Қоғам
EURASIA CITIZEN DIPLOMATS 30.10.2025
🇰🇿Пусан қ., 2025 жылғы 10 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар корейлік студенттерден құралған «EURASIA CITIZEN DIPLOMATS» делегациясын шығарып салу рәсіміне қатысты. Аталған делегация құрамында Қазақстаннан да студент бар.Барша қатысушыларға сәтті сапар тілейміз!🇰🇿Busan, September 10, 2025 – The Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan Aslan Askar attended the send-off ceremony of the delegation “EURASIA CITIZEN DIPLOMATS,” composed of Korean students. A student from Kazakhstan is also taking part in this delegation.We wish all participants a safe and meaningful journey!🇰🇿Пусан, 10 сентября 2025 года – Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан Аслан Аскар принял участие в церемонии проводов делегации «EURASIA CITIZEN DIPLOMATS», состоящей из корейских студентов. В составе данной делегации есть также студент из Казахстана.Желаем всем участникам успешной поездки!🇰🇿2025년 9월 10일, 아슬란 아스카르 총영사는 한국 대학생들로 구성된 「EURASIA CITIZEN DIPLOMATS」 파견식에 참석하였습니다. 이번 대표단에는 카자흐스탄 학생도 함께 참여하고 있습니다. 모든 참가자들에게 뜻깊고 안전한 여정을 기원합니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095475?lang=kk
Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің болашағы талқыланды 30.10.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударды. Энергетикалық қауіпсіздік және маңызды минералдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықтың болашағы да бөлек талқыланды.Е.Көшербаев Астана Вашингтонды экономикалық реформалар мен модернизацияны жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтып, тұрақты экономикалық өсуге бағытталған бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын сақтау мен Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты, оның ішінде биыл 10 жылдығын атап өтетін «C5+1» диалог алаңы аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылықтарын білдірді. Бұл формат Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға және тұрақты өсуге ықпал ететінін аталып өтті.Тараптар АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «C5+1» саммитіне қатысу мәселесін де талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрі мен АҚШ делегациясының өкілдері өңірдің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және гүлденуі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1095472?lang=kk
Цифрлық басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту 30.10.2025
2025 ж. 17 қазан күні Сэджон қаласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы мемлекеттік органдары өкілдерінің арасында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, азаматтардың электрондық өтініштері (e-Otinish) және жасанды интеллектіні (AI) қолдану тәжірибесімен алмасты.Кездесу цифрлық басқару саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.17 октября 2025 г. в городе Сэджон состоялась встреча представителей государственных органов Республики Казахстан и Республики Корея.Стороны обменялись опытом в области цифровизации государственных услуг, электронных обращений граждан (e-Otinish) и применения искусственного интеллекта (AI) в деятельности госорганов.Встреча стала важным шагом в укреплении сотрудничества в сфере цифрового управления.On October 17, 2025 in Sejong City, a meeting was held between representatives of the government bodies of the Republic of Kazakhstan and the Republic of Korea.The parties exchanged experiences in the digitalization of public services, electronic citizen appeals (e-Otinish), and the application of artificial intelligence (AI) in public administration.The meeting marked an important step in strengthening cooperation in the field of digital governance.10월 17일 세종시에서 카자흐스탄과 한국의 공공기관 간 회의가 진행되었습니다.회의에서는 정부 서비스의 디지털화, 전자민원 서비스(e-Otinish) 및 인공지능(AI) 활용 사례를 중심으로 양국 간 경험을 공유하였습니다.이번 만남은 디지털 행정 분야에서의 상호 협력 강화를 위한 뜻깊은 계기가 되었습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095478?lang=kk
Пусандағы БҰҰ апталығы 30.10.2025
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Пусандағы БҰҰ апталығының» (UN Weeks in Busan) салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.Біз БҰҰ Мемориалдық зиратында еркіндік пен бейбітшілік жолында қаза тапқандарды құрметпен еске аламыз және жаһандық ынтымақтастық пен бейбітшілікке деген адалдығымызды тағы да растаймыз.The Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan participated in the opening ceremony of “UN Weeks in Busan 2025”, commemorating the 80th Anniversary of the United Nations.We honor the sacrifices made for freedom and peace at the UN Memorial Cemetery and reaffirm Kazakhstan’s commitment to global peace and solidarity.Генеральное консульство Республики Казахстан в городе Пусан приняло участие в торжественной церемонии открытия «Недели ООН в Пусане» (UN Weeks in Busan), посвящённой 80-летию Организации Объединённых Наций.Мы с почтением вспоминаем тех, кто отдал свою жизнь за свободу и мир на Мемориальном кладбище ООН, и вновь подтверждаем нашу приверженность глобальному сотрудничеству и миру.주부산 카자흐스탄 총영사관은 유엔 창설 80주년을 기념하는 「2025 부산 유엔위크」 개막식에 참석하였습니다.유엔기념공원에서 자유와 평화를 위해 헌신하신 분들을 기리며, 세계 평화와 연대를 위한 카자흐스탄의 의지를 다시 한 번 확인합니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095480?lang=kk
