд-қа жетті.Кездесу барысында қатысушылар сауда байланыстары мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Өнеркәсіпте, цифрлық, энергетикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық, су және тағы да басқа салаларда өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі шаралар қаралды.Көлік-транзит саласындағы жаңа түйісу нүктелеріне назар аударылды. Энергетика секторында бірлескен жобалар шеңберінде озық технологияларды жаңғырту мен енгізудің маңыздылығы атап өтілді. АӨК саласындағы әріптестік маңызды бағыт болып саналады. Қазақстан әлемдегі астық пен ұнды ең ірі экспорттаушылардың ондығына кіреді.Цифрлық индустрия және ЖИ технологиялары саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету басым бағыт болып айқындалды. Оған аймақтағы басты алаң ретінде Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы алынып отыр. Ол Apple, Google және тағы да басқа алпауыттарды қоса алғанда әлемдегі жетекші технологиялық компаниялардың басын біріктіреді. Еліміздің цифрлық экожүйесінің маңызды элементі – Astana Hub, онда бүгінде 1700-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Калифорния штатында (АҚШ) Қазақстан Silk Road инновациялық орталығын ашты. АҚШ-тың жетекші компанияларымен және жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып ҚР мен АҚШ арасындағы технологиялық әріптестікті нығайтатын акселерациялық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кездесу қорытындысында қатысушылар барлық перспективалы бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1095473?lang=kk
EURASIA CITIZEN DIPLOMATS 30.10.2025
🇰🇿Пусан қ., 2025 жылғы 10 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар корейлік студенттерден құралған «EURASIA CITIZEN DIPLOMATS» делегациясын шығарып салу рәсіміне қатысты. Аталған делегация құрамында Қазақстаннан да студент бар.Барша қатысушыларға сәтті сапар тілейміз!🇰🇿Busan, September 10, 2025 – The Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan Aslan Askar attended the send-off ceremony of the delegation “EURASIA CITIZEN DIPLOMATS,” composed of Korean students. A student from Kazakhstan is also taking part in this delegation.We wish all participants a safe and meaningful journey!🇰🇿Пусан, 10 сентября 2025 года – Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан Аслан Аскар принял участие в церемонии проводов делегации «EURASIA CITIZEN DIPLOMATS», состоящей из корейских студентов. В составе данной делегации есть также студент из Казахстана.Желаем всем участникам успешной поездки!🇰🇿2025년 9월 10일, 아슬란 아스카르 총영사는 한국 대학생들로 구성된 「EURASIA CITIZEN DIPLOMATS」 파견식에 참석하였습니다. 이번 대표단에는 카자흐스탄 학생도 함께 참여하고 있습니다. 모든 참가자들에게 뜻깊고 안전한 여정을 기원합니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095475?lang=kk
Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің болашағы талқыланды 30.10.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударды. Энергетикалық қауіпсіздік және маңызды минералдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықтың болашағы да бөлек талқыланды.Е.Көшербаев Астана Вашингтонды экономикалық реформалар мен модернизацияны жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтып, тұрақты экономикалық өсуге бағытталған бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын сақтау мен Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты, оның ішінде биыл 10 жылдығын атап өтетін «C5+1» диалог алаңы аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылықтарын білдірді. Бұл формат Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға және тұрақты өсуге ықпал ететінін аталып өтті.Тараптар АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «C5+1» саммитіне қатысу мәселесін де талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрі мен АҚШ делегациясының өкілдері өңірдің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және гүлденуі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1095472?lang=kk
Цифрлық басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту 30.10.2025
2025 ж. 17 қазан күні Сэджон қаласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы мемлекеттік органдары өкілдерінің арасында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, азаматтардың электрондық өтініштері (e-Otinish) және жасанды интеллектіні (AI) қолдану тәжірибесімен алмасты.Кездесу цифрлық басқару саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.17 октября 2025 г. в городе Сэджон состоялась встреча представителей государственных органов Республики Казахстан и Республики Корея.Стороны обменялись опытом в области цифровизации государственных услуг, электронных обращений граждан (e-Otinish) и применения искусственного интеллекта (AI) в деятельности госорганов.Встреча стала важным шагом в укреплении сотрудничества в сфере цифрового управления.On October 17, 2025 in Sejong City, a meeting was held between representatives of the government bodies of the Republic of Kazakhstan and the Republic of Korea.The parties exchanged experiences in the digitalization of public services, electronic citizen appeals (e-Otinish), and the application of artificial intelligence (AI) in public administration.The meeting marked an important step in strengthening cooperation in the field of digital governance.10월 17일 세종시에서 카자흐스탄과 한국의 공공기관 간 회의가 진행되었습니다.회의에서는 정부 서비스의 디지털화, 전자민원 서비스(e-Otinish) 및 인공지능(AI) 활용 사례를 중심으로 양국 간 경험을 공유하였습니다.이번 만남은 디지털 행정 분야에서의 상호 협력 강화를 위한 뜻깊은 계기가 되었습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095478?lang=kk
Пусандағы БҰҰ апталығы 30.10.2025
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Пусандағы БҰҰ апталығының» (UN Weeks in Busan) салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.Біз БҰҰ Мемориалдық зиратында еркіндік пен бейбітшілік жолында қаза тапқандарды құрметпен еске аламыз және жаһандық ынтымақтастық пен бейбітшілікке деген адалдығымызды тағы да растаймыз.The Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan participated in the opening ceremony of “UN Weeks in Busan 2025”, commemorating the 80th Anniversary of the United Nations.We honor the sacrifices made for freedom and peace at the UN Memorial Cemetery and reaffirm Kazakhstan’s commitment to global peace and solidarity.Генеральное консульство Республики Казахстан в городе Пусан приняло участие в торжественной церемонии открытия «Недели ООН в Пусане» (UN Weeks in Busan), посвящённой 80-летию Организации Объединённых Наций.Мы с почтением вспоминаем тех, кто отдал свою жизнь за свободу и мир на Мемориальном кладбище ООН, и вновь подтверждаем нашу приверженность глобальному сотрудничеству и миру.주부산 카자흐스탄 총영사관은 유엔 창설 80주년을 기념하는 「2025 부산 유엔위크」 개막식에 참석하였습니다.유엔기념공원에서 자유와 평화를 위해 헌신하신 분들을 기리며, 세계 평화와 연대를 위한 카자흐스탄의 의지를 다시 한 번 확인합니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095480?lang=kk