Кореядағы Қазақстан студенттері 30.10.2025
Кореядағы студенттерімізді мақтан тұтамыз! 🇰🇿2025 ж. 29 қазанда Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы Ульсан қаласындағы KEPCO Халықаралық ядролық энергетика жоғары мектебінің (KINGS) кампусына сапар жасады.Университет басшылығымен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Ең бастысы - біздің студентіміз Тамерлан Жұмагелдиновпен кездестік!Тамерлан Кореяда ядролық инженерия сияқты күрделі әрі стратегиялық маңызды салада білім алуда. 👏Оған зор табыс пен жарқын болашақ тілейміз!Гордимся нашими студентами в Корее! 🇰🇿29 октября 2025 года Генеральное консульство Республики Казахстан в г. Пусан посетило кампус KEPCO International Nuclear Graduate School (KINGS) в г. Ульсан, где состоялась встреча с руководством университета и, что самое главное, - с нашим студентом!Были рады обсудить вопросы сотрудничества с деканом Hak Kyu Lim и исполнительным директором Soo-jin Park, однако главным событием визита стала встреча с Тамерланом Жумагельдиновым.Тамерлан один из талантливых казахстанцев, получающих образование в Республике Корея в такой сложной и стратегически важной сфере, как ядерная инженерия. 👏Желаем Тамерлану больших успехов, неиссякаемой энергии и блестящего будущего!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1095481?lang=kk
Қазақстан делегациясы Скопьеде өтіп жатқан Халықаралық энергетика форумына (IFESD-14) қатысты 29.10.2025
Скопье, 2025 жылғы 28 қазан – 28-30 қазанда Солтүстік Македония астанасында «Мақсаттардан іс-қимылға: болашақты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету» тақырыбында Тұрақты даму мақсаттарына арналған 14-ші Халықаралық энергетикалық форумы (IFESD-14) өтті.Форумына 70-тен елдің үкіметтердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдарының, ғылыми және іскер топтардың, коммерциялық банктердің, азаматтық қоғамның 500-ден астам өкілдері мен сарапшылары қатысты.Солтүстік Македония энергетика, тау-кен өнеркәсібі және минералдық ресурстар министрі Саня Божиновсканың шақыруымен форумда қазақстандық делегацияны «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Фархат Абытов, «KAZENERGY» электр-энергетикасы саласын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Дамир Нарынбаев, «KMG International» компаниясының декарбонизация мәселелері жөніндегі директоры Әділ Сүлейманов, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері Санжар Тәкенов және Дина Қайыржанова таныстырды. Қазақстанның сарапшылары форумның түрлі панельдік сессияларында талқылауға қатысып, Қазақстанның энергетикалық жүйесінің, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінің, мұнай-газ саласының дамуы мен әлеуеті, сын-қатерлері мен перспективалары, сондай-ақ аса маңызды минералдарды пайдалану және геологиялық секторды цифрландыру туралы әңгімеледі.Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов ҚР делегациясын Солтүстік Македония энергетика, тау-кен өнеркәсібі және минералдық ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесулерде таныстырды, оның барысында жаңартылатын энергия көздері, тұрақты даму және экономиканы декарбонизациялау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша тақырыптық пікір алмасты.Қазақстандық сарапшылардың идеялары мен ұсыныстары форумға қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде ескерілді – Тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті энергетикалық болашақ мақсаттарына қол жеткізуге қатысушы үкіметтер мен ұйымдардың міндеттемелері туралы Скопьелық декларация.Анықтама: 2010 жылы UNECE және UNESCAP құрған IFESD форумы тұрақты энергетиканы ілгерілету үшін жетекші жаһандық платформа болып табылады. IFESD-14-ті Солтүстік Македонияның энергетика, тау-кен және минералды ресурстар Министрлігі, Солтүстік Македониядағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және БҰҰ-ның бес аймақтық комиссиясы бірлесіп ұйымдастырды: UNECA, UNECE, UNECLAC, UNESCAP және UNESCWA.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1095443?lang=kk
Маңызды жаңалық! 29.10.2025
31 қазанда Шымкент прокуратурасында «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді! «Халық заңгері» акциясы аясында кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік қызметкерлермен тікелей байланыса алады. Шара 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» көрме орталығында өтеді. Мемлекеттік органдар, жетекші заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдауға және кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге дайын болады. Кіру тегін. Толығырақ және нақты кеңес алу үшін өз ісіңізге қатысты құжаттарды әкеліңіз. Мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы, No12. Шараны прокуратура, Шымкент қалалық әділет басқармасы, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, Қазақстанның жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр.
Маңызды жаңалық! 29.10.2025
31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді!Аталған акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» орталығында өтеді.Мемлекеттік органдар, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.Мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, №12 ғимарат.Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының прокуратурасы, Әділет департаменті, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті 29.10.2025
Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты.Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі.Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Қазақстан Президенті жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр.Өз кезегінде Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді. Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды.Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1095440?lang=kk
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды 29.10.2025
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді.Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұз айдынына барды.Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1095438?lang=kk
Балқаш ауданында күріш жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр 29.10.2025
Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды түрде жалғасуда. Жұмысқа барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған: комбайндар піскен егіс алқаптарымен жүйелі түрде жүріп өтіп, орақ науқанының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуде. Шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов науқан барысын тұрақты бақылауда ұстап, мамандардың жұмысын үйлестіру және өндірістік процестің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде.Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды, оның 247 гектары – күріш, 205 гектары – бидай, 278 гектары – көпжылдық шөптер. Егін жинауға екі комбайн, бір КамАЗ жүк көлігі, сондай-ақ МТЗ-80 және МТЗ-1221 тракторлары тартылған. Бүгінгі күні 110 гектар күріш орылып, орташа өнімділік гектарына шамамен 40 центнерді құрап отыр.Биылғы жылы аудандағы суармалы егістік жерлердің жалпы көлемі 27 мың гектардан асты. Оның ішінде 7 мың гектардан астам жерге күріш егілген, 5 мың гектардан астамы – бидай мен арпа егістері. Қалған алқаптар көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдарға бөлінген.Жазғы шөп дайындау науқаны аясында 160 мың тоннадан астам пішен, 40 мың тоннадан аса сүрлем-шөп (сенаж), шамамен 33 мың тонна сабан және 85 мың тонна сүрлем дайындалған. Дәнді дақылдардан жиналған өнім көлемі 9 мың тоннадан асып, орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құрады. Қазіргі уақытта 6 мың гектардан астам күріш алқабы орылып, орташа өнімділік гектарына 42 центнерге жуық.Күз мезгілі дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысын шығаратын уақыт болып табылады. Балқаш ауданының береке мен молшылықтың символына айналған күріш өнімі диқандардың тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Егіншілердің еңбегі өңірдің аграрлық саласын тұрақты дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1095427?lang=kk
Біздің елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда 29.10.2025
Тимур Эуесханұлы біздің елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қандай өзгерістер енгізілді?Иә, электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларында электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды, құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу жеткілікті.Бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасасудың бір апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды. Желіге қосар алдында энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі алынып тасталды.Электр желілеріне қосылу процесі қалай жүргізіледі және Қостанай облысы өңіріне қатысты осы жұмыстың ерекшеліктері бар ма?Тұтынушы энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуға өтінім береді.Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.Тұтынушы жобалық құжаттаманы әзірлеуді және электр қондырғыларын орнатуды (тиісті лицензиясы бар ұйымдармен) қоса алғанда, берілген техникалық шарттар талаптарын орындайды.Монтаждау ұйымы энергия беруші ұйымға берілген техникалық шарттардың орындалуы және кернеуді беруге дайындығы туралы хабарлама жібереді. Сонымен қатар электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш (шарт жасасуға арналған белгілі бір құжаттар тізбесін қоса бере отырып) жіберіледі.Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.Энергия беруші ұйым хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде кернеу беруді жүргізеді, коммерциялық есепке алу жүйесін (электр есептегішті) пломбалайды және есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді.Орындалған жұмыстарда кемшіліктер анықталған жағдайда энергия беруші ұйым 2 жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді.Электр желілеріне қосылу процесі бойынша сұрақтар туындаған кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне, 8 (7142) 50-02-60 байланыс телефонына немесе «E - Otinish» АЖ арқылы жүгінуге болады. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1095402?lang=kk
Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды 29.10.2025
Мерократия қағидаты бойынша Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Құдайбергенов Ринат Мәжитұлы тағайындалды.Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Білімі - жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.Қызылорда облысының қаржы жүйесінде: Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек тәжірибесі бар.Соңғы 2,5 жылда Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1095379?lang=kk
Панфилов ауданында Ашық есік күні өтті 29.10.2025
29.10.2025 жылы Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің өзекті мәселелері бойынша және жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ашық есік күні өтті.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1095325?lang=kk
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бала өмірін құтқарған Ақмола облысы ҚАЖ қызметкері марапатталды 29.10.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бала өмірін құтқарған Ақмола облысы ҚАЖ қызметкері марапатталдыАқмола облысында №6 мекеменің қызметкері, режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы Рахат Байлин ерлік пен жанқиярлық танытып, өртке оранған пәтерден кішкентай баланың өмірін аман алып қалды. Өзінің батыл әрекеті үшін ол 2025 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары мемлекеттік марапат – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Облыс орталығында болған оқиға кезінде бес қабатты үйдің терезесінен қою түтін шығып жатқан. Сол сәтте оқиға орнында болған біздің жерлесіміз – қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері еш ойланбастан, өз өміріне қауіп төндіре отырып, өрт ошағына ұмтылды. Оның мақсаты – от тұзағында қалған адамдарға дереу көмек көрсету болды.Өз өмірін қатерге тігіп, қызметкер өрт каптаған пәтерге кіріп, қою түтін арасынан демі үзілуге шақ қалған баланы тауып алды. Рахат Байлиннің батыл әрі жедел әрекеттерінің арқасында бала өрт ошағынан аман-есен шығарылып, оқиға орнына жеткен төтенше қызмет өкілдеріне табысталды. Оның дер кезінде жасаған ерлігі мен шешімталдығы орны толмас қасіреттің алдын алды.Қызметкердің ерлігі жоғары бағаланды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметкердің ерекше батылдығы мен кәсібилігін мойындай отырып, оған Мемлекет басшысының марапатын жеке өзі табыстады.– Бұл оқиға біздің арамызда нағыз батырлар бар екенін және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау – құқық қорғау органдары, соның ішінде ҚАЖ қызметкерлері үшін ең жоғары парыз екенін тағы бір дәлелдеді, – деп атап өтті Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мерген Аргумбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1095329?lang=kk
Көшелерді жарықтандыру бағандарын орнату 29.10.2025
Мариногорка ауылдық округіне қарасты Мариногорка ауылында Талды және Молодежная көшелеріне 46 көше жарықтандыру бағаналары орнатылды. Жұмыс ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1095282?lang=kk
Тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелері 29.10.2025
Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, сондай-ақ оларға арналған тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу — міндетті рәсім болып табылады. Бұл талап техниканың қауіпсіз және заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, тіркеуге жатады:барлық типтегі тракторлар;тракторлар негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер;тіркемелер мен жартылай тіркемелер, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелер;өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары;жоғары өтімді арнайы машиналар.Мемлекеттік тіркеуді техникалық қадағалау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Тіркеу үшін меншік иесі төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:1.белгіленген нысандағы өтініш;2.жеке басын куәландыратын құжат (немесе заңды тұлға болса, тіркеу құжаттары);3.меншік құқығын растайтын құжат (сату-сатып алу шарты, қабылдау-тапсыру актісі, шот-фактура және т.б.);4.машина паспорты (техникалық сертификат);5.мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек.Техниканың техникалық талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін оған мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі және тіркеу туралы куәлік пен нөмірлік белгі тапсырылады.Белгіленген тәртіппен тіркелмеген техниканы пайдалануға тыйым салынады. Тіркеу ережелерін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа тартылады.Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)өтініштерін қабылдау:1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1130966?lang=kk
Ү.ж. 29 қазанда Dubai Sports Council Бас хатшысы Саид Мұхаммед Харебпен кездесу өтті. 29.10.2025
Ү.ж. 29 қазанда Dubai Sports Council Бас хатшысы Саид Мұхаммед Харебпен кездесу өтті.Кездесу барысында спорт саласындағы ынтымақтастық, бірлескен іс-шаралар өткізу және екі ел арасындағы спорттық бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1095223?lang=kk
Ғылым мен білім – Қазақстан мен БАӘ арасындағы көпір 29.10.2025
Әл-Айн, 2025 жылғы 27 қазан – Біріккен Араб Әмірліктерінің Университетінде (UAE University) Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президентінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі, Университет ректоры профессор Заки Ануар Нуссейбамен кездесті.Тараптар жоғары білім, ғылыми зерттеулер, инновациялар және Қазақстан мен БАӘ университеттері арасындағы академиялық алмасу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Елші Р.Жұмабек болу елінің жетекші университетінің өңірлік ғылыми әлеуетті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті:«Зерттеу мен инновация саласындағы Сіздің көшбасшылығыңыз БАӘ Университетін елдің жетекші жоғары оқу орнына айналдырып, тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуде маңызды рөл атқаруда. Жоғары стандарттардың нәтижесінде Университет – елдегі №1 жоғары оқу орны, сондай-ақ Quacquarelli Symonds пен Times Higher Education рейтингтері бойынша көшбасшылар қатарына кіреді», – деді.Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларға, академиялық ұтқырлыққа және Азия білім беру қауымдастығы бағдарламасы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.«Біздің университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Назарбаев Университетімен серіктестік орнатты. Біз ғылыми жобалар мен инновациялық бастамалар арқылы бұл ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деп Ректор З.А. Нуссейба өз ниетін білдірді.Елші Р.Жұмабек Қазақстан халықаралық серіктестікті дамыту мен әлемдік білім кеңістігінің мүшесі болу арқылы адами капиталды дамыту мен жоғары білім жүйесін жаңғыртуға басымдық беретінін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар зерттеу орталықтарын құру, қос дипломды бағдарламаларды іске асыру және жыл сайынғы ғылыми іс-шараларды өткізуді көздейтін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен БАӘ-нің №1 университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою мүмкіндігін қарастыру жөнінде уағдаласты.Анықтама: Біріккен Араб Әмірліктерінің Университеті (1976 жылы құрылған, Әл-Айн қаласы) – елдің ең көне, жетекші және №1 жоғары оқу орны. QS World University Rankings рейтингінде 229-орында және Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемнің үздік 250 университетінің қатарына кіреді.Профессор З.А. Нуссейба – БАӘ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 20 жылдан астам уақыт бойы Президент шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның жеке аудармашысы болған. Ол елдің мәдениеті мен білім беру саласының дамуына зор үлес қосып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы жергілікті редакцияларын ашуда маңызды рөл атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1095195?lang=kk
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі 29.10.2025
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілікжан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі Бейжің, 2025 жылғы 28 қазан Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тұрақты дамуын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға дайындықтарын растады.«Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», – деді Е.Көшербаев.«Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Ван И.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы мен ауқымын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы сапарлар мен іс-шаралар кестесіне сәйкес ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды айқындады.Кездесу соңында қатысушылар сыртқы саяси ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға және БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Қытай» форматы және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға дайындықтарын растады.Сапар аясында Е.Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында болып, мекеменің қазақ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық байланыстарды ілгерілету жөніндегі қызметімен танысты. Министр білім, туризм және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі мұндай бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1095154?lang=kk